Өнімнің өзіндік құнын төмендету, рентабельділікті арттыру әдістері жайлы мәлімет


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: «Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері. »
Орындаған: Қадашев Б. Н.
Тобы: ТО-207
Тексерген: Қ. Т. Нуралина
Семей - 2015ж.
Жоспар:
I. Кіріспе
1. 1. Өзіндік құн жайлы жалпы мағлұмат . . .
II. Негізгі бөлім
2. 1. Өнімнің өзіндік құны, оның мазмұны және құрылымы . . .
2. 2. Рентабельділікті арттыру әдістері . . .
III. Қорытынды
3. 1. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Кез келген кәсіпорын өзінің атқарған жұмысынан неғұрлым көп пайда алуға тырысады. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын тек жоғарғы тиімді бағамен сатып қана қоймай, сонымен қатар оны өндіруге және өткізуге кететін шығындарды қысқартуға тырысады. Кәсіпорын табысының ұлғаюының қайнар көзі, ең біріншіден, оның сыртқы жағдайына байланысты болса, екіншіден, кәсіпорынның ұйымдастырылған өндіріс үрдісінің тиімділігіне және өндірілетін тауардың кезекті өткізілуіне байланысты болады.
Өндірістік шығындар, өнімнің өзіндік құны экономикалық сатының басты элементтері болып табылады. Олардың деңгейі, көбінесе, пайда көлемін, кәсіпорын рентабельділігін және шаруашылық қызметінің тиімділігін анықтайды. Сонымен қатар, кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін, беріктілігін, қаржылық тұрақтылығын анықтай отырып, оның өндірістік шығындарын қысқартып, оптималды экономикалық жетілдірудің негізгі бағыты болып табылады.
«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деген ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында (Астана, 2005 жылғы 18 ақпан) :
«Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар.
Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз жеті жүз доллардан сәл ғана асса, 2004 жылдың соңында ол екі мың жеті жүз долларға жетті, ендеше 2005 жылы біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз енді үш мың доллардай болады деген болжамымыз бар.
Мен 2010 жылы жан басына шаққанда жалпы ішкі өнімді 5 800 АҚШ долларынан асатын мөлшерге, яғни Чехия, Венгрия, Польша, Малайзия сияқты елдердің бүгінгі деңгейіне, 2015 жылы шамамен 9 000 АҚШ доллары мөлшеріне жеткізуге күшіміз жетеді деп санаймын. Жалпы, сатып алу қабілетінің шамасы жағынан бұл цифрларға біз қазірдің өзінде жақынбыз.
Біз еліміздің жалпы ішкі өнімін 2000 жылмен салыстырғанда 2010 жылы екі есе ұлғайтуды жоспарласақ та, бұл көрсеткішке 2008 жылы-ақ жететінімізге сеніміміз мол, » - деп жазған.
Осыған орай, біз ұлттық табысты арттыруымыз қажет. Ал ол үшін, ең алдымен, табыс, пайда әкелетін кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта бизнесті, олардың субъектілерін одан әрі дамытып, өнім сапасы мен өндіріс тиімділігін арттырып, табысын көбейту керек. Яғни, кез келген өндірістік кәсіпорын өзінің өндірістік шығындарын қысқартқаны, төмендеткені жөн. Бұл пайданы арттырудың негізгі кепілі болып табылады. Сондықтан, осы дипломдық жұмыстың тақырыбы «Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары» - қазіргі кездегі өндірістік кәсіпорындар үшін өзекті мәселе болып отыр.
Жалпы, өнімнің өзіндік құны дегеніміз - кәсіпорынның өнім өндіруге және өткізуге жұмсаған шығындарының ақшалай тұлғалануы.
Ол кәсіпорынның жалпы өндірістік тиімділігін анықтайды. Өзіндік құнды, яғни өндірістік шығындарды жүйелі түрде төмендету - кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.
Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына негізгі бағыттарын айтуға болады:
- ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;
- өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
- экономикалық үрдістерді мемлекет тарапынан реттеу.
Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру - бұл, бір жағынан, өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан, тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық үрдістерді іске асыру.
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету - шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгендегі басты талап болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизмдерді пайдалана отырып, шикізаттардың әрбір бөлігінен неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станок пен технологиялық үрдістердің түсімін өсіруге, шығындарын, бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.
Егер кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдалануының негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігін, біріншіден, негізгі өндіріс қорларының пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айнымалы өндіріс қорларын неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттыру.
Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл процесс - ысырапты қысқарту есебі мен шығындарды үнемдеу, сонымен қатар нақты еңбектің шығынын үнемдеу болып табылады. Қазіргі кезеңде нақты еңбекті үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салыстырғанда, едәуір салмақты нәтиже береді. Қазіргі таңда өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: американдық және жапондық. Бұл - өндірісті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оларды экономикалық жағынан ынталандыру және тағы басқа көптеген жүйелер.
Сонымен қатар, өндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми-техникалық прогресс жөніндегі бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар елеулі орын алады.
Өнімнің өзіндік құны, оның мазмұны және құрылымы
Өндірістік шығындар түсінігінде жолақыға, шикізатқа, материалдарға кеткен шығындар кіреді, сонымен қатар мұның ішіне еңбек құралдарының амортизациясы да кіреді. Тағы басқа өндірістік шығындар түсінігіне тауарды шығару мақсатында кәсіпорын ұйымдастырушыларының жұмсаған шығындары жатады. Бір тауар құнының екіден бір бөлігін өндірістік шығындар құрайды.
Айналым шығындарының жіктелуі сол тауарды өткізу үрдісімен байланысты. Ол өндірістік инфрақұрылымға жақынырақ болып келеді және тауар құнына кіріп, соңғысын ұлғайтады. Қосымша шығындар тауар сатылғаннан кейін түскен ақшадан ғана төленеді. Таза айналым шығындары - сату шығындары (сатушылардың жолақысы және тағы басқа), маркетинг (тұтынушылардың сұранысын анықтау), жарнама, штаб-пәтер персоналының жолақысы және тағы басқа. Таза шығындар тауар құнын ұлғайтпай, тауарды өндіру үрдісі кезіндегі сатылғаннан түскен пайдамен төленеді.
Қазіргі кездегі шығындар концепциясын Шығыс экономистері енгізген, олар көбінесе жоғарыда айтылып кеткен екі кезді де қамтиды. Жалпы теорияда экономикалық және бухгалтерлік шығындар қалыптастырылады.
Өндірістік шығындарға ақша түрінде көрсетілгенімен, белгілі бір өнім өндіруге, қызмет көрсетуге кеткен материалдық және еңбекке кеткен шығындар жатады. Сонымен қатар, олар өзіне өндіріс құралдарына жұмсаған шығындарды (шикізат, материалдар, бұйымдардың жиынтығы, жанар май, электр энергиясы және тағы басқа) және өндіріс қызметкерлерінің жалақысын жатқызады. Осы арқылы тауар өндірісі кәсіпкерге қаншаға айналатынын көруге болады.
Берілген анықтама бухгалтерлік шығындарды анықтап, сатып алынған ресурстардың төлемі ретінде тек нақты шығындарды қосады. Осылайша, бухгалтерлік шығындар экономикалық шығындардан ерекшеленеді. Ал сол экономикалық шығындар болса, өнім өндіру үшін нақты емес шығындарды қоса есептейді.
Нақты емес шығындар - бұл өнім процесінде қолданылатын өндірістік фактор, бірақ ол белсенді емес. Оған фирманы басқаратын адамдардың өзіндік еңбегін, оның өнім өндірісінде қолданылатын өзіндік капиталын немесе жерді жатқызуға болады, бірақ ол кәсіпорын меншігінде болуы керек. Нақты емес шығындарды фирманың экономикалық шығындарына қосу үшін оларға ақшалай түрде баға беру керек. Ал егер ресурстарды сатып алмаса, оны қалай істеуге болады? Ол үшін берілген ресурстардың «альтернативті құны» деген түсінік қолданылады. Мысалы, белгісіз бір кәсіпкер өндіріске өзінің қаржысын салды дейік.
Бұл қаржыны қолданудың альтернативті нұсқауы ретінде машиналарды жатқызуға болады. Кез келген кәсіпорынның акциясын сатып алатын болса, соған байланысты ол дивиденд алады және коммерциялық банктің депозитіне ақша салып, процент алады. Берілген ресурстардың жоғарыда айтылып кеткен альтернативті нұсқауларына қарағандағы ақша салымының альтернативті құнын бағаласақ, кәсіпкердің өз өндірісіне салғаны тиімді болады, әрі ақшалай табыс әкеледі. Егер акцияны сатып алуды альтернативті жағынан пайдаланатын болсақ, онда өз өндірісіне салынған салым жіберіп алған дивидендтер қатынасының альтернативті құнын құрайды, яғни нақты емес шығындар көлемі бухгалтерлік шығындармен қосқандағы өндірістік шығындардың нақты көлемін көрсетеді.
Кәсіпкер үшін, көбінесе, жалпы шығындарының көлемі емес, орташа шығындар көлемі - бір бұйымды өндіру үшін орта есеппен неше шығын жұмсайтыны маңызды болып табылады. Орташа шығындарды есептеу үшін жалпы шығындарды өндіретін өнім көлеміне бөлу керек. Орташа шығынды тауар бағасымен салыстыра отырып, бұл өнімді өндірудің тиімділігін анықтауға болады.
Шекті шығындар бір өнім данасын артық шығарса, қаншалықты өсім болатынын анықтайды. Бұл фирмаға бір дана өнімді артық шығарғанда қаншалықты табысты болатынын көрсетеді.
Шығындар ұзақ және қысқа мерзімді болып ажыратылады. Қысқа мерзімде тұрақты шығындар көрсетіледі. Ал ұзақ мерзімде ауыспалы шығындар көрсетіледі.
Өнімді өндіруге кететін шығындар, яғни өндірістік шығындар келесідей факторларға байланысты болады:
- Өнімді өндіру үшін қажетті технологиялардың жұмсалуы және өндірістің дұрыс ұйымдастырылуы;
- Табиғи шикізаттардың пайдаланылуы;
- Өндіріске дайын болу және оны дұрыс меңгеру;
- Технологияны жаңарту және оны ұйымдастыру, сонымен қатар өнім сапасын жоғарылату, оған деген сенімділікті күшейту және тағы сол сияқты;
- Өнімді өндірер алдында оған алдын-ала жоба жасау, яғни ойдан сол тауарды құрастыру, арнайы модель немесе үлгілер жасау, эксперимент жұмыстарын жүргізу және осы жұмыстарды жүзеге асыратын адамдарға авторлық жұмысына сыйақылар беру;
- Өндірістік процесті қамтамасыз ету, яғни өндіріске қажетті шикізат, материалдар, отын, энергия, құрал-жабдықтар және басқа да еңбек құралдары, жұмысқа жарамды негізгі өндірістік қорлар, санитарлы-гигиеналық жұмыстарын жүргізу және осылармен қамтамасыз ету;
- Жұмысшыларға еңбек ету үшін жақсы жағдай жасау және техникалық сақтандыруды қамтамасыз ету;
- Өндірісті басқару, яғни фирма немесе кәсіпорында қанша адам жұмыс істейді, ол фирманың құрылымы қандай және қандай жұмыстарды жүзеге асырып отыр, осы фирмаға кеткен ақпаратты, консультациялық, аудиторлық қызметтерге кеткен шығындарды есептеу;
- Кадрлар дайындау және қайта дайындау;
- Мемлекеттік қорға кететін шығындарды есептеу, яғни әлеуметтік сақтандыруды мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөлу, зейнетақымен қамтамасыз ету, осылардың бәріне белгілі мөлшерде ақша-қаражат беру;
- Медициналық сақтандырумен және тағы басқаларымен қамтамасыз ету.
Әрине, кәсіпорын қызметінің нәтижесі оның өнімінің қаншалықты сатылғанынан (қызмет көрсетілгенінен) көрінеді. Ал оның ақырғы нәтижесі сатылған өнім көлемі мен сол өнімді өндіруге кеткен шығыны арқылы анықталады.
Жалпы, нарықтық экономика жағдайларында жақсы нәтиже беретін шығындарды қалыптастыру керек. Сондықтан, шығындарды басқаруға аса маңызды көңіл бөлінеді. Кез келген объектінің басқарушылығына сәйкес, кәсіпорын шығындарын басқару - оның барлық қызметінің орындалғанын болжау қажет.
Шығындарды басқару қызметі басқару элементтерінің циклы арқылы жүзеге асады: жоспарлау, ұйымдастыру, координациялау және реттеу, ынталандырушы және активизация, есеп және талдау.
Шығындарды жоспарлаудың негізгі міндеті - жоспарлау кезінде материалды, өндірістік және айналым процесіндегі еңбек және басқа ресурстарды үнемдеу арқылы өндірістік шығындарды дұрыс анықтау. Кәсіпорын шығындарын жоспарлау үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады. Олардың ішіндегі ең негізгілері - бұл бір дана өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы және бір теңгеге шаққандағы шығыны. Сонымен қатар, өткізген өнімнің өзіндік құнын жоспарлағанда, шығындар элемент түрінде көрсетілген, өнімге кеткен өзіндік құнды құрайтын шығындар сметасы жасалынады.
Өндірістік шығындар сметасы - кәсіпорынның өндірістік қызметтерінің, экономикалық элементтерінің, кесіп алғандағы, оның барлық шығындарының соммасы көрсетілген жалпылама көрсеткіш. Онда, біріншіден, өнімнің жалпы және тауар өндірісімен байланысты негізгі және қосымша өндірістің барлық шығындары; екіншіден, өндірістік емес қызмет көрсету және жұмыс шығындары; үшіншіден, орналасқан жері мен қайнар көзіне байланыссыз жаңа өндірісті қабылдауға кеткен шығындар көрсетілген. Бұл шығындар ережесі бойынша зауыт ішіндегі айналым есебісіз алынады.
Өндіріс шығындарының сметасын жасау үрдісін келесі кезеңдерге бөлуге болады:
- Нақты бір өнімге жатқызуға болатын тікелей шығындар есебі және шыққан орнында жойылатын шығындар;
- Бастапқы шығын есебі, бірақ ол нақты шығындарды алып жүрмейді. Жойылуына байланысты ол 2 түрлі болады:
- пайда болған орнында жойылатын тікелей жойылу шығындары;
- шығындардың пайда болған орнына тікелей қатысты емес шығындар.
Басшылар сметаның көмегімен, өздерінен төменгі деңгейдегі басшыларға өздерінің жоспары туралы хабарлайды. Оны дайындау үрдісі басқарушылық шешімдерді қабылдауға, үлкен көлемдегі қажетті ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Егер смета фирмадағы үлкен көлемдегі жұмысшылардың қатысуымен жасалса, онда ол барлық бөлімшелердің өте тиімді ынталандырғышы болады.
Негізделмеген баға құруды және кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін басқару үшін тек кәсіпорын бойынша ғана емес, оның бөлімшелерінің, өнім түрінің шығындарын ғана емес, сонымен бірге бір өнімге кеткен шығынды есептеу керек, яғни өзіндік құнның калькуляциясын, өнімнің калькуляциясын - бір бұйымның немесе жартылай фабрикаттың бір данасын анықтап есептеу керек.
Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі - өнімнің өзіндік құны болып табылады. Ол - өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы. Өзіндік құнның экономикалық мазмұны - жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай, ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіпорын өнімінің өзіндік құнының маңызды элементтері: амортизация, жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбек ақы - бұл шығындардың басты статьялары. Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады: өз қызметкерлеріне сый ақы, банктік несиеге пайыз төлеу, әлеуметтік объектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жарналарын жасау - бұл шығындар кәсіпорынның қосымша шығындарын құрайды. Бірақ, өнімнің өзіндік құнына шаруашылықтың әлеуметтік шығындары (балалар бақшасы, емхана, жатақхана, мектеп, клуб, тағы басқа) кірмейді.
Өнімнің өзіндік құнына қосымша қосылатын шығындар:
- Әлеуметтік сақтандыруға жалақы қорынан 37 %;
- Банк несиесіне пайыз;
- Мемлекеттік тұрғындарды жұмыспен қамту қорына жалақы қорынан 1%;
- Міндетті медициналық сақтандыруға;
- Негізгі капиталды жұмысқа жарамды қалпында ұстауға кететін шығын;
- Айыптар, тағы басқа ескерілмеген өндірістік шығындар;
- Тәуекелділікке, мамандар ұстауға қосымша шығындар.
Өзіндік құн өндіру сатыларына байланысты: цехтық, фабрика-зауыттық немесе өндірістік және толық өзіндік құн болып бөлінеді.
Өнімнің цехтық өзіндік құны - өндірілген өнімге цехта, учаскілерде, бригадаларда шыққан шығындар.
Фабрика-зауыттық немесе өндірістік өзіндік құн - бұл цехтық шығындармен қоса, жалпы өндірістік шығындар немесе:
ӨӨҚ = ЦӨҚ * (1 + Әж. ө. ш. ) . (1)
Мұнда жалпы өндірістік шығын (Әж. ө. ш. ) коэффициент арқылы беріледі. Мысалы, цехтық шығынға щаққандағы жалпы өндірістік шығынның коэффициенті 0, 5 болса, онда ӨӨҚ = ЦӨҚ * (1 + 0, 5) =1, 5 ЦӨҚ болады.
Өнімнің толық өзіндік құны - өндірістік өзіндік құн және өнімді өткізуге кететін шығындар (кезең шығындары) :
ТӨҚ = ӨӨҚ * (1 + 0, 03) . (2)
Мұндағы 0, 03 коэффициенті өндіріспен байланысы жоқ шығындар мөлшері болып табылады.
Сонымен қатар, өнімнің өзіндік құнын қолдану мақсатына қарай оны бірнеше түрге бөлуге болады: жоспарлы, болжамды (есеп) және нақтылы.
Жоспарлы өзіндік құн - ғылым мен техника жетістігіне және ұйымдастыру жағдайына байланысты қажетті шығындар.
Болжамды өзіндік құны - технико-экономикалық есептерді ескере отырып, жаңа енгізілген ғылыми жетістіктерге кеткен шығындар.
Нақтылы өзіндік құн - барлық өнімге шаққан нақты шығындар және өнім бірлігіне шаққандағы өзіндік құн.
Өзіндік құн тиімділіктің мынадай маңызды көрсеткіштері - пайда және пайдалылықтың деңгейі мен серпінін анықтайды. Өзіндік құнның маңызы оның орындалу функцияларымен анықталады:
- Өзіндік құн өнім құнының кең бөлігі болып табылады. Мұның мәні - өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс қаражаттарын жұмсауды қамтамасыз етеді.
- Өзіндік құн көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып табылады, оның есепсіз жүргізілуі бағаның құрылуына негіздеме бола алмайды.
- Өзіндік құнның негізінде пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығын, яғни оларды шығарудың мақсатқа сай екендігін есептеу.
Рентабельділікті арттыру әдістері
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы - материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл әсіресе шикіат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай-химия, тігін, тамақ және т. б. ) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Кәсіпорынның рентабельділік көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші субъектінің өзі де, мемлекет де мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында рентабельділіктің көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажет.
Рентабельділік көрсеткіштерін талдау міндетеріне мыналар жатады:
- рентабельділіктің көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
- таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
- табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
- табысты бөлу бағыттарын пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
- табыстың өсу резервтерін анықтау;
- кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
-рентабельділіктің әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.
Рентабельділік коэффициеттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын рентабелін қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.
Рентабелділік коэффициентіне талдау жүргізушілер:
- басқару тиімділігінің көрсеткіштері;
- кәсіпорынның инвестициялау мақсатында қажетті рентабельді жеткілікті үрде ала-алу қабілетін көрсететін өлшеуіш;
- рентабельді болжау әдісі;
- шешім қабілдау және бақылау құралы ретінде пайдаланады.
Рентабельділік көрсеткіштерін төмендегілерді сипаттайтын 3 топқа біріктіруге болады:
- шығындарды өтемі;
- сатудың табыстылығы;
- капитал және оның бөліктерінің табыстылығы.
1. Өткізілген өнімнің рентабельділігі (Р өнім ) (шығындардың өтем коэффициенті) . Жалпы өнімнің, бұйым топтары мен оның жекелеген түрлерінің рентабельділігі, өнім түрлерін өндірудің табыстылығын, әсіресе өнімдердің өте көлемді ассортиментін шығарушы кәсіпорындарда өте маңызды көрсеткіш болып табылады.
2. Сату көлемінің рентабельділігі (Р сату көлемі ) . Сату көлемінің табыстылық деңгейіне өткізілген өнім құрылымының, оның өзіндік құнының және өнімді сату бағаларының өзгерісі ықпал жасайды.
3. Авансталған капиталдың рентабельділігі (Р авансталған капитал ) . Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде авансталған капиталдың рентабельділік деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несие, қарыз берушілердің назарына ие болады.
4. Меншікті капиталдың рентабельділігі(Р меншікті капитал ) . Акционерлік компания құқығында жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған капиталдыңтабыстылық деңгейін бағалаудың, яғни акционерлік капиталды тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, кәсіпорынның таза табыстының оның меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі.
5. Ағымдағы активтердің рентабельділігі(Р ағым. актив. ) . Бұл кәсіпорын ағымдағы активтердің бір теңгесінен қанша табыс көзін алатындығын көрсетеді.
Қалған барлық басқа көрсеткіштердің рентабельділігі осындай ұқсас жолмен есептеледі. Яғни анықталатын көрсеткіштің алымында әрқашан таза табыс мөлшері тұрса, ал бөлімінде анықталатын көрсеткіштің орташа шамасы сипатталады.
Қаражаттың айналымда болу кезеңі, белгілі-бір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек.
Шынында да, қолданылған баға саясаты, құрылған актив құрылымы, пайдаланылған тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістемесіне байланысты кәсіпорын өз қаражатының айналымының ұзақтығына көп немесе аз әсер ету еркіндігіне ие болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz