Дағдарыстың қазіргі кезеңдегі жалпы жағдайы Дағдарыстан шығудың Қазақстандық тәжірибесі және оны реттеу тетіктері


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР :

  1. Дағдарыстың қазіргі кезеңдегі жалпы жағдайы
  2. Дағдарыстан шығудың қазақстандық тәжірибесі және оны реттеу тетіктері
  1. Дағдарыстың қазіргі кезеңдегі жалпы жағдайы

Әлемдік экономикадағы дағдарыс көріністерінің салдарынан бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың бір бөлігі кредиттерді және облигациялық қарыздарды өтеуде және оларға қызмет көрсетуге байланысты қиындықтарға ұшырап отыр, бұл банкроттық, кредит берушілер, инвесторлар мен контрагенттер алдында міндеттемелерді орындамау, салықтық міндеттемелерді орындамау қаупін туындатып, банктердің несие қоржынына теріс әсер етеді.

Өз кезегінде банк активтері сапасының нашарлауы құрылатын провизиялар көлемінің, шығындардың, капиталға қысымның өсуіне және соның салдарынан нақты секторға кредит беру мүмкіндігінің қысқаруына әкеп соқтырады, бұл нәтижесінде экономиканың өсімін тежейді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2011 жылғы 11 ақпанда «Нұр Отан» ХДП-ның XIII съезіндегі өзінің сөзінде нақты және қаржы секторларының орын алып отырған проблемалары туралы атап өтті және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен бірлесіп, дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.
Өз сөзінде Мемлекет басшысы осы мәселені шешу екі бағыт бойынша - бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыруға көмек көрсету және қаржы жүйесін сауықтыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс деп айқындап берді.

Сондықтан Экономиканы дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасында бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру жөніндегі және Қаржылық тұрақтылық және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен бірлесіп әзірлеген қаржы жүйесін сауықтыру жөніндегі екі бөлік көзделеді.

Осы Бағдарлама берешегі 4, 5 миллиард теңгеден асатын бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мақсатында әзірленді.

Берешегі осы сомадан кем бәсекеге қабілетті кәсіпорындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы) шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсетуді пайдалана алады. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша субсидиялау түрінде қолдау шараларын алып жатқан кәсіпорындар Бағдарламаның талаптарына сәйкес келген жағдайда оған қатыса алады. Бұл ретте, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасынемесе басқа мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалар шеңберінде субсидияланатын кредиттерді (қарыздарды алуды) Бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін Бағдарлама бойынша субсидиялау шартын жасасқанға дейін осы бағдарламалар шеңберінде жасалған субсидиялау шарттарын бұзуы тиіс.

Қаржы жүйесін сауықтыру үшін кредиттік портфель сапасын сауықтыруға, Қазақстан экономикасына кредит берудің тұрақты өсуін қамтамасыз ететін ең үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес меншікті капиталдың жеткілікті болуы жөніндегі талаптарды жақсартуға бағытталған шаралар кешені қабылданатын болады.

Мемлекет басшысы кәсіпорындарды сауықтырудағы мемлекеттің қолдауы уақытша шара болып табылады және кәсіпорындардың өсу стратегиясына көшуі үшін көрсетіледі деп айқындады.

Кейіннен өзінің төлем қабілеттілігін қалпына келтірген кәсіпорындар «Өнімділік 2020» бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатыса алады.

Бағдарламаның қолданысы кәсіпорындарды сауықтыру кезінде тараптардың еріктілігі, тепе-тең қатысуы, айқындылық, жариялылық, сондай-ақ тиімділік пен жүйелілік қағидаттарына негізделген.

Еріктілік қағидаты кәсіпорынның Бағдарламаға өтініммен қатысуына сайып келеді.

Тараптардың тепе-тең қатысуы кәсіпорынды сауықтыру жөніндегі іс-шаралар кредит берушілердің, меншік иелері мен мемлекеттің бірлескен және көрсетілетін қолдау келемімен мөлшерлес күш-жігерімен жүзеге асырылуға тиіс екенін білдіреді.

Айқындылық қағидаты Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу рәсімдері мен нәтижелерін баяндаудың анықтығына және Бағдарламаның іске асырылуы үшін мемлекеттік және өзге органдардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдында есеп беруіне негізделеді.
Жариялылық қағидаты қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия режимді қамтамасыз етуді ескере отырып, мемлекеттік органдардың қызметіндегі барынша ашықтықты және мемлекеттік қолдау нәтижелерін міндетті түрде жариялауды білдіреді.

Тиімділік және жүйелілік қағидаты мемлекеттік қолдау оңалту (сауықтыру) жоспарында айқындалған мерзімге сәйкес оң нәтиже межеленген кезде ғана ұсынылатынын білдіреді.

Бағдарламаға «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңыныңережелеріне сәйкес орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын, қызметін өндіруші өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын, сондай-ақ алкоголь және темекі өнімін өндіретін кәсіпорындарды қоспағанда, жүйе құрушы болып табылатын кәсіпорындар қатыса алады.

Мемлекет, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер қатысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдер қатысатын заңды тұлғалар Бағдарламаға қатысушы бола алмайды.

Бұл ретте қаржы ұйымдарымен қаржыландыру туралы келiсiмдер 2012 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей жасалуы тиіс және 2011 жылғы 1 қаңтарға (не 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 сәуірге дейінгі кезеңде Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кәсіпорындар бойынша 2012 жылғы 1 қаңтарға) олар бойынша міндеттемелердің жалпы сомасы 4 500 000 000 (төрт миллиард бес жүз миллион) теңгенi құрауы немесе асыруы тиiс (2012 жылғы 1 қаңтардан кешiктiрмей туындаған бұрын қабылданған мiндеттемелердi қайта қаржыландыру жағдайларын қоспағанда) және қайта құрылымдаусыз оларды болашақта орындау проблемалы болады деген негiздер болуы тиiс.

Егер холдинг құрамына берешек бойынша критерийді қоспағанда, жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін кәсіпорын кірген жағдайда және бұл ретте холдинг бойынша жиынтық берешек 4, 5 млрд. теңгені құраса немесе одан жоғары болса, онда осы кәсіпорынның Бағдарламаға қатысуға құқығы бар.

Бағдарламаға жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін, «Банкроттық туралы» Заңға сәйкес сот шешімінің негізінде оңалту рәсімі қолданылған кәсіпорындар қатыса алады.

Бағдарламада мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

Сауықтыру кеңесі - мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы өкілдерінен тұратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қалыптастырылған консультациялық-кеңесші орган. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Сауықтыру кеңесінің төрағасы болып табылады. Сауықтыру кеңесінің қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Сауықтыру кеңесі туралы ережемен реттеледі. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Сауықтыру кеңесінің жұмыс органы болып табылады.

  1. Дағдарыстан шығудың қазақстандық тәжірибесі және оны реттеу тетіктері.

Дағдарыстан шығу жолдары мен іске асырылып жатқан шараларға дұрыс баға беру үшін, олардың оң-терісін түсіну үшін, жалпы адамзат тарихында болған қаржы-экономикалық дағдарыстарына шолу жасап шыққан артық болмас деп ойлаймын.

Әлемді дүр сілкіндірген дағдарыстарының бірі - 1929 жылғы дағдарыс болатын. Сол кезеңдегі дағдарыстың негізгі себебі тауарға жоғары бағаны және төмен жалақыны ұстап тұрған монополияның басым болуында еді. Дағдарыс акциялар­дың құнының күрт түсуінен басталды. Түбегейлі өзгерістің болатындығына ешкім сене қоймаған болатын. Бірақ, бірнеше күннің ішінде Нью-Йорк қор биржа­сын­дағы құн құлдырауының нәтижесінде бай­балам салынып, акция иелері қолдарында бар акциялардың барлығын сата бастады. Қолда бар акцияларының құны құлдырай бастаған компаниялар мен жеке тұлғалар орасан зор шығындарға ұшырады. Биржа­лық саудаға қатысушылардың арасында бас­талған дағдарыс төлемқабілетсіздік арқылы АҚШ-тың бүкіл экономикасын жаулай отырып, Еуропа елдеріне де ауысып үлгірді. Банктердің ішінде банкроттыққа ұшырамаған банк болмады. 1929 жылғы Ұлы депрессия сол кезде осылайша сипат­талған екен.

1929 жылғы қаржы дағдарысы дефля­ция (айналымдағы банкнот пен қағаз ақшаның сатып алу құнын күшейту) мен қайта өндіріс дағдарысын тудырса, қазіргі заманғы дағдарыстан рецессия мен дефляцияны күтуге болады.

Қағдарысымен күрестің көпші­лікке кеңінен танымал жолын АҚШ-тың президенті Франклин Рузвельт ұсынған болатын. АҚШ-тың президенті капита­лизм­ді әлеуметтендіруді, мемлекеттің рөлін күшейтуді, мемлекеттің шығыстарын арт­тыруды, монополияға қарсы реттеуді ұсын­ған еді. Коммерциялық банктерге бағалы қағаздармен жұмыс жасауға тыйым салған Гласса-Стигал заңы қабылданды. Осылай­ша, коммерциялық банктер салымшы­ларының тәуекелге баруына ықпал ету (тәуекел азая түсті) іске асырылды.

Депозиттерді сақтандыру туралы заң қабылданып, депозиттерді сақтандырудың федералдық корпорациясы құрылды. Атаулы корпорацияға банктер резервте­рінің сомасын реттеу құқығын беру Үкі­меттің несиелерге қолжетімділігіне ықпал ету құралын берді. Бағалы қағаздар нары­ғын реттеу үшін Бағалы қағаздар мен бир­жалар жөніндегі комиссия құрылды. Па­йыз­дық ставкаларды түсіріп, қаржы сала­сында және басқа да әлеуметтік-эконо­микалық салаларда мемлекеттік реттеуді күшейту жөніндегі жұмыстар жүргізіле бастады.

АҚШ-тың президенті Рональд Рейганға дейін болған президенттер мемлекеттің ел экономикасына араласу мүмкіндігін ескере отырып, Ф. Рузвельт қалаған бағытта қызмет етсе, Р. Рейганның билік басына келуі­мен жағдай кішкене өзгерген болатын. Р. Рейган ұсынған модель бойынша салық­тар қысқартылды, мемлекеттің ел эконо­микасындағы рөлі азая түсті, әскери-өнер­кәсіптік кешен кәсіпорындарына мемле­кеттік тапсырыстың саны арта түсті. Салықтардың қысқартылуы - халықтың сатып алу қабілетін арттырды. Рейганның пікірінше, Федералдық Үкімет экономи­каға көп араласатын. Сол себепті, Рейган­ның басқаруы кезінде бірқатар мәселелер бойынша, айталық, сатып алушылармен, жұмыс орындарымен және қоршаған орта­ны қорғаумен байланысты мәселелерде мем­лекеттік реттеуді қысқарту жөнінде жұмыстар белсенді жүргізілді. Осы мақсат­тарды іске асыру үшін көптеген әлеуметтік бағдарламалар қысқартылды. Мемлекеттің қарыздары мен бюджет дефициті арта түсті. АҚШ ірі кредитордан ірі борышқорға айналды.

XXІ ғасырдағы дағдарыстың алғашқы белгілері 2000 жылы-ақ сыр берген бо­латын. АҚШ-тың Орталық банкінің бас­шылығы ел экономикасын қолдаудың стратегиясына сәйкес есептік ставканы 0, 1 пайызға дейін түсіріп, экономикалық про­цестердің белсенділігін қамтамасыз етті. Осылайша, ел экономикасының айна­лымы арта түскен болатын. Арзан ақша саясаты қаржы нарығындағы пайыздық ставканың да түсуіне әкелді. Арзаншылық жағдайды пайдаланып қалғысы келген халық несие алып, пәтерлер сатып алу немесе тұрғын үй құрылысын жүргізу қарқынды жүре бастады.

Қазақстан Республикасының Прези­денті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жасаған «Дағдарыстан жаңаруға және дамуға» атты Жолдауында «Бүгінгі күні бүкіл әлем экономикалық дағдарыстың салдарын басынан кешіріп отыр. Біз тіпті, ең дәулетті деген мемлекеттердің экономи­касын дүр сілкіндірген жањандық қаржы­лық цунамидің куәсі болып отырмыз. Бұл құбылыстың жаңғырығы бізді айналып өтпегендігіне таңқалмаймыз» деп атап өткен болатын.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың осы Жол­дауы Қазақстан Республикасын қаржылық дағдарыстан шығарудың бірден-бір жолын көрсететін және еліміздің экономикасын қарқынды дамитын экономика дәрежесіне көтеруді көздейтін құжат еді.

Қазақстан 2008 жылдың қазан айында ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық банкі және Қаржы қадағалау агенттігінің экономика мен қар­жы жүйесін тұрақтандыру бойынша бір­лескен жұмыс жоспарын қабылдау арқылы өзінің экономикалық дағдарысқа қарсы іс-қимылдарының басым бағыттарын белгі­ленген және сәйкесінше, әлемдік эконо­микалық дағдарысқа жедел ықпал ету шараларын қолға алған алғашқы мемле­кет­тердің бірі болды.

Әлемдік қаржылық дағдарыс тұрғы­сынан қарағанда ақша-несие саласындағы мемлекеттік реттеуді күшейту мәселесі жөнінде ойланған дұрыс болар еді. Шын мә­нінде, қазіргі сәтте, бізге әлеуметтік нарықтық экономикаға сәйкес келетін ережелер бойынша жұмыс жасайтын қаржылық нарық қажет. Алайда, қаржы нарығына арналған жаңа ережелер халық­аралық нормаға айналғанда ғана жұмыс жасай бастайды. Сондықтан да, дағдарыс­тың салдарын күтпей, оның алдын алу жөніндегі шараларды қазірден бастап қолға алған жөн.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық банктің және Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің «Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында» қарастырылған шара­ларды жүзеге асыру үшін Қазақстан эко­но­микасы республикалық бюджетте қаралған қаржыларға қосымша 2, 2 трил­лион теңгеден кем емес көлемде мемлекеттік қолдау жасалып, ұлттық қор қаржысы есебінен 1, 2 триллион теңге бөлініп, одан: қаржы секторын тұрақтандыруға - 480 млрд. теңге; жылжымайтын мүлік рыногындағы проблемаларды шешуге - 360 млрд. теңге; шағын және орта бизнесті қолдауға - 120 млрд. теңге; Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға - 120 млрд. теңге; ин­новациялық, индустриялық және инфра­құрылымдық жобаларды жүзеге асыруға - 120 млрд. теңге қарастырылды. Рес­публикалық бюджеттен бөлінген 122 млрд. теңге Стресті активтер қорын капитал­дандыруға арналды. Ұлттық банк қарас­тыратын 350 млрд. теңге ең кіші талаптарды ішкі міндеттемелер бойынша 5 пайыздан 2 пайызға дейін, басқа міндеттемелерді 7 пайыздан 3 пайызға дейін төмендету арқы­лы екінші деңгейдегі банктерге олардың ресурстық базаларын 350 млрд. теңгеге дейін ұлғайтуға, ал, жаңа Салық кодек­сінің жұмыс істеуі шеңберінде салықтық ауыртпалықты төмендету - кәсіпорындарға тек 2009 жылдың өзінде ғана шамамен 500 млрд. теңгені босатып, оларды эконо­миканы дамытуға бағыттауға мүмкіндік берді.

Дағдарыс жағдайында Қа­зақстанның банк жүйесін қолдау мақса­тында Үкімет тарапынан тұрақтандыру шараларын қабылдаудың маңызы зор болды. Қаржылық қолдау жасау үшін банк­терді таңдау барысында банк капи­талының көлемі ескерілсе, кейіннен, отан­дық экономиканы несиелендірудегі үлесі, жеке тұлғаларды несиелендірудегі үлесі, жеке тұлғалардың депозиттерін жинақ­таудағы үлесі, төлеп отырған салығының көлемі, қызметкерлерінің саны ескерілді. Осының негізінде, Қазақстан Үкіметі, Ұлттық банк және Қаржы рыногы мен қар­жы ұйымдарын реттеу және қадағалау агент­тігі Қазақстан Республикасы банк сек­торының капиталдану деңгейін одан әрі арттыру бағытында бірқатар шаралар қа­былдады, яғни, банк жүйесінің алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері: Тұран Әлем банкіне, Халық банкіне, Қазкомерц­банкке және Альянс банкіне олардың жай акцияларын, артықшылығы бар акция­ла­рын және субординацияланған облига­ция­ларын сатып алу жөнінде ұсыныс жасады.

Атаулы банктерді қолдау банктердің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді тар­тымды активтерін қамтамасыз ету бағыт­тары бойынша жүргізілді. Ұзақ мерзімді тартымды капиталға қатысты акцияларды сатып алу үшін олардың қосымша эмис­сия­лары шығарылып, бұл акцияларды сатып алу бірінші кезекте банк акцио­нерлеріне ұсынылды. Акцияларды сатып алудан акционерлер бас тартқан соң ғана «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры арқылы аталған акциялар сатып алынған болатын. Қысқа мерзімді капиталға қа­тысты қолданылатын негізгі тетіктердің бірі банктерден талап етілетін олардың өзіндегі сақтық қорының төменгі мөлшерлі деңгейін екі пайызға дейін төмендету жолымен жүзеге асырылды.

Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев әлемдік қаржы жүйесіндегі дағдарыс себептерін саралай келе, дағдарыстан шығу мақсатында атқарылып жатқан шаралар­дың дүниежүзілік тәжірибесін талдау арқылы, мазмұны жағынан маңызды, тәжірибе тұрғысында теңдесі жоқ байыпты ұсыныстарды қамтитын тұжырымдама жасады. Елбасының еңбектерінде қаржы жүйесінің проблемалары орынды қарасты­рылып, сипаты жағынан жан-жақты анықталған.

Елбасы «Дағдарыстан шығу кілті» мақаласында «Бүгінде елдер мен конти­ненттерді тітірентіп тұрған жањандық әлем­дік дағдарыс, бұл - адамзат әлі біліп бол­маған айрықша құбылыс. Ол әлем тари­хында теңдесі жоқ және әлемдік тәртіпті, барлық экономикалық бастауларды түбе­гейлі өзгертетін құбылыстар санатына жататыны анық. Сондықтан да оны талдауға, ой елегінен өткізуге және еңсеруге барлық ескі догмалар мен стереотиптерді қайта қарастыратын жаңаша көзқарас қажет» деп жазған болатын.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев өз еңбегінде алдағы уақытта осы секілді дағдарысты болдырмас үшін әлемдік капитал қорын қалыптастыру, әлемді жаңа нысанда қайта құру, әлем елдері арасындағы байланысты жаңа қарқында қалыптастыру идеяларын ортаға салды.

Қазақстан экономикасының дамуы­ның сәттілігі табысты экономикалық реформалармен және қаржы нарығындағы түбегейлі оң өзгерістермен түсіндіріледі. Дегенмен, Қазақстанның өркендеуі үшін нарықты тиімді дамыту және экономикаға инвестициялар тарту үшін қажетті заңнаманы қалыптастыру және оны жетілдіріп отыру қажет.

Шет мемлекеттерден түскен көптеген инвестиция түріндегі қаржылар қазақ­стандық банктер үшін тиімді болғанымен, әлемдік экономикаға тәуелділік салда­рынан АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыс­тың нәтижесінде әлемдік қаржы нарық­тарынан несие алу тоқтатылды. Дүние жүзін дүрліктірген дағдарыстың салдары іскерлік белсенділіктің саябырлауына әкеліп отыр. Бір сөзбен айтқанда, әлемдік қар­жы нарықтарындағы жағдай әрі тұрақ­сыз, әрі болжауға болмайтындай болды.

Экономикалық дамудағы тұрақтылық, жағымды инвестициялық жағдай, қаржы­лық сектордың қарқынды дамуы Қазақ­станға әлемдік экономикадағы өз орнын табуға мүмкіндік берді. Әлемдік эконо­микалық жүйенің бір бөлігіне айналған Қазақстан экономикасы, әсіресе, оның банк жүйесі 2007 жылдан бері жалғасып келе жатқан қаржылық дағдарыстың теріс ықпалын сезініп отыр. 2007 жылғы дағда­рыстың негізгі салдарының бірі - шетелдік қаржыландырудың азаюы және сәйке­сінше, отандық коммерциялық банктердің несие беру қарқынының төмендеуі болды.

Осылайша, қалыптасқан қиын жағ­дайда ҚР Ұлттық банкінің алдында инфля­цияны төменгі деңгейде ұстап тұру міндеті тұрды. 2007 жылдың 2-жартысында әлемдік тауар нарықтарында бағаның өсуі (дәнді дақылдар, өсімдік майы, мұнай, шикізат тауарлары) инфляцияның күрт өсуінің негізгі себебі болды және сәйкесінше Қа­зақстандағы осы тауарларға және олардан өндірілетін өнімдерге бағаның өсуімен ықпал етті. Ұлттық банктің алдында қар­жылық тұрақтылықты қамтамасыз ету міндеті тұрды және туындаған өзекті мәсе­лені шешу үшін ҚР Ұлттық Банкі қаржы­лық жүйені ақшалай-несиелік реттеу құралдарының тиімділігін жетілдіру және арттыру жөніндегі шараларды қабылдады.

Қаржылық тұрақтылықты, мемлекеттік органдардың өзара қатынасының тиімділі­гін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ, қар­жылық тұрақтылық үшін қауіпті болатын жайларды уақытында анықтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін, қаржы қатынастары субъектілерінің тәуекелдерін реттеу жөніндегі үйлесімді саясатты жүргізу үшін Ұлттық банк және Қаржылық қада­ғалау жөніндегі агенттік 2007 жылы 10 қарашада қаржылық тұрақтылық жөніндегі меморандумды қабылдаған болатын.

Меморандум қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі принциптерін, әрбір тараптың қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін және рөлін, ақпараттық қызметтестік тәртібін, сондай-ақ, жүйелі түрде болып отыратын дағдарыстардың жағымсыз ықпалын минимумға жеткізудің принциптерін және тетіктерін анықтады.

Атаулы дағдарыстар еліміздің қар­жылық жүйесіне, соның ішінде банк жүйесіне оң ықпалын тигізетіні сөзсіз. Өзектілік сипатындағы өзгерістер бүтіндей ел экономикасын «сауықтыруға» да мүмкіндік береді.

Дағдарыстан шығудың әлемдік тәжі­рибесі де көңілден тыс қалмайтындығы сөзсіз. Әлемдік тәжірибеде проблемалы банктердің активтерін сатып алу үшін ар­найы ұйымдар құру тәжірибесі жиі кез­деседі. Мұндай ұйымдарды мемлекет немесе банктердің өзі құруы мүмкін. Осындай шараны іске асырудың негізгі мақсаты - банктің балансын жақсарту болып табылады.

Проблемалы банктердің активтерін сатып алу үшін арнайы структура - қор құру жөніндегі идея қазақстандық банк секторына да жат болмай шықты. Атаулы шараның мемлекет тарапынан іске асыры­луы әкімшілік және бюрократиялық кедер­гілерді болдырмайды, сондай-ақ, қара­пайым азаматтардың мүдделерін ескереді. Ал, банктер бірлестігі халықтың қамын ойламай, жеке мүдделерін қамта­масыз етумен шектеліп қалуы әбден мүмкін.

Қалыптасқан жағдайда, дағдарыстан шығуды және тараптардың мүдделерін қам­тамасыз ету мақсатында Қазақстан Рес­публикасының Үкіметі бірқатар жұ­мыстар атқарды. Негізгі мақсаты - банктік несиелерді сатып алу және оларды басқару болып табылатын, жоғарыда аталған қордың қызмет ету механизмі және мән-жайлары кеңінен талқыланды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері
Дағдарыстан кейінгі кезең
Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы және оған дүниежүзілік ипотеканың ықпалы
Экономикалық дағдарыс: мәні, түрлері, себептері
Ұлттық экономиканы дағдарыс кезінде тиімді әрі дұрыс басқару жолдарын ұсыну
Интеграция
Дағдарыс жағдайында экономиканы басқарудағы мемлекеттің рөлі
Нарықтық экономикадағы дағдарыс
Қазіргі қазақ публицистикасындағы экономика тақырыбының көрінісі
Экономикадағы дағдарыс жағдайы және экономикаға оның әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz