Азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері



Мазмұны

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3

І тарау. Азаматтық.құқықтық жауапкершілік түсінігі және нысандары
1.1. Азаматтық. құқықтық жауапкершілігінің түсінігі. . . . . . . . . . . . . . . . ...5
1.2. Азаматтық. құқықтық жауапкершілігінің түсінігі туралы пікірлер ... 16
1.3 Азамматтық.құқықтық жауапкершіліктің түрі және нысандары . .. .. .21
1.4 Жауапкершілік түрлері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . 28
1.5 Құқық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік. . . ... ... ... 36

ІІ тарау. Азаматтық.құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері
2.1 Құқыққа қарсы мінез. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . .40
2.2 Себепті байланыс. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .42
2.3 Кінә. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . 46
2.4 Зиян. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .54
2.5 Тұтынушылардың құқығын қорғау құралы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ... .55

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . 57

Библиографиялық тізім ... ... ... .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 59
Кіріспе
Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады.
Алайда, жауапгершілік заңнан немесе шарттан тыс көзделуі мүмкін. Жауапгершілік заң шеңберінен аспауы тиіс. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолдану үшін «жауапкершілік» түсінігін анықтап алуымыз қажет. Жауапкершілік туралы ғалымдардың әртүрлі пікірі қалыптасқан.
Азаматтық құқық жауапкершілікті қолдану арқылы әділетке жету үшін барлық жағдайларды қарастырған. Алайда қоғамның даму барысында түсінігі туралы теориялар мен тұжырымдардың жаңа түсінігіне бастама болады.
Азаматтық-құқықтық белсенділік қалыптастыруда мүліктік жауапкершілік иеленуші роль атқарады. Бұл туралы Азаматтық кодекстің екінші бөлімі «ерекше бөлімінде» жан- жақты қамтылған. Осы тұрғыдан алып салыстырғанда, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің, соның ішінде әсіресе, мүліктің төлем мақсаты бар мүліктік жауаптылықтың тәрбиелік функциясы айырықша мәнге ие.
Зерттеу тақырыбымыздың мақсаты мен мазмұны ескере отырып, негізінен, азаматтық- құқық жауапкершіліктің тәрбиелік аспектілерін қаралап көрелік. Аталған мәселелерді зерттеумен айналысып жүрген Қазақстандық ғалымдар Ю.Г. Басин, М.К.Сүлейменов, А.Г.Диденко, О.Ихсанов және ресейлік ғалым Е.А.Сухановтың пікірінше азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ескерту-тәрбиелік функциясының айқындаушы маңызы зор.
Бәрімізге мәлім, жауапкершілік әлеуметтік өмір аясында адам, қоғамның табиғи өмір сүруі үшін қажетті жағдай туғызуға себепті салдарын тигізетін еркіндікті (соның ішінде ой еркіндігінде) қамтамасыз етуге қабілетті, жауапкершілікті адамдардың мінез- құлқын қалыптастыру құралы болып табылады. Олай болса, жауапкершілік пен еркіндік өзара байланысты әрі бір-біріне себепті салдарлық құбылыстар. Еркіндік істің байыбын барлай отырып, дұрыс шешім қабілеттілігінен басқа ешнәрсе емес. Еркіндік немесе шешім қабылдауға жағдай тудырған болса, жауапкершілік те арта түседі. Еркіндік шектелген, шектелілген жерде жауапсыздыққа, заңға қайшы келетін мінез-құлыққа әкеліп соқтыратын психологиялық деформацияға жол ашылады.
Нарықтық қатынастарға негізделген қазіргі экономикалық жүйеге көшу кезінде шаруашылық қызметінде толық еркіндік және сонымен бір мезгілде экономикалық қызмет нәтижесі жолында фирмалардың, кәсіпкерлікпен, сауда–саттықпен айналысып жүрген барлық адамдардың толық жауапкершілігі талап етіледі. Бұл процесс меншіктің барлық түрлерінің тепе-теңдігіне, меншік қатынастарын белсенді реформалауға сүйенеді. Меншік иесінің дербестігі мен тәуелсіздігі творчествалық белсенділік пен икемділікті дамыта отырып, оның инициативасына, өз мүлкін ұқыптылықпен пайдалануға, сақтауға және жауапкершілігін арттыруға жол ашады. Жауапкершілік бір мезгілде түрлі әлеуметтік байланыстарға тән нәрсе. Жауапкершілік сезімі адамгершілік санаты (категориясы) болып табылады. Алайда, жауапкершіліктің мұндай қасиеті құқықтық жағынан негізделгенде ғана құқықтық реттіліктің көрінісі ретінде жауапкершілік ұғымы түрлі аспектілерге жиі қолданылады. Кейбір жағдайларда міндеттерді, тапсырмаларды, жүктелген жұмыстарды орындау мен оның нәтижелері ,өзге жағдайларда олардың бұзылу, сақталмау жөніндегі жауапкершілігі туралы сөз болды. Бірінші жағынан алып қарастырғанда тұтас құбылыс мінез-құлықтың ондай қылығына тәуелсіз, ал екінші жағынан алып қарастырғында міндеттердің салдары ретінде туындап тәуелдікке ұшырайды.
Библиографиялық тізім:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз.
2. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына «Қазақстан-2030» Жолдауы.
3. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі. 2000 жылдың 1 сәуіріне дейінгі өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Алматы // Жеті Жарғы.
4. Гражданско-правовая ответственность. Васькин В.В., и Овчиников И.Н.. 1998 г.
5. Гражданское право. Под ред. доктора профессор юридических наук.
А.П. Сергеева. Санкт-Петербург 1996 г.
6. Основы гражданского право. М.Г. Маркова.
7. Гражданский Кодекс РК коментарии. Общая часть. Алматы.
М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин.
8. Гражданское право. Е.А.Суханов.
9. Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства. Алматы, «Әділет-Пресс», 1997 г.
10. Гражданское право. Учебник / Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого. М., 1997г.
11. Юридическая ответственность и законность. Братусь С.Н. Москва, 1996 г.
12. Гражданское право, часть вторая в вопросах и ответах. Москва юристь 2001г.
13. Алексеев С.С. Проблемы теории права – М., 1972г.
14. Гражданский Кодекс РК толкование и комментирование, Алматы, 1997 г.
15. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. Ғ. Сапарғалиев. 1995 ж.
16. Гражданская правовая ответственность за пречинение вреда. Теория и практика. Белякова М. А. 1996 г.
17. Ответственность за нарушение гражданских прав и обязанностей. Грибанов В.П., Москва 1993 г.
18. Ответственность в коммерческом обороте. Комаров А.С. Москва 1991 г.
19. О возмещение ущерба гражданам. А.Бризиский, 1992 г.
20. Вина как субъективное основание гражданско-праовой ответственности. Учебник. В.А.Варул. 1996 г.
21. Причинная связь как условие юридической ответственности. Егоров Н.Д., Москва 1991 г.
22. Правонарушение, понятие, причины, ответственность. Малейн Н.С. Москва 1995 г.
23. Правовое экономика. Проблемы становления. Угинский Б.И., Сафиуллин Д.Н., 1991 г.
24. Гражданско-правовая ответственность за вред, причинный преступлением против личности. А.Т.Ашеулов, Г.А.Жайлин. Алматы, Издательства Каз ГЮУ 2000 г.
25. ҚР азаматтық құқығы. Ғ.Төлеуғалиев, І том. Алматы 2001 ж.
26. ҚР Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім 1995 ж. 1 наурыз).
27. ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 6 қаулысы «Азамматтардың және ұйымдардың ар-намысын және абыройын қорғау» 18 желтоқсан 1992 ж.
28. ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңы 1997 ж., 17 сәуір.

Мазмұны

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
І тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі және нысандары
1.1. Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі. . . . . . . . . . .
. . . . . ...5
1.2. Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі туралы
пікірлер ... 16
1.3 Азамматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрі және нысандары . .. ..
.21
1.4 Жауапкершілік түрлері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . .. . 28
1.5 Құқық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік. . .
... ... ... 36

ІІ тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері
2.1 Құқыққа қарсы мінез. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . .. . . . . . . . . . . .40
2.2 Себепті байланыс. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . .42
2.3 Кінә. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . 46
2.4 Зиян. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .54
2.5 Тұтынушылардың құқығын қорғау құралы. . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . ... .55

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . .. . . . . . . . . . 57

Библиографиялық тізім ... ... ... .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . 59

Кіріспе
Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық-
құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес
жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы
болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес
жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке
әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау
жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады.
Алайда, жауапгершілік заңнан немесе шарттан тыс көзделуі мүмкін.
Жауапгершілік заң шеңберінен аспауы тиіс. Азаматтық-құқықтық
жауапкершілікті қолдану үшін жауапкершілік түсінігін анықтап алуымыз
қажет. Жауапкершілік туралы ғалымдардың әртүрлі пікірі қалыптасқан.
Азаматтық құқық жауапкершілікті қолдану арқылы әділетке жету үшін
барлық жағдайларды қарастырған. Алайда қоғамның даму барысында түсінігі
туралы теориялар мен тұжырымдардың жаңа түсінігіне бастама болады.
Азаматтық-құқықтық белсенділік қалыптастыруда мүліктік жауапкершілік
иеленуші роль атқарады. Бұл туралы Азаматтық кодекстің екінші бөлімі
ерекше бөлімінде жан- жақты қамтылған. Осы тұрғыдан алып салыстырғанда,
азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің, соның ішінде әсіресе, мүліктің төлем
мақсаты бар мүліктік жауаптылықтың тәрбиелік функциясы айырықша мәнге ие.
Зерттеу тақырыбымыздың мақсаты мен мазмұны ескере отырып, негізінен,
азаматтық- құқық жауапкершіліктің тәрбиелік аспектілерін қаралап көрелік.
Аталған мәселелерді зерттеумен айналысып жүрген Қазақстандық ғалымдар
Ю.Г. Басин, М.К.Сүлейменов, А.Г.Диденко, О.Ихсанов және ресейлік ғалым
Е.А.Сухановтың пікірінше азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ескерту-
тәрбиелік функциясының айқындаушы маңызы зор.
Бәрімізге мәлім, жауапкершілік әлеуметтік өмір аясында адам,
қоғамның табиғи өмір сүруі үшін қажетті жағдай туғызуға себепті салдарын
тигізетін еркіндікті (соның ішінде ой еркіндігінде) қамтамасыз етуге
қабілетті, жауапкершілікті адамдардың мінез- құлқын қалыптастыру құралы
болып табылады. Олай болса, жауапкершілік пен еркіндік өзара байланысты әрі
бір-біріне себепті салдарлық құбылыстар. Еркіндік істің байыбын барлай
отырып, дұрыс шешім қабілеттілігінен басқа ешнәрсе емес. Еркіндік немесе
шешім қабылдауға жағдай тудырған болса, жауапкершілік те арта түседі.
Еркіндік шектелген, шектелілген жерде жауапсыздыққа, заңға қайшы келетін
мінез-құлыққа әкеліп соқтыратын психологиялық деформацияға жол ашылады.
Нарықтық қатынастарға негізделген қазіргі экономикалық жүйеге көшу
кезінде шаруашылық қызметінде толық еркіндік және сонымен бір мезгілде
экономикалық қызмет нәтижесі жолында фирмалардың, кәсіпкерлікпен,
сауда–саттықпен айналысып жүрген барлық адамдардың толық жауапкершілігі
талап етіледі. Бұл процесс меншіктің барлық түрлерінің тепе-теңдігіне,
меншік қатынастарын белсенді реформалауға сүйенеді. Меншік иесінің
дербестігі мен тәуелсіздігі творчествалық белсенділік пен икемділікті
дамыта отырып, оның инициативасына, өз мүлкін ұқыптылықпен пайдалануға,
сақтауға және жауапкершілігін арттыруға жол ашады. Жауапкершілік бір
мезгілде түрлі әлеуметтік байланыстарға тән нәрсе. Жауапкершілік сезімі
адамгершілік санаты (категориясы) болып табылады. Алайда, жауапкершіліктің
мұндай қасиеті құқықтық жағынан негізделгенде ғана құқықтық реттіліктің
көрінісі ретінде жауапкершілік ұғымы түрлі аспектілерге жиі қолданылады.
Кейбір жағдайларда міндеттерді, тапсырмаларды, жүктелген жұмыстарды орындау
мен оның нәтижелері ,өзге жағдайларда олардың бұзылу, сақталмау жөніндегі
жауапкершілігі туралы сөз болды. Бірінші жағынан алып қарастырғанда тұтас
құбылыс мінез-құлықтың ондай қылығына тәуелсіз, ал екінші жағынан алып
қарастырғында міндеттердің салдары ретінде туындап тәуелдікке ұшырайды.
І – тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі

1.1. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі
Жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Азаматтық
құқықтық қатынастың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан
жауапкершілік жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде
қаралады. Бірақ та бұл арада айтылған мәселе міндеттемелерден тыс құқық
қатынастарына да қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз – заңмен
немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық
құқықтық қатынастардың субьектілеріне қолданылатын мүліктік өндіртіп алу
немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай
өкілетті тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады.
Жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық
нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады. Ең алдымен, азаматтық-
құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайтуда, осы
мақсаттың алдын алуда тәрбиелік маңызы айрықша. Азаматтық құқық қатынасының
субьектілері болып табылатынтараптар өзіне жүктелген міндеттерді орындамауы
қоғамдық қатынастарды бұзып, мүліктік шығынға және жеке тұлғалар мен бүкіл
қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын білуі тиіс әрі өзінің
міндетін бұзбауға күш салуы керек. Тәрбиелік жағын былай қойғанда, егер,
әлгі айтқан құқық бұзушылыққа жол берілетін болса, онда азаматтық-құқықтық
жауапкершілік оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Сондықтан да,
борышқор өзі істеуге міндетті нәрсені орындамағанда ғана емес, оны
орындаудан өз бетімен бас тартқан кезде де оған жауапкершілік бәрібір
мойындатылады. Азаматтық құқықтық қосымша мүлікті өндіртіп алу тәрізді
өзіне тән жауапкершілік қасиеті болмаса, несие беруші міндеттемесін
орындаудан жалтарған борышқорға жазалау шарасын қолдана алмайды және оның
іс-әрекетін өз дәрежесінде реттеп отыруы қиындай түседі.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиеттері:
А) борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік шығындарды
несие берушіге қайтару;
Ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау;
Б) борышқорды міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде
орындамағаны үшін жазалау;
В) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына
түрткә болу (өйткені, контрагенттің дұрыс болмауынан пайла болатын
шығынды өтеуді қамтамасыз етеді);
Г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше
айғақтау болып табылады.
Ықпалы әр түрлі деңгейде бола тұрса да, міндеттемелердің бәрінде
жауапкершіліктің мұндай қасиеттері кездеседі. Мұндай жауапкершіліктің
қажеттілігі міндеттеменің бұзылмауын реттейтін заңнан ( мысалы,
міндеттемені бұзғаннан келетін залалдың орнын толтыру ), әр жақтың өзара
жасасқан шарттарынан, міндеттеменің келісілген жағдайларынан туындайды.
Жауапкершілікті белгілеу қосымша келісімдер арқылы да жүзеге асады. Мысалы,
оған міндеттеменің мерзімін бұзғаны үшін салынатын айыпқа орай жасалатын
келісімді жатқызуға болады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік – Азаматтық құқықтың Жалпы
бөлімінің институты болып табылады, өйткені, жалпы ереже бойынша азаматтық-
құқықтық қатынастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттер кездеседі.
Жауапкершілікті түсінуде көп жағдайда ретроспективті көзқарас белең
алады, сондықтан да ол тәртіптің бұзылуы, санкциясы жүзеге асыру
(мемлекеттік мәжбүрлеу) ретінде ұғындырылады. Оның үстіне тәртіп
бұзушылықтағы жауапкешіліктің мән-маңызын ұғынуда екі бағыт тілге тиек
етіледі. Бұл мәселеге қалам тартқан авторлар заңды жауапкершілік тәртіп
бұзушылар үшін қосымша ауыртпалық түсіру мен (қолайсыз жеке және мүліктік
зардаптар) міндетін орындауға мәжбүрлеу деп болжайды, ең бастысы – ол
жауапкершілік, сондықтан заңдық, жауапкершілік те –міндет, алайда
олмәжбүрлеу арқылы орындалады. Осыдан кейін заңдық жауапкершілік адамға
тәртіп бұзуға жол бергенге дейін болмайды деген қорытынды жасалады.
Жауапкершілікті ретроспиктивті көзқарас ретінде түсінудің
гносеологиялық себептері неде? Қоғамдық ой-пікір дәстүрінде жауапкершілік
жазалаумен, құн алумен байланыстырылады. Құқықтық ұғымда қоғамдық пікір мен
ғылым неліктен міндеттеуге, жазалауға, мемлекеттік мәжбүрлеу, қылмыстық-
құқықтық шараларға жүгінеді?
Құқық тек жарлық пен тиым салынғын тенденцияларға тән қарапайым
құбылыс болғаны ма?
Бірден және кездейсоқ пайда болмаған бұл сауалдарға жауапты
жауапкершілік теориясындағы қиғаштық себептерін мемлекеттік құбылыстың
тарихи тәжірибелерінен, басқарудың өміршеңдік, биліктік-әкімшілік,
бюрократтық тәсілдерінің белең алу практикасынан іздеу керек.
Біздің құқықтық жүйеміздің қазіргі реформалары ең алдымен оны
орнықтыру тәсілдерін жаңғыртуды көздейді. Бұл жерде ең басты гуманизм
әділеттілік бастауларын нығайту адамдарға деген құрмет сезімін
қалыптастыру, олардың заң алдындағы құқықтары мен бостандығын, теңдіктерін
қатаң сақтау, әркімнің өз әрекеті үшін жауапкершілігінің заңдылығын
мойындау.
Заңдылықты нормативті-мәжбүрлеуді шектен тыс арттырудан сақ болған
жөн. Құқықты тар ауқымда ұғыну-құқықтың демократиялық, акдамгершілік,
гуманистік потенциялының жан-жақты ашылуын барлық қоғамдық соның ішінде
құқықтық құбылыстарды орталықтандыруды қамтамасыз ете алмайды.
Нақты алғанда құқық күрделі құбылыс. Оның мазмұнында адамдардың
еркін олардың творчестволық дербестігінің мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін
компоненттер маңызы мен құқықтың мінез-құлқын механизміне ықпал ету
мүмкіндік беретін ынталандыру және еркін беру нормаларының үлес салмағы
арттырылуда.
Сонымен, заңдық жауапкершілік міндеттерді орындалмағаны үшін
санкцияларды, айып салуды, жазалауды күшейту жолымен емес, адамдардың
келісім-шарт міндеттері мен заңдылықты қатаң сақтаудағы позитивті
жауапкершілігін, салалы қатынастарын күшейту жолымен жүргізген жөн. Бұл
жауапкершілікті өркен жайдыратын нақты тарихи даму жолы.
Қ. Мұздытаев атап көрсеткендей жауапкершілік ретроспиктивті бағыттан
перспективті көрінеді. Бұл ретте адамдардың болашақ іс-әреетінің
нәтижелерін алдын-ала аңғару қабілеті емес, олардың қоршаған ортаны қайта
жаңғыртуға белсенді қатысу жөніндегі ұмтылыстары да есепке алынады. Бұл
жағдайда біз заңды жауапкершілікті моральдық, ішкі жауакершілікпен
шатастыруға қарсымыз. Тек позитивті заңдық жауапкершіліктің бір-бірімен
тығыз байланысты моральдық құқықтың негізі болатынына көңіл аударғымыз
келеді.
Позитивті заңдық жауапкершілікті негіздеуге және оның табиғатын ашып
көрсетуге көшпес бұрын құқықтық тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыру ісінде
және азаматтық-құқықтық белсенділікті қалыптастыруда
методологиялық маңызға ие жауапкершілік ұғымына жан-жақты тоқталып өтейік.
Бірден-ақ ашығын айтайық жауапкершілік ұғымы күштеу мен және
жазалаумен сәйкес келмейді. Сонымен бірге, цивилистердің өзі азаматтық
құқықтың жауапкершілікті құқық бұзушылықтың және санкцияны іске асырудың
салдары немесе мемлекеттік күшпен қорқыту ретінде түсінбегені жөн. Біздің
социологиялық зерттеулеріміз көрсетіп отырғандай респонденттердің 21
проценті жауапкершілікті тар ауқымды ретроспективті деңгейге түсінеді. Бір
қызығы сол, респонденттердің арасында қылмыстыры үшін бас бостандықтарынан
айрылғандыр және еңбек пен түзеу мекемелерінің қызметкерлері болады.
Сонымен бірге қазірге дейін цивилистердің өзі азаматтық құқықтың
жауапкершіліктің белгіленуі деп жазалауды, құқық бұзушылыққа жол бергені
үшін сотқа тартылуды таниды және оны санкциялармен, адамдардың мүдделеріне
нұсқан келтіру мен тығыз байланыстырады. Олардың пікірі бойынша тәрбиелік
ықпалын ерекшеліктерді құқықтық тәртіп бұзуға мемлекет пен қоғамның
айыптауын адамдарға сезіндіру болып табылады. Кейбіреулер азаматтық-
құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік оргондар құқық бұзушыға қолданатын
құқықтық нормаларды сақтауға мәжбүрлеу шаралары ретінде бағалайды.
Мәжбүрлеу жауапкершіліктің маңызды белгісі.
Әрине, мәжбүрлеудің мүмкіндігі заңдық жауапкершіліктен міндетті
түрде тыс тұрады (сондықтан бұл категориялар бір-біріне сәйкес келмейді),
мәжбүрлеу жауапкершіліксіз де бола алады (мысалы реквизация),
жауапкершіліктің мәжбүрлеусіз де жүзеге асуы мүмкін.
Профессор В.М. Хвостов құқұқтық мәжбүрлеуді дөрекі, механикалық
мағынады түсінбеу қажеттілігіне көңіл аудара келсе, істің мәніне баға
бергенде құқық нормасын оның аржағында жағалаудың бір түрі ретінде санкция
тұрған жаза қорқынышынан атқарылатын мінез-құлық тәртібі деп, есептемеу
қажет. Құқық нормасын оның тасасында қалып қоятын талабы міндетті болып
толып табылатын жоғары биліктің құдіреті беделді адамдар тұрғанда ғана
мәжбүрлеу сипатына ие болатынын айтады.
Екінші жағынан, мәжбүрлеуді мемлекеттік аппаратының араласуынсыз
жүзеге асыруға болады. Бұл жағдай бірнеше кезекте азаматтық–құқықтық
қатынас нормаларында әділеттілікті талап етеді. Мысалы, азаматтық – құқық
мәжбүрлеуге қарағанда ықпалды келеді, міндеттердің орындалуын қамтамасыз
етудің заңдық құралы болып табылады.Азаматтық-құқықтық қажеттіліктің
құқықтық үлес сипаты болғандықтан және құқықтық үлестің қатысты
құқықтық қатынастарын екі келетіндігінен азаматтың міндеттердіорындауда
басты ынталандырушы күш мәжбүрлеу емес,субъектінің құқықтық қатынастарда
субъективті құқықтық жүзеге асыруға ынтасы болып табылады.Қатынастарда
азаматтық-құқықтық ықпал ету механизмі, - деп жазады В.Ф. Яковлев, -
құқықтық қатынас субъектілерінің мүліктік мүдделері тікелей пайдаланумен
сипатталады. Ынталандырудың заңдық құралы адамдардың субъективиті
құқықитағы үлесі, қабылданатын міндеттердің эквиваленті болып табылады.
Азаматтық құқық субъектілерінің құқықтық белсенділігін азаматтық
нормаларына тән болып келетін мемлекеттік мәжбүрлеудің бүркемелі сипатын
ашуға болмайтыны да міне, сондықтан.
Қазіргі жағдайда міндетті белгілеу мен жазаны нақты орындаумен
байланысы жоқ қылмыстық жауапкершіліктің сондай формаларын кең қолдануға
айқын перспектива ашылып отыр. Қылмыстық жазаны, қоғамдық ықпал ету
шараларымен ақырында ауыстырудың жаза қолдану аясын тарылтудың
диалектикалық процесі қылмыстық жауапкершілік ақтау кезінде жүзеге асырылуы
мүмкін.
Сонымен жауапкершілікті жазалау мен салыстыруға болмайды. Біздің
зерттеулеріміз көрсетіп отырғандай, респонденттердің 63 проценті
жауапкершіліктің жазалаусыз, мәжбүрлеусіз болатынына сенімді. Заңдық
жауапкершілік құқықтық нормаларды орындамағаны үшін жаза қолдануға немесе
құқықты мінез-құлықты, азаматтық-құқықтық белсенділікті ынталандыру
мақсатымен орнықтырылады.
П.А. Варул мен И.Н. Грязин заңдық жауапкершілік тұрғысынан келгенде
жауапкершілікті арттыру қажеттігі өз міндеттерін түбегейлі орындамаған
немесе орындамаған кінәлі адамдарды қатаң жазалау қажеттігін білдіреді.
Мұндай жаза, ақтық нәтижеде қоғамның әрбір мүшесінің өз міндеттерін жақсы
орындауда мемлекеттік масштабта қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен, әңгіме
жауапкершіліктің тиімділігі жөнінде болып отыр. Мұндай қорытынды тарихи
практикамен әрдайым сәйкес келе бермейді.
Мысалы, еңбек тәртібін нығайту жөніндегі 1940 жылғы заңдарды, нақты
айтқанда 1940 жылғы 26 маусымдағы КСРО Жоғарғы Кеңес президиумының Сегіз
сағаттық жұмыс күнімен, жеті күндік жұмыс аптасына көшу туралы
жұмысшылармен қызметкерлердің кәсіпорындар мен мекемелерден өз беттерінше
кетуіне тиым салу туралы жарлығын қолдану тәжірибиесі қатаң жазалау
жүйесінің еңбекшілердің инициативасы мен дербестігінің тиімді жұмыс
істеуін әлсірететін жауапсыздыққа әкеліп соғатын, жазаланғандардың өшігі
түсетінін, бұрынғыдан да үлкен тәртіпсіздіктерге жол берілетіндігін
көрсетті. Кәсіпорындар басшылары өздеріне артық жауапкершілік алмауы үшін
мәселерді өз бетінше шешуден қашқақтайды.
Көріп отырғанымыздай адамдардың жеке бостандықтарына нұсқан
келтірген жазалау жауапсыздыққа әкеліп соғады. Азаматтардың жауапкершілігі
олдардың еркін мінез-құлықтан тыс жауапкершілік те жоқ.
Осыған байланысты Е.В.Черныхтың адамдардың жауапкершілігі мен
жауапсыздығы соңынан келетін зардаптардан емес, олардың іс-әрекеттерінен
көрінеді деген пікірмен толық келісуге болады. Іс-әрекеті сипаты қандай
болса, оның зардаптары да сондай. Егер адамның мінез-құлқы қалыпты болса,
жазалау жөнінде мәселе қойылмайды, себебі ол жауапты әрі жағымды мағынаға
ие. Позитивті жауапкершіліктің салдары жазалауға ұшырайды. Жауапкершіліктің
теріс аспектісі тәртіптің бұзылуынан көрінеді.
Бұл жерде оның салдарынан жазалау, жауапкершілікке тарту, тәртіп
бұзушыға шара қолдану болып табылады. Заң шығарушының бірінші орынға
жазалауды жауапкершілік ктегориясын қоятыны сондықтан.
Жауапкершілік пен жазалаудың арақатынасы жөніндегі мәселені
қорытындылай келе қызіргі жағдайда жауапкершіліктің заңдылық идеясына көңіл
аудару қажет. Жауапкершіліктің заңдылығы жөніндегі ереже жалпы құқықтық
сипатқа ие және заңдылықтың маңызды принциптерінің бірі болып табылады.
Жауапкершіліктің заңдылығы бірде-бір құқық бұзушылықтың табылмай қалуғы
тиіс емес екендігін және олардың әрқайсысы үшін жауапты адамдардан есеп
талап етілетіндігі білдіреді. Мұндай есептің нәтижесінде жауапты адамның
мінез-құлқы айыпталу мен жазалауға, жауапкершілік шараларын қолдануға
лайықтылығы көрінеді.
Оның үстіне өз іс-әрекуеттеріне есеп беру міндеттілігі кейбір
жағдайда тікелей заңда қарастырылады. (Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексі,272 бап), кейбір ретте құқықтық негізгі принциптерінен туындайды.
Сонымен, заңдық жауаптылық - өз іс-әрекеттеріне есеп беру құқықтық
реттелетін міндеттілік.Респонденттердің 59 пайызы осындай қорытындыға
келеді.
О.Э. Лейст жауапшылықтың мұндай ұғымымен келіспейтіндігін
білдіреді.Ол міндеттілігі арқылы жауап беру, есептеу мүліктік
жауапкершіліктің мазмұнын аша алмайды, себебі келісім-шарт міндеттемелерін
бұзушы немесе мүлікті ұғым зиян келтіруші жәбірлеуші алдында жасаған
зиянды әрекеттері үщін есеп беріп қана қоймай шығынның орнын толтыруға,
айып төлеуге заң алдында жауапты.Істің шын мәнінде келгенде негізделген
айып тағылып отырғанда келісім-шарт бұзушының немесе зиян келтірушінің
жәбірленушіге жауап ретінде өзінің қызыметі, жеткен жетістіктері,
қиыншылықтары, кемшіліктері жіберілгендігі, құқық бұзушылықтың жай күйі
жөнінде құлаш-құлаш есеп беріп отырып, ал жәбірленушінің шығынды қайтарып
алу үшін сотқа немесе арбитражға берудің орнына қарсы жақты есебін оқып,
отырумен шектеліп қалуы дұрыс па? - дейді.
О.Э.Лейст жауаптылық жөніндегі біздің ұғымызды түбірімен әжуалдауға
тырысады: есеп жазылды жауапкершілікті мойындадың, сонымен іс бітті. Бұл
жөнінде не деуге болады.
Алайда, біріншіден біз кең ауқымды жауапкершілікті теріске
шығармаймыз, олай етсек кең ауқымды жауапкершіліктің ғана барлығы жөнінде
ұғым қалыптасады. Жауапкершілікті проблемасындағы негізгі кемшілік оның
құқық бұзушыларға қолданылытын іс-әрекет шаралары болып табылады.Айталық
шығын мен айыпты өндіру азаматтық құқықтық жауапкершілік шарасы. Ықпал ету
шарасын қолдану көп жағдайда жауапкердің іс-әрекетіне есеп беруіне тікелей
байланысты әрі міндетті. Үшіншіден, жауапкершіліктің тәрбиелік-ескертпелік
маңызы жөнінде ұмытпау керек.
Жауапкершіліктің тәрбиелік мүмкіндіктерін адамның есеп беру отыру
мүмкіндігі туғызылған жағдайда ғана нақты пайдалануға болады. Есепті талап-
жауапкершіліктің негізгі белгісі әрі маңызды. Есеп берілгеннен кейін
жазалау немесе айыптау жүргізіле ме, жоқ па бұл басқа мәселе. Біздің
қызметіміздегі басты кемшілік сол, есеп беріп отырудың жиі талап
етілмейтіндігі. Бұл жауапсыздыққа әкеліп соғады.
Осы ретте кімге есеп беру керек деген мәселе төңірегінде ойланып
көрейік. Бұған жауап ретінде әрбір саналы азамат ең алдымен мінез-құлқы
туралы өз-өзіне есеп беріп отыруы тиіс деген В.А. Тарховтың тұжырымымен
толық келісеміз. Бұл жеке адамдардың іске жауапкершілік қатынастарының
даму процесін таңдау кезінде принципті маңызды мәнге ие болады.
Бұл жерде жауапкершіліктің екі түрін назарда ұстаймыз: қоғам
(мемлекет) алдындағы жауапкершілік және үлкен рухани құндылыққа ие адамның
өз-өзіне жуапкершілігі. Бірінші жағдайда жауапкершіліктің мақсаттары,
реформалары мен шаралары мемлекетпен бекітіліп қолданылады (сырттай
бақылау). Екіншіден, жауапкершілік жеке адамның өз-өзін ұстап жүру
қабілетіне, өзінің өмірдегі орны мен ролін терең сезінуіне, нақтылап
айтқанда индивидтің өзінің мінез-құлқын іштей реттеп отыру механизміне
тікелей байланысты. Жауапкершіліктің көрсетілген түрлері бір қатар жағдайда
дербес болса да өзара диалектикалық тығыз бірлікте.
Оның үстіне ішкі бақылауы жақсы дамыған адамдар қазіргі жағдайда
бейімділігін танытады. Олар, белсенді, конструктивті мінез-құлқы тұрақты.
Керісінше, сыртқы бақылауға бейімделгіш адамдарда құқықтық белсенділік пен
жауапкершіліктің төменгі дәрежесі, азаматтық позициясының солқылдақтығы
аңғарылады. Міне, сондықтан құқықтық тәрбие қызметінде азаматтардың мінез-
құлқының жауапкершілігін қалыптастыру мәселесін шеше отырып, ішкі бақылауды
күшейтуге қол жеткізу қажет. Соңғысы өзіне есеп беруді нығайтусыз жеке
адамдардың бірінші кезекте өзіне, өз-әрекеттеріне есеп беру міндеттерін
орындап отыруынсыз мүмкін емес.
Баршаға мәлім, кез-келген заңдық міндет қандай да бір болмасын өзге
объектінің (азаматтың, органның, мемлекеттің) құқығымен тікелей байланысты.
Оның алдында жауапты адам жеке міндеттер орындауға тиісті мінез-құлқына
есеп беріп отыру керек. Есепті талап ету-тәрбиенің маңызды құралы,
жауаптылықтың заңдылығы. Есеп беру барысында міндеттілікті орындауды
қамтамасыз етуде, міндетті адам мен қоршаған ортаның ықпалында шара қолдану
аясы айқындалады.Жоғарыда айтылғындардың негізінде жауапкершілік белгілерін
бөліп қарауға болады. Олардың, түпкі мәні, біріншіден жауапкершіліктің
мемлекетпен белгіленіп, бекітілуінде құқықтық нормалармен қарастырылуында
жатыр. Екіншіден, адамнан есеп беруді тек заң құқығы бар азаматтан ғана
талап ете алады. Басқа адамдардың түрлі сылтаулармен есеп беруді талап етуі
заңды жауапқа жатпайды.
Кез-келген құқықтық міндеттіліктің заңдық жауапкершілікпен
негізделіп отыруы тиіс екендігін естеріңізге саламыз.Онсыз міндеттілек
белгісі - бір мінез-құлық қажеттігі сипатын жоғалтады.Осыдан келіп мынадай
қорытынды шығаруғы болады: құқықтық міндеттілік және оны нығайтатын
жауапкершілік – бұл бірдей емес. Жауапкершілік – бұл да міндеттілік, алайда
әрдайым өзге міндеттіліктермен жалғастырылып отырады. Мысалы, заңдарды
сақтау міндеттілігі оларды сақтауына есеп беріп отыру міндеттілігімен
нығайтылып жатады.
Азаматтық құқықтық жауапкершілік құқық бұзушылықты жою шарасы
ретінде қолданылады. Азамматтық құқықтық қатынастың дұрыс қалыптасуы
үшін тараптар міндеттерін орындап отырады. Егер де міндеттеме
орындалмаса, немесе тиісінше орындалмаса, онда міндеттеме бұзылады
деп келтіріп қоймай, сонымен ақша-тауар қатынасына әсер
етеді. Құқық бұзушылықтың алдын алу және зиянды нәтиже болмау үшін
азаматтық құқықта міндеттемені бұзғаны үшін санкция ретінде азаматтық
құқықтық жауапкершілік қолданаылады.
Алайда кейбір санкция түрлерінде азаматтық құқықтық
жауапкершілік туындай бермейді. Егер де міндеттеменің
орындалмауы салдарынан мүлік қайтарылмаса, онда мәжбүрлеу шараларын
қолдану арқылы борышқордан мүлік алынып қойылып несие берушіге
айтарылады. Іс-әрекеттің орындалуы үшін, қатынастың дұрыс қалыптасуы үшін
мәжбүрлеу жүзеге асырылса да бұндай санкцияны азаматтық құқықтық
жауапкершілік ретінде қарастыруға болмайды.
Азаматтық құқықтық жауапкершілік ретінде құқық бұзушыға
қосымша міндет жүктеумен байланысқан санкцияларды түсіну керек.
Яғни, құқық бұзушыға жауапкершілік жүктелінеді. Бұл міндеттер құқық
бұзушыға қосымша азаматтық құқықтық міндеттеме жүктеуі мүмкін немесе
оған тиісті азаматтық субъективті құқығынан айырылады. Егер де
тараптар мәміле жасасқан кезде мәміле алдау жолымен жасалған болса, онда
алданған тарап әміле жасау құқығынан айырылады. Мәміле азаматтық
заңдылықты бұзу жолымен жасалынбаған болса, бұндай шаралар қолданылмас
еді. Құқық бұзушыға қосымша міндет жүктейтін санкция түрі
азаматттық қатынастағы қатысушыларға әсер етеді және құқық бұзушылықтың
алдын алуға көмектеседі.
Сонымен, азаматтық құқықтың жауапкершілік ретінде құқық бұзушыға
қосымша азаматтық құқықтың міндет жүктейтін немесе оған тиесілі
азаматтық құқығынан айыратын санкция түрлерін түсіну қажет.
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің түсінігі заң ғылымындағы дау
тудыратын сұрақтың бірі. Кейбір автордар позитивті жауапкершілікті
бөліп қатыстырады. Бұндай жауапкершілік міндеттеменің орындалуымен
сәйкес келіп жатады. Әзірге міндеттеменің орындалуы көп кездеседі,
алайда жауапкершілікке шектеулі немесе керісінше, жауапкершіліктің
туынды міндеттемені орындаудан босатады.
С.Н. Братусь жауапкершілік деп мемлекеттік немесе қоғамдық
мәжбүрлеу шараларын, сонымен қатар борышқордың өзіне жүктелген
міндеттемені орындауын түсіндіреді.
Қорғау шаралары ретінде құқық бұзушылықтың алдын алу және
тоқтату, ал егер ол болмаса жағдайды қалпына келтіру санкция түрлерін
жатқызуға болады. Бұндай қорғау шараларына құқықты мойындау:
міндеттемені орындауға мәжбүрлеу, дау туғызған мәмілені жарамсыз деп
тану, құқық бұзатын жағдайды қалпына келтіру және т.б. жатады. Азаматтық
құқықтың жауапкершілікте осындай тұжырымға келу құқық бұзушының
кінәсінен тәуелсіз жүзеге асырылуы мүмкін.

1.2. Азаматтық –құқықтық жауапкершілік түсінігі туралы
пікірлер.
Жауапкершілік термині әртүрлі аспектіде қолданылады. Жеке айтатын
болсақ: әлеуметтік, рухани, экономикалық және юридистикалық
жауапкершілікті кездестіруге болады.
Әлеуметтік жауапкершілік түсінігі жалпылама ұқсас. Онымен
қоғамдағы болып жатқан жауапкершіліктің барлық түрі қамтылады. Осы
тұрғыдан қарағанда рухани, экономикалық юридистикалық жауапкершілік - тек
әлеуметтік жауапкершіліктің түрі ғана.
Алайда әлеуметтік жауапкершілік ерекше мағынаға ие болып,
әлеуметтік психологиялық сипатта болады. Әдебиеттерде осы
жауапкершілік түсінігіне ұқсастыруға тырысады. В.А. Тархованың
пікірі бойынша: өзінің істеген әрекетіне жауап бере отырып
міндеттеменің реттелу құқығы- юридистикалық жауапкершілік , -дейді.
Юридистикалық жауапкершіліктің осындай түсінігі жауапкершілік
түсінігін шектен тыс үлкейтіп, оның тәжірибелік мағынасынан
айырады.
Қоғамдық өмірде рухани жауапкершілік категориясы үлкен маңызға ие.
Ол ұнамдылықты бұзу нормасымен байланысқан және қоғамға жат
қылықты қоғамдық айыптау түрімен ерекшеленеді. Әдебиеттерде және
заңдылықтарда экономкалық жауапкершілік түсінігі екі түрлі
мағынада қолданылады. Барлығынан бұрын ол Мүлікті жауапкершілік
түсінігімен астасып жатады. Және бұнда ешқандай қорқыныш жоқ. Нарықтық
экономикаға өтуімізге және әкімшілік халықтық әдістің экономикалық әдіске
өту,осындай түсінікті құқыққа сиымды етіп көрсетеді. Яғни нарықтық
қатынастарды реттеуде жол ашады. Экономиканың ықпаламен экономикалық
әдістердің заңмен бекітілуі экономикалық жауапкершілікті құқық бұзушыға
мүліктік ықпал ету шарасы ретінде экономикалық жауапкершілікті
юридистикалық жауапкершіліктің бір түріне айналдырады.
Заң әдебиеттерінде экономикалық жауапкершілік түсінігіне
юридистикалық жауапкершіліктің ерекше бір түрі ретінде қатыстыруға
тырысады.
Бұл жағдайда әкімшілік-құқықтық шара туралы сөз болып, ал
азаматтық құқықтық жауапкершілік түсінігі қарастырылмады. Алайда,
нарықтық экономика жағдайында экономикалық жауапкершілік түсінігі
мағынасын жоғалтады.Азаматтық-құқықтық жауапкершілік юридистикалық
жауапкершілікті құрайтын, өзіне тиісті барлық белгісімен
юридистикалық жауапкершіліктің бір түрін құрайды.
Юридисдикалық жауапкершілік үшін оған негізгі төрт белгі
тән: юридистикалық жауапкершілік құқық нормасын бұзушыға қолданылатын
мемлекттік мәжбүрлеуге ықпал ететін шаралардың тек бір түрі;
екіншіден, ол құқықтың бұзылуына жол берген тарапқа ғана қолданылады;
үшіншіден, құқық бұзушыға тек қана мемлекеттік немесе басқа
құзіретті орган қолданады; төртіншіден, жауапкершілікті қолдану үшін
юридистикалық жауапкершілік болып табылатын құқық бұзушыға қолданатын
санкция заңымен белгіленуі керек.
Юридистикалық жауапкершілік құқық бұзушыға қолданатын
мемлекеттік мәжбүрге ықпал ету шараларының ерекше бір түрі
ретінде саналады. Сонымен қатар адамдардың іс-әрекетіне әсер етет
ін басқа да тәсілдермен ерекшеленеді. Мысалы, мемлекеттік мәжбүрлеуші
шара -ретіндегі реттеуші сипатқа ие болатын, бірақ юридистикалық
жауапкершілік бола алмайтын оперативті ықпал ету шаралары болып
табылады.
Жоғарыда көрсетілгендей юридистикалық жауапкершілікті азаматтық
құқықта ерекшеліктері бар. Бұл қасиеттер қоғамдық қатынасты реттеуші
азаматтық құқықтық пәні және әдісі ретінде, сонымен қатар жалпы
құқық жүйесі ретінде азаматтық құқықтың қызметін атқарады.
Азаматтық құқықты реттейтін ерекше қатынастар секілді
мүліктік сипатқа ие болып, мүліктік қатынастарды қүрайды.
Азаматтық қүқық бойынша жауапкершілік қүқық бұзушыға қолданылатын
экономикалық ықпал ету қызметін орындай отырып, қоғамдық
қатынастарды реттейтін экономикалық әдістерінің бірі болып
табылады.
Бірақ азаматтық құқық жеке мүліктік емес қатынастарды,
сонымен қатар тікелей мүліктік емес қатынастарды да реттейді.Осы
уақытқа дейін жеке мүліктік емес қатынастарды бұзу мүліктік
сипатта болады деген пікір қалыптасты. Яғни ол үшін
жауапкершілік мүліктік сипатта болмауы тиіс.
Алайда, өмірдің өзі көрсеткендей, көп жағдайларда азаматтардың
немесе ұйымдардың жеке мүліктік емес құқықтарын бұзу, тиімсіз
мүліктік сипаттағы жауапкершілікке әкеліп соғуы мүмкін.
Сонымен, азамат туралы жалған мәлімет жариялау, оған жұмысқа
тұруға немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қиындық тудыруы мүмкін.
Сондықтан жаңа заңдылық бойынша жәбірленушіге жалған мәлімет жариялау
арқылы келтірілген рухани залалды өтеу құқығына ие болады. Ал
азаматтар үшін құқыққа қарсы іс-әрекет арқылы келтірілген физикалық
кемсітушілікті өтетуге құқылы.
Азаматтық Кодекстің 1-ші бабында былай деп
көрсетілген:
1. Азаматтық заңдармен тауар–ақша қатынастары және
қатысушылардың теңдігіне негізделген өзгеде мүліктік қатынастар, сондай-
ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар
реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары
азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық
бөліністер болып табылады.
2. Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке
қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені оларды бұзу құқық
бұзушыға мүліктік сипаттағы жауапкершілікке әкеп соғады.
Ал заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 44-
бабында көрсетілгендей, меншік иесі қаржыландыратын мекемелер мен
қазыналық кәсіпорындардан басқа заңды тұлғалар өз міндеттемелері
бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
Меншік иесі қаржыландыратын мекеме немесе қазыналық кәсіпорын
өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді.
Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша тиісті
мүлікті меншіктенуші жауапты болады.
Азаматтық құқық тауар иелерінен тәуелсіз және тең құқықты
қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық қатынас міндеттеме бұзылған
жағдайда екіншісіне жүктейтін тең құқылы талаптар арасында құрылады.
Азаматтық талап жауапкершілікте болу фактісін көрсетеді.
Талапкердің пайдасына өндірілетін құқық бұзушыға жүктелетін
мүліктік санкциялар қолданылады. Алайда кейбір жағдайларда құқық
бұзушы зиян келтіріп қана қоймай арам ниетпен жасалса және қоғамдық,
мемлекеттік қызығушылықты тудырса, онда заңда белгілегендей белгілі
мөлшерде мемлекет кірісіне ұсталатын мүліктік санкциялар қолданылуы
мүмкін.
Азаматтық құқықпен реттелетін тауар-ақша қатынастары
эквиваленті өтелетін сипаттак болады. Бұдан шығатын қорытынды,
талапкерге зиян немесе шығынды эквиваленті түрде өтейді. Азаматтық
құқықтық жауапкершіліктің ерекшелігі оның концепциялық сипатта болуында.
Оның мақсаты-талапкердің мүліктік сферасын қайта қалпына келтіру.
Көрсетілген жағдай өз кезінде азаматтық құқықтың жауапкершіліктің
шегін анықтайды. Талапкерге мүліктік сфераны қалпына келтіру тек қана
оған келтірген зиянды немесе шығын мөлшерімен жауапкершілік мөлшерінің
сәйкес келуі.
Бұл жалпы ереженің кейбір қолданылмайтын кездері бар. Егер де
жауапкершілік мөлшері заңмен шектелмеген болса, берілген жағдайды
түсіндіре отырып, азаматтық құқық экономикалық қатынастарды реттеумен
қоса тәрбиеленуші және контрагентке міндеттемені орындату үшін ықпал
етуші сипатқа ие.
Азаматтық құқық қатынастағы тараптардың заң бойынша бір-біріне
ұқсас теңдей жауапкершіліктер әрқашан қатал қолданыла бермеді. Бұл жерде
негізгі қатысушышаруашылық іс-әрекеттер жеңілдіктермен артықшылық-тарды
пайдалана білді. Осыған ұқсас жауапкершілік мөлшерінің шектеулі құрылыс,
транспорт, кәсіпорындарда және тағы да басқа ұйымдарда етек
алды. Үкімет мүліктік жауапкершіліктен жыл сайын шарттағы міндеттемені
бұзған кәсіпорындар және ұйымдарды жеңіл өнеркәсіп саласын мәжбүрлеу
шараларын босатып жіберіп отырды. Нарықтық экономикаға өтуге
байланысты осындай жағдайлар заңның кейбір тұстарының өзгертулеріне
әкеп соқты.
Жоғарыдағы мысалдан бір шешімге келетін болсақ, азаматтық
құқықтық жауапкершілік мүліктік сипаттағы санкция қолданумен
байланысқан, бұзылған құқықтарды реттейтін және азаматтық айналымға
қатысушылардың тең құқығын экономикалық тұрғыда әсер ететін мемлекеттік
мәжбүрлеу түрлерінің бірі.

1.3. Азаматтық - құқықтың жауапкершілік нысандары
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің нысаны ретінде құқық бұзушыға
жүктелетін косымша міндеттер түсіндіріледі. Азаматтык заңдылық
жауапкершіліктің әртүрлі формасын карастырады. Жауапкершілік шығынды өтеу
арқылы (20-бап, Азаматық Кодекс), айып төлеу арқылы (Азаматтық Кодекс 298-
бап), кепіл жоғалту арқылы (Азаматық Кодекс 337-бап) жүзеге асырылады.
Азаматтық кодекстің 20-бабында былай деп көрсетілген:
1. Азамат өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлікпен
жауап береді, бұған заң құжаттарына сәйкес ақы өндіріп алуға болмайтын
мүліктер кірмейді.
2. Азаматтардың ақы өндіріп алуға болмайтын мүлкінің
тізбесі
Қазақстан Республикасының АІЖК белгіленеді.
Азаматтық кодекстің 298-бабында: "Міндеттемені бұзғаны үшін борышқор
жауапқа тартылатын жағдай болған кезде міндеттеменің орындалмағаны немесе
тиісінше орындалмағаны үшін айып өндіріп алынады".
Борышқор кінәлі болған кезде, егер заңдарға немесе шартта өзгеше
көзделмесе, міндетемені орындамағаны және тиісті дәрежеде орындамағаны үшін
жауап береді. Борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше
орындамаған ретте, атап айтқанда, мерзімін өткеріп алған ретте несие
берушіге төлеуге міндетті, заңмен немесе шартпен белгіленген ақша соммасы
айыптөлеу (айыппұл, өсім) деп танылады. Айып төлеу туралы келісім, негізгі
міндеттеменің нысанына қарамастан, жазбаша жасалады. Жазбаша нысанның
сақталмауы айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеп соқтырады.
Немесе беруші тараптардың келісімінде айып төлеу міндетті көзделген
көзделмегеніне карамастан, заңдарда белгіленген айып төлеуді талап етуге
құкылы. Егер заңдарда тиым салынбаса, тараптардың келісімімен заңда айып
төлеу мөлшері көбейтілуі мүмкін. Айып төлеу мөлшері нақты ақша соммасында
немесе орындалмағанына не тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасына
шаққандағы процентпен белгіленеді.
Егер төлеуге тиісті айып немесе берушінің шеккен залалдары мен
салыстырғанда тым көп болса, сот борышқордың міндеттемені орындау дәрежесін
және борышқор мен несие берушінің назар аударуға лайықты мүдделерін ескере
отырып, айып төлеу мөлшерін азайтуға құқылы.
Міндеттемені бұзғаны үшін борышқор жауапқа тартылатын жағдай болған
кезде міндеттемнің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін айып
өндіріп алынады.
Азаматтық кұқықтық жауапкершіліктің келесі түрі кепілпұл. Кепіл
шартқа сәйкес пайда болады. Кепіл заң құжаттарының негізіңде, егер заң
күжаттарында қандай мүлік және қандай міндеттеменің орындалуын қамтамасыз
ету үшін кепілде жатқан деп танылатаны көзделсе, оларда көрсетілген
міндеттемелердің пайда болуы кезінде де туындайды.
Егер шартта немесе заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, кепіл талапты
оның нақты қанағаттандырылатын кезіндегі көлемді проценттерін қоса алғанда,
орындау мерзімін өткізіп алу арқылы келтірілген шығындардың өтелуін, айып
салуды, кепілден алынған мүлікті үстау жөніндегі кажетті шығындарды, сондай-
ақ өндіріп алу жөніндегі шығындарды өтеуді қамтамсыз етеді.
Кепіл туралы шартта өзгеше көзделмеген, кепіл құқығы кепілі тіркелуге
жататын мүлік жөніндегі шартты тіркеу кезінен бастап, басқа мүлік жөнінен —
бүл мүлікті кепіл ұстаушыға берген кезден бастап, ал егер ол беруге
жатпаса, кепіл туралы шарт жасасқан кезден бастап пайда болады. Егер
борышқор міндеттемені тиісті дәрежеде алу үшін өзіне байланысты шаралардың
барлығын қолданып дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады. Кәсіпкерлік кызметті
жүзеге асырған кезде міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде
орындамаған адам, егер бой бермейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезіндегі
төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жағдайлардың (дүлей құбылыстар, соғыс
қимылдары және т.б.) салдарынан тиісті дәрежеде орындауға мүмкіндік
болмағандығынан дәлелдей алмаса, мүліктік жауаптылықты көтереді.
Заңдарда немесе шарт жауапкершіліктің және одан басталудың өзге
негіздері ескерілуі мүмкін.
Міндеттемені қасақана бұзғаны үшін жауапкершілікті жою немесе
шектеу туралы алдын-ала жасалған шарт жарамсыз болады.
Қазақстан Респуликасы Азаматтық Кодексінің 337-бабы бойынша:
1. Уағдаласушы тараптардың біреуінің шарты бойынша өзінен алынатын
төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасаумен
орындауды қамтамасыз етуге берілетін ақшалай сомма кепілпұл деп
танылады.
2. Кепіл пұл туралы келісім кепілпұлдың соммасына қарамастан жазбаша
нысанда жасалуға тиіс. Бүл ереже негізгі міндеттеме
нотариалдық жолмен куәландыруға тиіс болатын жағдайда
да колданылады.
Келісімнің жазбаша нысанда жасалуын сақтамай кепілпұл
келісімін
жарамсыз деп тануға әкеліп соқтырады деп көрсетілген.
Шартта өзгеше көзделмесе, міндеттеменің орындалмауына жауапты тарап
екінші тарапқа кепілпұл сомасын ескере отырып шеккен залалдың орнын
толтыруға міндетті.
Жоғарыда айтылған баптардың ішінен шығынды өтеу ерекше орынды алады.
Олай дейтін себебіміз азаматтардың қүқықтарының бұзылуы көп жағдайларда
шығынға әкеп соғады. Егер заңда немесе шартта көзделмесе, азаматтық
қүқықтық жауапкершіліктің осы түрі үлкен мағына беріп, азаматтық құқық
бұзушылықтың көп ретінде қолданылады.
Егер арендаға алушы мүліктің нашарлауына жол берсе, онда арендаға
беруші аренда туралы занда немесе шартта көзделмеседе оған келтірілген
шығынды өтеуге құқылы. Арендаға беруші арендаға берілген мүліктің
нашарлағаны үшін айып төлетуді тек қана арендаға алушымен шартта көзделсе
және бекітілсе ғана жүзеге асырылады.
Азаматтық құқықтардың бұзылуымен байланысты көп жағдайларды шығынды
өтеу белгіленгендіктен азаматтық құқықтық жауапкершіліктің осы түрі жалпы
шара ретінде саналады.
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің жалпы шарасы ретінде келтірілген
зиянды өтеу міндеттеменің кез келген түрінде колданылады. Азаматтық
Кодекстің, 349 бабы міндеттемеге анықтама береді:
1. Міндеттемені орындамау, не тиісті дәрежеде орындамау
(мезгілінде орындамау, тауарлар мен жүмыстарды толық орындамау,
міндеттеме мазмұнында белгіленген басқа жағдайларды бұзып орындау)
–тиісінше орындамау оның бұзылуы деп түсініледі. Тиісті
дәрежеде орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда борышқор бүл туралы
несие берушіге дереу
хабарлауға міндетті.
2. Міндеттемені бұзғандығы үшін борышқорды жауапқа тарту
несие берушінің талап етуі бойынша жүргізіледі.

Міндеттемені бұзу оның кез-келген жағдайына қатысты: орындаудың
уақыты, орны, әдісі, саны және сапасы. Құқық бұзушылықтың әртүрлілігіне
байланысты оларды екі түрге бөлуге болады: орындамау және тиісінше
орындамау. Міндеттемені орындамау - бұл борышқордың негативті әрекеті
немесе әрекетсіздігі. Егер борышқор несие берушіге хабарлап, алайда зиян
несие берушінің кінәсінен болса, борышқордың жауапкершілік мөлшерін азайтуы
мүмкін. Жауапкершілікке тарту азаматтық құқық нормаларының санкциясын іске
асыру кызыметін атқарады.
Құкық бұзушылық үшін жауапкершілік, біріншіден, борышқордың
міндеттемені орындауға ықпал етеді; екіншіден, оның тиісінше орындалмағаны
немесе орьндамағаны үшін жазалайды; үшіншіден, несие беруші келтірілген
зиянды өтеу үшін міңдеттемеге қатысады; төртіншіден, осындай шығындарды
өтейді; бесіншіден, басқа тараптардың көз алдында борышқордың тәртіпсіздік
фактілерін әшкерлейді.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мына жолдармен жүзеге асырылуы
мүмкін:
А) несие берушінің талабын қанағаттандырып борышқордың
жауапкершілікті өз еркімен өтеуі;
Б) жауапкершілік мөлшерін келімсіз тәртіпте ұстайтын несие берушінің
бір жақты әрекеті:
В) міндеттеменің тиісінше орындалмағаны немесе орындалмағаны үшін
борышқорға кұзіретті органдардың жауапкершілікті орындатуға шығарылған
шешімі.
Шығынды өтеу — азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы тараптын екінші
тараптың адцында жауапкершілікте болуын көрсетеді.
Сонымен, шығынды өтеу құқық бұзушының есебінен талапкердің мүлкін
келтіруге бағытталған. Шығынды өтеу компенсациялық сипатка ие. Шығын
ретінде қүқық бұзушының талапкерге мүліктік сипатта бағытталған кертартпа
салдарлары жатады. Солдардың алғашқы бөлімі ретінде мүлікке нақты кемшілік
келтіру кіреді. Ол айқын шығын деп аталады. Екінші бөлім талапкердің мүлкі
арқылы табысынын көбеймеуіне байланысты айырылып қалған пайда деп аталады.
Айырылып қалған пайда өзіне әдеттегі азаматтық айналымдағы секілді құқығы
бұзылмағанда түсетін табысты қамтиды. Егер арендаға алушының кінәсінен
алынған саяжай өртеніп кетсе, онда арендаға берушіге кайта жөндеу бағасы
және калпына келтіру барысында түспеген аренда ақшасы да өтеледі (оған
келтірілген шығынды өтетуге құқылы).
Арендаға беруші арендаға берілген мүліктің нашарлағаны үшін айып
төлеуді тек қана арендаға алушы мен шартта көзделсе және бекітілсе ғана
асырылады да келтірілген зияннын толық өтелуі қағидасын қамтамасыз етеді.
Азаматтық кодекстің 9-бабының 4 бөлігіне сәйкес құқығы бұзылған адам, егер
заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзіне келтірілген
залалдың толық өтелуін талап ете алады.
Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның
мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның
құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын,
бірақ алынбай калған табыстары (айырылып қалған пайда) залалдар деп
түсініледі.
Егер тәртіп бүзудың құқықтың салдарынан пайда болуы тәртіп бұзушының
кінәсіне байланысты болса, заң қүжаттарында өзгеше көзделгеннен басқа
жағдайларда ол кінәлі деп ұйғарылады.
Бұл ереже бойынша өтелуге екі шығын жатады нақты нұқсан және айырылып
қалған пайда. Жоғарыда көрсетілген мысалдағыдай арендаға алушы қайта жөндеу
құқығын және жөндеу кезінде төленбей қалған аренда ақысын өтеуі тиіс, егер
де заңда немесе шартта шығында өтеу көлемі аз мөлшерде деп көрсетілмесе
туындайды.
Алайда, белгілі бір қызметпен байланысты заңмен келтірілген шығынды
өтеу кейбір міндеттемелердің түріне байланысты шектелуі мүмкін.(АК 358-бап)
1. Міндеттеменің кейбір түрлері бойынша және кызметтің бір түрлеріне
байланысты міндеттемелер бойынша заң құжаттары залалды толық өтеу құқығын
шектей алады. (шектелген жауапкершілік) 3. Егер міндеттеменің осы түрі
немесе осындай құқық бұзушылық үшін жауапкершілік мөлшері заңмен
белгіленген болса, қосылу шарты бойынша немесе тұтынушы ретінде азамат
несие беруші болып табылатын өзге шарт бойынша борышқордың жауапкершілік
мөлшерін шектеу жөніндегі келісім жарамсыз болады.
Транспорттық кодекстер мен жарлықтар тасымалданушының шектелуі
Жауапкершілігін құрайды. Мысалы СССР-дың әуе кодексінде көрсетілгендей
келісілген бағамен жүктің жеткізілуін, егер тасымалдаушы жүктің жеткізу
құнының өскендігін дәлелдесе, онда келісілген баға көлемінде өтейді. Ал
бұндай жағдайларда айрылып калған пайда өндірілмейді.
Баға әрқашан ауысуымен инфляция шартына сәйкес шығын есепке
алынбайды. Бұндай ереже Азаматтық Кодекстің 385-бабында бекітілген: 1-ші
шарттың орындалуы тараптардың келісімімен белгіленген баға бойынша
төленеді. Заң құжаттарында көзделген жағдайларда оған уәкілдік берілген
мемелекеттік органдар белгілейтін немесе реттейтін баға (тарифтер, бағалар.
ставкалар және т.б. қолданылады.
З. Шарт жасалғаннан кейін бағаны өзгертуге шартта, заң кұжаттарында
көзделген реттер мен жағдайларға немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіп
бойынша жол беріледі.
4. Ақылы шартта баға көзделмеген және шарт ережелерін негізге ала
отырып оны анықтау мүмкін болмаған реттерде шартты орындау шарт жасау
кезінде осыған ұқсас жағдайларда әдетте осы сияқты тауарлар. жұмыс немесе
қызмет үшін алынатын баға бойынша жүргізілуге тиіс деп есптеледі.
Шығынды өтеу кезінде тиісінше орындалмағаны немесе орындалмағаны үшін
сол күнгі баға есепке алынып, ал егер борышқор мойындамаған ретте талап
арыз берген күнгі баға есепке алынады. Көрсетілген ереже тек қана заңмен,
басқа нормативті актімен немесе шартта бекітілмесе ғана орындалады. Істің
жағдайына қарай сот шешім шығарған күнгі бағаны белгілей алады. Айырылып
қалған пайданы есепке алу кезінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің негіздері
«Азаматтық – құқықтық жауапкершілік: түсінігі, тарту негіздері және түрлері»
Азаматтық құқықтық жауапкершілікке тарту негіздері
Борышқор әрекетін нақты айқындайтын міндеттеме және балама міндеттеме
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түрлері және нысандарының сұрақтары
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ұғымын, түсінігін, түрлерін анықтау
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздері мен турлері
Азаматтық құқықтық жауапкершілік туралы ақпарат
Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау негіздері
Азаматтық құқықтық
Пәндер