9 сыныпта бейорганикалық химияны оқытуда халықтық педагогика элементерін пайдалану әдістемесі


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Химия - биология мамандығы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: 9 СЫНЫПТА БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ 3

1 ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ

ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ

АЛҒЫШАРТТАРЫ

  1. Орта мектепте химияны оқутуда халықтық педагогиканы пайдаланудың қазіргі жайы 10
  2. Химия сабақтарында пәнаралық байланыс негiзiнде халықтық педагогиканы пайдалану 17

2. ОРТА МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ХАЛЫҚТЫҚ

ПЕДАГОГИКАНЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДIСТЕМЕСІ

2. 1. 9 сыныптарда химия сабақтарында халықтық педагогиканы пайдаланудың жолдары мен әдiстерi 25

2. 2. Дәрiгерлiк химия бөлiмiнде халықтық педагогиканы пайдалану 28

2. 3. Химияны тұрмыста пайдалану бөлiмiндегi халықтық

педагогиканың орны 35

2. 4. Химия пәні сабақтарында ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану 38

2. 5. Халықтық педагогика негiзделген сабақ, кеш үлгiлерi 45

2. 6. Поэзияны пайдалану әдiстемесi 55

2. 7. Оқушы шығармашылығының қалыптасуы 64

3. ПЕДОГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 69

ҚОРЫТЫНДЫ 75

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 77

ҚОСЫМША А 81

ҚОСЫМША Ә 82

ҚОСЫМША Б 83

ҚОСЫМША В 84

ҚОСЫМША Г 85

КIРIСПЕ

Зерттеудiң көкейтестiлiгi: қоғамның қазiргi даму кезеңiнде болып жатқан әлеуметтiк, экономикалық, саяси және жаңа технологиялық өзгерiстерден, ұрпақ тәрбиесiндегi бетбұрыстардан бiлiм мен тәрбие беру жүйелерiнiң iсiн жаңа сатыға көтеру қажеттiлiгi туындап отырғаны мәлiм [1] .

Осыған орай бүгiнгi таңда қоғамньң ұлттық мәдени тұрғыдан кемелденуi, жас ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық тәрбиенiң озық өнегелi дәстүрлерiмен тереңiрек таныстырып, соның негiзiнде жеке тұлғаны қалыптастыруға жеке тұлғаның шығармашылық рухани мүмкiндiктерін дамытуға байланысты тәрбие мен бiлiм беруде мұғалiмнiң кәсiптiк даярлығын қамтамасыз етудi мiндеттейдi [2] . Өйткенi егенмен елiмiздiң болашағы оның материалдық және рухани дамуы, жас ұрпақтың бiлiмi мен тәрбиесiнiң деңгейiне байланысты. Сондықтан да қоғамның бiлiм беру жүйесiн жаңарту мен жетiлдiру мәселесi мұғалiмнiң алдына зор мiндеттер жүктеп отыр.

Осыған орай химияны оқытудың жаңа әдiстемелiк жүйесi, мектептерде пәндi оқытып үйретудiң - тиiмдi жолдарының бiрi оқушылардың iс-әрекеттерiн белсендiру мен тиiмдiлiгiн арттыру, педагогикалық технологияларымен ұштастыра жүргiзу жұмысын практикаға енгiзу мәселесiне ерекше көңiл аудару қажеттiгiн көздейдi. Осы тұрғыда негiзгi ауыл мектебiнде оқытуды ұйымдастыру мәселесiне, оқу тәрбие жұмысының деңгейiн көтеруге және оның беделiн жоғарылатуға көңiл бөлу қарастырылған. Қазiргi кезде оқытудың тиiмдi әдiстерiн зерттеп, оны iс жүзiнде қолдануға ұсыну күрделi мәселелердiң бiрiне айналды. Оқушыларды қоршаған орта заттармен құбылыстармен таныстырып, олар жайында ғылыми ұғымдарын жүйелеп, көзқарастарын қалыптастыруда орта мектепте оқытылатын химия пәнiнiң мәнi өте зор. Сондықтан да химияны оқытудың әдiс тәсiлдерiн сан-салалы бағытта, жан-жақты қарастыру көзделедi.

Химияны оқыту мәселесi белгiлi педагогтармен методистердiң назарынан тыс қалмай үнемi зерттеу нысанасына айналып келдi:

Қ. А. Аймағамбетова, А. Г. Сармурзина, Н. Н. Нұрахметов, С. Ж. Жайлау, Т. Т. Омаров, Ж. Ә. Шоқыбаев, К. А. Сарманова, М. Р. Танашева т. б. көптеген зерттеулерде оқу үрдiсiне жаңа технологияны енгiзу жолдарын қарастыру тенденциясы оқушылардың белсендiлiгi мен танымдық іс- әрекеттерiн, шығармашылығын дамытуға негiз салатындығы көрсетiлген.

Ауыл мектептерінде сабақтарға қатысып жүргiзiлген талдау қорытындысы ондағы оқыту жұмыстарының казiргi талаптарға сәйкес еместiгiн, оқушылардың өздiгiнен бiлiм алуының нашарлығын, олардың танымдьқ қызығушылығының және бiлiм сапасының төмендiгiн көрсеттi. Бұл жағдайлардың себебiн әртүрлi түсiндiредi: кейбiреулерi кризистiк жағдайға байланысты кажеттi пәндердiң қысқаруы десе, ендi бiрi қаражаттық - инвистицияның жетiспеушiлiгi, немесе бiлiм беруге арналған бағдарлама құрылымының әлсiздiгi, ал үшiншiсi ауыл мұғалiмiнiң әлеуметтiк - тұрмыс жағдайының төмендiгiнен деп дәлелдейдi.

Бұл факторлардың барлығы мұғалiмнiң өмiр-тiршiлiгiне байланысты айтылып отыр. Бiздiң көзқарасымыз бойынша ауыл мектептерiнiң кризистiк жағдайының себебi - саяси немесе әлеуметтiк экономикалық жағдайдан ғана туындамайды, оның педагогикалық технологиялық негiзi де бар, сонымен қатар ауылды жерде ғылыми-ағарту орталықтарыньң, мұражайлардьң, кiтапхана, театрлардың жоқтығы да әсер етедi. Ұстаз оқушыларға бiлiм беру барысында оқу үрдiсiн ұйымдастыру кезiнде тұлғаның дұрыс қалыптасу мүмкiндiгiн зерттеп, жеке бас ерекшелiгiн бағалап, осыған сәйкес жұмыс iстегенде ғана орынды педагогикалық шешiм табады. Химия пәнiнiң көптеген мұғалiмдерi оқушыларды химия ғылымының заңдарымен, қоршаған ортада жүрiп жатқан химиялық, құбылыстармен таныстырып, оны көруге, сезiнуге, түсiнуге жағдай жасау арқылы дүниедегi химиялық, айналулармен оқушыларды қаруландырудың жолдарын таңдай бiлуi, заттар және олардың көптүрлiлiгi туралы ұғымды меңгерте отырып, сабақта көркем әдебиеттi, поэзияны, оқу ойындарын енгiзу арқылы оқушылардың жеке шығармашылығын қалыптастыруға болатындығын дәлелдедi.

Осы орайда химия пәнiнде көркем әдебиет пен поэзияны, оқу ойындарын пайдалану арқылы оқушының танымдық белсендiлiгi мен шығармашылығын дамыту жолдарын Г. Г. Филимонова [3], А. Р. Нұрахметова [4], Ж. Ж. Жумаханов [5], 3. Т. Мұшрапилованың [6] зерттеу жұмыстарында қарастырылған. Ж. Жумахановтың еңбектерiнде химияны оқытуда оқушының сабаққа деген қызығушылығын күшейтiп, әңгiмелер, өлеңдер оқыту олардың белсендiлiгiн арттыру үшiн, олардың мазмұнын мәтiнге сәйкес талдаудың тиiмдiлiгiн дәлелдейдi. Ал, З, Мұшрапилованың жұмысында химияны көркем әдебиетпен поэзиямен байланыстыра отырып оқытқанда оқушының шығармашылық қабiлетiн көтеруге болатындығын көрсетедi. Бiрақ бұл еңбектерде орыс жазушыларыньң шығармаларын кеңiнен пайдаланған.

Дегенмен, педагогикалық психологиялық және оқу әдiстемелiк әдебиеттердi, арнайы зерттеулердi талдау нәтижесi бүгiнгi күнге дейiн этнопедагогиканық жалпы теориялық негiздерiмен тәрбиелiк мәселелерiне баса назар аудару пәнді оның iшiнде химияны оқытуда халықтық педагогика элементтерiн пайдалану әдiстемесiнiң назардан тыс қалғанын көрсетедi.

Мектепте бiрқатар пәндердi оқытуға байланысты бұл мәселе жан-жақта талданған. Кейбiр пәндерде математика, әдебиет, биология, еңбек сабақтарында халықтық педагогика ұлттық әдет - ғұрып, салт-дәстүр тиiмдi пайдаланып отыр. Математиканы оқыту саласындағы зерттеулердiң бiрi ретiнде педагогика ғылымдарының докторы, профессор А. Е: Әбiлқасымованың [7] ғылыми жетекшiлiгiмен жүргiзiлiп жатқан “Бастауыш мектептегi математиканы оқыту процесiнде қазақ этнопедагогикасының материалдарын пайдалану” атты арнайы курстың оқу бағдарламасын атауға болады. Бағдарлама болашақ бастауыш сынып мұғалiмдерiне қазақ этнопедагогикасының математика сабағында қолдануды меңгерту және сол алған бiлiмдерiн мектеп қабырғасында қолдануға дайындау. Бұл математиканы оқыту процесiнiң нәтижелi болатындығының кепiлi. Ал, химия пәнi бойынша ұлттық төл оқулықтардьң болмауына байланысты бұл мәселе осы кезге дейiн қолға алынбады. Мектепте химия пәнiн осы кезге дейiн одақтық бағдарлама бойынша аударма оқулықтар арқылы оқытып келгендiктен, ұлттық педагогикамен байланыстыру назардан тыс қалды.

Республиканьң жер қойнауының табиғи кен байлықтарға өте бай Д. И. Менделеевтiң периодтық жүйесiндегi элемент бәрi дерлiк бiздiң туған өлкемiзден табылады. Қазақ топырағында игерiлген шикiзат түрлерi мен химиялық өнеркәсiптер көптеп саланады. Солай бола тұрса да, оқулықтарда Қазақстан химиясы тиiмдiлiгiне негiздеп оқушылардың танымдық дербестiгiн қалыптастыру жолдарын қарастырған.

Жоғарыда келтiрiлген деректер казiргi таңда химияны оқытудың тиiмдiлiгiн көтеруде бiраз зерттеу жұмыстарыньң жүргiзiлгендiгiн аңғартады

Дегенмен, педагогикалық психологиялық және оқу әдiстемелiк әдебиеттердi, арнайы зерттеулердi талдау нәтижесi бүгiнгi күнге дейiн этнопедагогиканың жалпы теориялық негiздерiмен тәрбиелiк мәселелерiне баса назар аудару пәндi оның iшiнде химияны оқытуда халықтық педагогика элементтерiн пайдалану әдiстемесiнiң назардан тыс қалғанын көрсетедi.

Әр жасөспiрiмнiң қалыптасып дамуында, өзi күнбе-күн өмiрден сезiнетiн, еститiн, көретiн заттарымен құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады. Соның ең негiзгiсi - қазақтың халықтық педагогикасы.

Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжiрибесiн, танымдъқ мұрасын, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз ертегiлерi, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең жырлары, ұлттық ойындары ерекше тәрбиелiк мәнi бар баға жетпес асыл қазына туралы материал берiлмеген және бағдарламада ол туралы айту да талап етiлмейдi. Сонымен қатар химия оқулыктарына енген мәтiндер өмiрмен байланыссыз берiлген.

Жоғарыда айтылған жағдайлар орта мектепте химиядан бiлiм беру стандарты қойып отырған талаптар мен қазiргi таңдағы химияны оқыту үрдiсiнің арасында қарама-қайшылық тудырады. Бiлiмдi өмiрмен, салт-дәстүрмен байланыстыру, өлкетану принципiн қамтамасыз ету өз деңгейiнде жүзеге аспай отыр. Осы жағдай бiздiң тақырыбымыздың “Орта мектепте химия пәнiн оқытуда халықтық педагогика элементтерiн пайдалану әдiстемесi” деп аталуына негiз болды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Химия сабақтарында халықтық педагогика элементтерін пайдаланып оқушылардың білімін тереңдетіп, пәнге қызығушылығын арттыру, шығармашылыққа баулудың жолдары мен әдістемелік тиімділігін педагогикалық эксперимент жұмысы арқылы дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының мақсаты: халықтық педагогиканы бүгiнгi өмiр талабымен ұштастыра отырып орта мектептердегi химия пәнiн оқытуда қолданудың әдiстемесiн жасау, оның оқу үрдiсiнде тиiмдi қолданудьң мүмкiндiктерiн анықтау.

Зсрттеу пәні: химияны оқыту үрдiсiнде халықтық педагогика элементтерiн қолданып, оқушылардьң бiлiм сапасын дамытудың жолдары мен әдiстерi.

Зерттеу болжамы: орта мектептердегi химия сабағьнда оқушының бiлiм сапасын дамытуға болады егер:

- оқытудың белсендi әдiстерiн оқыту үрдiсiнде тиiмдi пайдаланса;

- оқушылардың өзiндiк жұмыстарын даралап ұйымдастырса;

- химиялық заттар мен құбылыстарды таныстыруда қазақтың ұлттық таным, тәлiм-тәрбие мұрасы мен ауыз әдебиетiн тиiмдi қолданса.

Зерттеу мiндеттерi:

- орта мектепте химияны оқыту үрдiсiнде халықтық педагогиканы, әдеби материалдарды және оқу ойындарын қолданып, бiлiм мен тәрбиелеудiң тиiмдiлiгiн арттыру;

- химия сабақтарында қолданылатын халықтық педагогика нұсқасының мазмұнын ұсыну.

Зерттеудiң әдiстерi:

Зерттеу проблемасына байланысты философиялық, педагогикалық, психологиялық және жас ерекшелiктерi физиологиясы мен әдiстемелiк әдебиеттердi теориялық тұрғыдан талдау жасау; озық педагогикалық iс-тәжiрибелер мен танысу, оларды жинақтап қорыту, педагогикалық сабақтарға қатысу арқылы бақылау; химия пәнiнiң оқулықтарын, әдiстемелiк құралдарын талдау; оқушылармеп әңгiмелесу, байқау, сауалнама, тест жүргiзу, педагогтiк тәжірибе, эксперимент жүргiзу; оқушылардың бiлiмдерi мен iскерлiктерiн, шығармашылық қабiлеттерiнiң деңгейiн тексеру, олардың қорытындыларын талдау;

1. Оқытудың белсендi әдiстерiн қолдана отырып химия сабақтарында халықтық педагогиканы пайдалану әдiстерi

З. Сыныптан тыс жүргiзiлетiн жұмыстар барысында халықтық

педагогиканы пайдалану әдiстерi.

4. Халықтық педагогиканы химия сабақтарында қолдану арқылы

оқушылардың бiлiм сапасын арттыру жолдары. Зерттеу базасы:

Тәжiрибелiк эксперименттiк жұмыс ШҚ облысының Күршім ауданындағы Жолнұсқау аулының орта мектебінде өтті. Зерттеу нәтижелерiнiң дәлелдiлiгi мен негiздiлiгi әдiстемелiк тұрғыдан теориялық материалдардың iс жүзiнде қолданылуымен, жасалған қорытындылардың казiргi бiлiм беру стандартына сәйкестiгiмен, олардың психологиялық философиялық, педагогикалық және методологиялық, тұрғыдан негiзделуiмен қойылған мiндеттерге сай зерттеу әдiстерiнiң тиiмдi пайдаланылуымен, теориялық дерек көздерiнiң нақты талдануымен, эксперимент нәтижесiнiң тұжырымдалуымен қамтамасыз етiлді.

1 ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ

ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ

АЛҒЫШАРТТАРЫ

  1. Орта мектепте химияны оқытуда халықтық педагогиканы пайдаланудың қазіргі жайы

Қазiргi кездегi ғылым мен техниканың дамъш, өркендеуiне байланысты дарынды, талаптты жастар тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымына үлкен сын болып отыр.

Бiлiм беру iсiн батыл да табанды қайта құрудың талап етiлуi елiміздiң барлық салаларында болып жатқан өзгерiстермен тығыз байланысты. Өркениеттi қоғам мен құқылы мемлекеттiң қалыптасуы, өскелң ұрпактың рухани байлығы мен мәдениеттiлiгiн, еркiн ойлау қабiлетi мен шығармашылығын, бiлiмдiгiн талап етедi.

Парасатты да бiлiмдi, бiлiктi, мәдениеттi ұрпақ тәрбиелеу, олардың дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейге көтерудi, бойында ұлттық салт-дәстүрді, адамзаттық, намысты қалыптастыруды керек етедi [8] . Сондықтан да бiлiм беру мәселесiндегi барлық күш-жiгердi мектептерге, әсiресе ауылдық мектептердегi оқу-тәрбие саласына жұмылдырудың қажеттiгi туындайды.

Бiлiм беру жүйесiн қайта құру жағдайында басты мiндеттердiң бiрi - болашақ тұлға қалыптастыру, олардың ой өнерге, бiлiмге қызығушылығын дамыту болып отыр.

Балалардың бiлiмге қызығушылыгын тудырудың тиiмдi жолдарын К. Д, Ушинский [9], ЪI. Алтынсарин [10] және көптеген психологтар (Б. Г. Ананьев [11], В. Б. Бондаревский [12], ЛИ. Божович [13], Л. Ю. Гордин [14], С. Л. Рубинштейн [15] ) өз еңбектерiнде жан-жақты көрсеткен.

Бiрқатар педагогикалық - психологиялық зерттеулерде мектеп оқушыларының қызығушылығын дамытудың жолдарын талдай келiп, оқу үрдiсiнде түрлi оқу құралдарын пайдалану арқылы, оқушылардың сыныптан тыс кездегi танымдық әрекеттерiн жетiлдiрудi зерттеу жұмыстарының өзегi ретiнде алған. (Әбiлқасымова А. Е. [16], Ұзақбаева С. А. [17], Ахметов Н. С. [18], Щукина Г. И. [19], Тряпицына А. Л. [20], Шамова Т. И. [21] . )

Оқушылардың ойын дамыту туралы атақты ойшылардың шығармаларындағы педагогикалық пiкiрлер мен қағидалары бiздiң зерттеулерiмiздiң өзегi болып, септiгiн тигiздi. Халықтық педагогика мәселесiне байланысты ой қозғағанда Қорқыттың ұлттық педагогикага байланысты қағидаларын, Абайдың дана сөздерiн, Ы. Алтынсарин мен А. Байтұрсыновтың педагогикалық идеяларына сүйенбей өте алмаймыз.

М Жұмабаевтың бүкiл педагогикалық психологиялық еңбектерiн дамыта отырып оқыту оқушылардың қиялын, ойлау қабiлетiн жетiлдiру мақсаттарын жүзеге асыруда казiргi таңда да құны жоғарьг. Атақты педагогтың оқушылардың ой-қиялын дамыту жолдарын талдаған қағидалары осы заман талабымен астасып жатыр.

Мағжан Жұмабаевтың “Педагогика” [22] оқулығында оқытудың бiлiмдiк және тәрбиелiк мақсатын ұлттық тәрбиеге негiзденгенде ғана оның сапалы бiлiм берiп, жастардьң санасын көтеруге жәрдемi тиетiндiгiн айтады. М. Жұмабаев өзiнiң осы еңбегiнiң кiрiспе бөлiмiндегi түсiнiк хатында « Шамам келгенше қазақ қанына қабыстыруға тырыстым» - деп, халықтық әдет ғұрыпын негiзге ала отырып жазғандығын көрсетедi. Бұл пiкiрiнiң тағы бiр дәлелi «Жанның түкпiрiнде жатқан ойларды, жүректiң жетпiс қабат астында жатқан ыстық сырларды ашып шешiп беретiн адам «сезімінен қымбат дүниеде не нәрсе бар” деп, есiту сезiмiнiң адамның көру сезiмiне көмектесетiнiн, көз заттың сыртын ғана көрсе, құлақпен есiту заттың бүкiл қасиетiн ашуға жәрдемдесетiнiн айтады. Бала қоршаған дүниенi сезiм мүшелерi арқылы сезiнсе, оны тұжырымдау, жүйелеу ой арқылы жүзеге асады дейдi. Бұл пiкiр химия заттары мен құбылыстарын оқытуда бiзге ой салады. Халықтық педагогиканың тиiмдi тұстарын пайдалану оқушының ойын қозғауға, ой қорытуына, тұжырым жасауына көмектесетiндiгiн айқындай түсуге тырысамыз.

«Дүниенi танытудағы сыртқы әсердiң маңызын талдап, әсер жеке болсын, әсер жаңа болсын, ескi бiлiммен жаңа бiлiмнiң қатысы болсын, жағырапияны оқыту туған ауылдан басталсын» - дейдi. М. Жұмабаевтың бұл пiкiрiнiң осы кезге дейiн құны жойылған жоқ

Ахмет Байтұрсынов [23] зерттеулерiнде де адам баласына жас шағынан-ақ өзiн қоршаған ортаның неден тұратынын бiлу шарт екенiн айтады. 1926 жылы жарық көрген “Әдебиет танытқыш” атты еңбегiнде «бiздiң сезiп көрiп жүргендерiмiздiң бәрi табиғат заттары, табиғат денелерi және адам iсiнен шыққан жасанды нәрселер, жасанды нәрселердi iстеуге жұмсалатын адамның өнерi, бiлiмi, күшi, олай болса, сол заттарды iстейтiн де, пайдаланатын да болашақ жастар екенiн ұмытпау керек” - дейдi. Бұл пiкiрдiң химия ғылымына да қатысы бар деп қарауымыз керек.

А. Байтұрсынов бала қиялын дамытуда жұмбақ жаңылтпаштардың маңызы зор екенiн атап көрсеттi. Ол жаңыпаштың бала тiлiн дамытудағы ролiн өте жоғары бағалады. Жаңылтпашты жаңылмай айту үшiн алдымен сөздiң мағынасын түсiну, сонан әрi дұрыс айту үшiн бала үлкен күш жұмсайды, ойланады, ой қорытады. Осы арқылы оның санасында ұғым қалыптасады. Мiне бұл пiкiр химия сабағында да жұмбақ жаңылтпаштарды кеңiнен қолдануға болатындығын көрсетедi.

Кемеңгер, ойшыл акын Шәкәрiм Құдайбергеновтың [24] табиғатты суреттейтiн шығармаларыньң оқушыларға табиғат заттары мен құбылыстарынан бiлiм беруде теңдесі жоқ дайын материал. Осы тұста академик Сухомлинскийдiң: « . . . балалардың сезiмiне, түйсiгiне, қиялына ықпал жасап шексiз әлемге деген терезенi бiртiндеп қана ашыңдар», -деген қағидасы ойға оралады. Шәкәрiмнiң әрбiр өлеңi дүниеге қызығуы, елiктеуi мол, қиялы ұшқыр, бала жанына тербеу салып, әдемiлiкке, сұлулыққа елiктетiп, сол сұлулықты өзiн қоршаған ортадан iздеуге итермелейдi. Нақты табиғи өзгерiстi көркем тiлмен жеткiзе отырып, табиғатта болатын құбылысты, оның шаруашылыққа тигiзетiн әсерiн паш ететiн өлеңдерi оқушылардың дүниетанымын кеңейтедi, оларда табиғат тұралы ғылыми түсiнiктердiң пайда болуына, дұрыс көзқарастарының қалыптасуына негiз салады.

Шәкәрiм шығармаларында халықтың бай дәстүрi жете сипатталады. Сонымен қатар, ол балаларға жұмбақ. шештiру арқылы олардың тапқырлық, сезiмталдық қасиеттерiн дамытуға әсер етуге мүмкiндiк туатынын сөз етедi.

Бесарыс еңбектерiне [25] шолу жасағанда кемеңгер ойшылдарымыздың қай-қайсысы да, балаға тәрбие беруде, олардың бiлiмiн кеңейтiп көзқарасын қалыптастыруда ұлттық тәлiм әдет ғұрыптың алатын орынын баса көрсеткеп.

Бұл ғалымдар қазақ халқының болашағы - жастарды дамыту үшiн ненi оқыту, қалай оқыту керектiгiн айта келiп, берiлетiн бiлiмнiц ұлттық педагогикага негiздеу арқылы олардыц бойында халықтың рухани байлығын сiңiруге болатындығын дәлелдейдi.

Революциядан кейiнгi кезеңдегі мектепттердегi дүниетану материалдарының оқытылу жайын сөз еткенде, оның тарихына тоқталғанда ең көрнектi орын алатын пiкiрлермен дайын қағидаларды жоғарыда аталған азаматтарымыздың еңбектерiнен кездестiрдiк. Бұл ғылыми, педагогикалық психологиялық, әдеби және тарихи шығармаларды халықымыздың асыл мұрасы ретiнде зерттеулерiмiзге негiз етiп, оларды теориялық әдiстемелiк құралдар тұрғысында пайдалануға тырыстық. Бесарыс шығармаларының психологиялық педагогикалық тұстарын пәндi оқыту барысында кеңiнен қолдануға болатындығына көз жеткiздiк.

Қазақ педагогикасының аса көрнектi өкiлдерi (Т. Т. Тәжiбаев, Ә. С. Сыдықов, Ә. І. Сембаев, Қ. Б Бержанов т. б. ) Қазақстан мектептерi мен халық ағарту iсiне баса назар аударып, ондағы халықтық педагогикасының алатын орынын да аша көрсеткен. Республикада қазiргi таңдағы халықтық педагогиканың негiзiн қалаушылар қатарында Жарықбаев [26], С. Қалиев [27], СА. Ұзақбаева [17], Қ. Бөлеев [29], Т. Т. Тәжiбаев [30], Ә. И. Сыздықов [31], Ы. Оршыбековтердi [32] атай аламыз. Бұл ғалымдар халықтық педагогиканың теориялық негiзiн ғана саралап қоймай, оның оқу тәрбие жүйесiндегi алатын орынын айқындады.

Мәселен, С. Қалиевтiң “Қазақ этнопедагогикасының тарихы” [33] еңбегiнде қазақ этнопедагогикасының туу кезеңi осы тұстағы ағартушы-демократ, ойшыл, зиялылардың педагогикалық көзқарастары, халқымыздың ғасырлар бойы өз ұрпағын ар-ожданы таза, адамгершiлiгi жетiлген адамзат тәрбиелеуде халықтың педагогиканың әдiс тәсiлдерiн пайдалана бiлген мектебi болған, ғұлама ғалымдардың еңбектерiне, мақал-мәтелдерiне, ертегi аңыздарына, ақын-жырауларына, ерлiк дастандарына сүйене отырып автор толымды тұжырымдар жасайды.

Оқушы химияны дұрыс түсiнуi үшiн ол пәндi өз бетiнше танып бiлуге, үйренуге жетелеп, қызығушылығын арттыру мiндетi туындайды. Оқушылардың танымдық белсендiлiгiн арттырып, шығармашылықпен ойлау қабiлеттерiн қалыптастыруда халықтық шығармашылығын және халықтық педагогиканы қолданудың алатын орны ерекше.

Оқыту жүйесi қазiргi таңда түбегейлi өзгерiп, оқушы бiлiмiн бағалауда да жаңаша талаптар қойылып отыр.

а) Оқушы тақырып мазмұнын қайталап айтып берумен шектелмей, оны халық шығармашылығымен байланыстыра бiлуi керек

б) Тақырыпты меңгеруде оқушының халықтық педагогика көздерiн пайдаланып, өз ойын жеткiзе бiлу дағдысы, түсiлдiре бiлу iскерлiгi, жаттанды ұғымдарды пайдаланып қоймай, адамзат игiлiгiмен ұштастыра бiлуi қажет.

Мұндай нәтижеге жету тек үздiксiз қолданылған тиiмдi әдiстер нәтижесiнде жүзеге аспақ. Халық шығармашылығы мен халықтық педагогиканы химиядан сабақ беру барысында қолдану деңгейiн байқау кезiнде бұл мәселенiң әлi жүйелi түрде қолға алынбағаны көрiнiп отыр. Көптеген мектептерде бұл мәселеге мүлде көңiл бөлiнбейтiнi белгiлi болды. Еңбектердiң бәрi де халықтық педагогиканы пайдаланудың жолын көрсеткенмен, осы кезге дейін химия сабағында бұл мәселенiң шешiмi табылмай келдi.

Оқушылардың химияны терең түсiнуi үшiн олардың қызығушылығын арттыру мақсаты көзделiп отыр. Олай болса, «қызығушылық» деген ұғымның теориялық негiзiн қарастырайық. Ғылыми-теориялық еңбектерде “қызығушылыққа” танымдық

Ұлы педагог, дидакт Я. А. Коменский [64] шығармаларында оқушының қызығушылығы басым болса, оқу еңбегi көңiл қуанышына айналады деп көрсетедi. Сол сияқты, шетел педагопары А. Дистервег, И. Г. Песталоцци, Ж. Ж. Руссо, И. Ф. Гербарт та оқушының танымдық белсендiлiгiн арттырудағы қызығушылыктың негiзгi ролiнiң жоғарылығын дәлелдейдi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектепте химия пәнін оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану әдістемесі
Химияны оқыту әдістемесі құрылымы
Химияны оқыту құралдарын топтастыру
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Пәнаралық байланыста оқушы тұлғасын дамыту мәселелері
Орта мектептерде химияны оқытудың мақсаттары
ХИМИЯ ЖАРАТЫЛЫС ҒЫЛЫМЫ НЕГІЗІНДЕ
Химия курсын дәстүрлі оқыту технологиясы
Химиялық оқу экспериментінің қазіргі күйі және оның жетілдіру жолдары
Химия пәнiндe ұжымдық оқыту әдiсiн пaйдaлaнa отырып 8-шы сынып оқушылaрының тaнымдық, iздeнiмпaздық бeлсeндiлiгiн aрттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz