Негізгі қорлар жайлы мәлімет


Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Семей 2015
Жоспар:
І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Негізгі қорлардың мәні, маңызы.
- Негізгі қорларды бағалау.
- Негізгі өндірістік қорларды қолдан удың көрсеткіштері.
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі - кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту - нарықтық эко-номиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңі-регіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын өз бетінше қалай және не өндіру, қандай мақсатқа және оның қарамағындағы ресурстарды қайтіп пайдалануды шешеді. Ондай материалдық ресурстарға: материалдық-техникалық, еңбек, қаржылық және ақпараттық т. б. жатқызуға болады.
Сонымен, экономикалық жауапкершілікте, барлық ресурстар түрін тиімді пайдалануды жақсартуда, кәсіпорын басшысы алдына қойған күрделі мәселелерді шешуге үлкен мақсат қоюы керек.
Бүгінгі таңда, қоғамдық өндірістің даму бағыты - әлемдік нарықта инновацияға негізделген бәсекеге төтеп беретін өнім шығару. Соның нәтижесінде еліміздің экономикасы алдағы он жылдықта әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөнінде мақсат қойып отыр.
Ұлттық экономика тиімділігінің негізін елдің табиғи және еңбек ресурстары мен ғылыми-техникалық әлеует құрайды. Экономиканың жаңа сапалы жағдайына өту инновациялық қызметтің маңыздылығын, ғылым сыйымды өндіріс дамуын жоғарылатты, бұл - экономикалық дағдарыстан шығудың және экономикалық өсім үшін шарттарды қамтамасыз ететін маңызды фактор. Экономикалық сферада инновациялық қызметтің мазмұны материалдық салада жаңашылдықтарды құру және тарату болып табылады. Ол - ғылым мен өндірістік сфера арасын байланыстырушы буын.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметі - қоғамның жаңашылдықтарда қажеттілігін қанағаттандыру үшін олардың өндірісінің жаңа әдісін, тауар не қызметтің жаңа түрін алу мақсатында ғылыми, ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуетін қолдану бойынша шаралар жүйесі.
Қазіргі заманғы экономика материалдық қамсыздандыруды өзіндік күштермен құруға бағытталған экономикалық тәуелсіздікке ұмтылатын адамдардың бірлестігі болып табылады. Осындай адамдар болу үмітінен өркениетті, тиімді нарықтық экономикаға өту басталады. Экономикалық революцияның нақ осы түрі бүгінгі күні қоғамға қажет. Инновациялық жоба - инновацияларды енгізуге бағытталған және инвестициялар қарастырылатын, сондай-ақ белгілі уақыт ішінде жүзеге асырылып, аяқталған сипаттағы шаралар. Жаңашыл жобаны құру - ұзақ, қымбат және өте тәуекелді үрдіс. Инновациялық жобалар инновациялық циклдің барлық кезеңдерінде жоғары анықталмағандықпен сипатталады. Сонымен қатар, тәжірибеден өткізу және өндіріске енгізудің барлық кезеңдерінен өткен жаңашылдықтар нарықта қабылданбай, олардың өндірісін тоқтату керек болады. Көптеген жобалар құрудың алғашқы кезеңінде үміт еткен нәтижелер беріп, кейін анық емес немесе техникалық-технологиялық перспективада жабылуға тиісті. Тіпті сәтті деген жобалар сәтсіздіктерден кепілденбеген: өмірлік циклінің кез келген сәтінде олар бәсекелесінде жаңа перспективалы жаңашылдықтың пайда болуынан сақтандырылмаған.
Негізгі қорлар дегеніміз ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы; олар өндіріске қызмет көрсете отырып, өзінің табиғи-заттай нысанын сақтайды, өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өнім мен көрсетілген қызметтерге көшіреді.
Негізгі қорлардың екі түрі болады: өндірістік негізгі қорлар және өндірісітік емес негізгі қорлар.
Жаупкершілігі шектеулі серіктестіктердің жаңашыл үрдістердi басқаруға кешендiк, жүйелiк әрекет етудiң болмауы елдің инновациялық әлеуетiн дамытуды тежейдi және оны одан әрi дамытудың басымдықтарын дұрыс бiлдiруге мүмкiндiк бермейдi. Шешiм таппауы отандық инновациялық әлеуеттiң дамуына терiс әсер ететін мынадай негізгі мәселелерді көрсетуге болады:
- тұтынушылардың талап етуі үшiн оларды нарыққа шығару мақсатында технологиялар мен өнiмдердiң көпшiлiк ғылыми әдiстемелерiнiң аяқталмауы. Бұл әлеуетті серiктестердiң көз алдында ұсынылған технологиялардың (немесе өнiмдердiң) құнын күрт төмендетедi;
- технологиялық жаңа әзірлемелерді енгiзудiң және оларды нарыққа шығарудың қазіргі заманғы тетiгiнiң болмауы. Нарықтық жағдайлардағы жаңа әзірлемелерді игеру тетігі жоғарғы тәуекел, бiрақ табысты жағдайда жоғары қайтарым тән болатын шағын инновациялық нарықпен үздiксiз байланысты. Дамыған экономикаларда шағын инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту үшін қажетті жағдайды (инфрақұрылымды) қамтамасыз ететiн халық шаруашылығының ерекше секторы жұмыс iстейдi;
- инновациялық жобаларға жәрдемдесетiн технологиялық парктер және мамандандырылған бизнес-инкубаторлар, тәуекелдiк қаржыландыру қорларының желісі (венчурлық қорлар), олардың жылдам өсу кезеңiндегi фирмаларды қолдаудың арнайы қаржылық тетіктері, фирмаларды және зияткерлік меншікті сертификацияланған бағалаушылар және басқалары сияқты, дамыған инфрақұрылымдық элементтердiң болмауы;
- ішкі нарықта озық технологияларға және өнеркәсіптік жаңа әзірлемелерге төлемқабілетті тапсырыстың болмауы.
Мемлекетіміздің аталған экономикалық саясатын іске асыруда кәсіпорындардың атқаратын ролі өте зор, себебі олар қоғамдық өндірістің негізгі буыны болып табылады. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс.
Нарықтық экономика жағдайында әртүрлі меншік түріндегі кәсіпорындар техника мен технологияны пайдалана отырып өз қызметін бәсекеге қабілетті етеді. Ал олардың бәсекеге түсетіндей өнім өндіруі (қызмет көрсетуі), осы өндірілген өнімдердің (көрсетілген қызметтердің) жоғары сапада болуы сөзсіз.
Негізгі қорлар қозғалыстық ұлттық байлықтың негізгі бөлімі болып келеді және қай елдің экономикасында болмасын анықтаушы ролінде ойнайды. Негізгі қорды тиімді немесе дұрыс пайдалану елдің экономикасын көтерілуіне негізгі жағдайда болып келеді.
Материалдық өндіріс саласынжа жұмыс істейтін негізгі қорлар - өндірістік негізгі қорлар деп, ал өндірістік емес салада жұмыс істейтін негізгі қорлар - өндірістік емеснегізгі қорлар деп аталады.
Негізгі қорлардың сныптамасы:
- Ғимараттар.
- Құрылыстар.
- Жіберу құралдары.
- Машина мен құралдар.
- Тасымалдау құралдар.
- Құрал сайман.
- Өндірістік түгендеме.
- Шаруашылық түгендеме.
2. Негізгі қорларды бағалау.
Негізгі қорларды бағалаудың өндірістік процесінде ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына байланысты және осы уақыт аралығында қайта өндірудің жағдайына байланысты бірнеше түрі болады. Олар:
1) Негізгі қорлардың бастапқы құны - қорларды дайындауға, жинауға, әкелуге кеткен шығындардың жиынтығы.
2) Қайта өндіру құны (қалпына келтіру) - негізгі қорларды қайта өндіруге кеткен шығындардың жиынтығы.
3) Қалдық құн - негізгі қорлардың тозуды алып тастағанда бастапқы немесе қалпына келтіру құны.
Негізгі қорларға баға беру келесі құн түрлері бойынша жүргізіледі:
- Негізгі қорлардың бастапқы құны, оларды сатып алу жылы болған бағаларға, жеткізу шығындарына және құру және қою құнына тәуелді болады.
- Қайта есептеу құны - берілген жыл бағалары бойынша негізгі қорларды жасау немесе сатып алу құны (қайта бағасын анықтау мезетіне байланысты) :
= *
=
- Қалдық құны бойынша - қорлардың тозуын есебке алу:
= -
- жою құны бойынша - баланстан шығарылатын қордың бағасы
- баланстық құны бойынша - бухгалтерлік баланстың бірінші бөлімінде жазылатын құн.
Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына мынадай факторлар әсер етеді: шығарылатын өнім түрі, оның жалпы көлемі, автоматтандыру және механикаландыру деңгейі, мамандандыру және бірлестіру деңгейі, кәсіпорын орналасуының климаттық және географиялық жағдайлары.
3. Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері:
- негізгі өндірістік қорларды экстенсивті қолдану көрсеткіштері,
- негізгі өндірістік қорларды жедел түрде қолдану көрсеткіштері,
- негізгі өндірістік қорларды интегральды қолдану көрсеткіштері
1) Құралдары экстенсивті қолдану коэффициенті, құралдардың сменалық жұмыс жасау коэффициенті, құралдарды толық пайдалану коэффициенті жатады, яғни бұл көрсеткіштер құралдардың уақыт мөлшерінде қолданылу деңгейін көрсетеді.
2) Өндірістік қорларды жедел түрле қолдану көрсеткіші негізгі қорлардың нақты өнімділігін, оның нормативті өнімділігіне бөлу арқылы анықталады.
К инт =В ф /В н
3) Құралдарды интегралдық қолдану коэффициенті құралдарды экстенсивті және интенсивті қолдану коэффициентіне көбейту арқылы анықталады, және ол құралдардың уақыт бойынша және өнімділігі бойынша қолданылуын сипаттайды.
Өндірістік негізгі қорлардың тиімділігін көрсететін жалпы көрсеткіш болып - қор қайтарылымы есептеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz