Шабындықтар мен жайылымдарды жеңіл-желпі жақсарту



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
 Шабындықтар мен жайылымдарды жеңіл.желпі жақсарту
 Жайылымдарды жеңіл.желпі жақсартудың тәсілдері
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мал азықтық өсімдіктердің өнімі мен алынатын мал азығының сапасын көтеру үшін жақсарту шараларын жасайды.Табиғи жайылымдарды жақсарту шаралары әр алқаптың сипаты мен жағдайына тәуелді болады.Ең алдымен,әр телімнің жағдайы қаралады,бағаланады,содан кейін ғана жақсарту шаралары белгіленеді.Барлық жайылымдық алқаптарды ,жақсарту керек деп,ойланбастан-ақ жоспарлай салуға болмайды.Мұндайда әр телімнің ыңғайын ,жағдайын білу тұрғысынан әрекет ету керек.
Жалпы жақсарту шаралары екі жүйені қалыптастырады:
 Жеңіл-желпі (қарапайым) жақсарту
 Түбегейлі жақсарту
Жеңіл-желпі жақсарту табиғи өсімдік қауымын сақтай отырып немесе механикалық тəсілмен шабындықтар мен жайылымдардың беткі табиғи шымын аз мөлшерде жою арқылы жүргізіледі.
1. Андреев Н. Г. «Луговодство».1966ж.233-280 беттер
2. Əубəкіров Қ.Ə., Атақұлов Т.А., Каракальчев А.С. Ə «Мал азығын өндіру практикумы». Алматы, «Агроуниверситет» баспасы, 2009ж.82-83 беттер.
3. С.Ә.Оразбаев,А.Ә.Төреханов,И.И.Алимаев,Б.А.Ысқақ «Шалғындық және жайылымдық мал азығы өндірісі».Алматы,2012ж,312-336беттер

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Тақырыбы: Шабындықтар мен жайылымдарды жеңіл-желпі жақсарту

Орындаған:Даулетова Е.Д
Тобы: АГ-313
Курс: III
Тексерген: Сагандыков С.Н

Семей - 2015 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Шабындықтар мен жайылымдарды жеңіл-желпі жақсарту
Жайылымдарды жеңіл-желпі жақсартудың тәсілдері
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мал азықтық өсімдіктердің өнімі мен алынатын мал азығының сапасын көтеру үшін жақсарту шараларын жасайды.Табиғи жайылымдарды жақсарту шаралары әр алқаптың сипаты мен жағдайына тәуелді болады.Ең алдымен,әр телімнің жағдайы қаралады,бағаланады,содан кейін ғана жақсарту шаралары белгіленеді.Барлық жайылымдық алқаптарды ,жақсарту керек деп,ойланбастан-ақ жоспарлай салуға болмайды.Мұндайда әр телімнің ыңғайын ,жағдайын білу тұрғысынан әрекет ету керек.
Жалпы жақсарту шаралары екі жүйені қалыптастырады:
:: Жеңіл-желпі (қарапайым) жақсарту
:: Түбегейлі жақсарту
Жеңіл-желпі жақсарту табиғи өсімдік қауымын сақтай отырып немесе механикалық тəсілмен шабындықтар мен жайылымдардың беткі табиғи шымын аз мөлшерде жою арқылы жүргізіледі.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
Шабындықтар мен жайылымдарды жеңіл-желпі жақсарту

Шабындықтармен жайылымдарды жеңіл - желпі жақсарту жүйесіне табиғи өсімдіктер дүниесін тлықтай немесе жартылай сақтап қалатын,бірақ оның өнімділігін немесе азықтық сапасын не екеуінде бірдей арттыратын шаралар кіреді .
Жеңіл - желпі жақсартудың шөп шүйгіндерінде ,ең болмаса ,күйзеліске ұшыраған және тұқымдары өнгіш ,малазықтық тұрғыдан бағалы шөптер бар,сондай-ақ күтімсіздікпен дұрыс пайдаланылмағандықтан өсімдік жамылғысы сиреген табиғи шабындықтар мен жайылымдарда жүргізілгені орынды.Жеңіл - желпі жақсартуды топырақтың жуылып және шайылып кету (таулық,беткейлік,сай салалық жайылымдар мен шабындықтар),ал қуаңшылық аудандарда жел эрозиясына ұшырау(құмды ,құмайт топырақтар)қаупі болғандықтан,айдалмайтын малазықтық алқаптарда жүргізудің ерекше маңызы бар.
Жақсарту қажеттілігінің негізгі белгілерінің бірі жайылымның тапталу деңгейі болып табылады.Шөп шүйгіні толық (сиремеген),арам және улы шөптермен ластанбаған ,таза,тегіс,және қоректі болуы тиіс.Жақсартуды қажет ететін алқаптардың белгілерін келесі кестеде қарастырамыз.
Жайылымдар
Қалыпты жағдайдағы белгілері
Жақсартуды қажет ететін жайылым
Астықтұқымдасты-түрлі шөптесінді жайылымдар
Шөп шүйгіндерінің қалыпты түсі күңгірт жасыл
Шөп шүйгіндерінің солғын жасыл болуы топырақта азоттың жетіспеуінің белгісі
Жусанды жайылымдар
Әдетте ашық және сұр түсті болып келеді
Жусанның қатқылданып кетуі, күңгірт түстеніп қараюы, өлексе қалдықтарының пайда болуы нашарланудың белгісі.Жусанды шөп шүйгінінде ебелектің көбеюі-малды қарқынды және шамадан тыс жаюдың айқын белгісі.
Далалық және қуаң далалық аймақтар
Шөп шүйгіннің түсі күңгірт жасыл
Шөп шүйгіннен боздың шығып қалуы,бөртежусан санының артуы.
Жеңіл-желпі жəне түбегейлі жақсарту кезінде өсімдік қауымын жақсартуға бағытталған мынадай шаралар жүргізілуі мүмкін:
- мəдени-техникалық шаралар;
- топырақтың ауа-су режимін жақсарту;
- топырақтың қоректілігін көтеру;
- өсімдік қауымының ботаникалық құрамын жақсарту.
Жеңіл-желпі жақсартудың тәсілдеріне тоқталайық.
Су тәртәбін жақсарту
Су-ауа режимін жақсарту жұмыстары шалғындықты құрғатумен, суғарумен, топырақты тышқаншылап қазу жəне қуыстау арқылы жүргізіледі. Құрғату жұмыстары өсімдік қауымында қияқ (өлең, майман) тұқымдастары көбейіп кеткен жерлерде жүргізіледі. Мұндай жерлерде ыза суы жер бетіне 0,5 м тереңдікке дейін көтеріледі. Жеңіл-желпі жақсартуда құрғату жұмыстары топырақты тышқаншылап қазу жəне қуыстау арқылы іске асырылады. Шалғындықты азын-аулақ қопсытып, өсімдік қауымын жақсарту жұмысы жүргізіледі. Бұл жұмыстар шалғындықта тамырсабақты өсімдіктер көп болған жағдайда атқарылады.
Топырақта ылғалдың жетіспеуінің жайылым шөп шүйгінінің өсуіне,жетілуіне және өніміне мейлінше кері әсерін тигізетіні белгілі.
Су кез-келген тірі ағзаның тіршілік етуіне қажетті жағдай болып табылады.Гүлдеу кезеңінде шөптердің құрамында 50-85%-ға дейін ,ал олардың тұқымдарында 10-20%- ға дейін су болады.Судың мөлшері төмен болса ,жасуша плазмасы сусызданады,зат алмасу бұзылады,бұл жағдайлар көбіне өсімдіктің тіршілігін тоқтатуына әкеп соғады.Шөптер топырақта ылғалдың жетіспеуінен қатты зардап шегеді.
Топырақта ылғал қорын жинау үшін ,әдетте қар тоқтатады.Әсіресе,оны далалық және шөлейт аймақтардағы жазық,ашық жайылымдық алқаптарда жүзеге асыру қажет.
Жүргізілген тәжірибелердің көптеген мәліметтері екпе жайылымдарда жүргізілген қа тоқтатудың шөптердің өнімін 33-100%-ға дейін арттыратынын көрсетіп отыр.
Қар тоқтатудың негізгі тәсілдері мынандай:
қар жалшаларын немесе үйінділерін жасау. Жылымық кезде, қардың қалыңдығы 10-15 см болғанда жасалады.Жалшаларды қатараралығы 10-20 м болатындай,жел бағытына көлденең үзік қатарлар түінде тұрғызады.Ал үйінділерді биіктігі 1м,шахматтық тәртіппен,аралығы 3-6 м етіп орналастырады.
бауланған сабан немесе күнбағыс сабақтарын орналастыру.Салмағы 1-кг-ға дейінгі бауланған сабандарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШАБЫНДЫҚТАР МЕН ЖАЙЫЛЫМДАРДЫ ЖЕҢІЛ-ЖЕЛПІ ЖАҚСАРТУ ТУРАЛЫ
Шабындық және жайылымдарды жақсартудың негізгі шаралары
Шалғындық мал азығы шаруашылығы
Шабындықтар мен жайылымдар өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері туралы
Шабындықтар мен жайылымдар өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы бойынша жайылым мен шабындық жерлердің жағдайы,көлемі,өнімділігі.
Мәдени жайылымға күтім жасау
Малазықтық дақылдардың агробиологиялық ерекшеліктері
Мал жаю әдістері
Ауыстырмалы шабындықтарды ұйымдастырудың теоретикалық негіздері
Пәндер