Интеллектіні психогенетикалық зерттеу жайлы ақпарат


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

2015 жыл

Студенттің өздік жұмысы

Тақырыбы: «Интеллектіні психогенетикалық зерттеу»

Орындаған: Бексұлтанова Р. А. Тобы: Пх-415 Тексерген: Тезекбаева М. Ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАҚЫРЫБЫ: «ИНТЕЛЛЕКТІНІ ПСИХОГЕНЕТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ»

ЖОСПАРЫ:

І КІРІСПЕ БӨЛІМІ

  • Интеллект ұғымына анықтама

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  • Интеллект дамуы
  • Интеллект деңгейін анықтау әдістері
  • Интеллект зақымдануы

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

  • Интеллекті қалпына келтіру
  • Пайдаланылған әдебиеттер

ИНТЕЛЛЕКТ ҰҒЫМЫНА АНЫҚТАМА

Интеллект (латын тілінде «intellectus» - түсіну, таным деген түсінікті білдіреді) - жоғары сатыдағы жануарлар мен адамдарда туа берілетін мінез-құлықтың қарапайым түрін айтамыз. Интеллект ұғымы адам ақыл ойының ойлау қабілетінің ерекшелігін, қасиеттерін, сапасын бейнелейді. Іс жүзінде шығармашылық пен қолдану оқиғаларға талдау жасап олардың келешегін болжай білу - адам ойының осындай қасиеттерінің біртұтас ерекше көрінісі оның интеллектісін анықтайды. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны, ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект ойлау процесінде әсіресе тың мәселелерді шешу кезінде байқалады. Интеллект жеке психикалық үрдіс емес. Интеллект туралы айта отырып, психикалық үрдістердің бірлігіне ерекше көңіл аудару керек. Интеллект термині адамның психологиялық іс-әрекетін зертеуде көп қолданады. Интеллектің бастауы қалай болатынын ұмытуға болмайды. Қазіргі ғылымда адам интеллектісі туралы көп біледі және зерттеліп те келеді. Жалпы интеллект табиғатында бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуынан яғни, белгілі бір әрекеттің үздіксіз айналысуына тәуелді. Кез-келген адамда кездесетін жалпы қабілеттермен: ойлау, сөйлеу, оқу, жазумен қатар арнайы қабілеттер де болады. Интеллектінің қазіргі ғылымда бәрін тереңдетіп әлі де толық зерттеп бітпеген. Оған адам интеллектісінің тереңдігі, оның шексіздігінің әлемді тануға деген қабілетте жасырын іскерлігі себеп.

ИНТЕЛЛЕКТ ДАМУЫ

Интеллект жалпы қабілеттіліктерді бағалауға бағытталған психодиагностиканың типі. Интеллектің алдыңғы себептері ретінде ес пен назарды айтуға болады. Дарынды, ақылды адамдардың көпшілігінің есі өте жақсы болады. Кейде данышпан адамдардың есі нашар (Дарвин), ал кейде кемақыл адамдарда механикалық есі жақсы болады. Сондықтан, ес интеллекттің ең басты емес, бірақ маңызды шарты. Бала кездегі назардың сапасы, тұрақтылығы, шоғырлану қабілеттілігі интеллект дамуына әсер етеді. Білім көлемі интеллекттің ең маңызды құраушысы болып саналады. Білім неғұрлым жоғары болса, интеллект деңгейі соғұрлым жоғары болады. Бар білімді жағдайға қарай қисынды түрде пайдаланудың маңызы зор. Бірақ адамның байымдау мен қорытынды шығару қабілеті ойлау деп аталады. Сондықтан, интеллектің алдыңғы себептері ес пен назар болғандықтан оның ойлаумен тікелей байланысы бар. Белгілі бір жағдайға байланысты білімді пайдалану арқылы өткір анализ және синтез арқылы байымдау мен қорытынды шығару жоғарғы түрдегі интеллекттің қасиеті деп санауға болады. Интеллект пен ойлаудың байланысы соншалық тығыз болғандықтан ойлауды жылжымалы интеллект деп санауға негіз бар. Бұл туралы қазақ психологы М. Мұқанов өзінің «Ақыл - ой өрісі» деген кітабында былай жазған: «Философия энциклопедиясында интеллект деген сөзге бұл термин оймен бір мағынада қолданылады деп анықтама берілген. Бірақ бұл анықтама бізді қанағаттандырмайды. Совет психологы Б. Г. Ананьев (1907-1972) соңғы еңбектерінде интеллектті ой қабілетіне тән нәрсе деп санайды. Бұл дұрыс пікір. Осы пікірді басшылыққа алып, біз ақылды немесе интеллектті ой процесінің жемісі екенін дәлелдемекшіміз. Ойлау үстінде адам бір ниеттен екінші ниетке ауысып отырады. Бұл процессуалдық құбылыс».

Балаларға жасаған зерттеу процесінде клиникалық әңгімелесу әдісін ойлап тапқан швейцариялық атақты психолог, логик, философ әрі генетикалық психологияның негізін салушылардың бірі Жан Пиаже (1896-1980) болды. Содан соң бірнеше кезеңдерден тұратын балалардың баяу дамитын процесін, яғни когнитивтік тұжырымдамасын шығарды. Пиаже интеллектің дамуы психикалық дамудың ең негізгі діңгегі деп ойлайды.

Интеллект дамуы кезеңдері туралы Ж. Пиаже теориясы
Интеллект дамуы кезеңдері туралы Ж. Пиаже теориясы: Кезеңдер
Жасы
Қысқаша мінездеме
Интеллект дамуы кезеңдері туралы Ж. Пиаже теориясы: Сенсомоторлы интеллект
0-2 жас
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарымен жасалған іс әрекеттер «іс әрекет схемасының» қалыптасуына әкеледі. Баланың іс әрекеті «топтама» құрайды.
Интеллект дамуы кезеңдері туралы Ж. Пиаже теориясы: Операцияға дейінгі интеллект
2-8 жас

Баланың тілі шығып, оның жасаған іс әрекетінің нәтижесі еріксіз оның ойлауымен байланысты. Бұл кезең екі фазаға бөлінеді:

1) Тіл шыққаннан бастап ересектермен байланыс жасағанға дейін (1, 5 жастан 3-4 жасқа дейін) ;

2) Когнитивтік құрылымдардың қалыптасуы, яғни баланың сөздің мағынасын түсінетін фаза (3-4 жастан 6-7 жасқа дейін) . Дамудың қорытындысы: қоршаған ортаға деген өзіндік түсініктің қалыптасуы. Субъективті топтан объективті топқа ауысу.

Интеллект дамуы кезеңдері туралы Ж. Пиаже теориясы: Тиянақты операция кезеңі
8-12 жас
Байқау елестетулерінің «топтамасымен», интеллектуалды операциялардың пайда болуымен сипатталады. Ақыл ой операцияларын орындауда қабылдау маңызды рөл атқарады.
Интеллект дамуы кезеңдері туралы Ж. Пиаже теориясы: Формальды операция кезеңі
12 жастан бастап
«Операциямен операцияға» көшу, яғни абстракты ойлау негізінде дедуктикалық талқылау әдісі қалыптасады. Тепе-теңдік тұрақты. Логикалық операциялар «топтамасы».

ИНТЕЛЛЕКТ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІ

Адамның интеллект деңгейі туған нәсілінен басқа тәрбиеге, біліміне және әлеуметтік мәдени жағдайларға байланысты. Интеллекттің қарқынды дамуы барлық психикалық қызмет сияқты балалық және жастық шақта болады. Интеллект қолайлы жағдайда, өмір бойы байиды. Биологиялық және әлеуметтік себептердің әсерінен интеллектуалдық даму артта қалуы не тоқтап қалуы мүмкін. .

Интеллект тесттері объективті диагностикалық келістер шеңберінде пайда болған әдістемелердің жиынтығы болып табылады. Олар интеллектуалдық даму деңгейін өлшеу үшін қолданылады. Интеллект тесттері психодиагностикада едәуір кең таралған әдістердің бірі болып табылады. Интеллект көріністері әр түрлі болып келеді. Интеллектіні өлшеу объектісі ретінде түсінудің өзі индивидуалдылықтың кез келген көрінісін өлшеу емес, ол ең алдымен таным қасиеттері мен ерекшеліктеріне қатынасы барын өлшеу болып табылады. Бұл өзінің көрінісін көптеген әр түрлі интеллектуалдық функцияларды бағалау үшін қолданылатын тесттерде тапты (логикалық ойлау тесттері, арифметикалық тесттер, кеңістік визуализация тесттері және т. б. ) . осылайша империкалық тұрғыдан құрылған тесттердің бір қатары (реакция уақытын, көру мен естудің ұшқырлығын, бұлшықеттің күшін өлшеуден «тазаланған» тесттер) жеткілікті тұрғыда белгілі бір әлеуметтік ситуацияларда мінез-құлықтың ерекшеліктерін, эмоцияларын, қызығушылықтары танып білуге бағытталған тұлға тесттерінен - яғни индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерді

өлшеу әдісінің басқаларынан ерекше бөлініп шектеледі.

Алғашқы интеллект тесттерін Ф. Гальтон ұсынған болатын. Ол «Ақыл-ой операциясының санын және оларды оларды өлшеуге» талпынған еді (Ф. Гальтон 1879 ж. ) . сонымен қатар Гальтон индивидуалдық айырмашылықтар бойынша мәліметтерді талдаудың математикалық статистикалық әдісін өңдеп шығарған болатын. Гальтонның идеясын дамуына үлес қосқан Кэптел болатын. Ол ақыл-ой тесттерін кеңінен пайдаланудың бастауын салды. Кэптелдің зерттеулерінен одан кейін Еуропалық психологтар мен клиницистердің зерттеулері қазіргі интеллект тесттерінің негізін салды, мұнда 1905 жылы өңделген Бине Симонның - «Ақыл-ой дамуы шкаласының жатқызсақ болады». Интеллект тесттерінің дамуының мықты стимулы болып ХХ ғ. басында қолға алынған әр түрлі тесттердің көмегімен түрлы зерттелінушілерден алынған көрсеткіштердің арасындағы өзара байланысып, орнату мақсаты болып табылған, интеллект табиғаты бойынша статистикалық жұмыстар табылды. Спирмен (1904-1927), Тэрстаун (1901-1947) қазіргі психодиагностика кеңінен пайдаланды, жүрген кешендік тестілік батареялардың пайда болуына себеп болды. Интеллект тесттерінің көмегімен алынған нәтижелер сандық тұрғыда интеллект коэффициенті түрінде көрсетіледі. Интеллект тесттерінің нәтижелеріне белгілі бір мәдениет пен әлеуметтік топқа жату ғана әсер етпейді. Сонымен қатар субмәдениет формальды біртекті таңдаудың өзіне де сынаушылар бір әлеуметтік қабатқа жатады, жынысы және білімі бойынша айырмашылық жоқ.

Роберт Стенберг үшбірлік теориясын психиканың үш түрлі процесінің компонентінен тұратынын ұсынды:

Интеллектіні тексеру немесе тест тапсырмасы негізгі тұлғаның дамуын жоспарлауда интеллектуалды моральды адамның психологиялық эволюциясын анықтауда қолданады. Интеллектінің дамуы адамның болашағы ғана емес тағдырында айқындайды. Интеллектіні зерттеу адамдарды ерте замандардан - ақ қызықтырған. «Кім пайдалы, ақылды, керекті» деген сұрақтарға жауап іздеген. Психологиялық әдістемелерді интеллектінің дамуын тексеру үшін тесттердің алатын орны ерекше.

Интеллекті психологиялық зерттеу әдістері үш түрге бөлінеді:

Соңғы жылдары интеллект парасаттылық деген қағидалардың тенденциясы кеңінен көрсетілуде, мазмұны тек когнетивті сферадағы шекарадан шығуда Г. Ольвард интеллект терминінің көп реттік қабілеттілік деп анықтауда бұлардың әр біреуі өмірлік іс-әрекетке белгілі жетістіктер және табыстарға жетуге өте қажет.

Интеллектінің әр компонентінің бағалылығы нақты қоғамдық ережелермен анықталады, бұларды мақталатын немесе мақталмайтын келесі интеллектілердің қабілеттілігі дамиды:

Тұлға тесті терминінің бірдей түсіндірілуі жоқ, кейбір психологтар оның кең мағынада қолданады, бұл түсінікті интеллектуалдық емес сонымен қатар интеллектуалдық кескіндермен де біріктіріп түсіндіріледі. Көбінде психологиялық тестілеуде бұл термин (тұлға тесті) өзіне эмоционалдық тұрақтылық (реттеу), тұлғааралық қатынастардың ерекшеліктері мотивациялар, қызығулар және т. б. сияқты бірнеше мазмұндарды өлшеу сферасын қамтиды. Тұлға тесттерін пайдаланудың алғашқы жұмыстарын Э. Крепелиннің клиникалық зерттеулерінен көруге болады. Ол еркін ассоциация тесттерін пайдаланған болатын. Бұл тест субъектінің арнайы іріктелген сигналдық сөз-тітіркендіргіштеріне бірінші келген ойды жауап ретінде қайтаруға негізделген әдіс болатын Э. Крепелин шаршау, ашу наркомания сияқты феномендерді зерттеген болатын.

Тұлғалық тесттер негізінен 3 топпен ұсынылады:

  • сұрақнамалар (өзіндік есеп берулер) ;
  • ситуативтік тесттер;
  • проективті тестілеу.

Р. Амтхауэрдың интеллект құрылымы тесті

Қазіргі кезде кең тараған әдістердің бірі Амтхауэр тесті. Бұл тестті тәжірибеде қолданудың пайдасы адамның интеллектуалдық мүмкіндіктері мен білім деңгейінің дамуын нақты анықтауға болады. Адамның еңбек ету әрекеттеріндегі басқарушы мен орындаушы арасындағы қарым қатынасты да жақсартуға да мүмкіндік береді.

TSI жеке субтестері нәтижесінің интерпретациясы

  • 1-субтест «СТ» (сөйлемді толықтыру) :пікірдің тууы, дұрыс ой, нақты практикалыққа акцент жасау, ойдың дербестігі.
  • 2-субтест «АШ» (артықты шығару) :тілді түсіну, индуктивті сөздік ойлау, сөздік мағыналарды дәл беру, вербалды жоспарға қатысты жоғарғы реактивтілікті сезіну.
  • 3-субтест «Ан» (аналог) :комбинациялауға қабілеттілік, ойлаудың тұрақсыздығы және жылдамдығы, қатынастарды түсіну, ойлаудың жағдайлығы, шешімдерге қанағаттанбаушылық.
  • 4-субтест «Жп» (жалпылау) :абстракциялауға деген қабілеттілік, ұғымдарды құру, ақыл-оймен құрушылық, өзінің ойларының мазмұнын сауатты көрсету және рәсімдеу ептідігі.
  • 5-субтест «Ем» (ес, мнемикалық қабілеттер) :еске сақтауға деген жоғарғы қабілеттілік, мағыналы қайта жаңғырту, кедергі және логикалылықта сақтай алу. Зейіннің жақсы шоғырлануы.
  • 6-субтест «АТ» (арифметикалық тапсырмалар) :практикалық ойлау, қалыптасқан мәселені жылдам шеше алу қабілеті.
  • 7-субтест «СҚ» (сандық қатар) :теориялық, индуктивті ойлау, есептеуге деген қабілеттілік, белгілі бір темп және ритмге, ретке келтіруге ұмтылу.
  • 8-субтест «КҚ» (кеңістіктік қиял) :геометриялық тапсырмаларды шеше алу ептілігі, кеңістіктік елестердің бай болуы, конструктивті практикалық қабілеттер, көрнекі-әрекеттік ойлау.
  • 9-субтест «КЖ» (кеңістіктік жалпылау) :кеңістіктік бейнелерге сүйне алу, сондай-ақ олардың қатынастарын жалпылау алу ептілігі. Аналитикалық-синтетикалық ойлаудың дамуы, теориялық және практикалық қабілеттің конструктивтілігі.

TSI нәтижелерін интерпретациялауда субтестерді келесі кешендерге біріктіру қолайлы.

  • Сигнал және символ ретінде сөздерге сүйенетін жалпы қабілеттерді ұсынатын вербалды субтесттер кешені: 1-5 субтесттер. Осы кешен бойынша жоғарғы нәитижеде вербалды интеллектіге ие болады, қоғамдық ғылымдарға және шет тілін үйренуге жалпы бағдар бар.
  • Тәжірибелік математика және программалау облысындағы жалпы қабілеттерді ұсынатын математикалық қабілеттер кешені: 6, 7 субтесттер. Екі субтестен де бірдей жоғарғы нәтижеге ие болу «математикалық дарындылықты» көрсетеді.
  • Теориялық және практикалық жоспарда конструктивті қабілеттерді дамытуды ұсынатын конструктивті субтесттер кешені: 8-9 субтесттер бойынша жоғарғы нәтижелік тек жаратылыстану-техникалық ғана емес жалпы ғылымдық дарындылықты көрсетеді.
  • Қабілеттердің тоериялық және практикалық кешені - олар: 2-4 және 1-3 осы субтесттер бойынша нәтижені салыстыру мүмкін кәсіби дайындықты және оқудағы жетістік жөнінде резюме айтуға болады.

ИНТЕЛЛЕКТ КОЭФФИЦИЕНТІ (IQ)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интеллектіні психогенетикалық зерттеу
Қиын балалар ұғымының мәні
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру туралы ақпарат
Дифференциалды психология түсінігі
Дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психологтың қызметі
Интеллект
Психогенетиканың қалыптасып дамуы
Психологиялық кеңес беру жайлы ақпарат
Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері
Фрейдтің психоаналитикалық теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz