ҚР – да маркетингтік тәсілді қолдану және оның алғышарттары


Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР :

  1. ҚР - да маркетингтік тәсілді қолдану және оның алғышарттары
  2. ШҚО дамыту жолында маркетингтік тәсілді қолдану
  3. Пайдаланылған әдебиеттер
  1. ҚР - да маркетингтік тәсілді қолдану

Қазақстан экономикасы дамуының және реформалаудың қазіргі кезеңінде маркетингтің- нарықтың даму заңдары мен заңдылығын түсінуге негізделген, заманауи бизнес және мақсатты іс-әрекеттер философиясының маңызы анағұрлым артуда. Отандық өнім сапасын және бәсекелестігін арттыру, өнімділік және өткізу тиімділігінің өсімі, импортты алмастыру саясатын жүзеге асыру көбіне маркетинг құралдары мен тәсілдерін ыңғайлы пайдалануға байланысты .

Маркетингтік тәсілді пайдаланудың түрі алуан түрлі: оның міндеттері мен қағидаттарын жүзеге асыру түрлі деңгейде өзекті: микро- (жеке кәсіпорындарда), мезо- (сала, аумақ деңгейінде), макро- (мемлекет деңгейінде) және тіпті әлемдік экономика деңгейінде. Егер фирманың маркетинг тұжырымдамасын зерттеу едәуір бұрын жүргізілсе, демек, бай шетелдік теориялық және практикалық тәжірибе жинақталған, онда аймақ және жалпы ел деңгейінде маркетингтің бірінші ғылыми тұжырымдамасы мүлдем таяуда қалыптасқан болатын (түрлі бағалаулар бойынша ХХ ғ. екінші жартысында), және де аталмыш жағдай дамыған елдер үшін де тән. Осыған байланысты біздің ойымызша, аймақтық (аумақтық) маркетинг мәселесі ерекше ықыласқа лайық.

Қорлардың шектеулі жағдайында аумақтық басқарудың негізгі міндеттерінің бірі бар қорлардың қолдану сапасын арттыру және аумаққа жаңа қорларды тарту міндеттері болады. Аумақты басқарудың жаңа сапасына аумақты басқаруда маркетинг қағидатын қолдану есебінен жол жеткізуге болады .

Аймақ маркетингінің және оның инфрақұрылымының отандық жағдайға қолданылатын өзектілігі қалыптасқан алғышарттарға ерекше көңіл аударылады, біздің ойымызша олардың негізгілеріне келесілерді жатқызуға болады:

  1. аймақтық нарықтарды қалыптастыру және дамыту;
  2. азаматтар мен инвесторлардың мүддесіне бағдарланған аумақтық билік және басқару органдарының қылығы;
  3. аумақ мақсаттары және мүдделерімен жеке кәсіпорындар мен фирмалардың жергілікті экономикалық мақсаттарын келісу қажеттігі.

Аймақтың маркетингтік инфрақұрылымын қалыптастырудың бірінші және негізге алынатын алғышарттары аумақтық нарықтың болуы болып табылады. Түрлі шаруашылық субъектілерін үйлестіру мәселесі олардың еркін өзара әрекетінің ерекше механизмінің көмегімен жанама шешілуі мүмкін, яғни ең алдымен нарық арқылы. Аймақ экономикасының мәселелерін шешуге сәйкес өзекті мәселелердің бірі аймақ нарығын қалыптастыру және дамыту болып табылады.

Нарықтың, оның ішінде аймақтық жұмыс істеуі және дамуы, олардың жалпы түрде жиынтығы инфрақұрылымы болып табылатын қызмет көрсететін институттардың болуын талап етеді. Нарық шаруашылығы инфрақұрылымы мәселелерін зерттейтін, Ресей ғалымдары О. В. Иншаков пен Е. Г. Руссковтың ойынша, «инфрақұрылым түрлері шексіз көп болуы мүмкін, себебі әрдайым жаңа құрылымдар туындайды, олар өз кезегінде оларға барабар инфрақұрылым түрлерін құрады және анықтайды. Шаруашылық жүйесі деңгейі ішінде қазіргі уақытта мезодеңгей ерекше ықыласқа ие, оның аясында аймақтық, аймақаралық салалық және салааралық кешендер, қаржы-өнеркәсіптік және басқа біріктірілген топтар құрамында аймақтық-салалық түр инфрақұрылымы қалыптасады» . Аталмыш инфрақұрылым ішінде - аймақ нарығына қызмет көрсету, оны қалыптастыруға бағытталған және дамуы аймақ нарығының өзінің тіршілігімен шартталған маркетингтік инфрақұрылым.

Аймақ нарығының жұмыс істеуі және дамуында аймақтық маркетингтік инфрақұрылымның ролін, дамыған аймақ нарығы сұраныстың, үрдістің және оның даму заңдылығын ғылыми негізделген жүйесін зерттеген кезде тиімді жұмыс істей алады деп санайтын, басқа авторлар да атап өтеді:

  • жалпы сұраныс көлемі және жеке топтарға және тауар түрлеріне сұраныс көлемі;
  • түрлі кәсіпорындардың аттас тауарларына сұраныс құрылымы;
  • жеке тауарлар бойынша сұраныстың маусымдық ауытқуы;
  • сатып алушылардың тауар сапасына қоятын талаптары.

Сұранысты зерттеу нарық сыйымдылығы мен құрылымын болжауға мүмкіндік беретін ақпарат, сондай-ақ өндіріс географиясын жетілдіру және тауарларды тұтынуда болжалды ілгерілеу береді. Біздің ойымызша, мұндай ғылыми негізделген жүйе деп аймақтық маркетинг жүйесін есептеуге болады, ал жоғарыда айтылған міндеттерді орындау аймақтың маркетингтік инфрақұрылым институттарына жүктелуі тиіс.

«Маркетинг» және «нарық» біртұтас ұғымдар. Тагкейпд терминінің ағылшын тілінен сөзбе-сөз аудармасы нарыққа кіріспе, нарықпен жұмыс ретінде түсіндіріледі. Және де маркетингте «нарық» деп бар және әлеуетті тауар сатып алушылардың жиынтығы түсіндіріледі, осыған байланысты «маркетингті басқару - сұранысты басқару болады» . Айтылғаннан басқа нарықтарды, оның ішінде аймақтық басқаруда маркетингтік тәсілді қолдану, олардың қазіргі уақытта отандық экономикада қалыптасу деңгейінде екендігімен шартталған деп ойлаймыз.

Аймақтық нарық және аймақтық маркетингтің өзара байланысы «геомаркетинг тұжырымдасы» атауын алған, аймақтық нарықтардың жұмыс істеу теорияларының бірі баса айтады, оның аясында нарықтың кеңістік сипаттамасына, әлеуетті сатып алушылардың орналасуына, зерттеулер жүргізіледі, сараланған аймақтық маркетинг стратегиясын әзірлеу үшін нарықтарды географиялық саралау жүргізіледі.

Аймақ нарығы туралы жалпы айтқанда, бүгінде отандық экономикада оларды стратегиялық басқару ерекше маңызға ие болуда екенін атап өту керек. Басқаруды әлсіз орталықтандыру кезінде аймақтық экономикалық жүйелерде кәсіпорындардың өзара әрекетінің төмен деңгейі, аймақ нарығын деформациялайтын және қазақстандық кәсіпорындардың бәсекелестігін төмендететін ықпалдардың бірі болды. Аймақтық экономикалық жүйелерді стратетегиялық басқарудың болмауы аймақтың экономикалық өсімін, халықтың тұрмыс сапасын арттыруды тежейді және аймақтық нарықты дамытуда басқа жағымсыз үрдістерді тудырады.

Ресейдің ғылым-экономистері А. О. Блинов және В. Я. Захаровтың жүргізген талдаулары нарық туралы теориялық түсініктің өзгеруін көрсетеді, 1-кестеде ұсынылған.

1-кесте - Нарық туралы теориялық түсініктің даму ықпалдары және үрдістері

Нарық туралы теориялық түсініктің эволюциясын анықтайтын ықпалдар
Нарық туралы теориялық түсінікті дамыту тұжырымдамасы
Нарық туралы теориялық түсініктің эволюциясын анықтайтын ықпалдар: Нарықтардың күрделілік деңгейі
Нарық туралы теориялық түсінікті дамыту тұжырымдамасы: Нарықтар аса күрделі және алуан түрлі болуы шамасында, нарықтың теориялық үлгілер саны артады, олар нарықтың жаңа ерекшелігін бейнелеп, аса күрделі және алуан түрлі бола бастайды; оларды үйлестіру қажеттігі күшейеді
Нарық туралы теориялық түсініктің эволюциясын анықтайтын ықпалдар: Нарықтағы өзгеріс жылдамдығы
Нарық туралы теориялық түсінікті дамыту тұжырымдамасы: Нарықта өзгерістер жылдамдайды, және теориялық үлгілер статистикалықтан серпіндіге айналады
Нарық туралы теориялық түсініктің эволюциясын анықтайтын ықпалдар: Өзгерістерді болжау деңгейі
Нарық туралы теориялық түсінікті дамыту тұжырымдамасы: Нарықтардың даму аз болжамды бола бастайды, теориялық үлгіде нарықтарды реттеу күшейеді, болжамалы мүмкіндіктерге назар аударылады
Нарық туралы теориялық түсініктің эволюциясын анықтайтын ықпалдар: Экономикалық дамуға адами ықпалдың әсер ету деңгейі
Нарық туралы теориялық түсінікті дамыту тұжырымдамасы: Экономикалық қызмет нәтижесіне адами фактор барынша көп ықпал ету шамасында, нарық үлгілері түрлі қоғамдық топтардың қажеттігін және мүдделерін, олардың уәджемесін және олардың тәртібін басқару тәсілдерін көбірек бейнелейді
Нарық туралы теориялық түсініктің эволюциясын анықтайтын ықпалдар: Ескерту- мәлімет көздері негізінде құрылған

Осылайша, аймақтық даму тұжырымдамасының трансформациясы байқалады: индустрияландыруды өрістету кезеңінің өндірісті орналастыру теориясынан бастап кеңістіктік экономикалық тепе-теңдік, халықаралық мамандандыру және сауда, инновациялық үдерістерді сипаттағанға дейін. Аймақтық даму теоректиктері, аймақта экономикалық өсім ішкі ұтымды емес (өндіріс ықпалдары) қорларға және басқа аймақтардан ұтымды қорларды тартуға негізденетінін дәлелдеді. Аймақтар, өндірістің ұтымды ықпалдарға бағасын жақындататын және аймақтар арасында қорларды тиімді бөлуді қамтамасыз ететін шектеулі қорларға бәсекелеседі. Құндылықтар, мәдениет, экономика құрылымы, қолданыстағы институттардағы аймақтық ерекшеліктер бәсекелестікті арттыруға ықпал етеді және сала кластерлерін құруға әкеледі. Бұл тәсілдер негізінде сатып алушылардың нарықтық мінез-құлығының, сондай-ақ нарықтың басқа субъектілерінің аймақтық ықпалдардан тәуелділігі туралы болжам бар, аумақтық маркетинг тұжырымдамасымен үйлеседі. Аймақтық нарықтың институционалдық тұжырымдамасында екпін аймақтық дамудың материалдық емес ықпалдарына ауысады, олар соңғы онжылдықта оның нәтижелеріне барынша көп ықпал ете бастады .

Нарық үлгілері түрлі қоғамдық топтардың қажеттігі мен мүдделерін, олардың уәждемесі және тәртібін басқару тәсілдерін көбірек бейнелейтін анықталған үрдістер, біздер ұсынған аймақтық маркетингтік инфрақұрылымды қалыптастырудың екінші алғышартын растайды. Біздің ойымызша, ол азаматтар мен инвесторлардың мүддесіне бағдарланған аймақтық билік және басқару органдарының мінез-құлығы болып табылады. Аймақтық экономикалық саясаттың және аймақтық маркетингтің әлеуметтік бағыты туралы жоғарыда айтылды. Аталмыш мәнмәтінде аймақтық нарықтарды басқару мәселесінің өзара байланысына, аймақтық билік органдары қызметінің қоғам мүддесіне және аймақтық маркетингтің әлеуметтік-әдептілік тұжырымдамасына бағдарына назар аудару қажет.

Аймақтық маркетингтік инфрақұрылымды қалыптастырудың үшінші алғышарты жеке кәсіпорындар және фирмалардың жергілікті экономикалық мақсаттарын аймақтық мақсаттар және мүдделермен келісу қажеттігі болады.

Ұлттық экономикаға ықпал ету (макродеңгей) бағдарламасы және микродеңгейдегі (кәсіпорындар мен фирмалар) маркетинг арасында ұстанымға ие аймақтық маркетинг, жалпы ұлттық және аймақтық сипаттағы мүдделер мен мақсаттарды, сондай-ақ макро- және микродеңгей мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Аймақтық маркетинг арқылы түрлі деңгейлі әлеуметтік-экономикалық мүдделерді арқылы келісу мүмкіндігі оның орталық басқарушы құрылымдар және нарықтың тікелей субъектілері - аймақта орналасқан, өндірушілер арқылы орналасуымен шартталған. Аймақтық маркетинг бір жағынан, аймақтың микродеңгейде туындайтын мүмкіндіктері туралы ақпараттар жинауды, енді бір жағынан сол не басқа тауар түрлері және т. б. бойынша, аса жоғары деңгейлі нарықтар жағдаяты, бәсеке-аймақтар туралы мәліметтердің түсуін қамтамасыз етеді, және оларды өңдеу негізінде сол не басқа басқару шешімдерін береді. Мүдделерді келісу міндетін орындау үшін аймақтық маркетингке сәйкес институттар және басқару құрылымы, яғни инфрақұрылым қажет.

Осылайша, қаралған аймақтық маркетингтік инфрақұрылымды қалыптастыру алғышарттары оның қажеттігін және аймақ экономикасын дамыту үшін мағынасын дәлелдейді. Аймақ маркетингі инфрақұрылымының кеңістіктік-уақытша сипатын ескеріп, көптеген аймақтық жүйелер сияқты, оның баламалылығы және тиімділігі оның даму есебінен қамтамасыз етілетінін атап өту керек, ол көбіне өндіріс саласын аймақтық ұйымдастыру серпіні және әр жеке аймақта жүгіну саласына байланысты.

  1. ШҚО дамытудағы маркетингтік тәсілді қолдану

Меңгеруші маркетингі кешенінің негізгі тауарлар, жергілікті жерде тауар сатуды ұйымдастыру, жарнама, тауар өткізуді ынталандыру, баға және тауарды бөлу сияқты элементтеріне қатысты нақты стратегияларды жалпы баяндауы тиіс. Әр стратегияны жоспардың алдыңғы бөлімдерінде атап көорсетілген қауіптер, мүмкіндіктер мен негізгі проблемалар қалай ескертілетіні тұрғысынан дәлелдеу қажет.

Сонымен қатар меңгеруші барлық стартегияларды жүзеге асыру үшін қажет бюджеттін мөлшерін дәл көрсетуі тиіс. Меңгеруші анағұрлым жоғары бюджет өткізудің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ететінін ықтимал екендігін, алайда оған жоғары ренбельділікті қамтамасыз ететін бюджет керек екенін біледі.

Меңгеруші тауар өткізуді нарықтың бөлігін жаулап алуға ынталандыру шараларын күшейткісі келеді дейік. Ол үшін жеңілдік беретін ұсыныстар мен олардың әрекет ету мерзімін, мамандандырылған көрмелерге қатысу сияқты тауар откізуді ынталандыратын шаралар жоспарын жасау қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықты маркетингтік зерттеулер
Маркетинг стратегиясының басым бағыттары мен алғышарттары
Ұйымдарды басқарудың методикалық және экономикалық негіздері
Логистиканың өзекті философиялық мәселелері
Сегменттеу – банктік маркетинг тиімділігін арттыру ретінде
Баға, баға жасау
Туризм саласындағы мамандарды даярлаудың теориялық аспектасы
Жылжымайтын мүліктің объектілерін бағалау
БСҰ-ға кіру жағдайындағы ауыл шаруашылығының бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz