Жыраулар толғауларындағы архаизм, тарихи көнерген мағынасы түсініксіз сөздерге текстологиялық талдау жасау



Тарихи кезеңдерде қолданылып, бүгінгі күні сөздік қорды байытатын сөздердің бірі - жыраулар поэзиясында кездесетін көнерген сөздер. Еркіндік пен теңдік, шындық пен әділеттілік аңсап, қиянат пен жауыздыққа қарсы күресіп өткен жыраулар поэзиясы миллиондаған жүрекке ерлік рухын дарытып, үміт отын жағып, күш-қуат беріп келе жатыр. Осы жыраулар поэзиясында қолданған көнерген сөздер тарихына, олардың қызметі мен жасалу жолдарына тоқталу - біздің басты мақсатымыз. Доспамбет жырауда:
Май қаңбақта ағалардың аты жусап жатыр деп,
Ақ шаңдақты құрып қойған шатыр деп,
Жазыда көп жорытқан екенбіз, - деген жолдар бар. Мұндағы аға сөзі
«басшы, қолбасшы» деген ұғымда қолданылған, бүгінгі күні бұл мағынасы көмескіленіп, жаңа ұғымда «бірге туған бауыр» мағынасында қолданылып жүрген сөз. Бұл туралы белгілі ғалым Р.Сыздықова: «Түркияда бұрын аға титулы әскери адамдарға, коменданттарға, янычарлардың бастықтарына берілетін атақ болған. Орта ғасырлардағы хан сарайларында есік аға (шешек аға) деген жоғары дәреже де болған: ишик аға - Одна из высших должностей в средние века при ханском дворе» деген пікір бар. Осыған қарағанда, ертеректегі қазақ қауымында да аға сөзі басшыға, оның ішінде әскери басшыға айтылатын дәреже мағынасын бергенге ұқсайды. Шалкиіздегі:
Батыр жігіт жау бастар,
Аға жігіт қол бастар, - деген жолдарда аға деп жасы үлкен адам туралы айтылып отырған жоқ, қолбасшыны, көтеріліске шыққан жиынды, қарулы топты бастайтын адам туралы айтылып отыр. Аға сөзінің бір кездегі «бас, басшы» деген ауыспалы мағынасы ертеректе қалыптасқан ел ағасы, от ағасы, ауыл ағасы деген тіркестердіңбар екендігімен де дәлелдене түседі. Ел ағасы - белгілі бір адамдар тобының (айталық, бір ауылдың, халықтың) басшы адамы, отағасы - бір шаңырақтың (жанұяның) басшы адамы, иесі, әкесі. Кейін бұл тіркес бірігіп, отағасы деген сөз жасалғанда да, бұл сөздің мағынасы жалпыланып, «жасы үлкен ер адам, сыйлы адам» дегенді білдіруге жұмсалып кеткендігі байқалады. Ауыл ағасы, жігіт ағасы деген тіркестерде де дәл осындай заңдылық сақталған.
1. М.Мағауин «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет».
Оқулық, Алматы, «Ана тілі», 1992 жыл, – 368 бет
2. М.Мағауин «Ғасырлар бедері». – Алматы: Жазушы, 1991 жыл. 432 - бет;
3. Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық: оқу құралы - Алматы, Жазушы, 1989 жыл. 4. Жеті ғасыр жырлайды. – Алматы: “Жазушы” 2004 жыл
5. Әдебиеттану терминдер сөздігі. Алматы: “Ана тілі”, 1998 ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СОБӨЖ
Пәні: қазақ хандық дәуір әдебиеті
Тақырыбы : Жыраулар толғауларындағы архаизм, тарихи көнерген мағынасы түсініксіз сөздерге текстологиялық талдау жасау.

Тексерген: Тоқсамбаева А.О.
Орындаған: Нұрғалиева А.О.
Топ: КЯ-409 (с)

Семей, 2015 жыл

Жыраулар толғауларындағы архаизм, тарихи көнерген мағынасы түсініксіз сөздерге текстологиялық талдау жасау.
Тарихи кезеңдерде қолданылып, бүгінгі күні сөздік қорды байытатын сөздердің бірі - жыраулар поэзиясында кездесетін көнерген сөздер. Еркіндік пен теңдік, шындық пен әділеттілік аңсап, қиянат пен жауыздыққа қарсы күресіп өткен жыраулар поэзиясы миллиондаған жүрекке ерлік рухын дарытып, үміт отын жағып, күш-қуат беріп келе жатыр. Осы жыраулар поэзиясында қолданған көнерген сөздер тарихына, олардың қызметі мен жасалу жолдарына тоқталу - біздің басты мақсатымыз. Доспамбет жырауда:
Май қаңбақта ағалардың аты жусап жатыр деп,
Ақ шаңдақты құрып қойған шатыр деп,
Жазыда көп жорытқан екенбіз, - деген жолдар бар. Мұндағы аға сөзі
басшы, қолбасшы деген ұғымда қолданылған, бүгінгі күні бұл мағынасы көмескіленіп, жаңа ұғымда бірге туған бауыр мағынасында қолданылып жүрген сөз. Бұл туралы белгілі ғалым Р.Сыздықова: Түркияда бұрын аға титулы әскери адамдарға, коменданттарға, янычарлардың бастықтарына берілетін атақ болған. Орта ғасырлардағы хан сарайларында есік аға (шешек аға) деген жоғары дәреже де болған: ишик аға - Одна из высших должностей в средние века при ханском дворе деген пікір бар. Осыған қарағанда, ертеректегі қазақ қауымында да аға сөзі басшыға, оның ішінде әскери басшыға айтылатын дәреже мағынасын бергенге ұқсайды. Шалкиіздегі:
Батыр жігіт жау бастар,
Аға жігіт қол бастар, - деген жолдарда аға деп жасы үлкен адам туралы айтылып отырған жоқ, қолбасшыны, көтеріліске шыққан жиынды, қарулы топты бастайтын адам туралы айтылып отыр. Аға сөзінің бір кездегі бас, басшы деген ауыспалы мағынасы ертеректе қалыптасқан ел ағасы, от ағасы, ауыл ағасы деген тіркестердіңбар екендігімен де дәлелдене түседі. Ел ағасы - белгілі бір адамдар тобының (айталық, бір ауылдың, халықтың) басшы адамы, отағасы - бір шаңырақтың (жанұяның) басшы адамы, иесі, әкесі. Кейін бұл тіркес бірігіп, отағасы деген сөз жасалғанда да, бұл сөздің мағынасы жалпыланып, жасы үлкен ер адам, сыйлы адам дегенді білдіруге жұмсалып кеткендігі байқалады. Ауыл ағасы, жігіт ағасы деген тіркестерде де дәл осындай заңдылық сақталған.
Қазіргі қазақ тілінде кездеспегендіктен, ойланбастан историзмге
жатқызып келе жатқан көптеген сөздер қатарына жыраулар поэзиясында кездесетін садақ, қол оқ, адырна, қорамсақ, жебе сөздері өткен дәуірдегі материалдық, мәдениетке байланысты құралдардың атаулары болған. Ал қазір ол құралдардың жойылуымен байланысты олардың аты да айтылмайтындықтан, бұлар историзмдер деп аталады. Құралдардың бұл түрі қазір соғыс құрал жабдығына жатпайтыны рас, бірақ оған қарамай-ақ, бұл сөздер қазан төңкерісіне дейінгі авторлар шығармаларында, батырлар жырларында, ертегілерде немесе қазіргі күнгі әдебиетте өткен дәуірдегі тарихи жағдайды суреттеген жағдайда жиі кездеседі. Мысалы: Бұқардан:
Табандасқан дұшпанға.
Күнінде қылыш шауып өлтірген... немесе
Ақтамбердіден: Құлаты тауға қол салып, Садақтың оғын мол салып,Қолды бір бастар ма екенбіз?! Бұл мысалдардағы садақ, жебе, қылыш, қорамсақ, айбалта дегендер - соғыс құралдарының атаулары.
Бұл сөздер - қазақ эпостарында да, ХҮ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар тілдерінде де жиі кездесетін, қазірде көнерген сөздер қатарынан табылатын сөздер. Садақ сөзінің синонимдері -жақ, -жай,-жа. Соңғы жа нұсқасы қазақ тілінде сарыжа, бұқаржа сөздерінде сақталған. Садақ (жақ) - ағаштан доғаша иіп немесе иілген іспетті екі бөлікті жалғастырып, екі ұшын қайыспен керіп, сол кермеге оқ (жебе) салып тартып ататын, өте көне замандардан келе жатқан қару атауы. Садақ (жақ) сөзі кейбір түркі тілдерінде қарудың өзін емес, оның қабын, сауытын білдіреді немесе жақтың бүкіл жабдығымен қоса аталған жалпы атауын білдіреді. Ал қазақ тілінде садақ сөзі қарудың өзін де, жақ пен оның оғын салатын қабын да білдіргенін байқаймыз. Мысалы, Махамбет ақында: Садақ толған сай кез оқ, немесе Садағына сары шіркей ұялап, дегенде садақ - оқ салатын қапшық, ыдыс ұғымын танытса, Қазтуған жырау өлеңінде: Қарағайдан садақ будырып, Қылшоқымды сары жүн оққа толтырып, Жанға сақтау болған жұрт, - деген бұл сөз - қарудың өзін, яғни садақ (жақ) дегенде бүгінгі күні түсінілетін негізгі мағынаны білдіріп тұр. Сонымен қатар садақ сөзі жақтың өзінің қабын да білдіргенін байқадық. Мысалы, жырларда кездесетін бұлғары садақ, бұхаржай немесе көк садақты демесең, көпке тиер сөзім бар дегендердегі бұлғары садақ, көк садақ тіркестері былғарыдан жасалған, көннен жасалған қап, яғни жақ салатын ыдыс, тыс деген мағынада тұр. Қазақ тілінде жақтың жабдығымен қоса ьалғандағы жалпы атауы ретінде қолданылуы да кездеседі. Мысалы,
Махамбеттің Беркініп садақ асынбай дегенінде, ақын жалғыз садақ емес, жалпы қару асыну, жауға аттану деген мағыналы ой айтқан. Жақ, жай сөздері де оқ атуға арналған құрал, яғни садақ деген ұғымда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIX ғасыр әдебиеті жыраулар толғауларындағы архаизм, тарихи көнерген мағынасы түсініксіз сөздер текстологиялық талдау
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
Бұның сөз үлгісі, шығармасы - толғау
Көнерген сөздерді шығармалармен байланыста оқыту
Ақтамберді жырау
Лиро-эпостық жырдағы көнерген сөздердің лингво-танымдық мәнін ашу
Абай – көркем сөз өнерінің шебері
Ж.Аймауытов шығармаларындағы тарихи сөздердің қолданылуы
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОРДАҒЫ КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР
Термин сөздерді оқыту
Пәндер