Сүйемелмен орындалатын шығармаға аннотация жазу



1.Тарихи.мазмұнды талдау
2.Музыкалық.теориялық талдау
3.Вокалды.хор талдау
4.Орындаушылық талдау
Дәлденбай Бейбіт Әбілұлы - 1955 жылы 29 маусымда Алматы облысының Нарынқол ауылында туған.
Әкесі - Дәлденбаев Әбіл Іргебайұлы, ҚазКСР Еңбек сіңірген ұстазы, ҰОС мүгедегі. Анасы - Айтіленова Мариям Әлжанқызы, ҚазКСР Еңбек сіңірген ұстазы, Ленин орденінің кавалері, ана медальдарымен марапатталған, 8 баланың анасы.
А. Жұбанов атындағы Дарынды балаларға арналған республикалық музыкалық мектеп-интернатты композиция және кларнет классы бойынша; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профөссор Ғ.А. Жұбанованың классында композитор мамандығы бойынша; П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясындағы ассистентура-машықтануды профессор А. Леманның классында (1980) бітірген.
«Махаббат перизаты», «Ер Төстік» балеттерінің, «Алаулы жер» симфониясының, «Ерлік фрескасы» поэма-фантазиясының, «Заман жаңғырығы» халық аспаптары оркестріне арналған симфониялық поэмасының, «Замана», «Алмакүн», «Умбетәлі»; «Серпін» поэмалары мен күйлерінің, үрмелі оркестрге арналған марштардың, «Ел бақыты», «Абай жыры», «Достық ұраны», «Ардагерлер», «Айтыс» және т.б. вокалдық-симфониялық шығармаларының; квартеттерге, квинтеттерге, ансамбльдерге, жеке орындалатын пьесаларға арналған музыканың, 30 көркем және анимациялық фильмдердің, музыкалық және драма спектакльдері музыкасының, 80-ге жуық әндер мен халық музыкасы өңдемелерінің авторы.
Қазақ және орыс тілдерін біледі.
1980-1981 жылдары - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
1983 жылдан - профессор Ғ.А. Жұбанованың классында аспирант. 1985-1987 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы фольклорлық зертханасының меңгерушісі. 1996-1998 жылдары - ҚР Мәдениет министрлігі музыкалық репертуарлар бөлімінің бас редакторы. 2004 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының композиция факультетінің оқытушысы.
2010 жылдан бері - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының композиция және арт-менеджмент кафедрасының доценті.
КСРО Композиторлар одағының мүшесі (1981 жылдан).
Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі (1998 жылдан).
Қазақстан Композиторлар одағының басқарма мүшесі.
«Мұқағали» журналының музыкалық редакторы.
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2005). Алматы облысы Райымбек ауданының Құрметті азаматы. Халықаралық, республикалық композиторлар конкурстарының, байқаулардың лауреаты: Мәскеу (1978,1980,1985), Ереван (1978), Алматы (1978) қалаларындағы; «Жігер» байқауының (2000), «Жаңа ғасырға - жаңа ән» конкурсының (2000), «Мың бала» патриоттық ән конкурсының (2004) лауреаты; «Махаббаты перизаты» балеті үшін «Астана-Бәйтерек» республикалық конкурсында 2 сыйлыққа ие болған; «Кварта-квинта» шығармасы үшін «Астана-Бәйтерек» республикалық конкурсында «Камералық-аспаптық шығармалар» номинациясында 1 сыйлыққа ие болған (2008).

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік
Университеті


СӨЖ

Тақырыбы: Сүйемелмен орындалатын шығармаға аннотация жазу (Отан, Болмасын соғыс)


Орындаған: Өндірқан Амангүл
Тексерген: Султанова Нургуль Камильевна

Семей 2015ж

АННОТАТЦИЯ
1.Тарихи-мазмұнды талдау
2.Музыкалық-теориялық талдау
3.Вокалды-хор талдау
4.Орындаушылық талдау
Тарихи-мазмұнды талдау
Болмасын соғыс
Әні: Б.Дәлденбаева
Сөзі: И.Исаевтікі
Бейбіт Әбілұлы Дәлденбаев
Дәлденбай Бейбіт Әбілұлы - 1955 жылы 29 маусымда Алматы облысының Нарынқол ауылында туған.
Әкесі - Дәлденбаев Әбіл Іргебайұлы, ҚазКСР Еңбек сіңірген ұстазы, ҰОС мүгедегі. Анасы - Айтіленова Мариям Әлжанқызы, ҚазКСР Еңбек сіңірген ұстазы, Ленин орденінің кавалері, ана медальдарымен марапатталған, 8 баланың анасы.
А. Жұбанов атындағы Дарынды балаларға арналған республикалық музыкалық мектеп-интернатты композиция және кларнет классы бойынша; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профөссор Ғ.А. Жұбанованың классында композитор мамандығы бойынша; П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясындағы ассистентура-машықтануды профессор А. Леманның классында (1980) бітірген.
Махаббат перизаты, Ер Төстік балеттерінің, Алаулы жер симфониясының, Ерлік фрескасы поэма-фантазиясының, Заман жаңғырығы халық аспаптары оркестріне арналған симфониялық поэмасының, Замана, Алмакүн, Умбетәлі; Серпін поэмалары мен күйлерінің, үрмелі оркестрге арналған марштардың, Ел бақыты, Абай жыры, Достық ұраны, Ардагерлер, Айтыс және т.б. вокалдық-симфониялық шығармаларының; квартеттерге, квинтеттерге, ансамбльдерге, жеке орындалатын пьесаларға арналған музыканың, 30 көркем және анимациялық фильмдердің, музыкалық және драма спектакльдері музыкасының, 80-ге жуық әндер мен халық музыкасы өңдемелерінің авторы.
Қазақ және орыс тілдерін біледі.
1980-1981 жылдары - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
1983 жылдан - профессор Ғ.А. Жұбанованың классында аспирант. 1985-1987 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы фольклорлық зертханасының меңгерушісі. 1996-1998 жылдары - ҚР Мәдениет министрлігі музыкалық репертуарлар бөлімінің бас редакторы. 2004 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының композиция факультетінің оқытушысы.
2010 жылдан бері - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының композиция және арт-менеджмент кафедрасының доценті.
КСРО Композиторлар одағының мүшесі (1981 жылдан).
Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі (1998 жылдан).
Қазақстан Композиторлар одағының басқарма мүшесі.
Мұқағали журналының музыкалық редакторы.
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2005). Алматы облысы Райымбек ауданының Құрметті азаматы. Халықаралық, республикалық композиторлар конкурстарының, байқаулардың лауреаты: Мәскеу (1978,1980,1985), Ереван (1978), Алматы (1978) қалаларындағы; Жігер байқауының (2000), Жаңа ғасырға - жаңа ән конкурсының (2000), Мың бала патриоттық ән конкурсының (2004) лауреаты; Махаббаты перизаты балеті үшін Астана-Бәйтерек республикалық конкурсында 2 сыйлыққа ие болған; Кварта-квинта шығармасы үшін Астана-Бәйтерек республикалық конкурсында Камералық-аспаптық шығармалар номинациясында 1 сыйлыққа ие болған (2008).
Әскери атағы - аға сержант.
Діни көзқарасы - мұсылман.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - Өз халқымның өркендеуіне сенөмін.
Хоббиі - театр, саяхат жасау, балық аулау.
Сүйіп оқитын әдебиеті - поэзия, тарихи романдар.
Үйленген. Жұбайы - Жайлыбаева Салтанат Келісқызы, Алматы қалалық қорғаушылар алқасының қорғаушысы. Қыздары - Дәлденбай Ақерке Бейбітқызы, Дәлденбай Назерке Бейбітқызы. Немересі - Ахметжанова Жанерке Әлішерқызы.
Екі шығармада соғыс жылдарында туған
Отан соғысының отты жылдарындағы оқиғалар қазақ музыка өнерінің барлық жанрында - халықтық хат-өлең, дәстүрлі аспаптық музыкадағы авторлық шығармалар, кәсіби мамандардың ән-романстарынан бастап күрделі вокалды-симфониялық жанрларда (опера, кантата, ораторияларда), камералық аспаптық музыкада жан-жақты суреттеліп, кеңінен орын алды.

Ән жанрындағы үлгілерді мазмұнына, музыкалық формасы мен әуендік-ырғақтық ерекшеліктеріне қарай қарапайым көпшілік әндер мен авторлық туындылар деп ірі екі топқа жіктеуге болады. Жалпыхалықтық сипат алған тәуелсіздік, бостандық, азаттық жырлары ел мен майдан даласының арасында хат-өлең, шығарма өлең, сағыныш ән түрінде ағылып жатты.

Алғаш рет олардың мол қорын жинап, музыкалық-теориялық талдау жасап, ғылыми айналымға ұсынған музыкатанушы Г.Бәйтенова еді. Бұл кезеңде туған халықтық мәдениеттің биік өресінің айғағы болатын хат-өлеңдер (немесе шығарма өлеңдер) зерттеушінің іргелі-ғылыми еңбегінде арнайы қарастырылды. Тоталитарлық идеология заманында адам өмірінің қиын кезеңдерін суреттейтін бұл үлгілер жарық көре алмаған еді. Сондықтан шығарма өлеңдер Қазақстанның тәуелсіздік алған кезеңінде ғана арнайы жинақта жарық көрді (Өртеңге өскен қызғалдақтар, 1995).

Көкшетау облысының шығарма өлеңдерін (немесе хат-өлеңдер) басты зерттеу нысанына айналдырған ғалым Г.Бәйтенова олардың өлеңін талдау арқылы ғұрыптық және ғұрыптық емес нұсқаларда фольклор элементтерінің кездесетіндігін, осыдан ғұрыптық жылау әндері олардың музыкасына әсер еткендігін дәйектеген. Адам өмірінде кездесетін барша қиындықтардың әуенмен бейнеленуіндегі сипаттар осы хат-өлеңдердің өне бойына толы. Фольклорист еңбегінде бұл үлгілердің дүниеге келу тарихы олардың бойында қайталанбас ажар дарытты дей келе, соғыс даласы мен ел арасындағы хаттардан хат-жауап композициясы пайда болғанына назар аудартады.

Сондай-ақ шығарма - өлең жанры ұжымдық қасиетке негізделіп фольклорға тән болғанымен, оның ерекшелігінің бірі, көпқырлылығында, яғни, сюжетінің көптүрлілігімен қатар, дәстүрлі ғұрыптық және ғұрыптық емес шығармалардың жекелеген музыкалық-поэтикалық элементтерімен ортақ нышандарының ұқсас келуі де жатады. Мысалы, бұл үлгілердің сыңсу, қоштасу әндерімен жақынынан айрылысу тақырыбы ортақтастырады. Ғалым мұнымен қатар шығарма өлеңнің бойындағы толғау, өсиет өлең, тарихи өлеңдердің белгілерінің бар екендігін аңғартқан. Сонымен қатар шығарма - өлеңнің өз бойына философиялық толғау, тәрбиелік өсиет өлең және тарихи әннің қасиеттерін синтездей білген жанр екендігін тың материалдар негізінде дәлелдейді. Аталмыш еңбекте Т.Әсемқұлов: ...хат өлең негізінен сарыуайымнан тұрады десек - қателескен болар едік. Өлең адамның күйінішін-сүйінішін суреттегенімен, өршіл, оптимистік әуенмен аяқталып отырады. Және, барлық уақытта хат өлең, майданнан жазылғаны елге медеу, елден жазылғаны майдандағы ерге медеу - екі жаққа да сүйеу болып отырған... халықтың мұң-мұқтажын жыр еткен, шын мәнісіндегі демократиялық жанр - хат өлеңнің басты ұлағаты осында, - деген пікір айтқан.

1941-1945 жылдарда дүниеге келген үлгілердің арасында жоқтау сарынындағы әндердің бірі Қайдасың, Рәшитім, қайдасың?!. Тақырыбынан аңғарылатынындай жауапсыз кеткен ұлын іздеген ананың сөзінің әр шумағы Қайдасың, Рәшитім, қайдасың? жолдарымен аяқталып отырады. Ана көңілі өлді деуге қимай, хабарсыз кеткен ұлына: Тілеймін сені, құлыным, Қайда жүрсең аман жүр, - деген сөздермен төменге түсетін бірқалыпты толқынды қозғалыспен (V-IV-III-II-III-II-III-II-I) интонациялық мұңды жеткізеді (Т.Бекхожина, Қазақтың 200 әні). Дәстүрлі жоқтау үлгілерінің қайғыны музыкалық тілмен жеткізу тәсілінің бірі І б.-тан сатылап жоғары бағытталатын қозғалысы әннің мұң, зарды бейнелейтін мазмұнын жеткізеді. Хат-өлеңге, яғни тұрмыстық жанрға тән ерекшелігі, мұнда жоқтауларда сирек ұшырайтын екі және үш дыбыстың бір буынмен орындалатын иірімі. Әдетте, қазақ жоқтауларында буын мен әуен синхронды байланысты кездеседі.

Мысалы, Майданнан хат үлгісі - қарапайым халықтық ән негізінде туған. Әуеннің метр-ырғағы, ауыспалы өлшемі (85, 84, 83, 84, 85, 42), кеуде мен қайырмасының өлең өлшемі дәстүрлі қара өлең мен жыр үлгісінің синтезін құрайды. Мелодия сипаты сергек жүреді әрі халықтық танымал әуен еске түсіреді. Шығарманың өне бойындағы сол жылдар тақырыбындағы әндердегі жаңалықтардың бірі алғашқы бунақтағы кварталық, қайырма басталардағы (к.6.) кең интервалдық секірістер, бұған қоса негізгі тонның бір орында қайталануы.

Отандық музыкатануда соғыс жылдарындағы ән жанрына арналған Б.Ерзаковичтің, М.Ахметованың, Д.Ахметбекованың зерттемелері мен музыкалық талдаулары бар. Оларда соғыс кезеңінің әндері хат-өлеңдерсіз, шығарма - өлеңдерсіз қарастырылған. Өйткені, жоғарыда айтып өткендей шығарма-өлеңдерді тәуелсіздік кезеңінде ғана жарыққа шығару мүмкін болды.

Отан соғысына қатынасып елін қорғауда от кешкен жауынгерлердің арасында Әли Базанов, Қасым Аманжолов, Рамазан Елебаев, Мәлік Жаппасбаев, Смағұл Көшекбаев секілді ақын, сазгерлер болды. Олардың шығармашылығындағы бірқатар әндер сол уақытта отансүйгіштік рухта шығып, жауынгерлер арасында айтылып жүрсе, нәзік лирикалық әндерінің бір бөлігі елге жетіп, танымал болды. Мәскеу мемлекеттік консерваториясының студенті композитор Р.Елебаев (1910-1943) қазақ атты полкінің әскери қызметінде жүргенде, осы полк маршына айналған Жолдастар әні, майдандағы солдаттарды ерлікке жігерлендіретін Талғар полкінің маршы, 28 батыр, 23-полк маршы, және т.с.с. көптеген әндер жазды. Жауынгер 8-гвардияшы Панфилов дивизиясының атқыштар полкінде жүргенде өнерпаздардан концерт бригадасын ұйымдастырады. Бұл шығарма Рамазан Елебаевтың осы кезеңде туған баға жетпес туындылардың бірі Жас қазақ әні (сөзі Ғ.Мұстафиндікі). Ұлы Отан соғысы жылдарында Бородино түбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тапқан Төлеген Тоқтаровқа арналып шықты. Майдандағы жауынгерлерге концерт бригадасымен барған әнші Жүсіпбек Елебеков бұл туындыны автордың өз аузынан үйреніп алады. Әннің музыкасы мен текстісі сұрапыл майдан суретін, сол майданда жауға жай оғындай атылып, оны арыстанша жаныштаған батырдың сыртқы келбетін, ұлан-асыр ерлік қимылымен қатар оның асқақтаған арманын, әрі биік, әрі кең, әрі жарық жан-дүниесінің үлкен романтикасын әсерлі де айқын, дәл де жарқын бейнелегені бірден танылады, - дейді Ә.Нарымбетов. Ғалым бұл жылдарда туған әндер жөнінде өзінің Дәуір және поэзия зерттемесінде: Әннің сөзі мен музыкасы бірін-бірі толықтырып, оның идеялық-көркемдік күшін анықтауда еншілес, тұтас жанды организм іспеттес. Аталған ән текстерінің музыкалық әуені мен сөздері біріне бірі сәйкес келіп, адамның сол бір кезеңдегі көңіл күйін, жан-дүниесін шебер де айқын бейнелегені бірден сезіледі. Соғыс жылдарындағы ән текстерінің бірқатары майдандағы жауынгердің жаумен күрестегі тіл жеткісіз қаһармандығын көзге елестетіп, көңілге ұялатып, жорықтың биік гимніндей қабылданады, - дейді.

Б.Ерзакович Жас қазақ әнінің бойындағы музыкалық бейнелердің сомдалуы мен поэтикалық мәтіннің мәнерлі тәсілдеріне қарап дәстүрлі эпостың музыкалық-аяқталған түріне, дәлірек айтқанда, оның жоқтау бөліміне жатқызады. Бұл ерлікпен қаза тапқан Т.Тоқтаровқа арналып дүниеге келген арнау. Ән кеудесінен кейін жүретін ха-ли-ли-лім вокализі туындының шырқау шыңы болып табылады. Музыкатанушы М.Ахметова ән қайырмасы туралы: ...қайырма кең тараған халықтық жоқтауларға ұқсас. Сазгер осы әдіс-тәсілмен қаза болған батырдың өліміне қайғырған халық сезімін жоғары деңгейге көтере білді. Осындан әннің өне бойындағы кең тынысы өзіне тартады, - дейді. Сондай-ақ Жас қазақты зерттеуші бұл туындыны жоқтау элементтерімен астарласқан баллада деп бағалайды.

Әуендік даму бағыты, дыбыс ауқымының кеңдігі, әр буынның бай иірімі (распевность) оның мазмұнындағы айтар ойдың сөз жетпейтін биігіне көтерілген. Қайталанбалы қостармақты формадағы, табиғи минор ладындағы шығарманың әр мелотармағы тоникамен аяқталады. Бұл музыка тілі ерекше туындылардың бірі есімі ел есінде мәңгі қалған халық батырының ерлігіне арналып былай аяқталады:

Ел қорғаған майданда жас арыстан,

Тоқтаровтай артында қалар дастан

Жас қазақ! Бәрің соған ұқсап бақ!

Жалпы соғыстан соңғы жылдары Төлегендей батырға көптеген өлеңдер мен музыкалық ірі шығармалар арналып жазылды. Соғыс басталғанда өзі сұранып майданға аттанған жауынгер-композитордың бірі - Әли Базанов (1918-1944). Әли Жастар, Бас, батырлар алға!, Ерлерім, Ана толғауы, Жәмила қарындас, т.б. әндер жазды. Ә.Базановтың әндерін Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстан артистері орындап жүрді. Оның Бас, батырлар, алға! (сөзі Қ.Сатыбалдин) әнінің әуендік желісі марш екпінінде, ал өлең өлшемі өзгеше сипатты буын санынан құрылған.

1942 жылы 100-атқыштар бригадасының құрамында майданға аттанған жауынгер-композитор, домбырашы Смағұл Көшекбаев (1904-1945) Ботагөз, Жаз, Май гүлі, Біздің ән, Жазғы кеш, Дауыл, Сағыныш, Бригада жыры, Біз келеміз т.б. ән-романстардың авторы. Сазгердің Қызыл сұңқар, Сүйген жар әндері соғыс уақытында туған. Қызыл сұңқар - қызыл Армия жауынгерлерінің образды атауы. Бұл ән де марш екпінінде.

Қарға-құзғын - фашисті жерге тапта,

Оған бақыт ұясын ойрандатпа!

Қарға-құзғын төбемнен төнбесін,

Бақ-жұлдызым бақшамда сөнбесін!

Бұндай ерлікке шақыру мен жігерлендіру ұранының тәсілі осы кезең шығармаларына тән болып келеді.

Ұлы Отан соғысының алғашқы әндерінің бірі болып Кенен Әзірбаевтың Біздің Отан жеңеді шығармасы дүниеге келді. Ақын бұл шығарманы соғыстың бірінші күні радиодан Кеңес үкіметінің Біз әділет жағындамыз. Жау талқандалады. Біз жеңеміз деген хабарламасын естіп шығарыпты. Бұл әнмен ол ауылдарды, өз облысының аудандарын аралап колхозшыларға айтып жүрген. Біздің Отан жеңеді қазақтың дәстүрлі жыр-термелеріне тән қаратпа интонациямен, қазақ әуенінің ладындағы белсенді ІІ басқышпен А! Аттан! деген сөзбен басталады. Әрі қарай әннің характеріне сай марш екпінінде 22 өлшемінде біртекті, қатты орындалады. Мажорлық сарындағы қайырмалы әннің кеудесі 11-буынды қара өлең формасында әрі бір мелотармақтың түрленіп келуінен тұратын қарапайым құрылымына қарамастан асинхронды. Ал қайырмасы жыр өлшемінде жаңа музыкалық материалға құрылып, мейлінші жаңаланып отырады:

Біздің Отан жеңеді,

Жеңіске елім сенеді,

Жауына жаза береді,

Біздің батыр қызыл ер,

Соққыны мықтап береді, -

дей келе мына жолдармен елдегі адамдардың қорқынышын басып, үмітін арттыра түседі: Аталар, аналар, Жеңгелер, ағалар, Жауды жеңіп жарқылдап балаларың келеді. Ура!. Ақынның оптимистік сарындағы өлеңінің музыкалық көркемдігі де соны, ол әннің соңғы бөлімінде жеңістің Ура! сөзін төменгі тониканың бір октаваға көтерілетін интонациясымен берген және әннің шарықтау шыңы да осы тұста. Сазгер кеуде мелодиясын жоғарғы тетрахорд негізінде, асинхронды фраза соңындағы тұйықталған, созыңқы тірек дыбысы арқылы көркемдеген.

Отан тақырыбындағы әннің бірі Кенен Әзірбаевтың Отан үшін туындысы. Және де Ел қуанышы, Жауыңды айда әндері бар. Отан үшін деген аттас туынды дәстүрлі әнші, 20-ға жуық әннің авторы Қосымжан Бабақов шығармашылығында да бар. Оның Алтын ана, Отан үшін, Мен де аттандым майданға әндерін өз орындауында жазып алып, нотаға түсірген М.Төлебаев.

Қ.Бабақовтың Мен де аттандым майданға әні асқақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиеті сабақтарында өз бетінше орындалатын жұмыстардың түрлері
Музыкалық білім беру педагогикасының маңызы және педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті
Жазба жұмыстарын үйретуге бағытталған жұмыстар
Музыка мен математиканың ортақ қасиеттері, байланысы
Мектеп бағдарламасындағы тапсырмалар жүйесінің берілу жолдары
Библиографияның құрастырылу ережесі мен рәсімделуі жайлы
ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Музыкалық білім беру тарихы
Оқушыларды шығармашылыққа баулудың педагогикалық негіздері
Дандай Ысқақұлының әдеби сын тарихы
Пәндер