Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат



1. Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері.
2. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы.
3. Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар.
Экология ғылымының калыптасуы тарихи дәуірлердегі коғамның және ондағы өндіргіш күштердің даму деңгейлерімен тығыз байланысты. Экология ғылымының тарихи дамуын, негізінен, үш кезеңге бөледі.
Бірінші кезеңде — экология ғылымы туралы деректер жеке организмдерге сипаттама беру арқылы жинақтала бастады. Бұл кезең адамның пайда болған күнінен бастап XIX ғасырдың 60-жылдарына дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
Алғашқы экологиялық түсніктер, ұғымдар мен тұжырымдар кез келген халықтың аңыз-әңгімелерінде, мақал-мәтелдерінде және басқа да ауыз әдебиет үлгілерінде жиі кездеседі. Мысалы, халқымыздың "құндыз— суда, құлан— қырда" деген мәтелі әрбір жануардың тіршілік ортасын нақты аңғартып тұр. Ал "Жылқының жауы — бөгелек, жыланның жауы — дегелек" деген мақал жануарлар арасындағы қоректік тізбекке нақты дәлел бола алады.
Экология ғылымы туралы кейбір ұғымдар мен түсініктер өте ерте кездерден басталды. Бастапқы экологиялық көзқарастар, негізінен, ботаника және зоология ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде калыптасты.
Организмдердің тіршілік етуі өздері тіршілік ететін табиғи орта жағдайларымен тығыз байланысты болатындығы ертедегі ойшыл ғалымдар Эмпедоклдің (б.з.д. 490—430 жж.), Теофрасттың (б.з.д. 372—287 жж.), Аристотельдің (б.з.д. 384—322 жж.) еңбектерінде атап көрсетілген.
Орта ғасырлардағы өндіріс деңгейінің нашар дамуы және діни көзқарастардың кеңінен таралуы биология ғылымдарының дамуына едәуір кедергі болды. Дегенмен де Разес (865—925 жж.), Әбу Насыр әл-Фараби (870—950 жж.), Әбу Әли ибн Сина (Авиценна, 980—1037 жж.) және т.б. ғалымдардың еңбектерінде табиғат жайлы нақты ғылыми деректер кездеседі. Осындай ғылыми еңбектердің арқасында алғаш рет тірі организмдер мен орта жағдайларының өзара қарым-қатынасы туралы нақты деректер жинақталып, ғылыми қорытындылар жасала бастады.
Қайта өрлеу дәуірінде табиғат туралы зерттеулерге қызығушылық арта түсті. Ботаника және зоология, т.б. ғылым салаларында нақты ғылыми мәліметтер жинақталып, басқа да жаңа ғылым салалары қалыптаса бастады. Көптеген саяхатшылардың жаңа жерлерді ашуына сәйкес сол аумақтардың өсімдіктері мен жануарлары туралы ғылыми еңбектер жарық көрді. Голланд ғалымы Антони ван Левенгуктің (1632—1723 жж.) микроскопты жасап шығаруы арқылы бұрын белгісіз болып келген ұсақ организмдер жайлы жаңалықтар жарияланды. Ағылшын ғалымы Джон Рей (1628—1705 жж.) "Өсімдіктер тарихы" деген еңбегінде 18 мыңнан астам өсімдік түрлеріне сипаттама жазды. Сонымен қатар ол биология ғылымына алғаш рет "түр" деген ұғымды енгізді.
1. Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.
2. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. - Экология оқулығы.Экономика баспасы, Алматы 2011.
3. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. Алматы 2003.
4. Нұрғызарынов А.,Шілдебаев Ж. Экология және тұрақты даму. Оқулық —Астана:Фолиант баспасы, 2014;
5. Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті
“Ветеринариялық медицина” кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. Қазіргі
таңдағы экология ғылымының құрылымы. Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын
халықаралық ұйымдар.

Орындаған:
Ахмадиева А. Ж.
Тексерген: Мурзалимова А. К.
Тобы: ВМ – 401.

Семей, 2015 жыл
Жоспар:
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері.
Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы.
Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар.

1.Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері.
Экология ғылымының калыптасуы тарихи дәуірлердегі коғамның және
ондағы өндіргіш күштердің даму деңгейлерімен тығыз байланысты. Экология
ғылымының тарихи дамуын, негізінен, үш кезеңге бөледі.
Бірінші кезеңде — экология ғылымы туралы деректер жеке организмдерге
сипаттама беру арқылы жинақтала бастады. Бұл кезең адамның пайда болған
күнінен бастап XIX ғасырдың 60-жылдарына дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
Алғашқы экологиялық түсніктер, ұғымдар мен тұжырымдар кез келген
халықтың аңыз-әңгімелерінде, мақал-мәтелдерінде және басқа да ауыз әдебиет
үлгілерінде жиі кездеседі. Мысалы, халқымыздың "құндыз— суда, құлан— қырда"
деген мәтелі әрбір жануардың тіршілік ортасын нақты аңғартып тұр. Ал
"Жылқының жауы — бөгелек, жыланның жауы — дегелек" деген мақал жануарлар
арасындағы қоректік тізбекке нақты дәлел бола алады.

Экология ғылымы туралы кейбір ұғымдар мен түсініктер өте ерте
кездерден басталды. Бастапқы экологиялық көзқарастар, негізінен, ботаника
және зоология ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде калыптасты.
Организмдердің тіршілік етуі өздері тіршілік ететін табиғи орта
жағдайларымен тығыз байланысты болатындығы ертедегі ойшыл ғалымдар
Эмпедоклдің (б.з.д. 490—430 жж.), Теофрасттың (б.з.д. 372—287 жж.),
Аристотельдің (б.з.д. 384—322 жж.) еңбектерінде атап көрсетілген.
Орта ғасырлардағы өндіріс деңгейінің нашар дамуы және діни
көзқарастардың кеңінен таралуы биология ғылымдарының дамуына едәуір кедергі
болды. Дегенмен де Разес (865—925 жж.), Әбу Насыр әл-Фараби (870—950 жж.),
Әбу Әли ибн Сина (Авиценна, 980—1037 жж.) және т.б. ғалымдардың
еңбектерінде табиғат жайлы нақты ғылыми деректер кездеседі. Осындай ғылыми
еңбектердің арқасында алғаш рет тірі организмдер мен орта жағдайларының
өзара қарым-қатынасы туралы нақты деректер жинақталып, ғылыми қорытындылар
жасала бастады.
Қайта өрлеу дәуірінде табиғат туралы зерттеулерге қызығушылық арта
түсті. Ботаника және зоология, т.б. ғылым салаларында нақты ғылыми
мәліметтер жинақталып, басқа да жаңа ғылым салалары қалыптаса бастады.
Көптеген саяхатшылардың жаңа жерлерді ашуына сәйкес сол аумақтардың
өсімдіктері мен жануарлары туралы ғылыми еңбектер жарық көрді. Голланд
ғалымы Антони ван Левенгуктің (1632—1723 жж.) микроскопты жасап шығаруы
арқылы бұрын белгісіз болып келген ұсақ организмдер жайлы жаңалықтар
жарияланды. Ағылшын ғалымы Джон Рей (1628—1705 жж.) "Өсімдіктер тарихы"
деген еңбегінде 18 мыңнан астам өсімдік түрлеріне сипаттама жазды. Сонымен
қатар ол биология ғылымына алғаш рет "түр" деген ұғымды енгізді. Көрнекті
швед ғалымы Карл Линней (1707—1778 жж.) өз еңбектерінде тірі организмдердің
тіршілігінде климаттық жағдайлардың басты рөл атқаратындығын атап көрсетті.
Француз ғалымы Жорж Бюффон (1707—1788 жж.) организмдер мен қоршаған орта
жағдайларының арасында өзара тығыз байланыс болатынын ерекше атап жазды.
Швейцариялық ғалым Абраам Трамбле (1710—1784 жж.) су жануарларының
тіршілігі үшін температураның әсері, қоректік заттардың болуы және олардың
өзара қарым-қатынасы туралы пікірлер айтты. Ағылшын ғалымы Эразм Дарвин
(1731—1802 жж.) "Табиғат ордасы" және т.б. еңбектерінде организмдер
арасындағы өзара тығыз байланыстар болатынын поэмалық толғау ретінде жазды.
Француз ғалымы Жан Батист Ламарк (1744 – 1829 жж.) орта жағдайларының
өсімдіктер мен жануарлардың тарихи дамуындағы рөліне ерекше назар аударды.
Экологиялық көзқарастардың дамуына орыс ғалымдары П.С.Паллам
(1741—1811 жж.), И.И. Лепехин (1740—1802 жж.), И.Г.Гмелин (1709—1755 жж.),
С.П. Крашенинников (1711—1755 жж.) және т.б. үлкен үлес қосты.
Көрнекті неміс ғалымы Александр Гумбольдт (1769—1859 жж.) дүние
жүзінің көптеген аймақтарына жасаған саяхаттарында жинаган материалдарының
негізінде "Өсімдіктер географиясы туралы идеялар" деген еңбек жазды. Ғалым
бұл еңбегінде табиғаттағы барлық организмдердің біртұтастығын және олардың
орта жағдайлармен тығыз байланыстылығын ғылыми тұрғыда нақты атап көрсетті.
XVII—XVIII ғасырларда жарық көрген биологиялық еңбектерде нақты
ғылыми экологиялық мәліметтердің үлесі мол болды. Көптеген саяхатшылардың
еңбектерінде экологиялық бағыттағы зерттеулерге ерекше көңіл бөлінді. Тіпті
кейбір ғалымдар (Ж.Ламарк, Т.Мальтус және т.б.) алғаш рет адамның табиғатқа
әсер етуінен болатын жағымсыз жағдайлардан сақтану кажеттігін де ерекше
ескертті.
Екінші кезеңде — экология ғылымы өз алдына жеке ғылым саласы болып
қалыптасты. Бұл кезең XIX ғасырдың 60-жылдары мен XX ғасырдың 50-жылдар
аралығын қамтиды. Бұл кезеңде орыс ғалымдары К. Ф. Рулье (1814—1858 жж.),
Н. А. Северцов (1827—1885 жж.) және В. В. Докучаев (1846—1903 жж.)
еңбектерінде алғаш рет көптеген экологиялық ұғымдар мен қағидаларға ғылыми
тұрғыдан дәлелді қорытындылар жасалды.
К.Ф.Рулье органикалық дүниенің дамуы үнемі өзгеріп тұратын орта
жағдайларының әсерлеріне тікелей байланысты деп қорытынды жасады. Сонымен
катар ол жануарлар экологиясы ғылымының негізін салды.
Н.А.Северцов 1855жылы "Воронеж губерниясындағы аңдардың, құстардың,
қосмекенділер мен жорғалаушылардың тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар"
деген еңбегін жариялады. Бұл еңбек сол кездегі зоология ғылымындағы жан-
жақты жүргізілген теңдесі жоқ экологиялық зерттеу деп бағаланды.
Топырақтану ғылымының негізін салған В.В.Докучаевтың табиғат
белдемдері жайлы ілімі экология ғылымының дамуына зор ықпал етті. Ғалым өз
еңбектерінде өсімдіктер мен топырақ арасында болатын өзара қарым-
қатынастарға жан-жақты талдау жасады.
Экология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын ғалымы Чарлз
Дарвин (1809—1882 жж.) болды. Оның "тіршілік үшін күрес" және "табиғи
сұрыпталу" туралы түйінді тұжырымдары тікелей тірі организмдердің өзара
және олардың орта жағдайларымен байланыстарына негізделді.
Неміс ғалымы Эрнст Геккель алғаш рет экологияны өз алдына жеке ғылым
саласы деп, оған ғылыми анықтама берді. Сондықтан да Э.Геккель экология
ғылымының негізін салған ғалым деп өте орынды аталады.
XX ғасырдың 30—40-жылдарында табиғат жүйелерінде болатын өзара
байланыстарды зерттеу жоғары сатыға көтерілді. Ағылшын ғалымы Артур Тенсли
(1871—1955 жж.) 1935 жылы "экожүйе" ал орыс ғалымы В. Н. Сукачев (1880—1967
жж.) 1940 жылы "биогеоценоз" туралы ұғымдарға ғылыми нақты түсініктемелер
берді.
Атақты орыс ғалымы В.И.Вернадскийдің (1864—1945 жж.) дүние жүзі
ғалымдары мойындаған биосфера туралы ілімі қазіргі экология ғылымының
ғылыми теориялық негізі болып есептелінеді.
Үшінші кезең — XX ғасырдың 50-жылдарынан басталып қазіргі уакытқа
дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңде экология ғылымы өз алдына көптеген
жаңа салалар мен бағыттарға бөлінді. Сонымен бірге экология жаратылыстану
және қоғамтану ғылымдарының басын қосып отырған кешенді ғылымға айналды.
Экология ғылымының қазіргі жаңа бағыттары:
Қазіргі жалпы экология ғылымы организмдерді тіршілік деңгейлеріне
сәйкес жеке салаларға бөліп зерттеуге ерекше мән береді. Мысалы, жеке
дараларды — аутэкология, популяцияларды — демэкология, табиғи
бірлестіктерді — синэкология, ал биосфераны —ғаламдық экология ғылымдары
зерттейді. Экология ғылымының бұл салалары мен негізгі бағыттары бір-
бірімен өзара тығыз байланысты. Мұның бәрі де жалпы экология ғылымына
берілетін анықтамалардың мәнін аша түсуде әрі өз зерттеулері арқылы оның
дамуына зор үлестерін қосуда.

2. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы
Экология ғылымы күрделі де көп қырлы. Қазіргі таңда экология
тарамдалған жүйелер деп қарастырылады. Мұнда шартты түрде бірнеше үлкен
бағыттарды: биоэкология (жалпы экология), геоэкология, қолданбалы экология,
адам экологиясы, әлеуметтік экология деп ерекшелеуге болады.
Қазіргі кезде экология ғылымы жаратылыстану, техникалық және қоғамдық
құбылыстарды біріктіретін пәнаралық білім. Сондықтан экологияның барлық
бағыттарының негізінде биоэкология іргетас идеялары жатыр.
Биологиялық жүйелерді зерттеу бойышпа биоэкология:
утэкология (особьтар және организмдер экологиясы);
демэкология (популяциялар экологиясы);
эйдэкология (түрлер экологиясы);
синэкология (қауымдастықтар экологиясы);
биогеоценология (экожүйелер туралы ілім);
ғаламдық экология (биосфера экологиясы) болып бөлінеді.
Органикалық әлемнің ірі систематикалық категорияларына сәйкес
биоэкологияны:
микроорганизмдер экологиясы;
саңырауқұлақтар экологиясы;
өсімдіктер экологиясы;
жануарлар экологиясы деп бөледі.
Белгілі бір таксономиялық топтарды зерттеу үшін айтылған
систематикалық категориялар ары қарай да бөлініп кете береді, мысалы:
құстар экологиясы, жәндіктер (насекомдар) экологиясы, күрделі гүлділер
экологиясы, жеке түрлердің экологиясы және т.б. Экологиялық әдістерді
ботаника, зоология немесе микробиологияның кез-келген таксонына қолдану
қосымша жалпы экологияны да дамытады. Мысалы, Солтүстік теңізде устрицаның
бір түрінің экологиясын зерттеу арқылы неміс гидробиологы К.Мебиус жаңа
экологиялық ұғым - биоценозды ғылымға енгізді.
Жалпы экология (экзоэкология) – тірі материяның жоғары: организм,
популяция, түр, биоценоз, биогеоценоз, биосфера деңгейлерін зерттейді.
Жалпы экологияны бұлай қарастыру, экология ғылымын әртүрлі дәрежедегі
биологиялық жүйелердің пайда болу, даму, тіршілік ету заңдылықтарын,
олардың қоршаған орта жағдайларымен қатыстарын қоса түсінуге мүмкіндік
береді. Тірі материяның бірігу ерекшеліктеріне сәйкес жалпы экология жеке
бірнеше бөлімдерден тұрады: аутэкология, демэкология, эйдэкология,
синэкология және т.б.
Аутэкология – қоршаған орта факторларының жеке организмдерге, популяцияға,
түрлерге әсерін зерттейтін экологияның бір саласы. Ол адамның шаруашылық
әрекеттерінің нәтижесінде енгізілетін және тірі табиғат пен өлі табиғаттың
көптеген элементтерінен құралады. Аутэкология түрлердің алуан түрлі
экологиялық жағдайларға (ылғалдану режиміне, жоғары және төмен
температураларға, топырақтың құнарсыздануына (өсімдік үшін) физиологиялық,
морфологиялық және өзге бейімділіктерін анықтайды. Соңғы жылдары
аутоэкология бұларға қоса, орта ластануының химиялық және физикалық түрліше
нұсқауларына организмнің жауап қайтару ерекшеліктерін зерттейді. Кейде
аутоэкологияны тірі организмдерді, көбінесе сыртқы ортаның абиотикалық
факторларына байланысты зерттейтін әдістемелік тәсіл деп санайды.
Аутэкология ең алғаш рет экологияның жеке саласы ретінде ІІІ Халықаралық
ботаникалық конгресте (1910) қабылданды. ІV Халықарарлық экологиялық
конгрестің (Ұлыбритания, 1994) І сессиясында аутэкология тақырыбына
арналған бірнеше баяндама жасалды. Экологияның бұл саласындағы зерттеулер
жаңа әдістерді пайдаланып, жүргізіледі. Мысалы, Испанияда сұңқарлардың
қоректенуі мен орын ауыстыруы радиотелеметрия көмегімен, ал Жапониядан ұшып
келетін даур тырналары мен қара тырналардың тіршілік ету аймағы спутниктік
бақылау арқылы зерттелді.
Демэкология - бір түрге жататын организмдер (особьтар) тобын, яғни
популяцияларды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер
жүргізеді. Бір түрге жататын организмдердің топ құрып тіршілік ету
ерекшеліктері, биологиялық қүрылымы (жас, жыныс, көбею, өлу, табиғаттағы
саны, тығыздығы, таралуы, т.б.) табиғаттағы сан мөлшерінің реттелуі мен
ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы мәліметтер қарастырылады.

Эйдэкология - түр мен оның популяцияларын органикалық дүние дамуының жоғары
деңгейі тұрғысында қарастырады. Өйткені, особь, популяция белгілі бір нақты
түрдің өкілдері. Сондықтан эйдэкология, особь, популяция, түр, биоценоз-
биогеоценоз (экожүйе) - биосфера деңгейіндегі қарым-қатынастар жүйесі
бойынша зерттеулер жүргізеді.

Синэкология - бірлестіктер экологиясы (биоценология) ретінде әр түрлі
түрлерге жататын популяциялар (өсімдіктер, жануарлар, микро-организмдер)
жиынтығын біртүтас организмдер деңгейінде зерттейді. Организмдер
бірлестіктерінің калыптасуы, құрылымы, динамикасы, қарым-қатынастар,
энергия және зат алмасулар, сандық және сапалык өзгерістер, биологиялық
өнімділігі мен бірлестіктердің тұрақтылығы туралы жан-жақты мәселелер
қаралады.

Жалпы экологияның негізінде: экологиялық морфология, экологиялық
физиология, экологиялық систематика, экологиялық генетика, биохимиялық
экология, палеоэкология сиякты жаңа пәндер пайда болды. Бұл деңгейлерді
экологияның жеке бөлімі - эйдэкология зерттейді. Бұған молекулярлық
экология, экологиялық генетика, клеткалар экологиясы, ұлпалар экологиясы,
экологиялық морфология және т.б. ғылымдары кіреді.
XX ғасырдың 90-шы жылдары экологияда жаңа бағыт -геоэкология дами
бастады. Геоэкология қоғамдық, техникалық және жаратылыстанудың көптеген
бағыттарымен тығыз байланыста жеке ғылыми бағыт ретінде дамуда.
Геоэкология (грекше geo - жер) - географиялық (табиғи-территориялық
кешендер, геожүйелер), биологиялық (биоценоз, биогеоценоз, экожүйе) және
әлеуметтік-өндірістік (табиғи-шаруашылық кешендер) жүйелердің қарым-
қатынастары туралы ғылым. Ғылыми әдебиеттерде геоэкология ұғымы
ландшафтар экологиясы ұғымына балама ретінде пайда болды. Геоэкология -
экологиялық жүйелерді биосфералық деңгейде қарастырады. Құрлық пен
дүниежүзілік мұхиттардағы экожүйелер, ондағы қарым-қатынастар мен
байланыстар, географиялық ландшафтар бойынша экожүйелердің құрылымы,
бірлестіктері, тұрақтылығы, кеңістік пен уақытқа қатысты өзгеруі,
экожүйелер өнімділігі, агро және антропогендік экожүйелер, олардың
практикалық маңызы туралы зерттеулер жиынтығы.
Тіршілік ету ортасы, экологиялық компоненттері және аймақтарына
байланысты: құрлық экологиясы, мұхит (теңіз) экологиясы, таулар, аралдар
экологиясы, тундра, шөл, дала экологиясы және т.б. сияқты бағыттарға
бөлінеді:
Қазіргі кездегі экологияның басты бағыттары болып адам экологиясы және
әлеуметтік экология болып табылады.
Адам экологиясы (синтропоэкология) - кешенді, антропожүйе мен
биосфераның бір-біріне әсер етуі заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Адам
экологиясы ұғымын ғылымға 1921 жылы американдық ғалымдар Р.Парк пен
Э.Бюргерс енгізді. Адам экологиясы өте кең, ауқымды міндеттерді шешеді.
Оның бірі табиғи (географиялық) ортаның және оның компоненттерінің
антропожүйеге әсері, екіншісі антропогендік әсердің салдарларын зерттеу.
Адам экологиясы - ауыл, село, қала тұрғындары мен дүниежүзі халықтарының
сандық жәнс халықаралық карым-қатынастарды үйлестіру, көпшілікке үздіксіз
экологиялық білім мен тәрбие беру, экологиялық мәдениет, этика, моральдық
жағынан парасаттандыру, адамдарды экологиялық қүқық қорғау жәис
этнозкологиялық проблемаларды жан-жақты зерттеу. Жер шары түргығдарының
экологиялық қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету жолдарын іздестірсді.
Адам экологиясынан басқа: қала экологиясы, тарихи экология, халықтар
экологиясы бағыттары да бар.
Әлеуметтік экология - қоғам-табиғат жүйесіндегі қарым-қатынастарды,
қоршаған ортаның қоғамға әсерін зерттейді. Адам социум ретінде
қарастырылатын болғандықтан әлеуметтік экология пәні – әлеуметтік
статусына, еңбек түріне, жасына байланысты адамдардың ірі топтарын
біріктіреді. Әлеуметтік экология адам тіршілігі мен қоршаған ортаны
біртұтас қоғам-табиғат жүйесі және Жер биосферасын адамзаттың экологиялық
қуысы ретінде қарастырады.
Әлеуметтік экология ғылым ретінде апат салдарларын болдырмау мен
қатар қоршаған ортаға тиімді әдістер арқылы Жер бетінде бүкіл тіршілік
атауын, адам дамуының биологиялық және әлеуметтік дамуын жақсарту жолдарын
да қарастырады. Экологияның басты бағыты ретінде әлеуметтік экология
философиялық, әлеуметтік-экономикалық, этикалық және басқа да аспектілері
басқа бағыттармен толықтырылатын кешенді ғылым. Мысалы, тарихи экология,
мәдениет экологиясы, экология және экономика, экология және саясат,
экология және мораль, экология және құқық, экологиялық ақпарат және т.б.
Әлеуметтік экологиямен байланысты бағыттардың бірі, тіршілік ортасы
мен табиғи ресурстарды пайдаланудың нормаларын дайындайтын қолданбалы
экология болып табылады. Қолданбалы экологияға:
өнеркәсіптік (инженерлік) экология;
технологиялық экология;
ауыл шаруашылық экологиясы;
химиялық экология;
медициналық экология:
табиғатты пайдалану және табиғатты қорғау және т.б. Жатады.

Ғаламдық экология - табиғи және табиғи іс-әрекетінен туындайтын биосфера
шегіндегі, тіптен күн жүйесіндегі әлемдік өзғерістер мен кұбылыстарды
зерттейді. Мәселен, ядролық қауіп-қатер, экологиялық апаттар, әлемнің
климаттық ауыткуы, шөлейттену, жаппай қырып жоятын қарулар, қатерлі
эпидемиялар т.б. Осы бағыттағы ірі-ірі бүкіл әлемді (ғаламды) қамтитын
проблемаларды қарастырады.

Нооэкология – адам, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология ғылымы туралы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері туралы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы. Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар
Экологиялық қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
Экологияның даму тарихы мен кезеңдері
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы туралы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы
Экология ғылымының шығу тарихы
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері
Пәндер