Мұхтар Әуезовтің «Манас» мақаласы туралы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ӨЗДІК ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: Мұхтар Әуезовтің «Манас» мақаласы туралы.

Орындаған: Муксимова Т. М.

Тексерген: Ақтанова А. С.

Семей қаласы 2015 жыл

Мұхтар Әуезовтің «Манас» мақаласы туралы.

М. Әуезовтің аса бағалы еңбектерінің бірі - қырғыз халқының атақты эпосы «Манас» жөніндегі монографиясы. Ғалым «Манас» жайындағы зерттеулерін де үздіксіз жүргізді, өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары бастау алған ізденіс нәтижесінде ол елімізге ең танымал манастанушылардың қатарынан берік орын алды. Манастанушы маман жырдың шығу тегі, тақырыптары, көркемдік ерекшеліктері және жырды орындаушылар жайында терең де тиянақты ойлар айтты, яғни манастану ғылымын жаңа сатыға көтерді. Әйгілі жырдың халыққа танымал нұсқаларын талдап, танып, олардың тарихи-мәдени, көркемдік мәнін түсіндіруде М. Әуезов жасаған тұжырымдар манастану ғылымындағы шешуші роль атқарғаны тарихи шындық, болған ақиқат.

Әдебиетші ғалым қазақ халқының ғажайып ертегілерінің жанрлық сипатын кең түрде анықтап, оның ішкі түрлерін (қиял-ғажайып, хайуанаттар туралы, тұрмыс-салт ертегілері) жүйелеп талдады, бұл талдаулар әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ. Ол ертегінің қаншама ғасырлар бойғы ауызша айту дәстүрінің қазіргі таңдағы жазба прозаға да тигізетін әсері, игілікті ықпалы жайында бағалы пікірлер айтты. Соның бірін ғалым былайша сабақтайды: «Көркем поэзияға ауызша поэзия қаншалық бөгетсіз, сатысыз көп қор құйған болса, бүгінгі көркем прозаға да халықтың ауызша әңгімесі сондайлық жатық жолмен көп араласып, қабысып жатыр».

Мұхтар Әуезовтің артында қалған бай әдеби-ғылыми мұрасы - драматургтің, оның қаламгерлік қарымының, ой-арманы мен мақсат-мұратының биік мүдделері туралы сыр шертуге үлкен темірқазық. Әдебиетші-ғалымның өлмес туындылары ұлы суреткердің жеке басының зиялылығының, асқақ азаматтығының, қаламгердің шығармашылық қызметте де, өмірде де шексіз адал болуының жарқын өнегесі болып қала береді.

«Манас» эпосының қазақ зерттеушілері қатарында ерекше орын алатын алып тұлға - ұлы Мұхтар Әуезов. Заманымыздың заңғар жазушысы тек туған елінің әде­биетіне ғана емес, өзге халықтардың да әдебиетіне, мәдениетіне, руханиятына көп қамқорлық жасаған. Әсіресе, ол кісі 1950 жылдардың басындағы кеңестік идео­логияның үрдісімен саяси жазалау науқанында «Манас» эпосын ерлікпен арашалап қалғаны тарихтан белгілі. Ол тұста Қыр­ғызстанның да, Мәскеудің де бірқатар ғалымдары халық жырының бойынан кінә іздеп, оған ескі өмірді дәріптейді, өткенді аңсайды, қырғыз халқын, оның батырларын шектен тыс асыра мадақтайды деген секілді айыптар тағып жатты.
1952 жылы Қырғызстанның сол кездегі астанасы Фрунзеде арнайы шақырылған жиынның мақсаты «Манасты» қаралау, оны руханият тарихынан, халық санасынан аластау болды. Міне, сол алмағайып кезеңде халықтың сан ғасырлар бойы бірге жасап келе жатқан, әлемде теңдесі жоқ жырының әділ бағасын беріп, оның идеялық мән-мазмұнын соқырға таяқ ұстатқандай Мұхаң дәлелдеп бермегенде, «Манас» жыры біраз жылдар жабулы жатар еді. Ұлы адамның бұл ісі - үлкен ерлік болатын. Біртуған қырғыз ағайындардың данышпан дарын иесі Мұхтар Әуезовті аса жоғары бағалап, ерекше құрметтейтіні атақты қаламгер-ғалымның осындай бірне­ше игі істерінен, жасаған қамқор­лықтарынан туғаны даусыз. Бұл жайтты көрнекті жазушы Шыңғыс Айтматов Мұхаң жайлы мақаласында айрықша атайды: «…Қыргыздын улуу эпосу «Манаска» обу жок айыптоолор тагылып, кыйын-кысмак күн түшкөндө Ауэзовдун таш жарган билимине таянып, анын принциптүүлүгү жана тандырбас далил-жүйөөлөрүн арка тутуп коомчулук элдин ушул өлбөс-өчпөс көркөм казынасын кол тийгизбей коргоп калгандыгын биз баарыбыз билебиз. Ауэзовдун ошондогу атуулдук азаматтыгын, жазуучулук эрдигин биздин эл эчкачан унутпайт…», - дейді Чыкем (Айтматов Ч. Чыгармаларынын жыйнагы: 5- том. Бишкек: Шам, 1999. - 364 бет) .
Ұлы суреткер әйгілі эпостық жырды 1922-23 жылдары Орта Азия мемлекеттік университетінің тыңдаушысы болып жүрген кезінен бастап зерттей бастайды. Жас Мұхаң қырғыз елін аралап, қарапайым халық арасындағы тума таланттардың өнеріне тәнті болады. Ол ел арасындағы «Манас» айтушы жыршыларды тыңдап, олардың орындаушылық шеберлігіне, жатқа айту, есте сақтау қабілетіне қайран қалады. Өзі эпостық жырдың түрлі нұсқаларын қағазға түсіреді. Сол жылдары Ташкенттегі Казинпроста (Қазақ ағарту институты) «Манас» эпосына байланысты жасаған баяндамасында М. Әуезов оны көне гректің «Илиада» және «Одиссея» жырларымен салыстыра келіп, қырғыз жырын олардан да жоғары бағалайды.
Академик-жазушының 1935 жылғы «Қазақ әдебиеті» газетінің 4 санында жарық көрген «Қырғыз дастаны «Манас» атты мақаласының орны ерекше. Қаламгер-ғалым сол кезден бастап орыс тілінде «Манас» - киргизская народная героическая поэма», «Введение в величественный эпос киргизского народа «Манас», «Киргизская героическая эпопея «Манас», «Воссоздать народный вариант «Манаса», «Ценнейший памятник киргизского народа», «Сказители «Манаса» и слушательская среда», «О времени возникновения эпоса «Манас», «Соображение по поводу уточнения даты «Манаса» секілді көптеген құнды мақалалар жазды. Бұл туындылар суреткердің 50 томдық шығармалар жинағынан елеулі орын алды. Жалпы, «Манас» эпосын ұлы жазушы өмірінің соңына дейін зерттеді. Көлемі, сюжеттік-композициялық құрылымы, көркемдік ерекшеліктері мен идеялық-рухани қасиеттері жағынан әлемде теңдесі жоқ шығарма туралы ол қос тілде (қырғыз және орыс тілдерінде) бірқатар әде­биеттанымдық талдау мақалалар, зер­делі зерттеулер жазды. Осы жерде бір ескерте кететін нәрсе - Мұхаң мен біз бүгін 120 жылдығын атап отырған даңқты манасшы Саяқбай Қаралаевтың жастары қатар болған. Бір жылдың төлдері. Өскен кезеңдері де тұстас. Екі құрдастың әзіл-қалжыңдары да қатар жүрген. Ұлы жазушы оған: «…Саяқбай, сен аман бол… Сен кетсең, сенімен бірге «Манас» та кетеді», - дейді екен.
Мұхаң ел аралап «Манас» жырын жазып жүрген кезде Саяқбай атамыздың таңды-таңға асырып, дастан жырлап жүрген отыздағы орда бұзар жігіт шағы екен. Ол 1922 жылдары ауылдық кеңестің төрағасы болып қызмет атқарыпты. Сол кезең жайлы әйгілі манасшы: «…Сельсовет болуп адегенде төрт жыл дунгандарда, андан кийин Маманда иштедим. Айлык алчу эмеспиз. Кээде сельсоветтикти кое коюп, эл аралап күпүлдөтүп «Манас» айтып жүрдүм», - деп еске алады екен жарықтық («Манас»: Эпос. 1-китап. - Фрунзе: Кыргызстан, 1984. - 9 бет) .
Кемеңгер жазушының «Манас» жырын әлемдік игілікке айналдыру жолында жасаған істерін, жазған еңбектерін санамалап, олардың мән-мазмұнын баяндауды шағын мақала көлемі көтермейді. Сон­дықтан, түйіп айтқанда, М. Әуезов - «Манас» эпосының бүгінгідей абырой биігіне көтерілуіне аянбай еңбек сіңіріп, айдай әлемге танылуына ерекше үлес қосқан, нағыз ерліктің үлгісін көрсеткен ұлы гуманист тұлға, қазақ зиялыларының бірегей өкілі дейміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Әуезовтің қазақ тілі туралы ойлары
Ояну дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Қобыланды батыр жыры туралы
Мұхтар Әуезовтың «Манас туралы» мақаласы
Қазақ әдебиеттануында “Манас” жырының зерттелу тарихы
Мұхтар Әуезов тағылымы
Мұхтар Әуезов - фольклортанушы ғалым
Мұхтар Әуезовтің шығармашылық ғұмырнамасы
Жазушының драмалық шығармалары
Мұхтар Әуезов – фольклор зерттеушісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz