Қимыл – қозғалыс ойындарының теориялық негіздері


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
«Педагогика» факультеті
СӨЖ
Қимыл - қозғалыс ойындарының
теориялық негіздері
Орындаған: п-223 топ студенті
Азат. Қ
Тексерген: Кулмышева Н. А.
Семей
2015ж
В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: Ойынсыз ақыл - ойдың қаншалықты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жастық шақ өмірімен ұштастырып, өзін қоршаған, дүние туралы түсінік алады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл - қозғалыс ойындар
Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы , ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.
- Қимылды ойындар балалардың өздерінің білімдері мен ептіліктерін ойындардың құбылмалы жағдайларында нақтылы қимылдық тапсырмаларды орындау үшін қолдануына мүмкіндік береді.
- Қимылды ойындар шартын орындаудың міндеттілігі балаларды тәртіптендіреді, еркінділікке тәрбиелейді. Ойын мақсатына жету үшін қимыл тәсілдерін өз бетінше таңдап ала білудің қажеттілігі өзіндіктің, инициативаның, жеке басының және басқа сапаларының қалыптасуына жағдай жасайды.
- Қимылды ойындарда тәрбиешінің балалармен араласуға кең мүмкіншілігі бар. Тәрбиеші ойынның мазмұнын, оның шартын әңгімелейді. Балалар жаңа сөздердің мәнін біледі. Сөзге белсене араласу, сондай-ақ тексті және әнді айта жүріп ойнауларын қалыптастырады.
Қимыл - қозғалыс ойындары
Бала өміріндегі қимыл-қозғалыс ойындарының рөлі.
В. В. Гориневскийдің дәлелдеуі бойынша жас бүлдіршіндердің тезірек бұғанасының бекіп, ағзасының қалыпты дамуына және оның тез жинақталып, қимыл іс-әрекетті шапшаң орындауда қозғалмалы ойындардың алатын орны ерекше. Сонымен қатар қозғалмалы ойындар баланың көңілді, өмірге шаттық қуанышпен қарауын және ақыл-ойының дамуына әсер ететін дұрыс фактордың бірі ретінде қарастырылады.
Қимылдық ойынның нәтижесінде бала белгілі сигналға үйреніп, ойын ережесіне бағынады. Бұл оның жан-жағындағы оқиғаға мән беріп қарауына, төзімді болуына, тәртіпті сақтауына немесе оның басындағы мидың тежелу функциясының дамуына өз септігін тигізеді.
Балалардың қимыл дағдысын қалыптастыру барысында күрделі қозғалысты меңгеру және осы қозғалысқа қатысты әртүрлі қызметпен белсенді жұмыс жасауы артады. Баланың дағдысы 7 жасқа дейін қалыптасып, әрі қарай шыңдалуының негізіг фундаменті қызметін атқарып, өмірде күрделі қимыл іс-әрекетін қиналмай жасап, үлкен спортта да табысқа жетуінің алғышарты қалыптасады. Ойын барысында балалар әртүрлі қимыл жасайды: тұрады, еңкейеді, қашады, қолмен ұстайды.
Қозғалыс қимыл ойындары топтық сипатта болады. Сондықтан олар қимыл-қозғалыс пен іс-әрекеттің үйлесімді болуын белгілі ережелердің орындалуын талап етеді. Ойында баланың ширығып, толғануы оның күшін жұмылдырып, қимылдарды орындауда жақсы нәтижелерге жетуіне көмектеседі. Қимыл-қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен формасы жағынан эстетикалық әрекет болып табылады. Қимыл-қозғалыс ойындарының сан қырлы тәрбиелік маңызы, олардың мектеп жасына дейінгі балалар үшін ыңғайлылығы, ойындардың қуанышты, балаларды өзіне тартатын әрекет салыасын туғызады. Қимыл-қозғалыс балалардың игеріп үлгерген қимыл дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру ретінде қызмет етеді.
Ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:
Білім беретін
ойындар
Педагогика ғылымында танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері былай бөлінеді:
3 жасқа аяқ басқан сәбилерге арналған қимылдық ойындар.
Сәбилердің бірінші тобында қимылды ойындарды күн сайын өткізу ұсынылады. Олардың ұзақтығы орта мөлшермен 6-8 минуттан аз болуы тиіс. Ол ойын әрекеттері сипатына, ойнайтындардың санына, олардың көңіл күйіне, ойынды өткізу шарттарына байланысты.
Қимылды ойындарды серуен кезінде таза ауада өткізген анағұрлым тиімді. Әрбір баланың тәрбиеші ұйымдастырған қимылды ойынға күні бойы қатысқаны жақсы. Ойын бүкіл топ болып та, шағын топтармен де өткізіледі.
Ойындарды серуеннің әр кезінде өткізуге болады. Егер бүкіл топ қатысса, онда балалар серуен жасап келгеннен кейін біраз уақыт өткен соң немесе оның басында ұйымдастыру тиімді. Балалардың шағын тобымен және жеке-дара өткізілетін ойындарды тәрбиеші бүкіл серуен бойына жүргізеді. Мұнда тәрбиешінің бір немесе бірнеше баламен ұйымдастырған ойны бүкіл топ ойынына өте жиі айналып отыратын естен шығармау керек, өйткені 3 жасқа аяқ басқан балалар коллективті қимылдық әрекеттерге белсенді араласып кетеді.
Бұл жастағы топта ойындық жаттығулар үлкен орын алады. Мұндай ойындарда сюжет болмайды, бұл ойындарға қарапайым қимыл жасалатын тапсырмалар кірістіріледі: жалаушаны әкелу, қоңырауды соғу, допты қуып жету т. б.
Мұндай ойындардағы балалар қимылының сюжеттері, мазмұны, әуені бүтіндей тәрбиешінің ойдан шығаруы мен творчествосына байланысты. Сабақтарда үйренген ойын қимылдарые қайталау олардың жетіле түсуін қамтамасыз етеді. Ойын жақсы өткізілуі үшін, тәрбиеші оның өтілуіне ұқыпты түрде дайындалуы қажет және ойынның мазмұнын, барысын, жетектеуші сөздерді жақсы білуге тиіс.
Тәрбиешіге ойынға басшылық етуді ондағы жауапты рольді орындаумен жиі ұштастыруға тура келеді, өйткені 2-3 жастағы балалар бұл міндеттерді жақсы орындап шыға алмайды. Тәрбиеші ойынға қатыса отырып, дұрыс қимылдардың үлгісін көрсетуі, ойынның ойналу барысын айтып отыруы өте маңызды.
Ойынды тәрбиешінің түсіндіруі - ойын барысына ықпал ететін жауапты кез. Балдырғандарға ойынды эмоциялы, түсінікті, әрбір кейіпкердің өзіне тән белгілерін дауыс екпінімен баса көрсете түсіндіруі керек.
4 жасқа аяқ басқан балалар үшін қимылдық ойындар
Қимылды ойындарды үнемі қайталап отыру қажетті дағдыларды жетілдіруге және нығайта түсуге, ұжымды ойындардағы қозғалыстың оңай да еркін болуын жетілдіруге, ойын жағдайларындағы жақсы бағыттылыққа, басқа ойыншылардың әрекетіне жауап ретінде тез және ойлы түрде әрекет ете білуге көмектеседі. Ойынның ережелерін қайталап орындау, бұл сәбилердің екінші тобынан бастап, ерекше маңызды, баланың ойлау қабілетінің жетілуіне, оның ерік қасиеттерін тәрбиелеуге көмектеседі.
Егер қайталау кезінде ойынның түрі біраз өзгертіліп, күрделендіріліп отырылса, қимылды ойындардың тәрбиелік және
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz