Топырақтарды және әртүрлі қоспаларды тығыздайтын тығыздағыштар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«Геодезия және құрылыс» кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: « Топырақтарды және әртүрлі қоспаларды тығыздайтын тығыздағыштар »

Орындаған: Аскарова Асель, СТ-309 тобы

Тексерген: Мухаметов Е. М.

Семей 2015

Тығыздағыштар - барлық түрлі топырақтарды және әртүрлі қоспаларды тығыздауға арналған ең көп тараған және қарапайым машина.

Қазіргі кездегі тығыздағыштар төмендегі негізгі талаптарды тығыздауға тиісті:

  1. Беткейдің кажетті тығыздалуын және тегістігін қамтиды;
  2. Тығыздағыштың салмағын реттеу мүмкіншілігі;
  3. Жақсы және жеңіл басқару жүйесі мен алға да, артқа да жүргенде шолып қарау мүмкіншілігі;
  4. Бұрылыста, орнынан қозғалғанда жүрісі байыпты және кері бағытта жүру мүмкіндігі;
  5. Алға және артқа қозғалыс жылдамдығының саны бірдей және т. с. с.

Қолданылатын тығыздағыштарды ұзындық меншікті қысымына, жылжу тәсіліне, жанышпа біліктерінің саны мен құрылымына байланысты жіктейді.

Меншікті ұзындық қысымының мәніне қарай тығыздағыштарды төмендегіше ажыратады:

  1. Жеңіл салмақты -ұзындық меншікті қысымы 40кг/см-ден кем, салмағы 5 т және қозғалтқышының қуаты 25 а. к. дейін;
  2. Орташа салмақты - ұзындық меншікті қысымы 40…60 кг/см, салмағы 6 . . . 10 т және қозғалтқышы 30 . . . 40 а. к. ;
  3. Ауыр салмақты - ұзындық меншікті қысымы 60 кг/см-ден аса, салмағы 10 т аса, қозғалтқышы 40 а. к. жоғары.

C:\Users\User\Desktop\Асель\MpcuVkr3UNc.jpg

2. 1-сурет. Жол-құрылыс материалдары мен топырақты тығыздау машиналарының жіктелуі.

Жеңіл тығыздағыштарды негіздер мен қаптамаларды алдын ала таптауға, сонымен қатар жаяу жолдағы жұқа қабатты күмдауыт асфальтбетонды, жаяу адам, велосипед жолдарын және т. с. с. тығыздауға қолданады. Орта салмақты тығыздағыштар негіздер мен жабындарды аралың, сонымен қатар жеңілдетілген типті кемелдендірілген жабындарды артық тығыздау үшін қызмен етеді. Ауыр салмақта тығыздағыштарды малтасты және қиыршықтасты негіздер мен асфальтбетонды қаптамаларды ақырғы тығыздауға қолданады.

Тығыздағыштар айналмасоққыштарының санына және орналасуына қарай төмендегіше ажыратылады (2. 2 cурет)

  1. Бірайналмасоққышты (2. 2, a-сурет) сонымен қатар тіректің айналма соққышпен (2. 2, б-сурет) немесе тірейтін доңғалақтармен (2. 2 в-сурет) қосымшаланған;
  2. Екіайналмасоққышты, оның бірі (2. 2, г-сурет) немесе екеуі де жетекші;
  3. Үшайналмасоққышты екі осьті (2. 2, д-сурет) ;

C:\Users\User\Desktop\Асель\7a-mVVJAdzw.jpg

2. 2-cурет Тығыздағыш айналмасоққыштарының орналасу сұлбасы.

  1. Үшайналмасоққышты екіосьті қосымша кіші диаметрлі айналмасоққыштармен жабдықталған (2. 2, e-cурет)
  2. Айналмасоққыштарының бірі немесе үшеуі де жетекші үшосьті ушайналмасоққышты.

Бірайнаалмасоққышты тығыздағыштар жеңіл типтіге жатады. Тіреуші айналмасоққыштары немесе тіреуші доңғалағы болмаса қозғалтқыш пен трансмиссия айналмасоққыштың ішінде орналасады, ал басқару иінтіректері жалғыз дәртенің колбасына шығарылған, сонын көмегімен тығыздағыш қол кушімен бұрылады. Тірейтін айналмасоққыштар мен доңғалақтар басқаратын болып жасалады, көбінесе мұндай тығыздағыштар солардың көмегімен басқарылады.

Екіайналымсоққышты тығыздағыштардың айналмасоққыштарының ені біркелкі және олар женіл, орташа, ауыр типті болады. Екіайналмасоққышты жетекші тығыздағыштар ең жетілген деп саналады. Мұндай жағдайда кейде жетекші айналмасоққыштардың диаметрі жетектіге айналмасоққыштардың диаментрі жетектіге қарағанда кіші болып жасалады. Арнаулы механизм көмегімен айналмасоққыштың бірі вертикаль осінде бұрылады, одан тығыздағыш та бұрылады. Машинаны бұрылуға икемдеу мақсатында оның айналмасоққыштарының енін аса үлкен жасауға келмейді, әдетте 1300 мм-мен шектеледі. Осы типті тығыздағыштар пайдалануға ыңғайлы жіне сенімді, сондықтан да көп тараған.

Үшайналымсоққышты екіосьті тығыздағыштар орташа және ауыр типті болып шығарылады. Артқы жетекші соққыштарының диаметрі алдыңғынікінен шамамен 1, 5 есе үлкен келеді де, олар арқылы тығыздағыш салмағының 2/3 бөлігі беріледі. Сондықтан ондағы тізбекті меншікті қысым алдынғы айнаалмасоққыш астындағы 2 есе үлкен. Материал негізінен артқы айналмасоққыштармен тығыздалады, ал алдыңғы бағыттағыш айналмасоққыштың әсері есепке алынбайды. Артқы ось дифференциалмен жабдықталған, оның арқасында тығыздағыш қаптаманы бүлдірмей кіші радиусты қисықпен өте алады. Алдыңғы айналмасоққыштың ені артқы айналмасоққыштармен жабылатындай болып жасалады. Тығыздағыштың көлденең орнықтылығы жақсы, одан басқа, айналмасоққыштардың жоғарыда айтылғандай орналасуы жекеленген агрегаттардың сәтті және сәйкесті орналасуына мүмкіндік береді, оның арқасында агрегаттарға еркін қол жетеді. Мұндай тығыздағыштардың ең үлкен кемшілігі - максималды өтімде жолдыың ені бойы қажетті және біркелкі тығыздықты қамтамасыз ету өте қиын, мұнда өтім саны тандем типті тығыздағыштардікінен көп. Сондықтан мұндай тығыздағыштар тандеп типтілермен ыығыстырылуда.

Одан басқа, жол жабынының тегістігін жақсартатын кіші диаметрлі қосымша айналмасоққыштармен жабдықталған тығыздағыштар болады. Ондай айналмасоққыштар жолдың тегіс емес жерімен өткенде, айналмасоққыш арқылы тығыздағыштың айтарлықтай салмағы берілетіндіктен ол жазылады. Қажет болған жағдайда ол айналмасоққыш көтеріліп, жұмысқа қатыспайды. Жинақтау тұрғысынан ондай айналмасоққыштың диаментрі үлкен болмайды да, қойылған мақсат көбінесе толық орындалмайды. Сондықтан мұндай типті тығыздағыш көп таралмаған.

Үшаналмасоққышты үшосьті тығыздағыштардың айналмасоққыштарының ені бірдей, ауыр жіне сирегірек орташа типті болып жасалады. Барлық айналмасоққыштары жетекші тығыздағыштар ең жетілген деп саналады. Мұнда жұмыс сапасы бірталай жоғары, сондықтан олар кеңінен таралуда.

Жылжу тәсіліне қарай тығыздағыштарды тіркемелі, жартылай тіркемелі жіне өздігінен жүретін; тығыздаушы айналмасоққыштарының құрылымына қарай торлы, жұдырықшалы, тегіс беткейлі, пневматикалық деп ажыратады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақ үй ғимаратының іргетасы
Топырақ өңдеу тәсілдері мен әдістері
АРХИВАТОРЛАР ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАРДАН ҚОРҒАУ
Статикалық әсерлі тығыздағыштар
Ауыл шаруашылық техникасы
Жер жұмыстарының технологиясы
Кен ісінде қолданылатын механикалық машиналар
Құрылыс машинасы және жабдықтары
Бульдозер жұмыстарының қажеттілігін тексеру
Тағамдық қоспалар туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz