ШЖБМ-ге арналған оқу-әдістемелік мен басқа оқыту құралдарына сипаттама


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей атындағы Шәкәрім мемлекеттік университеті.
Педагогика факультеті.
Тақырыбы: ШЖБМ-ге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама
Орындаған: Мұқаметкәрімова Н
Тобы:П-305
Тексерген:Серикова Н. У
Жоспар:
- Шағын жинақты бастауыш мектептің тарихы мен қазіргі жайы
- ШЖБМ-ге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама
Жалпы шағын жинақты бастауыш мектеп жаңадан пайда болған құбылыс емес. Оның негізі бастауыш білім беру жөнінде белгілі педагогтар К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой жасаған оқыту методикасында жатыр. Қазақстан топырағына бұл құбылыстың келуі қазақтың тұңғыш педагогі Ы. Алтынсариннің есімімен байланысты. Содан бері қанша уақыт өтсе де шағын жинақты мектептер өмір сүруде.
Шағын жинақты мектептер - қазақтың шағын ауылының іргесі, ұйытқысы, оның әлеуметтік экономикалық дамуының өзегі. Республикамыздың экономикалық және географиялық ерекшеліктеріне байланысты орталықтан шалғай, алыс жерлерде орналасқан қазірдің өзінде Қазақстанда 75-80% шағын комплектілі мектептер бар.
2007 жылы республикадағы барлық шағын жинақты мектептердің ішінде 1014 - бастауыш, 979 - негізгі және 2413 - орта мектептер жұмыс жасайды. 2004 жылмен салыстырғанда, ШЖМ 58%-ға өсіп, оның саны жалпы білім беретін мектептердің 55, 4% құрады. Мұндай мектептер негізінен ауылдық жерлерде орналасатыны белгілі. Мұндай мектептердегі оқушылар саны 423, 6 мың, оның ішінде бастауыш сыныптарда 12, 3 мың, 46, 8 мың - негізгі және 364, 4 мың оқушы орта мектептерде оқиды. ШЖМ жүйесінің өзгеру динамикасы шағын жинақты бастауыш және негізгі мектептердің қысқарып, орта мектептердің көбейіп келе жатқанын байқатады.
Ы. Алтынсариннің басшылығымен ұлттық мектептердің қазақстандық үлгі жүйесі пайда болды. Ол басшыларға жазған баяндама хаттарында «қазақтардың тұрмыс-тіршілігіне ыңғайлы, мектептің көшпелі болуы қажет, жазда ауылдармен бірге жайлауда, ал қыста қыстауда болғаны жөн» − деп, дәлелдеген. Ол 1986 жылы 5 болыстық мектеп ашты: Торғайда (Қараторғай мектебі), Николаевскіде (Убалан мектебі) және жетіқара мектебі, Илецкіде (Буртин мектебі) . Ал ХХ ғасырдың басында ауылдық жерлерде білім алудың жинақталған мектептер жүйесінің негізі қаланды. Сол кезде ауылдағы алғашқы қазақ мектептерінің көбі шағын жинақты бастауыш мектептер болғаны байқалады. 1916 жылы олардың саны - 727, ондағы оқушы саны -22414 болды. 1920-1921 жылдары шағын жинақты мектептердің саны екі есе өсті.
ХІХ ғ. ІІ-жартысында Қазақстанда әр түрлі типтегі орыс-қазақ мектептері көптеп ашыла бастады (басым көпшілігі - шағын комплектілі мектептер) . Ақмола мен Семей облыстарында - мектеп-интернаттар мен ауыл шаруашылық бастауыш училищелері, Торғай мен Оралда - ауылдық, облыстық (1-кластық, 2-кластық - оқу мерзімі - 6 жылдық) орыс-қазақ училищелері, Жетісу мен Сырдарияда - орыс-түземдік училищелер, Ішкі Ордада - старшындық және бөлімшелік училищелер ашылды.
ХХғ. бас кезінде «Бұратана халықтарға арналған бастауыш училищелер туралы» (1906) ережеге сай Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстарындағы және Ішкі Ордадағы барлық қазақ мектептері 1-кластық орыс-қазақ училищелеріне айналдырылды.
ХХ ғ. бас кезінде Қазақстандағы мектептердің жанынан 32 кәсіптік бөлімше және 270 қол еңбегін оқытатын кластар ашылды.
Түркі тілдес ұлттық мектептердің оқу бағдарламаларына қатысты алғашқы ескертпелер 1906 жылғы «Россияның шығысында тұратын бұратана халықтар үшін ашылған бастауыш училищелер» туралы ережелерде берілген. «Ережеде» оқу жоспарлары ғана емес, оқу бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулар да берілген (арифметика бойынша да қосымшалар бар) . Бірдей ортақ типтік бағдарламалар болған жоқ, жер ерекшеліктеріне қарай мектеп директорлары бағдарламаларды не қысқартып, не кеңейтіп, өз жағдайларына қарай үнемі өзгертіп отырды.
Жалпы осы уақытқа дейін шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие жұмысының мамзмұнын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандарт дәрежесіне көтеру сияқты мәселелері бірқатар ғалымдарымыз бен әдіскерлеріміздің назарын аударған. Олардың еңбектерінде бірнеше сыныпты бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын іздестіру (Ж. Аймауытов, Ғ. Бегалиев, Ж. Қаржасбаев, М. Бүрлібаев, Ғ. Сүлейменов, А. Асқарбаева), сабақты ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін анықтау (Б. Құлмағамбетова, А. Асқарбаева, Г. М. Храпченков, Қ. Аймағамбетова) ; «Қазақ тілі», «Ана тілі», «Математика», «Айналамен таныстыру» пәндерін оқытудың мазмұны мен практикалық бағытын белгілеу (Ш. Әуелбаев, А. Асқарбаева, Б. Құлмағамбетова) ; бір пәндік, бір тақырыптық сабақтардың тиімділігін дәлелдеу (М. Сайпин, З. Бейсенбаева, Е. Шапаева, О. Сатқанов, Б. Катембаева) ; . осы үлгідегі мектептер үшін болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері (З. Әділғазинов) қарастырылады.
Шағын жинақты бастауыш мектеп мәселесін зерттеуге белсене араласқандардың бірі - Ғ. Сүлейменов. Оның 1963 жылы «Қазақстан мектебі журналында «Аз комплектілі бастауыш кластарда сабақ кестесін қалай жасау керек ?», 1965 жылы «Екі комплектілі мектепте оқу процесіне басшылық ету туралы», 1968 жылы Р. Мұраталиевпен бірлесе отырып жазған «Аз комплектілі мектептерде оқу процесін ұйымдастыру туралы» мақалалары басылды. Ғалым алғашқы мақаласында аталған мектептер үшін сабақ кестесін құрудың бірнеше нұсқасын ұсынды. Ал келесі мақаласы 1 және 2, 2 және 4-сыныптарды қатар оқытудың әдістері мен тәсілдерін көрсетуге арналды. Мұнда автор алдымен шағын жинақталған мектептерде жұпталған сабақтардың, негізінен, 3 түрі болатындығын айтады: 1) екі сыныпта да жаңа материал өтілетін сабақ; 2) бір сыныпта жаңа материал, ал екіншісінде пысықтау не қайталау (немесе оқушылардың білімін тексеру) жұмысы жүргізілетін сабақ; 3) екі сыныпта да бұрынғы өтілген материал пысықталатын не қайталанатын (немесе бір сыныпта бақылау жұмысы алынатын) сабақ. Одан әрі қарай әрбір түрге байланысты сабақты жоспарлаудың және өткізудің үлгісін мысалдармен түсіндіреді. Р. Мұраталиевпен бірлесіп жазған мақаласында көрнекі құралдар, әсіресе, шағын жинақты мектептер үшін өте қажет деп есептеп, оларды қолдану жолдары туралы пайдалы ұсыныстар білдіреді.
Қазақ ССР Оқу министрлігінің 1987 жылы 10 маусымда «Республикадағы шағын комплектілі мектептердің қазіргі жайы және олардың жұмысын жақсарту шаралары жайында» қарары қабылданды. Ал 1975 жылғы 9 желтоқсанда Қазақ ССР Оқу министрлігі Коллегиясының шешімі бойынша ШЖМ үшін орыс, ана тілі, табиғаттану мен математикадан әдістемелік құралдар дайындау Ы. Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтына тапсырылды. Осы тапсырманы орындау үшін Бастауыш білім беру әдістемесі 1974-78 жж. «ШКМ-тегі оқыту мазмұны мен әдістемесін жетілдіру» атты зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Білім және ғылым министрлігінің статистикалық есебі бойынша ШЖМ-де 379319 оқушы дәріс алады, 51796 мұғалім қызмет атқарады. Министрліктің 1997 жылғы «ҚР ШЖМ-гі жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде» әдістемелік нұсқау хатында ШЖМ-нің негізгі қызметі көрсетілген. Ол: бастауыш сыныптарда оқушы саны − 40-тан, негізгі мектепте 100-ден, ал орта мектепте 280-нен аспаса, шағын жинақталған мектеп болып есептеледі. Ал, ҚР Үкіметінің № 300. 25. 02. 2000ж қаулысына сәйкес ауылдық жерлердегі сыныптарда кемінде 5 бала оқыса, бастауыш немесе негізгі ШЖМ, ал кемінде 81 бала оқыса, орта ШЖМ деп аталады.
Тәуелсіздік жылдарында толық орта мектептер саны мен шағын жинақталған мектептер саны өзгерді. 1997-2001 жылдары аралығында ШЖМ 3621-4229-ға жетті, оның 2156-сы (50, 9 %) қазақ тіліндегі мектептер. Оқыту құралдары - оқытудың біртұтас әдістемелік жүйесінің бір компоненті (оқытудың мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру формалары, әдістері, принциптері сияқты) .
Оқыту құралдары заттар мен құбылыстардың жиынтығы (В. Е. Гмурман, Ф. Ф. Королев), белгілер (модельдер), амалдар (П. Р. Атутов, И. С. Якиманская), сондай-ақ тікелей оқу-тәрбие үдерісіне қатысушы, жаңа білімді меңгеруді қамтамасыз етуші және ойлау қабілеттерін дамытушы (Г. С. Костюк, А. Р. Лурия, М. Н. Скаткин) сөз деп түсінеміз. Оқыту құралдары - бұл ақпарат алу тіреккөздері, бұл әр түрлі модельдердің жиынтығы деуге болады.
Оқыту құралдарын табиғаты әр түрлі модельдердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады, ал әрбір модель, біріншіден, оқытылатын ұғымдарды толығымен немесе ішінара ауыстырады; екіншіден, оқытылатын ұғым жөнінде жаңа мәліметтер береді
Оқытылатын материалдардың берілуіне байланысты модельдер заттай-материалдық (иллюстрациялық) және идеалдық (ойлау) болып бөлінеді.
Заттай-материалдық (иллюстрациялық) өз ретінде физикалық, заттай-математикалық (тура және тура емес үйлесімділік) және кеңістіктік, уақыттық т. б. болып бөлінеді. Ал идеалдық модель образдық және логикалық-заттай (баяндау моделі, аналогия моделі) болады.
Заттай-материалдық (иллюстрациялық) моделін біріктірген оқыту құралдарына приборларды, кестелерді, диапозитивтер, диафильмдер т. б. жатқызуға болады. Ал идеалдық модельден тұратын оқыту құралдарына бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, оқу құралдары, әдістемелік мақалалар, мұғалімге арналған көмекші құралдар т. б. жатқызуға болады.
Оқыту үдерісінің екі жақты үдеріс екенін ескере отырып, А. П. Усова педагог пен баланың әрекетін бөле көрсетіп, оқыту құралдарын жіктемелеудің өзіндік нұсқасын ұсынады. Осыған орай, ол дидактикалық құралдарды екі топқа бөледі. Құралдардың бірінші тобы педагогтың іс-әрекетін қамтамасыз етеді және ересек адамның оқытуды негізінен сөздің көмегімен жүзеге асыратынын сипаттайды. Оқытудың екінші тобында оқытуға әсере ететін құралдар етіліп, дидактикалық материалдар мен дидактикалық ойында ерекшеленеді, олар өз кезегінде білім беру міндеттерін, яғни көрнекілік пен баланың ондағы практикалық әрекетін ескере отырып құрылады.
Шағын жинақты бастауыш мектептерді көрнекі құралдармен жабдықтау ісінде үлкен табыстарға қол жеткізген, өз тәжірибелерін жинақтап, тарата білген үздік мұғалімдер - Ы. Құсайынов пен Б. Құсайыновалар болды. Олардың мектепті көрнекі құралдармен және оқушыларға таратып беретін дидактикалық материалдармен жабдықтау жөніндегі іс-тәжірибелері аудандық, облыстық, республикалық және сол кездегі Кеңес Одағы көлеміндегі газет-журналдарда жарияланып тұрды. Құсайыновтардың іс-тәжрибелерін таныстыратын кең ауқымды экспозиция Мәскеудегі ХШЖ-нің (ВДНХ) «Халық ағарту» павильонына көрмеге жіберілді. Осындай табыстары үшін кезінде Ы. Құсайынов алтын медальмен, Б. Құсайынова қола медальмен марапатталған болатын. Кейін олардың озық іс-тәжірибесі жеке кітапша болып 1970 жылы «Аз комплектілі қазақ мектебі» деген атпен басылып шықты. Бұл еңбек - мұғалімдер үшін өте қажетті және таптырмас көмекші құрал. Шағын жинақты бастауыш мектеп мұғалімдері Құсайыновтар ойлап тапқан жиналмалы тақтаны (универсальная доска), сондай-ақ сызба-кестелерді, дидактикалық карточкаларды, лотолар мен грамматикалық ойындарды өз жұмыстарына еркін пайдалана алады.
А. П. Усова ұсынған дидактикалық құралдардың жіктемесі М. А. Данилов, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткиннің құралдарына сәйкес келеді. Бұл ғалымдар оқыту құралдары ақпаратты беру ненің - сөздің, көрнекіліктің, практикалық әрекеттің көмегімен қамтамасыз ету деп түсінеді.
Оқу-әдістемелік құралдарға оқу-әдістемелік топтама (ОӘТ) құрамына енетін мына құралдар жатады:
- Бағдарлама (1-4 сыныптар) ;
- Оқулықтар (1-4 сыныптар) ;
- Қазақ тілін оқыту әдістемесі (2-4 сыныптар)
- Математикадан дидактикалық материалдар (1-4сыныптар) ;
- Математиканы оқыту әдістемесі (мұғалімдерге арналған көмекші құрал (1-4 сыныптар) ;
- №1 және №2 - математика дәптерлері (1сынып) ;
- Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар (1-2 сыныптар)
- Бастауыш математика курсындағы шығармашылық жаттығулар: оларды орындау технологиясы (1-4 сыныптар) ;
ШЖБМ оқу үдерісінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес мектеп оқушыларына арналған оқыту құралдарына нақты талаптар қойылады.
Оқу құралдарының әдістемелік аппараты алдымен онда кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастырып қана қоймай, сонымен бірге, жабдықтар да, оқу құралдары да оқушының өз бетімен жұмысын басқаруға септігін тигізуі керек.
Мұғалімдер, әдіскерлер және ғалымдар ШЖМ-ке арналған оқу құралдарын дайындау жөнінде әр түрлі пікірлер айтуда. Ол құралдар мектеп ерекшелігіне сай бір оқу бөлмесінде бірнеше сыныппен жұмыс істеп отырған мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына септігін тигізуі тиіс. Онда ең алдымен баспадан шыққан оқулық пен дәптер қажет. Одан басқа сынып-комплектінің барлық балаларын қамтитындай, сабаққа тартуға арналған санау материалдары бар қосымша, кестелер, ауызша есептеу мен математикалық диктанттың баспаға түсірілген түрі, санау материалдары, есепті шешуге үйретуге арналған графопроектордың транспоранты.
1964 жылы В. П. Стрезикозиннің басшылығымен ШЖБМ-нің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес жасалған комплекс құралдарының тиімділігін анықтауға арналған жұмыстар ұйымдастырылып, әр түрлі үлгілері жасала бастады. 1970 жылдан Г. Ф. Суворованың басшылығымен ауыл мектептеріндегі оқу пәндерін оқытып-үйрету мәселелері жөнінде зертхана қызметкерлері жұмысты жалғастырды.
Қазіргі кезде ШЖБМ-ке арналған әдістемелік жиынтыққа енетін бірнеше құралдар дайындалған. 1987 жылы ШЖМ мұғалімдерінің жұмыс орны - стенка-шкаф шығарылған, онда жылжымалы сынып тақтасы, экран, барлық оқу жабдықтарын сақтайтын заттар, қарапайым техникалық оқу құралдарын қоятын мұғалім үстелі бар.
Сынып-кабинетті әдістемелік жабдықтауға да баса назар аударылуда. Әдістемелік жабдықтауға мыналар кіреді: оқушыларға арналған дидактикалық материалдар, аудио-визуалдық және техникалық оқыту құралдарын сабақта оқушылардың өз бетімен қолдануы жайлы мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар, сынып-комплектімен жұмыс істеуге арналған әрбір пән бойынша тақырыптық жоспарлар.
Бұлармен қоса, арнайы ШЖМ-ке арналған құрал-жабдықтар бар:
- Қарапайым лингофондық құрылыс, бір сынып оқушыларымен мұғалім жұмыс істеп жатқанда, екінші сынып оқушыларының өз бетімен жұмысын ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.
- Шахтылы (шахтный) экран, жарықта қолдануға болатын экран, яғни оларды қолдану кезінде бөлмені қараңғылау қажет емес.
- Әр түрлі перфокарталар, планшеттер, блок-сигналдар; олар оқушылардың білімдерін тиянақтау, бекіту, тексеру, есепке алу кезінде, сондай-ақ оқу үдерісінің барлық кезеңдерінде қолданылады.
Практика көрсеткендей, қалыпты мектептерде қолданылатын оқыту, көрнекі құралдарды, жабдықтарды ШЖБМ ерекшеліктеріне сәйкестендіре қолдануға болады. Мысалы, сынып тақтасы, қалталы полотно (өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға болады), карточкалар (мұнда фланелограф не магниттік тақтаға көлемі мен мазмұны әр түрлі тапсырмалар беріледі), тәжірибелер жасау және ірі көрнекі құралдарды пайдалану үшін астына қойылатын (подставка) заттар.
Сабақта үнемі пайдалану үшін суреттер, кестелер, плакаттар алдын-ала ілініп, беті жабылады.
Көптеген мұғалімдер диафильм және эпифильмдермен жұмыс істеу кезінде отырған оқушылардың бойына қарай сынып бөлмесін шымылдықпен бөлуді пайдаланып жүр.
ШЖБМ-те қалыпты мектептерге арналған оқу құралдарын қолданатындықтан, аталмыш мектептердің өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, типтік оқыту құралдарын толықтырып, сәйкестендіріп, мүмкін болса, күнтізбелік жоспарды сынып-комплектінің ыңғайына қарай қайтадан жасауға, өңдеуге болады.
ШЖБМ мұғаліміне баспадан шыққан не қолмен плакатқа түсірілген жазба көрнекі құралдары қажет. Оқушылар кестемен жұмыс жүргізу кезінде оларға арналған ескертулер, нұсқаулар жазылған көрнекі-көрсету кестелері, дәптер-блокноттар, анықтама материалдар, оқушының өз бетімен қорытындылауына үйрету мақсатында берілетін баспаға түсірілген ережелер жан-жақты қолданылады. Ал ол кестелерде тек орындауға арналған жаттығулар ған емес, нақты тапсырма мен оны орындау үлгісі де берілуі тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz