Әдебиеттану мәселелері


- Әдебиеттанудағы дәстүрлі және жаңа ізденістер мәселелері.
- Тарихи-әдеби контенттегі әдебиеттану мектептері (XIX-XXғғ. ) .
- Әдебиеттану ғылымының әдістемелік принциптері.
- Әдебиеттанудағы дәстүрлі және жаңа ізденістер мәселелері.
ҚР ҰҒА академигі, энциклопедист-ғалым, көрнекті алаштанушы Рымғали Нұрғали еңбектері қазақ әдебиеттануының тұтастай бір кезеңін қамтиды. Ғалым мұрасы сан салалы. Ең әуелі ол - қазақ драматургиясының тарихын зерттеуші. Бұдан соң ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуын зерделеуші. Ғалым еңбегінің тағы бір арналы бір саласы Алаш қайраткерлерінің әдеби мұрасын тануға арналған. Сондай-ақ Р. Нұрғали әдебиеттің теориялық мәселелерін жаңаша көзқарас тұрғысынан қарастыра отырып, маңызды тұжырымдар жасаған ғалым.
Теориялық әдебиеттану мәселелері ғалымның әр жылдары жарық көрген зерттеу еңбектерінің маңызды бөлігін құрайды. Бұл тұжырымдар соңғы жылдары жинақталып, қайта қаралып, өңделіп, бұрынырақ «Телағыс» монографиясына, сосын «Арқау» жинағының екінші томына, кейін «Сөз өнерінің эстетикасы» атты кітапқа топтастырылды.
Әдебиеттің теориялық мәселелеріне сөз арнағанда ғалым ең әуелі ұлттық ерекшелік мәселесіне назар аударады. «Көркемдік ойлаудың ұлттық ерекшеліктері негізінде қалыптасқан әр халықтың әдеби дәстүрі - . . . үнемі өзгеріп, түлеп, байып отыратын рухани игілік. Әдеби дәстүр мен әдеби даму - әдеби қозғалыстың ажырамас тығыз диалектикалық байланыстағы құрамдас қайнарлары», - деп, теориялық талдауларға негіз болатын ұғымдарға тоқталады [1, 3] .
Ғалым әлемдік әдебиеттануда қалыптасқан теориялық тұжырымдар табиғатына ұлттық әдеби ерекшелік тұрғысынан келеді. Әдеби дәстүр мен әдеби даму, әдеби тұлға, әдеби байланыс және әдеби процесс турасында ойларын жүйелеп алып, жекелей жасалған талдауларды бір арнаға тоғыстырып, тұтас ой қорытады. Қазіргі күнге ең керегі - өмірлік шындық пен көркемдік шындық, жазушы дүниетанымы мен шығармашылық, нақты дерек пен қиял қарым-қатынасын таныта отырып, бұлардың әсер-ықпалын көрсету, заңдылықтарын зерделеу екенін ерекше атап көрсетеді.
Р. Нұрғали Аристотельдің әйгілі «Поэтикасына» да тоқталып, бұл еңбектегі теориялық тұжырымдардың табиғатын талдайды. Бұл көне дәуір жәдігерін «эстетиканың алғашқы сатысы» десе, қайта өрлеу дәуіріндегі француз Никола Буалоның «Поэтикалық өнер», неміс топырағында туған Лессингтің «Лаокоон немесе кескін өнері мен поэзияның шекарасы туралы» еңбектеріне де тоқталып өтеді. Өзінің теоирялық тұжырымдарын жасамас бұрын аталған еңбектердегі пайымдарды саралап, салыстырады. Академик ғалымның ерекше назар аударып, теоирялық пайым-пікірлерін барынша бағалағаны - орыс сыншысы В. Г. Белинский мен Чернышевский еңбектері. Чернышевскийдің «Өнердің болмысқа эстетикалық қатынасы» атты магистрлік диссертациясындағы тұщымды тұжырымдарды санамлап көрсетеді.
Р. Нұрғалидың теориялық мәселелерді қарастыруын төмендегідей жүйемен сипаттауға болады:
а) өнер табиғаты, оның даму кезеңдері туралы құнды ойлар айтады;
ә) өнердің даралық сипаты, құдыреті - образда дей отырып, осы образ табиғатын танытады;
б) әдеби-теориялық тұжырымдардың бастау көздеріне үңіле отырып, олардың мән-мағынасына тоқталады;
в) әдебиеттану ғылымындағы мектептер мен олардың негізгі ұстанымдары, бағыт-бағдарларын таразыға салады;
г) әдеби байланыста маңызды орынға ие көркем аударма теориясын саралайды;
ғ) көркем туындыны дүниеге әкелуші шығармашылық тұлға хақында тұжырымдар жасайды.
Ғалымның өнер табиғатына тоқталғанда басты айтатыны - өнердің эстетикалық нысаны. Арғы ғасырлардағы өнер турасындағы маңызды мәселелерді тілге тиек еткенде ең әуелі Гегель тұжырымына назар аударады. Ұлы ойшыл сипаттаған өнер кезеңдеріне тоқталып, олардың мән-мағынасын, сипатын түсіндіреді. Мәселен, өнердің символикалық кезеңіне шығыс халықтарының өнері мысал болса, классикалық кезеңге мамұн мен форма бірлігі тән болды. Бұған ежелгі Грек өнері мысал десе, романтикалық кезеңде әдебиет ерекше дамыған деп көрсетеді. Әр халық тарихындағы өнердің даму жолына көз жүгірте отырып, өнердегі әдіс-тәсілдерге тоқталады.
Өнер туралы ойлар арнасы ғалым тұжырымында тікелей образға келіп ұласады. «Өнердің даралық сипаты, құдыреті - образда» дей келіп, бұл сөздің әр түрлі қырын да атап өтеді. Яғни, образдың үш түрлі мағынасы бар екен. Олар: философиялық ұғымда, психологиялық ұғымда және өнердегі ұғымда. «Терминдер арасындағы шекараны» айырып алмай, олардың мәнін анықтамай көркем образдың, әдебиеттің табиғатын түсіне алмайтындығымызды ескерте отырып, образдың осы үш ұғымына талдау жасайды [1, 32] . Өнердегі образға келгенде, көркем шығармашылық табиғатына тән тәсілдерді жүйелей отырып, ұлттық сөз өнері туындыларынан мысалдар келтіріп, ойын нақтылай түседі. Махамбет өлеңінен алынған үзіндіге талдау жасай келе, ұлттық ойлау жүйесіндегі басты ерекшеліктерді саралай көрсетеді. Алдымен, тұтастай суретке назар аударып, сосын осы тұтас бейнені жекелей, бөлшектей талдап, тілге тиек етілген табиғат нысандарының, жан-жануарлардың бейнелеріне, символдық мәніне үңіледі. Осы талдаулар негізінде ой қорытып, бейнелілік дегеніміз - болмыстың фотокөшірмесі емес, суреткер қиялымен екшелген заттар мен құбылыстардың бір-біріне сәулесін түсіруі, сол негізде бейне түзуі дейді.
«Поэзия өз бойына ішкі рухани әлемнің барлық ерекшеліктерін жинақтаған, пластикалық өнер түрлері мен музыкаға да тікелей байланысы бар сөз өнерінің түрі. Бір қырынан алып қарағанда, поэтикалық өнерде музыкадағы сияқты сәулет, мүсін, кескін өнерінде мүлдем көрінбейтін ішкі әлем мазмұны көрінеді. Екінші жағынан, рухани дүние ауқымында поэзияның өзі көңіл-күй алмасуларын, сезім әуендері мен үрейді, қандай бір оқиғаның шиеленісуі мен шешімін бейнелейтін, басқа өнер түрлеріне тән емес кең түрдегі объективті әлемді туындатады» дейді Гегель өзінің «Эстетика туралы дәрістерінде [2, 112] . Осы ойды қазық ете отырып, Р. Нұрғалиұлы Абайдың «Адамның кейбір кездері» өлеңінің табиғатына бойлайды. Суреткер қуаты, сыйынар пірі боған қиял мен шабыт дей отырып, жауһар туынды санатындағы бұл өлеңндегі шығармашылық болмыстың асқан шеберлікпен танытылғанын айтады.
Адамның кейбір кездері
Көңілде алаң басылса,
Тәңірінің берген өнері
Көк бұлттан ашылса:
Сылдырап өңкей келісім
Тас бұлақтың суындай,
Кірлеген жүрек өзі үшін
Тұра алмас әсте жуынбай, -
деген жолдардағы ақыннның ішкі әлеміндегі құбылыс мәнін талдап түсіндіреді. Л. Толстой, М. Әуезов, И. Тургенев, М. Горький сияқты әлемдік және ұлттық мәдениеттің көрнекті шығармашыл тұлғаларының кейіпкерлерін мысалға ала отырып, образға арқау болатын прототип туралы сөз қозғайды. Көркемдік шындық табиғаты туралы ойларыныің бір бөлінгін осы образ-прототип мәселесіне қатысты өрбітеді.
Филология зерттеушісі А. Потебня «Сөздің екі қабаты бар, оның бірі сыртқы қабат - проза, екіншісі ішкі қабат - поэзия», сөз -көркем шығарманың күллі қасиетін өз бойына жинақтайды» [3, 167] деп, көркем шығармашылықтағы сөздің маңызды орнын саралап көрсетсе, бұл теориялық тұжырымды талқылай отырып, академик ғалым ұлтық танымның образды ойлаудағы орнын әдеби-тілдік қырларынан көрсетуге ұмтылады. Мысалы қазақта «үркер» деген сөздің бар екенін, осы сөз аспандағы жұлдыздың қозғалысына лайықталып қойылғанын, бұл тұстағы халықтың аспан әлеміне жиі назар аударатынын, аңғарымпаздығын айтып өтеді. Қарап отырсақ, бұл теориялық пайымның мазмұны терең, мәні салмақты. Яғни, Үркер жұлдыздың атын ғана емес, затын да анықтайды. Өте салмақты тұжырым. Эпик ақын Ілияс Жансүгіров өлеңінен мысалдар келтіргенде де ғалым Р. Нұрғали ондағы суреттеулерден халықтың тұрмыс-тіршілі, салт-санасы айқын көрінетінін баса айтады. Сөйтіп, образға тән ең басты қасиет - ұлттық бояу екенін дәлелді тұжырымдар арқылы танытады.
Образ табиғаты туралы тұжырымдар ғалымды өмірлік шындық пен көркемдік шындық туралы талдауларға жетелейді. «Көркемдік шындық - жазушы қиялы арқылы екшелген, сұрыпталған суреткерлік ұстаным тұрғысынан бейнеленген шындық. Бұл өмірлік шындықтың көшірмесі емес . . . Бұл орайдағы ең шешуші фактордың бірі - суреткер қиялы . . .
Суреткер қиялы - ешбір ғалымның қолында жоқ құрал» [1, 35] деген ғалым тұжырымы өзінен бұрынғы пікірлермен сабақтасып, жаңа ізденіске жол бастайды.
Р. Нұрғали талдаулары мен тұжырымдарындағы өнердегі образ мәселесі бұрынғы антик дәуірі ойшылдарынан басталған пікірлердің ұлттық әдебиетіміздің ерекшеліктерімен толықтырыла, тереңдетіле қарастырылған тармағы, образ бен образдылық туралы сан салалы зерттеулер мен тың ізденістерге бағыт сілтеуші болуымен де құнды.
- Тарихи-әдеби контенттегі әдебиеттану мектептері (XIX-XXғғ. ) .
ХІХ ғасырда қазақ халқының жаңа әдебиеті қалыптаса бастады, әдебиет жанрлық, көркемдік шеберлік тұрғыдан іштей түлеп, тақырып аясын барынша кеңейтті, қоғамның тарихи құбылыстарына қарай күрделі көркемдік сипат алды. Әдеби процестің осындай заңдылықтары қазақ қауымының қоғамдық-әлеуметтік жағдайларымен бірегей сабақтастықта қарастырылды.
Қазақ әдебиеті тарихының ең бір құнарлы, дәстүрі берік, мазмұны бай кезеңі ХІХ ғасыр. Бұл ғасыр үлкен-үлкен құбылысты оқиғаларға да, күрделі де шиеленісті әлеуметтік тартыстарға да толы болғандығы дүние тарихының парақтарынан да белгілі. Ондай тарихи кезең құбылыстары қазақ даласына соқпай өткен жоқ. Қазақ елі бұл кезеңде де ауыр күндерді басынан кешті. Он сегізінші ғасырдың аласапыран дәуірінің зардаптары жалғаса түсті. "Ақтабан шұбырынды" атанған зарлы заманнан өткен қазақ жұрты, қазақ хандығы тағы да бір қилы заман, қиын кезеңге аяқ басты. Сол дәуірдің оқиғалары мен тарихи шындығы, негізінен, қазақ әдебиеті шығармаларында көрініс тапты. ХІХ ғасырдағы қазақтың ұлттық әдебиетін дәуір шындығынан бөліп қарау мүмкін емес. Бұл кезеңде әдебиет пен халық тарихы біте қайнасып, кірігіп кеткендей еді. Соған орай әдебиет те жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Қазіргі әдебиеттануда "жаңа дәуір әдебиеті" деп атала бастаған бұл кезеңдегі әдебиет шынында да тарихи алғышарттары мен себеп-салдарларына орай дәстүрлі арнадан шығып жаңа сипаттарға ие бола бастады. Жыраулық әдебиеттің мектептері, әдеби дәстүр уақыт талаптарына сәйкес соны көркемдік соқпақтарға ойысты. Қоғамдық-әлеуметтік мәселелер, саяси тақырыптар, күнделікті қауым тірлігіндегі жақсылы-жаманды көріністер тікелей әдеби шығармалардың өзекжарды саздарына, көкейкесті сөзіне ұласып отырды.
Тарихи шындық пен көркемдік шындық арасындағы сабақтастық бұрынғыдан да айқын көрінді. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің заңдылықтарын сол кезеңдердегі қазақ халқының тарихымен сабақтастықта қарау қажеттігі осындай әу бастан жаратылысы бір көркемдік құбылыстардың ішкі бірлігінен туындайды.
Осы кезеңдегі елдік құрылымдық күйреу қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік өмірін біржола басқа арнаға бұрған еді. ХІХ ғасырдағы Евразия кеңістігіндегі тарихи реформалар қазақ әдебиетінің де болмысына бетбұрысты өзгерістер әкелген.
Қазақ даласында ХІХ ғасырда патшалы ресей отарлаушылары жүргізген саяси-әлеуметтік өктемдік пен басқару жүйесіндегі реформалардың себеп-салдарлары сол кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларынан да жан-жақты көрініс тапты. Көкірегі ояу ақын-жырау, сөз ұстаған би, шешендер ұлттың мұңын, ұлттың келешегін болжаған күңіреністі көзқарастарын толғады. Хандық басқару жүйесі ыдырағаннан кейін, үздік-создық ұлт-азаттық қозғалысына ұласқан наразылық жалпыхалықтық қуатты күшке айналып кетуге түрлі ішкі-сыртқы жағдаяттар кедергі болса да, халықтың мұң-мүддесі тарихи жыр, дастан, толғауларда буырқанып көрінді. Бұрқ етіп басталып, езіп-жаншылып, қайта бас көтеріп өршіп отырған ұлт-азаттық қозғалыс тарихының ұзақ мерзімді кезеңдерінде ақындардың сөзі, ұлттық әдебиет мұраты ғана өз жолынан да, жүрісінен де жаңылған жоқ. Осы аласапыран кезеңдердегі қазақ әдебиетінің шығармаларын тереңдеп талдап тану, ұлттық әдебиеттің жаңа дәуірінің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын тарихи сабақтастықта зерттеу ел тарихының қастерлі беттерін ашады. ХІХ ғасыр әдебиеті өткен ғасырлардағы ұлттық сөз өнерінің өрнегін, дәстүрін сақтаумен бірге көркемдік құралдарын байытты, жаңа сипаттар дарытты. Әдеби шығармалар жанрлық жағынан да, көркемдік бітімі турасында да, идеялық мазмұны жөнінен де көп ілгеріледі. Зерттеу барысында осы дәуірдегі көптеген әдеби мұралар жаңа қырынан қарастырылды, бұрын белгісіз болып келген, әлде арнайы талдауға түрлі себептермен мүмкіндік болмаған шығармалар мен ақын-жазушылар мұралары ғылыми айналымға қосылды. Дулат, Шортанбай мұраларына қазақ халқы тәуелсіздік алғаннан кейін ғана тереңдеп үңіліп, ашық жазуға мүмкіндік туды.
Осыған орай қазақ әдебиеті тарихының ең бір тынысты, мазмұнға бай кезеңі - ХІХ ғасыр шығармаларын шартты түрде екі кезеңге бөліп қарауға тура келеді. Демек, ХІХ ғасырды еңсеріп ХХ ғасырдың советтік дәуіріне аяқ басқан алғашқы ширегін қамтитын ұлттық әдебиеттің жаңа дәуір әдебиеті кезеңі үш дәуірге сұрыпталып қарастырылмақшы. Бірінші кезең - ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет, екінші кезең - ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет те, үшінші кезеңі ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі әдебиет деп желіленді. Ұлттық әдебиеттің бұл үш белесі негізінен қазақ ақын-жазушыларының, зиялы қауым өкілдерінің елдік құрылымды, мемлекеттік тәуелсіздікті, елдік әдебиетті көксеп, сол жолда жанын салып ізденіп жұмыс істеген, ашық саяси күреске бел шешіп кірген тұсы. Бір ғасыр бойы жүрген ұлт-азаттық күресі мен ұлттық азаттық аңсары ХХ ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қозғалысына барып ұласты. Қазақ әдебиеті мен қазақ елінің тарихында бұрын-соңды мұндай азаматтық-саяси бағыты айқын тегеуірінді дәуір болған емес. Алашорда қайраткерлерінің саяси күресі есіл кетіп, қазақ елінің кейінгі тағдыры советтік заманға жалғасқандығы мәлім.
Қазақ әдебиеті тарихының төртінші томындағы зерттеулер мен талдаулар ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы (1800-1850 жылдар аралығындағы) әдебиеттің даму заңдылықтарын қамтиды. "ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті" атты шолу мақала осы кезеңдегі әдебиет тынысына сараптама жасап, негізгі бағыттары мен көркемдік ерекшеліктерін көрсетуге арналды. ХVІІІ ғасырдың соңында дүниеге келіп шығармашылық ізденістері ХІХ ғасырда көрінген ақын-жыраулар мен ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүріп, әдеби шығармалар жазған тарихи тұлғалардың өмір жолы мен әдеби қызметі ғылыми айналымға ұсынылды. Отыздан аса ақын-жыраулар мұралары қарастырылды. Сол кезеңдегі әдебиеттің даму тынысының өзіндік ерекшеліктері сипатталып, негізгі заңдылықтары зерделенді, он бес ірі суреткерлердің шығармашылық портреттері жасалды.
Қай ғасырда да қазақ ақын-жыраулары, көркем сөз шеберлері көп болғандығы да шындық. Бұл ХІХ ғасыр әдебиетіне де қатысты жай. Қолжазбалары мұрағат қорларында сақтаулы, мерзімді баспасөзбен бірді-екілі кітаптарда шығармалары тиіп-қашып жарияланған, немесе мұралары жарық көрсе де зерттеліп, бағалана қоймаған ақын-жыраулар тіпті көп. Кейбірінің әдеби-көркем мұралары ауқымды болып келсе, енді біреулерінің үш-төрт, әлде оншақты өлеңдері мен айтыстары ғана сақталып қалған. Тәуелсіздік алған жылдардағы егемендік пен еркіндік бұл салаға да өз жаңалағын әкелді. Көптеген ақын-жыраулар әдеби айналымға қосылды. Сонымен бірге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, әр ауылдан ақындар мен батырларды атап-түстеп, дәріптеу үрдісі басталды. Бұл көбінесе жер-жердегі әуесқой әдебиетшілер мен әдебиет жанашырлары тарапынан шашыраңқы, стихиялы түрде жүрді. Кейінгі жылдарда арнайы ғылыми мамандандырылған экспедициялар шығару дәстүрі мүлде тоқтап қалғандықтан, ел ішінде бастау алған әдеби мұраларды жинап-насихаттау мақсатындағы талаптардың бәрі бірдей ғылыми тұрғыда тиісті деңгейде нәтиже бере бермейді. Міне, осындай себептермен, жеткілікті зерттеліп, белгілі бір ғылыми тұжырым түйіп үлгермегендіктен ақын-жыраулардың енді бір қатарының шығармаларын академиялық зерттеу кітабына қосудың реті келмеді. Бұл әдебиеттану ғылымының үздіксіз жалғаса беретін, кезең-кезеңімен атқарылатын төл ісі. Енді бірқатар ақындардың есімдері мен шығармалары аталып, қысқа мағлұматтар ұсынылды.
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті мен қазақ қоғамының тарихы арасындағы жанды байланысқа баса назар аударылып, содан туындайтын көркемдік шындық пен тарихи шындықтың аражігіне көңіл бөлінді. Жаңа әдебиет пен дәстүрлі әдебиеттің өзара үндестігі мен көркемдік-эстетикалық бағыттарының аражігі ескеріліп сөз болды. Ғасырдың екінші жартысында пайда болып ұлттық әдебиетті әлемдік мәдени процесс биігіне көтерген Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев тұлғалары мен олардың әдебиеттегі мәртебелі реформаторлық қызметіне арнайы тоқталып өту қажеттігі бүгінгі таңда аса айқын көрінді. Сондықтан да, ұлттық әдебиеттің өрісін кеңейтіп, өресін биіктеткен бұл ұлы жаңашыл дарындардың дәстүр жалғастығы ХХ ғасырда да қанат жайды.
Абай мектебі, Абай дәстүрі мен дүниетанымы ХІХ ғасырдың соңынан бастап жаңа қазақ әдебиетінің алтын арқауына айналды. Осы кезеңде қазақ әдебиеті жанрлық, түрлік тұрғыдан, мазмұн мен халықтық мұрат жағынан жедел өсіп өркендеді. Әдебиеттің поэтикасы байыды, тәжірибесі молықты. Баспасөз бен әдебиет байланысы артты. Қоғам мен әдебиет аралығындағы байланыс барынша айқындық сипат алды. Әдеби байланыс өрістеді. Тұтастай алғанда, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен соңына қарай әдебиет жаңа сипаттармен толысып, ұлттық сананың сара көрінісіне жол ашты. Қазақ әдебиеті тарихының бесінші томы осындай әдеби даму арналарының басты-басты сипаттарына ден қоюмен ерекшеленеді. Бұның өзі аталған кезеңнің әдебиет тарихындағы орасан зор маңызын көрсетеді.
3. Әдебиеттану ғылымының әдістемелік принциптері.
Әдебиеттану - көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым. Сөз өнерінің түп төркінін, тегін, туу, қалыптасу тарихын, даму заңдылықтарын, көркемдік және эстетик. ерекшеліктерін зерттейді. Негізгі салалары үшеу: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны . Жанама тараулары - текстол., тарихнама, библиогр.
Әдебиет теориясы әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Сөз өнерінің ерекшеліктерін, қоғамдық рөлін, көркем шығарманы танудың принциптерін, талдауын, әдістері мен методологиясын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен ағыс мәселелерін тексереді, талдайды. Сонда әдебиет теориясының зерттеу объектісі де үшеу болғаны - әдебиет, әдеби шығарма, әдеби процесс. Әдебиет дегенде, оның тағы да үш түрлі яки, таным тарапындағы, тәрбие саласындағы және эстетик. мәні мен мәнісі дара-дара сараланады. Әсіресе эстетик. табиғатына ерекше назар аударылады. Әдеби шығарма дегенде, мәселен, роман яки поэма талдана қалған жағдайда оның мазмұны мен пішініне айналған шындық оқиғадан туатын кем дегенде бес түрлі сауалға жауап беру шарт: Қандай оқиға болды? Оқиға қалайша болды? Оқиға кімдердің басында болды? Оқиға қалай баяндалған? Болған оқиғаға автордың көзқарасы қандай? Осы сұрақтарға жауап беру барысында шығарманың тақырыбы мен идеясын, сюжет пен композициясын, типі мен характерін, суреткердің тілі мен стилін, дүниетанымы мен көркемдік әдісін талдап-тексеру арқылы әдеби шығарманың сыры мен сипатын тұтас танып-білуге болады. Ал әдеби процеске келсек, мұндағы ең басты мәселе - жанр және жанрлық түрлер, мұны тексерудегі негізгі принцип - тарихилық. Нәтижесінде - сөз өнеріндегі тек пен түрді, бет пен бағытты айқындау. Осылардың бәрін тек әдебиет теориясын терең білген адам, сол арқылы өз дәуірінің талабы дәрежесінде өзінің эстетик. талғамын қалыптастырған адам ғана істей алады. Бұл ретте, әдебиет теориясы көркем шығармашылықтың психол-сы мен ерекшеліктеріне қатысты суреткер лабораториясынан да белгілі мөлшерде нақты мәліметтер берері даусыз. Сонымен, әдебиет теориясын білмей, қандай да болса әдеби құбылысты нәзік түсіну, шынайы сөз өнерінің шындық өмірге қарым-қатынасын білу, әдебиеттің өсіп-өрбуіндегі заңдылықты ұғу, сайып келгенде, күллі ілгерішіл адам баласының жалпы көркемдік дамуындағы сыр-сипатты тану мүмкін емес. Әдебиет теориясының ереже секілденген эстетик. қағидалары мен қисындары - әшейін ойдан туа салған нәрсе емес, әдебиет тарихы арқылы табылып, тексеріліп, жүйеленген ұшан-теңіз нақты әдеби деректерді терең және жан-жақты талдау, байыптау нәтижесіеде қорытылған толғамдар, түйін-тұжырымдар (қ. Әдебиет теориясы ) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz