Ойын феномен ретінде.ойынның психологиялық негіздері



1. Ойын іс.әрекетінің балаларға психологиялық әсері
2. Ойынның теориялық мәні
3. Ойынның психологиялық негіздері
4. Психологиялық ойындар

III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Балалық шақ – бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез.

Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен ұстаздардың міндеті.Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.Бала ойын ойнағанда өмірде көрген-білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп, таным белсенділігі арта түседі. Мұғалім ойын ойнауға жағдай туғызумен қатар, баланың ойынға қызығушылығын, белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиісті. Бала өзара ынтымақтастық жағдайында ойынды өз қалауымен бастауы, не болмаса еркімен қатысуы аса маңызды. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық меңгергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі б.т. Адамның ойын әрекеттерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстар жасаудан, бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видеокомпьютерлік ойынға дейін ауысады. Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы («ойын барлығын да қабылдайды»), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.
Ойын арқылы бала білімді – қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиясын жетілдіріп, мінез-құлқын, ерік-жігерін дамытады, дүниетанымы кеңейіп, мектептегі оқу процесіне қызығушылықпен қарай бастайды. Ойындар рөлдік-мазмұндық, шығармашылық, дидактикалық қимыл-қозғалыстық болып бөлінеді.Әрине, мұндай ойындарды дұрыс таңдай білу ұстаздық біліктілік пен шеберлікті қажет етеді.Ойындарды мазмұнына қарай әр пәнде тиімді қолдануға болады. Мысалы, қазақ тілі сабағында «Сөз ойла,тез ойла», «Бос орынды толтыр» , «Ізде,тап!», «Бұл қалай өзгерген?» т.б. ойындарды жүргізе отыра, оқушылардың шығармашылығы мен грамматикалық сауатын дамытуға болады. Математика сабағында «Математикалық домино», «Басқыш», дене шынықтыру пәнінде «Қақпан», «Ақсерек, көксерек» т.б. ойындар арқылы оқушылардың мұғалімнің өзіне тән психологиясына сай бейімделіп, құрбыларын тану, олармен жағымды қарым-қатынаста бола отыра, кез-келген іс-әрекетті бірігіп орындай алу қабілетін дамытады, белгілі бір тәртіпке бағыну, бірін-бірі құрметтеу, ұжымдық ортақ іске талпыну және жеңіске жету сапаларын дамытады. Сондай-ақ, бала өзінің бойындағы жасқану, ұялу сезімдерін жойып, кластағы ортақ іс-әрекетке ден қойып,оқу процесін өз құрбыларымен жарыса талдап,меңгереді. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады. Ойын сабағының қабылдануы тез және есте сақталуы ұзақ. Сабақаралық үзілістерде де баланың дұрыс тынығуын қамтамасыз ету мақсатында қысқа, әрі мазмұнды қызықты ойындар таңдалуы керек.
1. Әлімбаев М., Баянбаев Қ. Шынашақ. – Алматы: Қайнар, 2001.
2. Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы: Қайнар, 1994.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Педагогикалық факультет
Педагогика - психология кафедрасы

СРО № 1,2

Тақырыбы: Ойын феномен ретінде.Ойынның психологиялық негіздері

Орындаған: Жуаспаева А
Топ: П-403у
Тексерген: Кулмышева Н.А

Семей 2015 жыл
Жоспар:
1. Ойын іс-әрекетінің балаларға психологиялық әсері
2. Ойынның теориялық мәні
3. Ойынның психологиялық негіздері
4. Психологиялық ойындар

III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Білім берудің басты құралы - ойын.

Балалық шақ - бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез.

Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен ұстаздардың міндеті.Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын - балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.Бала ойын ойнағанда өмірде көрген-білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп, таным белсенділігі арта түседі. Мұғалім ойын ойнауға жағдай туғызумен қатар, баланың ойынға қызығушылығын, белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиісті. Бала өзара ынтымақтастық жағдайында ойынды өз қалауымен бастауы, не болмаса еркімен қатысуы аса маңызды. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық меңгергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі б.т. Адамның ойын әрекеттерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстар жасаудан, бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видеокомпьютерлік ойынға дейін ауысады. Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы (ойын барлығын да қабылдайды), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы - балалар үшін ойынның тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.
Ойын арқылы бала білімді - қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиясын жетілдіріп, мінез-құлқын, ерік-жігерін дамытады, дүниетанымы кеңейіп, мектептегі оқу процесіне қызығушылықпен қарай бастайды. Ойындар рөлдік-мазмұндық, шығармашылық, дидактикалық қимыл-қозғалыстық болып бөлінеді.Әрине, мұндай ойындарды дұрыс таңдай білу ұстаздық біліктілік пен шеберлікті қажет етеді.Ойындарды мазмұнына қарай әр пәнде тиімді қолдануға болады. Мысалы, қазақ тілі сабағында Сөз ойла,тез ойла, Бос орынды толтыр , Ізде,тап!, Бұл қалай өзгерген? т.б. ойындарды жүргізе отыра, оқушылардың шығармашылығы мен грамматикалық сауатын дамытуға болады. Математика сабағында Математикалық домино, Басқыш, дене шынықтыру пәнінде Қақпан, Ақсерек, көксерек т.б. ойындар арқылы оқушылардың мұғалімнің өзіне тән психологиясына сай бейімделіп, құрбыларын тану, олармен жағымды қарым-қатынаста бола отыра, кез-келген іс-әрекетті бірігіп орындай алу қабілетін дамытады, белгілі бір тәртіпке бағыну, бірін-бірі құрметтеу, ұжымдық ортақ іске талпыну және жеңіске жету сапаларын дамытады. Сондай-ақ, бала өзінің бойындағы жасқану, ұялу сезімдерін жойып, кластағы ортақ іс-әрекетке ден қойып,оқу процесін өз құрбыларымен жарыса талдап,меңгереді. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады. Ойын сабағының қабылдануы тез және есте сақталуы ұзақ. Сабақаралық үзілістерде де баланың дұрыс тынығуын қамтамасыз ету мақсатында қысқа, әрі мазмұнды қызықты ойындар таңдалуы керек.
Ойын оқу үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Сол сияқты ойынды студенттер мен оқушылардың, мұғалімдер мен оқушылардың, мектеп жасына дейінгі бала тәрбиешілердің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланыста болатын технологиясы ретінде қарастыруға болады.Әр ойын өзіне тиісті үш мақсатта, яғни білімділік, тәрбиелік, дамытушылық бағытында болады. Мұғалім жаңа білім мазмұнын жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологиясын пайдаланады.сабақ үстінде баланың көңіл-күйін, зейінін, әрекеттерін бақылау, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру, тапқырлыққа баулу, танымдылығын дамыту үшін пікір алысу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау тәрбиешіге байланысты.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, баланың бойында оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратын да ойын әрекеті болып саналады.

ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Баланың логикалық ойлауының дамуындағы ойынның ролі
Ойын - бала әрекетінің бір түрі.Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады.бала ойын үстінде өз мүмкіншілігін сезінумен қатар айналасындағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Балалардың ойлауын, қиялың, сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар.Бір ойын түрі ойлауы мен қабылдауын жетілдірсе, ал екіншісі ойлау қабілетін, үшіншісі есте сақтау қабілетін жетілдіреді.А.С.Макаренконың айтуынша, ойында баланың физикалық, психологиялық қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі.
Балалардың ой-өрісін дамытатын Санамақ ойынын алар болсақ, оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі. Ребустар шешудің ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол. Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтарды әр сабақ сайын жүйелі пайдалану керек. Жұмбақ ойыны балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік жасайды, оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседі.Ұлттық ойындарды қолдану сабақ мазмұнын байыта түседі және баланың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі. Математика сабағында аз, көп ұғымдарын баланың зердесіне ұялату оңай нәрсе емес. Ал, оны қарапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасаң, онша қиындық келтірмейді. Бірінші класта математиканы оқып үйрене бастағанда оқушылардың түсінігін жеңілдету үшін санамақ секілді ойын түрлерін ойнату тиімді. Он саусақ өлеңін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы оқушылардың тілін ұстартып, ауызша тез есептеуге, логикалық ой жүйелерін қалыптастыруға болады. Халықтың байырғы ауызша есептері, халық ойындары мұның дәлелі. Атап айтсақ, Қай қолымда?, Үш әділ, Торғай мен бұтақ, Сөз мәнісін байқайық т.б.
Математика сабақтарында дидактикалық ойын элементтерін қолданып сабақ өткізу өте пайдалы. Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.Математикалық ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі. Сабақта ойын элементерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу процесінде пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгелі бір уақыт аралығында жүзеге асырылып, сабақ кезеңдеріне де нұсқан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс.
Ойынға педагогикалық басшылық жасау дегеніміз оқушыларды ұйымшылдыққа, шығармашылық дербес қызметтерін алмастыратын, балалардың ұжыммен қарым-қатынасын жетілдіре түсуі болып табылады. Ойын барысындағы қарым-қатынаста педагог басты назарды достыққа, жолдастық қарым-қатынас, өзара түсіністікке көңіл аударады. Ұжымдық ойындағы оқушының алар орны күнделікті өмірден айтарлықтай өзгеше. Ол ойындағы атқаратын рөлінен туындайтын мазмұнмен сипатталады.
Ойын арқылы оқушы нені меңгереді?
1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
8. Оқушылар үшін қауіпсіз.
9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.
10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.
12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.
2.2.Ойынның түрлері және қолданылуы
Дидактикалық ойындардың сапалылығы олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.
Дидактикалық ойын түрлері:
1) Заттық дидактикалық ойындар
Бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен және әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2) Үстел үсті ойындары: Лото, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойын – психологиялық феномен ретінде.Ойынның психологиялық негіздері
Ойын – психологиялық феномен ретінде
Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері пәнінің дәрістік материалдары
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДАҒЫ ОЙЫННЫҢ РӨЛІ
ІС-ӘРЕКЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ
Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы шығармашылық белсенділігін қалыптастыру
Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру жайлы
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың басты іс-әрекеті
Балалар ойыны еркін түрде іске асырылатын әрекет
Пәндер