Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу мен зерттеу


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БАӨЖ

Тақырыбы : Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу

Орындаған: Мырзабекова Т. М.

Тексерген: Татенов А. Б.

Топ: ТЖ - 305

Семей

2015 жыл

Жоспар:

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім

2. 1. Сұлы өсіру технологиясы

2. 2. Қарақұмық өсіру технологиясы

III. Қорытынды бөлім

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу

Сұлы - астық тұқымдас дәнді дақылдарға жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда 7 түрі бар. Ең маңыздысы - екпе сұлы . Екпе сұлының өзінің үш түрі бар: жайылма түрі- гүлшоғырының сыпыртқысы кең жайылған және дәнінің қауызы бар, біржалды түрі- гүлшоғырының сыпыртқысы қысыңқы, дәнінің сыртында қауыз бар, ашық дәнді түрі - дәнінің қауызы жоқ.

http://www.likar.info/pictures_ckfinder/images/ovsyanka2.jpg

Сұлының шаруашылықта алар орны ерекше. Біріншіден, ол - құнарлы мал азығы. Сұлы дәні мал азығының құндылығының халықаралық өлшем бірлігі болып саналады. Басқа дақылдардың дәндерімен араластырылған сұлы жас төлдердің ағзасының тез және мықты болып қалыптасуына жағдай жасайды. Сұлы қосылған концентрлі азық құс шаруашылығында кеңінен қолданылады. Сұлының сабаны басқа дақылдардың сабанына қарағанда қоректік заттарға бай және малға жағымды болады. Сонымен қатар, оның ылғал сіңіргіштік қасиетіде жоғары болғандықтан ірі қара және шошқа шаруашылығындатөсеніш ретінде пайдаланылады. Екіншіден - азық-түліктік дақыл. Оның дәнінен жарма, тағы сол сияқты тағамға керек заттар алады, яғни тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады. Үшіншіден, сұлының құрамында валин, лизин және триптофансияқты алмастырылмайтын амин қышқылдары көп мөлшерде болғандықтан әр түрлі ауруларға қарсы ем үшін медицина саласында және құнды диеталық тағам ретінде пайдаланады. Сұлы жұқпалы аурулардан қорғайды.

АҚШ ғалымдары сұлы өнімдерінің венероло­гия­лық ауруларға қарсы емі бар екенін анықтады. Бұл дәнді дақылдың емдік қасиеті - оның құрамындағы арги­нин аминқышқылында.

Ғалымдардың мәлі­ме­тін­ше, ағзаны мерез, соз, ұшық сияқты тері-ве­­не­рологиялық аурулар­дан қорғау үшін денедегі мак­ро­фаг жасушалардың қызметін күшейту керек. Бұл жасушалар ауру қоз­дырғыштары мен басқа да бөгде жасушаларды жоя алады. Ал макрофаг­тардың белсенді әрекет етуі үшін ағзада аргинин аминқышқылы көп бо­луы қажет. Мұндай хим­ия­лық зат сұлы мен жүгерінің құра­мын­да бар. Зерттеушілердің айтуынша, күнжіт, мейіз, жаң­ғақ пен шоколад құрамында да жыныстық жолмен жұғатын ауру­лардан қорғайтын аргинин аминқышқылы көп болады.

Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде О. Кельнердің крахмалдық теңдеулеріне негізделген сұлы азық өлшемі қолданылады.

Оның бірлігі ретінде 1кг сұлы қоректілігі, май байлауымен есептелетін өнімдік әсері алынды. Сұлы азық өлшемі 1933 жылы бекітіліп, оның негізінде алғашқы азық қоректілігінің кестелері жарияланды. Біршама кемшіліктеріне қарамастан бұл бірлік қазіргі кезге дейін мал шаруашылығында негізгі азық өлшемі ретінде қолданылып келеді. Әдетте ол азық өлшемі деп аталады.

Азық қорктілігін сұлы азық өлшемімен бағалау толығымен О. Кельнер тәжірибелеріне негізделгендіктен, оларға толығырақ тоқталайық. О. Кельнер өз есептерін азот және көмір тек теңдеулері арқылы жануар организміндегі ақықтың өнімділік әсерін анықтауға негіздеген. Азот элементі тек протеин құрамында 16, 67 процент болатындықтан, оның денедегі балансы бойынша ақ зат алмасуын бақылауға болады. Ал көміртектің ақзаттары 52, 54 процент және майдағы 76, 50 процент мөлшері бойынша денедегі май байлауын есептейді.

Міне осындай жолмен О. Кельнер азықтардың өнімділік әсерін, қуаттылығын есептеп шығарған. Ақзатты энергетикалық қуаттылығы бойынша 1 г ақзатта 5-7 калория, 1 г майда 9, 5 калория майға теңестіріп азықтың таза қоректік заттарының өнімділік май байлануы бойынша қуаттылығын тапқан.

100 г қорытылатын ақзаттікі 23, 5 г, 100 г қорытылатын майдікі түрлі азықта әртүрлі қорытылуына байланысты 47, 4-59, 8 г., 100 г қорытылатын қанттікі - 18, 8 г. Бұл сандар қорытылатын таза қоректік заттардың май байлау константалары өзгермейтін көрсеткіштері деп аталып, түрлі азықтардың химиялық құрамы қорытылатын қоректік заттары бойынша өнімдік әсерін май байлауымен есептеу үшін пайдаланылады.

О. Кельнер тәжірибелеріне негізделгендіктен азық қоректілігін сұлы азық өлшемімен бағалауда крахмалдық теңеулеріне тән кемшіліктер орын алған. Олардың ең бастылары қоректілікті анықтау тек өгіздермен және санаулы ғана азық түрімен 18 жылда 16 азықпен 100 тәжірибе қойылған нақтылы жүргізілген қалған азықтар қоректілігі есептен шығарылған. Азық қоректілігі өнімдік әсерінін бір ғана қыры - май байлау қасиеттері арқылы бағаланған. Бұл бордақылаудағы малға қолдануға бейімді. Басқа өнім сүт, жүн, төл беретін малдар үшін азықтың май байлаушылығы қоректілігін бағалаудын негізгі көрсеткіші бола алмайды.

Сұлы жармасы құрамындағы белок пен май мөлшері жағынан дақыл тұқымдастар дәнінен дайылдалатын жарма арасында бірінші орын алады. Сұлыдан: буланған дәні бүтін және жаншылған жарма дайындайды. Сондай-ақ геркулес үлпегі мен талқан жасалады. Сұлы жармасын супқа салады, суп пюре т. б. тағам дайындауға пайдаланады. Буланып, уатылмаған сұлы жармасын түктеу арқылы дайындайды. Жаншылған сұлы жармасы жеңіл сіңеді, әрі тез піседі. Геркулес үлпегін буланып, жаншылған және келтірілген жоғары сортты түктелген сұлы жармасынан алады. Ол оңай әрі тез піседі. 10-15 минут ішінде бұдан сіңімді және дәмді ботқа дайындауға болады. Талқан - сұлы дәнін арнайы өңдеуден өткізіп алынатын жоғары сапалы нәрлі тағам. Талқаннан диеталық және балалар тағамдарыл дайындауға болады. Оның құрамында организмге пайдалы, май тәрізді органикалық зат - лецитин бар. Сұлы тағамдары - дүние жүзі асханаларында сұлыдан көптеген тағамдар әзірлейді. Сұлы ұнынан тағам дайындар алдында оны күрделі жылулық өңдеуден өткізеді. Сұлы ұнынан Шотландияда майқоспалы нан жабады, ол үшін 350 г бидай ұнын, 100 г сұлы ұнын, 300 г сүт, 100 г май, 2 шай қасық сода, 4 шай қасық кремортара (шарап тас тұзы) қажет. Еуропалық сүлы печеньесі құрамына 250 г сұлы, 50 г бидай ұны, 50 г құмшекер, 60 г сары май, 100 мл сүт, 1 ас қасық аспаз ұнтағын қосады. .

Қарақұмық - тарандар тұқымдасына жататын бір жылдық, кейде көп жылдық шөптесін өсімдік.

  • Биіктігі 15-70 см, сабағы тік, көп бұтақталған.
  • Жүрек тәрізді жапырағы кезектесіп орналасқан.

Ақ не қызғылт түсті гүлдері жапырақ қолтығынан жетіледі.

Дәнді дақылдардың ішінде қарақұмық өте қысқа вегетациялық кезеңімен (60-75 күн ) ерекшеленеді. Бұл оны күздік және ерте жаздық дақылдардың көктері шықпай қалған танаптарына қайта егуге және де аңыздық аралық дақыл ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай ақ қарақұмықты көк балаусасын жыртып жасыл тыңайтқышқа да пайдаланады.

Қарақұмық кәдімгі жапырақтары шыққаннан кейін тез өсіп, бұтақтанып арам шөптерді басып тастайды. Сондықтан, ол жаздық дақылдар үшін жақсы алғы дақыл, ал ерте пісетін сорттары екпе сүрі жер дақылы бола алады.

Қарақұмықтың орташа өнімі гектарына 8-12 ц, ең жоғарғысы 20-25 ц жетеді.

Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары. Мәдени қарақұмық (Polygonum fagopyrum L. ) -Қарақұмық (Polygonaceae) тұқымдасына жататын біржылдық өсімдік.

Тамыр жүйесі- кіндікті, топыраққа 80 см дейінгі терендікке енеді.

Сабағы- бұтақты, іші қуыс, сырты қырлы, биіктігі 70-100 см, піскенде қызарады.

Жапырағы- жүректәрізді үшбұрышты. Гүл шоғыры- қойын шашақгүл, жартылай шатыршагүл. Гүлдері қосжынысты. Олардын түсі ақ, алқызыл, қызыл және құрылысы да түрліше болып келеді. Бір гүлдерінде аталықтары қысқа, аналықтарының бағаншалары ұзын, екіншілерінде - керісінше, аталықтары ұзын, аналықтарының бағаншалары қысқа.

Жемісі- ашық- қонырдан қараға дейінгі түсті және әртүрлі формалы, үшқырлы, қабықты жаңғақша. 1000 дәннін салмағы18-32 грамм. Жағдайлар мен сортқа байланысты қабықтылығы 30% .

Құрамы

Қарақұмық - жарма дақылдары ішіндегі маңыздылардың бірі. Оның жармасы диеталық, дәмді тамақ, дәнінде 9% белок, 70%-дай крахмалжәне 1, 6% май, сондай-ақ дәрумендер (В/ 1 , В/ 2 ), минералды тұздар (темір, фосфорлы кальций) да болады.

Қасиеттері

Қарақұмық - жылу және ылғал сүйгіш дақыл, топырақ температурасы 12-15°С болғанда көктеп шығады.
Қарақұмық - суыққа төзімсіз өсімдік. Оның көгі 1-2°С суықтың өзінде үсікке шалдығады. Ал өсімдік гүлдеген кезде температура 30°С-тан жоғары, ылғал жеткіліксіз болса, онда оның түйіні қурап, дәні түсіп қалады.
Қарақұмық топырақ таңдайды. Ол көбінесе қара және қызғылт қоңыр топырақта жақсы өсіп, мол өнім береді, сондықтан топырақ қышқылдығы рН 5-6, 5 болу керек.

Таралу аймақтары

Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия жерлерінің қоңыржай және субторпикалық аймақтарында өсетін 26 түрі бар.
Қазақстанда қарақұмық негізінен солтүстік облыстарда, әсіресе, Павлодар, Орталық және Шығыс Қазақстан облыстарында егіледі.

Өсіп - өнуі

Қазақстан бойынша егіс аумағы 218 мың га, өнімділігі әр га-дан 9, 7 ц. Қарақұмықтың ерте пісетін сорттарының өсу мерзімі қысқа (50-60 күн), сондықтан оны аралық дақыл ретінде пайдалануға болады.
Қарақұмықты СЗС-2, 1 тұқым сепкіштерімен кәдімгі жай қатарлық (қатар аралығы 23 см) әдіспен себеді. Кейінгі кезде кең қатарлы (қатар аралығы 45 см) әдіс қолданылады. Соңғы әдісте қарақұмықтан жоғар өнім алуға болатыны анықталып отыр. Сондай-ақ міндетті түрде қарақұмық егісінің әр га-сына гүлдеуіне 2-3 тәулік қалғанда бал арасының 2-3 ұясын әкеліп қою керек. Ол өсімдікті тозаңдандырып, қарақұмықтың өнімін әр га-сынан 3-4 ц арттыруға көмектеседі.
Егін жинау қарақұмық дәнінің 70-75%-ы қоңырланған кезінде басталады.
Қарақұмық шірнелі өсімдіктерге жатады. Бал аралары оның әр га-сынан 50-60 кг, ал қолайлы жағдайда 100 кг-ға дейін бал жинайды. Күздік бидай үсіп кеткен жылдары қарақұмықты сақтық дақыл ретінде пайдаланады.

Fagopyrum esculentum 002.JPG A.

Қарақұмық жармасы - бірнеше сұрыпқа ие және олардың атаулары әр түрлі, сыртқы түріне және қолдануына қарай:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеуі
Сұлы, қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу жайлы
Сұлы, қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу
Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу жайлы
Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу
Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу туралы ақпарат
Жарма өндіру технологиясы
Жарма дақылдарын ақтау
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА АУЫЛШАРУАШЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕК СҮЙГІШТІК ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ
Дәнді ұнға өңдеу технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz