Хандық дәуір әдебиетінің құрылуы қарсаңындағы қоғамдық - әлеуметтік, саяси жағдай


Жумангалина Сания. Жу-302
Хандық дәуір әдебиетінің құрылуы қарсаңындағы қоғамдық - әлеуметтік, саяси жағдай.
Қазақ хандығы түріндегі Қазақ мемлекеттігінің пайда болуына негіз болған объективті себептер: Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ рулары мен тайпаларының этникалық және саяси топтасуының күшейе түсуі, казақ халқыньщ қалыптасу процесінің аяқталуы, феодалдық қатынастардың дамуы.
Хандықтың негізін салушылар - Ақ Орда билеушісі Ұрұс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек.
ХҮІ ғасырдағы қазақ хандығы. ХҮІ ғасырда қазақ хандығының нығайып, территориялық жағынан ұлғая түсуі. Қасым ханның тұсында казақ хандығында ішкі қайшылықтардың жойылып, саяси және экономикалық жағынан нығаюы, шекараның ұлғаюы.
Алғашқы қазақ заңы - « Қасым ханның қасқа жолының » жасалуы.
ХҮІ ғасырдың екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Ақназар ханның үлесі. Тәуекел хан тұсында қазақ хандығы мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың нығаюы және Орта Азияның сауда орталықтарына шығуы.
ХҮІІ ғасырдағы қазақ хандығы. Есім ханның орталықтандырылған мемлекет құру әрекеті. Қазақ хандығының Есім хан тұсында Оңтүстік шекараларының кеңеюі. «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын заңның сипаты.
ХҮІІ ғ. екінші жартысындағы Қазақ хандығының саяси, әлеуметтік жағдайы. Тәуке хан билік құрған кезеңде (1680-1717) халықтың бірлік, ынтымағының арта түсуі.
Қазақ мемлекетінің әлеуметтік, экономикалық және ішкі жағдайды реттеуге бағытталған реформалары.
Қазақ халқының тарихына ірі кұқықтық өзгерістер жасаған «Жеті жарғы» заңының жасалуы.
ХҮІІ ғ. алғашқы жартысында Жоңғар хандығының құрылуы. Қазақ-жоңғар қатынастары.
Тәуке хан қайтыс болғаннан кейінгі кезеңде қазақ хандығының әлсіреуі. Қалмақтардың қазақ жеріне шапқыншылық жорығы.
1710-1711, 1717, 1723-1725, I 740-1742 жылдарда қазақ жеріне жасалған жоңғарлардың жорықтары.
Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі. Жоңғар мемлекетінің күйреуі. Жоңғар қалмақтарына күйрете соққы берген қазақ батырларының жеңісті жорықтары.
Жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырудағы Абылайдың рөлі .
Қазақ хандығының мемлекеттілігін, тәуелсіздігін сақтап қалудағы Абылайдың батырлығы, ұйымдастыру, дипломатиялық шеберлігі.
Абылай ханға, жоңғарларға қарсы күресте ерлігімен танылған қазақ батырларына арналған поэзиялык туындылар. Осы шығармалардағы Абылай бейнесі.
Ежелгі түркі поэзиясының жаңа коғамдық саяси жағдайлардағы дәстүрлі жалғасы болып табылатын қазақ жырауларының тарих сахнасына шығуы.
Қазақ әдебиеті тарихынан жыраулар поэзиясының алатын орны.
Жырау, жыршы, ақын сынды халық әдебиетін жасаушылардың өзіндік ерекшеліктері. Жыраулар поэзиясының дара табиғаты, тақырыптық ерекшеліктері. Жыраулардың қоғамдык-әлеуметтік тұлғасы.
Хандық жүйе кезеңінде жыраулардың ханға, мемлекет билеушілеріне кеңесші көмекші болуы, оның мемлекет істеріне араласуы, қоғамдағы рөлі. Жырау - хан мен халық арасындағы дәнекер тұлға.
Жыраулардың қазақ хандығы қалыптасып, нығаюы процесінде хандардың бір орталыққа бағынған мемлекет құру саясатын іске асыруда ұраншы, үгітші қызметін атқаруы.
Жыраулардың саяси және қоғамдық өмірдегі езгерістерге орай жорықшы, батыр жауынгер болуы.
Жыраулардың келесі бір функциясы - сәуегейлігі, көріпкелдігі, болашақты болжауы. Жыраулар шығармаларындағы болжал өлеңдер.
Хандық дәуір әдебиеті тарихының даму бағыттары және көркемдік-идеялық ерекшеліктері
Жыраулар поэзиясындағы дара әдебиетке тән белгілер және фольклорлық сипаттар. Жыраулар поэзиясының калыптасу, даму кезеңдері. Жыраулар поэзиясыньщ даму кезеңдерін үш кезеңге бөліп қарастыру:
I кезең.
(ХІ-ХІҮ ғасырлар) жыраулық дәстүрдің негізі қаланған ілкі
кезеңі. Кетбұға, Сыпыра жыраулардың, Қодан тайшының бізге жеткен
мұралары.
II кезең.
(ХҮ-ХҮІ ғасырлар) жыраулық поэзияның қалыптасу кезеңі.
Қазтуған, Асан қайғы, Доспамбет, Шалкиіз жыраулардың шығармашылығы.
III кезең.
(ХҮІІ-ХҮШ ғасырлар) жыраулық поэзияның неғұрлым
кемелденген кезеңі. Жиембет, Тәтіқара, Үмбетей, Ақтамберді, Бұқар жыраулар шығармашылығы.
Жыраулар поэзиясының жариялану, зерттелу жайы. Хандық дәуір әдебиетінің жиналуы, жариялануы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің жиналып, жариялану, зерттелуін үш кезеңге бөліп қарастыру.
Бірінші кезең. XIX ғасырдын екінші жартысынан бастап Кеңес үкіметі орнағанға дейінгі кезең аралығындағы жиналу, жариялану жұмыстары. Ш. Уәлихановтың, В. В. Радловтың жыраулар шығармашылығына қатысты пікірлері, жинап бастыруы. Жыраулар мұрасының «Ноғай уа құмық шығырлары». М. Османов, «Жақсы үгіт» М. Бекмұхамедов, «Шайыр», «Көксілдер», Ғ. Мұштақ «Тауарих хамса», Қ. Халидұғлы «Ақын» А. Берқалиұғлы құрастырған жинақтарға енуі.
Екінші кезең. 1917 жылдан - 1959 жылдар аралығындағы жиналып жариялануы, зерттелуі.
Үшінші кезең. 1959 жылғы әдеби мұра жайлы мәселе көтерілген конференциядан кейінгі және осы күнге дейінгі зерттелуі. XX ғасырдың 60-90 жылдар аралығында жыраулар поэзиясының тиянақты зерттелуі: Б. Кенжебаев, Ә. Марғұлан, Х. Сүйіншәлиев, М. Мағауин зерттеулерінің маңызы.
Жыраулар поэзиясының көркемдік-идеялық ерекшеліктері. Жыраулар поэзиясында туған жер, қоныс, сыртқы жаулармен болған, азаттық күрес, жаугершілік заман көрінісі, өз дәуірінің шындығы, моральдық, этикалық қағидалар, ерлік, ел бірлігі тақырыптарының жырлануы.
ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы - сол дәуірдің түрлі көріністерін қазақ тілінде көркем жырланған төл мұрасы. Жыраулар поэзиясында қолданылған көркемдік кестелер, суреттеу тәсілдері, образдар жүйесі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz