Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері жайлы ақпарат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік-технологиялық факультеті

Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасы

СОӨЖ

Тақырыбы: Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері

Орындаған: Қалиев Е. Е.

Топ: ТФ-205

Тексерген: Жуманова Г. Т

Семей 2015

Мазмұны

Кіріспе3

Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері4

Қорғанудың жалпы техникалық құралдары:10

Қорғанысты өшірілудің жұмыс істеу қағидасы10

Электр тогынан қорғанудың ұйымдастыру - техникалық шаралар. 11

Электр тоғының қауіптілігінің анықтайтын факторлары. 14

Зардап шегушіні электр тогының әсерінен босатудың әдістері15

Алғашқы медициналық көмек көрсету18

Қорытынды21

Қолданылған әдебиеттер тізімі22


Кіріспе

Электр қондырғылары, құралдары мен агрегаттар өнеркәсіп мен тұрмыстың барлық салаларында кеңінен қолданыс тауып отыр. Электр қол аспаптары кең ауқымда қолданылады. Барлық жұмыс істеушілер қандай да бір дәрежеде электр энергиясымен байланысты. Электр тоғын дұрыс қолданбаған немесе белгіленген талаптарын сақтамаған кезде электр тоғы аса қауіпті болады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес электр тоғынан зақымданудың өлімге әкелген жағдайларының 75-80% 1000 В дейін кернеумен электр қондырғыларында болады, бірінші кезекте 220 дан 380 В дейін кернеумен қондырғыларда. Электр қондырғыларын пайдалану кезінде қауіпсіз еңбек шартын қамтамасыз ету үшін электр тоғының азам ағзасына қалай әсер ететіндігін, тоқтан зақымданудан қорғанудың қандай шаралары қолданылатындығын, электр тоғынан зақымданған адамға қалай дұрыс көмек көрсету керектігін және т. б. білу қажет.


Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері

Электр қондырғылардың бірнеше түрімен жұмыс істеген кезде ереже бұзып немесе тоқ жүретін қондырғының ашық жеріне тиіп кеткен жағдайда адамның өміріне қауіп төнуі мүмкін.

Адам ағзасына тоқ тиген кезде, есінен танып қалуы, демалу органдары жұмыс істемеуі және жүйке жүйелерінің бүлінуі мүмкін.

Бұдан басқа электр тоғы адам денесінің ашық жерлерін күйдіруі мүмкін және күюдің ауырлық жағдайы тоқтың шамасына байланысты болады.

Адам ағзасының өтіп жатқан тоққа кедергісі бірнеше факторларға байланысты, тұрақты тоқпа жоқ ауыспалы тоқ па? Адам шаршаған болса, қанша көлемде тоқ тартқан ауыспалы тоқтың соғуына теріс байланысты. Адам ағзасынан тоқ қанша көлемде өтсе, тоқ тарту сонша көлемде өтеді. Адамды тоқ тартқан кезде, 30 секундта денесі 25% төтеп береді, ал 90 секундта - 70% күйіп қалады. Адам ағзасы үшін тұрақты тоқта ауыспалы тоқта қауіпті, бірақ тұрақтытоқтың қауіпсіздігі 3-5 рет аз, ауыспалы тоқтан. Тұрақтытоқ 50МА-ге дейін, ал ауыспалы тоқ 10 МА-ге дейін қауіпті.

Тоқ күші 0, 05А болса, адамға қауіпті, ал 0, 1 А -адам өмірін қияды. Тоқ өткізудің екі түрі бар:

1) электрлік соғулар -олар адамның ішкі ағзасын жарақаттайды, жүйке жүйелерін, көкірек клеткаларын жарақаттайды.

2) электрлік жарақаттар -олар адамның сыртқы терілерін жарақаттайды.

Электрлік жарақаттардың саны жалпы алғанда аса үлкен емес, 1, 5 % дейін ғана жетеді. 1000 V дейінгі кернеулікті электр қондырғылары үшін электрлік жарақаттардың саны 80 % дейін жетеді.

Адам дистанционды түрде қондырғының кернеулігі бар жоқтығын анықтай алмайды.

Адам денесі арқылы өтетін тоқ организмнің тек қана жанасу жері мен таралу жолына ғана емес, қан айналым, тыныс алу мен жүрек-тамыр жүйесіне де әсер етеді.

Электр жарақатын алу мүмкіндігі жанасудан ғана емес, сонымен қатар кернеу қадамдары мен электр доғасы арқылы да туындайды.

Адам денесі арқылы өтетін электр тогы ісінуге (қызарудан қарауытқанға дейін) алып келетін термиялық, электролиттік (химиялық), механикалық әсер етеді. Олар өз кезегінде бұлшықеттер мен ұлпалардың жарылуына әкеп соқтырады.

Сондықтан барлық электрлік жарақаттар:

- жергілікті;

- жалпы (электр соққылары) болып бөлінеді.

Жергілікті электрлік жарақаттар:

- электрлік күюлер (электр тогы әсерінен) ;

- электрлік белгілер (сұрлық-сары түсті дақтар) ;

- тері бетінің металлизациясы (электр доғасы металлының балқытылған бөліктерінің теріге түсуі) ;

- электроофтальмия (көздің шырышты қабықшасының күюі) .

Жалпы электрлік жарақаттар (электр соққылары) :

1 дәреже: есінен таңбау;

2 дәреже: есінен таңу;

3 дәреже: жүрек жұмысын зақымдаусыз;

4 дәреже: жүрек жұмысын және тыныс алу органың зақымдау.

Жағдайдың ең қиын жағы - клиникалық өлім (жүрек жұмысының тоқтауы және ми клеткаларының оттегімен қамтамассыз етілуінің бұзылуы. Клиникалық өлімнің ұзақтығы 5-7 мин. )

Электр тогымен зақымданудың себептері (жанасу кернеуі мен қадамдық кернеу) :

1) кернеуі бар тоқ өткізетін бөліктермен жанасу;

2) кернеуі - қалдықты зарядтың болуы жағдайында;

- электр қондырғысын абайсызда қосқан немесе қызмет етуші персоналдың келіспей әрекет етуінен;

- электр қондырғысына немесе маңына найзағайдың түсуінен кернеу болуы мүмкін ажыратылған бөліктермен жанасу;

- тоқ өткізбейтін металлдармен немесе тоқ өткізгіш бөліктерден кернеу берілгеннен кейін (авариялық жағдайдың туындауы) тоқ өткізбейтін металлдармен байланысқан электр жабдықтарымен (қоршаулар, біркеніштер мен корпустар) жанасу;

3) жерге тұйықталу кезінде адамның электр тогының жайылу өрісінде болуы немесе қадам кернеуінен зақымдану;

4) рұқсат етілген - аз қашықтыққа жақындау кезінде, 1 кВ жоғары электр қондырғысының кернеуі кезінде электр доғасы арқылы арқылы зақымдану;

5) газды ажырату кезіндегі атмосфералық электр тогының әрекеті;

6) кернеу астындағы адамды босату.

Электр тогымен зақымдану нәтижесіне әсер етуші факторлар:

- тоқтың түрі (тұрақты немесе ауыспалы, 50 Гц жиілігі аса қауіпті) ;

- кернеу мен тоқ күшінің шамасы;

- адам организмінен тоқтың өту уақыты;

- тоқтың өту жолы немесе ілмегі;

- адам организмінің жағдайы;

- сыртқы орта жағдайы.

Сандық бағалануы:

1) 450-500 В кернеулігі аралығында, тоқ түріне байланыссыз, әрекет ету бірдей:

- 450 В төмен - ауыспалы тоқ қауіптірек;

- 500 В төмен - тұрақты тоқ қауіптірек.

2) кардиологиялық, жүйке жүйесі аурулары мен қан құрамында алкогольдің болуы адам денесінің кедергісін төмендетеді.

3) ең қауіпті болып тоқтың жүрек бұлшықеті мен тыныс алу жүйесі арқылы өту жолы табылады.

1. 1 кесте - Адам организміне тұрақты және ауыспалы тоқтың әсер етуінің сипаттамасы

I, мА
Ауыспалы (50 Гц)
Тұрақты
I, мА: 0, 5-1, 5
Ауыспалы (50 Гц): Сезілмелі. Саусақтардың жеңіл дірілдеуі.
Тұрақты: Ешқандай түйсік байқалмайды.
I, мА: 2-3
Ауыспалы (50 Гц): Саусақтардың қатты дірілдеуі.
Тұрақты: Ешқандай түйсік байқалмайды.
I, мА: 5-7
Ауыспалы (50 Гц): Қолдың құрысып-тырысуы.
Тұрақты: Сезілетін тоқ. Саусақтардың жеңіл дірілдеуі.
I, мА: 8-10
Ауыспалы (50 Гц): Адамды босатпайтын тоқ. Жанасу бетінен адам қолының қиын ажыратылуы, сонымен қатар қатты ауыруы.
Тұрақты: Қолдың қызуының артуы.
I, мА: 20-25
Ауыспалы (50 Гц): Бұлшықет жүйесінің салдығы (қолды тоқтан ажырату мүмкін емес) .
Тұрақты: Қол бұлшықеттерінің шамалы тартылуы.
I, мА: 50-80
Ауыспалы (50 Гц): Тыныс алу жолдарының салдығы.
Тұрақты: 50 мА кезінде босатпайтын тоқ.
I, мА: 90-100
Ауыспалы (50 Гц): Жүректің салдығы.
Тұрақты: Тыныс алу жолдарының салдығы
I, мА: 100
Ауыспалы (50 Гц): Фибрилляция (жүрек бұлшықеттерінің біркелкі, хаостық тартылуы) .
Тұрақты: 300 мА кезінде фибрилляция.

Адам денесінің кедергісі

Адам денесі кедергісінің азаюына әкеп соқтыратын факторлар:

- тері бетін ылғалдау;

- жанасу ауданың ұлғайту;

- әсер ету уақыты.

Терінің жоғарғы бетінің кедергісі 10-нан 100 кОм-ға дейін. Ішкі ұлпалардың кедергісі 800-1000 Ом. Есептік өлшемі R адам = 1000 Ом.

Электр тоғымен зақымдану қауіптілігі бойынша ғимараттардың классификациясы (ПУЭ-85)

I класс ғимараттары. Аса қауіпті ғимараттар:

1) 100 % ылғалдылық;

2) беленді ортаның болуы.

II класс ғимараттары. Электр тоғымен зақымдану қауіптілігі аса жоғары ғимараттар:

- жоғары ауа температурасы (t = + 35 °С) ;

- жоғары ылғалдылық (> 75 %) ;

- тоқ өткізгш шаңның болуы;

- тоқ өткізгш еденнің болуы;

- электр қондырғыларының болуы (жерлендірілген) - электр қондырғысы және жерлендіруге немесе екі электр қондырғысына бір уақытта жанасу мүмкіндігі.

III класс ғимараттары. Аз қауіпті ғимараттар. Алдағы екі класстың сипаттамаларына сәйкес келетін белгілердің болмауы.

Потенциалдың жер беті бойынша таралуы гипербола заңы арқылы жүзеге асырылады.

Жанасу кернеуі - әдетте қол мен аяқтың орналасу нүктелерінде болатын, адам бір уақытта жанасатын электр тізбегі нүктелерінің потенциалдарының айырмашылығы.

Қадам кернеуі - тоқтың жайылу өрісінде жер беті бойынша (≈ 0, 8 м) қадам қашықтығында орналасқан нүктелер арасындағы ϕ1 және ϕ2 потенциалдар айырымы.

Қорғаныс құралдары мен әдістері: жерлендіру, нөлдеу, ажырату

Қорғаныс құралдарын таңдау келесілерден тәуелді:

- электр желісінің режимі;

- электр желісінің түрі;

- қолдану шарттары.

Электрқауіпсіздігі құралдары:

- жалпытехникалық;

- арнайы;

- жеке қорғану құралдары.

Қорғанудың жалпы техникалық құралдары:
  1. жұмыстағы оқшаулау; Оқшаулауды бағалау үшін келесі критерийлерді қолданады:- фазалардың кедергісі, қосылған жүктемесі жоқ электр өткізгіштері R1≥ 0, 05; - фазалардың кедергісі, қосылған жүктемесі бар электр өткізгіштері R2≥ 0, 08 МОм;
  2. екі еселік оқшаулау;
  3. тоқ өткізгіш бөліктердің қол жетпестігі (тұндырғыш құралдар қолданылады-қаптама, корпус, электрлік шкаф, шығырлы сұлбаларды қолдану және т. б. ) ;
  4. қауіпсіздік блокировкалары (механикалық, электрлік) ;
  5. аз кернеулік. Жергілікті шырақтар үшін (36 В), 12 В жарылыс қауіпті ғимараттарда қолданылады;
  6. бағдарлау шаралары (электр қондырғысы жеке бөліктерінің таңбалануын, жазуларды, ескерткіш белгілерді, түрлі түсті оқшаулауды, жарықтық дабылды) пайдалану.
Қорғанысты өшірілудің жұмыс істеу қағидасы

Бұл электр қондырғысының қор беруші желіден электр тогымен зақымдану жағдайындағы қауіптілік кезіндегі арнайы автоматтандырылған өшірілу.

ЭҚО-85 талаптарына сәйкес жерлендіру немесе нолдеуді орындау кезіндегі шарттар:

1) аз қауіпті ғимараттарда:

- 380 В және одан жоғары ауыспалы тоқ кезінде;

- 440 В және одан жоғары тұрақты тоқ кезінде.

2) аса қауіпті ғимараттарда, қауіптілігі жоғары ғимараттарда және ғимараттардан тыс:

- 42 В және одан жоғары ауыспалы тоқ кезінде;

- 110 В және одан жоғары тұрақты тоқ кезінде.

3) жарылыс қауіпті ғимараттардың барлық кернеуліктерінде.

Жерлендіруші құрылғылар табиғи да болады (ғимараттардың конструкциялары қолданылады), бұл жағдайда ұшқынның тиюі аварияға (жарылыс қауіпті) әкеп соқтыруы мүмкін элементтерді қолдануға тыйым салынады.

Жасанды - контурлы және шығарылмалы қорғанышты жерлендіруші құрылғы, мысалы: контурлы жерлендіруші құрылғы.

Электр тогынан қорғанудың ұйымдастыру - техникалық шаралар.

Техника қауіпсіздігі ұйымының жұмысы электромонтаж бөлімінде келесіні қарастырады:

  • Дайындық, еңбек қорғау сұрақтары бойынша білімді тексеру;
  • Жұмыс орнындағы қауіпсіздік нұсқамасы;
  • Жұмысқа рұқсат беру;
  • Жұмыстың қауіпсіздігін бақылайтын адамдар (бұлар: мастерлар, бригадирлер, бастықтар) ;
  • Техника қауіпсіздігі бойынша бөлмелер.

ССБТ «Электрқауіпсіздік. Терминдер және анықтамалар» 12. 1. 009-76 ГОСТ -ына сәйкес электр тогынан қорғану амалы ретінде келесі тәсілдерді қолданады:

  1. Ток жүретін бөлімдерден ажырату;
  2. Жұмыскерлерді зақымданудан қорғау үшін екі ретті ажырату;
  3. Ауадағы сымдар және жердегі кабель, т. б.
  4. Электр құрылғысын қоршау;
  5. Блокталған құрылғылар;
  6. Жарықты аз қолдану;
  7. Жұмыс орнын изоляциялау (еден, қабырға) ;
  8. Электр құрылғыларын жерге қосу;
  9. Электр потенциалын түзету;
  10. Электр құрылғыларын автоматты түрде сөндіру;
  11. Алдын алу сигналын беру (дыбысты, шамды) .

Жеке қорғану тәсілдері және т. б.

Бөлме ішіндегі табиғи жарық арқылы пайда болатын табиғи жарықтандыру өте үлкен шектерде өзгереді. Бұл өзгерістер жыл мезгілімен, тәулік уақытымен, атмосфера тазалығымен, жер жамылғысының шағылу касиеттерімен анықталады. Табиғи жарық тұрақты болмағандықтан, аз уақыт аралығынд өзгеріп отыратындықтан, ол, яғни табиғи жарықтандыру, абсолю ттік емес мән деп саналады. Сондықтан табиғи жарықтандыру салыстырмалы көрсеткіш болып есептелінеді. Бұндай көрсеткіш ретінде табиғи жарықтандыру коэфициенті алынады. Бұл көрсеткіш ғимарат ішінде пайда болатын табиғи жарық Е ғ. і пен сыртқы көлденең жарықтандыру Е с қатынасын білдіреді. Бұл қатынас ашық таралған жарық арқасында пайда болады және процентпн көрсетледі:

Е=(Е ғ. і І Е с ) 100%,

мұндағы Е ғ. і - ғимарат ішіндегі жарықтандыру

Е с - сыртқы жарықтандыру.

Табиғи және біріккен жарықтандыру П-4-79 СНИП-і бойынша нормаланады. Бұл СНИП-те ғимараттарға арналған табиғи жарықтандыру коэфициентінің нормалары берілген.

Көру жұмыстарының мінездемесіне байланысты П-4-79 СНИП-і бойынша көру жұмыстарының 8 разряды берілген.

Ғимарат ішінде потенциалдың жөнделуі табиғи жолмен мпеталлдық конструкциялар, құбытлар, кабельдер жәцне тағы басқа өткізбелі заттар көмегіцмен асыырылады. Бұлардың барлығы тарам-тарам жерге қосу жүйелерімен байланысты.

Контурлық жерге қосуды үлкен дәрежелі электр қауіпіне жәцне кернеу 1000В жоғары болғанда қолданылады.

Адамды ток ұрғанда термиялық, электралиттік, биологиялық әсер етеді. Токтың термиялық әсері - дене терісінің әр жерінің күюі, қан тамырларының, нерв жүйелерінің қызуымен (көтеруімен) байланысты.

Электролиттің әсері - қанның және организмнің басқа да сұйықтарының ыдырауына байланысты, оның физикалық құрамының бұзылуын туғызады.

Токтың биологиялық әсері - ағзаның тірі жасушаларының қызуы нәтижесінде, адам буындары тартылып, жүрек, өкпе қысылады, нәтижесінде қан айналу мен тыныс алу мүшелерінің жұмысы нашарлайды, тіпті олар жұмысын тоқтатуы да мүмкін. Электр тогының әсерінің әртүрлілігіне байланысты, жрарқаттанудың екі түрі болады:

  • Электрлік жарақат;
  • Электр тогының соғуы.

Электрлік жарақат тік әсерінен тері жасушаларының кейбір жерлерін жарақаттайды. Электрлік жарақаттың келесідей түрлері болады: электрлік күю, электрлік белгілер, терінің металдануы, механикалық жарақат.

Электр тоғының қауіптілігінің анықтайтын факторлары.

Электрлік тогының соғуы нәтижесінде келесідей жағдайлар туындайды:

  • Естен тану, буындардың тартылуы;
  • Естен танып, буын тартылғанмен тыныс алу және жүрек ағысының жұмыс істеуі нашарлайды;
  • Естен тану, жүрек, тыныс алу жұмыстарының тоқьауы;
  • Қан айналымы, тыныс алу, жүректің тоқтауы.

Электр тогының адамға әсер ету салдары мен сипаты мына факторларға байланысты:

  • Адам денесінің тоққа қарсы кедергісі;
  • Тоқтың кернеулігі мен шамасына;
  • Электр тогының әсер ету ұзақтығына;
  • Адам денесінде тоқтың өту жолдарына;
  • Электр тогының жиелігі мен оның тегіне;
  • Қоршаған орта жағдайына.

Электр тоғы өткен кезде зардап шегушінің жеке түйсінулері әртүрлі: жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрысуы, дірілдеу.

Электр жарақаты кезіндегі жүйкі жүйесіне электр тоғының әсері нәтижесінде пайда болған ортақ құбылыстар аса қауіпті. Тоқ соққан адам бірден есінен айырылады, бұлшық еттің қысқаруынан кейде зардап шегушіні электр тоғы бар өткізгіштен ажырату өте қиынға түседі.

Жүйке клеткаларының зақымдалуының нәтижесінде сырқаттар ауыр күйді бастан өткереді. Естен айырылу, дене температурасының төмендеуі, тыныс алуының тоқтауы, жүрек қызметінің әлсіреуі, дененнің құрысуы.

Электр жарақаты төрт дәрежеге бөлінеді:

  • I-дәрежеде зардап шегуші есінен айырылмай бұлшық етінің дірілін сезінеді;
  • II-дәрежеде зардап шегушінің бұлшық еті дірілдеп, артынша есінен айырылады;
  • III-дәрежеде зардап шегушіде есінен айырылумен қатар жүрек қызметі мен тыныс алуы бұзылады;
  • IV-дәрежеде зардап шегуші клиникалық өлім жағдайында болады.
Зардап шегушіні электр тогының әсерінен босатудың әдістері

Бірінші кезекте электр тогымен зақымданудың нәтижесі тоқтың зардап шегушінің денесінен өту ұзақтылығы мен Сіздің электр тогы әсерінен босату бойынша тез әрекет етуңізден байланысты.

Электр тогымен зақымдану кезінде Сіздің шешім қабылдауыңыздың себепкері болатын екі нұсқалы жағдай туындайды. Бірінші нұсқасы - зардап шегуші тоқ өткізгішпен байланыст болмаған жағдай. Екіншісі - зардап шегуші электр қондырғысының тоқ өткізгіш бөлігімен әлі де байланыста болатын жағдай.

Жағдайдың бірінші нұсқасы зардап шегушіге дәрігералды көмек көрсетуді бірден жасауға мүмкіндік береді. Жағдайдың екінші нұсқасы зардап шегушіні зақымдаушы фактор, яғни электр тогының әсерінен босату бойынша шұғыл әрекеттерді және алғашқы әрекет - келеңсіз жағдай болған электр қондырғысын тез өшіруді жүзеге асыруды талап етеді. Бұл өшіру аппараты көмегімен жүзеге асырылады (өшіргіш, ажыратқыш, магниттік жібергіштің басқарушы басқаштары және т. б. ) . электр қондырғысын өшірген кезде мүмкін болатын жағдайларға қарсы, мысалы, зардап шегушінің құлауы (оқыс оқиға орын алған кезде оның еденнен жоғары деңгейде болу жағдайында), электр жарығының өшірілуі (тасымалдамалы шамдармен жұмыс кезінде, бөлі учаскесі немесе учаскелік, цехтік подстанция өшіргіштері ажыратылған кезде) шараларды қарастыру қажет. Бірінші жағдайда қандай да нақтылы ұсыныс пен сипаттама беру қиын. Орын алған жағдайдың өзіне байланысты әрекет ету қажет. Екінші жағдайда ең оңтайлы тәсіл болып авариялық жарықты қолдану, ал ол мүмкін болмаса жасанды жарықтың басқа да көздерін (шамдар, факел және т. б. ) немесе табиғиғн жарықтың мүмкінділігін пайдалану табылады.

Электр қондырғысын тез өшіру мүмкін болмаған жағдайда (мысалы, өшіргіш алыс орнласса, қол жетімсіз жерде болса, өшіру аппараты істен шыққан болса) басқа шараларды қабылдау қажет. Бұл шараларды пайдалану мүмкінділігі электр қондырғысының кернеуінен, нақтылы жағдайдан, қандай да заттар және құралдардан байланысты. Бірақ, не болса да, барлығы Сіздің дағды, білім мен тапқырлығыңыздан байланысты. Электр қондырғысының кернеулігіне байланысты сондай шаралардың кейбірін қарастырайық.

1000 В дейінгі электр қондырғысының кернеулігі

Нақтылы жағдай мен Сіздің мүмкіншіліктеріңізді ескере отырып:

- өткізгішті балтамен шабу (тек қана АҒАШ САБЫ міндетті түрде құрғақ болу шартында), өткізгішті құралмен тістеу (құрал сабының оқшауланған болу шартында) . Жоғарыда айтылған шарттардың болмауы кезінде бұл әрекеттерді орындау диэлектрлік қолғап немесе галошты қолдану арқылы ғана мүмкін;

- зардап шегушіні оның денесі мен аяқ киіміне жоламай, үстіңгі киімінен ұстап (құрғақ болу шартында) тоқ өткізгіш бөліктен тартып алыстату. Тек қана бір қолмен әрекет ету ұсынылады. Егер, зардап шегушінің үстіндегі киімі ылғал немесе зардап шегушінің денесіне қол тигізу қажеттілігі жағдайында тек қана диэлектрлік қолғап пен галошты қолданып әрекет ету қажет;

- зардап шегуші тоқ өткізгіш бөлікті қолымен қысып ұстаған жағдайда, оның қолын міндетті түрде құрғақ тақтай немесе диэлектрлік төсенішке тұрып және диэлектрлік қолғап киіп босату қажет.

Тоқ өткізгіш зардап шегушінің үстіңде жатқан жағдайда өткізгішті құрғақ ағаш таяқшасын, тақтайды және басқа да электр тогын өткізбейтін заттарды пайдаланып шетке тастауға болады.

1000 В жоғары электр қондырғысының кернеулігі

Зардап шегушіні 1000 В жоғары электр қондырғыларының электр тогы әрекетінен босату кезінде диэлектрлік қолғап пен аяқ киімді (қосымша электрқорғау құралдарын) қолдану міндетті болып табылады. Бұны ескере отырып 1000 В жоғары электрқондырғыларында жұмыс атқарған кезде ылғи да өзіңізбен бірге аталмыш электрқорғау құралдарының болғаны жөн.

Зардап шегушінің үстіне құлаған тоқ өткізгішті оқшауланған штангімен шетке тастауға болады, бұл кезде диэлектрлік аяқ киім Сізді қадамдық кернеуліктен қорғайды. Мүмкіндігінше зардап шегушіден өткізгішті 20 м қашықтыққа алыстату қажет, немесе кез келген басқа да жағдайларда, жерде жатқан өткізгіш пен зардап шегушінің арасындағы қашықтық 20 м атам болуы керек. Себебі өткізгіштің жермен жанасуы кезінде электр тогының жер көлемі бойынша таралуы үлкен болғандықтан, тоқтың тығыздығы нөлге тең болады, яғни нөлдік потенциал зонасы немесе кем дегенде аз потенциалдар зонасы басталады, бұл өзіне қауіпсіз жағдайда зардап шегушіге алғашқы дәрігералды көмек көрсетуге болатынын білдіреді.

Зардап шегушіні электр тогының әсерінен босатудың барлық мүмкін болатын тәсілдерін пайдалана алмаған ерекше жағдайларда, зардап шегуші қатынаста болатын өткізгіштің арнайы тұйықталуын (тоқ өткізгіш бөлік фазасын жерлендіру) жасай отырып автоматты өшіруді болдырады. Бұны тоқ өткізгішке оқшауланбаған кез келген басқа өткізгіштің бір жағын тастап жанастыру, ал екінші жағын алдын ала сенімді жерлендіру (жақын мандағы жерлендіргіш қондырғыға, металл тіреу немесе жерге арнайы қағылған стерженді жерлендіргішке қосу) арқылы жүзеге асыруға болады. Өткізгіштің екінші жағына тастап жанастырудың ыңғайлығы үшін кішігірім жүкті бекітеміз. Электр қондырғысының автоматты өшірілуі релейдік қорғаныстың іске қосылуынан болады.

Аталмыш тәсілдің кемшілігі болып көмек көрсетушіге төнген қауіп пен жүзеге асыруға кететін уақыттың көп болуы табылады.

Тастап жанастырғыш өткізгіш ретінде мыстан жасалған оқшауланбаған иілмелі өткізгіш жақсы келеді.

Алғашқы медициналық көмек көрсету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері
Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері
Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері жайында
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері жайлы
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстардың адам организіміне әсері. Статикалық электр тогы. Жайтартқыштарды есептеу. Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу. Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу туралы
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу. Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері туралы ақпарат
Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу. Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері.
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері туралы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz