Адамдарды басқару және топтастыру



Өндіріс ұйымдық нышандарда (кәсіпорындарда) жүзеге асырылады. Осындай кәсіпорын ұжымының ұйымдық, экономикалық және заңды дербестігі, нақты міндеттері болады. Өз кезегінде әрбір негізгі ұжым бастауыш ұжымнан тұрады да, мұндағы барлық жұмыс істеушілер бір-бірімен тұрақты іскерлік және экономикалық қарым-қатынаста болды.
Мақсатқа жету үшін ұжым ұйымдасуы, әрі басқару органы болуы тиіс. Өндіріс процестерін басқаруды үйлестіру үшін әкімшілік құрылым жасалып, онда ұжым мүшелері сызық және басшылық деңгейі бойынша орналасады.Осы құрылым бойынша адамдар басшыларға және бағыныштыларға бөлінеді.
Басшылар тобы (командалық) басшылардан және олардың тікелей бағыныштыларынан тұрады, әрі бағыныштыларына бұйрық беруге құқығы бар, ал бағыныштылар оны орындауға міндетті.
Ұжымдағы қызмет қарым-қатынасын бейнелейтін, құрылым әлеуметтік психологияда ресми топтар деп аталады. Ресми топ термині белгілі бір әрекет етуді, жүріс-тұрыс стилін аңғартады, әрі ұжым мүшелері де басшыдан осындай қасиеттердің болуын талап етеді.
Басшы да өз ісін жете білу, ұйымдастырушылық және педагогикалық ерекшеліктері, талап етушілігі, принципшілдігі, адамдарға көңіл аудара білушілігі, ынталылығы, сенімділігі т.б. қасиеттерінің болуы ұжымды ойдағыдай басқаруына ықпал етеді.

2. Ресми және бейресми топтар.
Ресми топ (құрылым) басшының өз еркімен құрылады. Бұл жөнінде алдыңғы тарауларда толығырақ баяндалған болатын. Адамдардың өзара әрекет қылуы басшының жарлығымен болмайды.
Бейресми топтардың (құрылымдардың) пайда болуы да басшының бұйрығымен құрылмайды. Мұндай бейресми топтармен басшының санасуына тура келеді. Өйткені, олар жеке адамдарға және қызметшілердің жұмыстағы жүріс-тұрысына күшті ықпал етеді.
Кез келген ұжымда адамдардың қарым-қатынас жасауы, ортақ мүддені ойластыру, бір-біріне құрмет көрсетуі немесе бірін-бірі сынап-мінеуі табиғи нәрсе, әрі мұның өзі ешбір ережеде, нұсқауда көрсетілмейді.
Бейресми қарым-қатынас – бұл бірін бірі құрметтеуден, ортақ мүддеден, сыйластықтан туындайтын достық, бауырластық байланыс. Мұндай қарым-қатынас адамдардың өзіне қажетті болғандықтан пайда болды және де оның өзі жұмыс бабына, ұжымдағы психологиялық ахуалға ықпал етеді.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СРО

АДАМДАРДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ТОПТАСТЫРУ

Орындаған:Құрмашева Т.О
Тексерген:Карипбаева Ш.Т

2015-2016жж
1.Басшылар мен бағыныштылар

Өндіріс ұйымдық нышандарда (кәсіпорындарда) жүзеге асырылады. Осындай кәсіпорын ұжымының ұйымдық, экономикалық және заңды дербестігі, нақты міндеттері болады. Өз кезегінде әрбір негізгі ұжым бастауыш ұжымнан тұрады да, мұндағы барлық жұмыс істеушілер бір-бірімен тұрақты іскерлік және экономикалық қарым-қатынаста болды.
Мақсатқа жету үшін ұжым ұйымдасуы, әрі басқару органы болуы тиіс. Өндіріс процестерін басқаруды үйлестіру үшін әкімшілік құрылым жасалып, онда ұжым мүшелері сызық және басшылық деңгейі бойынша орналасады.Осы құрылым бойынша адамдар басшыларға және бағыныштыларға бөлінеді.
Басшылар тобы (командалық) басшылардан және олардың тікелей бағыныштыларынан тұрады, әрі бағыныштыларына бұйрық беруге құқығы бар, ал бағыныштылар оны орындауға міндетті.
Ұжымдағы қызмет қарым-қатынасын бейнелейтін, құрылым әлеуметтік психологияда ресми топтар деп аталады. Ресми топ термині белгілі бір әрекет етуді, жүріс-тұрыс стилін аңғартады, әрі ұжым мүшелері де басшыдан осындай қасиеттердің болуын талап етеді.
Басшы да өз ісін жете білу, ұйымдастырушылық және педагогикалық ерекшеліктері, талап етушілігі, принципшілдігі, адамдарға көңіл аудара білушілігі, ынталылығы, сенімділігі т.б. қасиеттерінің болуы ұжымды ойдағыдай басқаруына ықпал етеді.

2. Ресми және бейресми топтар.
Ресми топ (құрылым) басшының өз еркімен құрылады. Бұл жөнінде алдыңғы тарауларда толығырақ баяндалған болатын. Адамдардың өзара әрекет қылуы басшының жарлығымен болмайды.
Бейресми топтардың (құрылымдардың) пайда болуы да басшының бұйрығымен құрылмайды. Мұндай бейресми топтармен басшының санасуына тура келеді. Өйткені, олар жеке адамдарға және қызметшілердің жұмыстағы жүріс-тұрысына күшті ықпал етеді.
Кез келген ұжымда адамдардың қарым-қатынас жасауы, ортақ мүддені ойластыру, бір-біріне құрмет көрсетуі немесе бірін-бірі сынап-мінеуі табиғи нәрсе, әрі мұның өзі ешбір ережеде, нұсқауда көрсетілмейді.
Бейресми қарым-қатынас - бұл бірін бірі құрметтеуден, ортақ мүддеден, сыйластықтан туындайтын достық, бауырластық байланыс. Мұндай қарым-қатынас адамдардың өзіне қажетті болғандықтан пайда болды және де оның өзі жұмыс бабына, ұжымдағы психологиялық ахуалға ықпал етеді.
Басшы шешім қабылдарда ұжымдағы осындай бейресми құрылыммен санасуына, ақылдасып кеңесуіне тура келеді. Басшы мен бейресми топ арасындағы қарым-қатынас неғұрлым алшақтаған сайын, ұжымдағы байланыс соғұрлым күрделене, шиеленісе түседі.
Жүргізілген зерттеулерде ұжымның түсінушілігі, топтасқандығы, ауызбіршілігі бейресми және ресми құрылымдардың ынтымақтастық дәрежесіне байланысты екендігі анықталған. Және де ынтымақтастық дәрежесі неғұрлым жоғары болса, ұжым соғұрлы табысқа жетеді. Мәселен, адамдардың жұмыс орнын операцияларды бірлесіп істеуге тілек білдіруіне қарай орналастырудың өзі ғана еңбек өнімділігін 10-12 % -дай арттырады екен.
Ұжымның бейресми құрылымына адамдар арасындағы қарым-қатынасты айқындауда, ұжымда болып жатқан жайттарға терең үңілуде социометриялық зерттеулер едәуір көмек береді.
Топқа кірудің басты себептеріне жататыны: құрамында болу сезімі, өзара жәрдемдесу, бірін-бірі қорғау, тығыз қарым-қатынас және мүдделілік.
Бейресми топтың жұмыс тиімділігі мынадай факторларға тәуелді: мөлшері, құрамы, топтық нормасы, топтасқандығы келіспеушілігі, статусы және ондағы мүшелердің қызметтік рөлі.
Отандық және шет елдік зерттеулерде топ көлемі ұлғайған сайын ондағы мүшелердің қарым-қатынасы күрделене түсетіндігін осыған орай топ қызметіне және атқарылатын міндеттерге байланысты мәселелер қиындай түсетіндігін көрсетті. Топ көлемінің ұлғаюы бейресми топтардың жеке бөлінуін де арттыра түседі.
Құрам дегеніміз жеке адамдардың проблема шешудегі пікірлері мен көзқарастарының үйлесімділігі. Топтағы адамдардың бір-біріне ұқсамауы ұсынылады, мұның өзі қолайлы шешім қабылдаған кезде әр түрлі пікірді пайдалануға мүмкіндік береді.
Зерттеулердің көсеткеніндей, топ қабылдаған топтық норма жеке адамдардың бағыт-бағдарына және ұйымның мақсатқа жетуіне ерекше зор ықпал етеді.

Топтық норма былайша жіктеледі:
1.
Ұйым үшін мақтаныш сезімі;
2.
Мақсатқа жету;
3.
Табыстылық;
4.
Ұжымдық еңбек;
5.
Жоспарлау;
6.
Тапсырушылармен қарым-қатынас;
7.
Адалдықты қорғау.

Топтың ұйымшылдығы - топ мүшелерінің бір біріне көңіл бөлуі. Ұйымдағы ұйымшыл топ жақсы жұмыс істейді, әрі мұның өзі бүкіл ұйымның тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Топтық пікірлестік - жеке адамдардың көзқарасы, ойы бір жерден шығатын, ниеттес, көңілдес болуы, топ бірлігін, ұйымшылдығын, ауызбірлігін жақтауы. Топ мүшелеріндегі келіспеушілік адамдар арасында іріткі тудырады, сондықтан бұған жол бермеу қажет деп есептейді.
Алуан түрлі пікірдің болуы, әдетте, топ жұмысының тиімділігін арттыра түседі, сонымен қоса келіспеушілік туғызуы да мүмкін. Топтағы келіспеушіліктердің себептері және оны шешу жолдары төменде қарастырылады.
Ұйымдағы немесе топтағы кез келген жеке адамның статусын қызметі жағынан жоғарылығы, лауазымдық орны, кабинетінің орналасуы, білімі, әлеуметтік таланты, хабардарлығы және тәжірибелігі бойынша айқындайды. Бұл факторлар топтағы адамдардың статусын көтеруі немесе кемітуі мүмкін. Топтағы статусы төмен мүшелерге қарағанда, статусы жоғары мүшелер топ шешіміне едәуір ықпал ете алады. Алайда, мұның өзі олардың статусын көтеруге әрдайым ықпал ете бермейді.
Топтың тиімді жұмыс істеуін айқындайтын шешуші фактор, ондағы мүшелердің ісіне байланысты. Топ тиімді жұмыс істеуі үшін оның мүшелерінің ынта-ықыласы, жұмысқа деген дұрыс көзқарасы қажет. Топтың қалыпты болуы үшін психологтар негізгі екі бағытты ұсынады. Біріншісі, мақсатты бағыт рөлі, мұнда топтың тіршілік тынысы мен іс әрекетін сүйемелдеу мақсаты қойылады.

Топтағы іс әрекеттің түрлері болды:

- мақсатты рөлі, мәлімет іздестіру, пікір жинау, мәліметті алу, пікір айту, талқылау, үйлестіру, сүйемелдеуші рөль, көтермелеу, қатысуды қамтамасыз ету, өлшемдерді белгілеу, орындаушылық, сезімін білдіру.
Көпшілік американдық басқарушылар мақсаттық рөлді, ал жапондықтар - мақсаттық және сүйемелдеуші рөлдерді орындайды.
Сонымен, ең тиімді топқа жататыны - бұл көлемі міндетіне сай келетін, құрамында мінез-құлқы бір-біріне сай келетін алуан түрлі адамдар болатын, оларға белгіленген норма ұйым мақсатына жетуге істейтін, мақсаттық, сқндай-ақ сүйемелдеуші рөльдер жақсы орындалатын топтар жатады.

Мәліметтер жүйесін қалыптастырған кезде басқарушы неғұрлым жалпы айқындаушыларды және сапалық сипаттамаларды басшылыққа алуы тиіс.

Кәсіпорынды дамытудың және техникалық жарақтандырудың кез келген сатысында мәліметтер жүйесін ұйымдастырған кездегі маңызды айқындаманың бірі - шығыс құжаттары болып саналады. Шығыс құжаттары - бұл мәліметтерді өңдеудің және қалыптастырудың аяқталу сатысы, мұның өзі тиісті басқару командасын ойластыру үшін қажет.

Бірыңғай мәлімет айқындамасы шартты-тұрақты мәліметтер ауқымын құруды көздейді. Мұндай мәліметтер қорын жасау мәліметтер жүйесінің жұмысын едәуір дәрежеде жеңілдетеді, әрі жоспарлы және есеп беру құжаттарындағы мәліметтердің тым көп болуын едәуір азайтады.

Егер мәліметтердің сапалық сипаттамасы сақталмайтын болса, онда мәліметтер жүйесін ұйымдастыру біршама нәтижесі болып шығады. Мәліметтер жүйесін ұйымдастырған кездегі мұндай талап мәліметтер сапасының айқындамасын көздейді.

Мәліметтер жүйесін ұйымдастырған кезде қамтамасыз етілуге тиісті ең маңызды сипаттамаларға мыналар жатады:
1.
Дұрыстығы. Басқаруға пайдаланылатын кез келген шығыс құжаттарының мәліметтері өндірістің дамуының нақты көрсеткіштеріне дәлме-дәл сәйкес келуі тиіс. Мәліметтердің бұрмалануы дұрыс шешім қабылдауға, нәтижесінде бар мүмкіндіктің толық пайдалануына әсер етеді.
2.
Түсініктілігі. Мәліметтер басқарушы адамның шешім қабылдауына қиындық келтірмеуі тиіс.

Мәліметтер жүйесін жарақтандару деңгейі туралы мәселені шешкен кезде, үстемділік принципі сақталуы тиіс. Техникалық құралдарды пайдалану шығыны негізделуі қажет.

Жоғарыда аталған принциптерді сақтаумен мәліметтер жүйесін жетілдіру аяқталмайды, сонымен қоса шығыс құжаттарын қалыптастыруды қамтамасыз ететін мәліметтер тасқынының барлық түрін ретке келтіруге тура келеді. Осы мақсатта әрбір шығыс құжатында мәліметтер моделі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы қаржыландыру
Институционалдық бірліктер
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау тәртібі
«Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары»
Түзеу мекемелерінде жазаны өтеу жағдайлары
Шешім қабылдау және жоспарлау үшін өндірістік шығындарды топтау
Қылмысқа қатысушылық формаларын топтастыру
Сотталғандарды тәрбиелеу мен түзеудегі қолданылатын негізгі тәсілдер
Адам өмірі қауіпсіздігінің негізгі курсының дәрістері
Халықаралық қонақ үй ісін ұйымдастырудың теориялық – әдістемелік негізі
Пәндер