Бірлестіктер экологиясы мен экожүйедегі энергия жайлы ақпарат


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану . Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж. ) Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.

Орындаған: Алашканова. Т. С

Тексерген: Мурзалимова. А. К

Тобы: ВМ-401.

2015 жыл.

Жоспар:

  1. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.
  2. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану.
  3. Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж. ) .
  4. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.

1. Экологиялық жүйе, экожүйе - тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихиқалыптасқан жүйесі.

Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады.

Экожүйенің құрылымынэнергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экожүйенің қасиеттері: оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелердіқаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды. Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе . Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса-да қарым -қатынаста болатын құраыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі А. Тенсили . А Тенсили экожүйенің құрамына организмдерде абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншіне әсер ететіндігіне назар аударады. Былайша айтқанда экожүйе - зат айналымы мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік . Экожүйеде зат айналымының жүруіне органикалық молекулалардың сінімділік түрде белгілі қоры және орагнизмнің үш функцияоналды әр түрлі экологиялық топтары: продуценттер, консументтер, редуценттер болуы керек.

Экологияның негізгі ұғымына «экожүйе» жатады. Бұл терминді енгізген 1935 ж. А. Тенсли. Экожүйе дегеніміз тірі тіршілік иелері мен олардың мекен ету орталарынан тұратын, біртұтас функционалды біріккен табиғи жүйе.

Экожүйенің негізгі қасиеттері:

  • зат айналымына қатысу қабілеттілігі;
  • сыртқы әсерлерге қарсы тұруы;
  • биологиялық көбеюі.

Экожүйенің деңгейлері:

  • микроэкожүйе- кішкене су қоймасы, жануарлар өлексесі олардың тіршілік ететін әртүрлі ағзаларымен бірге, аквариум, жайылым, су тамшысы
  • мезоэкожүйе- орман, өзен, тоған, т. б.
  • макроэкожүйе- мұхит, континент, табиғи зона, т. б.
  • глобальдық экожүйе- биосфера

2. Табиғи қорлар - табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, энергияның жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары басқа (арзан) шикізатты кеңінен қолдану және жан-жақты толық пайдалану.

Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ үғымның үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады. Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегінде табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты. Оңтүстік Қазақстанның күріш егістіктерінде осындай қателіктер әсерінен топырақ құнарлы қабатынан айырылып, сортаңданды. Топырақтағы өзгерістер өсімдік жамылғысының түрлік құрамына, таралуына кері әсерін тигізді. Бұл тізбектегі өзгерістер тұтас бір аймақты экологиялық апат аймағына айналдырды. Сонымен табиғат ерекшеліктерін ескермегендіктен, су қорларын халық шаруашылығына пайдалану мәселелері әзірше дұрыс шешілмей отыр. Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында мыңдаған гектар жер топырақ, су және жел эрозияларына ұшырады. Алғашқы жылдары өнім біршама мол болғанымен, кейінгі жылдары бұл керсеткіш төмендеп кетті. Жыртылған жердің борпылдақ топырағы желдің әрекетінен құнарлы қабатын ұшырып әкетіп, сол жердің топырағы жел эрозиясына ұшырады. Өйткені топырақтардың құрылымдық ерекшеліктері ескерілмеді. Мысалы, құмайт және саздақ топырақты аудандар 4-5 жыл пайдаланғаннан кейін жері сортаңданып, егістік көлемнен шығып қалады. Жел топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкетеді. Республикадағы шөлейттер мен шөлдер 167 млн га жерді алып жатыр. Суарылған жағдайда бұл алқапты тек мал жайылымы ретінде ғана пайдалануға болады. Кейінгі жылдары көлдетіп суландыру жолымен тиісті нәтижеге жету мүмкіншілігі белгілі болып отыр. Жайылымдарды суландыруға артезиан суын пайдаланудың болашағы зор

Қазіргі кезде біздің Республикамызда халық саны 16 млн 954 мыңға жетіпті. Ал 1920 жылы елімізде не бары 4 миллион 400 мың халық болған. Оның 7 %-ы қалада, 93 %-ы ауылда тұрған екен. Қазақстанда 1989 жылғы халық санағында 16199, 2 мың адам тiркелген, оның 57%-ы қалада, 43-і ауылда тұрған. Ал қалада тұратын ерлер 48, 5%, ауылда тұратын әйелдер саны 51, 5% болған.

3. Тәуілсіздік алғанға дейiн Қазақстан халқының демографиялық жағдайы - тұрғындар санының ұдайы қарқынды өсуiмен, қалада тұрушылар үлесiнiң шұғыл артуымен, ұлттық құрамының қарқынды араласуымен, халық тығыздығының бiркелкi болмауымен сипатталды.

1999 жылғы санаққа дейiнгi аралықта Қазақстан халқы 1246, 1 мың адамға кемiген. Мұның басты себебi бұрын қуғын-сүргiнге ұшырап, Қазақстан жерiне көшiрiлiп, қоныстандырылған өзге ұлт өкiлдерiнiң, әсiресе, орыстардың, украиндардың, немiстердiң, кавказ халықтарының, т. б. өз ата мекендерiне көшiп кетуi болды. Өсу тек Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қалаларында байқалды. Жалпы ерлердiң саны 7201, 8 мың болса, әйелдер 7751, 8 мыңды құраған.

D:\User\Desktop\Рисунок2.png

Бүгінгі таңда ресми статистикалық мәлiмет бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56%-ы қалалық елдi мекендерде, 44%-ы ауылдық елдi мекендерде тұрады.

Халық санының тығыздығы республика бойынша тұтастай алғанда бір шаршы километрге 5, 5 адамды құрайды. Ал Қытайда мысалы, бұл көрсеткіш бір шаршы метрге 140 адамнан келеді.

Саны жағынан әлемдегі халқы ең көп Қытайда ұлттың қартаюы мен гендерлік баланс (гендерлік асимметрия) сияқты айтулы демографиялық проблемалар бар. Мәселен, неке жасындағы еркектердің саны әйелдерден 18 млн. адамға көп. ҚХР демографиялық саясат және бала тууын жоспарлау жөніндегі мемлекеттік комитеттің деректері бойынша ауылдық аудандардағы ерлер мен әйелдер арасындағы қатынас 122, 85:100 құрайды, бұл жалпы ұлттық көрсеткіштен - 119, 58:100 астам. 2020 жылы 20-45 жастағы ерлердің саны әйелдерге қарағанда 30 млн. адамға астам болады деп болжануда. Мұндай жағдайда Қытай елден өз азаматтарының кетуін көтермелейтін болады, бұл көрші мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне келеңсіз әсер етуі мүмкін.

D:\User\Desktop\Диаграмма-каз..png

Үндістан елінің халқы 2010 жылғы жүргізілген халық санағының мәліметіне сүйенсек, соңғы 10 жылда 181 млн. адамға жетіп, жалпы саны 1, 21 млрд -тан артқан. Сөйтіп Қытай елінен небары 120 миллион адамға аз болып отыр. Сонымен қатар бұл елде де қыз балалардың дүниеге келуінің соңғы 50 жылда тұрақты төмендеуі байқалады. Үндістан елінің үкіметін де, Қытай еліндегідей бұл демографиялық мәселе қатты алаңдатып отыр. Екі елдегі бұл проблеманың негізі дәстүрлі түрде әрір отбасында ұл баланың болуы себеп болып отырғанын мамандар алға тартады.

Сонымен Қытай мен Үндістан елдері халықтарының санының артып отырғаны белгілі. Үкіметтердің халық санын төмендету бойынша жасап отырған әрекеттері гендерлік тұрақсыздыққа әкеліп тіреп отыр. Бұдан әрі де қыз балалрдың өмірге келуі төмендей берсе, демографиялық дағдарыс өте үлкен даулы мәселеге алып келуі әбден мүмкін.

АҚШ халық саны жағынан Қытай мен Үндістаннан кейін әлемде үшінші орын алады және үнемі халық өсімі тіркеліп отырған батыстағы жалғыз ел болып саналады. Көрсеткіштер болжамы бойынша халық саны АҚШ-та 2041 жылы 400 млн. адамға жетпек.

Ал, дамыған Германиядағы демографиялық ахуал өзгеше және де көңіл аударарлық. Демография жөніндегі мамандардың айтуынша халық саны азаюда, оның себебі бала тууды ынталандыруда емес, қоғамдағы әйелдің әлеуметтік рөлінің өзгеруінен болып отыр. Неміс әйелдерінің ұрпақ қалдыруы тым кейіндеп және сиреп барады.

Германия статистика ведомствосының деректері бойынша 35 жасқа дейінгі неміс әйелдерінің 40%-ының әлі балалары жоқ. Немістер ұлт ретінде қартаю үстінде. Денсаулық сақтау саласындағы ілгерілеушілік және әлеуметтік ахуалдың жақсаруы арқасында өмір ұзақтығы әйелдерде 84 жасқа дейін, ерлерде 78 жасқа дейін ұлғайды. Алайда, сонымен қатар бала туу төмендеп кетті. Германиядағы бала туушылық коэффициенті 1, 3 құрайды, бұл халық санын толықтыру үшін жеткіліксіз. Мұндай келеңсіз серпін кезінде болжамдар бойынша ел тұрғындарының саны қазіргі 82 млн адамнан 2050 жылға қарай 67 млн. адамға дейін азаюы мүмкін, яғни елдің әрбір үшінші тұрғынының жасы 60-тан асатын болады.

Ұлттың қартаюы, халық санының аздығы елдің экономикалық әл-ауқатына қатер төндіреді. Халық санының төмендеуі экономикалық инфрақұрылымның одан әрі өсу үшін әлеуетінің болмауына әкеледі. Тұтынушылық құны жоғары тауарлар өндірісі мен жалпы өндіріс өсімі халықтың тұтынушылық әлеуетінің әлсіздігіне байланысты қиындыққа тап болады.

Қазақ халқы жас ұлтқа жатады. Оның жас айырмашылығы құрылымында 9 жасқа дейiнгi балалар 22, 0%. Ал тұтастай алғанда, 19 жасқа дейiнгi жастар 43, 9%; 60 және одан жоғары жастағы тұрғындар үлесi 6, 1%. Орташа арифметикалық жас - небәрi 25 жас. Яғни қазақ халқының басым бөлiгi жастар мен балалар. Қазақстанның демографиялық өсуі жылына 1, 2 пайызды құрап отыр дейді сарапшылар, яғни жан басына шаққанда халықтың өсімі 250 мың адамға шақ келеді

Сонымен қатар Орталық Азияның өзге елдерінде мысалы, Тәжікстан, Өзбекстан секілді елдерде демографиялық өсу өте қарқынды жүруде. Сонымен демографиялық проблемаларды шешу жолдарын таңдау қандай да бір мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени деңгейіне байланысты болады. Билік көп жағдайда бала тууда материалдық ынталандыруды жөн санайды, алайда нәтижелері әрқалай болып жатады.

Уақыт өте келе жоғарыда аталған мелмекеттерде алғашқы қатарда болып азық-түлік қауіпсіздігінің мәселесі күн тәртібіне шығуы мүмкін көрінеді. Демограф, ғалым М. Тәтімов қандай қарқынды өсім болса да қазақстандықтар үшін жоғарыдағыдай елдерде туындауы мүмкін мәселелер орын алмайтындығына сенімді екенін айтады.

Еліміздің 93 млн. гектардан артық ауылшаруашылығына тиесілі жердің бар екенін ескерсек, агроөнеркәсіптік кешеннің қарқынды дамуында оның өте зор әлеуетінің бар екенін және елдің тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне оң әсер ететінін, алдағы уақытта тіпті импортқа шығуын айқындайды.

Ауылшаруашылығын дамыту бүгінгі таңда еліміздің ең өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан мемлекет тарапынан қолдау шаралары қолға алынып жатыр және индустриалды-инновациялық даму жолында еліміздің экономикасы біршама жетістіктерге жетіп отырғаны болашақта халықтың қаладан ауылға ауысуына, бұл сонымен бірге Қазақстан халқы санының артуына ықпал жасайды деп күтілуд

Азық-түлік мәселелері бойынша Дүниежүзілік саммитте: «Азық-түлік қауіпсіздігі - бұл барлық адамдардың тұрақты негізде белсенді және салауатты өмір салтын ұстау үшін тамақтануда олардың қалаулары мен қажеттіліктерін қанағаттандыратын жеткілікті, қауіпсіз және нәрлі азық-түлікке физикалық, әлеуметтік және экономикалық қолжетімділігі бар экономикалық жағдай болып табылады» делінген. Бұл ретте, адамдар өмір сүру мен дамуды ұстау үшін тұтынатын кез келген зат азық-түлік болып есептеледі. Осыған орай ҚРСА Баяндамасында азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі көрсеткішіне, атап айтқанда, Мыңжылдықтың Даму Мақсаттарына (МДМ) қол жеткізудегі прогрессті мониторингілеуге арналған индикаторлардың бірі болып табылатын тағам калориялығы ең төмен шекті деңгейден аз тұтынатын халықтың үлесіне назар аударылған (1. 9 аштық көрсеткіші) [4] . Азық-түлікпен қамсыздандырылмаған жағдайда, яғни аштық кезінде, бұл халықтың белсенді және салауатты өмір салты үшін қажетті нәрлі заттармен (көмірсутектер, майлар, ақуыздар, витаминдер, минералдар және су) қамтамасыз ететін тамақтың жеткілікті мөлшерін алмауы. Тамақ өнімдерінің калориялығы шекті деңгейден төмен халықтың үлесі немесе тамақ депривациясының деңгейі қалыпты өмір сүру үшін қажетті тамақ рационы калориялығы бойынша шекті деңгейден төмен халықтың пайызын көрсетеді. Азық-түлік қауіпсіздігінің ауырлық дәрежесі тамақ депривациясының деңгейіне тәуелді. Аштықтан зардап шегетін адамдар үлесі өте төмен (5 пайыздан кем) болған жағдайда азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан ел қорғалған деп есептеледі, олай болмаған жағдайда, яғни аштықтан зардап шегетін адамдар үлесі 35 пайыздан жоғары болса, елде аштықпен күресу мәселесі пайда болады. 2005-2011 жылдар аралығындағы ҮШІЗ деректері бойынша тамақтанудың жұғымдылығы ең төменгі мүмкін деңгейден төмен халықтың үлесі 6 есеге дейін төмендеп, 3 пайызды құрады. 2011 жылы тұтынылған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы 3140 ккал құрады, бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 29, 7 пайызға жоғары. Бағалау бойынша Қазақстан үшін ашаршылық мәселесі өзекті болып табылмайды және Қазақстан азық-түлік депривациясы өте төмен деңгейдегі ел болып табылады. Бірақ халықтың жекелеген тобында тамақтың толық емес рационының мәселесі орын алап отыр. Елімізде азық-түлік қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету проблемасын шешудің маңызды бөлігі - ол рыноктағы тұтыну бағасын тұрақтандырып, оны халықтың басым көпшілігінің қолы жететіндей деңгейден асырмауды қамтамасыз ету болып табылады. Еуропалық сарапшыларға сілтеме жасаған «РИА Аналитика» агенттігі Қазақстан 2011 жылы азық-түліктің бағасы тым тез өсіп бара жатқан елдердің арасында төртінші орынды иеленді деп хабарлады [6] . Есепті кезеңде Қазақстан Республикасында жан басына шаққандағы тамақ өнімдеріне орташа шығыстары соңғы үш жылда 21 % артты, 2011 жылдағы 73297 теңгеден 2013 жылдағы 93149 теңгеге дейін, ал тиісті кезеңде халықтың жан басына шаққандағы нақты ақшалай табыс өсімі алдыңғы жылмен салыстырғандағы 6 % -ға азайған, ол көрсеткіш сәйкесінше 2011 жылы 109, 4 % және 2013 жылы 103, 0 % құрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану. Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия жайлы
Синэкология (бірлестіктер экологиясы)
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
Биологиялық жүйелердің экологиялық негіздері
Биоценез, биогеоценоз туралы түсініктер
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы
Сүтқоректілер экологиясы
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz