Қан алу және оның физикалық-химиялық қасиеттері


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Қан алу және оның физикалық-химиялық қасиеттері
Орындаған:Сарқытов А. А Тексерген: Муратбаев Д. М
Семей қаласы
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Үй жануарларынан қан алу
2. Қанның физиқалық-химиялық қасиеттері
Пайдаланылған әдебиеттер
Малдан қап алу үшін қан алынатын жердің жүнін қырқып, немесе қырып, теріні спиртпен тазалайды да, тамырды стерильденген арнаулы инемен теседі. Қанды аз мөлшерде алған жағдайда малды онша күш жұмса-май үстаған дұрыс. Кейбір жағдайларда ұсақ мал мен қүстан канды тікелей жүрек қарыншасынан алады.
Жылқы, ірі қара және ұсақ малдан қан алу әдістері. Аздаган қанды құлақтың вена тамырларынан алады. Тамыр орналасқан жерді тазартқан соң, оны арнаулы инемен теседі де, шыққан қан тамшысын шыны түтік-шемең сорып алады. Тамырдан шыққан бірінші тамшы-ны құрғақ таза мақтамен сүртіп тастаған жөн, сонда қан тамшысы жайылмайды, оны сорып алу оңайлайды.
Көп қанды ойыс венадан алады. Ол үшін малды қи-мылдамайтындай етіп байлайды да, теріні тазартып, қан алатын тамырды бас бармақпен баса үстайды. Қан тамырға жиналып, тамыр анык. көрінеді. Арнайы стерильденген инемен тері мен тамырды көлбей теседі (ине ша-мамен 45° бұрышпен қадалу керек) . Қан аға бастағанда инеге таза ыдысты тосып, керекті мөлшерде қан алады. Соңғы кезде қан алу үшін арнаулы аспап - автоматтар пайдаланылады. Созылмалы тәжірибелерде терең орналасқан қан та-мырларынан (қақпалық, бауыр, артқы қолқа, мес қарын тамырлары және басқа веналардан) ұзақ уақыт қан алу үшін катетерлеу әдісі қолданылады.
Шошқадан қан алу. Шошқаның үлкен құлақ вена-сын скальпелмен тілу арқылы аздаған мөлшерде қан алады. Ол үшін тамырдың орталық бөлігін құлақ түбі-нен саусақпен қысып тұрады. Қанды көп мөлшерде алу үшін қайшы немесе скальпелмен құйрықтың ұшынан 1 -1, 5 см шамасында кесіп тастайды. Қан алып болған соң, жараны дезинфекция-лап, құйрықтың үшын 1-2 тәулік бойына бинтпен та-ңып тастайды.
Торайлардан 5-30 мл мөлшеріпде қан алу үшін оларды шалқасынан жатқыза байлап қойып, ине немесе микропипетканың көмегімен орбитальды вена синусын теседі.
Иттен қан алу. Иттен (мысыктан) қанды аз мөлшер-де құлағының ұшынан алады. Көп мөлшердегі қанды асық жіліктің сырт жағын ала, тірсектен төмен орналас-қаң сирақ венасынан алады. Итті бір бүйіріне жатқы-зып, немесе станокқа бекітіп, аяқтарын қолмен қыса үстап, тірсектің төменгі жағынан резеңке бұрау салады да, инемен алдымен теріні, одан соң венаның қабырға-сын тесіп, қанды шприцпен сорып алады.
Қояннан қан алу. Қояннан қанды аз мөлшерде қүлақ-тың үшын тіліп, немесе қүлақ венасынан алады. Бұл кезде қоянды сүлгімен орайды, немесе басы шығып тұ-ратын арпаулы тесігі бар жәшікке отырғызады. Құлақ-ты алдын ала жылы суға салған, немесе ксилолмен (спиртпен) сүрткен жөн. Қанды көп мелшерде кеуде венасынан алады. Ол үшін операциялық алаңды (шынтақ темпешігінен үшін-ші қабырғаға дейін) дайындап болған соң, венаны сау-сақпен басып түрып, инені қан ағысына қарсы бағытта көлбеу енгізеді. Кейде қанды тікелей жүректің өзінен алады. Қоян-нан 15-20 мл-ге дейін қан алуға болады.
Теңіз доңызынан қан алу. Теңіз доңызынан қанды аз мөлшерде құлағынын, ұшын тіліп немесе табанын франк инесімен тесу арқылы алады. Қанды көп мөл-шерде ойыс венадан (теріні кесіп, қан тамырын оқшау-лағаннан кейін) немесе тікелей жүректен арнаулы ине-мен алады. Инені тес сүйегінің сол жағын ала, жүрек қағысы анық сезіліп түрған жерден қадайды. Инені 1, 5- 2 см тереңдікке енгізу керек. Бір алғанда 5-10 мл қан алуға болады.
Егеуқүйрық пен тышқаннан қан алу. Егеуқүйрық пен тышқаннан қанды құлағының үшын тіліп, немесе қүй-рығының ұшын кесіп алады. Үлкен егеуқұйрықтан қанды кұйрық венасынан да алуға болады. Ол үшін күйрықты алдын ала жылы суға салады да, дәкемен құрғатып сүртеді. Содан соң құйрық түбін саусақпен кыса ұстап, венаға жіңішке ине кіргізеді де, қанды піприцпен сорады.
Құстан қан алу. Тауықтан қанды аз мөлшерде оның айдарын тіліп, ал қаз бен үйректен жұмсақ табанын тесіп алады. Құстан қанды көп мөлшерде, канаттары-ның астыңғы жағында орналасқан қанат асты венадан алады. Ол үшін қауырсындарды жұлып тастап, топшы түсынан венаны саусақпен қыса ұстап, инені тамырға көлбей енгізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz