Екінші деңгейдегі банктерде жеке тұлғаларды несиелеу қызметін талдау
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 тарау. Коммерциялық банктерде тұтынушыларды несиелеуді ұйымдастырудың теориялық негіздері мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... .
1.1. Несиелік процесс, оның негізгі кезеңдері мен мазмұны ... ... ... ... ... ... .
1.2. Тұтыну несиесінің классификациясы және оның түрлері ... ... ... ... ...
1.3. Тұтынушыларға несие беру жөнінде шешім қабылдау, несиені беру және алған несиені қайтару тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4. Тұтынушылардың несиелік қабілетін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Екінші деңгейдегі банктерде жеке тұлғаларды несиелеу қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. "Қазақстан Халық Банкі" Акционерлік қоғамының жеке тұлғаларға несие берудің жобасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. "Қазақстан Халық Банкі" Акционерлік қоғамында халықты несиелендіру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.Қазақстан Республикасындағы халықты несиелеудің жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

К І Р І С П Е
Экономика – көп тармақты сала. Оның қомақты бөлігінің бірі – банк ісі. Қазіргі таңда еліміздегі коммерциялық банктердің экономиканың нақты секторын және де сауда ұйымдарын несиелендіруі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін әрі тиімді, әрі пайдалы.
Банктік жүйе көп функционалды, ол ақша – несие саясатын жүргізеді, тәуекелдерді бағалайды, есеп айырысуларды жүзеге асырады, клиенттерге көптеген дәстүрлі және дәстүрлі емес қызметтерді ұсынады. Соның ішіндегі ең маңыздысы және ең бастысы – халыққа несие ұсыну.
Сонымен қатар, банктер түрлі жолдармен потенциалды клиенттерді тарту мақсатымен, яғни несие бағдарламалардың түрлерін алмастырып, бірінші салым сомасын төмендету, несие мерзімін ұзартып, пайыздық мөлшерлемелерді төмендету. Банктер жеке тәуекелдеріне қарамай, өтінішті қарастыру процедурасы мен клиенттерге жеңілдіктер жасауда. Осыған орай, соңғы жылдарда банктің өнімдерін басқару қаржылық нарықта жетекші орын алады.
Бүгінгі таңда бұл диплом жұмысының тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Оның өзектілігі, ең біріншіден, мемлекет экономикасының қарқынды дамуы. Ол өз орнымен банк саласының ролі болып табылады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында несие алу деген халықтың ойына кіріп – шықпаған болса, қазір керісінше несиесіз жұмыс жасау қиын. Кез келген кәсіпорын өзінің жұмысын бастау үшін немесе айналым қаражаттарын толықтыру үшін банкке келіп, қорықпастан қарыз алады. Ал тұтынушылар үшін тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарларды сатып алу) және банктік тұтыну (мақсатына қарыздар) формада берілетін несиелер.Сондықтан несиені ұсынбастан бұрын банк дұрыс стратегия құруы қажет, яғни ол дегеніміз – біріншіден, дұрыс менеджмент; екіншіден, жалпы несие процесін дұрыс ұйымдастыру. Несиені қарыз алушыға ұсынған күннен бастап, сол несиені қайтару күніне дейін бақылау. Яғни, несиелік процесті ұйымдастыруды қарастырып, артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасау.
Банк жүйесі нарық экономикасында келесі міндеттемелерді орындайды:
1. Төлем жүйесін басқару: коммерциялық келісімдердің көбісі, нарық экономикадағы субъектілердің қаржыларын қайта бөлу жолымен іске асырылады;
2. Халықтық жинақтарын тек оптималды пайдаланылатын несие алушыларға береді: банк жүйесінің бұл процедурасын дұрыс жүзеге асыру – инвестициялық процесінің тиімділігін анықтайды.
3. Банк айналымындағы ақша мөлшерін реттейді. Ол Ұлттық Банктің ақша – несие саясатының сәйкесінше жүзеге асырылады.
«Тізбектік реакция» қағидаты бойынша, несиенің негізгі түйіні бұзылса, банктің рентабелділігін және жалпы өтімділіктің төмендеуіне соқтырады.
Диплом жұмысының мақсаты – банктің несие процесінің жетілдіру жолдарын анықтап, банк жұмысының нәтижесін жоғарылату. Сонымен қатар халыққа неғұрылым оңай жолдармен түрлі мақсаттарға несие беру.
Диплом жобасының зерттеу объектісі – «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының заңдық нормативтік-құқықтық актілері:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы және жеке бөлім).
2. «Салық және басқа да бюжетке төленетін міндетті төлемдер туралы»
№ 2235 2005 ж.
3. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы Қазақстан Республикасының заңы 19 шілде, 2003 ж.
4. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР-сы заңы № 281-1 10.06.98 ж. №415-2 13.05.2003ж.
5. «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР-сының заңы. №276 24.12.2004ж.
6. «Ұлттық банк туралы» ҚР-сы Президентінің Заң күші бар Жарлығы, 1995 жыл 30 наурыздағы № 2155
7. «Банктер және банктік қызмет туралы» ҚР-сы Президентінің Заң күші бар Жарлығы, № 2444 01.12.2005ж.
8. «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы»№ 213 қаулысы 03.06.02ж.
9. Правила предоставления займов физическим лицам в АО «Народный банк Казахстана» №389 15.09.2005 г. 13.01.2006 г.
10. Положение об отделе – Центр Персонального Сервиса Алматинского Областного Филиала АО «Народный Банк Казахстана»
11. Должностная инструкция менеджера Отдела – Центр персонального сервиса Алматинского Областного Филиала АО «Народный Банк Казахстана»
Арнайы әдебиеттер:
12. Банковское дело/ подред. д.э.н., профессор Г.Г.Коробовой,Москва, "Экономист", 2004.
13. Банковсое дело / Под ред. Колесникова В.И. – М.: Финансы и статистика, 2000.
14. Банковсое дело / Под ред. Лаврушин О.И. – М.: Финансы и статистика, 2000.
15. Банковсое дело / Под ред. Сейткасымова Г.С. – Алматы: Қаржы-Қаражат, 1998.
16.Давлетов М.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстане //Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2001.
17. Калиев Г.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстана. Алматы: Қаржы-Қаражат, 2000.
18. Көшенова Б.А. Ақша, Несие, Банктер, Валюталық қатынастар. – Алматы: Экономика, 2000.
19. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. – Алматы: ИздатМаркет, 2004.
20. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі «Экономика және қаржы» – Алматы, "Мектеп" 2003ж.
21. Большой экономический русско – казахский словарь. Қалдыбай Бектаев – Алтын Қазына: Сөздік Словарь, 2001ж.
22. Тоқсанбай С.Р. Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2004.
Журналдардан, газеттерден және интернет сайттарынан алынған әдебиеттер:
23. Банки Казахстана: Справочно – аналитическое издание – Алматы: EkonoMіx Data, 1999.
24. Дюсембаев Н.М. Перспективы развития ипотечного кредитования в Казахстане /Банки Казахстана: Справочно-аналитическое издание – Алматы: EkonoMіx Data, 2004. – № 1.
25. Рамазанов С. Скоринговое кредитование в Казахстане. // Банки Казахстана, № 5, 2003.
26. Елубаев Ж. Как защитить кредитные средства. – Алматы, 1998. – № 1.
27. Блинова К.В. Микрокредиотование и развитие микрокредитных организаций в Казахстане /Банки Казахстана: Справочно – аналитическое издание – Алматы: EkonoMіx Data, 2004. – № 1.
28. Кредитная политика АО «Народный Банк Казахстана»
29. www.halykbank.kz.

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 тарау. Коммерциялық банктерде тұтынушыларды несиелеуді ұйымдастырудың
теориялық негіздері мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ...
1.1. Несиелік процесс, оның негізгі кезеңдері мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... .
1.2. Тұтыну несиесінің классификациясы және оның
түрлері ... ... ... ... ...
1.3. Тұтынушыларға несие беру жөнінде шешім қабылдау, несиені беру және
алған несиені қайтару
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.4. Тұтынушылардың несиелік қабілетін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Екінші деңгейдегі банктерде жеке тұлғаларды несиелеу қызметін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. "Қазақстан Халық Банкі" Акционерлік қоғамының жеке тұлғаларға несие
берудің
жобасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..
2.2. "Қазақстан Халық Банкі" Акционерлік қоғамында халықты несиелендіру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
3.Қазақстан Республикасындағы халықты несиелеудің жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
К І Р І С П Е
Экономика – көп тармақты сала. Оның қомақты бөлігінің бірі – банк ісі.
Қазіргі таңда еліміздегі коммерциялық банктердің экономиканың нақты
секторын және де сауда ұйымдарын несиелендіруі – ұлттық экономиканың
өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын
өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі.
Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін әрі
тиімді, әрі пайдалы.
Банктік жүйе көп функционалды, ол ақша – несие саясатын жүргізеді,
тәуекелдерді бағалайды, есеп айырысуларды жүзеге асырады, клиенттерге
көптеген дәстүрлі және дәстүрлі емес қызметтерді ұсынады. Соның ішіндегі ең
маңыздысы және ең бастысы – халыққа несие ұсыну.
Сонымен қатар, банктер түрлі жолдармен потенциалды клиенттерді тарту
мақсатымен, яғни несие бағдарламалардың түрлерін алмастырып, бірінші салым
сомасын төмендету, несие мерзімін ұзартып, пайыздық мөлшерлемелерді
төмендету. Банктер жеке тәуекелдеріне қарамай, өтінішті қарастыру
процедурасы мен клиенттерге жеңілдіктер жасауда. Осыған орай, соңғы
жылдарда банктің өнімдерін басқару қаржылық нарықта жетекші орын алады.
Бүгінгі таңда бұл диплом жұмысының тақырыбы өзекті мәселелердің бірі
болып саналады. Оның өзектілігі, ең біріншіден, мемлекет экономикасының
қарқынды дамуы. Ол өз орнымен банк саласының ролі болып табылады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында несие алу деген халықтың ойына кіріп –
шықпаған болса, қазір керісінше несиесіз жұмыс жасау қиын. Кез келген
кәсіпорын өзінің жұмысын бастау үшін немесе айналым қаражаттарын толықтыру
үшін банкке келіп, қорықпастан қарыз алады. Ал тұтынушылар үшін тұтыну
тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық
(бөлшек сауда орындары арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарларды
сатып алу) және банктік тұтыну (мақсатына қарыздар) формада берілетін
несиелер.Сондықтан несиені ұсынбастан бұрын банк дұрыс стратегия құруы
қажет, яғни ол дегеніміз – біріншіден, дұрыс менеджмент; екіншіден, жалпы
несие процесін дұрыс ұйымдастыру. Несиені қарыз алушыға ұсынған күннен
бастап, сол несиені қайтару күніне дейін бақылау. Яғни, несиелік процесті
ұйымдастыруды қарастырып, артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасау.
Банк жүйесі нарық экономикасында келесі міндеттемелерді орындайды:
1. Төлем жүйесін басқару: коммерциялық келісімдердің көбісі, нарық
экономикадағы субъектілердің қаржыларын қайта бөлу жолымен іске
асырылады;
2. Халықтық жинақтарын тек оптималды пайдаланылатын несие алушыларға
береді: банк жүйесінің бұл процедурасын дұрыс жүзеге асыру –
инвестициялық процесінің тиімділігін анықтайды.
3. Банк айналымындағы ақша мөлшерін реттейді. Ол Ұлттық Банктің ақша –
несие саясатының сәйкесінше жүзеге асырылады.
Тізбектік реакция қағидаты бойынша, несиенің негізгі түйіні бұзылса,
банктің рентабелділігін және жалпы өтімділіктің төмендеуіне соқтырады.
Диплом жұмысының мақсаты – банктің несие процесінің жетілдіру
жолдарын анықтап, банк жұмысының нәтижесін жоғарылату. Сонымен қатар
халыққа неғұрылым оңай жолдармен түрлі мақсаттарға несие беру.
Диплом жобасының зерттеу объектісі – Қазақстан Халық Банкі
Акционерлік қоғамы.

теориялық негіздері мен ерекшеліктері
1.1. Несиелік процесс, оның негізгі кезеңдері мен мазмұны
Екінші деңгейдегі коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының Қаржы
нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінен банкті ашу
туралы рұқсат пен банктік операцияларды жүгізуге лицензия алған жағдайда
ғана қызмет ете алады. Несиелеу келесідей заңдарға негізделіп жүргізіледі:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы, Қазақстан Республикасында
банктер және банктік қызмет туралы.
Банктер, несиелеу процесі кезінде, нарықтық қатынастардың орнығуына,
қоғамдық өндіріс тиімділігінің артуына, еліміздің экономикасы мен
қаржысының тұрақталуына, айналымдағы ақша массасының артылып кетуіне жол
бермеуге, инфляциялық процесті тежеуге сонымен қатар, ұлттық валютаның
тұрақталуына үлес қосулары керек.
Банктік қарыздар өндіріс тиімділігін, яғни оның ғылыми – техникалық
деңгейін арттыруға, өнімнің жаңа жоғарғы сапалы түрлерін шығаруға, халыққа
түрлі қызметтерді көрсетуге, халыққа және экспортқа қажетті тауарлы –
материалдық құндылықтарды шығаруға байланысты қызметтерді несиелеу үшін
берулері қажет. Осыған қоса, банктер нарықтық инфрақұрылымның орнатылуын,
сауда қарым – қатынастарының кеңейуін қолдап отыруы керек. Қарызды
жоспарлауға, алуға, өтеуге байланысты сұрақтарға жауапты қарыз алушы өзі
қызмет етіліп жатқан банктен таба алады. Яғни несиені бермес бұрын банк
қарыз алушымен келісім – шарт жасасады. Бұл келісім – шартта несие процесі
туралы ақпарат толық әрі түсінікті берілуі қажет. Несиенің мерзімі, пайызы,
сомасы сияқты мәліметтер келтіріледі. Несиелеу мерзімділік, қайтарымдылық,
төлемділік және қарыздың мақсатты жұмсалу шарттары негізінде беріледі.
Банктер қарызды өздерінде бар ресурстар шегінде ұсынулары қажет.
Қысқа мерзімді несиелеудің қызмет етіп жатқан механизмі келесі
элементтерді қарастырады:
← несиелеу объектілері;
← несиенің жоспарланған көлемі және оның мақсатты
бағыттылығы;
← қарызды беру және өтеу шарттары, олардың қарыз алушы
қызметінің жақсаруына үлесі;
← қарыз бойынша пайыздық мөлшерлемелер, олардың төмендеуі
немесе ұлғаюы;
← қарыз алушының несие өтелмей қалған жағдайда ұсынатын
кепілдігі (кепіл, кепіл зат, өкілділік және т.б.);
← несиелеуге қажетті есептері мен мәліметтер тізімі, оларды
қарыз алушыға ұсыну мерзімі және басқа да шарттары;
← несиелік келісім-шартта берілген шарттардың ең болмаса
біреуі бұзылған жағдайда қолданылатын жазалау шаралары.
Жалпы несие ұзақ, орта, қысқа мерзімді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді
несиелеу қарыз алушының ағымдағы қызметін ұлғайту үшін беріледі.
Несиелеу процесі мынандай кезеңдерді қамтиды:
← несиеге деген өтінішті қарау;
← несиелік қабілетін талдау;
← несиелік келісімшарт жасасу;
← несие беру;
← несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.
Ал, енді сол кезеңдерге жеке – жеке мағынасын ашып, тоқталып өтелік:
1 кезең: Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау
Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда
қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты,
мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі.
Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік
операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әр түрлі
топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал ретіндегі
құжаттар пакетінің құрамына кіретіндер:
1. құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шартының, тіркелген
куәліктерінің немесе патенттерінің; нотариалды түрде куәландырылған
жерді пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар; азаматтардың төл
құжаттары және клиенттің несие алуға құқығын растайтын басқа да
құжаттардың көшірмесі;
2. соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы және оған қосымша беттер;
3. несиеленетін шаралардың ретабельділік деңгейін және оның қайтарылу
мерзімін сипаттайтын техникалық – экономикалық есебі;
4. несиеленетін мәмілелерді растайтын келісімшарттар көшірмелері
(материалдық құндылықтарды жабдықтауға және сатыға арналған шарттар,
тауарлы – материалдық құндылықтар шотының көшірмелері және т.с.с.);
5. басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер (шоттар бойынша
көшірме);
6. қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының
меншік құқығын растайтын құжаттар;
7. несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжат;
8. қызметін жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да
құжаттары жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары.
Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз
ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар,
банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір
құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш
жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін
есеп карточкасын толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз
алушының аты – жөні; қызметі және меншік түрі; клиенттің заңды мекен –
жайы; ағымдық және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттері;
негізгі құрылтайшылары: ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі;
соңғы есептік күнге берілетін баланс құрылымы және басқа да көрсетіледі.
Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған
несиесін қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар.
Бағалау техникалық – экономикалық есеп негізінде жасалады.
2 кезең: Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі
Қарыз алушының несиелік қабілеті – қарыз алушының алған несиесі бойынша
қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен
сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен
болуы мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан
бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне
ықпал етеді.
Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынандай
факторлар есепке алынады:
1) несиеге қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға несиені бере
отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын
анықтайтын Жарғысы және нұсқаумен танысуға тиісті;
2) қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі
деп қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана
түсінбейді, сонымен қатар, келісімшартқа байланысты барлық
міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі;
3) табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға
жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау барысында сату көлеміне,
баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл
факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен
қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады.
Несиелеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарнамалау
тиімділігі, бәсеке сияқты факторлар ескеріледі.
3 кезең: Несиелік және кепіл туралы келісімшарт жасасу
Қазіргі несиелеудің басты ерекшеліктері бойынша банк қарыз алушының
несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін
несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық
сұрақтарды банк пен қарыз алушы арасындағы келісімшарт шешеді.
Несиелік келісімшарт екі контрагенттің өзара міндеттемелерін және
жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:
← несиелеу мақсаты және объектісі;
← несиенің мөлшері;
← несиені беру мерзімі және қайтару шарттары;
← несиені қамтамасыз ету формасы;
← несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;
← несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын
бақылаау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;
← несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі.
Несиелік келісімшарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері анықтайды.
Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы келісімшарттың
орны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты ажыратылады. Кепіл
затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік құқықтар
жатады.
Материалдық – заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынандай топтарға
бөлінеді:
1. Клиенттің мүліктерінің кепілі:
1.1. тауарлы – материалдық құндылықтар кепілі:
1.1.1. шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;
1.1.2. тауарлар және дайын өнімдер кепілі;
1.1.3. валюталық бағалылар (нақты валюталар), алтыннан жасалған
бұйымдар кепілі;
1.1.4. басқа да тауарлы – материалдық құндылықтар кепілі;
1.2. бағалы қағаздар кепілі;
1.3. сол банктегі депозиттер кепілі;
1.4. жылжымайтын мүлік кепілі.
2. Мүліктік құқықтар кепілі:
2.1. жалгерлік құқық кепілі;
2.2. авторлық құқық кепілі;
2.3. меншікті құқық кепілі;
2.3. тауар белгісі;
2.4. ноу – хау;
2.5. патент.
4 кезең: Несие беру кезеңі
Бұл кезең ағымдық шот ашу, несиені беруді құжаттау тәртібін (қосымша
құжаттар толтырылуы мүмкін), несиені беру тәсілін анықтайтын несиелеуді
ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.
Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады.
Біріншісі – несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған
жағдайларда жұмсалынады. Екіншісі – несие алу құқығы қосымша қаражаттарға
деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші –
белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас
тартады (мысалы, артық сыйақы төлегісі келмейді).
Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес
анықталады.
5 кезең: Несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау –
несиелік операцияның маңызды кезеңі.
Несиелер бойынша қарызды қайтару тәсілі банк қаражаттарының
пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы рөліне
байланысты. Несиенің берілуі сияқты несиені қайтарудың бірегей жасалған
үлгісі жоқ.
Іс жүзінде несиені қайтарудың төмендегідей көптеген варианттары болады:
1) мерзімді міндеттемелер негізінде эпизодтық қайтару;
2) меншікті қаражаттардың жинақтауының және несиеге деген есеп
айырысу шотына қажеттіліктің азаю шамасына қарай қайтару;
3) алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;
4) түскен түсімді бірден несиелік қарызды жабуға есептеу;
5) несиенің қайтарылу мерзімін созу;
6) мерзімі өткен қарызды Мерзімі өткен несиелер шотына
аудару;
7) банк резерві есебінен мерзімі өткен несиелерді шегеру.
Несиелік қарызды қайтару туралы кейінірек төменгі бөлімдерде
тоқталамын.
Несиенің қайтарылуын арнайы құжат арқылы жасауға да, жасамауға да
болады. Несиенің қайтарылуын негіздейтін құжаттарға: клиенттің жазбаша
үкімі, банктің өзінің үкімі, соттың бұйрықтары жатады. Клиенттің өзінің
шотынан ақшалай қаражаттарды шегеру туралы берген үкімі жазбаша да және
ауызша да болады. Несиенің қайтарылуы қағазсыз, яғни байланыс каналдары
арқылы да жүзеге асырылады.
Несиенің қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте несиелер бойынша
мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді. Банк қызметкерлері
күнделікті қайтарылатын мерзімі жеткен несиелерді қарай отырып, қарыз
алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкім – ордерін береді.
Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзімді
міндеттеменің келесі бетіне тиісті белгілерін жасайды. Егер де қарыз
алушының ағымдық шоты басқа банкте ашылған болса, несие бойынша қарызды
және сыйақыны қайтару қарыз алушының төлем тапсырмасы негізінде
жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда, қарыз алушының уақытша қаржылық
қиындықтарға кезігуіне байланысты банк қайтару мерзімін кейінге қалдыруға
рұқсат етуі мүмкін, бірақ бұл қарыз жоғарғы сыйақымен құжатталады.
Сыйақы мөлшері оны төлеу мерзімі және тәртібі, сондай – ақ оларды
іздестіру механизмі несиелік келісімшартта анықталады. Сыйақы ай сайын,
тоқсан сайын және т.б. есептелуі және қайтару кестесіне сәйкес іздестірілуі
мүмкін.
Пайызды есептеу барысында әлемдік банктік тәжірибеде уақыт базасының 3
түрлі моделінің бірі қолданылады. Қазақстан Республикасында Халықаралық
Валюталық Қордың ұсынысы бойынша уақыт базасының англо – саксон моделі
қолданылады (уақыт базасы 365 күнге тең, ал әрбір айдағы күндердің саны
нақты күнтізбе бойынша есептеледі).
Банк несиелік келісімшарттың орындалуына, қарыз алушының алған несиені
пайдалануына және оны толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы мақсатта қарыз
алушының шаруашылық қызметіне, оның қаржылық жағдайына талдау жасап, қажет
болған жағдайларда, орнында ақшалай және есеп ейырысу құжаттарын,
бухгалтарлік жазуларды, есептік материалдарды тексереді. Осы жерде қарыз
алушыдан алған барлық қаржы ақпараттар түрлері мен басқа да ақпараттар,
сондай – ақ басқа да көздер пайдаланылады. әрбір банктің өзінің клиенттің
несиелік ісін жүргізу жүйесі болады.
Несиелік келісімшартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған қарыз
алушыларға қатысты банк қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы
ескерту жасауға; несиелік шартында қарсатырылғандай беруді тоқтатуға құқығы
бар. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі түрде орындамаған
жағдайда банк несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
Несиелеу процесіне жасалатын бақылау банктің несиелік портфелін
мерзімді түрде тексеріп отырумен де толықтырылады. өйткені банктің несиелік
портфелі оның табыс көзі және несиелік операцияларды жүргізу барысындағы
тәуекел көзі болып табылады.
2. Тұтыну несиесінің классификациясы және оның түрлері
Тұтыну несиесі – халыққа тұрғын үй, көлік құралдырын сатып алу,
жолдамалардың, қымбат тұратын тұтыну тауарларының ақысын төлеу, т.б. үшін
берілетін несие.
Біздің елімізде халыққа ұсынатын ссуданы тұтыну ссудасы деп атайды.
Ұсынылатын ссуданың яғни несиелеу объектісінің мақсатына қарай тұтынудың
сипаты анықталады. Тұтыну ссудасына кез келген халыққа ұсынылатын ссуда
түрлері, соның ішінде ұзақ мерзімге қолданылатын тұтыну тауарлары
ипотекалық ссуда, өте қажетті жағдайларда алынатын ссудаларды жатқызуға
болады.
Тұтыну несиесі несиелік мәміленің субъектісіне, мақсатты
бағыттылығына, қамтамасыз етілу түрлеріне, ұсынылу әдісіне, өтелу
мерзімінің тәсіліне және мерзіміне қарай классификацияланады.
1. Несиелік мәміленің субъектісіне қарай (кредитордың түріне қарай)
1. банктік несиелік ссуда
2. сауда ұйымдарымен жеке тұлғаларға ұсынылатын ссудалар
3. банктік емес несиелік мекемелердің тұтыну несиелері олар: ломбарттар,
прокатқа беру пунктері, несиелік кооперативтер, құрылыс қоғамдары,
зейнетақы қорлары және т.б.
4. жеке тұлғалармен жеке тұтыну ссудасы
5. жұмыс істейтін кәсіпорын немесе ұйыммен берілетін тұтыну ссудасы
2. Несиені алушылардың түріне қарай
2.1.халықтың жіктелуіне қарай
2.2.әр түрлі әлеуметтік топтарға берілуіне қарай
2.3.төлеу қабілеттілігі және табыс деңгейіне қарай
2.4.студенттерге және т.б.
3. Мақсатты бағыттылығына қарай ссудалар білімге несие, бағалы қағаздар
кепілге қою арқылы несие, ипотекалық несие және мақсатсыз ссудалар;
овердрафт, өте қажетті игіліктерге берілетін ссудалар.
4. Қамтамасыз етілуіне қарай
4.1.қамтамасыз етілген
4.2.қамтамасыз етілмеген
Қамтамасыз етілуге кепіл, кепілдік, кепіл болушылық, сақтандыру полисі
жатқызылады. Тұтыну несиесіне көбінесе банктер кепіл және кепіл болушылықты
артық көреді. Кепілге: әр түрлі активтердің түрлері, соның ішінде тауарлы
материалдық құндылықтар, бағалы қағаздар, қозғалмайтын мүлік жатады. Бұл
несиенің төлем қабілеттілігін бағалай отырып ссуданы уақытында өтей
алмаушылыққа деген тәуекелді төмендетеді.
5. Ссуданың ұсынылуына қарай
5.1.біртекті
5.2.қайта қалпына келтіруге болатын
Қайта қалпына келтіруге болатын несиелерге несиелік карта бойынша
берілетін несие немесе овердрафт формасында активті – пассивті шоттар
бойынша берілетін несиелер жатады.
6. Тұтыну ссудасын мерзімдік несиелеуіне қарай
6. 1.қысқа уақыт мерзімді 1жылға дейін;
6.2.орта уақыт мерзімді 3 – 5 жыл аралығында;
6.3.ұзақ уақыт мерзімді 3 – 5 жылдан жоғары;
7. Ссуданың өтелу әдісіне қарай
7.1.бөліп төлеуге берілетін несиелер;
7.2.бөліп төлеуге берілмейтін несиелер;
Қазақстанда қазіргі кезде тұтыну несиесі сауда ұйымдары арқылы
несиелеу өте қарқынды дамуда. Тұтынушылар электро тауардарды, жиһаздарды,
құрылыс заттарын, әр түрлі қызмет көрсетулерді және т.б. керекті заттар мен
игіліктерді бөліп төлеуге алады.
Қазақстан Республикасының Банктік қызметі туралы Заңына сәйекес,
тұтыну несиесі – қарыз операциялардың бір түрі, мерзімділік,
қайтарылымдылық қағидасын жүзеге асыратын несие, кеңес директорлары мен
акционерлік қоғам бекітеді.
Несие тура және жанама бойынша бөлінуі. Коммерциялық банктер тұтыну
несиесін сұраған қарыз алушыға береді (тура) немесе бөлшек саудада
тұтынушылардың міндеттемелерін алады. Коммерциялық банктер міндеттемелерді
автокөлікті, жиһазды, тоңазытқышты, кір жуғыш машинаны және т.б.
диллерлерден сатып алады. Мұндай міндеттемелер құжаттары диллерлік қаржылық
келісімдермен жүзеге асырылады.
Жанама тұтыну несиесі операциондық шығындарды жүзеге асырмай – ақ,
несие портфелінің көлемін банк өкілділігі жоғарлатады. Тұтыну несиесіне
қарағанда, диллерлік қаржылық келісімдерді Коммерциялық банктерден сатып
алу арзанырақ түседі.
Несиелендірудің схемасы.
Берілген тұтыну қызметінің дамыту категориясына және несиелік тәуекелі
бойынша банк партнерларының құрылымына байланысты жүзеге асырылады.
Коммерциялық банктер тұтынушыларды 4 категорияға бөледі:
А категориясы – банктің клиенттері, банктің жұмысшылары, бекітілген
тізім бойынша жалақы жобасының қатысушылары;
АА категориясы – банкте мерзімді салымдары бар клиенттер;
В категориясы – банкте шоттары бар жеке тұлғалар; бекітілген
компаниялардың тізім бойынша, ірі қаржылық компаниялардағы жалақыны тұрақты
алып отырған жұмысшылар;
ВВ категориясы – банкте шоттары жоқ жеке тұлғалар; жалақыны тұрақты
алып отырған жұмысшылар; заңды білімі жоқ кәсіпкерлер;
А категориясы
← жалақының тұрақты болуы;
← компаниямен келісімде болған келісімнің қорытындысы – несие
алушының жұмыс берушісі;
← кепілге қойылған несие объектінің келісімін рәсімдеу;
← несиені 1 жылға алғанда салым 20% колемінде.
АА категориясы
← банк салымы несие сомасынан төмен болмауы тиіс;
← кепілге қойған салымды келісімін рәсімдеу;
← кепілге қойылған несие объектінің келісімін рәсімдеу, төлеу
қызметінен басқа, салым 30% көлемінде болуы тиіс, пайыз
мөлшерлемесін қосқанда;
← клиенттің сомаға деген бағасы, салым сомасынан жоғары болуы,
оны В және ВВ категориясына жатқызу жолымен.
В категориясы
← кепілге қойылған жылжымайтын мүлік немесе автокөлік
келісімін рәсімдеу;
← міндетті алдын – ала төлем, 30% көлемінде.
ВВ категориясы
← кепіл келісімін рәсімдеу;
← міндетті алдын – ала төлем, 40% көлемінде.
1.3. Тұтынушыларға несие беру жөнінде шешім қабылдау, несиені беру
және алған несиені қайтару тәртібі
Кез келген банктерде сияқты, Қазақстан Республикасының екінші
деңгейдегі коммерциялық банктерінде клиентке қарызды беру несиенің мақсаты
бағытына байланысты дербес шоттар арқылы жүзеге асырылады. Өнімді өткізуден
түскен түсім және басқа да ақшалай қаражаттар қарыз алушының есеп – айырысу
шотына келіп түседі. Несие несиелік келісім – шартта көрсетілгендей
тұтынушының тауарлы – материалдық құндылықтар мен қызметтер бойынша есепті
– қаржылық құжаттардың төлемін жүргізуге, аккредитивтерді ашу және қарыз
алушының басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін есеп – айырысу
шотында қаражаттар таусылған жағдайда беріледі. Ал кейбір жағдайларда, есеп
– айырысу шотында қаражаттар болса да, банк басшысының рұқсатымен несие
тауарлы – материалды құндылықтар мен көрсетілген қызметтер үшін шоттар
бойынша төлем жүргізілуі мүмкін. Несиені ұсыну процесі несиелік келісім –
шартта көрсетілгендей бір жолғы, күн сайын және басқа мерзімде жүргізілуі
мүмкін. Бір жолғы несиелер бір жолғы контракт пен келісім – шарт үшін
шоттар бойынша төлем жүргізуге береді.
Толық қамтамасыздандырылмаған несиелерді толық алмау мақсатында ай
сайын несиені қамтамасыздандыруды тексеріп отыру қажет. Егер ссудалық
қарыздан қамсыздандыру қалдығы асып түссе, яғни қарыз алушының өтініші
(ходатайство) бойынша қамсыздандырудың артықшылығы байқалса, онда банк
қарызды ең алдымен кешіктірілген несиені жабу үшін беріледі, ал қалған
қаражат есеп – айырысу шотына түседі. Несиелік келісім – шартта көрсетілген
несиені беру және өтеу ережелері мен шарттарына сәйкес, банктің несиелік
бөлімшесі несие беру туралы өкім дайындайды. Егер клиент шаруашылық субъект
атынан бірінші рет келіп тұрса, ол кәсіпорын атынан жұмыс істеуге рұқсат
қағазын тексеру керек. Несие әдетте қолма – қолсыз түрде беріледі. Алайда
банк басшылығының шешімі бойынша кейбір жағдайларда, мысалы тұтынушыларды
несиелендіру кезінде, сонымен қатар тұтыну несиесін ұсынған жағдайда қарыз
қолма – қол түрде берілуі мүмкін.
Қазіргі кездегі несиелендіру тәжірибесінде банктік несиені арнайы
ссудалық шоттар арқылы беруде. Бұл жағдайда түсім арнайы ссудалық шотқа
келіп түседі, өткізілген тауар мен өнім бойынша шарушылық органдардың есеп
айырысу шоттарына бөлінеді. Бұл тәртіппен сауда, дайындау, жадбықтау
ұйымдары несиеленеді. өйткені мұндай ұйымдарда тауарлы – материалдық
құндылықтар айналымы тез жүріп отырады. Несиені қамтамасыздандыруды тексеру
баланс мәліметтерінің мерзімдері бойынша міндетті түрде тексеру өткізуді
қажет етеді. Осында бір мәселені айта кету керек, банк басшысының
рұқсатына негізделе отырып, тексеру қарыз алушының қаржылық жағдайы тұрақты
болмаған жағдайда да жүргізіле береді.
Несиені қамтамасыз етуге келесілер алынады: өндіріс қорларының қалдығы,
аяқталмаған өндіріс, баланстық құн бойынша дайын өнім. Тауарлы –
материалдық құндылықтар қамтамасыздандыру ретінде несиелік келісім – шартта
көрсетілген мерзім шегінде ғана қабылданады.
Қысқа мерзімді несиелендіру ережелеріне сәйкес қамтамасыздандыру
ретінде келесілер қабылданбайды:
← несиелендіруге арналған мерзімнен жоғары болатын тауарлы –
материалдық құндылықтар;
← сақтау шарттары толық сақтандыруды қамтамасыздандырмайтын
тауарлы – материалдық құндылықтар;
← сақтау мерзіміне байланыссыз өндірісте қолданылмайтын және
сұранысқа ие бола алмайтын тауарлы – материалдық құндылықтар;
← көп мерзімге сақтауда тұрған тауарлы – материалдық құндылықтар
және шектеулі көлемі ғана өткізілген материалдық құндылықтар
және қызметтер.
Қамтамасыздандыру ретінде қабылданатын материалдық қорлар мен
өндірістік шығындардың сомасынан несиелік берешек алынып тасталынады.
Қаматамасыздандырылмаған берешек қарыз алушының есеп – айырысу шотынан
төленеді, ал егер есеп – айырысу шотында ақша – қаражаты болмаса, онда ол
мерзімі өткен ссудалар шотына ауыстырылады. Сонымен қатар, банк қарыз
алушыны несиелендірудің мақсаттылығын қарастырады.
Егер несие бойынша қамсыздандыру сомасы артық болса, онда бірінші
бөлігі несие бойынша пайызды жабуға жұмсалып, қалған бөлігі қарыз алушының
есеп – айырысу шотында қалады. Несиенi қайтару және оған сыйақы төлеуiне
бақылау жасау – несиелiк операцияның маңызды кезеңi. Несиелер бойынша
қарызды қайтару тәсiлi банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және
олардың төлем айналымын құраудағы рөлiне байланысты.
Неселік қарызды қайтару туралы қарастырылған варианттар бұл
процесті мынадай белгілеріне байланысты жіктейді:
Қайтаруына қарай:
1) несиені толық қайтару;
2) несиені жартылай қайтару;
Қайтару жиілігіне қарай:
1) несиені бірден қайтару;
2) несиені бөліп – бөліп қайтару;
Қайтарудың жүзеге асырылу уақытына қарай:
1) несиені жүйелі түрде қайтару;
2) несиені эпизодтық қайтару;
Қайтару мерзімдеріне қарай:
1) несиені мерзімді қайтару;
2) несиенің уақытын созып қайтару;
3) несиенің мерзімін өткізіп барып қайтару;
4) несиені иерзімінен бұрын қайтару;
Қайтару көздеріне қарай:
1) клиенттің меншікті қаражаттары;
2) жаңа несиені пайдалану;
3) кепіл берушінің шотынан шегеру;
4) басқа кәсіпорын шотынан түскен қаражаттар;
5) бюджеттік түсім және т.б.
Несиені қайтару мерзiмi беру уақытында мерзiмдi мiндеттемелермен
құжатталады: егерде несие тұтас қайтарылатын болса, онда бiр ғана мерзiмдi
мiндеттеме толтырылады, ал несие бөлiп – бөлiп қайтарылатын болса, онда әр
төлемге әр түрлi мерзiмдi мiндеттеме толтырылады. Несиенің қайтарылуына
бақылау жасау үшiн банкте несиелер бойынша мерзiмдi мiндеттемелердiң
картотекасын жүргiзедi. Коммерциялық банктердің қызметкелерi күнделiктi
қайтарылатын мерзiмi жеткен несиелерді қарай отырып, қарыз алушының есеп
айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкiм ордерiн бередi. Жартылай
қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзiмдi мiндеттеменiң
келесi бетiне тиiстi белгiлерiн жасайды. Егер де қарыз алушының есеп
айырысу шоты басқа банкте ашылған болса, несие бойынша қарызды және
сыйақыны кайтару қарыз алушының төлем тапсырмасы негiзiнде жүргiзiледi.
Жекелеген жағдайларда қарыз алушының қаржылық қиындықтарға кезігуiне
байланысты банк қайтару мерзiмiн кейiнге қалдыруға рұқсат етуi мүмкiн,
бiрақ бұл қарыз жоғары сыйақымен құжатталады. сыйақы мөлшерi оны төлеу
мерзiмi және тәртiбi, сондай ақ оларды iздестiру механизмi несиелiк келiсiм
шартта анықталады. сыйақы ай сайын, тоқсан сайын есептеледi және қайтару
кестесiне сәйкес iздестiрiлуi мүмкiн. Қарыздың негізгі көлемін және ол
бойынша пайызды өтеу екінші деңгейдегі банктердің Несиелік Комитетімен
жасалады.
Банктерде несие бойынша негізгі қарызды өтеудің түрлі схемасын қолдана
алады, соның ішінде:
← Несиелеу мерзімі кезінде периодтық тең мөлшермен өтеу;
← Аннуитеттік төлемдер формуласымен өтеу;
← Несиелеу мерзімінің соңында бір уақытта өтеу;
← Өтеудің бастапқы кезеңінде кейінге қалдыру арқылы өтеу;
← Өтеудің жүйелі тәсілі;
← Талап еткенге дейінгі өтеу.
Кейбір банктерде Несиелік Комитетінің шешімі бойынша қарыз алушыға
қарызды өтеу мерзімін кейінге қалдыру рұқсат етілуі де мүмкін.
Егер несиелеу мерзімі үш айдан асса, онда Филиал өз еркімен несиелеу
мерзімінің төрттен үш бөлігінен аспайтындай қарыз алушыға өтеу мерзімін
ұзарта алады. Несие бойынша негізгі қарызды өтеу мерзімі несиені өтеу
кезеңі деп аталады. Өтемнің соңғы үшінші бөлігінде жүргізілетін өтем несие
бойынша негізгі қарыздың жартысынан аспауы қажет. Егер несиелеу мерзімі үш
айдан асса және несие бойынша негізгі қарызды өтеу мерзімі несиелеу
мерзімінің төрттен үш бөлігінен асса, онда өтем Несиелік Комитетпен
шешіледі.
1.4. Тұтынушылардың несиелік қабілетін талдау
Қазірігі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау
әдістеріне де негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік
қабілеті – бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып
табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға
себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты
болып келеді. Сондықтан да, банк несиесінің берілуі алдын ала ықпал ететін
факторларды оқып үйренуге жағдай жасайды.
Тұтынушылардың несиелік қабілеті – бұл қарыз алушының өзінің қарыздық
міндеттемелері бойынша толық және уақытылы есеп айырысу қабілеті.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір
айырмашылығы – онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі
төлемсіздікті есепке алмайды, ол жақын перспективадағы қарызды өтеу
қабілетін болжайды. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем
қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында
иек артатын ең бір формальді көрсеткіш болып табылады. Егер де қарыз
алушының мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті
капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы
төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы
қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілеті бар клиенттер
банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.
Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға беретін
нақты несиесімен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін
көрсетеді. Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және
несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу
банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік
береді.
Әлемдік және отандық банктік тәжірибе қарыз алушының несиелік
қабілетінің мынандай критерилерін бөліп қарайды: қарыз алушының
мінездемесі, қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барысында
қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі),
капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай,
бақылау (қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен
қадағалау ұйымдарына несиенің сипатының дәл келуі).
Қарыз алушының мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және
менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің
мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі. Қарыз
алушының заңды тұлға ретіндегі беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет
етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай
келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің (жабдықтаушылары,
сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен тұрады.
Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс
тәжірибесі), моральдық сапасына, жеке қаржылық және отбасылық жағдайына,
оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым – қатынастар нәтижесіне
байланысты негізделеді.
Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге,
несиелік келісімшартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқының
болуын, яғни кәсіпорынның немесе фирманың өкілдеріне белгілі бір
өкілеттіліктерінің болуын білдіреді.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерилерінің бірі –
оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілу барысында қаражат табу
қабілеті болып табылады. Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің
біршама маңызды критериі болып табылады. Оны бағалауда мынандай екі шарттың
маңызы зор:
1. оның жеткіліктілігі, яғни Орталық банктің тарапынан жарғылық қордың
(акционерлік капиталдың) ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы және қаржы
левередж коэфициенті негізінде талданады;
2. несиеленетін операцияларға меншікті капиталды жұмсау дәрежесі, яғни ол
банк пен қарыз алушының арасында тәуекелдің бөлінуін куәландырады.
Қаншалықты меншікті капитал жұмсалымы көбірек болса, соғұрлым қарыз
алушының несиелік тәуекеліне ықпал ететін факторларды қадағалап отыруға
мүмкіндік туады.
Несиенің қамтамасыз етілуі – қарыз алушының активтерінің құны және
несиелік келісімшартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша
көздерінің (кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуы.
Мұндағы қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу
барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақытылы орындауына
кепілдік береді. Кепілдік сапасы, кепілхат беруші, кепілдемеші мен
сақтандырушының тұрақты болуы, қарыз алушының ақшалай қаражатының
жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды. Несиелік операциялар жасалатын
жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған
экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы
тәуекел дәрежесін анықтайды.
Соңғы критерий – бақылау, бұл мынадай сұрақтарды ескереді: қарыз
алушының қызмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды
және нормативтік негіз бар ма? Заңдардағы күтілетін өзгерістер (мысалы:
салық заңы) қарыз алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік
өтініште көрсетілген қарыз алушы және несие туралы мәліметтер, банктің
несиелік саясаты туралы құжатта белгіленген банктің стандартына, сол
сияқты, несиелердің сапалылығын бақылап отырып, банктік қадағалау
ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?
Аталып өткен, банк тұтынушының несиелік қабілетін бағалау критерилері
несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер
қатарына жататындар:
← іскерлік тәуекелді бағалау;
← менеджментті бағалау;
← қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын бағалау;
← қаржылық коэффициенттерді бағалау;
← ақша тасқынын талдау;
← қарыз алушы туралы ақпарат жинақтау;
← орналасқан жеріне бару арқылы қарыз алушының жұмысын
қадағалап отыру.
Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін
бағалаудағы басты факторға оның қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының
қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып, меншікті және
заемдық қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай – ақ
пайданы алу, бөлу және тиімді пайдаланумен сипатталады. Қарыз алушының
кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді
сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде тұтынушылардың қаржылық
құжаттары қолданылады.
Қарыз алушы кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның мынандай төлем
қабілетіне байланысты:
1) шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақытылы
қанағаттандыру;
2) несиені қайтару;
3) жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;
4) бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері
бойынша есеп айырыса алады.
Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең
көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның
тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық – қаржылық қызметін жан –
жақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген
әдістемелер қолданылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде
перспективалық зерттеулер орталығы дайындап, ҚР–ның Ұлттық банк
Директоратының 27 қыркүйек 1994 жылғы мәжілісінде № 26 қаулы бойынша
бекітілген Қарыз алушының несиелік қабілетін талдауына байланысты
банктердің әдістемелік нұсқауы, сондай–ақ АҚШ – та және басқа да елдерде
пайдаланылатын әдістемелер де біршама танымал. Қарыз алушының несиелік
қабілетін бағалауда мынандай негізгі көрсеткіштер пайдаланылады:
1 – кесте.Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері
Көрсеткіштер атаулары Есептеу алгоритмі
1 2 3
1 Ағымдағы өтімділік Ағымдағы активтер ағымдағы міндеттеме
коэффициенті
2 Мерзімді өтімділік Ағымдағы активтер – запастар ағымдағы
коэффициенті міндеттеме
3 Активтер рентабельдігі Пайда кәсіпорын активтері
4 Рентабельділік сауда Өнімді сатудан түскен пайда Өнімді
сатудан түскен түсім
5 Негізгі құралдар мен Пайда негізгі құралдар + айналымнан тыс
басқа айналымнан тыс активтер
активтер рентабельділігі
1 – кестенің жалғасы
1 2 3
6 Меншікті капитал Пайда меншікті капитал
рентабельділігі
7 Ұзақ мерзімді міндеттеме Пайда ұзақ мерзімді несие және займдар
рентабельділігі
8 Қаржы коэффициенті Заемдық қаражаттар меншікті қаражаттар
9 Тіркемелі активтерді өтеуТіркемелі активтер (ғимараттар және
коэффициенті құрылғылар – амортизация) қамтамасыз
етілген несие
10 Қарызға қызмет ету Пайда қарыз бойынша шығындар
коэффициенті
11 Қор қайтарымы Жалпы пайда – түсім активтер
Ескерту – Ларионова И.В. Оценка кредитоспособности предприятия, Бизнес и
банки, 2004. № 11. Мәліметтер негізінде құрастырылған.
Осы көрсеткіштердің ішінде аса көңіл аударатыны бұл баланс
өтімділігіне байланысты көрсеткіштер. Өтімділік деп кәсіпорынның барлық
төлем түрлері бойынша өз міндеттемесін орындай алу қабілетін түсіндіреді.
өтімділік жалпы қарыз және өтімді қаражаттар (ақшалай қаражаттар, алашақ
қарыз, қорлар) көлеміне байланысты болып келеді. Баланс өтімділігі актив
баптарындағы ақшалай қаржаттарға айналу мүмкіндігіне байланысты
топтастырылған қаражаттарды, пассив баптарындағы төлеу мерзіміне қарай
топтастырылған міндеттемелерін салыстыру арқылы анықталады.
Баланс активінің баптары олардың өтімділік дәрежелеріне қарай үш топқа
бөлінеді:
1) ақшалай қаражаттар (есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа да
шоттардағы қаражаттар қалдығы; касса; басқа да ақшалай қаражаттар; арнайы
қорлардың қаражаттары; күрделі қаржы жұмсалымдарына пайдаланылмаған
қаражаттар қалдықтары);
2) жеңіл іске асатын талаптар (төлейтін мерзімі жетпеген, жөнелтілген
тауарлар және тапсырылған жұмыстар; шектермен есеп айырысулар; өзінің
жүйесіндегі кәсіпорындардан оларға қаржылай көмек ретінде берілген
қаражаттар бойынша есеп айырысу; банк несиелері және кәсіпорынның арнайы
қорларын берілген несиелер бойынша жұмысшылармен және қызметкерлермен есеп
айырысу). Жеңіл іске асатын талаптар қатарына мерзімінде төленбеген
жөнелтілген тауарлар мен тапсырылған жұмыстар жатпайды.Берешектермен есеп
айырысу құрамында үш айға дейінгі қарыздар есепке алынбайды. Мұнда өзінің
жүйесіндегі кәсіпорындармен оларға қаржылай көмек ретінде берілген
қаражаттар бойынша есеп айырысу бабында жақын арадағы үш ай ішінде
қайтарылатын қарыздар есепке алынады.
3) жеңіл іске асырылатын тауарлы – материалдық құндылықтар (арзан бағалы
тез тозатын заттарды шегеріп тастағандағы өндірістік қорлар; аяқталмаған
өндіріс; алдағы уақыт шығыстары; дайын өнім; басқа да айналым қаражаттары).
Қарыз алушылардың салалық ерекшеліктеріне байланысты өтімділік
коэффициентінің біршама оңтайлы мәні 1,2 мен 1,5 аралығын құрайды.
Көрсеткіштің мәнінің 1 – ден төмен болуы жарамайды. Өтімділік коэффициенті
қарыз алушының қарызды алушының қарызды өтеу үшін жедел түрде шарушылық
айналымынан ақшалай қаражаттарды босатуын сипаттайды. Қаншалықты бұл
коэффициенттің мәні жоғары болса, соғұрлым қарыз алушы тұрақты келеді.
Бірақ та алашақ қарыздың сипатын ескеру қажет. Алашақтар туралы есеп
аталған шоттардың қарыз алушының жағдайына әсер етуіне баға беруге және
сондай – ақ жүргізілген несиелік саясаттың нәтижелігін бағалауға мүмкіндік
береді. Өтімді қаражаттардың мөлшерінің төмендеуіне ықпал етушілерге
мыналар жатады:
← ағымдағы қызмет зияндары;
← өткен жылдары және төтенше оқиғалардың нәтижесінде болған
зияндары;
← өткен қаражаттар бағасының төмендетілуі;
← күрделі қаржы жұмсалымдарға иммобилизациялануы.
Өтімді қаражаттарды артық болғаны қажет емес. Егер де ол артық болса
айналым активтерінің жұмыс тиімділігі азаяды. Өтімді қаражаттардың артық
болу себептері: күрделі қаржы жұмсалымдарды кеңейтпей – ақ пайданың
жиақталуы; амортизацияланатын объектілердің ауыстырмалуының нәтижесінде
амортизацияның жинақталып қалуы. Жеке тұлғаның несиелік қабілетін бағалау
қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларға беретін
несиелеріне тұтыну және ипотекалық несиелер жатады.
Тұтыну несиесінің мынандай түрлері қолданылуда:
← автомобильдік несие;
← ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін
несие;
← тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;
← кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу
және т.с.с.) берілетін несие. Мұнда автомобильдік несие бойынша
жаңа және жүрілген автомобильдерді банк несиесі көмегімен алуға
болады.
Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:
← жиһаз;
← сантехника;
← аудио – видео және тұрмыстық техникалар;
← компьютер және оргтехника;
← басқа да тұтыну тауарлары.
Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сыртында құрылыс және
басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады. Сонымен қатар жоғарыдағы банкпен
тұтыну несиесін алуға қажетті құжаттар тізімі мынадай:
1. қарыз алушының анкетасы;
2. жеке куәлігі (көшірмесі);
3. СТТН (көшірмесі);
4. соңғы 12 айға бөлініп көрсетілген жалақы және басқа табыстары
туралы жұмыстан берілетін анықтама;
5. жұмыс стажы туралы жұмыс орнынан анықтама;
6. отбасы туралы анықтама (№ 3 форма);
7. некеге тұрғандығын растайтын құжаттар (неке туралы куәлік,
жұбайыңыздың жеке куәлігі);
8. кепілге қоятын мүліктің құжаттары.
Жеке тұлғаның төлем қабілетін анықтау техникасы әр банкте әр түрлі
қалыптасқан. Яғни қысқаша айтқанда барлығына бірдей әдіс жоқ. Қарыз
алушының төлем қабілетін анықтау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:
2 – кесте. Қарыз алушы – тұтынушының төлем қабілетін бағалау көрсеткіштері
Көрсеткіштердің аттары Есептеу алгоритмі
1 Негізгі қарыз төлемнің айлық Несиенің мөлшері несиенің мерзімі
мөлшері (НҚАТ);
2 Сыйақы мөлшерлемесі бойынша Несиенің мөлшері * сыйақы
төлемнің айлық мөлшері (СМАТ); мөлшерлемесі 12 ай
3 Негізгі қарыз және сыйақы НҚАТ + СМАТ
мөлшерлемесі бойынша төлемнің
айлық мөлшері (НҚСАТ);
4 Таза табыс (ТТ) Жалпы табыс – салықтық және басқа
да төлемдер
5 Нақты несиелік қабілеті (ННҚ) НҚСАТ ТТ (мәні жобамен 35 – 45%
– дан төмен болмауы тиіс)
Ескерту – С.Б. Мақыш, А. Ә. Ілияс Авторларымен құрастырылған "Банк ісі" Оқу
құралы – Алматы "Қазақ университеті", 2004. Мәліметтер негізінде
құрастырылған.
2. Екінші ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz