Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің аспектілері және адамгершілік құндылықтар мәселесі


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І бөлім. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің философиялық
және діни негіздері . . . 6
1. 1 Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің философиялық
негіздері . . . 6
1. 2 Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің діни негізі . . . 12
ІІ бөлім. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің аспектілері
және адамгершілік құндылықтар мәселесі . . . 26
2. 1 Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің психологиялық-
педагогикалық негіздері . . . 26
2. 2 Оқушаларды адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу мәселесі. . 40
Қорытынды . . . 49
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 50
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Біз осы кезеңге дейін қалыптасқан рухани қазы-намызды түгендеп, оның шынайы құндылығын әлі де анықтап біткен жоқпыз. Кеңес Одағы идеологиялық саясатының көлеңкесінде қалып қойған дүниелердің ішінде ұлттық тәрбие де бар. Ал қазіргі таңда оның біртұтас жүйесін жасап шығу алдымызда тұрған мақсаттардың бірі болып отыр.
Н. Назарбаев: "Қазақтың сана-сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы тарихтың толқынында өзінің ұлттық "МЕН" дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр . . . ", - деді. Осы күнге дейін мәдениеттің құрылымын негізінен материалдық және рухани - салалардан турады деп қарастыру басымдық алып келді де, ал жеке адамның келбеті көлеңкеде қалып қойды. Жеке адамның келбеті оның руханн күшімен анықталмақ. Рухани күшінің кайнар көзі моральдық-адамгершілік қасиетінде. Адам қасиетін құрайтын элементтерді ұштауға бағытталған мақсатты жұмыс - тәрбиелеу жұмысының басты нысанасы.
Бүкіләлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын ұлағатты ұстаз әл-Фараби: "Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы", - деген. Сондықтан да жеке тұлғаны өмірге бейімдеп, Отанын, елін, жерін, тілін қадірлейтін, рухани дүниесі бай, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеуде халқымызды алдағы мақсат-мұраттарға жетелейтін, тарих қойнауынан бастау алатын дәстүр философиясына, ақыл мен парасатқа, мәдениетімізге жүгінген қазақ идеясының қажеті туралы айтылып жүр. Еліміздің көрнекгі ғалымдары, зиялылары осы мәселе төңірегінде өз ойларын білдіруде. Ғарифолла Есім: "Идея дегеніміз - бастаушы, негізгі рухани ізденіс" болып табылатындығын айтады. Бірақ әлі де болса, ол идея қандай тұжырымдарға сай құрылып, қандай құндылықтар жүйесіне сүйенетінін бірауыздан құптай алмай отырмыз. Ол қалыпты жағдай. Себебі, дамудың өзінде Шығыстың білім беру парадигмасы руханилықсыз бастаса, Батыста керісінше, ол құндылық шетке ығыстырылып қойылады. Ал біздің жағдайда адамзат мәдениетінің екі тарихи типі - Шығыс пен Батыстың да үлес салмағы бар. Сондықтан: "Қазақстандық жаңа философия үшінші мыңжылдықтың буырқаныстарына жауап беретіндей жаңа онталогаялық стратегия қалыптастырып үлгерді. Оның негізгі Темірқазығы Шығыс пен Батыстың дүниетанымдық типтерін оңтайлы синтездеу болып табылады, яғни батыстық өркениеттің ресурстары мен жетістіктерін, қазіргі заманғы ғылыми және технологиялық қуатын сақтай отырып, ол жоғалтқан рухани дәстүрлерді қайта қалпына келтіру, Шығыстың рухани тағылымын, "Адам - Әлем" қарым-қатынасының біртұтастығын қайта жаңғырту" -дейді Ә. Нысанбаев. Бірақ біздің ойымызша, идеяға халықтың шүбә келтірмес сенімі керек. Болашаққа сенімсіз өмір сүру қиын. Ол ұрпақтан ұрпаққа жетелейтін, биік те құнды, рухты болуы тиіс. "Менің ойымша, көп этносты, көп конфессиялды тәуелсіз Қазақстан жағдайында ұлттық идеяның көрінісі Қазақстандық өркениет болуы керек. Өркениетгі болу деген - әркімнің болғысы келетін - психологиялық әрі мәдени ынта. Кімнің өркениетті болғысы келмейді. Тәрбие негізінің өзі еркениеттілік емес пе?" - дейді Ғ. Есім.
Осы жерден тәрбиенің мазмұны, бағыт-бағдары қандай болуы қажеттігі шығады. Өнегелі тәрбие беру қанша жерден құнды болғанымен, ол өмірлік іс-әрекеттен өз орнын таппаса, оның нәтижесі жоқтың қасы деуге болады. Сондықтан да біз өнегелі тәрбие берудің ең негізгі принципі ретінде тарих қойнауында пісіп-жетілген салт-дәстүрлерімізді, құндылықтарымызды, озық ойшылдарымыздың дана пікірлерінен туындайтын қағидаларды негіз етіп алуымыз керек.
Әл-Фараби екі адамды мысалға ала отырып, философияның өмірмен тығыз байланысын келтіреді. Біріншісі - өмірлік тәжірибеден гөрі барынша ілімге жақын адам, ал екіншісі - ғылымды меңгерумен қатар өмірлік тәжірибеге көп сүйенеді. Осы екі адамның қайсысы философ болуға мүмкіндігі мол деген сұраққа екіншісі екенін айтады: "Егер де адам тек теориялық ғылыммен айналысып, жалпы өмір тәжірибесімен алынған істерге мән бермесе, ол адамның сол бұрынғы дағдысы жақсы істермен айналысуға мүмкіндік бермейді" (Әлеуметтік-этикалық трактаттар, 270-бет) . Фараби жақсылық істерге бейім адамдарды ғана ақылды деп санады. Ақыл деген ұғымды түсіндіруде халық түсінігіне сүйенді.
Фарабидің ерекше бағалайтын этикалық принциптері мен нормалары "Қайырымды қалаң деп аталатын еңбегінде баяндалады. Жеке адамның өз кемеліне жетуі тек осы қайырымды қалада ғана мүмкін. Ондай қала адамдары, яғни әр қоғам мүшесінің мақсаты, рухани іс-әрекеті сол өзі өмір сүріп отырған ортаның қайырымды болуына бағытталуға тиіс деп түсіндірді.
Біздің адамгершілік деп жургеніміз моральдық баламасы. Біздің түсінігімізде, адамгершілікті адамнан бөліп қарамайды. Батыс еуропалық дүниетанымда, философияда айтылатын мораль ұғымының орнына Абай адамгершілік ұғымын пайдаланған. Ғ. Есім батысеуропалық дүниетанымында мораль - қоғамдық сананың формасы ретінде жеке адам еркінен тыс өмір сүретін феномен, ал қазақша ойлау жүйесінде нақты адамнан бөлініп қаралмайтындығын айтады: "Қазақ тұрмысында адамшылық адамнан тыс болмай, ол оның іс-әрекетінен, мінез-құлкынан көрінген. оның түрлерін халық ізеттілік, әдеп-тілік, сыпайылық, көрегендік, білімділік деп атаған. Бұлардың қарсы антиподтары: ізетсіздік, әдепсіздік, тұрпайылық, көргенсіздік, надандық"
Мораль - социумдағы арақатынастың негізі. Ол - адамның өзін өзі ұстау ережесінің жиынтығы. Мораль ненің жақсы, ненің жаман немесе қай жағдайда ұят, не болмаса ұят емес екенін анықтайды. Моральға халықтың қалыптасқан салт-санасы, мәдени дәстүрлері, тілі, әдет-ғұрпы әсер етеді. Кұндылықтар жүйесі де осыдан бастау алады. Қазақ мақалында айтылғандай, "Елу жылда ел жаңа" демекші, О. Сүлейменовтың пікірінше: "Психология и философия народа изменяются, но сохраняют свои самые выразительные черты. Моральный кодекс выражается в пословицах и притчах, которые играют важную роль в воспитании, начиная с детства и до старости".
Адамгершіліктің мұндай жоғары дәстүрлері адамдардың күнделікті өмірі мен болмысында, тұрмысыңда берік қалыптасуы керек. Адамдар бір-бірін бауыр тұтып қана қоймай, достықты нығайта түседі. Достық - басқаның жанын түсініп, қайғысы мен қуанышына ортақтасу кезі. Абай халқының рухани баюының негіздерінің бірі достық екенін айтты: "Өсіп-өну жолыңдағы адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды - әуелі дос көбейтсек. Ол досын көбейтпектің табылмағы өзінің өзгелерге қолынан келгенінше достық мақсатында болмақ. Кімге достығың болса, достық достықты шақырады". "Адам баласына адам баласының бәрі - дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, есуің, тоюың, ашығуың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің - бәрі бірдей . . . Біріңе бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып я көрсеқызарлық қылып, көз алартыспақ лайық па? . . . Оның несі адам?". Шынайы достық бар жерде бір-бірін көре алмаушылық, тіс қайраушылық, іштарлық болмақ емес. Оның орнын сүйіспеншілік, мейірімділік, бауырластық, кішіпейілділік, махаббат пен жанашырлық басады. Абай осы қасиеттердің ешуақытта жоғалмай, ұрпақтан -ұрпаққа берілер құндылықтар боларын аңсап, өсиет етеді.
Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудегі жіберіп алған олқылықтар адамгершілік аспектілерінің дұрыс белгіленбегендігін көрсетеді. Осыған сай диплом жұмысымның тақырыбын: «Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің философиялық, психологиялық, педагогикалық аспектілері» деп алуымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Адамгершілікке тәрбиелеудің аспектілерін анықтау.
Зерттеу объектісі: Оқушыларды адамгершілікке түрлі аспектілер арқылы тәрбиелеу процесі.
Зерттеу пәні: Адамгершіліктің психологиялық, философиялық, педагогикалық және діни аспектілерін айқындап алу.
Зерттеу міндеттері: Адамгершіліктің философиялық, діни, психологиялық және педагогикалық аспектілерін айқындау; Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің түрлі аспектілері арқылы мүмкіндіктерін сипаттап көрсету; Ұмытылған адамгершілік құндылықтарды белгілеу және оларды оқушыларды тәрбиелеуде қолдану аясын белгілеу.
Дипломның құрылымы: кіріспеден, 2 бөлімнен және әр бөлім 2 бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
І бөлім. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің философиялық және діни негіздері
1. 1 Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің философиялық негіздері
Адамдармен бірге жасасып келе жатқан қатынастың бірі - мораль. Адам бар жерде - мораль бар, шынайы мораль бар жерде - ардақты адам бар. Демек, адам мен моральді, яғни адамгершілікті бір-бірінен бөліп алып қарауға болмайды. Мораль десек адамгершілікті, адамгершілік десек моральді айтқанымыз. Адамгершілік ұғымы ата-бабамызбен қалыптасып келе жатқан термин болып табылады, ал, мораль ұғымы дүниежүзі халықтарына терминіне енген түсінік болып есептелінеді.
Мораль әр замандағы әлеуметтік экономикалық дамуға тәуелді, яғни қоғам қандай сипатта болса, моральдық нормалар да сондай болады.
Мораль - адамзатпен бірге жасасып келе жатқан тарихи қатынастар. Қоғам дамуындағы сияқты, адамгершілік принциптердеде өзіне тән прогресс болмақ. Бүкіл дәуірге, заманға бірдей қызмет ететін адамгершілік нормалары болмайды.
Мораль дегеніміз - қоғамдық сананың бір формасы. Ол жоғарыда айтқанымыздай, экономикалық дамудың әсерімен өзгеріп отырады. Мәселен, алғашқы қауымдық құрылыстағы тұрпайы нормалар бұдан кейінгі формацияда адамгершілікке жатпайтын қылық ретінде өмір сүруін тоқтатады. Өйткені адамдардың тұрмыс жағдайларының, олардың қоғамдық қатынастарының, қоғамдық болмыстарының өзгеруімен бірге олардың көзқарастары да, санасы да өзгереді.
Категориялар деп біз адамға тәуелсіз объективтік өмір шындығының байланыстарын, түрлі жақтары мен қасиеттерін бейнелейтін жалпы ұғымдарды айтамыз.
Категориялар адамның өзін қоршаған дүниені практикалық тұрғыдан танып білу қызметінің жемісі. Өйткені, адам алдынан табиғат құбылыстарының жемісі келіп шығады. Инстинкті адам, тағы адам өзін табиғаттан бөліп ала алмайды. Ал саналы адам бөліп алады, категориялар дегеніміз осы бөліп алудың, яғни дүниені танудың сатылары ғана, табиғатты тануға және оны игеруге , көмектесетіи торапты пункттері ғана.
Философиялық категориялар неғұрлым жалпы, өзекті, бүкіл ғылым атаулыға ортақ, методологиялық кең ұғымдағы категориялар.
Ар-ұят, намыс, борыш, жақсылық пен жамандық сияқты категориялар өмірдің мәні мен мақсаты туралы ұғымдар әр-түрлі қоғамдық-экономикалық формацияларда түрліше мән-мағынаға ие болады.
Әрбір моральдық категория белгілі мөлшерде жеке адам мен қоғамның арасындағы байланысты көрсетеді. Себебі жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды және сол ортада оның моральдық, адамгершілік санасы қалыптасады. Мәселен, жақсылық пен жамандық, әділеттік пен борыш, ар мен намыс т. б. категорияларды алсақ, жеке адам мен қоғамдық қатынастардың қалыптасуын тануға көмектеседі. Солар арқылы тек адамгершілік нормаларды ғана емес, қоғамдық-әлеуметтік, праволық көз-қарастарды да зерттей аламыз. Әдетте, жақсылық, борыш, ар-ұят, намыс, өмірдің мәні, бақыт категориялары нағыз адамгершілік қатынастарға қайшы келмейді, қайта оның терең мәнін бейнелейді. Прогресшіл моральда бұл категориялар әркашан ізгілікті роль атқарып келгені аян. Еңбекші халық ол категориялар арқылы шын мәніндегі адамгершіліктің үлгісін ұсынып отырды. Мақал-мәтелдерде, шешендік сөздерде, ауыз әдебиетінде жалпы адамзатқа тән моральдық проблемалар көтерді, зұлымдық пен қара ниетке қарсы тұрды. Мәселен, «өлімнен ұят күшті», «Арыңды жастан сақта», «Намысты қолдан берме», «Ердің екі сөйлегені - өлгені», «Бақытты базардан іздеме», «Өтірік бел астырғанмен ел астырмайды», «Жақсылық тау басында, жамандық аяқ астында», «Шындық көз шығарады», «Ақкөңілдің аты арып, тоны тозбайды» т. б. деген мақал-мәтелдерден адамгершілік нормаларының лебізі еседі.
Моральдық баға әрқашан қоғамдық мүддеден туып, адамдар қатынасының өлшеміне айналады. Ол адамның коллективке, еңбекке, қоғамға, ұлтқа деген қатынасынан шығады. Моральдық категориялардың тағы бір ерекшелігі - қоғамдық өмірдің сан саласында адам тәртібін реттеп отыруы.
Қоғамдық өмірдің сан-салалы болуы - адамгершілік қатынастардың күрделі екендігін көрсетіп, ол даралық, индивидуалдық, қоғамдық, жалпылық сипаттарда анықталады.
Қоғамдық сана - қоғамдық болмыстың бейнесі. Адамдар белгілі саяси, адамгершілік т. б. идеяларды басшылыққа алады, солар арқылы қоғамдық болмыстың түрлі жақтарын бейнелейді. Осыдан келіп адамгершілік идеялардың, көзқарастардың қоғамдық маңызы келіп шығады. Моральдық идеялардың бағалылығы адамдардың қай тапқа, қай қоғамға жататындығына қарай олардың халық мүддесіне қаншалықты сай келетініне қарай анықталады.
Жақсылық пен жамандық. Бүкіл философия тарихында мораль, адамгершілік туралы сөз қозғалғанда жаксылық пен жамандық категориясын зерттеу ісін бірде-бір социолог назарларынан тыс қалдырған емес. Олар жақсылық пен жамандықты әртүрлі көзқарас тұрғысынан түсіндіріп келді.
Объективтік идеалистер жақсылық пен жамандықтың пайда болатын көзін қайдағы бір «абсолюттік идеядан», құдайдан іздеп, ол мәңгілік өзгермейтін категория деп білді. Ал субъективтік идеалистер моральдық категориялар (жақсылық пен жамандық) адамның санасы арқылы ғана енгізіледі-міс деп уағыздады. Бұл жөнінде христиандық этиканы уағыздаушылар Августин Блаженский мен Фома Аквинскийлер құдай нағыз жақсылық таратушы, әрі оны жасаушы да оның түп негізі объективті дүниеден бөлек жатыр, мейірімі түскен «сүйікті құлына» құдай жақсылығын аямайды, ол үшін адам аллатағаланың алдында күнәһар болмай, діннің бүкіл нормаларын орындаулары шарт дейді. Олардың ойынша жаратылысынан жамандыққа жаны құмар адам күнәға белшесінен батып, жақсылықтан құралақан қалады. Дүние толған зұлымдық, адамдар пасық, осыдан да жақсылық деген нәрсе адамдар үшін жат нәрсе-мыс.
Ертедегі философ идеалистердің басым көпшілігі, әсіресе солардың арасынан Сократ пен Платон жақсылық пен жамандықты «абсолюттік идея» тұрғысынан түсіндірді. Ал, И. Кант жақсылық пен жамандықтың негізі «ерік бостандығы» дей келіп, оны жасаушы құдай еркі деп білді. Неміс философы Гегель жақсылық пен жамандық категориясын диалектикалық бірлікте қарастырды. Оның пайымдауынша олардың дамуы ажырамас бірлікте, әрі қайшылықта болады, жақсылық жамандыққа ауысып та отырады. Жамандық, зұлымдық ұғымын Гегель өзіне дейінгі философтардан өзгеше екі түрлі мәнде алып қарайды. Бірі Гегельше зұлымдық деген тарихи дамудың қозғаушы күшін көрсететін форма. Екіншіден, жақсылық пен жамандықтың бағалық өлшемін Гегель субъективтік баға емес қоғамдық баға, пікір деп есептейді. Бірақ бұл категорияларды талдағанда олардың таптық мазмұнын елеп-ескермеді. Тұтас алғанда Гегель бұл мәселеде тағы да объективтік идеалист позициясында қалып қойды.
Аристотель «Этика» деген еңбегінде игілік, жақсылық категориясын кең түрде сөз етеді. Алдымен ол онын табиғатын шындыққа қатынасы тұрғысынан қарайды, жақсылық көзі шын өмірде жатыр, оның төрешісі - ізгілік пен ақыл деп білді Аристотель. Бұл арада оның материализмінің тар өрістілігі байқалады, ол ақыл мен ізгілікке материалистік түсінік бермейді, әрі құдайды теріске шығармайды.
Неміс философы Л. Фейербах жақсылық пен жамандық категориясын материалистік тұрғыдан түсіндіре келіп, мораль женіндегі діншілдік көзқарасқа қарсы шықты. Оның тұжырымдауынша, жақсылық пен жамандықты жіберіп тұрған құдай емес, ол адамдардың өз қимыл-әрекетінен тумақ. Адам, дейді ол, жақсылыққа ғана ұмтылады, жамандықтан қашады, ол - табиғи қажеттілік. Жақсылық рахат, куаныш сезімін туғызады, ал жамандық қайғы-қасірет әкеледі. Сондықтан да жақсылықтың орны бөлек, ол - адамның асыл қасиеті.
Фейербахтың ойлауынша, түйсіксіз моральдық категориялардың болуы мүмкін емес. Яғни ол жоқ жерде қуаныш пен қайғының, жақсылық пен жамандықтың арасында айырмашылық жоқ. Сөйтіп, Фейербах сезімдік танымды моральдық санаға қолдануда шеберлік көрсете білді. Бірақ ол қоғамдағы зұлымдыққа, таптық қанауға қарсы тұрудың орнына, адамдарды жалпы сүйіспеншілікке, бірін-бірі құрметтеуге шақырды.
Фейербахтың моралы сол қоғамда қолдануға келмейтін абстрактылы түрдегі жалпылық уағыз болды. Ол жақсылық пен жамандықты адамның өз қасиеті мен іс-қылығы ғана дегеннен асып кете алмады. Ол туралы Фейербахтың өзі былай дейді: «Бақыт пен бақытсыздық, қуаныш пен қайғының арасында айырмашылық болмаған жерде, жақсылық пен жамандықтың арасында да айырмашылық болмайды. Жақсылық деген - бекіту, мақұлдау, жамандық дегеніміз - бақытқа ұмтылуды теріске шығару. Менің адамдарға қоятын моральдық талабым осы сол, олар ешқандай жаманшылық істемесін». Қорыта айтқанда, Фейербах мораль ережелері мен категорияларын діншілдік жолдан тазарту ісіне атсалысты.
Өздеріне дейінгі философтарға қарағанда XIX ғасырдағы орыс материалистері жақсылық пен жамандық категориясына этикалық тұрғыдан талдау жасауда едәуір ілгері кетті. Олар жақсылық пен жамандықтың негізін нақты өмірден ала отырып, дін мен идеализмге қарсы күрес жүргізді. Соның өзінде орыстың демократ философтары жақсылық пен жамандық категориясын ғылыми негізде емес, абстрактылы тұрғыдан түсіндірді.
Жақсылық пен жамандық категориясын ғылыми негізге салған маркстік-лениндік этика болды. Сөйтіп ол бұларды адамның өмір сүрген дәуіріне, қоғамына, тұрмысына, әдет-ғұрпы мен салт-санасына, білім дәрежесіне, кәсібіне, басқа жағдайларға байланысты қарастырды. Оны түсіндіруде диалектикалық-материалистік теорияға сүйенді. Бұл категорияларды тарихи тұрғыдан зерттей келіп, қоғамдық формациялар алмасса олардың да өзгеретінін, бір-бірімен қайшылықта болатынын ескертті. Бірақ бұл фактілер жақсылық пен жамандықтың объективтік негізін жоққа шығармайды. Жақсылықтың объективті сипаты дегеніміз адамның, өз қоғамына, халқына пайда келтіру үшін ұмтылуы, оның дамудың объективтік талабына сай келуі.
Мораль таптық болғандықтан, оның категориялары да таптық, әрі қайшылықты келеді. Мұны біз құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік формациядағы қанаушылар мен қаналушылардың моралынан айқын көреміз. Моральдың негізгі категориялары жақсылық пен жамандық, ар-ұят пен намыс, борыш пен бақыт, әділдікке әр тап өздерінше баға берді. Мәселен, буржуазиялық қоғамда ереуілді капиталист жаман деп білсе, жұмысшы оны жақсылық деп санайды, әлеуметтік революцияны марксизм «тарихтың мейрамы» десе, буржуазия социологтары оны «дамудың бұзылуы», «тәртіпсіздік» деп қате түсіндіреді. Капиталистер үшін жамандықтың өзі пайда табу жолында «жақсылыққа» айналып кеткен, ол әрине, сол қоғам табиғатына тән құбылыс. Мәселен, жұмыссыздық жұмысшылар үшін жамандық болса, капиталист үшін жақсылық, себебі арзан жұмыс күшін пайдаланып, оларды мәңгілік қанауға жақсы, соғыс «жақсылық», өйткені көп пайда түседі, ауру, қасірет-қайғы - «жақсылық», өйткені адамдарды көнгіштікке, құлшылдыққа мәжбүр етеді.
Жақсылық категориясы қашанда болсын адамгершілік ұғымын білдіреді. Жақсылық қоғамдағы борыш, ар-ұят, бақыт, адамгершілік негізі ретінде алынып, моральдық нормалардың мазмұнын қамтиды.
Адамның адамгершілік қасиеті оның міндетін қалай өтуіне, ар-намысын қалай қорғайтынына, борышқа адалдығына қарай бағаланады. Біздің қоғамда адамның қадір-қасиеті оның іс-әрекетіне, еңбегіне- мінез-құлқына, тәртібіне қарап өлшенеді.
Әділеттік. Ол адамгершіліктің мән-мағынасын түсіндіруде ерекше роль атқарады. Адамгершілік нормаларына әділеттік, кіршіксіз тазалық, адалдық пен шыншылдық, кішіпейілділік, т. б. жатады. Моральдық кодекс бұл парыздарды орындауды талап етеді.
Адамның мінез-құлқын, тәртібін белгілі бір нақты тарихи жағдайдан тысқары қарамау керек. Буржуазия идеологтары әділеттік пен шындықты абстрактылық түрде түсіндіре келіп, мән-мағынасыз өмірді дәріптейді. Ал діншілдер адамнын, әділділігін, шыншылдығын сыртқы бір күшке бағындырып, «мәңгілік моральға» сүйенеді, моральды тарихтан тыс, қайдағы бір өзге негіздерден туғызады.
Үстем тап өкілдері өздерін «әділетті жандармыз» деп есептейді. Мәселен, жұмысшының орынсыз жұмыстан шығып қалуын капиталист әділетсіздік демейді. Өйткені оны сол қанауға негізделген қоғам қолдайды. Қаппталистік құрылыс әділетсіздікке негізделгендіктен біреуді біреу қанау, біреуді біреу алдау бұл қоғамға тән құбылыс. Буржуазиялық моральдың сиқы осындай.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz