Астық өнімдерін сақтау жайлы мәлімет



1. Астық сақтаудың негізгі тәсілдері
2. Астықты құрғатып( кептіру) сақтау
3. Астықты салқындатып сақтау
4. Астықты ауасыз (оттегісіз) ортада сақтау
5. Астық түйірлерін қоймада сақтаудың негізгі ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Астық сақтау тәсілдері мен ережелері оның физикалық және физиологиялық қасиеттеріне негізделген. Алайда, сақтауды ойдағыдай ұйымдастыруда астық массасының әрбір қасиетінің маңызы мен мәнін білу жеткіліксіз. Астық массасы мен қоршаған ортаның байланыстарын дұрыс пайдаланғанда ғана өнімді сақтау барынша тиімді болады. Астықтың сапасы мен сақталу мерзіміне әсер ететін маңызды факторлар: астық массасы мен қоршаған ортаның ылғалдылығы; астық массасы мен қоршаған ортаның температурасы, астық массасында ауа алмасу процесі. Аталған факторлар сақтау ережелерінің негізін құрайды. Кез келген шаруашылықта сақтау тәсілін таңдау барысында төмендегі жағдайлар ескерілуі тиіс:
- Шаруашылықтың климаттық жағдайы;
- Пайдаланылатын қойманң типі,оның сыйымдылығы;
- Партия астықты пайдалану маұқсаты;
- Қоймаға салған астықтың сапасы;
- Қолданылатын сақтау тәсілінің экономикалық тиімділігі;
Ең тиімді әрі өнім сапасын қалыпты деңгейде ұстап тұратын сақтау тәсілі болып- бірнеше тәсілді кешенді түрде қолдану табылады. Мысалы, кептірілген астықты салқындатып сақтау. Ауылшаруашылық өнімдерін сақтаудың тәсілдері өте көп. Олардың ішінде, астық массасын сақтауда келесі үш тәсіл жиі қолданылады. Олар:
• Астықты құрғатып сақтау;
• Астықты салқындатып сақтау;
• Астықты ауасыз ортада сақтау;
Астықты құрғатып сақтау
Бұл тәсіл Я.Я.Никитинскийдің қағидасы бойынша ксероанабиозға негізделген. Өнім құрамындағы ылғалдың мөлшерін төмендете отырып құрамындағы тірі компоненттердің тіршілігін тежеуге болады. Астықты кептіріп сақтау тәсілі ежелден қолданылып келе жатқан өнім сапасын түсірмейтін, тұқымның енпштж касиеттерш сактап калатын, узак уакыт сактауда тиiмдiлiгi жоғары тәсіл болып табылады. Қоспадан тазартылып, улы заттармен өңделіп, салқындатылған кургак астықты бip орыннан қозғамастан астық қоймаларында 4-5 жылға дейін, элеватор силостарында 2-3 жылға дейін сақтайды. Жақсы кептірілген астықты сапасын түсірместен алыс жерлерге тасымалдауға болады.
1. Ізтаев.Ә.І, Ермекбаев С.Б «Өсімдік шаруашылығы негізінде астықтану», Алматы, 2014.
2. Ізтаев.Ә.І, Отыншиев Б «Астықтану және диқаншылық негіздері», Алматы «Қайнар» 1994.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырып: Астық өнімдерін сақтау

Орындаған: Нуркенова Г.
Тексерген: Мухаметжанова О.Т.
Топ: АГ-213

2015жыл
ЖОСПАР

1. Астық сақтаудың негізгі тәсілдері
2. Астықты құрғатып( кептіру) сақтау
3. Астықты салқындатып сақтау
4. Астықты ауасыз (оттегісіз) ортада сақтау
5. Астық түйірлерін қоймада сақтаудың негізгі ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Астық сақтаудың негізгі тәсілдері
Астық сақтау тәсілдері мен ережелері оның физикалық және физиологиялық қасиеттеріне негізделген. Алайда, сақтауды ойдағыдай ұйымдастыруда астық массасының әрбір қасиетінің маңызы мен мәнін білу жеткіліксіз. Астық массасы мен қоршаған ортаның байланыстарын дұрыс пайдаланғанда ғана өнімді сақтау барынша тиімді болады. Астықтың сапасы мен сақталу мерзіміне әсер ететін маңызды факторлар: астық массасы мен қоршаған ортаның ылғалдылығы; астық массасы мен қоршаған ортаның температурасы, астық массасында ауа алмасу процесі. Аталған факторлар сақтау ережелерінің негізін құрайды. Кез келген шаруашылықта сақтау тәсілін таңдау барысында төмендегі жағдайлар ескерілуі тиіс:
oo Шаруашылықтың климаттық жағдайы;
oo Пайдаланылатын қойманң типі,оның сыйымдылығы;
oo Партия астықты пайдалану маұқсаты;
oo Қоймаға салған астықтың сапасы;
oo Қолданылатын сақтау тәсілінің экономикалық тиімділігі;
Ең тиімді әрі өнім сапасын қалыпты деңгейде ұстап тұратын сақтау тәсілі болып- бірнеше тәсілді кешенді түрде қолдану табылады. Мысалы, кептірілген астықты салқындатып сақтау. Ауылшаруашылық өнімдерін сақтаудың тәсілдері өте көп. Олардың ішінде, астық массасын сақтауда келесі үш тәсіл жиі қолданылады. Олар:
* Астықты құрғатып сақтау;
* Астықты салқындатып сақтау;
* Астықты ауасыз ортада сақтау;
Астықты құрғатып сақтау
Бұл тәсіл Я.Я.Никитинскийдің қағидасы бойынша ксероанабиозға негізделген. Өнім құрамындағы ылғалдың мөлшерін төмендете отырып құрамындағы тірі компоненттердің тіршілігін тежеуге болады. Астықты кептіріп сақтау тәсілі ежелден қолданылып келе жатқан өнім сапасын түсірмейтін, тұқымның енпштж касиеттерш сактап калатын, узак уакыт сактауда тиiмдiлiгi жоғары тәсіл болып табылады. Қоспадан тазартылып, улы заттармен өңделіп, салқындатылған кургак астықты бip орыннан қозғамастан астық қоймаларында 4-5 жылға дейін, элеватор силостарында 2-3 жылға дейін сақтайды. Жақсы кептірілген астықты сапасын түсірместен алыс жерлерге тасымалдауға болады. Дегенмен, ылғалдылығы қауіптi деңгейден төмен астықтар дұрыс қарамау салдарынан бұзылуы мүмкін. Оған себеп - ылғал аз ортада тіршілік ете алатын жәндіктер мен кенелердің кебеюі. Мұндай астықты зиянкестер тіршілгін тоқтататын температуралық деңгейге дейін белсенді желдету арқылы міндетті түрде салқындату қажет. Құрғак астықтың бұзылуының тағы бip себебі - құбылмалы ауа райы кезінде астық массасының жекелеген бөліктерінде ылғалдылықтың артуы. Астықты кептіру тәсілі олардың сорбциялық қасиетіне негізделген. Дәннің ылғал бөлу мүмакіндігі оның анотомиялық ерекшелігі мен ірілігне байланысты болады. Кептірудің барлық тәсілдерін келесідей екі топқа бөледі:
* Арнайы жылуды қолданбай кептіру;
* Арнайы жылуды қолданып кептіру;
Кептірудің алғашқы тәсілі бойына ылғалды ciңiру қасиеті жоғары заттарды пайдалану арқылы негізгі өнімнің ылғалдылығын төмендетуге бағытталған. Шаруашылық жағдайында осы мақсатта құрғатылған жаңқа, активтендірілген көмір, натрий сульфаты, хлорлы кальций, т.б. қолданылады.
Бұршақ тұқымдастары дәндерін кептіруде химиялық тәсіл болып табылатын натрий сульфатын пайдалану тиімді. Техникалық натрий сульфаты қолдану алдындағы ылғалдылығы 2-5% аралығында. Ол бойына 10-15 есеге дейін су cіңіре алады. Алдымен, кептіруге арналған дәннің ылғалдылығын анықтап, қажетті мөлшердегі химикатпен араластырады. Шаруашылық жағдайында дәнге келесі салмақта натрий сульфатын қосу ұсынылған:
-дәннің ылғалдылығы 20% болғанда, тоннасына 60 кг натрий сульфаты;
- дәннің ылғалдылығы 25% болғанда, тоннасына 120 кг натрий сульфаты;
- дәннің ылғалдылығы 30% болғанда, тоннасына 180 кг натрий сульфаты;
Кептіруді үсті жабық, тегіс жерде мезгіл-мезгіл қолмен немесе астық тиегішпен араластыру арқылы жүзеге асырады. Keптірy мерзімі дәннің бастапқы ылғалдылығына байланысты 5-10 тәулік арасында. Кептіру мерзімі аяқталған соң дәнді арнайы электерден өткізіп ажыратады.
Астықты күн көзінде кептіру ауа райы қолайлы өңірлерде, көлемi аз астықты ылғалдылығын азайтуда қолданылатын тиімді тәсіл. Бұл кезде ылғал жайманың беткі қабатынан бөлінеді де төменгі қабаттағы ылғал мөлшері өзгеріссіз қалады. Жайманьң қалыңдығы неғұрлым жұқа болса, астық соғұрлым жақсы кебеді. Ол үшін оңтүстікке қарай шамамен 6°-қа көлбеу, асфальтталған тегіс жерге дәнді ұсынылған қалыңдықта жаяды. Ол қалыңдық астық дақылдарында 15-20 см, бұршақ тұқымдастарында 10-15 см, тарыда 4-5 см аралығында. Жайманы араға 2-3 сагат уақыт салып араластырып тұру кажет.
Арнайы жылуды қолданып кептіру тәсілі кептіру агенті болып табылатын ауа температурасын жоғарылату арқылы оның жылу сыйымдылық касиетін арттыруға неізделген. Осы мақсатта шаруашылықтарда әртүрлі астық кептіргіштер қолданылады.
Астық массасын жоғары температурадағы ауамен араластыру арқылы ылғалдылығын түсіруде сол астықтық бастапқы ылғалдылығын, пайдалану мақсатын, кептіру агентінің температурасын және кептipy ұзақтығын білy қажет. Пайдалану мақсаты әртүрлі астықты кептіру жұмысының өзіндік ерекшеліктері бар. Солардың бірі-қыздыру температурасы . Астықтың iшкі қабатына берілетін температура қалыпты деңгейден төмен болса, кептірудің тиімділігі төмендейді, ал жоғары температурада астық сапасы (әcipece, тұқымдық материалда) өзгереді.
Астықты қыздырылған ауамен кептіруде белсенді желдетуге арналған бір камералы немесе екі камералы еденді қондырғылар пайдалнылады. Бұл қондырғылардың бір шетіне ауаны ысытатын жылу генераторлары немесе электр калориферлері орнатылып қыздырылған ауаны арнайы желдеткіштің көмегімен астық қабатына күштеп өндіреді.

Астықты салқындатып сақтау

Астық компоненттерінің көпшілігі төменгі температураға төзімсіз. Салқын ортада олар тіршілігін уақытша болса да тоқтататындықтан астық сапасында көп өзгеріс болмайды. Сақтаудың төменгі температурасына байланысты тәсілдерді Я.Я.Никитинский термоанабиозға негіздеген.
Астық массасын салқындатуды екі тәсілдің бірімен жүргізеді. Ол тәсілдер:
oo Қарапайым (пассивті) жолмен салқындату;
oo Белсенді (активті) жолмен салқындату;
Пассивті салқындатуда астықты орнынан қозғамайды, оның ішкі қабатына салқын ауа ендірмейді. Салқындату тәуліктің салқын кездеріндегі ауаны қойманың есік, терезелерін ашып ішкі ауамен алмастыру арқылы жүргізіледі.

Астықты ауасыз ортада сақтау

Сақтаудың бұл тәсіл өнімнің ішкі қабатындағы оттегінің мөлшерін азайту арқылы астықта болатын физиологиялық процестерді тежеуге негізделген. Микроорганизмдер мен зиянкестердің көпшілігі оттегіні қажет ететіндіктен олар тіршілігін тоқтатады, тіпті көбісі өледі. Астық массасында ауасыз ортаны келесі 3 тәсілдің бірімен қалыптастырады.
1. Астық массасындағы тірі компоненттердің тыныс алуы барысында көмір қышқыл диоксиді көлемін табиғи жолмен арттыру;
2. Астық массасына оттегіні ығыстырып шығаратын әртүрлі газдарды ендіре отырып арттыру;
3. Астық массасында ауасыз орта жасау;
Бұл тәсілдің кеңінен қолданылмау себебінің бірі- қоймаларда толық герметизация жасаудың мүмкін еместігі және ауасыз ортада дәндердің өнгіштік қасиетін жоғалтуы.

Астық түйірлерін қоймада сақтаудың негізгі ерекшеліктері

Астықтың сақталу технологиясын астықтың сенімді және ұзақ сақталуын қамтамасыз ететін шаралар жүйесі ретінде қарастыруға болады. Бұл жүйе негізінен көптенген жылдар бойы дән және оны өңдеу өнімдерімен жасалған жұмыстардың ғылыми және өндірістік ұсынымдары, техникалық база сапалық және сандық бақылау, жоғары мамандандырылған кадрлар жатады. Тұтынушылардың астықтың қауіпсіздігі мен сапасына қатысты жаңылысуына әкеп соқтыратын әрекеттердің алдын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнімді бұрмалаудың әдістері және түрлері
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекелестігін арттыру механизмі
Макарон өнімдерінің технологиясымен танысу
Ақылды технологиялар - агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі
Астық сапасының міндетті көрсеткіштерін талдау
Сайрам ауданына тарихи-өлкетанулық шолу
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әртүрлі саяси шаруашылық науқандардағы жүргізілген сот істерін ғылыми еңбектер мен деректер негізінде зерттеу
Халықаралық сауда мен әлемдік нарықтың экономиқалық мәні
Жаншылған сұлы жармасы
Нан өндірісіндегі бидай және қара бидай ұны
Пәндер