Картада өлшеу ара қашықтықтарын анықтау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.
СӨЖ
Тақырыбы: Картада өлшеу ара қашықтықтарын анықтау
Орындаған: ГК-407 Раимбеков Ә
Тексерген: Аубакирова С. М
Семей 2015-2016 ж
Жоспар:
1 Кіріспе
Карта
2 Негізгі бөлім
Топографиялық карта бойынша палетканың көмегімен ауданды өлшеу тәсілдері
3 Қортынды
Кіріспе
Топографиялық түсіріс- жер беті бөлікшесінің жергілікті заттары мен бедерін шартты белгілермен қағазда белгіленген масштабта бейнелеу мақсатымен жүргізілетін далалық және камералық жұмыстар кешені. Топографиялық түсіріс ортогональді проекцияда 1:100 000 және одан ірірек масштабтарда жасалады. Мемлекеттік геодезиялық пландық және биіктік тораптар пункттері Топографиялық түсірістің пландық және биіктік негізі болады. Топографиялық түсіріске қамтылатын шаралар: түсіру торабын құру; аэрофотосуреттерді далалық дайындау және оларды анықтау ісін жүргізу; геодезиялық пункттерден және түсіру желісі нүктелерінен жергілікті жердегі заттардың орындарын анықтау және оларды шартты белгілермен планшетке түсіру масштабына сәйкес дәлдікпен және толықтығымен салу; жергілікті жердің бедерін горизонтальдармен бейнелеу; елді мекендердің, өзендердің, көлдердің, шатқалдардың және т. б. өз атауларын анықтау; картада көрсетілетін жергілікті жердегі кейбір нысандардың сипаттамаларын: өзендердің ағыс жылдамдығын және терендігін, көпірлердің жүккөтергіштігін, ағаш түрін, батпақтан өтпелерді және т. б. тиісті ұйымдардан білу немесе тікелей анықтау. Топографиялық түсіріс аэрофототопографиялық, мензулалық және фототеодолиттік түрлерге бөлінеді. Аэрофототопографиялық түсіріс кезінде аталғандарды біршамасы фотограмметриялық аспаптарда камералық жағдайда орындалады. Топографиялық түсіріс нәтижелерінің планшеттері түсіріс масштабында шығарылатын топографиялық карталарды жасаудың түпнұсқасы немесе ұсақ масштабтағы картаны жасау үшін негізгі материал болады. Инженерлік құрылыстар үшін орындалатын тахеометриялық және теодолиттік түсірістер инженерлік геодезия саласына жатады.
Негізгі бөлім
Топографиялық карта бойынша палетканың көмегімен ауданды өлшеу тәсілдері
Аудандарды анықтаудың әдістері анықталатын жер контурының түрі мен көлеміне, қолдағы план мен картаға, геодезиялық мәліметтерге, шешілетін инженерлік - техникалық және пландық - экономикалық есептердің қажетті дәлдігіне байланысты таңдалып алынады. Жерге орналастыру мәселелерін шешуде аналитикалық, механикалық және графикалық әдістері қолданылады.
Аудандарды палетка арқылы анықтауға да болады. Палетка дегеніміз бетіне квадраттар немесе параллель сызықтар сызылған мөлдір қағаз. Палетка торының көлемін карта масштабына сай етіп алып, анықталатын учаскенің үстіне салады да, контур ішіндегі палетка торларының санын есептейді. Бұл тәсілдің кемшілігі шеткі квадраттар көлемінің көзбен анықталуында.
Ал параллель сызықтардан тұратын палетканы пайдаланғанда, трапецияның ортаңғы сызықтары, … - циркуль өлшегенде немесе масштабты сызғыш арқылы өлшенеді. Содан кейін ол сызықтар қосындысын параллель сызықтар арақашықтықтарына көбейтеді, яғни S=a(+…) =a
Кесінділердің қосындысын сызық ұзындықтарын карта мен пландар өлшейтін курвиметр деген аспап арқылы анықтауға болады. Ол үшін курвиметрдің дөңгелегін өлшенетін сызық бойымен жүргізіп отырып, курвиметр циферблатынан алынған бастапқы және соңғы есептердің айырмашылығынан кесінділердің қосындысын сантиметрге алады.
Жердің пішіні мен көлемін зерттеу жер бетін картада дұрыс кескіндеуге мүмкіндік туғызады және ол ғылым мен техниканың көптеген міндеттерін шешу үшін қажет.
Жердің физикалык бетінің жалпы ауданы 510 млн км 2 -қа тең және геометрия жағынан алғанда пішіні күрделі. Орасан кеңістікті мұхиттар мен теңіз шұңқырлары алып жатыр, олардың тереңдігі 11 000 м-ге дейін жетеді. Құрлықта тау жоталары, шатқалдар, жазықтар, өзен алқаптары және жыра-сайлар бар. Кейбір таулардың, мәселен, Эверестің (Джомолунгма) биіктігі 9 000 м-ге жуық. Құрлықтың теңіз деңгейінен орташа биіктігі 875 м-ге тең. Сонымен, құрлықтың көлемі дүниежүзілік мұхитқа карағанда аз ауданды алып жатқандықтан, сондай-ақ кұрлықтың мұхит тереңіндегі қыраттармен салыстырғанда онша биік болмайтындықтан, мұхит деңгейін жердің фигурасы ретінде кабылдауымыз қажет.
Егер де бүкіл планета материктер астымен үздіксіз жалғасып жататын дүниежүзілік мұхит бетінің тынық кезіндегі жағдайымен шектелген десек, тұтас алғанда жердің пішіні туралы түсінік алуға болады. Осындай тұйық бет өзінің әрбір нүктесінде вертикаль бағытқа, яғни ауырлық күшінің бағытына перпендикуляр болады, ал ол деңгейлік бет деп аталады. Осы деңгейлік бетпен шектелген денені геоид дейді. Геоид - толқын мен ағынның жоқ кезінде мұхиттардағы судың орта деңгейі мен материктегі мухитпен жалғасқан шартты түрде алынатын су деңгейінің фигурасы. Салмақ күші деңгей бетінің потенциалы болып табылатын геоид жер фигурасы деп есептелінеді. Геоид пішіні күрделі, дегенмен осы фигура жалпы сфероидқа, эллипстің кіші осі РР 1 төңірегінде айналуынан шығатын айналу эллипсоидына жақын. Сфероид бетін РР 1 айналу осі аркылы өтетін жазықтықтармен киғанда меридиандар деп аталатын эллипстер (РКР 1 К 1 ) пайда болады. РР 1 айналу осіне перпендикуляр жазықтық қималар параллель шеңберлерін түзеді. Сфероидтың центрі'(0) арқылы өтетін жазықтық параллель экватор деп аталады. Экватордың 0А 1 = а радиусы және ОР = Ь кесіндісі сфероидтың үлкен және кіші жартылай осьтерін құрайды. а = (а-b) /а шамасы сфероидтың сығылушылығы деп аталады. а, Ь шамаларын градустық өлшеулер аркылы анықтауға болады, ол үшін меридиан доғасының ұзындығын әрбір 1° сайын өлшеу керек. Меридианның әр түрлі жеріндегі градустың ұзындығын біле отырып, жердің пішіні мен мөлшерін анықтауға болады.
Жердің фигурасына мейлінше жақын келетін эллипсоидты жер эллипсоиды деп атайды. Жер эллипсоидының мөлшерін анықтау үшін жер бетінің барлық жерінде геодезиялық өлшеулер жүргізілуі тиіс. Әзірше мұндай өлшеулер толық жүргізілмегендіктен, жер эллипсоидының дәл параметрлерін анықтауға мүмкіндік болмай отыр. Осы орайда кейбір елдерде геодезиялық өлшеулерді өңдеу барысында геодезиялық жұмыстардың нәтижелері бойынша шығарылған өз эллипсоидтары колданылады; олар сол елдің немесе бірнеше елдің территориясын толық, не ішінара қамтиды. Осындай эллипсоид референц-эллипсоид деп аталады. Референц-эллипсоид дегеніміз нақты бір елде геодезиялық өлшеулерді өңдеу үшін қолданылатын, жер денесінде белгілі түрде бағдарланған, нақты көлемі анықталған эллипсоид.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz