Екі жақтылық принципі және баланстық теңдік



1. Екіжақтылық принцип жөніндегі ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2. Баланстық теңдік қалыптастыру және баланс құру негіздері ... ... ... ..4
3. Баланс көрсеткіштерінің типтік өзгеріске түсуі ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
Нарықтық қатынастар мен жеке меншіктік жағдайында кез келген заңды және жеке тұлғалар өзінің бизнесін ашып, белгілі бір мақсаттағы кәсіптік құрылымдар құруына құқылы. Бизнес пен кәсіпкерліктің түпкі мақсаты - халықтың (отандық, шетелдік) сұранысы мен тұтынысына жауап берерлік, базарлы сауда жүйесінде бәсекеге түсерлік сапалы өнімдер өндіріп, қызметтер көрсетіп, жұмыстар орындап, табыс табу болып табылады.
Активтер қарапайым екіжақтылық теңеудің сол жағында (сол жаққа), ал меншікті капитал оң жағында (оң жаққа) орналасатындығын түсіндік. Бүл теңдік бухгалтерлік есепке тән болғандықтан, мұның өзін екі жақтылық принциптің бастапқы кезеңдегі қалыптасуы деп атаймыз. Бұдан біздер, активтердің жалпы сомасы әрқашанда меншікті капитал сомасымен тепе-теңдікте болатындығын білдік. Яғни активтер мен меншікті капитал ерісіндегі қозғалыстардың барлық сомасы тепе-теңдік жағдайда сақталуы керек. Бухгалтерлік есеп жүргізудің мыңдаған жылдардан бері қалыптасқан ережесіне сай активтер мен меншікті капитал сомасының тепе-теңдігі - баланс деп аталады. Сондықтан бухгалтерлік баланстың сол жағында көрсетілетін 950,0 мың теңге активті ресурстар ретінде танылып, бұл соманың көздері меншікті капитал - 950,0 мың теңгеге тең болатындығын тағы да есте сақтау керек. Баланстық тепе-теңдік әрқашанда сақталып, активтер баланстың сол жағында, ал пассивтер баланстың оң жағында орналасатындығын біз екіжақтылық принцип деп атаймыз. Бухгалтерлік есеп өрісінде қалыптасқан екі жақтылық қағидаға сай, кез келген шаруашылық операциялары балансқа жазылатындығын ешқашанда естен шығармау керек.
Шаруашылық операциялары (фактілер) деп - ақшаның, тауарлардың, көрсетілген қызметтердің құны жағынан эквиваленттік айырбасқа түсуін айтады. Орындалған операциялар негізінде «ненің қайдан келіп», «қайдан кеткендігін» білеміз. Ұйымдардың экономикалық қызметінде күнделікті орындалған операциялар немесе шаруашылық әрекетке түскен фактілер бухгалтерлік есеп счеттары арқылы тіркеледі. Демек, кез келген шаруашылық операцияларының мазмұны екі жақты жазуды талап етеді.
Нарықтық қатынастар өрісінде, кәсіпкерлікті іске асыруда, бизнестік жүйені тиімді жүргізуде, аралық экономикалық қатынастарды дұрыс бағытқа салу мен шешуде екіжаққа да ұтымды жасалған шаруашылық операциялары арқылы бухгалтерлік есеп жүйесі қалыптасады.
Кез келген ұйымның қалыпты жағдайда өз қызметін іске асыруы үшін белгілі бір көлемде қаражат керек екендігін айттық. Ұйымның өнім өндіріп, қызмет көрсетуі үшін, басқаларға жұмыстар орындап беруі үшін белгілі сыртқы тұлғалардан алынған қаражаттарын бухгалтерлік есеп тілінде - активтер деп атадық. Егер активтердің белгілі бір бөлігін меншік иесі өз қалтасынан, өзінің жинаған ақшасынан осы ұйымға (компанияға) салса, онда мұндай активтер көзін меншікті капитал деп атадық. Меншік иесі тек бір ғана тұлға болып танылып, ақша қаражаты, тек меншік иесінің қалтасынан ғана қалыптасқан жағдайда, мына қарапайым теңдеу туындайды: Активтер = Меншікті капитал.
1. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру. Алматы 2005.
2. Палий В.Ф., Соколов Я.В., “Бухгалтерлік есеп теориясы”, М Финансы и статистика 1998ж.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Автоматика және электротехника кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы : Екі жақтылық принципі және баланстық теңдік

Орындаған: Жапар Ботагөз
Тобы: ВТ-305
Қабылдаған: Сәрсенбаева А.А

Семей 2015 ж
Мазмұны:
1. Екіжақтылық принцип жөніндегі ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
2. Баланстық теңдік қалыптастыру және баланс құру негіздері ... ... ... ..4
3. Баланс көрсеткіштерінің типтік өзгеріске түсуі ... ... ... ... ... ... ... .. ... .6
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

1. Екіжақтылық принцип жөніндегі ұғым. Нарықтық қатынастар мен жеке меншіктік жағдайында кез келген заңды және жеке тұлғалар өзінің бизнесін ашып, белгілі бір мақсаттағы кәсіптік құрылымдар құруына құқылы. Бизнес пен кәсіпкерліктің түпкі мақсаты - халықтың (отандық, шетелдік) сұранысы мен тұтынысына жауап берерлік, базарлы сауда жүйесінде бәсекеге түсерлік сапалы өнімдер өндіріп, қызметтер көрсетіп, жұмыстар орындап, табыс табу болып табылады.
Активтер қарапайым екіжақтылық теңеудің сол жағында (сол жаққа), ал меншікті капитал оң жағында (оң жаққа) орналасатындығын түсіндік. Бүл теңдік бухгалтерлік есепке тән болғандықтан, мұның өзін екі жақтылық принциптің бастапқы кезеңдегі қалыптасуы деп атаймыз. Бұдан біздер, активтердің жалпы сомасы әрқашанда меншікті капитал сомасымен тепе-теңдікте болатындығын білдік. Яғни активтер мен меншікті капитал ерісіндегі қозғалыстардың барлық сомасы тепе-теңдік жағдайда сақталуы керек. Бухгалтерлік есеп жүргізудің мыңдаған жылдардан бері қалыптасқан ережесіне сай активтер мен меншікті капитал сомасының тепе-теңдігі - баланс деп аталады. Сондықтан бухгалтерлік баланстың сол жағында көрсетілетін 950,0 мың теңге активті ресурстар ретінде танылып, бұл соманың көздері меншікті капитал - 950,0 мың теңгеге тең болатындығын тағы да есте сақтау керек. Баланстық тепе-теңдік әрқашанда сақталып, активтер баланстың сол жағында, ал пассивтер баланстың оң жағында орналасатындығын біз екіжақтылық принцип деп атаймыз. Бухгалтерлік есеп өрісінде қалыптасқан екі жақтылық қағидаға сай, кез келген шаруашылық операциялары балансқа жазылатындығын ешқашанда естен шығармау керек.
Шаруашылық операциялары (фактілер) деп - ақшаның, тауарлардың, көрсетілген қызметтердің құны жағынан эквиваленттік айырбасқа түсуін айтады. Орындалған операциялар негізінде ненің қайдан келіп, қайдан кеткендігін білеміз. Ұйымдардың экономикалық қызметінде күнделікті орындалған операциялар немесе шаруашылық әрекетке түскен фактілер бухгалтерлік есеп счеттары арқылы тіркеледі. Демек, кез келген шаруашылық операцияларының мазмұны екі жақты жазуды талап етеді.
Нарықтық қатынастар өрісінде, кәсіпкерлікті іске асыруда, бизнестік жүйені тиімді жүргізуде, аралық экономикалық қатынастарды дұрыс бағытқа салу мен шешуде екіжаққа да ұтымды жасалған шаруашылық операциялары арқылы бухгалтерлік есеп жүйесі қалыптасады.
Кез келген ұйымның қалыпты жағдайда өз қызметін іске асыруы үшін белгілі бір көлемде қаражат керек екендігін айттық. Ұйымның өнім өндіріп, қызмет көрсетуі үшін, басқаларға жұмыстар орындап беруі үшін белгілі сыртқы тұлғалардан алынған қаражаттарын бухгалтерлік есеп тілінде - активтер деп атадық. Егер активтердің белгілі бір бөлігін меншік иесі өз қалтасынан, өзінің жинаған ақшасынан осы ұйымға (компанияға) салса, онда мұндай активтер көзін меншікті капитал деп атадық. Меншік иесі тек бір ғана тұлға болып танылып, ақша қаражаты, тек меншік иесінің қалтасынан ғана қалыптасқан жағдайда, мына қарапайым теңдеу туындайды: Активтер = Меншікті капитал.
Егер активтердің белгілі бір бөлігі меншік иесі болып танылмаған (меншік иесіне жатпайтын) сыртқы тұлғалардан қалыптасса, онда мұндай қаражат көздерін міндеттемелер деп атадық. Яғни осы ұйымның басқалардан уақытша алған қарызы активтер сомасын көбейтіп отыратындығын, мұндай қарыздар түбінде қайтарылатындығын міндеттемелер деп таныдық.
Сонымен қатар жоғарыда айтылған баланстық теңдеуден активтер (сол жағы) және меншікті капитал мен міндеттемелер (оң жағы) сомасы бірдей болатындығы бухгалтерлік есептегі екі жақтылық принципке тән екендігін білдік.Яғни активтер ұйымның меншігіндегі қаражаттарды көрсетсе, капитал және міндеттемелер кімнің қанша көлемде осы ұйымға салған қаражаттарының көздерін көрсетеді. Теңдеудің екі жағындағы сомалар жинағы бірдей болатындығын екіжақтылық принциппен тағы да дәлелдедік.Ұйымдар өз мақсаты мен қызметін ары қарай жүргізу мен ұлғайту үшін көптеген әртүрлі шаруашылық операциялары мен фактілерді іске асырып, бұлардың мазмұнын есепке алуға тиісті. Яғни күнделікті орындалған экономикалық қатынастар мен бизнес-жоспарды, бәсекелестік үрдісті іске асыру тұрғысында ұйымдардағы активтер, меншікті капитал мен міндеттемелер өрісінде жиі-жиі екі жақтылық өзгерістер болып отырады. Қандайда болмасын өзгерістерге қарамастан әрқашан да активтер сомасы = меншікті капитал + міндеттемелер сомасымен тепе-теңдікте болатындығын естен шығармау керек. Өз кезегінде активтер: ғимараттардан, жабдықтаушы құралдардан, тауарлы-материалды құндылықтардан, тасымалдау құралдарынан, осы ұйымның басқалардан алатын алашақтарынан немесе берешек қарыздардан, сондай-ақ кассадағы және есеп айырысу шоттарындағы ақшалардан тұрады.
Міндеттемелер: осы ұйымның басқаларға төлеуге тиісті ақшаларынан және қарызға алынған тауарлар мен материалдар үшін төленетін ақшаларды қайтарып беру сомаларынан тұрады.

2. Баланстық теңдік қалыптастыру және баланс құру негіздері. Бухгалтерлік баланс деп - ақшалай өлшеммен өлшенетін капитал мен міндеттемелер жөніндегі белгілі бір мерзімге жасалған қорытынды есепті айтамыз. Баланс активтерді (осы ұйымның қаражаттарын) және бұларды қаржыландыру көздерін экоиомикалық маңызына қарай белгілі бір уақытта жинақтап отырады. Баланс көрсеткіштері ақшалай бағаланады, Міндеттемелер қанша ақшаның қайдан алынғандығын көрсетеді. Активтер алынған ақшаның немесе каражаттардың қалай жұмсалғандығын, қайда және не үшін жұмсалғанын көрсетеді. Меншікті капитал осы ұйымды құрып қалыптастырушы жеке тұлғаның, ұйым иесінің салған ақшасынан тұрады.
Нәтижесінде активтердің жалпы сомасы алынған міндеттемелер мен меншікті капиталдың жалпы сомасымен тепе-тең болатындығын тағыда қайталаймыз. Осындай сабақтастық жолдармен бухгалтерлік баланс әдісі қалыптасып қордаланып отырады. Кез келген бухгалтерлік балансқа баланс жасаушы ұйымның аталуы және баланстың қай уақытқа қорытындыланып жасалған күні жазылады.
Баланс деп -- ұйымдар қызметіндегі активтер, меншікті капитал және міндеттемелер өрісінде болған өзгеріс көрсеткіштерді экономикалық маңызына қарай белгілі бір мерзімге топтастырып, ақшалай өлшеммен өлшеуді айтады. Бұл анықтамада
1) баланс;
2) үлгі;
3) пайдаланушылардың мүддесі;
4) сыртқы сипаты;
5) белгілі бір мерзім;
6) қаржы жағдайы;
7) кәсіпорындар (ұйымдар) деген сияқты элементтер қатысады. Баланс - латын сөзі. Бұл сөз екі табақты таразы деген ұғымды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Активтер міндеттемелер меншікті капитал
Есеп циклі және қаржылық есепті дайындау
Бухгалтерлік есепті жүргізу
Баланс өтімділігін талдау және оған әсер ететін активтерді қарастыру факторларды талдау
Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептіліктердің ашылып көрсетілуі
Баланстық теңдік қалыптастыру және баланс құру негіздері
Банктік бухгалтерлік баланс
Экономикадағы математикалық әдістер мен үлгілер
Бухгалтерлік есеп шоттары және екі жақты жазу жүйесі.
Қаржылық қорытынды есеп құрамы
Пәндер