Дисбактериоз туралы ақпарат


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті. Аграрлық факультет. Ветеренариялық санитария кафедрасы.

БӨЖ №2

Тақырыбы: Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлоралары. Олардың маңыздылығы. Дисбактериоз.

Орындаған: Жумабекова А. С

Тексерген: Омарбеков Е. О.

Топ: Бл -309

Семей 2015 жыл.

Жоспар:

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.

  1. Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлоралары
  2. Олардың маңыздылығы
  3. Дисбактериоз

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

Микрофлора (микро . . . және флора) - белгілі бір ортада кездесетін микроорганизмдер жиынтығы.

Олардың қатарында белгілі бірэкологиялық факторға сәйкес, сол жерде тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктерге тән әр түрлі түрге жататын микроорганизмдерде бар. Табиғи жағдайда әр түрлі микроорганизмдер: бактериялар, актиномицеттер, микроскоппен көрінетін саңырауқұлақтар, балдырлар белгілі бір ортада тіршілік етеді. Солардың ішінде Жер шарының кез келген жерінде кездесетін топырақ Микрофлорасы. Олар топырақ құрылымын түзуде үлкен рөл атқарады. Топырақтың 1 граммында 10 миллионнан бірнеше миллиардқа дейін Микрофлоралар кездеседі. 3 - 5 га топырақта 3 - 5 т Микрофлора биомассасы жиналады. Микрофлораның ең көп таралған жері -су. Олардың мұндағы мөлшері әр түрлі факторларға байланысты өзгеріп отырады. Осыған байланысты судың Микрофлорасын бірнеше аймақтарға бөліп зерттейді (полисапрофты, мезасапрофты, т. б. ) . Микрофлоралардың тағы бір шоғырланған жері адам мен жануарлар денесі. Мысысалы, олар теріде, тыныс жолдарында, ауыз қуысында, күйіс қайтаратын малдардың таз қарынында да кездеседі. Олар қарын ішіндегі клетчатканы қантқа дейін ыдыратады. Сонымен бірге асқазан, ішектерде тіршілікетіп, ас қорытуға зиянын тигізбейтін Микрофлоралар да бар

  1. Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлоралары

Атап айтқандай, микрофлора - белгілі бір ортада жиынтығы.

Әрбір ағзаларда қалыпты микрофлоралары болады. Микрофлоралардың шоғырланған жері адам мен жануарлар денесі. Микрофлоралар суда да, ауада да, топырақта да кездеседі.

Тері микрофлорасы тұрақсыз, оның құрамы микроорганизмдердің тіршілік ету жағдайларына, қоршаған ортаға, сонымен қатар жануарлар жанасатын заттарға байланысты. Теріден көбінесе дөңгелек пішінділер: стафилококкалар, диплококкалар, стрептококкалар, сарциналар анықталады. Теріге топырақпен кейде көп мөлшерде бацилалар, зең саңырауқұлақтары және саңырауқұлақтары түседі. Тері жабынының тазалығына байланысты, терінің 1см 2 ауданынан оңдаған мың-нан 2млрд-қа дейінгі микроб жасушалар болады.

Тыныс алу жолдарының микрофлорасы. Тыныс алу жолдарына микробтар ауаның ең алғашқы порциясымен түседі. Микробтар саны көмекейдің және кеңірдектің кілегей қабығында күрт азаяды, өкпе паренхимасында мүлдем кездеспейді. Танау қуыстарында негізінен дөңгелек пішінділер мекендейді, ал таяқша тәріздестер сирек кездеседі.

sravnenie_mikroflori_u_bolnih_gepatitom_A_i_B2.jpg Ауыз қуысының микрофлорасы. Олар сан алуан және көбінесе азық құрамына, жануардың жасына байланысты. Көпшілік жағдайда дөңгелек пішінділер және таяқша тәріздестер жиі, ал имектелген түрлер сирек кездеседі. Жануарларда егер шөптің ылғалдылығы көп болса онда, олардың ауыз қуысында микробтар көп болады.

Аш ішек бөлімінің микрофлорасы. Ішектің тұрақты мекендеушілеріне ішек таяқшасы, энтерококтар және кейбір топырақ бациллалары жатады.

Тоқ ішек бөлімінің және тік ішек микрофлорасы . Тоқ ішекте микробтар өте көп. Тұрақты мекендеушілері: ішек таяқшасы, энтерококкалар, сүт қышқылды таяқшалар, целлюлоза ыдыратқыш микробтар және бациллалар жатады.

Несеп шығару және жыныс мүшелерінің микрофлорасы. Жыныс мүшелерінің кілегейлі қабықтарында сттафилококктар, стрептококктар, микрококктар, дефтериоидтар, қышқылға төзімді микобактерияларды кездестіруге болады. Несеп-жыныс жолдарының қалыпты физиологялық жағдайларына микрофлора тек олардың сыртқы бөліктерінде ғана болады.

lymphoma.jpg

2. Олардың маңызы

Тұз-су алмасуына қатысады, ішектің газдық құрамын, ақуыз, көмірсу, май қышқылдары, холестерин, нуклеин қышқылының алмасуын реттеуге, сонымен бірге антибиотик, витамин (К, В тобы) т. б. сияқты биологиялық белсенді қосылыстарды өндіруге қатысады. Экзогенді субстраттар мен метаболиттерді усыздандыру (детоксификациялау) мен қорытуға қатысады, оны бауыр қызметімен салыстыруға болады. Организмнің әртүрлі ағзалары мен жүйелері дамуында морфокинетикалық рөл атқарып, шырышты қабықтардың физиологиялық қабынуы мен эпителий алмасуына қатысады.

Ішекте канцерогенді заттарды бұзып, антимутагенді қызмет атқарады. Соған қарамастан кейбір бактериялар күшті мутагендер өндіруі мүмкін. Ішек бактерияларының ферменттері жасанды қанттаушы цикломатты қуық үшін белсенді канцерогенге (циклогексаминге ) айналдырады.

Биологиялық үлбір құрамына енетін микроорганизм экзополисахаридтері (гликокаликс) микроб жасушаларын әртүлі физикалық- химиялық әсерлерден қорғайды. Ішектің шырышты қабығы биологиялық үлбір астында орналасады деп есептеледі.

Иммунитетті құруға және демеуге маңызды. Ішекте 1, 5 кг микроорганизмдер бар, олардың антигендері иммундық жүйені ынталандырады. Иммуногенездің жасанды бейспецификалық ынталандырушысы - мураминдипептит, ол ішектегі лизоцим және литикалық ферменттер әсерінен бактериялар пептидогликанынан түзіледі. Нәтижесінде ішек тіні лимфоциттермен, макрофактармен қанығады, яғни ішек қалыпты кезде созылмалы қабыну жағдайында болады.

Колонизациялық резистенттілік - организімнің қорғаныс факторларының және ішектің қалыпты микрофлорасының бәсекелестік, антагонистік және тағы басқа қасиеттерінің жиынтығы. Олар микрофлораға тұрақтылық және шырышты қабықта бөгде микроорганизімдердің, сонымен бірге, потогенділердің колонизациялануына жол бермейді. Колонизациялық резистенттілік төмендегенде аэробты шартты - потогенді микробтардың саны мен спектрі артады. Олардың шырышты қабық арқылы жылжуы (трансиокациялануы) эндогенді іріңді - қабыну процесі дамуына әкеледі.

Организімнің қарсыласу күші төмендеп және аутоинфекция болу мүмкіндігі жоғарылағанда (жарақат, күйік, иммундыдепрессивті терапия, органдардың және тіндердің трансплантациясы және т. б. ) инфекциялық асқынуларды болдырмау үшін, деконтаминация көмегімен селективті колонизациялық резистенттілікті қалпына келтіру немесе сақтау тиімді.

Селективті деконтаминация-инфекциялық агенттерге организмнің қарсы тұру қабілеттілігін жоғарылату үшін, асқорыту жолынан аэробты бактериялар мен саңырауқұлақтарды таңдамалы түрде жою. Селективті деконтаминацияны аз адсорбцияланатын химиопрепараттарды (мысалы: ванкомицинді, гентамицинді және нистатинді кешенді тағайындау) ішке қабылдау жолымен жүргізеді. Олар микрофлораның аэробты бөлігін тежеп анаэробтарға әсер етпейді.

Организмнің қарсыласу күші әлсірегенде, қалыпты микрофлора өкілдері іріңді - қабыну процестерін қоздырады, яғни, қалыпты микрофлора аутоинфекцияның немесе эндогенді инфекцияның көзі болуы мүмкін. Комменсал - микробтар үйреншікті емес мекен ортасына ауысып шоғырланғанда (транслокацияланғанда), олар әр түрлі бұзылыстар тудырады.

3. Дисбактериоз

Дисбактериоз -қалыпты микрофлораның құрамына кіретін микробтың популяциялардың арасындағы экологиялық тепе-теңдіктің сапалық және сандық өзгерісі.

Бұл кезде индигенді микрофлора өкілдері (мысалы, бифидумбактериялар, лактобактериялар және т. б) антагонистік микробтардың кейбір түрлерінің саны азайып кетеді немесе типті жоқ болады; факультативті микрофлораға жататын, әрі биотоп шегінен тарала алатын шартты патогенді микроорганизмдер саны артады.

Көбінесе бұл процесстер ішекте дамиды.

Дисбактериоздың пайда болу себептері:

stroenie.jpg - ұзақ антибиотиктік: химиялық, гормонды терапия.

- сәулелену, сәулелік терапия, иммунды депрессанттарды қабылдау.

- асқазан- ішек жолдарының инфекциялы (жұқпалы) және инфекциялы емес

табиғатты аурулар, басқа да инфекциялы аурулар, ісіктік аурулар, иммунды тапшылықтар.
- авитаминоздар, тамақтанудың өзгеруі қолайсыз экология.

- стресстер және экстремальді жағдайлар.

- ұзақ уақыт стационарларда, жабық кеңістікте болу.

Дисбактериоз дәрежелері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дисбактериозды емдеу
Дисбактериоз
Дисбактериоз. Дисбиотикалық жағдайдың лабораторлық диагностикас және коррекциялау әдістері.
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлоралары. Олардың маңыздылығы. Дисбактериоз
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлорасы
Бактерия
Гельминтоздарға жалпы сипаттама
Табиғаттағы заттардың айналымындағы микроорганизмдердің маңызы
Антибиотиктердің жағымсыз әсерлері
Bifidobacterium bifidum қоректік ортада өсіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz