Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар туралы мәлімет


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: 1. Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар. 2. Ерекше қорылатын табиғи территориялар - қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі. 3. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау - биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.
Орындаған: Егізханов Қ. Н.
Тексерген: Мурзалимова А. К.
Тобы: ВМ - 401
Семей, 2015-2016 жыл
Жоспар:
1. Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.
2. Ерекше қорылатын табиғи территориялар - қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі.
3. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау - биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.
Экологиялық білім беру дегеніміз- әр түрлі днңгеидегі экологиялық білімдерді меңгеру. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар қоршаған ортаны қорғау дың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғатпен антропагенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары тұралы арнайы білім беру . Ал білім беру жүйесін экологизатциялау- экологиялық ойлардың, принциптер мен көзқарастың басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әр түрлі салалардың мамандарын даиындау.
Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты- табиғаттқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялық білім беру дегенде әрбір адамның жалпы экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған үздіксіз білім, тәрбие беру даму процестерін түсінеміз.
Экологиялық жауапкершілік адамның мына қасиеттерімен байланысты: өз іс-әрекетін бақылау, табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кездегі және болашақты нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен қарай білу және т. б.
Жоғарғы айтылғандарға байланысты педагогтардың халықаралық экологиялық қозғалысы қоршаған орта саласындағы білім беруді жалпы білім беру жүиесін жетілдірудің маңызды бағыты деп есептеледі.
Экологиялық білім беру дегеніміз- әр түрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар қоршаған ортаны қорғау дың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғатпен антропагенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары тұралы арнайы білім беру . Ал білім беру жүйесін экологизатциялау- экологиялық ойлардың, принциптер мен көзқарастың басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әр түрлі салалардың мамандарын даиындау.
Ерекше қорылатын табиғи территориялар - қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - қоршаған табиғи ортаны қорғауға байланысты мемлекет және жеке адамдар тарапынан арнайы бөлініп қорғауға алынған жер телімдері мен су айдындарының жеке бөлімдері. Қазіргі кезде дүние жүзінде Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың саны 13 мыңнан асты, бұл Жер бетінің 8, 5 %-ына тең. Халықар. жіктеу бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 10 топқа бөлінеді: 1. Қатаң түрде қорғалатын табиғи-ғыл. резерваттар; 2. Ұлттық саябақтар; 3. Табиғат ескерткіштері мен табиғаттың ерекше көрікті нысандары; 4. Табиғат қорғауға арналған резерваттар; 5. Қорғалатын ландшафтылар; 6. Табиғат ресурстарын сақтауға арналған резерваттар; 7. Антропол. резерваттар (адамның іс-әрекеттерімен жасалған нысандарды қорғау) ; 8. Жергілікті жердің өзіне тән табиғаты қорғалатын және түрлі мақсатта пайдаланатын аумақтар; 9. Биосфералық резерваттар; 10. Бүкіләлемдік маңызы бар тарихи және табиғи орындар. Қазақстан Республикасы 2006 ж. 7 шілдесінде қабылданған «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 4-тарауының 4-бабында респ. маңызы бар Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы түрлері: мемлекеттік табиғи қорықтар; мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар; мемл. табиғи резерваттар; мемлекеттік зоология саябақтар; мемлекеттік ботаникалық саябақтар; мемлекеттік дендрол. саябақтар; мемлекеттік табиғат ескерткіштері; мемлекеттік табиғи қорықшалар; мемлекеттік қорықтық аймақтар. Қазақстан бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға: 10 мемлекеттік қорықтар, 10 мемлекеттік ұлттық саябақтар; 3 табиғи резерваттар; 49 табиғи қорықшалар, 127 геологиялық табиғи-қорықтық қор, 5 қорықтық аймақ, 6 ботаникалық және 3 зоологиялық бақтар, 26 мемлекеттік табиғат ескерткіштері, 2 ірі резерват (Семей, Ертіс орманы) бар. Бұлардың жалпы аумағы 2 млн. га-дан астам. Бұл көрсеткіш республиканың жалпы жер аум-ның 8%-ына тең. Халықар. стандарт бойынша әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10 - 12%-ы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бөлінуі тиіс. Мыс., мұндай көрсеткіш Германияда 31, 5%, АҚШ-та 15, 8%, Жапонияда 14%, т. б. 2008 ж. Дүниежүзілік мұралар комитетінің 32-сессиясының шешімімен ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік табиғи мұралар тізіміне, Орт. Азия мен Қазақстан бойынша алғаш рет Қорғалжын қорығы мен Наурызым қорығы енгізілді.
Мыналар:
1) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау мен қаржыландыру;
2) қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн ақы төлеу;
3) табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеу;
4) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;
5) нарықтық тетiктер және қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн квоталарды сату;
6) экологиялық сақтандыру;
7) қоршаған ортаға келтiрiлген залалды экономикалық бағалау қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетiктерiнiң түрлерi болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар.
1. Қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдық, әлеуметтiк және экономикалық шаралар кешенi қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар болып табылады.
2. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға:
1) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған;
2) қоршаған ортаның сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы қоршаған орта құрауыштарының жай-күйiн жақсартатын;
3) экологиялық жүйелердiң жай-күйiн тұрақтандыру мен жақсартуға, биологиялық әртүрлiлiктi сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға ықпал ететiн;
4) қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына залал келтiрудiң алдын алатын және оларды болғызбайтын;
5) қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгiзуге бағытталған әдiстер мен технологияларды жетiлдiретiн;
6) өндiрiстiк экологиялық бақылауды дамытатын;
7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық жүйелердi қалыптастыратын және экологиялық ақпарат беруге ықпал ететiн;
8) экологиялық бiлiмдi насихаттауға, тұрақты даму үшiн экологиялық бiлiм мен ағарту iсiне ықпал ететiн iс-шаралар жатқызылады.
3. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға осы баптың 2-тармағында көзделген инвестициялық экологиялық жобалар жатқызылуы мүмкiн.
4. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралардың үлгiлiк тiзбесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
2. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру.
Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру:
1) бюджет қаражаты;
2) табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.
Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау.
1. Әртүрлi деңгейдегi бюджеттерден қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар мемлекеттiк, салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларда белгiленетiн бағыттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерiне сәйкес айқындалады.
2. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын экологиялық бағдарламаларды, жоспарларды әзiрлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен белгiленедi.
3. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар Қазақстан Республикасының, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламаларына, жоспарларына, белгiлi бiр аумақтың экологиялық бағдарламаларына, жоспарларына енгiзiледi.
4. Өңiрлiк экологиялық бағдарламалар, жоспарлар және тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламалары, жоспарлары олар бекiтiлгенге дейiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлуге жатады.
5. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары инвестициялық экологиялық жобаларды (бағдарламаларды) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзiрлеп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға табыс етедi.
6. Экологиялық бағдарламаларды әзiрлеу үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстары жүргiзiлуi мүмкiн, оларды өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау.
1. Табиғат пайдаланушының өз қаражаты есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды табиғат пайдаланушы дербес жоспарлайды.
2. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсаттар алу үшiн әзiрлейтiн қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарына енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау. Өзге де көздер есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
3 . Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы.
1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленедi.
2. Табиғат пайдаланушылар экологиялық рұқсатта айқындалған нормативтер шегiнде жүзеге асыратын қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ластаушы заттардың және қалдықтар түрлерiнiң тiзбесiне сәйкес алынады.
3. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақыны есептеу әдiстемесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
4. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы ставкаларын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен базалық ставкалардан төмен болмайтындай және шектi ставкалардан жоғары болмайтындай етiп белгiлейдi.
5. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы бойынша салықтық мiндеттемелердi атқару табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға келтiрген залалды өтеуден босатпайды.
Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер.
Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленедi.
Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау - биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.
Ноосфера (гр. νόος-сана және σφαῖρα-орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos адам, spera -қабық) -биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор; ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені -Жер. Ноосфера -ақыл-ой сферасы деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз ғалымдары Э. Леруа (1870 -1954) мен Ноосфера туралы ілімнің негізін биосфера және адамзат бірлігі болып табылады. Адам өзі табиғатсыз өмір сүре алмайды. Ол әрқашан табиғаттың құрамында болады, табиғат адамға өзіндік әсерін тигізеді. Бұл жағдай адамзаттың тарихи дамуының биосфера эволюциясындағы рөлін, оның ноосфераға өту мүмкіндігін көрсетеді. Тек қана табиғат адамға өз әсерін тигізіп қоймайды, қарама -қарсы әсер де бар. Бұл әсер адамзат ақылы дұрыстап ойластырлған жағдайда ноосфераға өтуіне негізгі фактор болып табылады. Тейяр де Шарден Пьер (1881 -1955) енгізген. XX ғасырдың 30 -40-жылдары ноосфераны материалистік тұрғыдан сипаттап жазған В. И. Вернадский болды. Ол ноосфераны биосфера мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген адамзаттың бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы деп түсіндірді. Ноосфера-табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен және әлеуметтік-экономкалық заңдылықтармен тығыз байланысып жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы бұрын игерілмеген жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтарын пайдаға асырып қоймай, ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды игеруге, ядролық қарулар жасауға мүмкіндік берді. Ноосфераның пайда болуы мен дамуыЖер ғаламшарындағы органикалықдүние эволюциясының бірнеше кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең -заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең -тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшіншікезеңі -адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді. Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі -қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" -шар деген ұғымды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера-адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі. Ноосфера ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары Э. Лepya мен П. Тейяр де Шарден енгізді. Олардың ұғымы бойынша ноосфера биосферадан да жоғары деңгейдегі, бүкіл ғаламшарды қамтитын "ойлау қабығы". 1930-1940 жылдары В. И. Вернадский ноосфера туралы ілімді дамытып, терендете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz