Ересектерге арналған киімдер



I. Кіріспе
1.1Киім туралы жалпы мағлұмат
II. Негізгі бөлім
2.1 Ересектер киімі
2.2Ересектер киімінің түрлері
III. Қортынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланған. Киім тігісті және тігіссіз болып бөлінеді. Адамзатпалеолит дәуірінде тігіссіз, байланатын лыпа Киімдерді пайдаланса, неолит кезеңінде, яғни өсімдіктерді өру, иіру, тоқу кәсібін игергеннен кейін – иықтан, мықыннан киілетін Киім түрлері пайда болды. Тігіссіз Киім адам денесіне оралады, байланады. Мысалы, үнділіктер сари, шалма, шәлі; кавказдықтар бурка; римдіктер тога; ежелгі гректер гиматий; солтүстік халықтары теріден жасалған тұлып; тайгалықтар тері желбегей; қиыр шығыстықтар теңіз жәндіктерінен Киім дайындады. Аяқкиім түрлі ағаш, тері, көннен жасалады. Кеуделік Киім пішілуіне қарай тұйық (орыс косовороткасы, эскимос анорині), алды ашық желбегей (камзол, шапан) болып келеді. Киім белгілі дәрежеде адамдардың жас айырмашылығын, әлеуметтік ерекшеліктері мен этнографиялық ортасын танытады. Көшпелілер адамзат тарихында атқа отыруға қолайлы болу үшін ойлап тапқан кең шалбар мен екі өңірі алдынан ашылатын қаусырынатын кеуде Киім – шапанды адамзат өркениетіне қосты. Әлеуметтік дәрежесіне қарай қазақ халқы арасында би, бақсы, бай, сал-сері (жарғақ, шалбар, мауыты, шәйі көйлек), қойшы (шекпен, кебенек, сырттық, күләпара), балуан, батыр Киімдері болған. Жас ерекшелігіне қарай бала Киімі, бозбала Киімі, бойжеткен Киімі, қалыңдық, жас жігіт, келіншек, бәйбіше Киімі, ақсақал Киімдері үлгілерінің әшекейі, тігілуі, сырылып, кестеленуі әртүрлі болып келеді. Жасы ұлғайған адамның Киімі денеге қонымды, кең, мол пішілген, әшекейі, жалтырауығы аз, қарапайым, кең бола түседі. Күйеу киімі – ұзын төбе тымақ, қызыл манат шапан. Сонымен бірге бақсы Киімі, сал-сері Киімінің де өзіндік сәндік ерекшелігі болады. Әркімнің жеке басында іштік, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат, ғұрып Киімі болады.
1. Қазақ халқының ұлттық киімдері
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, ISBN 5-89800-123-9, X том

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының Шәкәрім атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСТЕТІ

Инженерлік-технологиялық факультеті

"Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының тенологиясы" кафедрасы

БАӨЖ №2

Тақырыбы: Ересектерге арналған киімдер

Тексерген: Нұрымханова Г.Н
Орындаған:Балғабеков Арман
Топ: ТК-321

Семей 2015 жыл

Жоспар

I. Кіріспе
1.1Киім туралы жалпы мағлұмат
II. Негізгі бөлім
2.1 Ересектер киімі
2.2 Ересектер киімінің түрлері
III. Қортынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Киім - адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланған. Киім тігісті және тігіссіз болып бөлінеді. Адамзатпалеолит дәуірінде тігіссіз, байланатын лыпа Киімдерді пайдаланса, неолит кезеңінде, яғни өсімдіктерді өру, иіру, тоқу кәсібін игергеннен кейін - иықтан, мықыннан киілетін Киім түрлері пайда болды. Тігіссіз Киім адам денесіне оралады, байланады. Мысалы, үнділіктер сари, шалма, шәлі; кавказдықтар бурка; римдіктер тога; ежелгі гректер гиматий; солтүстік халықтары теріден жасалған тұлып; тайгалықтар тері желбегей; қиыр шығыстықтар теңіз жәндіктерінен Киім дайындады. Аяқкиім түрлі ағаш, тері, көннен жасалады. Кеуделік Киім пішілуіне қарай тұйық (орыс косовороткасы, эскимос анорині), алды ашық желбегей (камзол, шапан) болып келеді. Киім белгілі дәрежеде адамдардың жас айырмашылығын, әлеуметтік ерекшеліктері мен этнографиялық ортасын танытады. Көшпелілер адамзат тарихында атқа отыруға қолайлы болу үшін ойлап тапқан кең шалбар мен екі өңірі алдынан ашылатын қаусырынатын кеуде Киім - шапанды адамзат өркениетіне қосты. Әлеуметтік дәрежесіне қарай қазақ халқы арасында би, бақсы, бай, сал-сері (жарғақ, шалбар, мауыты, шәйі көйлек), қойшы (шекпен, кебенек, сырттық, күләпара), балуан, батыр Киімдері болған. Жас ерекшелігіне қарай бала Киімі, бозбала Киімі, бойжеткен Киімі, қалыңдық, жас жігіт, келіншек, бәйбіше Киімі, ақсақал Киімдері үлгілерінің әшекейі, тігілуі, сырылып, кестеленуі әртүрлі болып келеді. Жасы ұлғайған адамның Киімі денеге қонымды, кең, мол пішілген, әшекейі, жалтырауығы аз, қарапайым, кең бола түседі. Күйеу киімі - ұзын төбе тымақ, қызыл манат шапан. Сонымен бірге бақсы Киімі, сал-сері Киімінің де өзіндік сәндік ерекшелігі болады. Әркімнің жеке басында іштік, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат, ғұрып Киімі болады. Бір киер Киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді Киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт жекпе-жекке түсерде, соғысқа барарда Киімдердің ең жақсысын, көрнектісін киген (қараңыз [1]). Қазіргі заманғы Киім түрлері күнделікті өмірде, жұмыста, қызметте, қыдыруға, спортпен шұғылданғанда, демалыс орындарында киюге арналады. Сондай-ақ, әскерилердің, өзге де мамандықтардың арнаулы Киімдері, сәндік Киімдер түрлері бар.
Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық
жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғыммен бейнелейтін
сәнмен тығыз байланыста болады.Қай заманда болмасын адамзат
алдындағы ұлы мұрат-міндеттердің ең басты-өз ісін, өмірін
жалғастыратын, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ал ойлы- пайымды,
білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың
ақыл-ойымен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін
игере отырып, оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен
біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Адамзат қоғамы
дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сәнде үнемі жаңарып
отырады.Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам
жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білуде өнер.
Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған
анықтамалардың бірі-әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен
киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты ,
киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай
алатынының белгісі болып табылады. Киімді жарасымды етіп пішу-
қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз керек.Сонымен қатар
киім адамды қоршаған ортаның табиғаттың түрлі әсерлерінен
қорғайды оны тұтыну мәні мен бірге қызмет ететін маңызы бар. Киімнің
шығуы адам еңбегінің ерекшелігіне қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің
дамуына тығыз байланысты. Алғашқы кезде киімді қазақтар мал
терісінен илеп жүнен тоқып тігіп киетін болған киін бертін келе матаға
жүн салып сыратын болды. Қазіргі кездегі киімдер мынадай түрлерге
бөлінеді: ерекше маталарды қажет ететін өндірістік, арнайы киімдер,
жұмысқа, қыдыруға, саяжай мен куроттарға, әскери адамдардың
теміржолшылардың, спорттық деп және тағы басқа. Киім-
утилитарлық және эстетикалық қызыметтерді атқаруға, адам денесін
сыртқы әсерден қорғауға арналған бұйымдардың жиынтығы. Киім
сөзімен мағыналас қолданылатынКостюм ұғымы кең мағынаны
қамтиды. Қазіргі кездегі костюмнің атқаратын қызметі сан алуан ол ең
бірінші қажеттілік болып табылады. Өйткені киім адам ағзасын
табиғаттың және өндірістің ортаның әртүрлі зиянды әсерлерінен
қорғайды. Қазіргі заманғы барлық киімдер екі классқа бөлінеді
тұрмыстық және өндірістік .
Тұрмыстықтың өзі келесі класстарға бөлінеді: сырт киім, жеңіл
киім, корсетті бұйымдар, бас киім.
Сырт киімге- пальто, жәкет, тон, шекпен, бешпент, плащ, куртка
жатқызылады.
Жеңіл киім- көйлек, жейде, болузка, қалат, белдемше тағы басқа.
Бас киімдерге- құлақшын, фурашка, күнқағар, телпек, қалпақ,
тақия, бөрік жатады. Тұрмыстық киімдерді былайша ажыраттуға
болады: жасына және жынысына қарай бөлінеді. Және ерлер мен
әйелдер киімдері үш түрлі жас молшерін кіші, орта, аға топтар болып
ажыратылады. Киімдер маусымдық мерзіміне қарай жаздық ,қыстық
,маусымдық және мерзімде кис беретін киімдер болып та
бөлінеді.Қазіргі заманғы жастардың талап-талғамын елеп-ескере
отырып, сән жаңа стильге көшіп отыр.Сән ешқашан да ескіні мүлде
жоққа шығармайды.Ол бүгінгі таңда көпшілік көңілінен шыққан
үлгілерді пайдалана отырып оларды уақыт талабына сай талғаммен
жетілдіре түседі. Оларды пішу және тігу аса күрделі болғандықтан оны
осы заманғы өнеркәсіп орындары ғана шығара алады. Қазіргі кезде
жастар арасында сәнге деген көзқарас өте айқын байқалады.
Олардың көпшілігі сәннен алған біршама үлгілерді пайдаланады.
Мысалы : 60-шы жылдары кең өріс алып жастар үлгісіне айналған,
қысқа тар етекті белдемшелер қазірде сәнің биік сатысынан көрінеді.
Оны орнықты кию тазалықты, әдемілікті, көріктілікті талап етеді.
Осындай сәндегі киімдерді тігу, елімізде жылдан- жылға дамып келеді.

2.2 Ересектер киімінің түрлері

Қазақтың ұлт киімдерінің түрлері мен атаулары көп: кейде ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп, кейде әлгі жүздер ішіндегі рулардың аттарымен де айырып айтылады. Мысалы, арғын тымақ, найман тымақ, қызай бөрік, ноғай бөрік т. с. с. Кейде географиялық мекен атына қарай да ерекше мәнер үлгіге бөлінеді. -- қоңырат үлгісі, жетісу үлгісі, арқаның үлгісі және т. б. Мұндай бөліп атау киімдердің кеңдігі, ықшамдылығы, бойға қонымдылығы және әшекейлеу мәнерлерінің ерекшеліктеріне қарай да ажыратылады. Мысалға, шапан үлгісін алайық. Ұлы жүздің шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, ашық жағалы келеді. Оңтүстік елі өзбек, тәжік, ұйғыр халықтарымен көршілес, көпшілік кәсібі бақ өсіріп, егін салу болғандықтан бұлардың киім үлгісімен тігілу мәнеріне осы жағдайлар ықпал еткен. Орта жүздің шапандары көбінесе бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ ойма немесе түймелі болып келеді. Өйткені орта жүз қалаға жақын, орыс, татар халықтарымен аралас-құралас отырады. Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып келеді. Осындай ара-тұра айырмашылықтары бола тұра, солардың бәріне бірдей ортақ, ұлттық мәнер мен қазақша атаулары бар. Үш жүздің қайсысында болса да шапанға шабу қояды және оны барлық жерде шабу деп атайды. Жеңтүптері кең келеді де, оны жеңтүп, ойынды, қолтырмаш деп атайды. Үш жүздің қайсысы болса да шалбарға ау қояды, қолтыққа қолтырмаш салады. Қазақ киімдерінің ең ықшамды кішірек түрлері орта жүз бен ұлы жүзде, ал ең мол, үлкен үлгілері кіші жүз жақтан кездеседі.
Қазақ киімдері іштік, сырттық, сулық, бір киер делініп төрт топқа бөлінеді. Іштік киімдерге -- көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекей, сырттық киімдерге -- шапан, күпі, тон, шидем, сулық киімдерге -- шекпен, қаптал шапан, брезент, кебенек, кенеп, сырттық жатады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиын-топтарға барғанда, жат елге сапар шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақтың таныған жерде бой сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы дейтін мәтелі де осыны аңғартады. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдерінің ең жақсы көрнектісін киетін.
Халық арасында белгілі бір топтар үйде де, түзде де, күнделікті тұрмыста да ұдайы жақсы киініп жүрген. Олар бойжеткендер, бозбалалар, салдар, ән-күй, күрес өнерпаздары еді. Сол сияқты келіншектер де тұңғышын тапқанша өте сәнді киініп жүрген. Кестелі, зерлі, жалтырауық киімдерді қадырлы қарттардың да үнемі киіп жүруі ел рәсіміне тән сиымды салт деп саналған.
↑жоғарыға
Еркек киімдерінің ең қымбаттысы -- аң терісінен істелген ішіктер. Олар аң түрлерінің атына сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, түлкі ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бірнеше түрге бөлінген. Аң терісінен тігілген ішіктердің сыртын шұға, мауыт, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы торғын, ләмбек сияқты бағалы да ширақы маталармен тыстаған. Кейде осы материалдарды бірнеше түсті жібек жіптермен кестелеп, сумоншақ, маржан тізген жіптер бастырып, етек-жеңіне алтын, күміс зер ұстап, кейде бөлек тігілген кестелермен сыртынан қаптап киген. Ішіктер кейде әдіпті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып келген.
Шапан көбінесе жүн тартылып бидайланып тысталған. Кей жерде шапанды әуелі астар мен бидайын қабып алып, тысты соның үстіне бос жабу арқылы тыстаса, кей жерлерде тура тыстың үстінен қабыған, кейде сыритын болған. Мұндай шапанды сырмалы шапан деп атаған. Шапандар көбінесе қайырма жағалы, кейде тік жағалы бешпент түрінде кездеседі. Қайырма жаға шапанның бір түймесі, тік жағалы бешпент шапанның екі түймесі бар.
Тон көбінесе иленген күздік қой терілерінен тігіледі. Орта денелі адамдарға 11 -- 12 қойдың терісінен тон шығады. Олардың шап терілері мен пұшпақ терілері, таңлықтары, мойын терілері бөлек алынады, яғни олар тон тігісіне пайдаланылмайды. Тондардың жүндері ішіне қарайды, ет жағы қынамен, қабықпен, томар бояумен боялады. Тонды тебен инемен басып тігіп, немесе шалып тігіп кестелейді. Кейде сыртына тыстық жапсырып қаптама тон да тігеді. Қаптама тондардың тыстарын әр түсті жіппен кестелеп, елтірі, сеңсең, аң терілерінен қайырма жаға жасап, етек-жеңіне жұрын ұстайды.
Жарғақ, тайжақы деген өң киімдерді тайдың, құлынның терісінен, жүнін сыртына қаратып істейді. Оларды да малмаға салып илеп, еттерін қырып, қабыққа, қынаға салып өңдерін басып ажарлайды. Шеттерінің әдіптерін кестелеп, жага-жеңдерін әшекейлейді. Кейде етегін, өңірін қаусырмасын қымбатты аң терісінен жұрындап қояды. Әдетте тайжақы мен құлын жарғақты бешпенттің, бешпент күпі сияқты жеңіл киімдердің сыртынан киеді.
Шалбарды барқыт, пүліш, шұға, тібен, шөшінше, шибарқыт, шегрен, ләмбөк, мәлескен, қырмызы, қамқа, көк мауыты сияқты ширақы маталардан, қой-ешкі терілерінен тігеді. Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі, қалтасыз, кең балақ болып келеді. Оның кең тігілуі салт атқа мініп-тұруға, малдас құрып отыруға өте қолайлы болған. Шалбардың балағы кейде етік қонышының ішіне салынып, кейде қоныштың сыртында жүреді. Жеңіл шапан мен бешпенттің етегін де ышқыр астынан жіберіп, шалбарланып алатын. Шалбарланып жүру әсіресе аңшылар мен батырларға, балуандарға тән әдет еді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар мен жасөспірімдерді еңбекке және политехникаға оқытып, тәрбиелеудің гигиеналық негіздері
Тұрмыстық киімдердің жіктелуі
Киім жылу беру қасиетіне дизайнның әсері
Балаларға арналған киімдер
Медициналық қорғаныс құралдары
Киімге қойылатын талаптар
Денсаулық сақтау нысандарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тірек-қимыл жүйесі,жас ерекшелігі туралы ақпарат
Апликация техникасында бойжеткен қыздарға арналған камзол үлгілерінің ерекшеліктері
ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
Пәндер