Домбығу


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазакстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындагы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Домбығу

Орындаған:Мұқанова А. Е

Топ: ВС-303

Тексеруші: Нуркенова М. К

Семей 2015ж

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Домбығудың пайда болу механизмі

2 . Домбығудың жіктелуі.

3. Домбығудың организм үшін мәні

IV. Қорытынды

V. Ұсынылатын әдебиеттер

І Кіріспе

Домбығу дегеніміз - сұйықтың ұлпаларға және ұлпа аралығындағы қуыстарға патологиялық жиналуы және іркілуі. Сұйық жасуша ішінде де іркілуі мүмкін. Мұны жасуша ішіндегі домбығу деп атайды.

Домбығу кезінде ұлпа көлемі ұлғаяды, оның созымдылық қасиеті, температурасы кемиді. Домбыққан ұлпаны немесе мүшені басқанда біраз уақыт ойық пайда болады.

Домбығудың өршуі ұлпаларды қысып, онда қан айналысын бұзады. Ұлпа аралығында сұйықтың тым көбейіп кетуі қан мен жасуша аралығындағы зат алмасуды бұзады. Трофикалық функцияның бұзуылуы салдарынан ісінген ұлпаларға инфекция тез жұғады, кейде дәнекер ұлпаның дамығандығы байқалады. Мұндайда қышқыл-сілті тепе-теңдігі де бұзылуы мүмкін. Домбығудың қауіптілігі даму орнына да байланысты. Сұйықтың ми қуысына, жүрек қалтасына, плевра қуысына жиналуы маңызды мүшелердің функциясын бұзып, кейде мал өміріне қатер төндіреді.

Қорғану-бейімделу қасиетінен мыналарды атап көрсетуге болады: сұйықтың тамырлардан ұлпаларға қауырт ауысуы және сонда іркілуі, қанда еріген улы заттардан арылуына, сондай-ақ организмнің сұйық ортасындағы осмостық қысымның тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді, т. б.

Домбығудың пайда болу себептеріне қарай, оны іркілетін (жүректік), бүйректік, улы, қабындыратын, кахексиялық (жүдеу), эндокриндік және нервтік-трофикалық деп бөледі.

ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Домбығудың пайда болу механизмі

Тамырлар мен тканьдердегі сұйықтың алмасуы капиллярлар кенересі арқылы өтеді. Бұл кенерені жартылай өткізетін биологиялық мембрана ретінде қарастыруға болады, өйткені ол екі бағытта суда, электролитті, кейбір органикалық қосылысты (мочевина) іркіліксіз өткізеді, бірақ белоктарды іркіп қалады.

Домбығудың дамуы мынадай фоктарлармен айқындалады:

  1. Плазманың коллоидтық - осмостық қысымның кемуі;
  2. Капиллярлардағы қысымның артуы;
  3. Капиллярлар кенересінің өткізгіштігің артуы;
  4. Клетка аралығындағы сұйықтың коллойдтық-осмостық қысымының артуы;
  5. Организмде судың және хлорлы натрийдің бөлінуінің азаюы және олардың көптеп келуі;
  6. Қышқыл-сілті тепе-тендігінің бұзылуы;
  7. Нерв-эндокринді жүйелердің бұзылуы және т. б.

Әдетте, ісіну бір емес, бірнеше факторлардың бірлесе әрекет етуі нәтижесінде пайда болады.

Алуан түрлі домбығудың даму механизмі көп жағдайда ортақ, сондықтан ісіктерді нағыз патологиялық процеске жатқызуға болады. Кез келген патологиялық процесс секілді, домбығудың да зақымдайтын, сондай-ақ қорғанып-бейімделетін де қасиеті болады.

2. 2 Домбығудың жіктелуі.

Домбығудың жіктелуі.
Домбығудың жіктелуі.: Іркілу домбығу
веноздық қан айналысы бұзылған кезде және лимфа тамырларынан лимфа бөлінгенде пафйда болады. Бұл ауру жүрек жетімсіздігінде, веноздық қысымда және қан іркілісінде өршиді. Алдыңғы қуыс венада қысымның көтерілуі лимфа тамырларын тарылтып, лимфатикалық жетімсіздікке ұшыратады да, ісікті одан әрі өршіте түседі. Малда ісік жамбас және кеуде учаскелерінің төменгі тұсындағы тері асты клетчаткаларында байқалады.
Домбығудың жіктелуі.: Бүйрек домбығуы
бүйрек ауруларында (нефроз және нефрит) пайда болады.
Домбығудың жіктелуі.: Нефроздық домбығу
пайда болуына бірқатар факторлаор қатысады. Нефроз кезінде қанда белок мөлшері, сонымен қоса хлорлы натрийдің бөлінуі де азаяды. Соның салдарынан қан қысымы кеміп, онда белок мөлшері азаяды. Капиллярлар кенересінің өткізгіштігінің артуы, қан плазмасында онкотикалық қысымның кемуі, тканьдерде хлорлы натрийдің, әсіресе белокты алмасу өнімдерінің жиналуы судың тамырлардан шығып, тканьдерде іркілуіне ықпал етедлі, өйткені онда осмостық қысым мен ткань коллоидттарының гидрафильділігі артады.
Домбығудың жіктелуі.: Нефриттік домбығу
басты ерекшелігі - ткань араплығындағы сұйықта белоктың өте көп болатындығы және тканьдердің гидрофильділігі артатындығы. Нефрит кезінде су мен тұздың іркілетін себебі, гипофиздің антидеуретикалық гармонын көп бөлінуінен болу мүмкін. Малда ісіну құрсағында төзінде ғана емес, құйымшағында, тамағында қасында пайда болады.
Домбығудың жіктелуі.: Уытты домбығу

әртүрлі улану кезінде (фостгенмен, и хлормен, дифостгенмен, хлорлы аммониймен т. б) сондай-ақ көптеген улы заттардың жекелей әсер етуінен өршиді. Мәселен, хлорды, фосгенді, әсіресе дифосгенді ауамен жұтқанда өкпе ісінуі, ал теріге иприт, люизит және басқада заттар әсер еткенде - тері ісігі пайда болады. Сонымен қоса инфекциялық аурулардыі әсерінен организм уланғанда пайда болу мүмкін.

Ісінудің өршуіне тамыр кенересінің зақымдануы, олардың жарылуы, сондай-ақ ыдыраған ткань өнімдеінің көтеп жиналуы, онда осмостық қысымның көтерілуі де әсер етеді .

Домбығудың жіктелуі.: Қабыну домбығуы
көптеген ауруларға ұшыратып, әсіресе қан айналысын, зат алмасуды бұзып, қабыну ошағында нервтік-трофикалық өзгеріс тудырады. Қабыну ісігінің өршуіне тканьдердегі осмостық және онкотикалық қысымның артуы, қанның іркілуі және тамыр кенересінің өткізгіштігінің артуы ықпал етеді.
Домбығудың жіктелуі.: Кахексиялық домбығу
созылмалы ауру сырқаттан (инфекциялық, қан аздық, қатерлі ісік т. б) организм жүдегенде, сондай-ақ ашыққанда пайда болады. Мұндай ісіктің пайда болуына әртүрлі себептер әсер етеді. Қан плазмасында онкотикалық қысымның әлсіреуі, гипопротеинемия және қанда альбуминдердің кемуі, капеллярлар кенересінің өзкізгіштігінің артуы ткань тонусының кемуі, жүрек-тамыр жүйелерінің, жүрек қызметінің әлсіреуі, артериялдық қысымның төмендеуі, қан ағысының жылдамдығын баяулауы, тканьдерге натрий иондарының жиналуы салдарынан онда осмостық қысымның күшеюінен .
Домбығудың жіктелуі.: Эндокринді домбығу
кейбір ішкі секреция бездерінің функциясы білінеді. Мәселен, гипотиреоидтық ісік қалқанша без функциясы әлсірегенде пайда болады.
Домбығудың жіктелуі.:

Невроздық домбығу

нерв жүйелері, оның трофикалық функциясы бұзылғанда пайда болады. Аллергиялық ісік деп аталатын да ісік патогенезі жағынан невроздық болып табылады.

2. 3 Домбығудың организм үшін мәні

Кез келген патологиялық процесс секілді, домбығудың да зақымдайтын, сондай-ақ қорғанып-бейімделетін де қасиеті болады.

Домбығудың өршуі тканьдерді қысып, онда қан айналысын бұзады. Ткань аралығында сұйықтың тым көбейіп кетуі қан мен клетка аралығындағы зат алмасуды бұзады. Трофикалық функцияның бұзылуы салдарынан домбыған тканьдерге инфекция тез жұғады, кейде дәнекер тканьдердің дамығандығы байқалады. Мұндайда қышқыл-сілті тепеөтеңдігі де бұзылуы мүмкін.

Домбығудың қауіптілігі даму орнына да байланысты. Сұйықтың ми қуысына, жүрек қалтасына, плевра қуысына жиналуы маңызды органдардың функциясын бұзып, кейде мал өміріне қатер мөмендейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Домбығу және стресс
Стреске анықтама, этиологиясы,кезеңдері,жіктелуі. Домбығу. Домбығу этиологиясы
Сепсистің этиологиясы
Ісіктердің жіктелуі жөнінде
«Қойдың жабық жарақатын емдеуге арналған ауру тарихы»
Стресс, анықтамасы, жіктелуі, себебі
Абцесс(этиологиясы,клиникасы,емі)
СОЙЫЛҒАН МАЛ ӨЛЕКСЕСІНЕ ЖАСАЛҒАН ПРОТОКОЛ
Стресс, домбығу
Листериоз патологиялық морфологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz