С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы. Міржақып пен Көкбайдың айтысы»


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: «1. С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы 2. Міржақып пен Көкбайдың айтысы»

Орындаған: Қабаева Н. К.

Тексерген: Еспенбетов А. С.

Топ: КЯ-313

Семей 2015

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім 2. 1. С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы 2. 2. Міржақып пен Көкбайдың айтысы

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Сұлтанмахмұт Торайғыров

(28. 10. 1893- 21. 5. 1920)

Қазақ халқының біртуар перзенті, ақын ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыров - қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында дүниеге келген. Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған.

1911 ж. жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. 1912 ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақындыққа ден қойып, 1912 - 13 жылдар аралығында “Оқып жүрген жастарға”, “Тәліптерге”(“Шәкірттерге”), “Ендігі беталыс”, “Оқудағы мақсат не?”, “Анау-мынау”, “Мағынасыз мешіт”, “Жарлау”, “Досыма хат”, “Шығамын тірі болсам адам болып”, “Түсімде”, “Жазғы қайғы”, “Қымыз”, “Кешегі түс пен бүгінгі іс”, т. б. өлеңдерін, “Зарландым” атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста “Қамар сұлу” романын жазуды бастады.

1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров “Айқап” журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, “Өлең һәм айтушылар”, “Ауырмай есімнен жаңылғаным”, “Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан”, “Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?”] ], т. б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды. Журналда аз ғана уақыт қызмет еткен ақын 1914 ж. жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін “Шоң серіктігі” деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспады. Осы жылы орысша оқу іздеп Семейге барған Торайғыров діттеген оқуына түсе алмай, біраз дағдарысқа ұшырайды. Осындай көңіл-күй әсерімен “Ләнет бұлты шатырлап”, “Алтыаяқ” сияқты өлеңдер жазған.
“Ендігі беталыс”, “Тұрмысқа”, “Бір адамға”, “Туған еліме”, “Сымбатты сұлуға”, “Қыз сүю”, “Гүләйім”, “Өмірімнің уәдесі”, “Жан қалқам”, “Гүл”, т. б. өлеңдерін, “Кім жазықты?” атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді (1915) . Шығыс Қазақстанда жалданып бала оқытқан ол 1916 жылдың күзіне дейін әуелі Қатонқарағайда, кейін Зайсанда болады, орыс тілін үйренеді.

1916 - 17 жылдардың қысында Томскіде орысша оқиды. Өмірден көп қағажу көріп қажыған ақын арманына жетіп көңілі көтеріледі. “Шәкірт ойы” өлеңінде “Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды”, “Мұздаған елдің жүрегін жылытуды” армандайды. Осы тұста әлем әдебиетінің классикалық үлгілерімен, саяси кітаптармен танысты.

1917 жылғы ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, “Алаш ұранын” жариялады. Бірақ ауруы асқынып кеткендіктен оқуды да, жұмысты да тастап,

1918 ж. сәуірде еліне біржола оралады. Онда Колчак үстемдігінен кейін қайта жанданған совдеп жұмысына араласып, ел шаруаларының дау-шарларын әділ шешуге қатынасты. Осы тұста саяси-философиялық әдебиетті (Г. Ц. Плеханов, Н. Г. Чернышевский, т. б. ) көп оқып, “Шал мен қызға”,
“А, дүние”, “Жас жүрек”, “Сарыарқаның жаңбыры”, “Адасқан өмір”, “Кедей”, “Айтыс”, т. б. өлеңдерін жазды.

Шығармашылық мұрасы.

Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қысқа ғұмырында халқына мол әдеби мұра қалдырып кетті. Ол әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек еткен талантты қаламгер еді. Оның қаламынан жүзден астам өлең, бес-алты поэма, екі роман, он шақты мақала туды.

Сұлтанмахмұт шығармаларының тақырыбы - өз заманының шынайы көріністері, қазақ халқының сол бір аласапыран кездегі тұрмысы, ой-арманы. Ол өмір шындығын Абай үлгісінде бейнеледі. Сыншыл көзбен қарады. Өйткені өмірді жақсарту мен адамды түзеу, ең алдымен, ондағы кемшіліктерді әшкерелеп, сын тұрғысынан бағалап, одан арылудың жолын іздеуден басталады.

Сұлтанмахмұттың лирикалық өлеңдерінің сипаты әр алуан. Оларда өмір тауқыметінен шаршаған ақынның қайғы-мұңы да, өкініш-наласы да, халықтың басындағы ауыр халге жүрегі сыздаған аяныш пен жанашырлық сезім де, болашаққа сенген, сол үшін күрескен азаматтық перзенттік патриотизмі де бар. Бірақ ақын өлеңдеріндегі мұң-зар жігерсіз, жасық қайғы емес. Ақын алдағы өміріне зор үмітпен қарайды.

Сұлтанмахмұт өз заманының өзекті мәселелеріне арнап бірнеше поэма жазды. Атап айтқанда, "Кедей" поэмасы ғасыр басындағы қазақ кедейлерінің хал-жағдайын, сезім-күйін, ауыр тұрмысын бейнелесе, "Адасқан өмір" поэмасында ақын айналасында болып жатқан оқиғаларға, өмір құбылыстарына өз сезімі арқылы шолу жасайды. Қала ақыны мен дала ақынының айтысы түрінде жазылған "Айтыс" поэмасында қазақ даласындағы өзгерістер, әлеуметтік өмір көріністері суреттелсе, "Таныстыру" поэмасында төңкерістер заманындағы қазақ елін өрге жетелеген қайраткер азаматтар бейнесін сомдауға талпыныс жасалады.

Сұлтанмахмұттың "Қамар сұлу" (1914), "Кім жазықты?" (1915) романдары қазақ әдебиетінің даму тарихынан елеулі орын алады. Көркем прозаның туу, қалыптасу кезеңінің бастауында дүниеге келген бұл романдарда өз заманының ащы шындығы бейнеленеді. Сол дәуірдегі әйелдердің бас бостандығы, қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздік мәселелері мен жаңа психология арасындағы тартысты, қоғамдағы адамдардың түсінік-танымындары кереғар құбылыстарды бейнелеу арқылы Сұлтанмахмұт туған халқының болашағы туралы толғанады.

Сонымен қатар, Сұлтанмахмұт "Зарландым", "Ауырмай есімнен жаңылғаным" атты шағын көлемді прозалық шығармалар, "Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан", "Қазақ ішінде оқу жайы қалай?", "Өлеңмен жазылмақ драманың материалдары", "Өлең мен айтушылары", "Социализм" тәрізді бірқатар мақалалар жазды.

2. Абай шәкірттері іргесін қалаған білім ошақтары сан ұрпақты тәрбиелеп, қазақ жастарының заманына сай білім алуына жағдай жасаған сол кездегі санаулы мектеп-медресесі еді. Кеңес үкіметі орнай салысымен 1917 жылы Әріптің Жыландыдағы (қазіргі Жарма ауданы Еңірекей тауының бауыры Б. Е. ) мектебі жабылып, 1921 жылы Көкбай да медресесінен кетеді. Міржақып Дулатұлының Көкбайдың мешіт-медреседен кеткенін, істің байыбына барып алмай ақынның жеке басына соқтығып, «Алаш партиясына қосылмаған ақынға» деген өлең арнап, сынап жіберетіні бар. Көкбай қарсы жауабында медресе ашып, бала оқытудың машақатын айта келіп:

Үй бердім, баласына тамақ бердім,

Ақы алмай барлығына сабақ бердім.

Аяғында солардың көбі қашты

Бірлі-жарым болмаса талапкердің, -

деген қиналысы өкімет ауысқан шақтағы аумалы-төкпелі заманның зардабын аңғартады. Жаңа заманның жақсы ісін құп алған Көкбай ақын медресесін кеңес мұғаліміне өткізеді.

Замана замандасқа жағын дейді,

Күнбе-күнгі тағдырға бағын дейді, -

деген сөз астарында медресе қасындағы мешітті еріксіз жапқан шарасыз жанның іштей мойсұнуы да жоқ емес. Көкбайдың Міржақыпқа берген жауабы әділ де, өтімді еді. Асығыс айтқанын Міржақып мойнына алып:

Көке-аға, осы күнде мен жаспын ғой,

Жай-күйіңді біле алмай адастым ғой.

Көп жылдар мешеу қалған халқым үшін

«Алаш» деп, «Большевик» деп таластым ғой -

дейтіні содан. Кеңес өкіметінің орнауы қазақ ақындарын қақ жарып екі лагерьге бөліп жібергені белгілі. Алаш өкіметінің белді өкілдерінің бірі болған Міржақып Дулатұлы мен Кеңестік өкіметтің болашағына иланған қарт ақындар Көкбай, Әріп сынды әдебиет өкілдерінің арасындағы келіспеушілікті сол кездегі саяси ахуалдың шеңберінде қарастырғанда ғана түсіне аламыз.

Көкбай ақынмен ұғыспай қалған М. Дулатұлына 1918 жылдары Әріп ақын да кейіп, өлең арнаған. Бұл өлеңнің шығу тарихы жайында бұдан бұрын жазған едік. Көкбай мен Әріптің Міржақыпқа арнауларынан ең жақын, сыйлас адамына қатты айтар Абай үлгісінің сұлбасы менмұндалайды.

Олай болса:

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға, -

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
С.Торайғыров өмірі және шығармашылығы
С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми баяндама). Міржақып пен Көкбайдың айтысы жайлы
С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми баяндама). Міржақып пен Көкбайдың айтысы
С. Торайғыровтың лирикасы
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Әріп Тәңірбергенұлы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz