Ислам мәдениеті жайлы мәлімет


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Ислам мәдениеті
Орындаған:Бекмухаметов Д. Т
Семей қаласы - 2015 ж
- Ислам мәдениеті
- Ислам ғылымы мен мәдениетінің Батыс арқылы әлемге таралуы
Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) Мәдинаға келген соң (622 ж. ) қаланың саяси тұрақтылы-ғын және мұсылмандардың амандығын қамтамасыз ету мақсатымен іске кірісті. Өйткені, бұл қаланың халқы яхудилерден және басқа да ұлттардан құралған-ды. Бұған дейін Мәдинада орталық билік-пен қала тұрғындары ортақ ымыраға келген басқару жүйесі болмаған еді. Сахаба Әнас ибн Мәліктің үйінде мұсылман-дар мен мұсылман еместердің уәкілдері келісім шарттар жасасып, барлығы келіскен ортақ жазба мәтін дайындады (623 ж) . Мәдина тұрғындарының бәрі ұйғарысқан осы келісім шарттардың жазбаша нұсқалары бүгінге дейін жеткен. Ғалымдар осы келісімді «Мәдина Ислам мемлекетінің Конституциясы» деп атайды. Осы негізгі заңда қамтылған тақырыптар мен баптардан және пайғамбардан (с. ғ. с. ) кейінгі халифалардың жаңа бағындырылған елдерде ұстанған бағытына қарасақ, басқа мәдениеттерге кең әрі тең рұқсат бергенін байқаймыз. Ислам діні бөтен мәдениет-терді жатсынған емес. Қайта олардың жақсы жақтарын алудан ешқашан тартынбаған. Пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) түрік-соғды сауытын киюі, Қытайдан әкелінген заттарды пайдалануы, түрік шатырында соғысқа шығуы, арабтардың төрт жағындағы Мысыр, Византия (395-1453), Сасани (224-651) қатарлы патшалықтарға елшілер жіберіп, (630 ж. ) оларды хақ дінге шақыруы, тіпті император Ираклимен хат алысып тұруы, Оның күллі адам баласына жіберілген елші екеніне әрі мәдениеттің құрушысы екендігіне бұлтартпас айғақтар болып табылады. Мұсылман ғалымдары бар ғылымын жұртшылықтың пайдалануына жұмсады. Ғы-лымды күнкөріс пен мәртебе алудың құралы деп есептемеген. Бір мысал келтірелік, Иран патшасы І Шапур кезінде (241-272) Хұзистан аймағында Жундишапур деген қала тұрғызылады. Осы шағын қалашық Сасани билеушісі І Хұсраудың кезінде (531-579) патшалықтың екінші қаласына айналады. Мұнда атақты дә-рігерлік мектеп салынады. Бірақ, жундишапурлық дәрі-герлер өздерінің кәсіби сырларын тек өз топтарында ұрпақтан ұрпаққа қалдырып сақтайды да, монополия мен кірістен айырылмас үшін басқа ешкімге білдірмейді һәм үйретпейді. Аталған аймақ мұсылман билігіне қаратылған соң ғана мұсылман ғалымдары олардың кейбір ғылымын ашып, пайдалана алған. Алайда ибн Сина сықылды біртуар мұсылман ғалымдардың жазған кітаптары мұсылман елдерінде ғана емес, сонау Еуропаның өзінде кем дегенде 6 ғасыр бойы оқулық есебінде оқытылған. Сол ғасырлардың ең мықты Батыс елдерінде де, мұсылман ғалымдарымен салыстырарлық ғалымдардың шыға алмағаны баршаға аян. Бұл жөнінде Бартольд (1869-1930) былай дейді: «Исламның басты артықшылығы және мұ-сылман әлемінің сол дәуірдегі білімді халықтардан көш ілгері болуының сыры, материалдық һәм рухани мәдениет жағынан ортақ түсінікті ұстануында жатыр». Халифалар дәуірінде дүние-жүзі мәдениеттері тығыз араласты. Қиыр шығыстағы Қытай мәдениетінің жетістік-тері батысқа, мұсылмандардың ғылыми-мәдени табыстары Қытай еліне мәлім болады. Талас (751 ж. ) соғысынан кейін Атлант мұхитына дейінгі халықтардың бірін-бірі жақын тануына мүмкіндік туды. Мұсылмандардың үш құрлық-тағы билігі халықтар арасында тығыз мәдени байланыстардың орнауына орасан зор үлес қосты. Халифалар Батыстағы Франк, Герман, Рим патшаларымен және Қытай императорларымен тығыз байланыста болды. Мәселен, Қытай деректерінде халифалықтан 651-798 жж. аралығында 37 рет, ал 908-1168 жж. аралығында 49 рет елші келгені жазылған. (Тарихчылар хейети, Доғуштан гүнүмүзе бүйүк Ислам тарихи», ІІІ том, Станбул 1999 жыл, 314 б. ) Тарихта мәдениет қатынас-тарының дамып, өзара бірігуі һәм араласуы Исламнан кейін ғана мүмкін болды. Оған дейін мәдениеттер арасында өшпен-ділік ушығып тұрса, Исламмен бірге Шығыс пен Батыстың барша мәдениеттері арқа-жарқа болып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Оған дейін белгілі бір мәдениетке ғана тән болып саналған нәрселер мұсыл-мандардың арқасында бүкіл әлемдік мәртебеге ие болды. Мысалы, араб цифрлары деп атағы шыққан сандардың ежелгі дәуірде үндістандықтарға ғана мәлім болғаны белгілі. Мұсылмандар осы цифрларды жетілдіріп қана қойған жоқ, оларды құр символдықтан шы-ғарып, мағыналы белгілерге айналдырды. Адамзат тарихында бірінші рет нөлді (сыфр/цифр) мұсылман ғалымдары тапты және еңбектерінде пайдаланды: нөлді бірінші рет сан ретінде қолданған Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми (780-850) еді. Арал теңізі маңында дүниеге келген дана бабамыз, сонымен қатар, 1-ден төмен қарайғы сандарды белгіледі. Мысалы, жүздік, мың-дық және ондықтарды жүйелеп, бөліп жазуды көрсетті. Оның бұл табыстары тарихтағы ең маңызды ғылыми жаңалықтарға жатады. Бүгінде информация ғасырында, телекоммуникация-да мұсылмандар ашқан осы жаңалықтардың қызығын күллі әлем көруде. Орыс тіліндегі цифр мен Батыс тіліндегі «cipher» сөздері арабша нөл дегенді білдіретін «сыфр» сөзінен алынған. Шындығында араб сандары рим сандарымен салыстырғанда қолданымы өте икемді және оңай. Әл-Хорезми ашқан бұл жаңалық Еуропаға тек Х-ХІІ ғғ. ғана мәлім болған. Осы жаңалықты Еуропаға жеткізген Герберт есімді адамның абырой-беделінің артқаны соншалық, кейін ол Рим папасы болып сайланған. Оның есімі папа Силвестр ІІ ретінде Еуропа тарихында қалды. Әл-Хорезмидің «Китап әл-Жәбр уәл Мұқабала» (Алгебра мен теңдіктер кітабы) атты еңбегі латын тіліне аударылғанда (ХІІ ғ. ) «әл-жәбір» сөзі «алгебра» деп аударылғандықтан осы сөз, термин ретінде қалыптасты. Оның екінші бір кітабы латыншаға «Algoritme de Indorum» деп аударылғандықтан, «алгоритм» сөзі де терминге айналды. Адам құқықтары жөніндегі үндеудің ХХ ғасырда ғана бекітілгенін ескерсек, 14 ғасыр бұрын Раббымыздың Құран кәрімде барлық адамдардың құқықтарын қорғау міндетін бұйырғанын көріп, таң қаламыз: «Адамдардың құқықтарын бұз-баңдар! Жер бетінде бұзақылық шығарып, бүлік жасамаңдар!» (26-сүре, 183-аят) .
Ислам ғылымы мен мәдениетінің Батыс арқылы әлемге таралуы
Ислам мәдениетіндегі мем-лекеттер Батыс мәдениеті-нің шекараларын Әмәуилер, Аббаситтер мен Осман импе-риясының шарықтау кезең-дерінде өздеріне қосып алуға тырысқан, бұл жаулап алу әрекеті, әсіресе, түріктердің Исламды қабылдауынан кейін өрши түсті. Анадолының басып алынуынан кейін крестшілер жорықтарының себебімен және мұсылман түріктердің Батыс елдеріне жасаған шабуылдарының нәтижесінде Ислам мәдениеті мен Батыс мәдениеті бетпе-бет кездесті. Фараби, Ибн Сина, Ғазали сияқты Ислам философтарының және Аристотельдің шығар-маларын Еуропа, латын тілдеріне аудару еңбегімен қатар, Батыс әлемі өзге ғылымдармен де шұғылдану керектігін байқады. Тіпті университеттерінде де ХІІ ғасырдың соңғы жылдарынан бастап медицина сабақтарының тақырыптарын Ибн Синаның «Канон» және Ибн Рушдтің медицина жайындағы еңбек-терінен алды. Римдіктер және олардың ізбасарлары болып табылатын византиялықтар Шығыс мәде-ниетінің Батысқа өтуіне себепкер болды. Ислам дінінің келуінен бастап Батыс әлемі Шығыс мәдениетін Ислам мәдениеті арқылы алуға және жаюға мәжбүр болды. Ескі Шығыс мәдениетінің және антикалық (ежелгі) дәуір ғылымдарының Батысқа өтуіне мұсылмандар себепші болған. Ежелгі замандарда шыққан ғылымдарды сол елдерге барып үйренген мұсылмандар, бұл ғылымдарға көптеген өз үлесте-рін қосып Батысқа жеткізген.
Ислам мәдениетінің Батысқа келуінің бірнеше жолдары бар:
1. Орта ғасырда Ислам мәдениеті Еуропаға Испания арқылы алғаш қадам басты. Экономикалық және мәдени өркендеу, қысқа уақытта Еуропа өлкелеріне өз әсерін тигізді. 711 жылы Испанияның мұсылмандар тарапынан басып алынуынан кейін 755 жылға дейін Сириядағы халифалық орта-лығы тарапынан басқарылды. 715 жылы ІІІ Абдуррахман Куртубаның бостандығын жария-лады. Куртуба ІІІ Абдуррахман дәуірінің соңына дейін (912-961) ислами тәрбие, өнер және ғылымдармен Еуропаны қамта-масыз етіп отырды. Ол дәуірде тіпті еуропалық профессорлар-дың өзі Куртубада тәжірибе жинап, емтихан тапсыратын еді.
2. Ислам мәдениетінің Батысқа әсер етуінің екінші жолы Сицилия арқылы болды. Мұсылмандар христиандардың білім үйренгісі келген адамдарына медреселерде сабақ алып, білімдерін жоғарылатуларына жәрдем ететін еді. Ислам мемлекетіне ғылым үйрену мақсатымен келген христиандар да Ислам мәдениетінің дәстүрлері мен ғылымдарын жалғастырушылар қатарына қосылды.
Ресми тіл ретінде араб тілі қолданылды. Тіпті, ди-пломдарының бір бөлімі араб-ша толтырылды. Қысқаша айтар болсақ, Х ғ. Сицилия мен Нормандияның басқару жүйесінде ислами дәстүр бар еді.
3. Ислам мәдениетінің Еуропаға келуінің үшінші және ең маңызды жолы тарихта крестшілер жорықтары арқылы болған. Бұл жорықтар шір-кеулер тарапынан Ислам-ның сол кездегі билігін, күшін жойып, әлсіретіп, христиандықты жоғары ұстау мақсатында ұйымдастырыл-ған. Олардың жорықтары мұсылман түріктердің және арабтардың қарсы тұруларымен тоқтатылған. Бірнеше рет қайталанған крестшілер жо-рықтары еуропалықтардың Ислам өлкелерімен қарым-қатынас жасауына себеп болды. Бұл жорықтардан отандарына аман-есен оралғандар, мұсыл-ман түріктердің имандарын, басшыларына деген құрметте-рін, тазалықтарын, жомарттық пен дұрыстықтарын ауыз толтыра мақтап жеткізе алмайтын еді. Крестшілер жо-рықтары кезінде Еуропа ұйымдастырылған мемлекет ретінде емес еді. Осы жорық барысында мұсылмандардан мемлекетті қалай ұйымдастыру керектігін үйренген. Құдыста тек қана жарты ғасыр өмір сүрген еуропалықтар мыңдаған мұсылмандарды шейіт етті. Бұлар тек біраз жылдар өткен-нен кейін мұсылмандарға елік-тей бастады. Мұсылмандардың шығармаларын аудара бас-тады. Бұл шығармалардың көбі Ислам мемлекеттерінің мәдениеті мен тұрмысын әңгі-мелейтін шығармалар еді. «Константинополь» және «Адлер» деген шығармалар Ислам халифалығы туралы әңгімелейді. Ибн Синаның «Китабун-Нәфс» және «Шифа» атты шығармалары Иеханның аударуымен Еуропаға ұсы-нылады. Фараби және Ғазали сияқты философ әрі ғылым адамдарының еңбектерін зерт-тей бастады.
4. Италияның портты қа-лалары арқылы, солтүстік Еуропаға Венеция, Генуя және осы сияқты порттық қалалар арқылы келіп жатты.
5. Ғылым саласында түрік әлемінің Батысқа әсер етуінің ХІІ ғ. басталғандығын айтуға болады. Мысалы, Ғазали, Ибн Сина және Фарабиден басқа дәрігер Разидің әртүрлі ауруларға қарсы қолданған дәрілері медицина тарихында белгілі. Осман империясының үстемдігі ұзақ уақытқа дейін жалғасты. Бұл үстемдіктің айқын дәлелі балқандықтардың тіліне енген түрікше сөздер және түрік тіліндегі словияндық терминдер еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz