Педагогикалық қатынастағы ықпал етудің негізгі тәсілдері» бойынша терминологиялық сөздік және жеке практикалық тапсырма


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

C:\Users\Пользователь\Desktop\флешка 24.01.2014\ТӘРБИЕ ЖУМЫСТАРЫ\ЗНАККК.jpeg

БӨЖ №2

Тақырыбы: « Педагогикалық қатынастағы ықпал етудің негізгі тәсілдері» бойынша терминологиялық сөздік және жеке практикалық тапсырма

Орындаған: Карибаева Б. Т.

Топ: П-227

Тексерген: Оралбекова Б. С.

Семей 2015ж.

  1. Педагогикалық қарым-қатынас- белгілі бірпедагогикалық қызмет атқаратын, жайлы психологиялық климатқұруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы.
  2. Қарым-қатынас -өзара іс-әрекеттер қажеттіліктерінен туындаған және ақпараттармен алмасу, адамды адамның қабылдауы, түсінуді қамтитын адамдар арасындағы байланыстарды орнату және дамытудың күрделі үрдісі.
  3. Педагог-қоғамдық тіршілік иесі, өмірінің көп бөлігін ол адамдар арасында өткізеді және соған байланысты оның адамдармен қарым- қатынасы, оның жетістігі, көңіл- күйі, денсаулығы қаланады.
  4. Педагогикалық ықпал етудің тәсілдері- бұл тәрбие әдісін толықтырып, тәрбиеленушінің тәртібін реттейтін тәсілдер.
  5. Демократиялық стиль -оқушы білімді іздестіруде қарым-қатынаста тең құқылы субъект ретінде қарастырылады.
  6. Авторитарлық стиль -мұғалімнің оқушылар пікірімен санаспай, қызығушылықтарын ескермей шешім қабылдауы, тек өзінің айтатынын орындаға бағытталуы.
  7. Либералдық стиль- басшының бағыныштылардың іс-әрекеттеріне араласпауымен сипатталады. Ол жауапкершіліктен қашқақтап, тіпті ұжым қызметінің ең күрделі мәселелерін шешуге де қатыспайды.
  8. Персептивті қарым-қатынас- адамдардың бірін-бірі қабылдауы, өзара түсінушіліктері. Басқа адамдар жайлы ой, елестер, өзіндік сана-сезім деңгейіне байланысты.
  9. Қоммуникативті қарым-қатынас- мәлімет беру мен алмасу мәселесімен анықталады.
  10. Интерактивті қарым-қатынас- қарым-қатынас жасаушы жұптасушылардың өзара әрекеттесуінде болады, яғни өзара әсерлесу, адамдардың бірлескен іс-әрекетінде әсерлерін көрсететін қарым-қатынас компоненттері.
  11. Кондициондық қарым-қатынас- адамның психологиялық жағдайының физиологиялық жағдайына өзгеруі.
  12. Когнетивтік қарым-қатынас- адамдар арасындағы білім арқылы қарым-қатынас жасау.
  13. Вербальды қарым-қатынас- бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу үдерісі
  14. Вербальсыз қатынас -мимика, ым-ишара, пантомимика арқылы жасалатын сөздік қарым-қатынас.
  15. Рефлекция -адамның өзін-өзі зерттеуі, түсінуі, өзін басқалардың қалай қабылдайтыны жайында өзін бағалауы.
  16. Эмпатия-мұғалімнің оқушылардың психикалық жағдайын, көңіл-күйлерін түсінуі, өзін басқа адамдардың орнына қоя алуы.
  17. Симпатия-бір адамның екінші адамға оң, жағымды көзқарасының қалыптасуы.
  18. Антипатия -адамға басқа бір адам туралы теріс көзқарастың қалыптасуы, оны жақтырмауы.
  19. Жазалау -келеңсіз ықпалдарды шектеп, тежеу үшін, басқалар алдында, өз тұрғысынан айыбын мойындау сезімін ояту мақсатында қолданылатын педагогикалық ықпал әдіс.
  20. Сөздегеніміз - заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттердің атауы. Әрбір сөздің білдіретін жеке ұғымы. Адамдар бір-бірін тіл арқылы түсінісетін болса, сол тілдің басты құралы-сөз.

ПЕДАГОГ ПЕН ОҚУШЫ АРАСЫНДАҒЫ КЕЛІСПЕУШІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАҒДАЯТТАР

1-жағдаят. Оқушының оқудағы жетістіктеріне көңілі толмайды, өзінің икемділігінен күмәнданады, оқу материалын түсініп, игеріп алатындығына көзі жетпейді, ол мұғалімге: «Сіз қалай ойлайсыз, мен қашан да болсын сыныптастарымнан қалмай жақсы үлгеріп, оқып кете аламын ба?»-дейді, Сіздің жауабыңыз?

Жауаптар:

1) Сенің икемділігің өте жақсы, мен саған үлкен сенім артамын.

2) Қане отырып әңгімелесіп, мәселені шешейік

3) Әрине, бұл туралы сен күмәнданбасаң да болады.

2-жағдаят. Сіз сабақ беруге кірістіңіз, барлық оқушылар тынышталды, кенеттен сыныпта біреу қатты күлді. Сіз еш нәрсе түсінбей, күлген оқушыға таңдана қарадыңыз. Ал ол сіздің көзіңізге тіке қарап былай деді: "Сіз сабақты бастаған кезде, мен сізге қарап әрқашан күлкім келеді". Мұны сіз қалай қабылдайсы? Төменде берілген варианттардың қайсысын өзіңіздің көзқарасыңыз бойынша дұрыс жауап деп ойлайсыз, сол жауапты көрсетіңіз.

- Мәс саған!

- Неменеге саған күлкілі?

- Құдай үшін!

- Сенің есің дұрыс па?

- Көңілді адамдарды жақсы көремін!

- Сенің көңіліңді көтергеніме қуаныштымын!

3-жағдаят.

Оқушы сыныпқа кіре берген мұғалімді көрін, оған былай дейді "Сіздің қатты шаршағаныңыз көрініп тұр". Мұны мүғалім қалай қабылдауы керек?

- Менің ойымша, сен жақтан мұндай ескерту жасау дұрыс емес деп ойлаймын.

- Иә, мен өзімді нашар сезініп тұрмын.

- Мен жайлы ойлама, одан да өзіңе қара.

- Ешнәрсе ойлама, бұл біздің сабағымызға кедергі жасамайды.

- Сен өте ықыластысың, қамқорлығыңа рахмет.

ПЕДАГОГТАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУІНЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ ЖАТТЫҒУЛАР

Тақырыбы: «Мен ғажайыппын»

Мақсаты: Педагогтардың эмоционалды және көңіл-күйлерін көтеруге, кәсіби жанудың алдын алу, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.

Жұмыс түрі: топтық жұмыс

Көрнекілігі: арнайы слайд, баяу орындалатын әуен.

1. Шаттық шеңбері:

Сәлеметсіздер ме қымбатты ұстаздар! Біздің көбіміз шығармашылық табыстарға жетіп, биіктерден көрінгіміз келеді. бүгінгі сабағымызда мен сіздері демалдырып, бір сәт өзіміздің жан дүниелерімізге үңіліп, «ғажайып» сөзін педагогикалық тұрғыда талдап көрсек деген оймен жинап отырмын.

Ең алдымен қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрайық. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз-көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Сабағымызды бастамас бұрын, танысып алайық. Әр қатысушы өз атына өзінің жақсы мінезін айтасын. Мұғалімдер өз атына екі-үш сын есімін қосып таныстыру.

Мысалы: Айдай сұлу - Айсұлумын, мінезім - ашық, ақжарқынмын.

2. «Сыйлық» жаттығуы

Шеңбер бойымен тұрып оңнан солға қарата бір-бірімізге ым-ишара арқылы сыйлық жасау. Мысалы: Мен саған үлкен махаббат сыйлаймын деген сөзді, сыйлық сыйлайтын адамыңызға қарап тұрып қолымызбен жүрек жасап оған береміз, ал оны алған адам рахметін айтып келесі адамға сыйлық жасайды. Бәріміз сыйлық сыйлап болған соң қандай сыйлық алғанымызды, жорамалдап көреміз.

Бұл жаттығу педагогтың қарым-қатынастың бейвербальды түрін қаншалықты деңгейде меңгергенін сипаттай алады. Екінші жағынан рухани даму көзі болып табылады.

3. «Менің жан-дүниемнің гүл бағы» жаттығуы

Мақсаты: Ғажайып баққа саяхат жасау арқылы дүниенің бірлігін, біртұтастығын, әр адамның қайталанбас тұлға екенің сезінуін қамтамасыз ету, өзін бағалай білуге жетелеу.

Терең тыныс алыңыз.

Психолог: Өзіңізді ыңғайлы, қалыпты ұстаңызда, көзіңізді жұмыңыз, жылы толқын бұлшық еттеріңді босаңсытып жайлаңдырады. Мен сізден естігеніңізді ойша елестетіп, естіп, сезінуіңізді сұраймын.

Өзіңізді бақылаңыз.

Көз алдыңыз қараңғыланып кетті. Қараңғылық ішінен әдемі өрнекті түрлі-түсті қақпа пайда болды да, жарқ етіп есігі ашылды. . Әрі қарай өтіңіз. Сіз тамаша бақтың ішіңдесіз. Алуан түрлі гүлдер тобы сізге қарап, сүйіспеншілікпен иіліп, тербеліп сәлкм бергендей болды. Кенет гүлдер тез көбейе бастады, жүздегенғ мыңдаған қызылды жасылды гүлдер жер бетін жауып кетті. Шеті мен шегі жоқ…

Самал жел, таза ауа мен гүлдердің исін жеткізеді. Сізді жеңілдік пен еркіндік, қуаныш сезімі билейді. Гүлдердің ішінен өзіңізге жаны жақын адамдардың бейнесі жымиып, сүйіспеншілікпен қарап тұрған сияқты. Олар кімдер? Жүріп келе жатып сізді алыстан көз тартып шақырғандай болған гүлдің өзіңізге жақын, туыстық байланысы барын сезесіз. Түсі қандай? Жақындап қараңызшы, ол ешқайсысына ұқсамайды, ерекше және қайталанбайды. Үңіліп қараңыз, ол гүлден өз бейнеңізді көресіз. Ол өте әдемі. «Әр гүлдің өзінше бір исі бар, өзіне тән сұлулығы бар екенің ұмытпаңыз!» Өзіңізді бағалай біліңіз. Гүлдер, ағаштар, жемістер бір - біріне еш ұқсамайды., бірақ олар жер бетіндегі топырақта өсіп, тамырын жаяды, оларға ортақ бір ғана күн жылуын беріп, нұрын шашады. Адамзат баласыда солай. Ақ, сары, қара, түрлі нәсіл, ұлттардың күні де, жері де, жаратушысыда бір осы туралы ойланып көрдің бе? Адамзат әлемнің ғажайып бағында өсіп тұрған алуан гүл сияқты, сіз де солардың бірі екеніңізге қуаныңыз. Сіз гүл болсаңыз, өзіңізді қалай сезінер едіңіз? Өзіңізді де, айналаңдағылардың бәріне де сүйіспеншілікпен қарауға тырысыңыз! Сіз өзгелерге қалай қарасаңыз, сізге де өзгелер солай қарайды. Сіз өзіңізді қалай сыйласаңыз, сізді де өзгелер солай сыйлайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі
Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынас
Педагогикалық бақылау теориясы бойынша электрондық терминологиялық түсіндірмелік сөздік
Жоғары оқу орны студенттерінің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ғылыми- практикалық негіздері
Педагогикалық тренинг
Тәрбие әдістерінің классификацисы
«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» оқу-әдістемелік кешені
«Психологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша практикалық сабақтар дәрістер жинағы
Термин сөздер мен кәсіби сөздердің қолданылу ерекшеліктерін оқыту
Қазақ тілін орыс тілді аудиторияларда жаңаша жаңғыртып оқыту мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz