Органдар биохимиясы жайлы ақпарат



1)Қан биохимиясы
2)Бұлшықет биохимиясы
3)Сүт безі және сүттің биохимиясы
4)Тері биохимиясы
Қан плазмасы – қанның барлық 55 – 60 % құрайтын түссіз сұйықтық, 90-92 % судан тұрады. Органикалық заттары: Нәруыздар – альбуминдер ( 4 – 5 %), глобуминдер ( 2 – 3,5 %), фибриноген ( 0,2 – 0,4%) . Нәруыздардың жалпы мөлшері 7 – 8 %;
Құрамында азоты бар нәруыз емес қосындылар ( амин қышқылдары, полипептидтер, мочевина, несеп қышқылы, креатинин, креатинин, аммиак )11 – 15 ммоль/л ( 30 – 10 мг%). Бүйрек қызметі бұзылғанда қанда осы қалдықтық азот мөлшері кілт көтеріледі;
Құрамында азоты жоқ органикалық заттар: глюкоза 4,4 – 6,65 ммоль/л ( 80 – 120 мг %), бейтарап майлар, липидтер;
Ферменттер мен проферменттер: олар қан ұю үрдісіне және фибринолизге қатысады.
Бейорганикалық заттар ( 1% дай):
Na+, Ca+, K+, Mg+ катиондары;
Cl-, HPO-, HCO- – аниондары.

Қан лейкоциттері мен эритроциттері
Лейкоциттер - ядросы бар қан клеткалары. Ересек адамның 1 мл қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру , қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттер бала организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы тұру ын қамтамасыз етеді. Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар: а) дәнді лейкоциттер немесе гранулоциттер; ә) дәнсіз лейкоциттер, яғни агранулоциттер; б) моноциттер. ейкоциттердің жалпы саны жаңа туған нәрестеде 10-20 мың шамасында болғанмен, өмірінің алғашқы сағаттарында оның саны күрт көбейеді.
Қанның құрамындағы үшінші пішінді элементтер - тромбоциттер немесе қан пластинкалары. Олар сопақша немесе диаметрі 2-5 мкм дөңгелектеу пішінді келеді. Тромбоциттердің жалпы саны 1 мкл 300 мыңнан 100 мыңға дейін. Тромбоциттер сүйек кемігінде пайда болады. Олардың өсіп жетілу мерзімі 7-8 күн, ал қан айналымында 5-11 күндей болады. Тромбоциттердің қызметі көп. Оларда ферменттер де өндіріледі, фагоцитарлық қабілеті де бар, ұсақ қан тамырларының өткізгіштік қасиетіне де әсер етеді. Тромбоциттердің саны баланың жасына қарай өте көп ауытқиды: 1 мкл қанда 150 мыңнан 600 мыңға дейін. Жаңа туған сәбидің қанында орта есеппен 150-350 мыңға жуық тромбоциттер болса, 1 жасқа дейінгі балаларда 15 мыңнан 424 мыңға дейін (орта есеппен 250000) жетеді.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Органдар биохимиясы

Тексерген: Қайырханов К.К
Орындаған: Тоқтарбеков С.
Топ: БТ-407

Мазмұны:

1)Қан биохимиясы
2)Бұлшықет биохимиясы
3)Сүт безі және сүттің биохимиясы
4)Тері биохимиясы

1) Қанның биохимиясы

Қан плазмасының химиялық құрамы
Қан плазмасы - қанның барлық 55 - 60 % құрайтын түссіз сұйықтық, 90-92 % судан тұрады. Органикалық заттары: Нәруыздар - альбуминдер ( 4 - 5 %), глобуминдер ( 2 - 3,5 %), фибриноген ( 0,2 - 0,4%) . Нәруыздардың жалпы мөлшері 7 - 8 %;
Құрамында азоты бар нәруыз емес қосындылар ( амин қышқылдары, полипептидтер, мочевина, несеп қышқылы, креатинин, креатинин, аммиак )11 - 15 ммольл ( 30 - 10 мг%). Бүйрек қызметі бұзылғанда қанда осы қалдықтық азот мөлшері кілт көтеріледі;
Құрамында азоты жоқ органикалық заттар: глюкоза 4,4 - 6,65 ммольл ( 80 - 120 мг %), бейтарап майлар, липидтер;
Ферменттер мен проферменттер: олар қан ұю үрдісіне және фибринолизге қатысады.
Бейорганикалық заттар ( 1% дай):
Na+, Ca+, K+, Mg+ катиондары;
Cl-, HPO-, HCO- - аниондары.

Қан лейкоциттері мен эритроциттері
Лейкоциттер - ядросы бар қан клеткалары. Ересек адамның 1 мл қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру , қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттер бала организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы тұру ын қамтамасыз етеді. Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар: а) дәнді лейкоциттер немесе гранулоциттер; ә) дәнсіз лейкоциттер, яғни агранулоциттер; б) моноциттер. ейкоциттердің жалпы саны жаңа туған нәрестеде 10-20 мың шамасында болғанмен, өмірінің алғашқы сағаттарында оның саны күрт көбейеді.
Қанның құрамындағы үшінші пішінді элементтер - тромбоциттер немесе қан пластинкалары. Олар сопақша немесе диаметрі 2-5 мкм дөңгелектеу пішінді келеді. Тромбоциттердің жалпы саны 1 мкл 300 мыңнан 100 мыңға дейін. Тромбоциттер сүйек кемігінде пайда болады. Олардың өсіп жетілу мерзімі 7-8 күн, ал қан айналымында 5-11 күндей болады. Тромбоциттердің қызметі көп. Оларда ферменттер де өндіріледі, фагоцитарлық қабілеті де бар, ұсақ қан тамырларының өткізгіштік қасиетіне де әсер етеді. Тромбоциттердің саны баланың жасына қарай өте көп ауытқиды: 1 мкл қанда 150 мыңнан 600 мыңға дейін. Жаңа туған сәбидің қанында орта есеппен 150-350 мыңға жуық тромбоциттер болса, 1 жасқа дейінгі балаларда 15 мыңнан 424 мыңға дейін (орта есеппен 250000) жетеді.

Қанның ұюы
Қанның физикалық қасиеттерінің өзгеріп, сұйық күйден қойыртпақтанып қатқылдануын ұю деп атайды. Қанның ұюы оның маңызды қорғаныш қасиеттерінің бірі. Ол организмді қансыраудан сақтайды. Қансырауды тоқтатуға (гемостаз) қан тамырларынын қабырғасы, тамыр маңындағы ұлпалар, қан плазмасы құрамындағы ұю факторлары, барлық қан торшалары қатысады. Бұл процесте биологиялық белсенді заттар да маңызды роль атқарады. Олар физиологиялық әсеріне қарай қанның ұюын жеңілдететін, қанның ұюына кедергі жасайтын және ұйықты ерітетін заттар болып бөлінеді. Қанның ұюы тізбектелген реакциялардан тұратын күрделі процесс. Оның мәні қан құрамындағы фибриноген белогының физика-химиялық қасиеттерінің өзгеруінде. Ұю процесі барысында фибриноген белогынан қышқыл пептид бөлінеді де, ол ерімейтін белок - фибринге айналады.Қанның ұю процесі механизмінің негізіне 1871 ж. А.Шмидт ұсынған ферменттік теория алынған. Бұл теорияға сәйкес ұю процесі үш кезеңде өтеді де, плазма құрамындағы 13 фактор мен тромбоцит факторларының (10-нан астам) қатысуымен жүреді. Плазма факторлары ашылу ретіне қарай нөмірленіп, рим цифрларымен, ал тромбоцит факторлары араб цифрларымен белгіленеді. Егер плазма құрамындағы факторлардың біреуі жетіспесе, онда қан ұю қабілетінен айырылады (мысалы, VIII-фактор жетіспегенде гемофилия дерті байқалады).

Лимфа
Лимфа (лат. lympha) -- жартылай мөлдір сарғыш түсті сұйықтық, ол ұлпа сұйықтығынан бөлініп шығарылады. Лимфа жасушааралық кеңістікте басталады да лимфа тамырлары бойынша ағады. Құрамына қарай лимфа қан плазмасына ұқсас болады, бірақ онда белоктар аз болады. Лимфа тамырлары бір-бірімен қосылып екі үлкен лимфа тармағын құрайды, олар үлкен веналарға құйылады.
Лимфа - ағзаның ішкі ортасы, ұлпа сұйықтығынан түзіледі. Тұз құрамы жағынан қан сарысуына ұқсас. Лимфаның химиялық құрамы: 95% су, 1-2% нәруыз; 0,1% глюкоза; 0,9% минералды тұздар. Адам денесінде бір тәулікте шамамен 2-4 л лимфа түзіледі. Қан сарысуына қарағанда нәруыздары 3-4 есе аздау, тұтқырлығы да төмендеу. Лимфаның құрамында фибриноген нәруызы болады. Сондықтан оның баяу болса да ұйығыштық қасиеті бар. Лимфа қан сияқты үздіксіз қозғалыста болады. Лимфада болатын лейкоциттерді - лимфоциттер деп атайды. Лимфоцит - лейкоциттің бауырда түзілетін түйіршіксіз түрі. Адамның барлық лейкоциттерінің 18-30%-ын құрайды. Лимфоциттер - ұсақ, диаметрі 8-10 мкм. Лимфа сыртқы және ішкі әсерлерге өте сезімтал. Рентген сәулесінің әсерінен лимфоциттер тез жойылады. Егер ағзаға қалқанша бездің гормонын жіберсе, лимфоциттердің саны көбейеді.
2)Бұлшықет биохимиясы
Барлық омыртқалы жануарларда әр түрлі қимыл жасайтын 3 түрлі бұлшықет ткані бар. Олар: қаңқа, жүрек және бірыңғай салалы бұлшықеттер. Әр тканьдердің өзіне тән түрі өзгерген клеткалары - бұлшықет талшықтары бар.
Қаңқа бұлшықет талшықтары шоғырларған көлденең жолақты бұлшықет тканьінен құралады. Талшықтары ішінен белок жіпшелері өтетіндіктен бұлшықет қысқарып, жиырылады.
Жүрек бұлшықеті де қаңқаның бұлшықеті секілді көлденең жолақты бұлшықет талшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар кей жерде айқасып бірігеді. Жүрек бұлшықеті осындай ерекшелік арқасында тез жиырылады.
Ішкі мүшелердің қабырғалары бірыңғай салалы бұлшықет тканінен құралады. Бұл тканнің талшықтары баяу жиырылады
Бұлшықеттің химиялық құрамы
Бұлшықет - бұл бұлшықет талшықтарының шоғыры, олар миофибриллалар деп аталады.
Қалың филаменттер миозиннен, ал жіңішкесі - F-актиннен, тропомиозиннен және тропониннен тұрады. Бұл төрт белоктардың үлесіне бұлшықеттің белоктық затының жалпы құрамының 90%-ға жуығы келеді. Еттің құрамына 52-78% су, 16-21% ақуыз, 0,5-49% май, 0,4-0,8% көмірсулар, 2,5-3% экстрактивті заттар, 0,7-1,3% минералды заттар, ферменттер, дәрумендер және т.б. кіреді. Еттің химиялық құрамына малдың түрі, жынысы, жасы, күйлілігі және баска факторлар әсер етеді.
Бұлшық етте миоген мен глобулин мөлшері - 20-30%, ал миоальбумин мен миоглобин мөлшері - 1-2%. Саркоплазма мен миофибриллде адам организіміне қажетті барлық ауыстырылмайтын амин қышқылдары бар толық құнды ақуыздары бар. Миофибрилл ақуыздары - миозин, актин, олардың комплексі актомизин, тропомизин, тропонин және т.б. Миозин - бұлшық ет ұлпасының маңызды ақуызы, ол барлық бұлшық ет ақуызының 40% құрайды.
Бұлшық ет ұлпасында май мөлшері шамамен - 3%, май ұлпасында - 60-94%, шеміршек ұлпасында 1,3-3%, сүйек ұлпасында 3,8-24% болады.
Еттің көмірсулары гликогенмен көрсетілген, жануар крахмалы деп аталады. Етте оның мөлшері 0,6-0,8%, ал бауырда-5%. Бұлшық ет ұлпасында гликоген бос және ақуыздармен байланысқан күйде болады.

Жалғастырып тұратын тканінің биохимиясы
Жалғастырып тұратын ткань арқылы нерв талшықтары мен қан тамырлары өтеді. Бұл ткань барлық мүшелерді байланыстырып, біртұтас етіп біріктіреді, ішкі жəне сыртқы құрылымдардың мықтылығын сақтайды. Жалғастырып тұратын ткань мүшелердің жəне басқа тканьдердің аралығындағы кеңістіктерді толтырады. Ол мықты торларынан құралады. Мұндай торлар полисахаридті гельге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Органдар биохимиясы II жайлы
Сібір жарасы бактериясы
Органдар биохимиясы жайлы
Органдар биохимиясы жайында
Биогеохимиялық провинциялар. Қазақстан аумағындағы табиғи және антропогендік биогеохимиялық провинциялар
Ағзалардың химиялық құрамы
Гормондардың мақсатты жасушаларға әсер ету механизмдері
Органдар биохимиясы
Жануарлар әлеміне саяхат
Гидропиялық дистрофиясы
Пәндер