Орталық Азия және Қазақстанның қауіпсіздік мәселелері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 107 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Тарих факультетінің «жалпы тарих» кафедрасы
Тақырыбы: Орталық Азия және Қазақстанның қауіпсіздік мәселелері.
Орындаушы:
Ғылыми жетекші:
Рецензент:
Қорғауға жіберілді:
Каф. меңгерушісі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3-7
I тарау. Стратегиялық қайшылықтар мен аймақтық дағдарыстар.
1. 1. Ауған мәселесі . . . 8-27
1. 2. Парсы шығанағындағы дағдарыс . . . 28-46
II тарау. Халықаралық терроризм және экстремизм. Әлемдік есірткі саудасы.
2. 1. Халықаралық терроризм және экстремизм, онымен күрес жолдары . . . 47-72
2. 2. Әлемдік есірткі саудасы және нашақорлық . . . 73-79
III тарау. Халықаралық және аймақтық-ұжымдық қауіпсіздік пен қорғаныс стратегиялары.
3. 1. Халықаралық қатынастар және БҰҰ . . . 80-85
3. 2. Аймақтағы ұжымдық қауіпсіздік шаралары . . . 86-95
3. 3. Қазақстан Республикасының қауіпсіздік стратегиялары . . . 96-104
Қорытынды . . . 105-106
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 107-108
Қосымшалар
Түйін
Жұмыс бүгіннің көкейкесті тақырыбы болып отырған ұлттық, аймақтық және ғаламдық қауіпсіздік мәселелерін Орталық Азияға қатысты зерттеуге арналған.
Беттің саны - Қосымшалар - Әдеби деректемелер -
Резюме
Исследовательская работа посвещается одному из актуальных проблем современности - национальной, региональной и глобальной безопасности Центральной Азии.
Количество страниц - Приложение - Литературных источников -
Summary
The research work comprises one of the actual problems of nowadays: state, regional and global safety of Central Asia.
Number pages - Supplement - Literature springs -
Кіріспе
Тақырып көкейкестілігі. Дүниеде қатып-семіп қалған ештеңе жоқ. Уақыт та бір орнында тұрмайды. Халықаралық қатынастарда болып жататын өзгерістер де - осыған дәлел. Карл Ясперстің: «қауіпсіздігін жоғалтқан адам замана бейнесін білдіреді» 1 дегеніндей, бүгінде адамзат қауымы осындай күй кешіп отырған сыңайлы. Бірақ ғаламдық, өмірлік және ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатер азаюдың орнына жаңа сапа мен өзгеше ауқымға ұласып барады 2 . Қауіпсізідік мәселесі бүгінде әртүрлі түсіндіріледі. Біз соның батыстық немесе тек шығыстық нұсқасын ғана емес, мүмкіндігінше жан-жақты қарастырып, қалыс пікірлеуге тырыстық. Өйткені, кез-келген мәселені бір жақты тереңдей зерттеген сайын ол оның бір қыры, сыңар жағы екенін естен шығарып алу әбден мүмкін.
Қарама-қарсы екі жүйенің бірі - социалистік лагер, КСРО мемлекетінің ыдырауымен келмеске кеткенімен әлемде ірілі-ұсақты жанжалдар мен «ыстық нүктелер» көбейіп барады. Жұмыстың көкейкестілігі оның әлемдік қауіпсіздікті түгел қамтуы немесе қамтымауында емес, бәлкім Орталық Азияға жақын, қатері мейлінше қауіпті аймақтық қақтығыстар мен шекара білмейтін халықаралық терроризм және экстремизм, сондай-ай аймақ тұрақсыздығына мүдделі әлемдік есірткі саудасы мен нашақорлық мәселесінде болып отыр.
Қазақта «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген нақыл бар. Сондықтан қауіп-қатердің пайда болу себептеріне көбірек мән беріп, оның өзімен емес себептерімен күрескенде ғана қауіптің алды алынады деген принципті ұстандық.
Тарих қайталанады, сондықтан біз бүгінгі қателіктерді келешекте болдырмауға, өткеннің қателіктерінен бүгін сабақ алуға тиіспіз. Азия мен Еуропаның бірқатар елдерінде, сондай-ақ араб елдерінің өткені мен бүгінгі тарихында осыған мысал боларлық оқиғалар жеткілікті. Осындай көкейкесті мәселелер дипломдық тақырыбымыздың теориялық, ғылымдық және практикалық маңыздылығын арттыра түсері анық.
Мәселенің өңделуі. Мемлекет үшін қауіпсіздіктен қымбат ештеңе жоқ. Елдегі мәдени, экономикалық және саяси-әлеуметтік реформалардың жүзеге асуы мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне байланысты. Аймақтық, әлемдік қауіпсіздік туралы ойлар 1975 жылғы Хельсинки шартындағы Еуропа қауіпсіздігі мәселесінен соң кең түрде қозғала бастады. Бірақ бүгінгі күнде қауіпсіздіктің мәні мен мағынасы өзгерген. Сондықтан дерек көздері де жаңа өзгерістерге лайықты еңбектерден алынды.
1 Дүние саясатының айнасы (Еуразиялық Медиа-форум) . //Егемен Қазақстан. 29 сәуір 2003.
2 Н. Назарбаев. Сындарлы он жыл. - А., 2003. 22б.
Аймақтық қақтығыстар мен стратегиялық қайшылықтар мәселелері Президентіміз Н. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» 1 , «Тарих толқынында» 2 , «Бейбітшілік кіндігі» 3 атты еңбектерінде жан-жақты талдаулар жасалып, алдын алу мен шығу себептері дәйекті деректермен дәлелденген. Алып мемлекеттердің бүгіні мен ертеңіне Еуразия котинентінің алдағы уақыттағы тарихи болмысына дәлелді болжамдарды американдық саясаткер З. Бжезинскийдің еңбектерінен 4 алдық. Ауғанстан мәселесіне байланысты деректер Ө. Қасеновтың «Безопасность Центральной Азии: Национальное, региональное и глобальное проблемы» 5 , Ю. Волковтың редакторлығымен шыққан «Правда об Афганистане» 6 еңбегінен және «История Афганистана» 7 оқулықтарынан алынып, сараланды. Ол еңбектерде ауған мәселесіне, талибан қозғалысы мен ауған соғысы жайлы, соғыстан кейінгі саяси өзгерістер және бүгінгі жағдайы баяндалады. Ал халықаралық терроризм мен экстремизм және «исламдық фактор» мәселелеріне дерек көзі ретінде А. Г. Косиченко, М. С. Әшімбаев т. б. авторлардың «Современный терроризм: взгляд из Центральной Азии» 8 , А. Гушердің «Террор на пороге вашего дома» 9 , А. Сагадеевтің «Философское наследие мусульманского мира и современное идеологическая борьба» 10 , С. Шерматованың «Ислам на постсоветском политических элит» 11 еңбектерінен алынды. БҰҰ, халықаралық және аймақтық қорғаныс жүйелері жайлы деректерді Қ. Тоқаевтың «Қазақстан Республиасының дипломатиясы» 12 , «Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы» 13 , «Международный ежегодник: политика и экономика» 14 деген еңбектерден және ҰҚК, ШЫҰ, АӨІСШК сияқты қауіпсіздік жүйелерінің келісім-шарттарынан алдық. Сондай-ақ ұлттық, аймақтық және ғаламдық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты мерзімді баспасөз деректерінен мысалы:
1 Н. Назарбаев. Сындарлы он жыл. - А., 2003.
2 Н. Назарбаев. Тарих толқынында. - А., 1999.
3 Н. Назарбаев. Бейбітшілік кіндігі. - А., 2002.
4 З. Бжезинский. Большая шахматная доска. - М., 2000.
5 У. Касенов. Безопасность Центральной Азии. - А., 1998.
6 Ю. Волков. Правда об Афганистане. - М., 1980.
7 История Афганистана. - М., 1982.
8 А. Г. Косиченко, М. С. Ашимбаев. Современный терроризм: взгляд из Центральной Азии. - А., 2002
9 А. Гушер. Террор на пороге вашего дома. - М., 1998.
10 А. Сагадеев. Филосовское наследие мусульманского мира и современная идеологическая борьба. - М., 1987.
11 С. Шерматова. Ислам на постсоветском политических элит. - М., 2001.
12 Қ. Тоқаев. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. - А., 2002.
13 Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы. - А., 1998.
14 Международный ежегодник: политика и экономика. - М, 1989.
«Континент», «Саясат», «Полис», «Социал-гуманитарные знания», «А и Ф Казакстан», «Независимая газета», «Красная звезда», «Московские новости», «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан», «За рубежом», «Время по Гринвичу», «Независимое военное обозрение» сияқты газет, журналдардан алынды.
Диплом жұмысының мақсаты. Кеңес Одағы ыдырап, Еуразия котинентінің үлкен бір бөлігіндегі мелекеттер бірлестігі тарағанда онымен бірге осы елдердің қорғаныс жүйесі де құлап еді. Енді осы «қорғансыз қалған» елдерге сыртқы және ішкі қатерлер қандай дәрежеде және қай жақтан әсер етеді. Сондай-ақ, қауіпсіздіктің қай жүйесіне қосылғаны тиімді. Аймақ елдері үшін халықаралық қауымдастыққа қосылу ең алдымен өзара жан-жақты интеграциялық байланыста болып отырғаны және Еуразиялық бірлік аясында даму ғана бейбіт болашақ кепілі екенін дәлелдеу - диплом жұмысының негізгі мақсаты болмақ.
Зерттеу міндеті. Орталық Азияға жақын аймақтық қақтығыстар мен стратегиялық қайшылықтар, сондай-ақ халықаралық терроризм мен экстремизмнің себеп-салдарын зерттеу, әртүрлі қауіпсіздік жүйелеріне талдау жасау арқылы Қазақстанның ондағы алар орны мен елімізге қаупі басым қатерлер, оларға қарсы күрес шараларын, алдағы уақыттағы атқарылар іс-шараларды ашып көрсету.
Зерттеу нысанасы. БҰҰ-ның 2002 жыл қыркүйекте Иоханнесбургте өткен мыңжылдық саммитінде Бас хатшы Кофи Аннан бүгінгі ғаламдық үш мәселені көтерді, олар - қауіпсіздік мәселесі, кедейшілік және қоршаған ортаны қорғау. Демек, қауіпсіздік мәселесі ғаламдық дәрежеге жеткен. Елбасымыздың «Сындарлы он жыл» еңбегінде көрсетілгендей қазіргі дүниенің дидарын өзгертіп отырған екі құбылыс бар, олар жаһандану мен халықаралық терроризм 1 . Зерттеу нысанамыз да осылар.
Зерттеу пәні. Зерттеу пәні ретінде аймақтық және ғаламдық қауіп-қатердің Орталық Азияға тигізер әсері мен себеп-салдары, сондай-ақ аймақ елдерінің өңірік дәрежеде, сосын Еуразия кеңістігіндегі қорғаныс мәселелері алынды. Зерттеудің мақсат-міндеттеріне сәйкес ғылыми-танымдық әдістер қолданылды: тарихи, салыстырмалы түсіндіру т. б. Мұның өзі авторға бір жақты позиция мен догмалардан арылып, зерттеліп отырған мәселені сыни, объективті тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік берді.
Зерттеу деректері. Саясаткерлердің, мемлекет қайраткерлерінің түрлі дәрежедегі сарапшылардың, сондай-ақ ғалымдар мен тарихшылардың қорғаныс және ғаламдық мәселелер жөніндегі еңбектері мен зерттеулері, сондай-ақ монографиялары, ғылыми мақалалары алынды. Және де қоғамдық-саяси, ғылыми көпшілік және арнайы басылымдар мен оқулықтар, интернет материалдары пайдаланылды.
1 Н. Назарбаев. Сындарлы он жыл. - А., 2003. 10 б.
Тәрбиелік құндылығы. Диплом жұмысының негізгі практикалық маңызы сол, оның ой-тұжырымдары мен сарапталған мәліметтері жаңаша көзқарастық түсініктердің қалыптасуына үлкен көмек береді. Жеке ойлау мен өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді. Өйткені адам дүниеде не болып жатқанын білуге ғана емес, неге бұлай болып жатқанын да білуге хақылы. Жұмыстағы ой-түйіндер мен сараптаулар «Қазіргі заман тарихы», «Дүниежүзілік өркениеттер тарихы», «Еуразия тарихы», «ТМД елдерінің тарихы» және «Саясаттану» пәндерін оқыту мен студенттердің білімдерін одан әрі дамытуға көмектеседі деп сеніммен айта аламыз.
Жұмыстың байқап көрілуі. Диплом жұмысының негізгі нәтижелері тарих факультетінің студенттік-ғылыми практикалық конференциясында (25ақпан - 2наурыз 2002ж. ОҚМУ Шымкент) және Ғ. Мүсіреповтің 100 жылдығы мен Оңтүстік Қазақстан облысының 70 жылдығына арналған жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша V студенттердің ғылыми конференциясында (13-18 мамыр. 2002ж. ОҚМУ. Шымкент), сондай-ақ 2003ж 26-28 наурыз аралығында өткен VI студенттік ғылыми конференциясында баяндалып, жүлделі орындарға ие болған.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан және қорытынды, қолданылған құжаттар мен әдебиеттер тізімінен, сондай-ақ қосымшалардан тұрады. Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, мақсат-міндеттері және методологиялық негізі дәйектеледі. Мәселенің зерттелу деңгейі айқындалып, дерек көздері сараланды. Еңбектің ғылыми жаңалылығы мен практикалық маңызы тақырыпқа жаңаша жандасу мен мәселенің түпкі себептеріне қалыс пікір білдіру болып табылады.
Жұмыстың «Стратегиялық қайшылықтар мен аймақтық дағдарыстар» деп аталатын 1-тарауында XIX ғасырдағы Ресей мен Ұлыбритания державаларының арасындағы Орталық Азия өңірі үшін таласының себеп-салдары, соған байланысты Ауғанстанның билік басындағы ауыс-түйістер, 1979-1989 жылдардағы ауған соғысы, ауған соғысынан кейінгі жағдайлар мен талибан қозғалысы және 11 қыркүйектегі оқиғағаға байланысты антитеррорлық коалиция әрекеттері баяндалады. Уақытша үкіметтің орнауы мен оның бүгінгі жағдайы, Қазақстанға ауған мәселесінің әсері және осы мәселедегі Қазақстандық позиция көрсетіледі. Елбасымыздың мәлімдегеніндей: «Ауғанстан Қазақстан үшін де стратегиялық-транзиттік маңызды аймақ» 1 . Ирак мәселесінің себеп-салдары мен соғыс барысы және оның ықтимал нәтижелері мен бүгінгі жағдайы сондай-ақ ертеңгі болашағы жайлы ой өрбітіледі. Әлемдік держава болған АҚШ-тың сыртқы саясаты жан-жақты баяндалады. Жұмыстың 2- тарауы «Халықаралық терроризм және экстремизм. Әлемдік есірткі саудасы» деп аталады. Онда халықаралық терроризм мен экстремизмнің мәні мен болмысы, пайда болу алғышарттары мен түрлері баяндалады.
1 www. khabar. kz.
Терроризмнің шығу себептері қарама-қарсы екі жүйенің арасындағы текетірестік пен аймақтық дағдарыстардан және әлемдік даму теңсіздігі, сондай-ақ халықаралық есірткі саудасы тұрғысынан қарастырылады. Терроризммен күрестегі аймақтық қорғаныс жүйелерінің алар орны және ондағы Қазақстандық іс-шаралардың рөлі көрсетіледі. 3-тарау «Халықаралық және аймақтық ұжымдық қауіпсіздік пен қорғаныс стратегиялары» деп аталады. Оның «Халықаралық қатынастар және БҰҰ» деген тарауында оның бөлімшелері мен мәмілегерлік саясаты баяндалады. Үшінші тараудың «Аймақтағы ұжымдық қауіпсіздік шаралары» деп аталатын тармағында Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесі (ҰҚК), Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңес (АӨІСШК), олардың принциптері мен атқарылып жатқан жұмыстарына талдау жасалынады, ал үшінші тармағы «Қазақстан Республикасының қауіпсіздік стратегиялары» деп аталып, онда қауіпсіздікке байланысты елімізде қабылданған іс-шаралар мен қорғаныс стратегиялары, сондай-ақ әскери доктриналар мен құқықтық-нормативтік құжаттары жан-жақты талданып, Қазақстандық бейбіт саясаттың бүгіні мен ертеңіне көз жүгіртіледі.
I тарау. Стратегиялық қайшылықтар мен аймақтық дағдарыстар.
Екі бірдей дүниежүзілік соғыстың және көптеген аймақтық жанжалдардың, Ресейдегі қазан төңкерісі мен Ирандағы ислам төңкерістерінің, Германиядағы фашизм мен Жапониядағы милитаризмнің пайда болуы мен күйреуінің, отарлау жүйесінің қирауы мен социалистік жүйенің ыдырауына куә болған XX ғасыр өз миссиясын аяқтады. Бұрынғы қалыптасқан таптаурын түсініктердің орнына геоэкономиклық, геосаяси және геостратегиялық жаңа өлшемдердің уақыты келді 1 .
Алайда ғаламдық мәселелер XXI ғасырға да еншіленген екен. Дүниежүзілік соғыстарды қоспағанның өзінде әлемді 170 рет соғыс өрті шарпыпты. Қазірдің өзінде дүниенің көп бөлігінде саяси дағдарыстар мен ұлтаралық қақтығыстар белең алып отыр. Оның ішінде әсіресе, Ресейдегі Шешенстан, Югославиядағы Косово, Үнді-Пакистан, Израиль-Палестина дағдарыстары мен Ауған мәселесі және бүгінгі Ирактағы жағдай осыларға айқын мысал бола алады.
1. 1. Ауған мәселесі.
Аймақтық қақтығыстар шекара білмейді. Қазақстан, жалпы Орталық Азия елдері Балқаннан Үндістанға дейінгі «тұрақсыздық иінінің» солтүстік бөлігінде жатқандықтан кез-келген қақтығыстан шет қала алмайды. Соның бірі Ауған мәселесі.
11 қыркүйектегі лаңкестік әрекеттерден соң әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) антитеррорлық операциялары мен болуы мүмкін өзгерістер жайлы жарыса жазып жатты. Алайда, Ауғанстандағы бұл тұрақсыздық бір бүгін емес, сонау XIX ғасырдан, әлемдік державалар дәрежесіне көтерілген мемлекеттердің ықпал ету аймағына таласы тұсынан басталады.
XIX ғасырда отар елдерінің көптігі жөнінен де, әскери әлеуеті мен халықаралық аренадағы ықпалы жөнінен де екі держава алға суырылып шығып еді. 1819 жылы Ресей миссиясының Хиуаға, 1820 жылы Британ миссиясының Бұқараға келуі осы державалар арасындағы Орта Азия елдеріне тасласуының бастамасы еді. Бұл текетірестік ықпал ету аймағын анықтап берген 1907 жыл, 18 тамыздағы ағылшын-орыс бейбіт келісімі арқылы шешілген болатын. Ол келісімнің 1 бабында: Ауғанстан «орыс ықпалына жатпайтын аймақ» және екі жақ та «Ауғанстанға ешқандай агенттерін кіргізбеуі керек» 2 . 2 бабында: «Ағылшындардың Ауғанстанда ешқандай үстемдігі жоқ және ішкі істеріне араласа алмайды» 3 делінген. Пуштун тайпалары үстемдік ететін Ауғанстанның әу бастан Ұлыбритания отары болғаны тарихтан белгілі.
1 Қ. Тоқаев. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. -А., 2002. 19 б.
2 В. А. Гурко - Кряжин. Афганистан. - М., 1923. С. 87
3 И. М. Рейснер. Англо-русская конвенсия 1907 г. т. III. - М., 1925. С. 54-56
XIX ғасырдан бастап Ұлыбритания Үндістандағы иеліктерін қорғауды сылтау етіп, Ауғанстанға бірнеше рет бастырып кірген болатын. Біріншісінде, 1838 жылғы соғыста ағылшын-үнді әскерлері Ауғанстаннан жеңіліспен қайтады. Ал екінші рет, 1878-1880 жылдары Майванд ауылы маңында ағылшын әскерлері тағы да ойсырай жеңіледі. Бірақ Ауғанстан әмірі Абдурахманның саяси әлсіздігін пайдаланған Англия, Ауғанстандағы өз протекторатын сақтап қалады және 1893 жылы Ауғанстан мемлекет үшін тиімсіз «Дюранд сызығы» деп аталатын Үнді-Ауған шекаралық келісіміне қол қоюға мәжбүр болады 1 . Осы кезден бастап Ресей патшалығы және оның заңды жалғасы болып табылатын КСРО үкіметі өз ықпалын оңтүстікке қарай ұлғайтуға құпия кірісіп те кетті. Ресей дипломатиясының сәтті әрекеттеріне орай Ауғанстан әмірі Аманулла хан 1919 жылғы 7 сәуірде Ресеймен сауда-экономикалық байланыстарға қол қойған болатын 2 . Осыдан бастап Ағылшын үкіметі де өз тыңшылығын іске қосады. Ауғанстанда мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатында барлаушы Томас Эдуард Лауренсті «Пір Карам» деген бүркеншік атпен Пакистанға жібереді. Ол Бачай Сакао («Сушының баласы») деген атпен белгілі болған атақты бандаға жолығып, күш біріктіреді. Нәтижесінде Ағылшын үкіметінің тікелей ықпалымен Лауренс пен Бачай Сакао жақтастары 1929 жылғы 17 қаңтарда Кабулды басып алып, әмір Аманулла ханды өлтіреді. Содан Бачай Сакао «Хабибулла хан» атанып, елді тоғыз ай басқарады. Бірақ, ол да 1929 жылғы 2 қарашада Надир шах адамдарының қолынан қаза табады 3 . Осылайша Ауғанстандағы билік алма-кезек күш басымдығы мен дипломатиялық ықпалына қарай бірде Ресейдің, бірде Британ тәжінің қарамағында болып келді. Ал ІІ дүниежүзілік соғыстан соң капиталистік дүниеде гегамондыққа қол жеткізген АҚШ, социалистік жүйемен текетіресте, сондай-ақ ықпал аймағы үшін таластарда басты ойыншылардың біріне айналып келе жатыр еді.
1965 жылы қаңтарда КСРО Мемлекеті Қауіпсіздік Комитетінің (МҚК) тікелей араласуымен Нур Мухаммед Таракидің Ауғанстан Халық Демократиялық Партиясы (АХДП) құрылады. Көп ұзамай ол екіге бөлініп кетеді: «Хальк» тобын Н. М. Тараки мен Хафизулла Амин басқарса, «Парчам» тобын Бабрак Кармаль басқарады. 1977 жыл мамырда Мәскеудің нұсқауымен АХДП-ның екі тобы бірігіп, астыртын қимылға көшеді. Сол кездегі Ауғанстан үкіметінің басшысы Мухаммед Дауд АХДП-ға қысым жасап, 1978 жылы 26 сәуірде оның басшыларын қамауға алады. Осыған наразылық ретінде 27 сәуірде Кабулдағы әскери күштер көтеріліп, үлкен қақтығыс болады. Төңкерісте М. Дауд отбасымен бірге қаза табады да, АХДП-ның басшылары билік басына келеді 4 .
1 Ю. Волков. Правда об Афганистане. - М., 1980. С. 20
2 У. Касенов. Безопасность Центральной Азии. - А., 1998. С. 34
3 История Афганистана. - М., 1982. С. 240
4 Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы. - А., 1998. I т. 540 б.
КСРО-ның саясатын жақтап, социализм орнатуға белсене кіріскен үкіметке халықтың көп бөлігі наразы еді, соның нәтижесінде 1978 жылғы қазан айында қарсылас топтар арасында ірі қарулы қақтығыс болып өтеді. Билік басындағы АХДП басшылары Мәскеуде болып «Достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы» шартқа қол қояды 1 . Алайда елдегі азамат соғысы күшейе берді. Өйткені, парчамилер мен халькилер арасында ауызбіршілік жоқ болатын. 1978 жылғы шілде-тамыз айларында екі топ арасында қарулы қақтығыс болып, онда парчамилер жеңіліп Б. Кармал Чехословакияға елші етіп жіберіледі. Ал 1979 жыл қыркүйекте Н. Таракиді Х. Амин өлтіріп, билікті өз қолына алады 2 . Бұл әрекетке КСРО үкіметі қарсылық білдіріп Б. Кармалды билік басына әкелуге әрекет етеді. Жалпы, Ауғанстандағы сәуір төңкерісін қолдаймыз деген сылтаумен КСРО үкіметі Ауғанстанның ішкі істеріне мықтап араласа бастайды. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңестік билік басындағы аз ғана топ - Л. И. Брежнев, Ю. В. Андропов, М. А. Суслов, Д. Ф. Устинов және А. А. Громыколар Ауғанстанға Кеңес Армиясының (КА) шектеулі контингентін енгізу туралы шешім қабылдайды 3 . 1979 жыл 27 желтоқсанда КА-ның қатысуымен Х. Амин режимі құлатылып, 28 желтоқсанда Бабрак Кармал АХДП-ның билік басына келеді 4 . Ал 1986 жыл мамыр айында АХДП ОК-ның XVIII пленумында партияның бірінші хатшысы етіп Наджибулла сайланды 5 . 1979 жыл 25 желтоқсан мен 1989 жыл 15 ақпан аралығында, тұтастай алғанда КСРО-ның 620 мың азаматы Ауғанстан терриориясында әскери қызметтен өткен, яки олардың 525 мыңы КА-ның құрамалары мен бөлімдерінде, 90 мыңы МҚК-ның шекаралық бөлімшелерінде, 5 мыңы ішкі әсерлер мен милиция қатарында өз міндеттерін өтеді. 110 айға созылған ауған соғысында жарақаттанғандар мен ауруға ұшырағандар саны 469685 адамға жетті. Оның ішінде 10751 адам мүгедектікке ұшырады. Ауған соғысынан оралмаған адамдар шығыны 14453 болса, оның 13833-і әскер қатарында, 572-і МҚК бөлімшелерінен, 28 адам КСРО ІІМ тарапынан опат болды. Ауған соғысында тұтқынға түскендер мен із-түзсіз кеткендер саны 417 (кейін олардың 119-ы тұтқыннан босатылды) . Әрине, Ауған соғысының мәселесін шешуде тұтқындағы офицерлер мен әскерлер кінәлі емес 6 . Сондықтан да 1989 жыл 28 қарашада КСРО Жоғарғы Кеңесінің «Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің контингентінде қылмыс жасаған бұрынғы әскери қызметшілерге кешірім жасау жөнінде» Қаулысы қабылданды 7 .
1 История Афганистана. - М., 1982. С. 332
2 Ю. Волков. Правда об Афганистане. - М., 1980. С. 93
3 Б. Сайлан. Шектеулі контингент. //Егемен Қазақстан 2001, 31 қаңтар. 11 б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz