Зейін теориялары және олардың физиологиялық ерекшеліктері



Зейін - сананы белгілі бір объектіге шүйіліктіріп, оның айрықша айқын бейнеленуін қамтамасыз ету.
Зейіннің пайда болуына керекті шарттар:
 объектіні бөліп алу;
 оған назар шоғырландыру;
 басқа тітіркендіргіштерге алаңдамау;

Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.
Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.
Атаусыз, затсыз зейін болмайды. Мұғалімдер оқушылар зейінін ұйымдастыра оты-рып, ең алдымен, қазір олардың не нәрсеге назар аударулары қажет екенін айтып, олардың зейінін бір нәрседен екінші нәрсеге аудара білуі керек. Зейін аударылатын объектінің оқшаулаудың тәрбие жұмысы процесінде балалардың мінез-құлығы дұрыс тәрбиеленуі, басқалардың қылығыи дұрыс түсінуі, эстетикалық тәлім алуы үшін окушылардың зейінін жақсы, жаман қылықтарға, сұлулық пен ұсқынсыздыққа аударып отыру керек.
Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.
1) Добрынин Н.Ф. Внимание и память.–Издательство: Знание–Москва 1958 ж
2) Бабаев С. Жалпы психология. –Алматы: Дарын, 2005.ж
3) Маклаков, А.Г. Общая психология: учебник для вузов / А.Г. Маклаков.- М.; СПб; Н.Новгород: Питер, 2007г

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Зейін теориялары және олардың физиологиялық ерекшеліктері

Тексерген: Едигенова А.Ж
Орындаған:Тоқтағунова Ш.М
Тобы:Пх-415

Семей 2015
Зейін - сананы белгілі бір объектіге шүйіліктіріп, оның айрықша айқын бейнеленуін қамтамасыз ету.
Зейіннің пайда болуына керекті шарттар:
:: объектіні бөліп алу;
:: оған назар шоғырландыру;
:: басқа тітіркендіргіштерге алаңдамау;

Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 - 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.
Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.
Атаусыз, затсыз зейін болмайды. Мұғалімдер оқушылар зейінін ұйымдастыра оты-рып, ең алдымен, қазір олардың не нәрсеге назар аударулары қажет екенін айтып, олардың зейінін бір нәрседен екінші нәрсеге аудара білуі керек. Зейін аударылатын объектінің оқшаулаудың тәрбие жұмысы процесінде балалардың мінез-құлығы дұрыс тәрбиеленуі, басқалардың қылығыи дұрыс түсінуі, эстетикалық тәлім алуы үшін окушылардың зейінін жақсы, жаман қылықтарға, сұлулық пен ұсқынсыздыққа аударып отыру керек.
Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.
И.П.Павлов егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А.А.Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады.
Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден (мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай, үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, мидағы басыңқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен күшейіп отырады. А.А.Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П.Павловтың Қозудың оптимальдык, алабы дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі.
Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, өйткені онда әр уақытга қозу пайда болатындай жағымды оптимальдық жағдай жасалып отырады. Оптимальдық қозуы бар осы алап -- ми қабығының творчестволық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жөнінде И. П. Павлов былай дейді: Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптимальдық қозу пайда болатын жері жарқылдап көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуледағын көрер едік, бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді. Ұлы физиолог оптимальдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелулердің бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы оптимальдық қозу алабының жұмысы болады. Оптимальдық қозуы бар алап (өзара индукция заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді.
Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптимальдық қозу алабын екінші сигнал жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми қабығындағы осындай алаптардың бір-біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта болатынын жақсы көрсетеді.
Зейінді бір уақытта түрлі объектіге бөлуге болатындығын арнаулы зерттеулер көрсетіп отыр. Мәселен, оқушылар өздері есеп шығарады, сонымен қатар осы кезде басқа оқушының тақтаға шығарған есебін бақылайды, оның сөзін тыңдайды т. б. Студенттер бір мезгіл ішінде лекция тыңдайды, түсінгенін жазып отырады кітап оқып отырып, конспект жазады. Еңбек процесінде зейін бөлінуінің маңызы бәрінен де зор. Қазіргі кездегі өндірістің онан сайын автоматталынуы адам зейінінің бөлінушілігін ерекше дамытуды қажет етеді. Ал машина жүргізушілерге (машинист, шофер т.б.) бірнеше нәрсеге зейін бөлушілік қаншама маңызды екендігі түсінікті. Олар бір кезеңде руль механизмін басқарады, жолға назар аударады, тормоз береді және т. б... Бұл операциялардың әрқайсысы зейінді өте шеберлікпен бөле білуді қажет етеді. Мұғалімдік қызметте де зейінді бірнеше объектіге бөле білудің маңызы зор. Мұғалім бір мезгілде сабақтың мазмұнын, формасын сабақ оқыту жоспарына сәйкес тексеріп отырады, барлық сынып ұжымы мен жеке оқушылардың тәртіп сақтауын, сабаққа қалай қатысып отырғанын байқайды. Тәжірибесі аз, жас мұғалім кейде барлық сыныпты не жеке оқушыларды, не өзінің айтып тұрған сөзін бақылай алмай қалады да зейінін бытыратып алады. Осының салдарынан сыныпта сабақ нашар ұйымдастырылуы мүмкін. Зейінді екі объектіге бірдей бөлу үшін ең кемінде біреуіне іскер болу және мұндай объекті бір-біріне байланысты болуы шарт. Зейінді бөлудің физиологиялық негіздері жөнінде И. П. Павлов былай дейді: ...біз бір іспен, бір оймен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның когнитивті теориясы
Зейін теориялары және олардың физиологиялық ерекшеліктері (Н.Н.Ланге, В.В.Вундт, И.П.Павлов, А.А.Ухтомский)
Психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері Психология пәні, міндеттері мен әдістері
Индивидуалды айырмашылық психологиясы
Темперамент теориялары. Гуморальдік теориялар
Психикалық құбылыстарды жіктеу
Зейін қасиеттерін дамытудың теориялық әдіснамалық негіздері
Тұлға таным субъектісі ретінде
Психикалық құбылыстардың топтастырылуы
Темперамент түрлері
Пәндер