Ж. Баласағұн Құдағу біліг шығармасына тақырыптық-идеялық, мазмұндық талдау. Насреддин Рабгузи Рабғузи қиссалары, Х. Дулати Тарих и Рашиди, Ш. Жәңгірұлы нәзира дәстүрі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік Университеті

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Тақырыбы: Ж. Баласағұн. "Құдағу біліг" шығармасына тақырыптық-идеялық, мазмұндық талдау . Насреддин Рабгузи "Рабғузи қиссалары", Х. Дулати "Тарих и Рашиди", Ш. Жәңгірұлы нәзира дәстүрі

Орындаған: Әнеш А. Б.

Тобы: КЯ- 413

Тексерген: Жундибаева А. Қ.

Семей қ, 2015ж.

Ж. Баласағұн. « Құдағу біліг » шығармасына тақырыптық - идеялық, мазмұндық талдау.

Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, "Құтты білік" дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты. Венгер ғалымы Герман Вамбери (1832 - 1913) "Құтты біліктің" бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылымының мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В. В. Радлов (1837 - 1918) жиырма жыл бойы (1890-1910) айналысқан. Түркия ғалымдары 1942-43 жылдары "Құтты біліктің" үш нұсқасын да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарды. "Құтты білік" дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Карахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Оны Қаримов өзбек тіліне (1971), Н. Гребнев (1971) пен С. Иванов орыс тіліне (1983), А. Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (1984) тәржімалаған. "Құтты білік" дастаны белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған.

« Құтты білік» 85 тараудан, 6500 - ден астам бәйіттен тұрады. Және үш қосымшасы бар. Бұл кітапты шығыс патшалары алғызып оқитын болған.

« Құтты білік » дастанының басты идеясы төрт принципке негізделіп жазылған.

Біріншісі - мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңңың болуы. Автор әділдіктің бейнессі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді.

Екіншісі - бақ - дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ - дәулет мәселесі дастанда патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.

Үшіншісі - ақыл - парасат. Ақыл - парасаттың қоғамдық рөлі уәзірдің баласы Өгдүлміш бейнесінде жырланады.

Төртіншісі - қанағат - ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Одғұрмыш бейнесі арқылы әңгіме болады :

Кітабында талай жайды айтады ол,

Бұл төрт ұлық сөздерінен байқалар.

Бірі оның - шындық жолы - әділет,

Екіншісі - құт пен ырыс, дәулет.

Үшіншісі - ақыл менен парасат,

Төртіншісі - ұстамдылық, қанағат. ( 44, 44)

Басты көтерілген мәселе - шығарма қаһармандарының басынан өткізген оқиғаларынды емес, сол қаһармандар арқылы айтылатын автордың өсиет - уағыздары мен ғибрат сөздерінде, сұрақ - жауаптарында.

Жүсіп Баласағұнның « Құтты білік» дастанында елді басқаған әкімнің басты міндеті - халыққа құт, бақыт, дәулет әкелу, « кедей халықты бай» ету екендігі ерекше атап көрсетіледі. Дастанда айтылатын осы ой - пікірлер мен идеялардың түп - төркіні, қайнар - бастаулары «Күлтегін » жырларында жатқанын аңғару қиын емес.

Рабғузи (лақап аты; шын аты-жөні - Наср әд-Дин Бурһан әд-Диннің баласы (т. -ө. ж. б. ) - 13 ғ-дың аяғы мен 14 ғ-дың басында өмір сүрген жазушы, ойшыл. Рабғузидың Қисса-с-ул әнбийя атты еңбегі қазақ әдебиетінің ертедегі нұсқаларының бірі саналады.

Насыр-ад-дин Рабғузи - қазақ әдебиеті тарихында Алтын Орда дәуірі деп аталатын ХІІІ-ХІV ғасыр әдебиетінің өкілі. Оның есімі 1370 жылы жазылған «Қисса-сул әнбия» немесе «Қисса и Рабғузи» деп аталатын кітабымен белгілі. Кітапта пайғамбарлар, әулие-әнбиелер туралы діни әңгімелер, ежелгі шығыс мифтері мен аңыздары, ертегілер, өлең-жырлар мен мақал-мәтелдер қамтылған. «Қисса-сул әнбия» 1914 жылы Қазанда, кейінірек Ташкент қаласында бірнеше рет кітап болып басылып шыққан. Әдебиетші ғалым Бейсенбай Кенжебаев оған енген шығармаларды тақырып-мазмұны мен идея-мәніне қарай 3 топқа жіктеп қарастырған. Адаматаның жаралуынан бастап көптеген пайғамбарлар өмірінен сыр шертетін бұрыннан бар сюжеттерді Рабғузи түркі тілінде жазып шыққан. Әсіресе, қазақ арасына кең тараған Нұх пайғамбар кемесінен бастау алатын аңыз-ертегілеріміздің түпкі нұсқасы қандай болғандығын осы кітапқа енген сюжеттік әңгімелерден байқай аламыз. Рабғузи қиссалары халқымыздың бойында қалыптасқан жан-жануарлардың әрқайсысымен қарым-қатынасының негізінде жатқан діни түсініктердің бастауын да көрсетіп береді.
« Қисса-сул әнбия» кейіпкерлерінің қатарында оқырманды ерекше қызықтыратын тұлғалардың бірі - Лұқман хакім. «Лұқман» - данышпан деген мағына беретін араб сөзі. Лұқман хакім - Шығыс әдебиетінде көп айтылатын ақылды, дана адам. Кітапта ол туралы бірнеше әңгімелер берілген. Солардың бірінде алдына келген кісінің бетін қайтармайтын Лұқман хакімнің жомарттығын пайдаланып, алған мың ділдә алтынын қайтарғысы келмеген ниетте болған жанның қарызға алған ақшасынан бақыр пайда көрмей айырылып қалғаны, кейін тәубесіне келген оның «осы жолы берсе, екі есе қылып қайтарар едім» деген ниетте болғанында қыруар пайда көріп және борышынан да ойындағыдай сәтті құтылғаны баяндалады. Әңгіменің идеясы - адам жақсылықты да, жамандықты да өзінің ниетінен табады, сондықтан үнемі ниетің дұрыс болсын деген ғибратты ой. Енді бір әңгімеден жақсы ет сұраған жағдайда да, жаман ет сұраған жағдайда да қожайынына қойдың жүрегі мен тілін асып берген Лұқман хакімнің ісімен де, шешендігімен де танылған дана тұлға екендігін көреміз. Әңгіме хакімнің: «Тәтті болмақ та тіл мен жүректен, ащы болмақ та тіл мен жүректен» адамдар арасындағы қарым-қатынасқа мегзейтін сөзімен түйінделеді.
Алла тағаладан түскен кітаптар сюжеті мен халықтың бай ауыз әдебиетіне негізделген Рабғузи қиссаларының адамзат баласының тәрбиесі мен қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуде үлгі боларлық тәрбиелік мәні зор.

Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні - Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты .

Мұхаммед Хайдардың ата - бабалары кезінде Моғолстан мемлекетінің құрамына енген қазіргі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан және Шығыс Түркістан жерлерінде ұлысбегі, тархан қызметтерін атқарған, өздерінің мұрагерлік иеліктері - Маңлай-Сүбені дербес басқарған. Өз әкесі Мұхаммед Хұсайын Моғолстанның Жүніс ханының күйеу баласы, Ташкентті билеген. Оны кейін Әмір Темірдің немересі Мұхаммед Шайбани хан өлтірген. Анасы Хуб-Нигар ханым - Жүніс ханның қызы. Бұл ретте Мұхаммед Хайдар Моғолстанның Сұлтан Саид ханмен және Үндістандағы баласы Ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалаушы Захираддин Мұхаммед Бабырмен бөле. Әкесі өлгеннен кейін Мұхаммед Хайдар біраз уақыт осы Бабырдың қолында тұрады. Содан кейін Бабырдың рұқсатымен Сұлтан Саид ханға келіп, оның Қашқардағы сарайында тұрып, сарай қызметін басқарады. Саид ханның Әбубәкірге қарсы соғыстарына қатысады. Жан-жақты білімді, сарай қызметін жетік білетін адам ретінде ханның мұрагер баласы Әбу ар-Рашид сұлтанның тәрбиешісі болады.

Сұлтан Саид өлгеннен кейін таққа отырған Рашид дулат тайпасының басшыларынан қауіптеніп, оларды қуғындай бастайды. Мұхаммед Хайдардың немере ағасы - Саид Мұхаммедті өлтіреді. Осыдан кейін өз басына қауіп бұлты үйіріліп келе жатқанын сезген Мұхаммед Хайдар Үндістанға қашады. Ол мұнда ұлы Моғолдар сарайында әскербасы болып, Кашмирді жаулап алу соғысына қатысады. Жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғолдар атынан біраз уақыт Кашмирді билеп тұрады. Ол осында өзінің атақты еңбегі «Тарихи Рашидиді» жазуға кіріседі.

"Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті-Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар. 1533 жылы хандық таққа қайта отырған Абу-ар-Рашид, өз тайпаларынан қауіп тоне ме деген оймен, оларды қуғындай бастады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің немере ағасы Сайд Мұхаммед мырза Дулатты өлтірді. Мұхаммед Хайдар Дулати Үндістанға қашып кетті. Онда ол Ұлы Моғолдар сарайында әскерлерді басқарды.

Ол сол кездегі саяси оқиғалар мен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Моғолстан мемлекетінің, Қазақ хандығының өткен тарихын жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп еді. Содан да болар ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсіресе дулат тайпасының тарихына қатысты өте құнды материалдар береді. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым қатынасы жайында кеңінен сөз болады. [2]

Мұхаммед Хайдар Дулати құрметіне аты Тараз мемлекеттік университетіне берілген.

Шәді Жәңгірұлы . Қазақ әдебиетінде шығыс тақырыбына барған ақындарды “қиссашыл ақындар” немесе “кітаби ақындар” десе, кейде “нәзирагөйлік” деп те атайды.

Сондай “кітаби ақындарды” бірі - Шәді Жәңгірұлы. Өз ортасында Шәді төре атымен белгілі болған ақынның әкесінің аты бірде Жәңгір болып берілсе, кейде Жаһангир болып кездеседі. Оған себеп, оның Орынбордан шыққан кітаптарында “Шәді Жәңгірұлы” деп аты-жөні аталса, Қазан, Ташкент қалаларында баспа көрген кітаптарында тіл ерекшелігіне байланысты “Шәді Жаһангирұлы” болып көрсетілген.

Шәді есімі әдебиет сүйер қауымға таңсық есім емес. Оның өмірі мен шығармашылығын зерттеген бірнеше ғалымдар бар. Атап айтар болсақ, Ә. Қоңыратбаев, Б. Кенжебаев, Р. Бердібаев, Н. Келімбетов, Ө. Күмісбаев, У. Қалижанұлы /34-39/ сияқты ғалымдар ақын шығармашылығын өз деңгейінде зерттей білді.

Шәдінің әкесі Жәңгір -атақты Абылай ханның шөбересі, Кенесары ханның жорықтарына қатысқан. 1847 жылы Хан кене дүниеден өткенде, оның кіші әйелі Мәуті ханымды әмеңгерлік жолмен Жәңгір алған. Осы Мәуті ханымнан болашақ шайыр туады.

Шәді Жәңгіров 1855 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген. Он жасына жетер-жетпесте ауыл молласынан діни сауат ашады. Имандылық жолға түскен Шәді ақын әуелі Шаян мешітінде оқып, кейін Шымкенттегі Абдолла Шәріп деген ғұламадан дәріс алады. Онда ол араб, парсы тілдерін толық меңгеріп, шығыс мұсылман шайырларының атақты шығармаларымен жете танысады. Қылым деген түпсіз терең теңіздің тамшысын ішкен болашақ шайыр, ілімін одан әрі жетілдіру мақсатымен, сол кездегі барша мұсылман баласына белгілі Бұхарадағы “Мир-араб” медресесінде оқиды. Онда Ислам құндылықтарымен жақыннан танысып, болашақ шығармаларына арқау болатын діни қағидаларды жақсы меңгереді. Өмірінің соңында “Молла” деген айып тағылып, қуғынға ұшыраған Шәді 1933 жылдың 12 қыркүйегінде дүниеден өтеді.

Араб, парсы, түрік, шағатай тілдерін үйреніп, Шығыс шайырларының, философтарының, тарихшыларының еңбектерін түпнұсқадан оқып сусындады. Орта Азияның көптеген шаһарларын аралайды, өзбек, тәжік, қарақалпақ, түрікмен ақын-жырауларымен, әнші-күйшілерімен танысады. 1877 жылы туған мекені Қызылкөлге оралады. Шәді - Шығыс классикалық әдебиетінің назиралық үлгісін жете меңгерген, гуманистік, ағартушылық бағытта дәстүрлі тақырыптарды жырлаған, мазмұн мен түрі жағынан, идеясы мен сюжеттік желісі тұрғысынан мүлдем жаңа, қолтума төл шығармалар жазған ақын. Ол ұлы орыс халқының ерлікке толы тарихынан реалистік поэма («Ресей патшалығында Романов нәсілінен хұқмыранлық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыншылық заманнан бері қарай қазақ халқының ахуалы», Орынбор, 1910) жазды. Шәді бұл шығармасында Қазақстанның өз еркімен Ресейге қосылуының прогрессивтік мәнін нақтылы тарихи деректермен, білгірлікпен көрсеткен. Шәдінің әдеби мұрасы мол. Ол 30-ға жуық дастан және көптеген өлеңдер жазып, кітап етіп бастырып шығарған. Көлемді шығармаларынан қазірше табылғаны - 18 дастан. Олардың көбі Ташкент қаласындағы Ғ. Х. Ғарифжанов баспаханасынан әр кезде басылып шыққан: «Шәр дәруіш» («Төрт дәруіш», 1913, 1914), «Хикаят Қамарзаман» (1914), «Назым Сыяр Шәриф» (1913), «Хатымтайдың хикаясы» (1914), «Хикаят Халифа һарон-ар Рашид» (1914), «Хикаят Орқа-Күлше» (1917), «Қарунның жер жұтқан оқиғасы» (1917), т. б. «Тарихнама» атты тарихи дастаны қолжазба күйінде сақталған. Шәдінің сүбелі шығармасының бірі - «Шер дәруіш» («Төрт дәруіш») . Бұл дастан бір басылымында (1913) «Назым шәр дәруіш» деп те аталған. Шығарма сюжеті «жеті ықылым жер жүзінің бәрін кезген» төрт жиһангездің басынан кешкен оқиғалары арқылы өрбиді. Ақын дастанында адамның рухани мүмкіндігіне, күш-құдіретіне шексіз сенім білдіреді, адам бойындағы ең асыл қасиеттерді, ақыл-ойды, махаббатты, әділдікті, бауырмалдықты мадақтайды. Бұл дастан сюжеті бұрын да өзге түркі халықтары арасына қисса болып кең тараған. Шәді «Хикаят Халифа һарон-ар Рашид» дастанын да Шығыс аңыз әңгімелерінің сюжетін пайдалана отырып жазған. «Атымтай Жомарт хикаясы» деген атпен қазақ арасына тараған әңгіме сюжетіне құрылған «Хатымтайдың хикаясы» атты дастанда мазмұны жағынан өзара сабақтас төрт хикая бар. Ақын бұларда жұртты адамгершілікке, мейірімді, бауырмал болуға үндейді. Сараңдық пен дүниеқұмарлықты тәрк етеді. Ал «Хикаят Орқа-Күлше» атты лиро-эпикалық дастанында сүйіске екі жас арасындағы мөлдір махаббатты жырлады, шынайы достық, ізгі адамгершілікті мадақтады. Бұл дастан оқиғасы да ертеректе Шығыс халықтары арасында кең тараған әңгіме сюжетінен алынған. Шәдінің қиял-ғажайып ертегілері мен аңыз-әңгімелер негізінде жазған «Хикаят Қамарзаман» дастанында қиял-ғажайып оқиғалар адамдардың өміріндегі әдеттегі реалдық істерімен, күнделікті тұрмыста кездесетін көріністерімен ұштасып, тығыз байланысып жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ж.Баласағұн. "Құдағу біліг" шығармасына тақырыптық-идеялық, мазмұндық талдау
Х-ХХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі
Ж.Баласағұн. "Құдатғу біліг" шығармасына тақырыптық-идеялық, мазмұндық талдау. Насреддин Рабгузи "Рабғузи қиссалары", Х.Дулати "Тарих и Рашиди", Ш.Жәңгірұлы нәзира дәстүрі
Ж.Баласағұн. "Құдағу біліг" шығармасына тақырыптық-идеялық, мазмұндық сипаттамасы
АЛТЫН ОРДА ӘДЕБИ ЖӘДІГЕРІ - РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫНЫҢ ЖАРИЯЛАНУ ҮЛГІЛЕРІ
Ежелгі дәуір әдебиетінің мәселелерін тереңдете қарастырған ғалымның жұмыстары сан - салалы
А. ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ «РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫ» МЕН «МАХАББАТНАМА» ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Рабғузидың «Қисас-ул Әнбия» дастанының әдеби сипаты
Қазақ жазба әдебиетін дәуірлеу мәселесі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚИССА МЕН ДАСТАН ЖАНРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz