Ұйымның ішкі мен сыртқы ортасы


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СРО

Тақырыбы : Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы

Орындаған: Сейтказыева Д.

ПТ-311

Тексерген: Әбеуханова Е. Б.

Семей 2015 жыл

Жоспары:

1. Ұйымның туралы түсінік және ұйымның сипаттамалары, түрлері

2. Ұйымның ішкі ортасының элементтері және сыртқы ортамен байланысы

Ұйымның ішкі ортасының негізгі элементтері:

  1. ұйымның мақсаты, ұйымда басты мақсат болуы тиіс
  2. ұйымның құрылымы, менеджмент деңгейі негізінде әр түрлі бөлімдерінің өзара байланысы
  3. тапсырмалары, белгілі уақытта орындалуы тиіс жұмыс көлемі
  4. технология, адамдардың біліктілігі, білімділігі.

Қандай ұйым, кәсіпорын болмасын «өмір сүріп», өзінің мақсатына жету үшін менеджер ең бірінші ішкі ортаның элементтері мен сыртқы ортаның әрекеттеріне көңіл аударуы тиіс.

Ұйымның өзі адамдар құрған жүйе болғандықтан, оның ішкі ортасының элементтері қабылданған басқару шешімінің нәтижесі болып табылады, олардың негізгі түрлері мыналар: мақсаты, құрылымы, міндеттері, технология, адамдар .

Мақсаты - бұл ұйымның жұмысының соңғы нақты нәтижесі. Ұйым өзінің жұмыс

жоспарын дайындау алдынданегізгі мақсатын анықтап, оны ұйымның мүшелеріне таныстырады, ұйым мүшелері өз жұмысының нәтижесі не екенін, қандай болатынын білу арқылы соған жетуге талпынып, еңбектенеді. Әртүрлі ұйымның мақсаттары, әрине, өзінің таңдап алған бағытына байланысты әртүрлі болады (түрлі өнімдер өндіру, қызмет көрсету, білім беру т. с. с. ) . Сонымен бірге ұйымның бөлімдерінің де өз алдына түрлі мақсаттары болады және олар ұйымның негізгі мақсатына жетуге бағытталады. Негізгі мақсатқа жету жолындағы кіші мақсаттарға нарық үлесін, өнімнің жаңа түрін өндіру, өнімнің, қызметтің бұрынғыдан да жоғары сапасын т. б. жатқызуға болады.

Әрбір ұйымның мақсатының орындалу дәрежесі сол ұйымның экономикалық тиімділігін - рентабельділігін көрсетеді. Ұйымның құрылымы көздеген мақсатқа жету жолына орай алдын-ала зерттеу, ойластыру арқылы құрылады.

Құрылымы дегеніміз - еңбекті (жұмысты) адамдарға кездейсоқ бөлу арқылы емес,

мамандықтарына, салаларына, функцияларына, деңгейлеріне сай бөлу арқылы пайда болады. Ұйым мүшелерінің көздеген мақсатына жету үшін басқару деңгейін қисынды үйлестіру (тікелей және көлденең (көлбеу) еңбек бөлінісі арқылы) ұйымның құрылымын көрсетеді. Ұйым құрылымының түрлері кейінгі тақырыптарда толық қарастырылады.

Міндеттер жеке адамдарға емес, құрылымдағы қызмет орнына жүктеледі. Әрбір

қызмет орныныңнегізгі мақсатқа үлес қосу үшін бекітілген арнайы міндеттері болады және ол белгілі бір уақытта, белгілі бір әдіспен орындалуы тиіс.

Міндеттердің үш түрі болады:

а) ададмдармен жұмыс істеу;

ә) заттармен жұмыс істеу (техника, құрал-жабдық, шикізат т. б. ;

б) мәліметпен жұмыс істеу.

Әр қызметкер өзінежүктелген міндеттеріне сай адамдармен, мәліметпен, заттармен жұмыс атқаруы арқылы бөлімдердің және ұйымның мақсаттарын орындайды.

Ұйым мүшелері өз міндетін атқару үшін сол орындалатын жұмыстың технологиясын білуі тиіс.

Технология дегеніміз - шикізатты түрлендіру жолы, яғни көздеген мақсатқа жету

үшін құрал-жабдықтар мен шикізаттың, сол жұмысқа сай білімнің басын біріктіріп жұмысты орындау.

Сондықтан міндеттер мен технология бір-бірімен тығыз байланыстыа. Қызметкерлер де, жұмысшылар да өз міндеттерінің орындалу технологисын жоғары дәрежеде меңгеруі қажет.

Технологияның орындалу тәсілі әртүрлі болуы мүмкін, ол адамның біліміне, сол істі қандай дәрежеде меңгеруіне, тәжірибесіне де байланысты. Мысалы, А. Смиттің «Богатство народов» (1776 ж. ) деген кітабында келтірілген түйреуіш (булавка) жасау технологиясын өзгерту арқылы ең бірінші өндірістік революцияға жол ашылды десе де болады. Мұнда бір түйреуішті бір адам жасағаннан гөрі біреуі сымды түзетіп, екіншісі кесіп, үшіншісі ұштап т. с. с. бірнеше адамдар өз функциясын орындаған (бір түйреуіш жасау үшін 18-дей жұмыс атқарылуы қажет) жағдайда күніне 10 ададм 48 мың дана жасайтын болған, егер бір адам өзі ғана дайындаса, онда күніне бар болғаны 20 дана жасаған болар еді. Қазіргі кезде өнім өндірудегі күрделі процестердің барлығы дерлік конвейерлік жүйе арқылы жүзеге асырылады.

Технологияны жетілдіруге ағылшын ғалымдары Эли Уитни (стандартизация), Генри Форд (автомобиль жинау), Джоан Вудворд, Джеймс Томпсонның еңбектерін атауға болады.

Технологияның ең тиімді түрін таңдау орындалатын жұмыс процесіне және адамдарға байланысты. Ұйымдардағы барлық жұмыс ададмдардың қатысуы арқылы ғана жүзеге асады. Ұйымдағы жұмыстардың қай түрі болмасын жақсы аты мен жаман аты сол ұйымдағы адамдарға қатысты.

Сондықтан ұйымның ішкі ортасының ең басты элементінің бірі - адамдар .

Адамдардың ұйымдағы іс әрекеті үш түрлі көріністе анықталады: адамның жеке

басының ерекшелігі, адамдармен қарым-қатынаста топ арасында өзін көрсетуі, сонымен бірге менеджердің жетекші, лидер ретінде өзін көрсетуі жеке адамға жәнеадамдар тобына ықпалы.

Ұйымның екі түрі бар:

  1. Ресми ұйымдар
  2. Бейресми ұйымдар.

Ресми ұйымдар - ұйымның мақсатына жету үшін басшылықтың еркімен құрылған адамдар тобы. Жалпы ұйым туралы айтылса, ол ресми ұйымдар тобы. Ресми ұйымдар белгілі бір заңды талаптарға негізделген.

Бейресми ұйымдар - әр түрлі әлеуметтік ішкі себептерге байланысты ресми ұйымның ішінен құралған ұйымдар. Бейресми ұйымдар шағын ғана ұйымдардан басқа барлық ресми ұйымдарда болады. Оларда жетекшісі болмасада, олар өте қажет. Олар белгілі бір мақсаттарға жету үшін жүйелі түрде өзара қатынаста болатын адамдар тобы.

Бейресми ұйымдарға адамдардың топтасуының себептері:

  1. қатысушылық немесе достық сезім
  2. өзара көмек
  3. өзара қорғау, адамдар күшінің бірігуі.
  4. өзара ортақ қызығушылықтар мен мүдделер.

Бейресми ұйымдар сипаттамасы: әлеуметтік бақылау;

өзгерістерге қарсы тұру.

Сыртқы орта әсерін : тікелей әсер ететін және жанама әсер ететін факторлар болып бөлінеді.

Тікелей әсер ететін факторлар:

  1. тасымалдаушылар (жеткізушілер) . Ол өнімнің өндірілуіне, нарықты жабдықтауға, пайда табуға тікелей әсер етеді.
  2. еңбек ресурстары (қаншалықты жаңашыл жабдықталған технология, капитал, материалдар болса да білікті квалификацияланған мамандарсыз өндіріс тиімділігі артпайды) . 3. заң және заңды мекемелер; 4. Тұтынушылар; 5. Бәсекелестер. Жанама әсер ететін факторлар:
  3. экономика жағдайы.
  4. әлеуметтік және мәдени факторлар
  5. саяси факторлар

Ұйымның сәтті қызмет жасауы ұйымға қатысты және жаһандық сыртқы ортада әрекет ететін сыртқы күштерге тәуелді. Басқарушылық функцияларын табысты орындау үшін сыртқы өзгермелілерді ескеру қажет.

Сыртқы орта - белсенді шаруашылық субъектілер, экономикалық, қоғамдық және табиғи жағдайлардың, ұлттық және халықаралық институциялық құрылымдары мен кәсіпорын айналасында қызмет ететін және оның қызметіне әсер ететін шарттар мен факторлар жиынтығы .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы ортаның сипаттамалары
Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
Ұйымның ішкі ортасы
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Ұйым туралы түсінік және оның түрлері
Өмірге қабілетті ұйымды құру
Басқару ортасын стратегиялык талдау
Ұйымның сыртқы ортасы және факторлары
ҰЙЫМНЫҢ МАҒЫНАСЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Тиiмi бақылауды қамтамасыз ету және бақылауды мәлiметпен қамтамасыз ету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz