Шу дастаны және оның идеялық мазмұны, көркемдік сипаты (әдеби талдау). Оғыз қаған дастаны және оның нұсқалары


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы:
№5-7 өздік жұмыстары №5 - "Шу" дастаны және оның идеялық мазмұны, көркемдік сипаты (әдеби талдау) №6 - "Оғыз қаған" дастаны және оның нұсқалары ( ғылыми деректер негізінде - конспект) .
Орындаған: Құрманғажы Е. Н.
Тексерген: А. Қ. Жүндібаева, ф. ғ. д.,
қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы
Топ: ҚЯ - 413
Семей 2015
Жоспар:
1. "Оғыз қаған" дастаны және оның нұсқалары.
2. "Шу" дастаны және оның идеялық мазмұны, көркемдік сипаты туралы әдеби талдау.
3. Пайдаланылған әдебиеттер.
1) "Оғыз қаған" дастаны және оның нұсқалары
( ғылыми деректер негізінде - конспект)
«Оғыз-Наме»
(Оғыз - қаған эпосы)
«Оғыз-Наме» - дастаны түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генологиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық туынды. «Оғыз-қағанның» атауы жайында әр кезде әр түрлі пікірлер айтылып келеді. Бірқатар зерттеушілер оны күні бүгінге дейін «Оғыз наме» деп те атайды.
Ал енді «Оғыз қаған» дастаны әуелде ауызша жасалып, бертін келе IX-X ғасырларда қағазға түсірілген сияқты. Бұл көне заман мұрасын ұзақ жылдар бойы зерттеген түрік ғалымы Н. С. Банарлы оны батырлық жырлары қатарына қосып, «Оғыз қаған» дастаны деп атайды. Бұл пікірге ғалым «Оғыз қағанның» тақырыбы мен сюжетін, қаһармандарын және олардың әрекетін, баяндау тәсілдері мен тілдік құралдарын егжей тегжейлі зерттеу арқылы келіп отыр.
«Оғыз-қаған» дастанының тараған нұсқалары негізінде негізгі 2 нұсқасы бар. Бірі - ұйғыр әріпімен жазылған нұсқасы Париж қаласының ұлттық кітапханасында сақталған. Екінші нұсқасы - араб әріпімен жазылған. Оның авторы- атақты тарихшы әрі Хиуа хандығының ханы Әбілғазы би Араб Мұхаммедхан.
«Оғыз-қаған» дастаның ұйғыр әріпімен жазылған нұсқасына тілдік тұрғыдан сипаттама берген А. М. Щербак. Ол дастанды транскрипциясын дайындап, орыс тіліне жолма-жол аударған.
Екі нұсқаның да бір-бірінен айтулы өзгешеліктері бар. Мәселен, Оғыз қағанның билік пен байлықты өз балаларына бөліп беру эпизоды екі нұсқада екі түрлі суреттеледі. Ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасында алтын садақ пен күміс жебелердің бас екенін ұлы Түрік түс көріп біледі. Ал «Түрік шежіресі» нұсқасында алтын садақ пен жебені нөкерлер құмға көміп тастаған болып шығады.
«Оғыз-қаған» дастаның зерттеу ісіне, әсіресе, түркия елінің ғалымдары көп еңбек сіңірді деуге болады. Әйтсе де түрік ғалымдарының зерттеулері соңғы кезге дейін бізге беймәлім еді. Ал қазір Н. Атсыз, Н. Банарлы, Ф. Көпрүлузаде, Б. Аталай, Б. Рифат сияқты түрік ғалымдарының «Оғыз қаған» дастаны туралы терең ойлы зерттеулері қолымызға тиіп отыр. «Оғыз қаған» дастаны мен қазақтың батырлық жырлары арасындағы әртүрлі байланысты зерттеуге қазақтың Ә. Дербісәлин, М. Жармұхамедұлы, Ө. Күмісбаев сияқты зерттешілері де өзіндік үлес қосқан. Сонымен бірге, ағылшын, неміс, француз және орыс ғалымдары да бұл салада едәуір еңбек еткені мәлім. Дегенмен «оғыз қаған» дастанының түркі тілдес халықтар әдебиетіне тигізген әсері, әсіресе, оның дәстүр жалғастығы негізінде қазақ әдебиетіне тигізген ықпалы күні бүгінге дейін арнайы зерттеу объектісі болған емес.
«Оғыз қаған» дастанының зерттелу тарихына қысқаша тоқталып өтелік. Оғыз қаған туралы аңыз әңгімелер мен тарихи шындық жайында кезінде В. В. Радлов, Г. Н. Потанин, П. Пелльо, И. Н. Березин, Л. Лигетин, Ю. Немат, Н. Я. Бичурин, В. В. Бартольд, А. М. Щербак, А. Н. Кононов сияқты зерттеушілер сан алуан құнды пікір айтқаны мәлім. Бұл пікірлердің бәрін түйіндеп айтсақ, төмендегі жәйіттерге келіЂп саяды. «Оғыз-қаған» эпосының ауызша тараған нұсқалары негізінде кейінірек қайта жазылған екі түрлі нұсқа бар.
Шығарманың тілі көркемдеу әдістеріндегі өзіндік мазмұны:
Қырық күннен соң өсті -
жүрді, ойнады.
Аяғы - өгіздің аяғындай,
Белі - қасқырдың беліндей,
Иықтары - бұлғының иығындай
Төсі - аюдың төсіндей еді.
Денесінің бәрін түк басқан еді.
Жылқы бағатын еді,
Атқа мінетін еді.
Киік аулап жүретін,
Талай күн, талай түннен соң жігіт болды.
«Оғызнама» эпосы осы бір жырдың мазмұнындағы формасы ертегіге де, батырлар жырына да жатпайды. Мазмұнның өзі тарихи негізі бар фольклорлық шығарма дегеніміз жөн сияқты.
Дастанның екі нұсқасы бар:
1. Көне ұйғыр әрпімен 13-14 ғасырларда көшірілген, Париждің ұлттық кітапханасында сақтаулы. Оның көлемі небәрі 42 бет, әр беті 9 жолдан ғана тұрады. Бұл нұсқаны алғаш В. В. Радлов орыс тіліне аударған. Кейін А. М. Щербак тілдік тұрғыдан зерттеп, ғылыми түсініктерін жаза отырып, қайта аударған, ол қолжазбаны түпнұсқа деп танымай, оның көшірмесі деген пікірге келген.
2. Араб әрпімен жазылған, тарихшы, Хиуа ханы Әбілғазы нұсқасы. Әбілғазыдан мұраға қалған екі еңбек бар, бірі- «Шежіре-и-тарахима», ( «Түрікмен шежіресі», 1661 ), екіншісі - «Шежіре-и түрк» («Түрік шежіресі») .
Екі шығармада Оғыз батырдың ерлік жорықтары, ұрпақтарының игілікті істері, оғыз тайпаларының шығу тегі, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы және тағы басқа жайлы жазылған. «О-да» батыр ұйықтап жатқанда шатырына көктен нұр сәулесінің түсуі, сәуле ішінен көкжал қасқыр шығып, оның қалың қолды бастап жүруі, аспаннан түскен сәуледен сұлу қыздың шығуы секілді діни-мифология көріністер орын тепкен. «О-ны» ақиқат пен аңызға бірдей негізделген шығарма деуге болады. Мұнда алғашқы қауымдық құрылыс кезінде, сақтар мен ғұндар дәуірінде, орта ғасырларда орын алған сан қилы тарихи оқиғалар өзара жалғаса мазмұндалған.
Оғыз қағанды белгілі бір адам бейнесіне телу, яғни тарихтағы нақты тұлғасын тану мүмкін емес. Бірақ Оғыздың тарихи бейнесі белгілі тарихи тұлғалар іс-әрекетінің жиынтығы деуге негіз бар, себебі дастан тарихи оқиғалар желісі бойынша жазылған. Оғыз қағанның анасы Айқаған бейнесін ғалымдар отбасы қамқоршысы Ұмай-ана бейнесімен байланыста қарайды. Дастандағы мәліметтерді :
а) оғыз-түрікмен эпосына негізделген ( Оғыз бен оның ұрпақтарының жорықтары туралы аңыздар) ;
ә) тарихи негізі бар, бірақ бізге аңыз күйінде жеткен (оғыз тайпаларының көшіп-қонуы, қоғамдық-әлеуметтік өмірі туралы деректер) ;
б) оғыз елінің көрші тайпаларымен, тайпа бірлестіктерімен қарым-қатынасы жайлы аңыздар деген топтарға бөлуге болады;
«Оғыз қаған» дастаны- тарихи әрі әдеби ескерткіш. Онда түркі халықтарының көптеген аңыз әңгімелері көрініс тапқан. Оғыз төңірегіндегі Қыпшақбек, Қалаш, Қанғалық, Қаңлы, Қарлық, Сақтаб тәрізді есімдердің қазақ ру-тайпа атауларымен сәйкестігі дастанның қазақ ертегілерімен, эпостық жырларымен этникалық жағынан жақындығын айқындай түседі.
2) . "Шу" дастаны және оның идеялық мазмұны, көркемдік сипаты
(әдеби талдау)
«Шу» дастаны» - қазіргі түркі тектес халықтардың арғы тегі саналатын сақтардың шежіресін аңызға айналған тарихи деректер бойынша жыр еткен ерлік эпосы. «Шу» дастанын ғылыми негізде дұрыс пайымдау үшін біздің заманымыздан бұрынғы төрт мыңыншы жылдың орта кезінде сақтар даласында болған кейбір тарихи оқиғаларға назар аударғанымыз жөн сияқты. Ол үшін алдымен сақтар тарихынан мол дерек беретін Берел қорымынан табылған археологиялық олжалар туралы бірер сөз айта кетейік.
Сақтар дәуірінен бізге үзік-үзік күйінде жеткен ерлік дастандарының кейбір күңгірт тұстарын айқындап алуға археология ғылымы саласындағы соңғы жетістіктер өз септігін тигізіп келеді. Мәселен, Ә. X. Марғұлан атындағы археология институты ұйымдастырған Қазақ-француз-итальян біріккен халықаралық археология экспедициясы 1999 жылы бүкіл ғылыми әлемді дүр сілкіндірген жаңалық ашқаны мәлім. Бұл экспедиция Алтай тауы етегіндегі Берел қорымынан (Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы) бұдан екі мың төрт жүз жыл бұрын жерленген сақтардың көсемі («тәңірқұты») мен патша (әйелінің табиттағы мәйітін тапты. Ең ғажабы- көсемге құрбандыққа шалынған он үш жирен сәйгүліктің денелері де мәңгілік тоң астында жатып, жиымра төрт ғасыр бойы бұзылмай, шірімей, сол күйінде сақталған. Бұл қорымнан табылған заттар мен оларға бедерленіп салынған сан қилы суреттер, ою-өрнектер, аңдар мен құстардың мүсіндері, т. б. кейбір ежелгі дастандардың мүсіндері, т. б. кейбір ежелгі дастандардың сюжетін айқындай түсуге мүмкіндік берді.
Берел қорымынан табылған сақтар көсеміне құрбандыққа шалынған аттардың саны неліктен он үш болған деген сауал туады.
1. Жырдың мазмұны:
Жыр аса даңқты түрік билеушісі, есімі әлемге мәшһүр болған дарынды қолбасшы, сақ мемлекеттік бірлестігіне қарасты өмір сүрген Шу аймағында өмір сүрген Шу есімді батыр жігіт жайлы. Өз дәуірінің дуалы батыры, халқына сыйлы Шу батыр жастайынан талай кескілескен шайқастарға қатысып, елі үшін ғұмыр кешкен ер. Сондықтан, Ескендірдің әскері сақ еліне қауіп төндіргенде, Шу бірден елін аман алып қалудың жолдарын қарастырады. Талай қанды шайқастарды басынан өткізіп, күллі әлемді жаулап алған Ескендір жау жағынан майданға тек қырық жігіт шығарғанын көріп, мұнда бір сыр бар екенін аңғарады. Сонда жиһангер птшаның ақылгөй қарты: «Шу батыр халықты көп қырғысы келмей тұр. Мықты болсаң осы қырық батырмен шайқасып көр! Егер сен жеңсең, біз онда соғыспай ақ бас иеміз» деген ойды меңзеп айтып тұр дейді. Намысы қозған Ескендір патша да Шу батырдың қырық батырына қарсы өзінің ең таңдаулы деген қырық нөкерін шығарады. Өзінің қырық нөкерімен Ескендір әскерінің қырық нөкерімен жекпе-жекке шығып, жеңіске жетеді. Ескендір Шудан жеңілгенін мойындап, сақтарға бас иіп, бейбіт келісімге келіпті. Осылайша, қайсар Шу батыр елін жаудан аман алып қалады.
2. Жырдың тақырыбы:
Жырдың тақырыбы тарихта есімі алтын әріптермен қалған, ғажайып ерлік иесі Шудың өміріне арналады. Сақ елінің жүрек жұтқан батырының жасаған тарихи ісін ұрпақтан-ұрпаққа үлгі етеді.
3. Жырдың идеясы:
Жырдың негізгі идеясы - Отан қорғау, туған жерге деген махаббат мәселесі. Автор Шу батырдың өжеттігі мен ерлігін көрсете отырып, ұлтжандылық мәселесін көтереді. Ел басына күн туғанда елі үшін ұран салып, жауға қарсы шапқан ерлердің ерлігін үлгі қылып көрсетеді.
4. Жырдың композициясы :
Жыр композициясы мен сюжеттік желісі бұл заманға толығымен жетпеген. Дегенмен сақталған үзінділердің желісінде ғалымдар жырдың негізгі композициясын болжап құрды. Құрылған композиция негізінде, бірінші бөлімде - Шу батырдың елдегі беделі мен сарайдағы өмірі баяндалады.
Шу тұлғасымен қатар ежелгі Сақ елінің ғажайып табиғаты мен шаһарлары сипатталады. Сақ елінде мекендеген құстар мен жануарлар жырланады. Келесі сюжетте Сақ еліне қауіп төндірген Ескендір Зұлқарнайын әскері жайлы және Шудың қырық нөкерімен ойлап тапқан айласы туралы баяндайды. Жырдың шарықтау шегі ол екі жақтың қырық нөкерінің жекпе-жекке шығып, қанды майдан суреттеледі. Жырдың соңы Шудың жеңіске жетіп, Ескендірмен бейбіт келісімге келуімен және оған сақ елімен таныстыруға аттануымен тәмамдалады.
5. Жырдың кейіпкерлері:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz