Қазақстандағы үш тілділік



Қазақ халқы өз елінің шапшаң дамып келе жатқанын ана тілінің даму деңгейінен көргісі келеді. Әрине, бұл салада жеткен меже мәз емес.Оны сол тілді туғызған халықтың өзі бағалап отыр.
Қазіргі таңда біртілділікке апаратын орыстандыру саясаты жойылған, Қазақстанда тіл егемендігі пайда болып, керітартпа саясат орнына игілікті сипаттағы тіл саясаты алға шықты. Орыс тілді өзге ұлт өкілдері жергілікті халықтың тіліне мән бере бастады.
Қазақстанның тілдік саясаты- мемлекеттік тілді көптілді Қазақстанның ортақ тіліне айналдыру. Мұндағы мақсат не? Мақсат сол- қазақ деген мемлекет құрған, әрі елдегі көпшілік болып табылатын халықты халық етіп қалыптастырған тілді қазақтың өзінің, қала берді, өзге ұлыстардың, елдің игілігіне айналдыру.
Елбасы қазақ тілінің болашағына сенеді. «Үштұғырлы тіл саясаты» негізінде қазақ, ағылшын, орыс тілдерін дамыту мәселесі көтерілгелі, мемлекеттік тілдің дамуына нұқсан келетін болды деп уайымдайтындар да баршылық. Дегенмен, Елбасының өзі : «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді»- деп ескертті.
Ал, көпұлтты мемлекет ретінде орыс тілінің дамуы Қазақстанды мекендеген әр ұлт өкілдерінің арасындағы қарым- қатынас тілі ретінде, сыртқы саясатта, көршілермен байланыста аса маңызға ие.
Тағы бір маңызды мәселе, ол- 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 процентке дейін жететін болады деген мәселе.
Бұл міндет былтырғы жылғы Жолдауда көрсетілген тапсырмалардан бастау алып отыр. Сол мақсаттар күшінде дегенді білдіреді. Былтырғы Жолдауында: «Енді 10 жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады. Ол үшін біз бәрін жасап жатырмыз»,- деген болатын.
«Үш тұғырлы тіл» мәселесін халық дұрыс түсінбей отыр. Алдымен ақты ақ, қараны қара деп, мәселені жеке-жеке бөліп, мемлекеттік тілге ешқандай зиянын тигізбейтінін насихаттау мәселесі жетіспей отыр. Үш тұғырлы тіл, негізінде, қазақ жеріндегі қазақ тілінің соңында қалған орыс пе ағылшын тілін қоса пайдалану болып табылады. Яғни, орыс тілі мен ағылшын тілі қазақ тілінің көлеңкесінде, ығында жүреді. Президентіміз айтқандай, үш тілдің ішінде қазақ тіліне басымдық беріліп, қалған екі тіл сол ана тілімізге бағынышты күйде болады. Әрине, дамыған өркениетті 30 елдің қатарына қосылу мақсатында жүргізіліп отырған «Үш тұғырлы тіл» саясаты, шын мәнінде, елдің ертеңі үшін керек нәрсе. Мәселен, Қазақстанда заң мамандары, экономика мамандары өте көп және жұмыссыз. Бірақ, көп компаниялар мен кәсіпорындар заңгерлер мен экономистерге зәру. Әрине, мемлекеттік тілмен қатар, ағылшын, орыс тілдерін білетін, өз мамандығының нағыз іскерлеріне. Осы олқылықтарды толтыру мақсатында «Үш тұғырлы тіл» идеологиясы дүниеге келіп отыр. Яғни, елімізге қажетті, үштілді меңгерген, кез келген жерден ақпарат ала алатын, өз ісінің білгірі, бүкіл әлем бойынша коммуникацияға түсіп, жер бетінің кез келген нүктесінде бизнес жасайтын кадрлар ауадай қажет. Аталмыш кадрлар мәселесін «Үш тұғырлы тіл» саясаты оп-оңай шешіп бере алады.
«Үш тұғырлы тілдің», шын мәнінде, мемлекеттік тілге мүлде зияны жоқ. Бұл жерде мәселе сол стратегияны, сол саясатты дұрыс жүргізуде, жарқын болашақта нәтижесінің оң болуын қамтамасыз етуде болып отыр. Мәселен, Орыс тілі мен ағылшын тілін оқытатын мұғалімдер міндетті түрде қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді өте жақсы білуі тиіс. Жоғары оқу орнында да ағылшын мен орыс тілін қазақ тілімен біріктіріліп ғана оқытылуы керек. «Үш тұғырлы тілді» тек мәдениетаралық қатынас негізінде қарап, ақпарат алмасу, білім үйрену, тәжірибе жинау үшін үйретіледі. «Үш тұғырлы тіл» саясатын дамыту үшін қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді мемлекет тарапынан ең бірінші орынға қойылып жатқаны да көзі ашық адамдарға шындық. Соңғы санақ бойынша, Қазақстан халқының 93,5 пайызы өз ұлтының тілін - ана тілі деп санайды. Ал, 74 пайызы қазақ тілінде ауызша сөйлей алады, түсінеді. Сонымен қатар 94,5 пайызы орыс тілді болса, 15,4 пайызы ағылшын тілін толық меңгергендер. Демек, 130-дан астам ұлт пен ұлысқа қызмет етіп отырған еліміздегі орыс тілінің қазығы әлі де мықты. Саны бойынша 3/2 құрайды, бұл бізді бір жағынан үлес салмағы жағынан құтқарып та отыр. Бұл статистикаға қарап, «Үш тұғырлы тіл» саясатын жүргізудің нақты уақыты екенін, яғни темірді қызған кезінде басатын кез екенін атап өту керек. Егер, «Үш тұғырлы тіл» саясатын кейінге қалдырсақ, онда дамудан тоқтап қаламыз.
1. Қазақстан Республикасындағы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»
2. Әлметова Ә.С. «Қазақ тілі сабағында студенттердің сұхбаттық тілдесім мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» пед.ғыл.доктор.дисс.автореф. Алматы, 2007. -48б.
3. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2001-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. (Жоба)
4. Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» - Егемен Қазақстан газеті. 19/І-2006. №16

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СОБӨЖ
Тақырыбы: Қазақстандағы үш тілділік

Топ: Қ - 319 с
Орындыған: Құрманбаева Ақмарал
Тексерген: Мұқанова Қ.Қ.

Семей 2015 ж

Қазақ халқы өз елінің шапшаң дамып келе жатқанын ана тілінің даму деңгейінен көргісі келеді. Әрине, бұл салада жеткен меже мәз емес.Оны сол тілді туғызған халықтың өзі бағалап отыр.
Қазіргі таңда біртілділікке апаратын орыстандыру саясаты жойылған, Қазақстанда тіл егемендігі пайда болып, керітартпа саясат орнына игілікті сипаттағы тіл саясаты алға шықты. Орыс тілді өзге ұлт өкілдері жергілікті халықтың тіліне мән бере бастады.
Қазақстанның тілдік саясаты- мемлекеттік тілді көптілді Қазақстанның ортақ тіліне айналдыру. Мұндағы мақсат не? Мақсат сол- қазақ деген мемлекет құрған, әрі елдегі көпшілік болып табылатын халықты халық етіп қалыптастырған тілді қазақтың өзінің, қала берді, өзге ұлыстардың, елдің игілігіне айналдыру.
Елбасы қазақ тілінің болашағына сенеді. Үштұғырлы тіл саясаты негізінде қазақ, ағылшын, орыс тілдерін дамыту мәселесі көтерілгелі, мемлекеттік тілдің дамуына нұқсан келетін болды деп уайымдайтындар да баршылық. Дегенмен, Елбасының өзі : Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді- деп ескертті.
Ал, көпұлтты мемлекет ретінде орыс тілінің дамуы Қазақстанды мекендеген әр ұлт өкілдерінің арасындағы қарым- қатынас тілі ретінде, сыртқы саясатта, көршілермен байланыста аса маңызға ие.
Тағы бір маңызды мәселе, ол- 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 процентке дейін жететін болады деген мәселе.
Бұл міндет былтырғы жылғы Жолдауда көрсетілген тапсырмалардан бастау алып отыр. Сол мақсаттар күшінде дегенді білдіреді. Былтырғы Жолдауында: Енді 10 жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады. Ол үшін біз бәрін жасап жатырмыз,- деген болатын.
Үш тұғырлы тіл мәселесін халық дұрыс түсінбей отыр. Алдымен ақты ақ, қараны қара деп, мәселені жеке-жеке бөліп, мемлекеттік тілге ешқандай зиянын тигізбейтінін насихаттау мәселесі жетіспей отыр. Үш тұғырлы тіл, негізінде, қазақ жеріндегі қазақ тілінің соңында қалған орыс пе ағылшын тілін қоса пайдалану болып табылады. Яғни, орыс тілі мен ағылшын тілі қазақ тілінің көлеңкесінде, ығында жүреді. Президентіміз айтқандай, үш тілдің ішінде қазақ тіліне басымдық беріліп, қалған екі тіл сол ана тілімізге бағынышты күйде болады. Әрине, дамыған өркениетті 30 елдің қатарына қосылу мақсатында жүргізіліп отырған Үш тұғырлы тіл саясаты, шын мәнінде, елдің ертеңі үшін керек нәрсе. Мәселен, Қазақстанда заң мамандары, экономика мамандары өте көп және жұмыссыз. Бірақ, көп компаниялар мен кәсіпорындар заңгерлер мен экономистерге зәру. Әрине, мемлекеттік тілмен қатар, ағылшын, орыс тілдерін білетін, өз мамандығының нағыз іскерлеріне. Осы олқылықтарды толтыру мақсатында Үш тұғырлы тіл идеологиясы дүниеге келіп отыр. Яғни, елімізге қажетті, үштілді меңгерген, кез келген жерден ақпарат ала алатын, өз ісінің білгірі, бүкіл әлем бойынша коммуникацияға түсіп, жер бетінің кез келген нүктесінде бизнес жасайтын кадрлар ауадай қажет. Аталмыш кадрлар мәселесін Үш тұғырлы тіл саясаты оп-оңай шешіп бере алады.
Үш тұғырлы тілдің, шын мәнінде, мемлекеттік тілге мүлде зияны жоқ. Бұл жерде мәселе сол стратегияны, сол саясатты дұрыс жүргізуде, жарқын болашақта нәтижесінің оң болуын қамтамасыз етуде болып отыр. Мәселен, Орыс тілі мен ағылшын тілін оқытатын мұғалімдер міндетті түрде қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді өте жақсы білуі тиіс. Жоғары оқу орнында да ағылшын мен орыс тілін қазақ тілімен біріктіріліп ғана оқытылуы керек. Үш тұғырлы тілді тек мәдениетаралық қатынас негізінде қарап, ақпарат алмасу, білім үйрену, тәжірибе жинау үшін үйретіледі. Үш тұғырлы тіл саясатын дамыту үшін қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді мемлекет тарапынан ең бірінші орынға қойылып жатқаны да көзі ашық адамдарға шындық. Соңғы санақ бойынша, Қазақстан халқының 93,5 пайызы өз ұлтының тілін - ана тілі деп санайды. Ал, 74 пайызы қазақ тілінде ауызша сөйлей алады, түсінеді. Сонымен қатар 94,5 пайызы орыс тілді болса, 15,4 пайызы ағылшын тілін толық меңгергендер. Демек, 130-дан астам ұлт пен ұлысқа қызмет етіп отырған еліміздегі орыс тілінің қазығы әлі де мықты. Саны бойынша 32 құрайды, бұл бізді бір жағынан үлес салмағы жағынан құтқарып та отыр. Бұл статистикаға қарап, Үш тұғырлы тіл саясатын жүргізудің нақты уақыты екенін, яғни темірді қызған кезінде басатын кез екенін атап өту керек. Егер, Үш тұғырлы тіл саясатын кейінге қалдырсақ, онда дамудан тоқтап қаламыз.
Біздің елімізде Үш тұғырлы тіл саясатынан бөлек, еліміздегі әрбір ұлыс өз тілдерін еркін меңгеріп, өз тілдерінде сөйлей алады. Бірақ, Үш тұғырдың қатарына төртінші, я болмаса бесінші болып орналаса алмайды. Әрбір ұлттың өзінің ана тілдерінде еркін сөйлеуі Қазақстандық демократияның айқын көрінісі. Біз осындай демократияның арқасында ғана әлемге танылып, жер жүзінде бейбітшілік үстемдігін жасай аламыз. Билік үш тілді үйрену, қолдану аясын бір сызықтың бойына емес, үш сызыққа, әрқайсысының өз орнын көрсететін саясат жүргізіп, мемлекеттік тілдің бірінші болып дамуын қадағалайды. Бұған ешқандай күмән болмауы керек. Үш тұғырлы тіл арқылы ғана Қазақстан тілдік саясаттың оң нәтижесі көре алады. Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте жұмыс бабында қолданылатын тілге, басшының сөйлеу тіліне айналуы үшін билік аянбай еңбек етіп келеді. Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі қоғамдық өмірдің аса маңызды мынадай салаларында жүзеге аса береді: басқару, ақпарат, білім беру мен тәрбие ісі, ғылым мен техника; қоғамдық ғылымдар, жаратылыстану мен нақты ғылымдар, техникалық және қолданбалы ғылым, экономика салаларында, ғылымның жалпыға ортақ салаларында, бұқаралық ақпарат құралдары саласында, іс жүргізу саласында; мемлекеттік, қоғамдық-саяси, мәдени мекемелер мен ұйымдарда; дене тәрбиесі, спорт, туризм, денсаулық сақтау мен емдеу мекемелерінде; қоғамдық тамақтандыру орындарында; өнер мекемелерінде (театр, кино); дипломатиялық қарым-қатынаста; әскери-патриоттық тәрбие және білім беру ісінде; шаруашылық жүргізу және ұйымдастыруда; өндіріс және өнеркәсіп орындарында; Қазақстан Республикасында өтетін республикалық, халықаралық құрылтай, конференция, мәжіліс, жиындар т.б. Сонымен, қазақ тілі - дәстүрлі, тұрақты, қатаң тілдік нормасы бар, стильдік тармақтары сараланған, жалпы халықтық тілден ұлттық деңгейге көтеріліп, мәңгілік тілге айналады. Тағы қайталап айту керек, Үш тұғырлы тіл саясаты мемлекеттік тілді өшіруді емес, өсіруді, дамытуды көздейді.
Мемлекеттік тілдің мәртебесі артуда. Көптеген проблемалы мәселелер Елбасымыздың көреген саясатының арқасында соңғы жылдары шешімін тауып, игілікті істер жүзеге асырылып жатыр. Соның ішіндегі ең маңыздысы - тіл саясатына қатысты атқарылып жатқан шаралар.Бүгінгі күні Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде бүкіл республика бойынша тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған ауқымды шаралар белгіленіп, сол бойынша жүйелі әрі мақсатты жұмыстар жүргізілуде.Осы мемлекеттік бағдарлама аясында Қарағанды қаласында да келелі істер атқарылып, бірқатар нәтижелерге қол жеткізілді. .
Орта мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері арасында өткізілген Халық ауыз әдебиеті әлеміне саяхат байқауында ұстаздар қазақ халқының салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын жетік білу бойынша жарысып, мақал-мәтел, жаңылтпаштар айтудан сайысты. Ұстаздың танымы зор, өрісі кең болуы ұрпағымыздың саналы, білімді, тәрбиелі болуына ықпалы мол екені сөзсіз.
Елбасымыздың Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын жүзеге асыру мақсатында да бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, банк қызметі саласының үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын тілдерін) жетік меңгерген қызметкерлері арасында Тілдарын байқауы өткізілді. Бұл байқауды өткізу барысында да үш тілді еркін меңгерген қабілетті жастар саны жыл өткен сайын артып келе жатқанының куәсі боламыз. Алдағы уақытта мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қатысуымен Үздік аудармашы байқауын өткізу жоспарланған.
Қазақ халқының қоғам қайраткерлерінің, ағартушыларының, ақын-жазушыларының шығармашылықтарын, қазақ халқының дамып, өсіп-өркендеуіне, ұлт ретінде қалыптасуына сіңірген еңбектерін ұмыттырмау мақсатында өзге ұлт өкілдері арасында жыл сайын Абай оқулары байқауын және мектеп оқушылары арасында Мұқағали Мақатаев пен Оралхан Бөкей шығармашылықтарына арналған байқау өткізу дәстүрге айналған.
Мемлекеттік тілді игеру дәрежелерін анықтау мақсатында Мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында да байқаулар өткізу дәстүрлі шараға айналған. Осы мақсатта Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте атты байқау өткізіліп, Қарағанды қаласы әкімдігінің мемлекеттік тілді жетік меңгерген қызметкерлері облыс көлемінде жүлделі бірінші орынға ие болып, мекеме мәртебесін биіктетті.Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілдегі құжат айналымының сапасын көтеру және іс жүргізу барысында туындайтын тағы да басқа проблемалы мәселелерді талқылау мақсатында мемлекеттік мекемелер қызметкерлерімен дөңгелек үстелдер, семинарлар жиі ұйым - дастырылады.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты халыққа жолдауында Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз дей келе: Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл - өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет. Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс. Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Кез келген тіл өзге тілмен қарым-қатынасқа түскенде ғана өсіп, өркен жаятынын әрдайым есте сақтаған жөн. Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мәселесінен консенсус іздеу керек. Сонымен қатар, әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару мәселесін біржола шешу қажет. Бұл мәселе оқшауланған қайраткерлердің ортасында шешілмеуге тиіс. Үкімет мұны реттегені жөн - мемлекетіміздің мемлекеттік тілі болып отырған қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді ең бірінші орынға қойып дамыта беретінін, оның болашағы үшін алаңдамау керек екенін баса айтады. Президентіміздің бұл айтқандарына назар салатын болсақ, расында, мемлекеттік тіл - қазақ тілі үш тілдің бірі болып қалмайды, ағылшын мен орыс тілін өзінің көлеңкесінде ұстап, ығына ығыстырып, үш тұғырдың ең үстінде тұрады. Демек, қазақ тілінің болашағына қауіптенетіндер алаңдамаса да болады. Себебі, мемлекеттік тіліміздің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстанның университет жастарының тіл қолдануы мен дамуын талдау
Қазақстандағы үш тілділік жайлы
Білім беру жүйесіндегі актуалды мәселелер
Көптілді білім - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі
Қостілділіктің ежелгі бастаулары
Жан туралы ілімі білімдерінің Қазақстандағы даму жолдары
Лингвистика - тіл туралы ғылым
Шетел тілін деңгейлетіп оқыту
Билингвистикалық оқыту
Тілдік сәйкестіліктің орнығуындағы ана тілінің маңызы
Пәндер