ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы Оңтүстік өлке зиялыларының тарихы


ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы Оңтүстік өлке зиялыларының тарихы
Жоспар
Кіріспе . . . 3
І - тарау. ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы Оңтүстік өлкенің әлеуметтік, қоғамдық және саяси жағдайы
1. 1. Отызыншы жылдардың ойраны . . . 8
1. 2. Сталиндік зұлматтың оңтүстік өңірге тигізген әсері . . . 16
ІІ - тарау. ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы оңтүстік өлке зиялыларының тарихы
2. 1. Зұлмат жылдарындағы зиялылардың саяси қызметі . . . 24
2. 2. Сабыр Айтхожин, Сафарбеков Садықбек, Сандыбаев
Әбубәкір, Әбілқайыр Досов, Садықбеков Сұлтанбек . . . 32
2. 3. Атылып кеткен арыстар . . . 44
Қорытынды . . . 53
Сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . 56
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі
Өткен күннің өзекжарды ащы шындығы қаншалық қасіретті болғанымен оны білуіміз, тұтас болмыс-бітімімізбен ұғынуымыз, ұғына отырып болашақта басшылыққа алуымыз, сол қасірет-қайғыдан арылуымызға көмектесуімен бірге оның қайталанбауына да ерекше орын алады.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары КСРО-да ғалымдар әкімшілік-тоталитарлық жүйе деп ат қойып, айдар таққан жүйе қалыптасты. Атының өзі бесіктегі баланы шошытар бұл не қылған жүйе, оның жеңісі мен жетістігі, кемшілігі мен қасіреті қандай болды деген сұрақтарға талай жылдардан бері ғалымдар жауап іздеуде.
Халқымыздың басынан өткен ауыр күндердің шынайы себеп-салдарын дұрыс ұғыну үшін екі мәселеге басты назар аударуымыз қажет.
Біріншіден, тұтас мемлекет бойынша қалыптасқан тоталитарлық жүйенің қыр-сырларын ашып алуымыз керек.
Екіншіден, метрополияда орнаған тоталитарлық биліктің отарлық өлкедегі саясатының ерекшелігін зерделеуіміз қажет.
Бұдан туындайтын қорытынды, Әсіресе ХХ ғасырда Қазақстан тоталитарлық және отарлық езгіде болып екі жақты қаланғандығы . [1]
Тарихи тәжірибенің көрсеткеніндей, күрт әлеуметтік өзгерістер кезеңдерінде зиялылар әрқашанда едәуір белсенділігімен, дербес бастамашылығымен ерекшеленіп отырды. Әлеуметтік, интеллектуалдық және адамгершілік сезімдегі зиялылар қоғамдағы жеке адамның жағдайы туралы, оның санаға қатынасы туралы мәселені көтереді [2] .
ХХ ғасырдың 30 жылдары оңтүстігімізді түлеткен қазақ зиялыларының - өжет өрендеріміздің, қажымас күрескерлеріміз бен қарымды қаламгерлеріміздің қоғамдық қызметі, әлеуметтік орны, саяси тарихы, сонымен қатар 30 жж. жауыздыққа тап болып, қиястықтың қырына ілініп, қиянаттың құрбандары болғандығы диплом жұмысымның өзектілігіне айналып отыр.
Диплом жұмысының тарихнамасы мен дерек көздері
20-30 жылдар тарихынан шынайы да ақиқат деректер беретін большевиктік партия мен кеңес өкіметі органдарында сол жылдары жауапты қызмет атқарған Т. Рысқұловтың, Л. Мирзоянның, О. Исаевтың Мәскеудегі И. Сталинның және В. Молотовтың аттарына жазған және өзара жазысқан хаттарының, сондай-ақ тарихымызда «бесеудің хаты» деген атпен мәлім болған Ғ. Мүсіреповтың, М. Ғатаулинның, М. Дәулетқалиевтың, Е. Алтынбековтың, Қ. Қуанышевтың Ф. Голощекинге жазған хатының және Ғ. Исқақовтың, І. Қабыловтың, Ж. Арыстановтың, Б. Айбасовтың, Ғ. Тоғжановтың, О. Жандосовтың И. Сталинге және Л. Мирзоянға жазған хатының қазақ шаруаларының жаппай босқыншылыққа ұшырау және аштан қырылу себептерін дәлірек анықтауға көмектесіп қана қоймай, осы жылдардағы демографиялық көлемді анықтауға қажетті сандық мәліметтер де беретінін ерекше атап көрсеткен жөн. (Қараңыз: Ерназаров Е. Оседание в Казахстане. Москва - А - Ата, 1931; М. Кахиани. О задачах партийной работы. А - Ата - Москва. 1932; Курамысов И. На путях социалистического переустройства Казахского аула. Алма-Ата, 1931 және т. б. Сондай-ақ қараңыз:Қазақ қалай аштыққа ұшырады? (Қасіретті жылдар хаттары) Алматы, 1991. )
Архив қойнауларында еліміздің тарихына қатысты, 30жылдары оңтүстік өлкеде қызмет еткен жоғарғы партиялық және мемлекеттік қызметкерлердің хаттары, өмірбаяндары, саяси қызметтері жайлы жеке іс-құжаттары Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаттың қорында толық сақтаулы. (Қараңыз: Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік архиві: 630-қор, 3-тізбе, 12-іс; 4-тізімдеме, 1-4-іс; 9-тізбе, 1-іс; 10-тізбе, 1-14-істер; 11-тізбе, жалпы 37-іс, оның ішінде 40 құжат) . Бұл құжаттардан диплом жұмысына негіз болып отырған 30 жж. оңтүстік өлкеде зиялылардың қатарынан жанып шыққан аяулы боздақтарымыз: С. Айтхожин; С. Сафарбеков; Б. Елеукенов; Қ. Күлетов; Ә. Сандыбаев сынды тұлғалардың өмірлері мен жеке қызметі жайлы мол әрі толыққанды мәлімет аламыз.
Сондай-ақ әкімшіл-әміршіл тоталитарлық жүйенің құрбаны, оңтүстігіміздің 1937 жылғы Шымкент қалалық КП(б) К-ның бірінші хатшысы Әбілхайыр Досовтың өмірі, саяси қызметі де диплом жұмысына арқау болды. (Қараңыз: Шымкент өңірлік мемлекеттік архиві: 2274-қор, 3- тізбе, 7-іс, 1-19 беттер) .
Әкімшіл-әміршіл тоталитарлық жүйе жағдайында бұл құжаттарды жарыққа шығаруға тыйым салынғандықтан бұларды қазіргі кезде ғылыми айналымға қосу тарихи шындықты толық аша түсуге қызмет етеді.
30 жылдардың ауыртпалықты кезінде бастан кешкен адамдар естеліктерінің тарих үшін деректік маңызы өлшеусіз зор. 1932 жылғы нәубетке 60 жыл толуына орай бұл естеліктердің біразы Ұлы нәубет құрбандарын еске алу күні қарсаңында жарияланды. (Қараңыз: «Қан жүректі қайғылым» Ордабасы 2006 ж. Н. Бегалыұлы. С. Әбубәкіров, Г Әбубікірова «Алтын діңгек» Қазақпарат. Алматы., 2002 ж. « Нәубет -: публицистикалық ой-толғамдар». - Алматы, 1990 ж. «Зауал» - мақалалар, естеліктер - Алматы, 1991 ж. «Жоқтау» (восспоминания детей репрессированных казахстанцев) - Алматы, 1998 ж. Сондай-ақ Армиял Тасымбеков «Жан дауысы. Алжир архипелагы» - Алматы, 1994 ж. ) Осыған байланысты әсіресе Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің тарих факультетінің студенттерінің «32-нің зұлматы» тарихи экспедициясы мүшелерінің ел аралап куәгерлер естеліктерін жазып алып, оларды баспасөз бетінде жариялағанын айта кету керек. ( Қараңыз: «Егемен Қазақстан», 1992 ж. 23 маусым, 30 мамыр. Сондай-ақ: Жалын, 1991 ж. №1-93-107 беттер; Қазақстан әйелдері - 1992 ж. №4-10 беттер. Егемен Қазақстан - 1992 ж. 10 қазан. )
Сонымен қатар негізінен партиялық аппаратқа және тек БК(б) П мүшелеріне арналып шығарылған деректік материалдарды айтпай кетуге болмайды. (Қараңыз: Важнейшие решения Казкрайкома ВКП(б) за 1933 год. Алма-Ата, 1933; Материалы к отчету Казкрайкома ҮІІІ Казахстанкой конференции ВКП (б), Алма-Ата, 1934 және т. б. ) . Бұл еңбектер коммунистік бюрократияның күнделікті саяси ұйымдастыру және үгіт-насихат жұмыстарына көмек көрсету үшін жарыққа шыққан болатын 30 жылдарға қатысты мол деректерді біз БК(б) П Қазақ өлкелік комитетінің баспасөз органдары «Еңбекші қазақ», «Советская степь», (1932 жылдан «Казахстанская правда») «Большевик Казахстана», «Қызыл Қазақстан» және т. б. партия ұйымдарының органдарынан ала аламыз. Әрине, коммунистік идея үстемдігі жағдайында бұлардағы материалдар тарихи шындықты біржақты ашып жазғанын ұмытуға болмайды.
Сонымен, 30-жылдардағы оңтүстік өлке зиялыларының тарихына байланысты Қазақстан тарихнамасы осы кезеңнің тарихын талдап қорытатын монографиялық зерттеулерден де, сондай-ақ мәселенің жекелеген проблемаларын зерттеген ғылыми еңбектерден де құралақан емес.
Қазіргі тарих ғылымының даму деңгейінде мәселенің тарихнамасын және деректік негіздерін ашып көрсететін еңбектерге де зәрулік бар. Бұл міндеттерді орындау, қазақ зиялыларының күрделі тарихын терең де жан-жақты зерттейтін жаңа сүбелі ғылыми зерттеулер беру Қазақстан тарихшыларының қоғам алдындағы қасиетті борышы. [3] .
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері
Қазіргі таңда 30 жылдардағы зұлымдықтың бетпердесі сыпырылып, әлеуметтік әділеттілік орнап жатқан кезде, сол сұмдықтың сыры неде, мезгілсіз мерт болған, арманда кеткен аяулы адамдарымыздың обалы кімнің мойнында, олардың көздерінің жаламен жойылуына кім кінәлі деген сұраулар әркімнің көкейіне келіп, жауап күтілуде. Міндетті түрде бұл сұраққа жауап берілуі керек.
Сол себепті де диплом жұмысын жазу барысында алға мынадай мақсат қойылды: ХХғасырдың 30 жылдары оңтүстік өңірімізде орын алған қудалау саясатының зардаптарының мәнін ашып көрсету, қуғын-сүргінге ұшыраған оңтүстік өлке зиялыларының тарихымен етене танысу, бұл нәубет жылдардың ақтандақ беттерін зерттеп жария ету.
Осы мақсаттарға орай мынадай міндеттер алға қойылды:
- Қазақ зиялылары мен аяулы боздақтардың жазаға ұшырау себебіне талдау жасау;
- ХХ ғасырдың 30 жылдары оңтүстік өлке зиялыларының саяси қызметімен танысу;
- Құрбан болған азаматтарымыз жайлы бүркемеленген шындықты ашу;
- Жеке басқа табынушылықтың мәнін ашу;
- ХХ ғасырдың 30 жылдары оңтүстік өлкедегі сталинизмнің құрбаны болғандардың, жазаға ұшырағандардың толық тізімін ұсыну.
І - тарау. ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы Оңтүстік өлкенің әлеуметтік, қоғамдық және саяси жағдайы
1. 1. Отызыншы жылдардың ойраны
Азамат соғысынан соң қазақ өлкесінің экономикасы өте ауыр жағдайда қалды. 1918-1920 жылдарда халық шаруашылығын басқарудың әскери-әкімшілік әдістері енгізілді. Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі құралы өнім салғырты, яғни ауылшаруашылығы өнімінің артығы армия мен қалалардың пролетарлық тұрғындарының қажеті үшін жинап алу болды. Экономикалық дамудың табиға заңдылықтарын ескерместен шексіз әкімшіліктендіру ауылшаруашылығына нағыз апат әкелді.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақстанда Кеңес үкіметін орнату, білім беру, ғылымға көңіл бөлумен қатар халықты қолдан құрту процесі қатар жүрді. Сөз жүзіндегі автонмияны және өз тағдырына ие болу құқығын иемденгенімен іс жүзінде қазақ халқы өте қатал геноцид пен аштыққа ұшырады. Коммунистік партия «бақыт, бостандық, теңдік» туралы ұрандармен бүркемелеп, Кеңестер Одағында тоталитарлық режим құрды. Ал Қазақстанды шикізат өндіру және туыстас халықтардың жер аударылатын зонасына айналдыра бастады.
Кеңес режимі жеңіске жеткеннен кейін Қазақстан Ресей үкіметінің әлеуметтік-экономикалық тәжірибе жасайтын аренасына айналды. Тәжірибе бойынша артта қалған жартылай көшпенді ел алдыңғы қатарлы «социалистік» елге бірден айналу керек болды. Оның өзінде Ресейдің өзі еуропалық халықтарды қуып жетуі тиіс болды, яғни экономикасының еуропалық үлгісіне дамыған индустрия мен жыртпалы егін шаруашылығына көшуі керек болды. Ал халықтың мәдени ерекшеліктері, экологиялық жағдайы мүлдем ескерілген жоқ.
Шаруалар қозғалысының көлемінен қорыққан үкімет 1921 жылы наурыз айында экономиканы либералдандырады. Бұл кезде азамат соғысы аяқтаған уақыт, сондықтан салғырт салығы салық салығына ауыстырылады. Өнім өндірушілер өз тауарларының артығын базарда сатуға құқық алды. Бұл жағдай ауылшаруашылығының біраз тепе-теңдікке келуіне әкелді. 1925 жылы егін салынатын алқап 3 миллион гектарға өсті. 20 жылдамен салыстырғанда 30 жылдары мал басы 2 есеге артты, 20 жылдары қазақтарға Ертіс пен Орал өзендерінің ұзына бойындағы 10 шақырымдық жер қайтарылды. Өндіріс пен транспортта ауыр жағдай сақталды және жеңіл тамақ өндіріс біраз көтерілді.
Оңтүстікте экономиканың біраз либералдандырылғанына қарамастан саяси өмірде жеке басқа табыну басталып, коммунистік партия мемлекеттік билікті тұтас қолына алды. Оның үстіне автономия жарияланғанымен, Қазақстан шынайы билігін өзі иемдене алған жоқ. Кәсіпорындармен темір жолдың үлкен бір бөлігі Мәскеудің қолында қалды. Демократиялық емес сайлау билік басына қазақтарды үлкен сұрыптаудан өткізіп, санаулы адамдарын ғана жіберді.
Түркістан АССР-інің құрамына кірген оңтүстік облыстарды жағдай тіпті қиын болды. Қазақ коммунистерінің біртұтас Түрік республикасын және түрік халықтарының коммунистік партиясын құру туралы әрекетіне Мәскеу араласты. Жергілікті партия органдарының Түрік республикасы және оның партиясы туралы шешімдері жойылды. Өлкелік комитет таратылды, осылайша 20 жылдардың орта шенінен орын алған тоталитарлық жүйе 30 жылдары нығая түсті.
Халқымыздың басынан өткен ауыр күндердің шынайы себеп-салдарын дұрыс ұғынуымыз үшін екі мәселеге басты назар аударуымыз қажет. Біріншіден, тұтас мемлекет бойынша қалыптасқан тоталитарлық жүйенің қыр-сырларын ашып алуымыз керек. Екіншіден, метрополияда орнаған тоталитарлық биліктің отарлық өлкедегі саясатының ерекшелігін зерделеуіміз қажет. Бұдан туындайтын қорытынды, Қазақстан әсіресе ХХ ғасырда тоталитарлық және отарлық езгіде болып екі жақты қаланғандығы.
Қазақстан халқының ХХ ғасырдың 30 жылдары басынан кешкен қайғылы қанды оқиғалар адамзатқа қарсы жасалған ауыр қылмыстардың қатарынан орын алады. Осы жылдарда қазақ халқының тең жартысы жер бетінен жойылып кетті. Жері кеңейген Кеңес үкіметі қазақтардан басып алған аумақтарды КСРО-ның басқа өлкесінен репрессияға ұшырағандарды жер аудару орнына айналдырды. Бұл өз кезегінде қазақ халқының демографиялық, саяси, әлеуметтік, мәдени, т. б. даму бағытына кері ықпал еткен жаңа зебалаң болып шықты.
1928-30 жылдары Қазақстанда, әсіресе, оның астықты оңтүстік аудандарында егін шықпай қалды. Ал 30 жылғы қыста даланы жұт жайлады. Жұт жылғы күз бен қысқа астық тапсыру жоспары 11, 5 миллион центнер болып белгіленген еді, мұның өзі шаруа қожалықтарының нақты мүмкіндіктерінен үштен бір бөлікке дерлік артық болатын. Оның үстіне, тапсырылатын астықты жинаудың төтенше шаралары алғашқы күндерден-ақ республикадағы жағдайды ушықтырып алды. Деревнялар мен ауылдарға өлкелік және округтік органдардан әсіре қатал нұсқаулар мен праволар берілген 4812 уәкіл жіберілді. Өрескел іс-қимыл бұлардың жұмысының негізгі өзегіне айналды. Басты соққы кулактар мен байларға берілуі керек еді. Бірақ жағдайды нашар білетін уәкілдер көп ретте орташаларды, кейде тіпті кедей-кепшікті соғып жатты [4] .
Әкімшілік шаралар экономикалық тиімділік бере қоймады. Жазаланған 31421 «бай мен кулактар» 631 мың пұт астық және 53400 мал алынды, мұның өзі астық дайындау жоспарының бар-жоғы бір процентке жуығы және ет дайындаудың 3, 5 проценті еді. Солай болса да ВКП(б) Қазақ өлкелік комитеті 1930 жылға астық дайындау жоспарын 84, 3 процентке, ал ет дайындауды ірі қара бойынша 3 есе ұлғайту мүмкін болғаны жөнінде рапорт берді.
Астық дайындау жөніндегі негізгі салмақ орташалар мен кедейлерге түскені белгілі. Және олардың көбісінің астығы соңғы түйір дәнге дейін сыпырып алынды. Астық тапсырудың міндетті жоспары мүлдем егін салмайтын көшпелі қазақ қожалықтарына да берілді. Олар Қазақстанмен көршілес аудандардан астық сатып алуға мәжбүр болды.
Бұдан кейінгі жылдары Жағдай бұрынғыдан да қиындай түсті [5] .
Жалпы демографиялық жағдайдан, сол кездегі халық санынан бастайық. Ең сенімді деген деректерді 1926 және 1939 жылдардағы санақтар береді. 1936 жылғы санақ бойынша Қазақстанның халқы 6 млн. 62 мың 910 адам, оның 3 млн. 496 мың 136-сы қазақтар болған, ал 1939 жылғы санақ бойынша республикада 6 млн. 93 мың 507 адам тұрған, оның 2 млн. 315 мың 532-сі қазақтар. Мұнда екі жәйт - екі санақ арасында халықтың жалпы санының тұрақтылығы және қазақ халқының 1 млн. 181 мың адамға күрт қысқаруы өзіне назар аудартады [6] .
Егер халық санының күрт кемуі 1932-93 жж. қысқа тап келетінін ескерсек, нәубеттің онжылдықтың орта шенінде шырқау шетіне жеткенін аңғару қиын емес. Мұның өзі есептеулерді едәуір жеңілдетті.
Бірақ талдауымыз неғұрлым дәлірек болу үшін уақытпен қатар кеңістікті де ескеру қажет, яғни Қазақ АКСР-ның әкімшілік территориялық шекарасына жіті назар аударған жөн [7] .
1926 жылғы санақ бойынша Қазақ АКСР-інің территориясында (Қарақалпақ автономиялық облысын еске алғанда) 3, 628 мың жергілікті ұлт өкілі тұрған. 12 жылдан кейін 1939 жылы байырғы халықтың шығыны 1, 321 мың адам деп көрсетілген, яғни 36, 7 проценті қырғынға ұшыраған [8] .
Коллективтендірудегі жеделдету де өз зиянын тигізбей қалған жоқ. Қазақстанда аталмыш шара тұрғылықты халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан өмірін өзгертумен тығыз байланысты болды. Сондықтан колллективтендірудің зардаптары мұнда ауыр және күйзелісті жағдайда өтті. Академик М. Қозыбаевтың есебі бойынша 1931-33 жылдардың зардаптарының салдарынан қайтқан адамдардың саны 1750 мың болса, жүз мыңнан астам адам көршілес республикалар мен шетелдерге кетті [9] .
1935 жылы Ленинград, Москва және басқ да кейбір қалаларда «таптық жағынан жат» элементтерді жер аударып, қуғын-сүргін науқаны басталды.
1937-38 жылдары 5-7 миллиондай адам жаппай қуғын-сүргіннің құрбандары болды. Бұлардың 1 миллиондайы партия мүшелері еді. Ал олардың 80 проценттейі революцияға дейін партияға өткен комммунистер және басым көпшілігі Совет өкіметі кезінде қызметі жоғарылатылған партиялық-мемлекеттік және шаруашылық активі, әскербасылар, интеллегенция өкілдері-тін. 1937-38 жылдары тұтқындалғандардың 1 миллиондайы ату жазасына кесілді, қалғандары лагерьлерге жіберілді. Бұл адамдардың ақталу бақытына тірі жеткендері санаулы.
1937 жылдан басталған заңсыз қудалау, жазалау көп адамдарды алып кетті. Сол кезде республикада 200-ден астам аудан бар екен, кейбір ауданның басшыларынан бастап, машинисткасына дейін үш рет жазаланыпты. Республика орталығында Нарком болғандардың аман қалғаны жоқ шығар.
Репрессияға ұшыраған адамдардың 398 тізіміне ең қатаң жаза қолдануға рұқсат етіп, Сталиннің жеке өзі қол қойған. Ал бұл тізімдердің әрқайсысында жүздеген фамилия болған [10] .
Біздің қолда бар деректерге қарағанда, науқан құрбандарының 200 мыңы шетелдерге - Қытайға, Монғолияға, Ауғанстанға, Иранға және түркияға ауып кеткен. Қазақтардың көршілес аймақтарға, апат жылдарының аласапыранында шекаралас территорияларға зор ауқымды шұбырғанын 1926 және 1939 жылғы санақтардың материалдары даусыз айғақтайды. Егер 1926 жылы көршілес республикаларда 314 мың қазақ тұрып жатса, 1939 жылғы санақта - 194 мың екені көрсетілген. Яғни, 453 мың адам бұл кезеңде ауып кеткен. 1926-1939 жылдары шұбырындылардың есебінен қазақтардың саны Ресейде - 2, 3 есе, Өзбекстанда - 1, 7 есе, Түркіменстанда - 6 есе, Тәжікстанда- 7 есе, Қырғызстанда - 10 есе өсті [11] .
1933 жылы Голощекин босатылып, орнына көрнекті қайраткер Л. И. Мирзоян келгеннен кейін шұбырындыларды қайталау хақында бірталай жұмыс тындырылды. Бірақ, 1939 жылы «жапон тыңшылары» немесе «ұлтшыл фамилистер» сияқты жаман ат тағу кең ет ек алған соң бұл бағыттағы күш-жігердің сағы сынды.
Алапат апат-жұт Қазақстанда демографиялық процестердің қалыпты арнасын бұзумен қатар қазақ халқының қазіргі жыныстық жас ерекшеліктері құрылымында өшпес із қалдырды. Өйткені 1930-34 жылдары туылған ұрпақтардың қатары тым сирек екені бүгінде күллі жұртшылыққа белгілі. Егжей-тегжейлі түрде тәптіштелген демографиялық талдау барысында кейбір әдеттен тыс құбылыстардың сырт көзге елеусіз ерекшеліктерін аңғаруға болады. 1969 жылғы санақтан бұл ұрпақтың ішінде ерлердің саны басым екені анықталды. (1000 әйелге - 1092 еркек) .
Жаппай қуғын-сүргін жүргізу үшін құқықтық негізде ойластырылды. РСФСР қылмыстық кодексінің контрреволюциялық қылмыстың нақты 17 түрінің 12-сіне жазаның ең ауыр түрін - ату жазасын беру қарастырылған. 1934 жылдан бастап қылмыстық заңдарға бірінен кейін бірі өзгерістер енгізіле бастады. Нәтижесінде кеңес өкіметіне қарсы террорлық ұйымдар мен террорлық актілер туралы істерді жүргізуге он күннен аспайтын уақыт белгіленді.
1937 жылы НКВД (ІІХК) органдарына тұтқындалғандарға «күш қолдану шараларын» жүзеге асырылуға рұқсат етілді; үкісге қарсылық жасауға мүмкіндік берілмеді, сөйтіп өлім жазасын кескен үкімдер шұғыл жүзеге асырылатын болды. КСРО НКВД (ІІХК) -сінің құрылымдық жүйесі, кадр құрамы қайта қаралып, ерекше мәжіліс, «үштік», кейіннен «екілік» қызметтерін атқаратын соттан тыс органдар құрылды.
1937-38 жылдардағы сұрапыл дауылдың алғашқы хабаршысы - ВКП(б) ОК-нің барлық партия ұйымдарына жолдаған «жауды танып білуде білімсіздік пен қырағылықтың жоқтығы» жөніндегі кемшіліктерді анықтау мен оны жою туралы талапты шегіне жеткізу туралы 1936 жылы 29 шілдеде жолдаған жабық хаты еді. Бұл құжатта бұрын Қазақстанда жұмыс істеп кеткен Рейнгольд пен Мрачковский контрреволюциялық жұмыстардың белсенді ұйымдастырушылары ретінде аталып өтіледі. Бұл өз тарапынан алғанда ВКП Қазақ өлкелік комитетінің (1937 жылдың маусымынанҚазақстан КП (б) - басшыларына басқа республикаларға қарағанда «халық жауларын» әшкерелеу жөніндегі науқанға аз қатысып отырсыңдар деген емеурінімен дем беру еді.
Аталған хатқа байланысты ВКП(б) Қазақ өлкелік комитетінің бюросы екі рет жиналды: 5 тамызда және 1 қарашадағы мәжілістерде хатты талқылау қорытындысы жөніндегі бұрыштамада «көңіл көншітерлік» мынадай сандар пайда болды: 43- контрреволюционер зиновьевшілер әшкереленіп, партиядан шығарылды.
1937 жылы тамызда-ақ КП(б) КОК-ның пленумы жоғарыда аталған ақпан-наурыздағы пленумның шешімдерін орындау қорытындыларын талдап жатқанда, Қазақстан НКВД-сы зиянкес, шпион, диверсанттарды әшкерелеудегі қол жеткен табыстар туралы алақай-рапорттар беріп жатты. Жоғарыда, партия билігінде отырған азаматтардың «ұлтшыл-фашист» екендігі анықталса, кәсіпорын, өндіріс орындарының басшылары зиянкестіктері үшін ұсталып, абақтыға жабыла бастады [12] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz