Жануарлардың тістеуі, жылан, жәндіктердің шағуы



1. Жануарлардың тістеуі, жылан, жәндіктердің шағуы.
2. Бөгде заттың түсуі.
3. Жасанды тыныс алдыру . жалпы ережелер.
4. Инъекция . жалпы ережелері, түрлері.
209. Қандайда тістеудің түрі болмасын, егер тістеген жануардың түрі қаншалықты жақсы болса да, жарақат алынған және тырналған жердің терісіне йодтың тұнбасын жағып, стерилденген таңғыш тағу қажет. Зардап шегушіні жындануға қарсы дәрі енгізу үшін емдік мекемеге жіберу керек.
210. Дәрігерге сонымен қатар, құтырған жануардың сілекейі терісіне, мұрнына, көзіне немесе аузына түскен тұлғаларды да жіберу қажет.

Жылан мен улы жәндіктердің шағулары

204. Улы жыландар мен жәндіктердің шағуы кезінде бастың айналуы, жүректің айнуы, құсуы, ауыздың құрғауы мен ащы дәм, тамырдың, жүректің соғу жиіленеді, ентігу мен демалудың тоқтауы пайда болады. Аса ауыр жағдайларда буындардың тартылуы, есін жоғалту, дем алудың тоқтауы байқалады.
205. Шағылған жерде қатты ауыру пайда болады, тері қызарады, іседі.
206. Шаққан кезде мынадай көмек көрсетіледі. Зардап шеккенді удың тарқауын бәсеңдету үшін жатқызу қажет. Шағылған қолға немесе аяққа тыныштық жасап, оған таңғыш қалақты, тақтайды, таяқты және сол сияқты заттарды таңу керек, егер мұндай заттар қол астында болмаса қолды – денеге, аяқты – екінші сау аяққа бинтпен байланады. Шаққан жердің жанындағы ісік үлкейетін болғандықтан таңғышты, оның денені ойып тастамауы үшін уақыт өте босатып отыру қажет. Тек кобра шаққан кездің алғашқы минуттарында бұраманы немесе орап бұрағышты шаққан орыннан жоғары жерге салады.
207. Зардап шегушіге көп мөлшерде су (ыстық шай берген жөн), (жарты стакан суға) шүйіншөп тұнбасының 15-20 тамшысын ішкізеді.
208. Ешқашан шаққан орынды күйдіруге, тілуге, зақымданған қолға немесе аяққа бұрама салуға, зардап шеккенге алкоголь беруге, уды сорып алуға және тағы басқа әрекеттерді жасауға болмайды. Зардап шеккен емдік мекемеге жіберіледі. Оны жатқан қалпында тасымалдайды.
Бөгде заттар
Өңештің бөгде заттары Бөгде заттардың өңешке түсуінің себептерінің бірі ауызда әртүрлі заттарды ұстап тұру әдеті (әсіресе кішкентай балаларда, кейбір мамандық иегерлері), тамақты асығып ішу, психикасы бұзылған науқастардың әдейі жұтуы. 50% жағдайларда бөгде зат өңеш бойымен бос кедергісіз өтіп және асқорыту жолының басқа бөлімдері арқылы да өтіп, табиғи жолмен шығады. Өткір бөгде заттар (инелер,шегелер, балық және ет сүйектері және т.б.) өңештің бастапқы бөлімінде кідіріп қалады. Ірі бөгде заттар өңештің физиологиялық тарылуыларында ( трахея бифуркациясы деңгейінде, кардия үстінде) тұрып қалады. Бөгде заттың өңеште тұрып қалуына шырышты қабатының бөгде затпен тітіркенуіне өңештің бұлшықетінің спазмы себеп болып табылады. Өңеш бөгде заты пайда болғандағы клиникалық көрініс Симптомдар бөгде заттың түріне, оның өңеште тұрып қалу деңгейіне, өңеш қабырғасының зақымдалу дәрежесіне тікелей байланысты. Бөгде затты кенеттен жұтып қойғанда науқастарда қорқыныш сезімі, тамақтағы ауырсыну, сілекейді, сұйықтықты жұтқанда күшейетін мойындырық шұңқырында немесе төс артындағы ауырсыну болады. Ірі бөгде зат ауыз жұтқыншаққа түскенде өңешпен бірге көмейге кіреберіс жабылып асфиксиядан кенеттен науқас өліп кетуі мүмкін.Бөгде заттың өңеште тұрып қалуы эзофагит, өңеш қабырғасының перфорациясын, ол өз алдына медиастинит, іріңді плевритке әкелуі мүмкін.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Экология және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Жануарлардың тістеуі, жылан, жәндіктердің шағуы, Бөгде заттың түсуі Жасанды тыныс алдыру - жалпы ережелер Инъекция - жалпы ережелері, түрлері

Орындаған: Төлегенова А.
Тобы: БЖ-215
Тексерген: Бакирова Л.С.

СЕМЕЙ 2015
Жоспар:

1. Жануарлардың тістеуі, жылан, жәндіктердің шағуы.
2. Бөгде заттың түсуі.
3. Жасанды тыныс алдыру - жалпы ережелер.
4. Инъекция - жалпы ережелері, түрлері.

Жануарлардың тістеуі

209. Қандайда тістеудің түрі болмасын, егер тістеген жануардың түрі қаншалықты жақсы болса да, жарақат алынған және тырналған жердің терісіне йодтың тұнбасын жағып, стерилденген таңғыш тағу қажет. Зардап шегушіні жындануға қарсы дәрі енгізу үшін емдік мекемеге жіберу керек.
210. Дәрігерге сонымен қатар, құтырған жануардың сілекейі терісіне, мұрнына, көзіне немесе аузына түскен тұлғаларды да жіберу қажет.

Жылан мен улы жәндіктердің шағулары

204. Улы жыландар мен жәндіктердің шағуы кезінде бастың айналуы, жүректің айнуы, құсуы, ауыздың құрғауы мен ащы дәм, тамырдың, жүректің соғу жиіленеді, ентігу мен демалудың тоқтауы пайда болады. Аса ауыр жағдайларда буындардың тартылуы, есін жоғалту, дем алудың тоқтауы байқалады.
205. Шағылған жерде қатты ауыру пайда болады, тері қызарады, іседі.
206. Шаққан кезде мынадай көмек көрсетіледі. Зардап шеккенді удың тарқауын бәсеңдету үшін жатқызу қажет. Шағылған қолға немесе аяққа тыныштық жасап, оған таңғыш қалақты, тақтайды, таяқты және сол сияқты заттарды таңу керек, егер мұндай заттар қол астында болмаса қолды - денеге, аяқты - екінші сау аяққа бинтпен байланады. Шаққан жердің жанындағы ісік үлкейетін болғандықтан таңғышты, оның денені ойып тастамауы үшін уақыт өте босатып отыру қажет. Тек кобра шаққан кездің алғашқы минуттарында бұраманы немесе орап бұрағышты шаққан орыннан жоғары жерге салады.
207. Зардап шегушіге көп мөлшерде су (ыстық шай берген жөн), (жарты стакан суға) шүйіншөп тұнбасының 15-20 тамшысын ішкізеді.
208. Ешқашан шаққан орынды күйдіруге, тілуге, зақымданған қолға немесе аяққа бұрама салуға, зардап шеккенге алкоголь беруге, уды сорып алуға және тағы басқа әрекеттерді жасауға болмайды. Зардап шеккен емдік мекемеге жіберіледі. Оны жатқан қалпында тасымалдайды.
Бөгде заттар
Өңештің бөгде заттары Бөгде заттардың өңешке түсуінің себептерінің бірі ауызда әртүрлі заттарды ұстап тұру әдеті (әсіресе кішкентай балаларда, кейбір мамандық иегерлері), тамақты асығып ішу, психикасы бұзылған науқастардың әдейі жұтуы. 50% жағдайларда бөгде зат өңеш бойымен бос кедергісіз өтіп және асқорыту жолының басқа бөлімдері арқылы да өтіп, табиғи жолмен шығады. Өткір бөгде заттар (инелер,шегелер, балық және ет сүйектері және т.б.) өңештің бастапқы бөлімінде кідіріп қалады. Ірі бөгде заттар өңештің физиологиялық тарылуыларында ( трахея бифуркациясы деңгейінде, кардия үстінде) тұрып қалады. Бөгде заттың өңеште тұрып қалуына шырышты қабатының бөгде затпен тітіркенуіне өңештің бұлшықетінің спазмы себеп болып табылады. Өңеш бөгде заты пайда болғандағы клиникалық көрініс Симптомдар бөгде заттың түріне, оның өңеште тұрып қалу деңгейіне, өңеш қабырғасының зақымдалу дәрежесіне тікелей байланысты. Бөгде затты кенеттен жұтып қойғанда науқастарда қорқыныш сезімі, тамақтағы ауырсыну, сілекейді, сұйықтықты жұтқанда күшейетін мойындырық шұңқырында немесе төс артындағы ауырсыну болады. Ірі бөгде зат ауыз жұтқыншаққа түскенде өңешпен бірге көмейге кіреберіс жабылып асфиксиядан кенеттен науқас өліп кетуі мүмкін.Бөгде заттың өңеште тұрып қалуы эзофагит, өңеш қабырғасының перфорациясын, ол өз алдына медиастинит, іріңді плевритке әкелуі мүмкін. Өңештегі бөгде затты диагностикалау Диагноз анамнез мәліметтеріне және рентгенологиялық зерттеулерге негізделеді. Бұл кезде металлды бөгде заттар оңай анықталады; неғұрлым аз контрастты бөгде заттар өңешті суда еритін контрастты заттармен зерттегенде және эзофагоскопиямен анықтайды. Өңеш перфорациясы кезінде контрастты заттың оның контурынан асып медиастинальді эмфиземаны көруге болады. Бөгде заттың сипатын анықтайтын және оның орналасуын анықтайтын эзофагоскопия диагностикалық маңызы зор. Эзофагоскоп көмегімен бөгде затты алып тастауға болады. Емі: Науқастың өңешінде бөгде зат бар екеніне күманданған кезде міндетті түрде хирургиялық стационарға жолдау керек. Фиброоптикалық немесе қатты эзофагоскоп көмегімен бөгде затты алып тастайды.Эзофагоскоп көмегімен бөгде затты алуға мүмкіндік болмаса операция жасау керек -- бөгде затты алып тастау. Хирурургиялық ену қақпасы бөгде заттың орналасуына байланысты.Тұрып қалған бөгде затты алып тастағанннан кейін өңештің қабырғасын тігеді.
Көздің жарақатының себебі бөгде заттардың оған түсуінен болуы ықтимал: шыбын-шіркей, әйнектің сынығы, металлдың ұсақ бөлшектері, ағаш көсектері және т.б.
Көз алмасы көптеген нерв талшықтарын иеленеді, сондықтан көзге түскен ұсақ заттың өзі мықты жайсыздық (дискомфорт), ауыру сезімдерін шақыруы мүмкін. Оған қоса көз адамның аса нәзік және сезімтал ағзасы. Сол себепті қасаң қабыққа немесе жоғары қабықтың шырышты қабатына түскен ұсақ заттың өзі оны зақымдап, іріңді жұқпамен асқыну жағдайында көздің семуіне жетелейді.
Алғашқы көмек
Көздің елеулі енулі зақымдануында - басты міндет - қан ағуын тоқтату. Мұндай кезде көзге стерильді таңып-байлау жасап, зардап шегушіні тез арада офтальмологқа жеткізу қажет.
Өйткені көз - жұп ағза, сау көздің қозғалысы зардап шеккен көздің қозғалысын шақырып жарақатты ұлғайтуы мүмкін. Сондықтан егер жедел жәрдемді күтуге немесе көрмейтін науқасты көлікпен жеткізуге мүмкіндік болса - екі көзге де таңып-байлау жасау қажет.
Еш жағдайда көзден бөгде денені алып тастауға тырыспау керек. Мұның қан кетуді күшейтуі ықтимал.
Сондай-ақ алғашқы көмек көрсету кезінде:
- көзді уқалауға жол бермеу;
- стерилді салфетканың ұшымен бөгде затты алып тастау;
- көзді таза ағын судың мол көлемімен жуу;
- көзге қабынуға қарсы көз тамшыларын тамызу;
- бірінші мүмкіндіктің өзінде жарақаттық бекетке қаралу керек.
Бұл ұсыныстар көзге тек үшкір емес ұсақ заттар түскенде ғана жарамды. Егер көзге әйнектің сынығы, металлдың ұсақ бөлшектері түссе, оны өз бетінше алып тастауға болмайды.
Бұл кезде жедел жәрдем шақыру немесе жарақат бекетіне көріну қажет.
Кеңірдек пен кеңірдек тарамындағы бөгде заттар -- кенеттен ішке қарай қатты дем тартқанда тыныс жолына әр түрлі бөгде заттардың түсуі нәтижесінде бөгде заттар төменгі тыныс жолдарына көбінесе ауыз немесе мұрын қуыстарына түседі. Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі
Қолдан тыныс алдыру - ауру адамның қалыпты тыныс алу қабілеттілігі бұзылған жағдайларда жасанды түрде өкпеге, тыныс органдарына ауаны енгізу және шығару әдісі.
Бұл әдіс кейбір ем шараларын қолдану барысында (өкпеге операция жасау, наркоз беру), тынысы уақытша тоқтағанда (иіс тию, әр түрлі газдармен улану, суға бату, электр тогымен жарақаттану, т.б.) қолданылады. Қолдан тыныс алдыру кезінде жәрдем көрсетіліп жатқан адамның қанын [оттекпен қамтамасыз етумен қатар, өкпеге баратын ауа кезеген жүйке талшықтарын тітіркендіріп, мишықта орналасқан тыныс алу орталығын қоздыру арқылы тыныс алу қызметінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Қолдан тыныс алдыру әрекеттерін ауру (жарақат алған) адамның жүрек қызметі тоқтамаған жағдайда ғана қолдануға болады.
Жасанды тыныс алдыру әрекеттерін неғұрлым ерте бастаса, солғұрлым ол оң нәтиже береді. Сонымен қатар аталмыш әрекеттер дұрыс және қалыпты жағдайдағы тыныс алу ырғағына сәйкес жүргізілуі өте қажет. Қолдан тыныс алдыруды іске асыру алдында науқастың әуелі денесін қысып тұрған киімдерден (галстугін, жағасын, белдігін, т.б.), аузын түкіріктен, кілегей сұйықтан, т.б. тазарту керек. Ал тыныс алдыру әрекеттері барысында сырқаттың тілі көмекейді жауып қалмауы үшін науқастың тілін сыртқа шығарып оны саусақпен немесе арнайы қысқышпен ұстайды. Қолдан тыныс алдыру барысында, құсығы тыныс алу жолдарына құйылмауы үшін, көмек көрсететін адамның басын төмендетіп, бір жағына қарай бұру керек.
Жасанды тыныс алдыруды қолмен немесе арнайы аспаптармен іске асыруға болады. Аспапсыз қолдан тыныс алдырудың "ауызға үрлеу" әдісінде жәрдем көрсетуші адам тыныс алуы тоқтаған адамды шалқасынан жатқызып, бір қолымен оның мұрнын қысып, екінші қолымен аузын ашады да, терең тыныс алып, ауаны науқастың аузына дәке арқылы бірнеше рет үрлейді. Қолдан тыныс алдыруда Сильвестр және Шефер әдістері кең таралған. Сильвестр әдісін қолданғанда жәрдем көрсетілетін адамды шалқасынан жатқызып жәрдем көрсетуші оның екі қолын жоғары көтереді. Бұл кезде сыртқы ауа ішке, яғни өкпеге өткізіледі (тынысты ішке алу). Одан соң қолдарын кеуденің төмен жағына келтіріп күшпен басады (тынысты сыртқа шығару). Шефер әдісінде жарақат алған адам етпетінен (бетімен төмен) жатқызылады, ал жәрдем көрсетуші оның үстіне тізерлеп отырады да, кеудесін минутына 16 - 18 рет ырғақпен қысады. Қолдан тыныс алдыруды аспаптармен іске асыру, әдетте, ауруханаларда немесе арнайы жабдықталған жедел жәрдем көліктерінде жүргізіледі.
Жасанды дем алдыру
Жасанды дем алдыру зардап шегуші дем алмайтын немесе нашар (сирек, терең, өксігендей етіп) дем алатын кезде, сондай-ақ оның дем алуы: электр тоғымен зақымдануына, улануына, батуына байланыстылығына қарамастан үнемі нашарлаған болса жасалады.
Жасанды дем алдырудың ең тиімді тәсілі болып ауыздан ауызға немесе ауыздан мұрынға тәсілі табылады, себебі мұнда зардап шегушінің өкпесіне жеткілікті ауа көлемінің түсуі қамтамасыз етіледі. Ауаны үрлеуді дәке, орамал, ауа үрлегіш - арнайы құрылғысы арқылы жүргізуге болады.
Жасанды дем алдыруды жүргізу үшін зардап шегушіні арқасына жатқызады, дем алуына кедергі жасайтын киімді шешеді.
Сонымен қатар ауыз қуысында тыс (құсық массасы, орнынан шығып кеткен жасанды тістер, егер адам суға батқан болса құм, лай, шөп) болуы мүмкін, оларды орамалмен (матамен) немесе дәкемен оралған саусақпен алып тасталады. Осыдан кейін көмек көрсетуші зардап шегушінің басының жанына орналасады, бір қолын зардап шеккеннің мойынының астына салады, екінші қолының алақанымен барынша басын артқа итере отырып, оның маңдайын басады. Мұндай кезде тілдің түбі көтеріледі және көмейге ауаның кіруіне жол ашылады, ал зардап шегушінің аузы ашылады. Көмек көрсетуші зардап шегушінің бетіне еңкейеді, ашық аузымен терең дем алып, зардап шегушінің ашық аузын толығымен мықтап жабады, ауызға ауаны күшпен үрлеу арқылы бір мезгілде зардап шегушінің мұрнын маңдайдағы қолдың саусақтарымен немесе бетпен жаба отырып, жігерлі түрде дем шығарады. Міндетті түрде зардап шегушінің көтерілетін кеуде қуысын бақылайды. Кеуде қуысы көтерілген кезде ауа жіберу тоқтатылады, көмек көрсетуші бетін басқа жаққа бұрады, зардап шегуші жігерлі түрде дем шығарады.
Егер зардап шегушінің тамыры жақсы соқса және бірнеше қолмен дем алдыру қажет болса, онда қолмен дем алу арасындағы аралық 5с(минутына 12 дем алу циклі).
Кеңейтілген кеуде қуысынан басқа қолмен дем алдырудың тиімділігінің жақсы көрсеткіші болып тері қабаты мен шырыштың қызғылттануын, сондай-ақ науқастың ессіз күйден шығу мен оның өздігінен тыныс алуы табылады.
Жасанды дем алдыруды жасау кезінде көмек көрсетуші ауаның зардап шегушінің асқазанына түспеуін қадағалайды. Ауа асқазанға түскен кезде, бұған себеп ретінде іштің төс шеміршегі асты кебуі дәлел болатын жағдайда алақанмен ақырын ғана кеуде мен кіндік арасындағы ішін басады. . Егер зардап шегушінің жақтары мықты жабылған болса және ауызы ашылмаса ауызды толық жауып отырып, ауыздан мұрынға дем алдыруды жасайды.
Кішкентай балаларға ауаны өзінің аузымен бір мезгілде баланың аузы мен мұрнын қоса жауып отырып, үрлейді. Бала қаншалықты кішкентай болса, оған соншалықты дем алу үшін аз ауа қажет және үлкен адаммен салыстырғанда үрлеуді (минутына 15-18 дейін) соншалықты жиілетеді. Сондықтан зардап шегушінің тыныс алу жолдарын зақымдап алмау үшін үрлеу толық емес және барынша баяу болады.
Қолмен дем алдыруды зардап шегушінің жеткілікті терең және өзіндік ритмді тыныс алуын қалпына келтіргеннен кейін тоқтатады.
Инъекция
Кез келген инъекцияны жасау үшін шприц қажет. Инъекцияға арналған шприц екі - поршеньге арналған үлкен және инеге арналған шыны астылық конусы бар кішкене - тесігі бар қуыс цилиндрден, стержень мен сабы бар поршеннен тұрады; Көп рет қолданылатын шприцтің поршенінде цилиндрге арналған қозғалмалы алынатын қақпағы болады, ол поршеньді цилиндрдің ортасында ұстап тұрады. Бекітілмеген поршень шприцтің тұтастығын бұзады, сондай-ақ цилиндрдің сынуына әкеледі. Инъекция жасауға және қуыстарды жууға арналған көп рет қолданылатын шприцтердің әртүрлі түрі болады. Қазіргі кезде пластмассадан жасалған, зауыт жағдайында залалсыздандырылған бір рет пайдаланылатын шприцтер кеңінен және іс жүзінде жаппай қолданылатын. Бұл шприцтердің орауының сыртына қолдануға болатын мерзімі көрсетілген. Шприц герметикалық болуы керек, яғни цилиндр мем поршеннің арасынан ауа да, сұйықтық та өтпеуі керек.
Инъекцияға арналған шприцтер, ең алдымен, инъекцияның түріне және енгізілетін дәрілік заттардың мөлшеріне байланысты таңдап алынады. Мысалы, тері ішіне енгізілетін ерітінді әдетте 0,5 мл -ден аспайды, тері астына - 0,5 - 2 мл, бұлшық етке 1-10 мл.
Инъекцияға арналған шприцтердің сыйымдылығы - 1, 2, 5, 10 жэне 20 мл. Шприцке дәрілік заттың қажетті мөлшерін алу үшін шприцтің бөлігінің бағасын, яғни цилиндрдің жақын орналасқан екі бәлігінің арасында ерітіндінің қандай мөлшері болуы мүмкін екендігін білу, Шприцтердің цилиндрлерінде шприцтің сыйымдылығын көрсететіи беліктер және цифрлар болады. Бөліктердін бағасын анықтау үшін миллилитр мөлшерін көрсететін цилиндрдегі ине астылық конусқа жақынырақ орналасқан цифрді табу керек, содан кейін осы цифр мен ине астылық конустың арасындағы бөліктер санын анықтап, ине астылық конусқа жақын цифрді бөліктер санына бөлу керек. Осы шприцтің бөліктерінің бағасы болады. Мысалы, сыйымдылыгы 20 мл шприцтің ине астылық конусқа жақын цифр 10. Осы цифр мен ине астылық конустың арасындағы бөліктер саны 5. 10 мл-ді 5-ке бөлгенде 2 болады, яғни сыйымдылығы 20 мл шприцтің бөліктерінің бағасы 2 - ге тең. Сыйымдылығы 10 мл шприцтің бөліктерінің бағасы 5 мл-ді 5 бөлікке бөлу арқылы анықталады - ол 1 мл - ге тең.
Күшті әсерлі дәрілік заттардың аздаған мөлшерін, сондай-ақ неғұрлым дәлірек мөлшерлеуді қажет ететін сывороткалзр мек вакцикаларды екгізу үшін 0,1 - 0,01 мл бөлік багасы бар сыйымдылыгы 1 - 2 мл арнайы шприцтерді қолданады. Парентеральды енгізуге арналған дәрілік заттардың мөлшері көбінесе миллилитрмен жэне миллилитр үлесімен көрсетіледі. Мөлшерді белгілеудің басқа да түрлері болады. Мысалы, қант диабетімен сырқаттанатын науқасқа инсулинді әсер ету бірлігінде енгізеді. Инсулинді енгізу үшін сыйымдылыгы 1 - 2 мл арнайы шприцтер шығарылады. Олардың цилиндрлеріндегі бөліктер миллилитр үлестерін емес, әсер ету бірліктерін көрсетеді.
Инъекциялық ине - таттанбайтын хромникельді қорғасыннан жасалынған жіңішке қуыс металл түтік, Бұл түтіктің бір ұшы қиғаш кесіліп, үшкірленген. Екінші ұшына жезден жасалынған канюля бекітілген, ол шприцтің ине астылық конусына тығыз кіргізіледі. Тері ішілік, тері астылық, бұлшық еттік, көк тамырлық инъекцияларға арналған инелер ұзындығына, кесілген жеріне, ұштау түріне байланысты ажыратылады. Инелер қатаң тағайындалуына қарай қолданылады. Мысалы, бұлшық еттік инъекцияға ұзындығы 60 мм, кесілген жері 0.8 - 1,0 мм ине, тері ішілікке -ұзындығы 15 мм, кесілген жері 0,4 мм ине, тері астылыққа - ұзындығы 20 мм, кесілген жері 0,4 - 0,6 мм ине қолданылады.
Кез келген іс-шараны орындар алдында қолдарды дайындаған жөн: тырнақтар қысқа қырқылған, қолдар сабынмен мұқият жуылған болуы керек. Іс-шаралар резеңке қолғап киіп орындалуы керек. Инъекция жасар алдында қолдар спиртке матырылған домалақ мақтамен өңделеді.
Көп рет қолданылатын шприцтерді жина:
1) Крафт-пакетті ашыңыз және оның ішкі (залалсыздандырылған) жағын шприцті жинау үшін қолданыңыз;
2) Поршеньді сабынан ұстап, оны цилиндрге кіргізіңіз;
3) Дәрілік затты алуға арналған инені (бұл иненің диаметрі инъекцияға арналған инеден әдетте үлкенірек) канюлясынан ұстап, үшына қолды тигізіп алмай оны ине астылық конуска кигізу;
4) Иненің какюлясын ине астылық конуска саусақпен басыңқырау арқылы бекіту;
5) Шприцтен ауаны шығару арқылы өткізгіштігін тексеру;
6) Жиналған шприцті пакеттін ішкі жағына қою. Ерітіндіні ампуладан алу:
Ампуланы ашпас бұрын дәрілік заттың тағайындалуын, мөлшерін, жарамдылық мерзімін (сыртында көрсетілген), ерітіндінің мөлдірлігін тағы да бір рет көңіл қойып оқыңыз (ампуланы халаттың ақ фонына қойып оқыған ыңғайлы).
1) Барлық ерітінді кең бөлігінде болатындай ампуланы сәл сілку;
2) Ампуланы кесуге арналган кұралмен кесіңкіреңіз, спиртке матырылған домалақ мактамен ампуланы өңдеңіз және ампуланың жіңішке жағын сындырыңыз;
3) Ампуланы кең жағынан, сол қолдың суд және ортаңғы саусақтармен түбіне тамандау жерден еңкейтіп ұстаңыз да оған инені жайлап кіргізіңіз, ерітіндіиің қажетті мөлшерін алыңыз, егер ампула үлкен болса ерітіндіні ала отырып ампуланың түбін біртіндеп көтеруге болады;
4) Ерітіндіні алған инеңізді шығарып, инъекция жасауға арналған инені кигізіңіз;
5) Инені бекітіңіз, ине арқылы біраз ерітіндіні шприцтен шығарып, оның өткізгіштігін тексеріңіз, бұл кезде шприцті көз деңгейінде болатындай қылып тік ұстаңыз
6) Шприцті, спиртке матырылған залалсыздандырылған домалақ мақтаны пакетке салыңыз.
Ерітіндіні флаконнан алу.
Парентеральды енгізуге арналған көптеген дәрілік заттар флаконда, ұнтақ, сондай-ақ ерітінді түрінде шығарылады. Флаконда ұнтақ түрінде, мысалы антибиотиктер шығарылады.. Зауытта дайындалған дәрілік заттар флаконы резеңке тығынмен жабылган және металл қақпақпен бекітілген. Парентеральды енгізу үшін дәріні қолданар алдында флаконға 1-3 мл инъекция жасауға арналған суды, натрий хлоридінің изотониялық немесе новокаиннің 0,5% ерітіндісін адсу арқылы ерітеді.
1) Флакондағы жазуды оқыңыз (аты, жарамдық мерзімі, мөлшері)
2) пинцетпен ортасындағы валюмин какпакты ашыңыз.
3) Резеңке түтікті спиртпен өңдеңіз.
4) ІПприцке еріткіштің кажетті мөлшерін алыңыз (егер флакондағы барлық зат бір адамға енгізілетін болса, онда 1-3 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың тістеуі
Жануарлардың тістеуі, жылан, жәндіктердің шағуы. бөгде заттың түсуі. жасанды тыныс алдыру – жалпы ережелер. инъекция – жалпы ережелері, түрлері
Жануарлардың жылан уынан улануы
Жарақаттың түрлері
ЗАРДАП ШЕГУШІНІ ҚАРАУ
Кездейсоқ жағдайларда алғашқы көмек
Жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек
Жануар уы
Қызыққа толы жәндіктер әлемі
Анафилаксия белгілері
Пәндер