Приматтар отряды: анатомиясы, өмір салты және таралуы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

ПРИМАТТАР ОТРЯДЫ

Приматтар - әуел бастан ағашта тіршілік еткен жануарлар. Қазіргі кезде олардың 200-ден астам түрлері бар деп есептеледі. Приматтар (латынша: приматес - алғашқы, «ең озық» деген сөз, яғни жануарлар дүниесіндегі ең озығы) ағаш бұтақтарына өрмелей алатындықтан, аяқ-қолдары бес саусақты және қармауға бейім келеді. Маймылтектілердің шағын денелері де, денесі ірілері де кездеседі. Мысалы, шаламаймыл лемурдың дене тұрқы - 13 см, адамтәрізді маймыл ойнақының дене тұрқы - 15 см, ал горилланың дене тұрқы 180 сантиметрге дейін жетеді. Шаламаймылдар мен төменгі сатылы адамтәрізді маймылдарда едәуір ұзын құйрық болады.

Приматтар негізінен алғанда тропиктік аймақтарда ғана мекендейді. Бұлар орманда тіршілік ететіндіктен, иісті нашар сезеді, бірақ өте сақ және қырағы. Маймылтектілердің көздері алға қарай бағытталып орналасқан, сондықтан затты екі көзімен бірдей көріп, қашықтықты және түсті ажырата алады.

Приматтайдың төрт аяқтарымен жүретін сүтқоректілерден ерекшелігі - бұғана сүйегі болады. Бұлардың кәрі жілікті құрайтын шынтақсүйек және шыбықсүйектері бірінен-бірі толық ажырасып орналасқандықтан, алдынғы аяғы (қолы) жақсы қимылдап, күрделі жасай алады. Маймылтектілердің көпшілігінің басбармағы басқа саусақтарға қарама-қарсы орналасқан, са саусақтарның ұшындағы тырнақтары құстар немесе жыртқыш аңдардыкі тәрізді үшкір емес, жалпақ болып келеді. Приматтар ағаш басынан жерге түскенде төрт аяқтап жүруге тырысады.

Маймылдардың басым көпшілгі қорегін күндіз аулайды: негізгі қорегі - өсімдіктекті анық, кейде бунақденелілерді де жейді. Белсенді әрекет ететіндіктен, бұлардың ми сыңарлары жақсы жетіліп, жоғары сатылы приматтардың ми сыңарларында иірімдер пайда болған.

Приматтар Африка, Азия және Американың тропиктік және субтропиктік ормандарында мекендейді. Бұлар - көбінесе топтасып тіршілік ететін жануарлар. Приматтар көзі ашық, бірақ өздігінен тіршілік етуіне әлсіз. 1 - 3 бала туады. Балаларын сүт пен асырайды. Жас маймылдар бірнеше жылдар бойы енесінің төңірегінен ұзамай, бірге тіршілік етеді.

Орталық және Оңтүстік Американың ормандарын мекендейтін танау тесігі ете үлкеи приматтар. Танау тесіктері тар және алға қарай бағытталған мартышка, гиббом және адамтәрізді маймыл туқымдасы тартанаулы маймылдар деп аталады. Олардыц 100-ге жуық түрі тіршілік етеді. Тартанаулы маймылдар Африка мен Оңтүстік Азияда таралған құйрығы ұзын болғанмен бутақты қармай алмайды, кейбіреулерінде құйрық болмайды. Олар көбінесе ұртқалталы, көншонданайлы болып келеді. Жерде өмір сүретіндері (мысалы павиан) төрт аяқтап жүреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салаукты өмір салты - тұлғаның табысының негізі
Салауатты өмір салты және спорт: денсаулықтың негізі
Валеология және салауатты өмір салты: ғылыми негіздері
Ұзақ өмір сүрудің негіздері: салауатты өмір салты, геронтология және халықтық шипагерлік
Салауатты өмір салты: ғылыми-теориялық негіздері және денсаулықты нығайту
Салауатты өмір салты: жалпы түсінік, қалыптастыру және бұзатын факторлар
Салауатты өмір салты және ЖИТС алдын алу шаралары
Валеология: денсаулықтың ғылыми негіздері, түрлері және салауатты өмір салты
Салауатты өмір сүру салты: ұғымы, принциптері мен зиянды факторлары
Салауатты өмір салты: тұжырымдамасы, құрамдас бөліктері және ұлттық денсаулық стратегиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz