Табиғатта микроағзалардың әсері жайлы ақпарат



1. Микроағзаларға жалпы сипаттама
2. Микроағзалардың табиғатта таралуы
3. Табиғатта микроағзалардың әсері.
4. Микроағзалардың биологиялық манызы
5. Микроағзаларға әсер ететін факторлар
6. Микроағзалардың топырақты қалпына келтірудегі маңызы
7. Микроағзалардың өзара қарым.қатынас типтері.
Микроорганизмдер , микробтар – тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер. Бұларды алғаш рет 17 ғасырда голланд ғалымы А.В. Левенгук ашқан. Микроорганизмдер арасында прокариоттар және эукариоттар тобына жататындары бар. Кейде Микроорганизмдерге вирустарды да жатқызады. Микроорганизмдер мөлшері жағынан тым ұсақ болғандықтан, оларды табиғи субстраттардан оқшаулап алуда (таза дақыл күйінде), өсіруде және зерттеуде ерекше тәсілдерді қолдауды қажет етеді. Микроорганизмдерді зерттейтін ғылым саласы – микробиология. Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір клеткалы организмдер. Олар, көбінесе, қарапайым бөліну арқылы тез көбейеді. Көп клеткалы организмдерге тән өте күрделі жынысты көбею процессі бұлардың көбінде болмайды.
2.Микроағзалардың табиғатта таралуы.Табиғаттағы тірі организмдер мейлінше алуан түрлі болады. Олардың ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен басқа, жай көзге көрінбейтін тірі организмдер — микроорганизмдер елеулі орын алады. Сыртқы пішініне және тіршілік жағдайларына қарай микроорганизмдер бірнеше топқа бөлінеді. Кейбіреулері ауыл шаруашылығында, медицинада баға жетпес пайда келтірсе, басқа біреулері жануарлар мен өсімдіктерге және адамдарға орасан зор зиянын тигізеді. Адам баласы микроорганизмдердің тіршілік әрекетін ерте бастан-ақ өздерінің күнделікті тұрмысында пайдалана білген. Олар сүтті ашытып айран, түрлі жеміс-жидектерден шарап, квас және сол сияқты алуан түрлі тағамдарды дайындай алатын болғай. Ертеде Египеттіктер мал азығын әжептәуір сүрлей де білген. Микробтардың пайдалы әрекеттерін қолданып қана қоймай, адам баласы олардың зиянды, бүлдіруші, зақымдаушы әрекеттеріне қарсы күрескен. Мәселен, Қытайда, Индияда және Кавказда шешек ауруына қарсы адамдарға арнаулы препараттар егетін болған. Жүқпалы аурулармен сырқаттанған адамдар бөлектелініп, жеке күтілген. Ал тамақ заттарын бүлініп кетпес үшін түздау, ашыту, қайнату, салқындату, кептіру арқылы сақтаған. Бұлардың барлығы микроорганизмдердің зиянды әрекеттеріне қарсы күресудің ертеден қолданылып келе жатқан басты шаралары болып саналады.
1. Егорова Т.А., Клунова С.М., Живухина Е.А. Основы биотехнологии. М.: «АСАДЕМА», 2003г. 568с.
2. Валиханова Г.Ж. Биотехнология растений. Алматы:Қонжық, 1996ж,272с.
3. Бутенко Р.Г. Биология клеток высших растений in vitro и биотеехнология на их основе. М: ФБК-ПРЕСС, 1999.160с.
4. Беккер М.Е. Введение в биотехнологию. М.: «Пищевая промышленность». 1976г. 272с.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БАӨЖ №1
Тақырыбы: Табиғатта микроағзалардың әсері.

Орындаған:Төкенқызы Аяулым

Тексерген:Бейсембаева Г.Ш.

Семей- 2015

Жоспар:

1. Микроағзаларға жалпы сипаттама

2. Микроағзалардың табиғатта таралуы

3. Табиғатта микроағзалардың әсері.

4. Микроағзалардың биологиялық манызы

5. Микроағзаларға әсер ететін факторлар

6. Микроағзалардың топырақты қалпына келтірудегі маңызы

7. Микроағзалардың өзара қарым-қатынас типтері.

1. Микроағзаларға жалпы сипаттама

Микроорганизмдер , микробтар – тек қана микроскоппен көруге болатын
өте ұсақ организмдер. Бұларды алғаш рет 17 ғасырда голланд ғалымы А.В.
Левенгук ашқан. Микроорганизмдер арасында прокариоттар және эукариоттар
тобына жататындары бар. Кейде Микроорганизмдерге вирустарды да
жатқызады. Микроорганизмдер мөлшері жағынан тым ұсақ болғандықтан,
оларды табиғи субстраттардан оқшаулап алуда (таза дақыл күйінде), өсіруде
және зерттеуде ерекше тәсілдерді қолдауды қажет етеді.
Микроорганизмдерді зерттейтін ғылым саласы – микробиология.
Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір клеткалы организмдер. Олар,
көбінесе, қарапайым бөліну арқылы тез көбейеді. Көп клеткалы
организмдерге тән өте күрделі жынысты көбею процессі бұлардың көбінде
болмайды.

2.Микроағзалардың табиғатта таралуы.Табиғаттағы тірі организмдер
мейлінше алуан түрлі болады. Олардың ішінде өсімдіктер мен жануарлар
дүниесінен басқа, жай көзге көрінбейтін тірі организмдер —
микроорганизмдер елеулі орын алады. Сыртқы пішініне және тіршілік
жағдайларына қарай микроорганизмдер бірнеше топқа бөлінеді. Кейбіреулері
ауыл шаруашылығында, медицинада баға жетпес пайда келтірсе, басқа
біреулері жануарлар мен өсімдіктерге және адамдарға орасан зор зиянын
тигізеді. Адам баласы микроорганизмдердің тіршілік әрекетін ерте бастан-
ақ өздерінің күнделікті тұрмысында пайдалана білген. Олар сүтті ашытып
айран, түрлі жеміс-жидектерден шарап, квас және сол сияқты алуан түрлі
тағамдарды дайындай алатын болғай. Ертеде Египеттіктер мал азығын әжептәуір
сүрлей де білген. Микробтардың пайдалы әрекеттерін қолданып қана
қоймай, адам баласы олардың зиянды, бүлдіруші, зақымдаушы әрекеттеріне
қарсы күрескен. Мәселен, Қытайда, Индияда және Кавказда шешек ауруына
қарсы адамдарға арнаулы препараттар егетін болған. Жүқпалы аурулармен
сырқаттанған адамдар бөлектелініп, жеке күтілген. Ал тамақ заттарын
бүлініп кетпес үшін түздау, ашыту, қайнату, салқындату, кептіру арқылы
сақтаған. Бұлардың барлығы микроорганизмдердің зиянды әрекеттеріне
қарсы күресудің ертеден қолданылып келе жатқан басты шаралары болып
саналады. Бірақ адам баласы табиғатта микробтардың тіршілік ететіндігін
жете білмегендіктен жоғарыда айтылған процестердін, сыры құпия болып
қала берді. Сондықтан да микробтар қатысуымен жүретін процестерді
басқаруға мүмкіндік болмады. Микроорганизмдер физиологиялық және
биохимиялық қасиеттері жағынан әр түрлі. Олардың кейбіреулері басқа
организмдер өніп-өсе алмайтын ортада тіршілік етуге бейімделген. Мысалы, 70
– 1050С ыстықта, жоғары деңгейдегі радиацияда және концентрациясы өте күшті
қышқылды (pH1,0) немесе сілтілі (рН 9,0 болатын, кейде одан да жоғары)
орталарда, NaCl-дың жоғары концентрациясында (25 – 30%), оттек жоқ жерде
(анаэробты жағдайда) тіршілік ете алатын микроорганизмдер белгілі. Олар өте
төмен температурада да, құрғақшылық ортада да көбейе алады. Кейбір
бактериялар мен балдырлар өз клеткасына қажетті барлық заттарды синтездеу
үшін СО2-ні пайдаланады, бұларды автотрофтар деп атайды. Бұлардың ішіндегі
кейбіреулері (мысысалы, сүт қышқылы бактериялары және қарапайымдылар)
өздерінің дамуына қажетті өсу факторларын, яғни дайын витаминдер, амин
қышқылдары немесе т.б. органикалық заттарды өздері синтездей алмайды.
Мұндай Микроорганизмдерді – ауксотрофтар деп атайды. Көптеген
Микроорганизмдер өте күрделі органикалық қосылыстарын (белоктар,
көмірсулары, соның ішінде целлюлоза, липидтер, нуклеин қышқылдары,
көмірсутектері) ыдыратса, кейбіреуі адамдарды және жануарларды уландыратын
(метанол, көміртотығы, күкіртсутек, нитриттер) заттарды пайдалана алады, ал
кейбір түрлері табиғи емес қосылыстарды ыдырата алады (ксенобиотиктер).
Микроорганизмдер табиғатта – топырақта, суда, ауада кең таралған,
биосферадағы зат айналымына белсене қатысады. Микроорганизмдер фотосинтез
процесі кезінде түрлі қосылыстардың минералдануына жағдай туғызып,
атмосферадағы СО2 қорының болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ топырақ пен
ауаға бірқатар биогендік элементтерді қайтарады. Микроорганизмдер ауадағы
молекуларық азотты сіңіруге де (азотфиксация) белсене қатысады. Тау
жыныстары мен топырақ түзілу процесін ыдыратып, кейбір пайдалы
қазбалардың (мысысалы, сульфидтер мен күкірт) түзілуіне әсер етеді.
Микроорганизмдердің практикалық маңызы зор. Олардың көпшілігі
өнеркәсіптің әр түрлі саласында (мал азықтық белокты түзу, шарап жасау,
нан пісіру, сүт қышқылы тағамдарын өндіру кезінде антибиотиктер,
витаминдер, амин қышқылдары, кейбір ферменттер, т.б.), адам шауашылығында
(сүрлем даярлауда, өсімдіктерді биологиялық жолмен қорғауда) кеңінен
қолданылады. Сондай-ақ Микроорганизмдер лас суларды тазартуда, жанар газ
– метанды түзуде пайдаланылады. Бірқатар Микроорганизмдер адамдар,
жануарлар және өсімдіктердің патогені болып саналады. Микроорганизмдердің
кейбір түрлері топырақты құнарсыздандырып, көптеген адам шауашылығын
өнімдерін бүлдіреді, металдардың коррозияға ұшырауына ықпал етеді.
Микроорганизмдер биологияның көптеген мәселелерін шешуде маңызды зерттеу
нысаны болып саналады. Соның нәтижесінде көптеген биологиялық заңдылықтар
ашылып, биотехнологияның негізі қаланды. Табиғатта кейде микроорганизмңің
бір түрі өздерінің тіршілігі барысында микроорганизмнің екінші бір түрінің
дамуына аса колайлы жағдай жасайды.

3.Табиғатта микроағзалардың әсері. Табиғаттағы күкірт айналымына физикалық,
химиялық факторлармен қатар, биологиялық процестер де әсер етеді. Әдетте
күкірт тірі ағзалар цитоплазмасында кездеседі. Өсімдік қалдықтары және
жануарлар өлескелері  ыдыраған кезде олардан күкірт бөлінеді. Бұл
қосылыстың түзілуі құрамында күкірті бар ақуыз заттардың ыдырауына
байланысты. Ақуызды осындай өзгеріске ұшырататын –  шіру бактериялары.
Сонымен қатар күкірттің әр түрлі қосылыстары түрлі вулкандардың атқылауы
кезінде газ күйінде бөлініп, атмосфераға таралады. Топырақта түрлі
биологиялық процестер әсерінен пайда болған сутегі құрамында күкірті бар
амин қышқылдарын тотықсыздандырады да, көмірсутегін түзеді. Сонымен қатар
көмірсутегі және күкіртті қышқылдар тұздарының сутегі ионының
тотықсыздандырғыш әрекеті нәтижесінде пайда болады. Мұндай тотықсыздану
қабілеті, әсіресе күкірт бактерияларынан байқалады. Олардың негізгі
өкілдерінің біріне Spirillum desulfuricans жатады. Ол ұсақ спираль тәрізді
таяқша бактерия. Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер күкірт
бактерияларының негізінен екі түрлі болатынын анықтады. Оның біріншісі –
вибрио, екіншісі – споровибрио. Олар құрамында органикалық қышқылдар
спирттер болатын ортада жақсы өніп өседі де, күкірт қышқылының тұздары –
сульфаттарды оңай тотықсыздандырады. Бұл процесс ауасыз жерде өте қарқынды
жүреді. Мысалы, қант ортадағы көміртегі көзі болса, тотықсыздану реакциясы
былайша жүреді.  C6H12O6+(6H++3SO42( ( 6CO2+6H2O+3H2S.  Осындай
микробиологиялық процестің нәтижесінде топырақта енбесе суда пайда болған
күкіртсутегі тірі ағзаларды уландырады. Көмірсутегінің біртіндеп жиналуы
нәтижесінде мұндай орталарда тіршілік біте–бірте тоқталады. Ағзалар
бірқалыпты тіршілік етуі үшін күкірсутегі күкірт қышқылына дейін тотығуы
қажет. Сонда ғана күкіртсутегінің улы қасиеті жойылып, өсімдіктерге сіңімді
қосылысқа айналады. Бұл процесс табиғатта үздіксіз жүріп жатады. Процестің
жүруіне себепші болатын ағзалар – күкірт және тион бактериялары. Тион
бактериялары Tiobacillus туысына жатады. Оны алғаш рет теңіз түбі
балшығынан Натансон 1902 және М. Бейеринг 1904 тауып жеке бөліп алған. Бұл
бактериялар тиосульфатты, күкіртсутегін, сульфиттерді, тетратионаттарды
және тиоционаттарды тотықтыруға қабілетті. Tiobacillus denitrificans ғана
нитраттар бар жерде анаэробты жағдайда тіршілік ете алады. Күкірттің
бейорганикалық қосылыстарын тотықтыратын бактериялар пайдалы қазбалардан
түрлі металдарды өндіріп алуға қолданылады. Мысалы, Тhiobacillus feroxidans
  бактерияларын сульфитке кедей рудалардан күкіртті толығырақ өндіріп алуға
қолданылады.  Жіпше күкірт бактериялары бегиоттар қатарына жатады. Оған
бегиотта, тиотрикс жатады. Бегиотта бактериялары көмір қышқылдарынан
көміртегін бөліп алып сіңіре алады, яғни олар хемоавтотрофтылар болып
есептеледі. Ал өздеріне қажетті энергияны сульфиттерді молекула күйіндегі
күкіртке дейін тотықтыруды қамтиды.

4.Микроорганизмдер биологиялық манызы.Микробиология – жай көзге
көрінбейтін, ұсақ тірі организмдерді олардың құрылысы мен
биологиялық, биохимиялық қасиеттерін және табиғатта жүріп жатқан
процестердегі ролін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан -
жақты зерттейтін ғылым. Микроағзаларының басым көпшілігі –
бақтериялар, сонымен қатар микробиология төменгі сатыдағы
саңырауқұлақтарды, микроскоптың ашытқыш саңырауқұлақтарды ұсақ
балдырларды, қарапайым ағзаларды, вирустарды да зерттейді. Өйткені,
бұл ағзалардың сыртқы пішіні, құрылысы өте ұқсас, әрі сол ортаға
тигізетін биохимиялық әсері жағынан да бірлестікте болады.
Микробиология, ботоника зоология ғылымдарының қарапайым ағзаларды
зерттейтін салалары мен тығыз байланысты. Ал ферменттер мен
витаминдерді зерттеуде микробиология, биохимия пәнімен де ұштасып
жатады. Микробиология ғылымның жетістіктері қазіргі кезде ауыл
шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруда, түрлі өсімдік пен
жануарлардың зиянкестеріне қарсы күресуде, шырынды азық сүрлемді
даярлауда кеңінен қолданылады. Топырақта жүріп жатқан негізгі
биологиялық процестер топырақтың құнарлылығы, оның сапасы мен
құралуы микроағзалар тіршілігіне байланысты. Микроағзалар тіршілігінің
нәтижесінде өсімдіктердің тамыр арқылы қоректенуі жақсарады. Сөйтіп
егіннің өнімділігі артады. Сондықтан микроағзалар тіршілігінің
нәтижесінде топырақта азот, көміртегі және фосфор элементтерінің
көбеюіне мүмкіндік туады.Жалпы микроағзалар әлемінің табиғаттағы
маңызы орасан. Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтары микробтардың
қатысуымен шіріп, ыдырайды. Олардың денесіндегі түрлі химиялық
элементтер ауа мен топыраққа тарайды.Осының нәтижесінде тіршілікке
қажетті заттар қайтадан пайда болады. Жанар қазба байлықтар –
шымтезек, таскөмір, мұнай сияқты заттардың да микроағзалардың
әрекеті нәтижесінде түзілетіні анықталды. Микроағзалардың тіршілігінің
ең бір айқын байқалатын жері – ашыту процесі. Күнделікті көріп
жүрген сыра мен шарап, тағамның шіріп, бүлінуі және көгеруі бәрі
де осы микроағзалардың әсерінен болады. Микроағзалардың қоршаған
ортаны ластанудан тазартуда айта қаларлықтай маңызы бар. Ірі
өндіріс орталықтарында, қалаларда қалдық заттарының көптеп жиналуы
тіршілік үшін аса қауіпті. Сондықтан, оларды уақытында осы зиянды
заттардан тазартудан микроағзаларды қолданады. Микробтар бізді қоршаған
ортада таралуы күнделікті кездеседі. Олар топырақта, суда, ауада,
өсімдікте, тағамда, заттарда, адам ағзаларында жануарлар мен
өсімдіктен айырмашылығы зат алмасу процесінде, олар метан, сутек,
молекулярлы азот көмірсутек тотығын пайдаланады да, жануарлар мен
өсімдіктер үшін қажетті заттарға айналады. Мысалы: шіріту
процесіне қатысатын микробтар өсімдіктердің шірігін, жануарлардың
мәйітін ыдыратып ауаға 90% СО2 бөледі.Қоршаған орта микроағзаларының
арақатынасының биология ғылымының арнайы саласы –экология зерттейді.
Микроағзалардың экологиясы – паразиттің құбылысын зоонозды аурулардың
шығу жолдарын, табиғаттағы аурулардың көзін анықтауға және
инфекциялық аурулардың дамуына қарсы күресуге бағытталған.
5.Микроағзаларға әсер ететін факторлар: антропогенді факторлардың
микробиоценоз құрылымына әсері. Антропогендік фактор (грек. anthropos –
адам, genos – тегі, пайда болуы, лат. factor – іс-әрекет) – адамның барлық
тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп
соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан
әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-
әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі,
сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен
топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының
бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл
биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын
байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ.)
мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. Интернет
жариялаған негізгі мәліметтерде жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік ылғалды
орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га
шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл
сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты
жойылатыны, өсімдіктердің 25 – 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны
атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт
диоксиді, азот және көміртек оксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны
анықталды. Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий
алқабының экологиялық апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар
негіз болып отыр.

Микроағзаларға радиоактивті сәулелердің де әсері зор. Оларға атомдар
мен молекулалардың иондануы тән. Сонда жасушаның молекулалық құрылымы
бүлініп, ол тіршілігін жояды. Бұл сәулелердің азғана мелшері әсер етсе,
микроағзалар жасушасындағы тұқым қуалаушылық қасиеті атқаратын ДНҚ
молекулаларын кейбір өзгеріске ұшыратады. Ал сәулелердің мөлшері арта
бастаса, жасушадағы зат алмасуы бұзылып, яғни жасушаауруға шалдығады да,
ақыр аяғында тіршілігі жойылады. Радиоактивті сәулелердің белгілі бір
мөлшерімен әсер ете отырып, микроағзалар жасушасындағы майдың, нуклеин
кышқылдарының немесе олар түзетін антибиотиктер мен дәрумендердің мөлшерін
арттыруға болады. Бұл қазіргі кезде микробиологиялық өнеркәсіпте кеңінен
қолданылып келеді.
6.Микроағзалардың топырақты қалпына келтірудегі маңызы

Тау жыныстары мен өсімдіктер қалдықтарының өзара әрекеттесуімен
қалыптасады деп көрсетеді. Топырақтану туралы қазіргі кездегі
түсініктің негізін қалаған В.В. Докучаев ол “Топырақ табиғаттың
ерекше тірі денесі деп қарау керек” деген сөзі бүгінгіге дейін
мағынасын жоғалтқан жоқ. Топырақтың сан алуан типі негізінен:
аналық жыныстардан климаттық және өсімдіктердің әрекетімен жердің
рельфтерінен, топырақ түзілу процесінің әсерінен болатынын
дәлелдеді.В.В.Докучаев замандасы топырақ жану ғылымына еңбек сіңірген
П.А.Костычев қара топырақ өсімдіктер мен оларды ыдырататын микроағзаны
қарым- қатынасының нәтижесінен түзілетінін дәлелдеді. Топырақ
түзілуінің биологиялық бағытын академик В.Р.Вильямс еңбегінен
кездестіреміз. Ол әрбір топырақ типтеріне сай өзіндік микроағзалар қауымы
тіршілік ететінін көрсетті. Құнарлылықтың негізі болып есептелген
топырақ қара шірігінің түзілуі, микроағзалар тіршілігіне байланысты деп
дәлелдеді. Микроағзалар- топырақтың негізгі құрам бөлігі. Топырақ
органикалық және органикалық емес затардан құралады. Олардың минерал
бөлшектеріне көбнесе органикалық заттар жабысып, түйіршіктер құрайды. Міне
бұл түйіршіктер микроағзалардың негізгі тіршілік ететін мекені. Топырақта
микроағзаларға қажетті қоректік заттар мол болады да, тікелей түскен күн
сәулесі кең оларды қорғап тұрады. Топырақта негізделген бактериялар,
актиномицеттер, ашытқы саңырауқұлақтар микроскоптық саңырауқұлақтар,
балдырлар, қарапайым ағзалар, түрлі насекомдар ғана емес, түрлі
ультрамикроскоптық тіршілік иелері – фагтар. Бактериофагтар және
актинофагтар кездеседі.Осы ағзалардың белсенді тіршілігінің арқасында
ғана топырақта қалатын жылма – жылғы өсімдіктер мен жануарлардың
қалдықтары ыдырап биохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Олардан құрылым
мүлде өзгеше жаңа заттар пайда болады. Бұл заттардың мөлшері топырақтың
түрліше байланысты түрліше болады. Мәселен: орманды жерлердегі
органикалық қалдықтардың жылдық мөлшері әр ГА–1,5–7 тоннаға дейін, ал
шалғынды жерлердің гектарындағы органикалық қалдық мөлшері 2 – ден ІІ
тоннаға дейін жетеді. Бұл қалдықтарда азотты және көміртекті заттар
көп. Олармен микроағзалар қоректенеді. Осылайша, органикалық заттарды
ыдырату үшін топырақтағы микроағазалардың саны мен әрекеттері де
түрліше болу керек. Топырақтағы микроағзалардың бір бөлігі көбейетін
болса, екінші бөлігінің тіршілік процестері аяқталып, өлексеге
айналады. Олармен тірі микробтар қоректеніп, ыдыратады. Ыдырау
өнімінің қалдықтарынан қарашірік түзіледі. Академик В.Р.Вильямс зертеуі
көрсеткендей өсімдіктер ұсақ түйіршікті топырақтарда өсіп дамиды.
Мұндай түйіршіктер микроағзалардың тіршілік әрекетінен пайда болған
гумустан түзіледі. Сөйтіп микроағзалар топырақ түзуші негізгі
факторлардың бірі болып табылады. Қарашіріктің мөлшеріне және ондағы
қоректік заттардың сапасына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТОПЫРАҚ БИОЛОГИЯСЫ
Микроорганизмдер. Микроорганизмдерге жалпы сипаттама
Табиғатта микроағзалардың әсері туралы
Табиғатта микроағзалардың әсері жайлы
Табиғатта микроағзалардың әсері жайлы мәлімет
Дезинфекция және дезинфекциялық ерітінділерге сипаттама
Төменгі сатыдағы өсімдіктердің техногенді ластанған топырақтың биологиялық белсенділігіне әсері
Клетка микроағзалардың структурасы
Топырақ биологиясы пəнінің зерттеу нысандары мен əдістері
Табиғатта микроағзалардың әсері
Пәндер