SDH желілері


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Орындаған : Толеуханова Б. Т.
Тобы : Вт-211
Тексерген : Шайханова А. К.
Мазмұны:
- SDH технологиялары . . . 3
- SDH желісінің топологиясы . . . 3
- SDH-тің көпдеңгейлі моделі . . . 5
- SDH желісінің құрамы. . . . 7
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 9
1. SDH технологиялары 80-жылдардың басында пайда болған және РDH жүйелерін ауыстыруға арналған, РDH жүйелері өз кезегінде бірнеше кемшіліктерге ие болған және осы кемшіліктер қолдануда тиімсіз жағынан көзге көрінген. Бұл кемшіліктер арасында бит-стафингпен мультиплнексорлау сұлбалары, оның салдарынан ағын ішінен төменжылдамдықты компоненттерді оның тікелей алынуы мүмкін емес.
SDH аппаратурасы бағдарламалы түрде басқарылатын болып табылады, ол мыналардан тұрады: түрлендіргіш, таратқыш, бақылаушы, оперативті ауыстырып-қосқыш. SDH концепциясы цифрлық ақпаратты жоғары сапалы тарату үрдістерін, желіні автоматты түрде басқару, бақылау, желіге қызмет ету үрдістерін бір жүйенің ішінде тиімді біріктіреді.
Синхронды цифрлық иерархияның алдыңғы буын жүйелерімен салыстырғанда айтарлықтай артықшылықтары бар, оптикалық-талшықты тарату жолдарының мүмкіндіктерін толықтай іске асыруға, жоғары сапалы байланысқа кепілдік бере отырып, желіні пайдалануға және басқаруға жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Синхронды цифрлық иерархия жүйелері 155 Мбит/с және одан да жоғары тарату жылдамдықтарын қамтамасыз етеді.
SDH жүйесінде синхронды мультиплексорлау мен демультиплексорлау жүргізіледі. Ол арқылы PDH арнасына әр қашанда қол жеткізуін қамтамассыз етеді, олар SDH жүйесіне беріледі. Бұл өте қажетті және қарапайым жаңа кіріспе технологияның бірі, мультиплексорлау SDH жүйесінде өте қиынға соғып, PDH жүйесіне қарағанда, синхронизацияның күшеюіне талап етіп және беру ортаның сапалық параметрлері және беру жүйесі және де желідегі жұмыс жасайтын параметрмер саны өсті. Осылайша эксплуатация әдістері және SDH технологиясының өлшеуі PDH технологиясына қарағанда аналогты қиынырақ болады. Қазіргі заманғы электробайланыс жүйесінің негізінде цифрлық тарату жүйелерін пайдалануға негізделген цифрлық біріншілік желіні қолдану жатыр.
2. SDH желісінің топологиясын қарастырайық, стандартты базалық терім топологиялары бар. SDH технологиясы негізгі үш топологияны да толығымен қолданады (1. 2 сурет) . Осы топологиялардың әрқайсысының өзіне тән артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
1. 2 Сурет - Негізгі топологиялар
Нүкте-нүкте
- Өткізу қабілеті жоғары (DWDM қолданғанда) ;
- Байланыс жолының аз мөлшері;
- Мысал: Континентаралық суасты байланыс жолы;
1. 3 Сурет - Нүкте-нүкте топологиясы
Сақина, шина, бұтақ және жұлдызша:
- Өткізу қабілетінің әртүрлігі;
- Байланыс жолының көп мөлшері;
- Мысал: қызмет көрсету желісі;
1. 4 Сурет - Сақина, шина, бұтақ және жұлдызша топологиялары
Ұялы топология:
- Байланыс жолының көп мөлшері;
- Өткізу қабілетінің жоғарылығы;
- Мысал: Транспорттық желілер;
1. 5 Сурет - Ұялы топология
Қазіргі мультиплексорлардың инсталляция көлемі біршама артта. Регионаралық масштабта синхрондық цифрлық иерархия мультиплексорларын (Synchronous Digital Hierarchy - SDH) атауға болады.
Синхрнодық цифрлық иерархия толық қатарлы жетістіктерге ие, яғни олар оның телекоммуникациясының қазіргі даму этапында цифрлық беру жүйесенің негізгі технологиясы болуына мүмкіндік береді.
Біріншіден, бұл әр түрлі өндірушілердің құрылғыларының үйлесуін қамтамасыз ететін аппаратуралардың электрлік параметрлерін, қызметін және SDH сигналдырының құрылымын сипаттайтын халықаралық стандарттардың жақсы жұмыс өңделуі.
Екіншіден, SDH сигналдырының құрылымы транспорттық ағындарды жеткілікті дәрежеде жеңіл мультиплекстеу мен демультиплекстеуге және оның кез- келген компонентіне басқаларының қажетінсіз енуге мүмкіндік алуына мүмкіндік береді. Бұл құрылымның негізін SТM - N синхронды транспорттық модуль құрайды, N SDH деңгейі бойынша анықталады. Қазіргі таңда SТM - 4, SТM - 16 жүйелері кең қолданыс тапты және SТM - 64 жүйесі енгізіле бастады.
Үшіншіден, кез - келген деңгейлік транспорттық модульдердің қайталану циклі 125 мкс тең. Мұндай унификация төменгі деңгей ағындарын жоғарғыда қарапайым мультиплекстеуді қамтамасыз етеді. Бір циклге сәйкес келетін транспорттық модуль мәліметтер желі бойынша тізбектей берілгені мен тік бұрышты кесте түрінде болады.
3. SDH-тің көпдеңгейлі моделі
Телекоммуникациялық технологияларды әдетте көпдеңгейлі модель арқылы түсіндіреді. SDH технологиясын да транспорттық желілік деңгей түрінде көрсетуге болады, олар желі топологиясына тікелей қатысты болады (1. 6сурет) .
Ең төменгісі - физикалық деңгей, ол тарату ортасын көрсетеді.
Секциялық деңгей синхронды STM-N модульдерінің жиынына және олардың желі элементтерінің арасындағы транспортировкасына жауап береді. Ол регенераторлық және мультиплексорлық секция болып екіге бөлінеді.
Маршруттық деңгей желі ұсынатын сигналдарды шеткі тұтынушыларға (PDH, ATM және т. б. ) жеткізуге арналған. SDH терминологиясына сәйкес, бұл сигналдарды компоненттік немесе трибутарлы сигналдар деп атайды, ал желіге қатынас құруға арналған тұтынушыларға ұсынылатын интерфейстер- трибутарлы интерфейстер деп аталады.
1. 6 Сурет - SDH-тің көпдеңгейлі моделі
SDH-гі әрбір деңгейге арналған синалдық ақпаратты тарату тақырыптар механизмі арқылы жүзеге асырылады. Әрбір STM-N кадрдың секциялық тақырыбы SOH (Section OverHead) болады, ол екі бөлімнен тұрады:регенераторлық секция тақырыбы RSOH (Regenerator Section OverHead) және мультиплексорлық секция тақырыбы MSOH (Multiplex Section OverHead) .
STM-N-дегі трибутарлы сигналдарды транспортирлеу үшін ауани контейнерлер технологиясы ұсынылады. Ауани контейнер пайдалы жүктеме өрісінен тұрады -трибутарлы сигнал шағылысатын контейнерден және POH (Path OverHead) маршруттық тақырыбынан, ол контейнер типін көрсетеді және контейнердің желі арқылы жүрісін көрсететін статистиканы жинуға қызмет етеді.
SDH технологиясын РDH технологиясымен салыстыра отырып, SDH технологиясының мынадай ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады:
- синхронды тарату және мультиплекстеудің алдын алады. SDH біріншілік желінің элементтері синхронизация үшін бір беруші генераторын пайдаланады;
- SDH-ң кез келген деңгейінде қадамдық демультиплекстеу үрдісінсіз РDH-ң тым жүктелген ағынын бөліп көрсетуге болатындай, РDH ағындарын тікелей мультиплекстеудің және демультиплекстеудің алдын алады.
- тікелей мультиплекстеу үрдісі сонымен қатар енгізу/шығару үрдісі деп те аталады;
- стандартты оптикалы және электрлік интерфейстерге сүйенеді, бұл әртүрлі өндіруші фирмалар жабдықтарының ең жақсы сәйкестігін қамтамасыз етеді;
- РDH жүйесінің еуропалық және америкалық иерархияларын біріктіруге мүмкіндік береді, РDH-ң барлық жүйелермен толық сәйкестігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар тарату жүйелерінің болашақтағы дамуына мүмкіндік береді, өйткені АТМ, МАN, HDTV және басқа тарату үшін жоғары өткізу қабілеті бар арналарды қамтамасыз етеді.
- біріншілік желіні ең жақсы түрде басқарумен және өзін-өзі тексерумен қамтамасыз етеді. SDH технологиясы қанша болса да тармақталған біріншілік желіні бір орталықтан басқаруға мүмкіңдігімен қамтамасыз етеді.
1. 8 Сурет - SDH технологиясының принципі
4. SDH желісінің құрамы
SDH желісі кез келген басқа желі сияқты жиынтығы шектелген жеке функционалды модульдерден құралады: мультиплексорлар, коммутаторлар, концентраторлар, регенераторлар және терминалды жабдықтар. Бұл жиын желі шешетін негізгі функционалды міндеттерімен анықталады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz