Қандағы биллирудинді, қантты және жалпы белокты анықтау


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Семей Қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қандағы биллирудинді, қантты және жалпы белокты анықтау

Орындаған: Есенғалиев Д. Б.

Тексерген: Жайлаубаева А. Р.

Тобы: ВМ-401

Семей 2015ж

Жоспар:

  • Қандағы және қан сарысуындағы билирубинді анықтау.
  • Қан сарысуындағы билирубинді анықтау (Ендрашик, Клеггорн және Граф бойынша) .
  • Жалпы ақуыз және ақуыздық фракциялар.
  • Қан сарысуындағы жалпы ақуызды рефрактометрмен анықтау әдісі.
  • Қан құрамындағы қантты анықтау.
  • Қан құрамындағы қантты орто-толуидин байқауымен анықтау.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қандағы және қан сарысуындағы билирубинді анықтау.

Билирубин - бауырдан, өттен бөлінетін пигменттік алмасудың соңғы өнімдерінің бірі. Эритроциттердің ыдырауы негізінен бауырдың купферлік жасушаларында, жілік майының гистиоциттерінде, көкбауырда болады. Босап шыққан гемоглобин өзгеріске ұшырап, вердоглобинге айналады да глобинде темір және ақуыз болмайды. Осының нәтижесінде глюкурон қышқылымен толық бірікпеген, бос күйдегі билирубин (гемибилирубин) сатысына тікелей қайта қалыптаса алмайтын биливердин түзіледі. Билирубин суда ерімейді сол себептен нәжіспен шығарылмайды. Ол қан сарысуының қалыпты құрамдас бөлігі болып саналады. Бауыр торшаларындағы тура емес билирубин глюкоурон қышқылымен байланысып, байланысқан тура билирубин (холебилирубин) түзеді, ол суда еритін, он екі елі ішекке өт арқылы бөлінетін екі пигменттен: (20-25%) және (75-80%) тұрады.

Өт жолдарында және өт қабында тура билирубиннің (10%) глюкурон қышқылына ыдырайды, содан соң қайта қалыптасу процестері, мезобилирубин мен мезобилиногеннің (уробилиноген) түзіледі, ал билирубиннің қалған бөлігінің трансформацисы ащы ішекте іске асырылады. Мезобилиногеннің бір бөлігі ащы ішекте сорылады және қақпалы вена арқылы бауырға келеді де, дипирролдарға дейін толық ыдырайды. Бауыр зақымдалған болса ыдырау процесі бұзылады, уробилиноген қанға, содан соң нәжіске өтеді. Мезобилиногеннің негізгі бөлігі жуан ішектегі анаэробты микрофлора әсерінен стеркобилиногенге дейін қайта қалыптасады.

Стеркобилиногеннің аздаған бөлігі қанға сорылып, бүйрек арқылы зәрмен шығарылады. Зерттеулер нәтижесі сау жануардың зәр құрамында уробилиноген емес, стеркобилиноген болатындығын көрсетті. Қан сарысуындағы билирубин мен оның фракцияларының мөлшерін Иендрашика, Клеггорн және Гроф әдісері арқылы анықтайды.

Жануарлардың қан сарысуындағы билирубиннің концентрациясы 1-кестеде көрсетілген.

1-кесте. Жануарлардың қан сарысуындағы билирубин мөлшері

Жануар түрі
Жалпы билирубин
Тура билирубин
мг/100мл
мкмоль/л
мг/100мл
мкмоль/л
Жануар түрі: Сиырлар
Жалпы билирубин: 0, 11-0, 48
Тура билирубин: 1, 88-8, 21
-
-
Жануар түрі: 15 күндік бұзаулар
Жалпы билирубин: 0, 16-1, 86
Тура билирубин: 2, 74-31, 81
0, 0-0, 72
0, 0-14, 31
Жануар түрі: Жылқылар
Жалпы билирубин: 0, 62-1, 42
Тура билирубин: 10, 6-24, 29
0, 04-0, 58
0, 68-9, 92
Жануар түрі: Қойлар
Жалпы билирубин: 0, 0-0, 39
Тура билирубин: 0, 0-6, 67
0, 0-0, 27
0, 0-4, 62
Жануар түрі: Иттер
Жалпы билирубин: 0, 12-0, 14
Тура билирубин: 2, 05-2, 39
-
-
Жануар түрі: Тауықтар
Жалпы билирубин: 0, 1-0, 35
Тура билирубин: 1, 71-5, 99
-
-
Жануар түрі: Шошқалар
Жалпы билирубин: 0, 0-0, 4
Тура билирубин: 0, 0-0, 84
-
-

Ескерту. Билирубин мөлшерін мг/100 ден мкмоль/л де кайта санау коэффициенті 17, 104 тең.

Билирубинемия (гипербилирубинемия) - тура және тура емес билирубин мөлшерінің концентрациясы жоғарылауымен байланысты.

Тура емес билирубин мөлшерінің жоғарылауы гемолитикалық сары ауруында, бауырдың тура емес билирубинді тура билирубиге айналдыру қызметі төмендегенде байқалады. Бұл көрініс гемолитикалық улармен улану кезінде, қан құюларда көрінеді.

Қан сарысуындағы тура билирубин мөлшерінің көбеюі сары аурудың механикалық түрінде кездеседі. Механикалық сары ауру өт жолдарының тастармен, паразиттермен, ісіктердің әсерінен, лимфалық өзектер, абсцесстер есебінен бітелуінен, сондай-ақ он екі елі ішек кілегейлі қабығының қабынуы салдарынан дамиды. Осы жағдайда тура емес билирубиннің мөлшерінің де аздап жоғарылағаны байқалады.

Парехиматозды сары ауру кезінде тура билирубин қанға өтеді, оның мөлшері ұлғаяды. Гепатоциттердің зақымдалуы тура емес билирубиннің тура билирубинге айналу үрдісін нашарлата отырып, оның қандағы мөлшерін арттырады. Паренхимотозды сары ауруы барысында қандағы тура және тура емес билирубиндер мөлшері көбейеді.

Билирубинді анықтауға арналған реактивтер: кофеинді реактив (5 г химиялық таза кофеин, 7, 5 г натрий бензоаты, 12, 5 г натрий ацетаты, 100 мл дейін дистилденген су) ; NaCl 0, 9% ерітіндісі, диазо сұйықтығы (диазореактив 1-5 г сульфанильді қышқылын қыздырылған 400 мл дистилденген суда ерітіп, 15 мл концентрленген НС1 қосып, сумен 1 литрге жеткізеді, диазореактив П-0, 5 г натрий нитрид және 100 мл дейін су, жұмыс алдында 10 мл диазореактив I және 0, 3 мл диазореактив II араластырады) ; гидрокарбонатты реактивтің ерітіндісі (60 мг натрий гидрокарбонаты, 0, 3 г NaCl, 25 мл дистилденген су және 75 мл этил спирті) ; билирубин, хлороформ.

Қан сарысуындағы билирубинді анықтау (Ендрашик, Клеггорн және Граф бойынша) .

Үш пробиркаға екі есе 0, 9% NaCl ерітіндісімен араластырылған 0, 5 мл қан сарысуын құяды, сонан соң бірінші пробиркаға (тексеру) 1, 75 мл кофеин реактивін және 0, 25 мл 0, 9% NaCl ерітіндісін қосып, калориметрлейді; екінші пробиркаға тура (түзу билирубин) 1, 75 мл

0, 9% NaCl ерітіндісін және 0, 25 диазосұйығын құйып, 5 минут уақыт өткеннен кейін калориметрлейді (5 минут уақыт аралығында) ; үшінші пробиркаға (жалпы билирубин) 1, 75 мл кофеин реактивін және 0, 25 диазосұйығын құйып, 20 минуттан кейін калориметрлейді. Калориметрлеуді жасыл түcтi фильтрінде 5 мм кюветтерде

дистилденген суға қатар жүргізеді. Тура және жалпы билирубинді зерттеуден шыққан оптикалық тығыздықтардан (көрсеткіш бойынша тексерудің оптикалық тығыздығының көрсеткішін есептеп табады) .

Калибрлеу графигінен (100 мл/мг немесе ммоль/л) жалпы және тура билирубин мөлшерін табады, ал олардың айырмашылығы бойынша тікелей емес билирубин мөлшерін 100 мл/мг немесе ммоль / л анықтайды.

Калибрлеу графигін салу әдісі төмендегідей. Өлшегіш колбаға 10 мг таза билирубин салып, хлороформды 100 мл дейін қосады (1 мл ерітінді құрамында 0, 1 мг билирубин болады) . Пробиркаларға билирубин ерітіндісін: 0, 05, 0, 1, 0, 15, 0, 2, 0, 25, 0, 3 мл өлшеп құяды. Бұл пробиркалардағы билирубиннің құрамы (мг) : 0, 005, 0, 01, 0, 015, 0, 025 және 0, 3. Соңғы үш пробирка ішіндегіні ыстық су моншасында буландыру арқылы көлемін 0, 1- 0, 15 мл жеткізеді. Сонан соң әр пробиркаға 0, 75 мл гидрокарбонатты спирт, 2, 5 мл дейін таза этил спиртін, 0, 5 мл диазосұйығын, ал 15 минуттан кейін 2 мл кофеин реактивін (жалпы көлемі 5 мл) құйып, сол мезетте сумен қатарластыра калориметрлейді.

Ординаталар oci бойынша оптикалық тығыздық көрсеткіштерін, ал абцисса oci бойынша-билирубин мөлшерін тізбектейді. Бұл көрсеткіштерді 100 мл/мг аудару үшін, әpбip пробиркадағы билирубин мөлшерін тексеру үшін 200 санына көбейтеді, 0, 5 мл қан сарысуына бірінші пробирка 1 мг, екінші - 2 мг, үшінші - 3 мг, төртінші - 4 мг, бесінші - 5 мг және алтыншы -6 мг билирубинге сай келеді немесе 17, 1; 34, 2; 51, 3; 68, 4; 85, 5; 102, 6 мкмоль/л. Қан сарысуының 2 есе еселенуі есептелтелінбейді, ceбeбi стандарт байқаулардың көлемі зерттелінетін қан сарысуымен салыстырғанда 2 есе көп.

Сау малдың қан сарысуындағы билирубин мөлшері (мг 100 мл) . Сиырларда жалпы билирубин - 0, 11-0, 48, тура билирубин жоқ; 15 күнге дейін бұзауларда-жалпы билирубин 0, 16-1, 86, тура - 0-0, 72: жылқыларда жалпы билирубин 0, 62-1, 42, түзу - 0, 04-0, 58 (Н. А. Савкин бойынша) ; қойларда жалпы билирубин 0-0, 39, тікелей -0-0, 27; иттерде жалпы билирубин 0, 12- 0, 14; тауықтарда -0, 1-0, 35 (Л. Шлезингер бойынша) .

Қан сарысуындағы жалпы билирубин мөлшері (ммоль/л) : сиырларда - 1, 88-8, 21; 15 күнге дейінгі бұзауларда жалпы билирубин 2, 74-31, 81, тура - 0-14, 31; жылқыларда жалпы билирубин 10, 6-24, 29, тура - 0, 68-9, 92; қойларда жалпы билирубин 0-6, 67, тікелей - 0-4, 62; иттерде жалпы билирубин 2, 05-2, 39; тауықтарда - 1, 71-5, 99.

Қан сарысуындағы тура емес билирубиннің көбеюі - гипербилирубинемия - қан паразиттері (пироплазмоз, бабезиоз, нутталиоз) және індетті және т. б. аурулар әсерінен болатын әртүрлі гемолитикалық улармен уланғанда (салонин, фтор, флюороз және т. б. ), сәйкес емес қан құйғанда кездеседі.

Тура билирубиннің қан сарысуындағы мөлшерінің көбеюі механикалық сарғаюда (өт жолдарының өт тастарымен, паразиттермен бітелуі, ісіктермен кысылуы, үлкейген лимфа бездерімен қысылғанда, абсцесстермен, эхинококктармен, тыртықтанып тартылып тарылу кезінде, он eкi елі iшек кілегей қабығы қабынғанда) кездеседі.

Тура және тура емес билирубиннің қан сарысуындағы мөлшерінің көбеюі паренхималық сарғаюлары байланысты (жұқпалы қан аздық, жұқпалы плевропневмония, сақау, жұқпалы энцефаломиелиттер, лептоспироз, жіті және созылмалы гепатиттер, бауырдың улану дистрофиясында, фосформен улануда және басқаларда) байқалады.

Жалпы ақуыз және ақуыздық фракциялар.

Қан сарысуы құрғақ массасының көп бөлігін ақуыз құрады. Олар альбуминдер және глобулиндер (плазмада фибриногендері болады) болып жіктеледі. Альбуминдер және фибриногендер, глобулиндердің көп бөлігі (әсіресе α- және β- глобулиндер және аздаған мөлшерде γ-глобулин) бауырда синтезделеді; γ глобулиндер көбінесе плазмалық торшалардан және Б- лимфоциттерден түзіледі.

Сарысулық ақуыздар қанның тұтқырлық қасиетінің сақталуын қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады, коллоидты - осмостық қысым, көптеген заттардың тасымалдануы ақуыздармен біріккен күйде ұлпаларға беріледі (альбуминдер С, К, РР дәрумендерін, антибиотиктерді, жасуша ішілік зат алмасуын тасымалдайды; май торшаларын, емдік препараттарын, каротин, А, D, Е, К, В12 дәрумендерін, темір, мыс, гемоглобинді тасымалдайды, қанның рН тұрақтылығын реттейді, қанның ұюы, иммундық үрдістерді (иммуноглобулиндер), қандағы катион мөлшерін тұрақтандырады.

Қан сарысуындағы жалпы ақуыз мөлшерін рефрактометрлік немесе биуреттік әдіс арқылы анықтайды. Ақуыз фракцияларын зерртеу мақсатында қағазда электрофарез жасайды. Бұл әдіс 4-5 (альбуминдер, α-, β- және γ- глобулиндер) фракцияны бөліп алуға мүмкіндік береді. Олардың көп бөлігін иммуноэлектрофорез көмегімен анықтауға мүмкіндігі бар.

Жануарлар қан сарысуындағы жалпы ақуыз және ақуыздық фракциялар мөлшері 2-кестеде көрсетілген.

2-кесте. Қан сарысуындағы жалпы ақуыз және ақуыздық фракциялар мөлшері

Жануар түрі
Жалпы ақуыз
Ақуыздық фракциялар, %
г/100 мл
г/л

Альбу-

миндер

Глобулиндер
α
β
γ
Жануар түрі: Ірі қара
Жалпы ақуыз: 7-2- 8, 6
Ақуыздық фракциялар, %: 72-86
30-50
12-20
10-16
25-40
Жануар түрі: Қой
Жалпы ақуыз: 6, 0-7, 5
Ақуыздық фракциялар, %: 60-75
35- 50
13-20
7-11
20-46
Жануар түрі: Шошқа
Жалпы ақуыз: 6, 5- 8, 5
Ақуыздық фракциялар, %: 65- 85
40- 55
14-20
16-21
17-25
Жануар түрі: Жылқы
Жалпы ақуыз: 6, 5-7, 8
Ақуыздық фракциялар, %: 65- 78
35- 45
14-18
20-26
18-24
Жануар түрі: Ит
Жалпы ақуыз: 5, -7, 6
Ақуыздық фракциялар, %: 59- 76
48-57
10-16
20-25
10-14
Жануар түрі: Қоян
Жалпы ақуыз: 6, 0-8, 2
Ақуыздық фракциялар, %: 60- 82
- 65
8-12
7-13
17-23
Жануар түрі: Тауық
Жалпы ақуыз: 4, 3-5, 9
Ақуыздық фракциялар, %: 43- 59
31-35
17-19
11-13
35-37

Қан сарысуындағы жалпы ақуызды рефрактометрмен анықтау әдісі.

Қан сарысуындағы жалпы ақуызды анықтау үшін әр түрлі рефрактометрлерді қолданады (ИРФ-1, ИРФ-22, ИРФ-23, РЛУ, РЛ РПЛ және басқалар) .

РЛУ рефрактометрімен жұмыс жасау алдында нөл нүктесін тексереді, ол үшін өлшегіш призма бетіне 1-2 тамшы дистилденген су тамызады, шкала лупасын және көру трубкасы окулярын анық көрсететін қалыпқа келтіреді, көру аумағында шкала мен визирлі тузулер жақсы көрінуі керек, дисперциялық конденсатордың бұрандасын бұрау арқылы көру трубкасындағы окулярдың дисперциясын жояды, лупа шкаласындағы түзуді 1, бөлігіне, ал жарық көлеңкеснің шекарасын арнайы кілт көмегімен визирлі түзулер нүктесімен қиылысатындай етіп келтіреді.

Аспапты жоғарыда айтылғандай етіп дайындағаннан кейін, оның камерасын ашып, жоғарғы және төменгі призмасын сүзгіш қағазбен, содан соң жұмсақ сүрткішпен сүртеді. Төменгі призма бетіне 1-2 тамшы зерттелінетін қан сарысуын тамызады, камераны жауып, айна көмегімен жарықты оның саңылауына түсіріп, камераны жарық көлеңкесінің шекарасы визирлі түзулердің қиылысқан нүктесіне тоқтағанша бұрайды. Соңында шкала бойынша қан сарысуының сыну көрсеткішін санауды жүргізеді. 3 - кестеде көрсетілген көрсеткіштерді қолдана отырып, сыну коэффициенті көлеміне қарап, ақуыз мөлшерін табады.

3-кесте. Қaн сарысуының сыну коэффициенттері және оларға сәйкес жалпы ақуыз мөлшері

Рефракто-

метр

көрсеткіші

Ақуыз

100

мл/г

Рефракто-

метр

көрсеткіші

Ақуыз

100 мл/г

Рефракто-

метр

көрсеткіші

Ақуыз

100 мл/г

Рефракто-

метр

көрсеткіші

Ақуыз

100 мл/г

Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3427
Ақуыз100мл/г: 3, 94
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3481
Ақуыз100 мл/г: 7, 10
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3511
Ақуыз100 мл/г: 8, 82
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3541
Ақуыз100 мл/г: 10, 49
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3431
Ақуыз100мл/г: 4, 16
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3482
Ақуыз100 мл/г: 7, 15
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3512
Ақуыз100 мл/г: 8, 87
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3542
Ақуыз100 мл/г: 10, 54
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3435
Ақуыз100мл/г: 4, 38
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3483
Ақуыз100 мл/г: 7, 20
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3513
Ақуыз100 мл/г: 8, 92
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3543
Ақуыз100 мл/г: 10, 60
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3439
Ақуыз100мл/г: 4, 60
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3484
Ақуыз100 мл/г: 7, 25
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3514
Ақуыз100 мл/г: 8, 97
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3544
Ақуыз100 мл/г: 10, 64
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3443
Ақуыз100мл/г: 4, 81
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3485
Ақуыз100 мл/г: 7, 31
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3515
Ақуыз100 мл/г: 9, 03
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3545
Ақуыз100 мл/г: 10, 70
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3446
Ақуыз100мл/г: 5, 03
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3486
Ақуыз100 мл/г: 7, 36
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3516
Ақуыз100 мл/г: 9, 08
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3546
Ақуыз100 мл/г: 10, 75
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3450
Ақуыз100мл/г: 5, 25
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3487
Ақуыз100 мл/г: 7, 42
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3517
Ақуыз100 мл/г: 9, 14
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3547
Ақуыз100 мл/г: 10, 80
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3454
Ақуыз100мл/г: 5, 47
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3488
Ақуыз100 мл/г: 7, 48
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3518
Ақуыз100 мл/г: 9, 20
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3548
Ақуыз100 мл/г: 10, 88
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3458
Ақуыз100мл/г: 5, 68
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3489
Ақуыз100 мл/г: 7, 54
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3519
Ақуыз100 мл/г: 9, 26
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3549
Ақуыз100 мл/г: 10, 90
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3460
Ақуыз100мл/г: 5, 92
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3490
Ақуыз100 мл/г: 7, 59
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3520
Ақуыз100 мл/г: 9, 35
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3550
Ақуыз100 мл/г: 10, 98
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3461
Ақуыз100мл/г: 5, 97
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3491
Ақуыз100 мл/г: 7, 63
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3521
Ақуыз100 мл/г: 9, 41
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3551
Ақуыз100 мл/г: 11, 04
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3462
Ақуыз100мл/г: 6, 02
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3492
Ақуыз100 мл/г: 7, 68
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3522
Ақуыз100 мл/г: 9, 46
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3552
Ақуыз100 мл/г: 11, 09
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3463
Ақуыз100мл/г: 6, 07
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3493
Ақуыз100 мл/г: 7, 73
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3523
Ақуыз100 мл/г: 9, 51
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3553
Ақуыз100 мл/г: 11, 15
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3464
Ақуыз100мл/г: 6, 12
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3494
Ақуыз100 мл/г: 7, 79
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3524
Ақуыз100 мл/г: 9, 57
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3554
Ақуыз100 мл/г: 11, 21
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3465
Ақуыз100мл/г: 6, 18
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3495
Ақуыз100 мл/г: 7, 83
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3525
Ақуыз100 мл/г: 9, 63
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3555
Ақуыз100 мл/г: 11, 26
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3466
Ақуыз100мл/г: 6, 23
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3496
Ақуыз100 мл/г: 7, 91
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3526
Ақуыз100 мл/г: 9, 68
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3556
Ақуыз100 мл/г: 11, 30
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3467
Ақуыз100мл/г: 6, 29
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3497
Ақуыз100 мл/г: 7, 96
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3527
Ақуыз100 мл/г: 9, 73
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3557
Ақуыз100 мл/г: 11, 37
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3468
Ақуыз100мл/г: 6, 34
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3498
Ақуыз100 мл/г: 8, 06
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3528
Ақуыз100 мл/г: 9, 78
Рефракто-метркөрсеткіші: 1, 3558
Ақуыз100 мл/г: 11, 42

Сау малдардың қан сарысуындағы жалпы ақуыз мөлшері (100 мл/г) : ipi қарада - 6-8, 5; қойда - 6-7, 5; жылқыда - 6, 5-7, 8; шошқада - 6, 5-8, 5; итте - 5, 9-7, 6; тауықта - 4, 3-5, 9; ал г/л оның мөлшері ipi қарада - 60-85; қойда - 60-75; жылқыда - 65-78; шошқада - 65-85; итте - 59-76; тауықта - 43-59.

Гипопротеинемия - альбуминдердің мөлшері азайюы ұзақ уақыт азық жетіспегенде, рациондағы ақуыз мөлшері аз болғанда, ақуыз сіңімділігі азайғанда, асқазан-ішек торабы қызметінің созылмалы бұзылуы кезінде, көмірсу жетіспеушілігі, макро-, микроэлементтер және дәрумендер (А, Е т. б) тапшылығы кезінде; нефрозда және нефритте (протеинурия салдарынан) ; Созылмалы гепатит, бауыр циррозы (ақуыз синтезінің бәсеңдеуі) ; қан құйылуларда, гидремия, абсцесс, қатерлі ісіктерде, қызбалық кезеңде және интоксикация уақытында туындайды.

Гиперпротеинемия - ақуыз мөлшерінің шамадан тыс болуы (азықтандырудың жоғары концентратты түрінде) қорытылған ақуыз мөлшерінің көбеюі, көмірсу, каротин және фосфор жетіспеушілігі, D - авитаминозы, жіті гепатитте, бауыр дистрофиясы (глобулин мөлшері жоғарылап, альбуминдер мөлшері азаюы есебінен), диареяның ауыр түрлерінде, дегидратация кезінде пайда болады.

Гипоальбуминемия - бауырдың диффузды циррозы, ашығу салдарынан, жүдеу, инфекциялық ауруларда, қабыну үрдістері байқалғанда, жіті пневмония және бронхпневмонияларда, гемобластозда, кетоз, диспепсиялар кезінде, А-гиповитаминозында, миоглобинурияда, нефроз, нефрит, нефросклероз, бауырдың токсиндік зақымдалуларында, метастаздық ісіктер пайда болғанда туындайды. Гиперальбуминемияны дегидратация уақытында, пневмонияның алғашқы сатысында, полиартриттер, инфекциондық аурулар кезінде, сепсис және қатерлі ісік туындағанданда анықталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қандағы билирубинді, қантты және жалпы белокты анықтау туралы
Қандағы билирубинді, қантты және жалпы белокты анықтау
Созылмалы панкреатиттер (дефинициясы, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принциптері)
“Клиникалық биохимия” пәнінен дәрістер
Клиникалық биохимия пәні
ҚАНТТЫ ДИАБЕТ - инсулин жетіспеушілігімен сипатталатын ауру
Айырша без
Гормондарға жалпы сипаттама
Эндокриндік бездер физиологиясы
Сауын сиырлардың кетозы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz