Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Бюджет анықтамасы және мәні
2.Бюджет түрлері және оларды жасау ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі
Бюджет – ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір- бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым- қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым — қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік фунцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым – қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық фунцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да, мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық – экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым — қатынаста жатыр.
Бюджет экономикалық қарым – қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.
Сондықтан, мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік берілген — ол «республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет». Сонымен қатар, «мемлекеттік бюджет» термині – мемлекет құрастыратын және басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасына да пайдаланады.
Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым – қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік – экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі келісімге (компромисс) келеді, бюджеттік дотациялар мен трансферттер бөлу арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді
1. Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру принциптері Алматы 2006 жыл

2. Миржакыпова С.Т., Аппакова Г.Н. Основы бухгалтерского учета по МСФО. Алматы 2009

3. Ержанов А.К. Басқару есебі. Алматы, 2009

4. Дәуренбекова, Ә.Н. Шығындарды басқару. Алматы, 2009

5. Назарова В.Л. Басқару есебі Алматы,2005

6. Тайгашинова, К.Т. Управленческий учет.- Алматы, 2008

7. Мырзалиев, Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі.- Алматы, 2008 жыл

8. Баймуханова С.Б. Қаржылық есеп Алматы 2007 жыл

9. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есептің теориясы және негіздері Алматы 2006 жыл

10. www.wikipedia.ru

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ОӨЖ

Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау

Орындаған: Қадырова Ж.Р.
Тобы: УА-303
Тексерген: Искакова М.С.

Семей 2015 жыл
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Бюджет анықтамасы және мәні

2. Бюджет түрлері және оларды жасау ерекшеліктері

Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі

1. Бюджет анықтамасы және мәні

Бюджет - ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір- бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым- қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым -- қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік фунцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым - қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық фунцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да, мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық - экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым -- қатынаста жатыр.
Бюджет экономикалық қарым - қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.
Сондықтан, мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік берілген -- ол республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет термині - мемлекет құрастыратын және басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасына да пайдаланады.
Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым - қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік - экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі келісімге (компромисс) келеді, бюджеттік дотациялар мен трансферттер бөлу арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді
Басқарушы есеп басқарушылық шешімдердің тиімділігін алдын ала бағалауға, оптималды түрде ресурстарды бөлімшелер арасында бөлуге, ұйымның даму жолдарын белгілеуге және дағдарыс жағдайын болдырмауға қолайлы жағдай туғызатын бюджеттеу жүйесіне сүйенеді.
Бюджет - бұл бөлімшелердің және ұйымның қызметін толығымен сандық көріністе көрсететін жоспарлы көрсеткіштер.
Батыс елдерінің басқарушы есебінде кездесетін "бюджет" термині біздегі "смета" терминіне жақын ұғым екенінде дау жоқ. Кейде басқарушы есебіндегі "бюджет" ұғымын "жоспар" ұғымының синонимі ретінде пайдаланады.
Бюджет - жорамалданған әрекеттерді орындауға дейін жасалатын қаржылық құжат болып табылады. Осы әрекет болашақ қаржылық операцияның болжамы ретінде саналып, содан соң ол бюджеттеу кезеңіне өтеді. Басқару есебіндегі бюджеттеуді жоспарлау процесі деп түсіндіріледі. Жоспарлау процессі бақылау процесімен тығыз байланысты.Жоспарлау мен бақылау ұйымды басқарудың ең қажет атрибуттары болып табылады.
Бұл кезде басқару деп белгіленген жоспарға сәйкес, ұйымның өз мақсатына жету үшін жасалатын қызметтің қамтамасыз етілгенін айтады. Басқарудың кейбір жекелеген түрлерін, яғни олардың нақты мазмұндылық қызметін практиктер мен теоретиктер әртүрлі бағалайды.
Жалпы алғанда шешім қабылдау процесін, еркін қалыптасатын процесс іспеттес,болашақпен байланысты жасалатын жоспарлау процессі ретінде қарастыруға болады.Осыдан, жоспарлауды кең мағынада қарастырсақ,онда ол болашақтағы оқиғалармен байланысты болатын басқарушылық шешімдерін жүйелі түрде дайындау негізінде қабылданатындығын білдіреді,ал оны шұғыл мағынада ұғынатын болсақ,онда ол болашақтағы оқиғаларды анықтаумен байланысты, тек ағымдағы шаралардың болашақтағы шешімдерімен үлесімді дайындалғанын көрсетеді.
Жоспарлаудың басты мағынасы ол жұмыстың тиімділігі мен өнімділігін арттырудан тұрады,ал олар өз кезегінде мыналар арқылы жүзеге асырылады:
- ұйымдағы барлық оқиғаларды үйлестіру және мақсатты бағдарлау;
- тәуекелділікті анықтау және олардың деңгейін төмендету;
- бөлшектеу, демек соның арқасында процестерді оңайлату;
- өзгеріске бейімдеу,икемділігін арттыру.
Сондықтан біз бюджетті басқаруды интеграция мен координация тұрғысынан қарастырамыз. Координация - бұл белгіленген мақсаттарға жету үшін ұйымның функциональды бөлімшелері мен цехтары бойынша, өндірістің барлық факторларын теңгеру және олардың қолайлы жағдайын тауып алу. Координация тұжырымдамасының байымдауынша, мысалы,жабдықтау бөлімі өзінің жоспарларын өндірістік қажеттіліктермен интеграциялайды, ал өндірісті басқару бөлімі болса,олар құрал-жабдықтардың пайдалануын және персоналдардың тұтынуын жоспарлау үшін сату бюджетімен байланыстырады. Ұйым басшыларының мүдделері менеджерлердің мүдделерімен қақтығыспауын қадағалап отырады.Өйткені, жоспарлау жүйесі жаңа көкжиектерді түсінуге және өндірісті ұлғайтуға, сәтсіздіктерден сақтануға көмектеседі. Одан басқа да, бюджеттелетін қызметтер ұйымның тұтас жылдық циклін қамтуы мүмкін, бұл жерде басшы жаңа жылдың бюджетін үйлестіреді және талқылайды, содан соң ұйым ішіндегі әртүрлі бөлімдердің, топтардың және цехтардың нақты өнімділік көрсеткіштерін қадағалайды.Бұл жыл сайынғы қайталанатын процестің жиынтық шоттары емес,керісінше, ақша қаражаттарының қозғалысын және міндеттемелерге тиесілі тоқсан сайын,тіптен ай сайын қажет бюджеттерін жасауға бағытталған іс-әрекеті.Демек,жоспарлау ұйымды басқарудың бірінші кезектегі технологиясы. Бюджеттеу процесі ұйымда мынадай ретінде қолданылады:
1.Потенциалды нарықтық мүмкіндіктер тұрғысынан ұйымдардың пайдаланған ресурстарын жоспарлау әдісі;
2. Болжау бойынша ұйымның қызметін үнемі және жүйелі қадағалап отыратын құралы (негізінен бұл болжау бюджеттің жоспарлық аспектісімен үйлестіріліп жасалады);
3. Ұйымның ішкі әр түрлі топтарының қызметін бақылау құралы;
4.Ұйымның мақсатына жетуге арналған жергілікті жердегі басшыларды ұмтылдыратын желісі;
5.Жоғарыдағы басшымен субъект ішіндегі басқа да мүдделі топтардың ынталары мен ұмтылыстарын байланыстыратын құралы;
6.Ұйым ішінде әртүрлі мүдделі топтардың арасындағы қақтығыстарды шешетін құралы;
Осы алты алғы шарттардан шығындардың жіктемесі сияқты, бюджеттеу де басқарудың әртүрлі мақсаттарына жауап беретіндігін түсінуге болады.
Осы алты негізі себептерді зерттей келе, яғни ондағы бюджеттеудің көрініс табуы,келесідей әрекеттердің пайда болуымен,атап айтсақ: өндірістің жоспарлануын жөнге қою үшін технологияларды ірікеу процесімен; қажет инвестицияның деңгейін белгілеумен және ұйым қаржыландырудың нысандармен байланысты.
Сосын материалдық ресурстармен жабдықтау;құрал-жабдықтарын монтаждау;білекті мамандарды іріктеу, дайындау және жұмысқа алу;ШС-ін басқарудың ұйымдық оптимальды құрылымын жасау және т.б осы сияқты өндірісті жөнге қоюдың ұйымдық-техникалық және экономикалық шаралар бойынша кешенді жұмыстарын жүргізеді. Осы аталған барлық жұмыстарды аяқтағаннан кейін оларды тақтылайды және ұйымның белгіленген мақсатына жету үшін функционалдық бөлімдер мен цехтар бойынша өндірістің барлық факторларын баланстайды. Әр бөлім өз жоспарын өндіріс қажеттіліктерімен интегралдайды және бір мезгілде орындаушыларға жауапкершілікті бекітеді, сондай-ақ коммуникация мәселелерін, ұйымның құрылымдық әлсіз буындарын анықтайды.
Шаруашылық жағдайының өзгерісі кезінде әкімшілік пен менеджерлер тарапынан икемді бюджеттерді пайдалану қарастырады. Әдетте бюджет бір жылға, тоқсанға,айға жасалынады.Көптеген ұйымда "тайғанақ" (айнымалы) бюджеттер жасалынады: жеткілікті ұзақ уақыт кезеңіне жасалған бюджетжылға орындау процесінде түзетіледі(мыс: ай сайын). Бұндай түзетулер,шаруашылық жұмысында өзгеретін жағдайды дәл ескеруге мүмкіндік береді.
Ұйымдағы бюджеттің жасалу процесін бюджеттік цикл деп атайды және ол мына кезеңдерден тұрады:
- жалпы ұйымның және құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жоспарлау;
- шаруашылық қызметті бағалау кезінде пайдаланатын көрсеткіштерді анықтау;
- жаңа оқиғалардың пайда болуына байланысты,жоспарға енетін өзгерістерді талқылау;
- ұсынылған түзетулерді ескере отырып жоспарларды түзету.

2. Бюджет түрлері және оларды жасау
ерекшеліктері

Бюджеттік жүйе - мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталандырылған ақша қорын - бюджетті-қалыптасу мен пайдалану бойынша заңды, жеке тұлғалар мен аймақтар арасындағы барлық қаржылық қатынастар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс тәсілдері және сол қатынастарды басқару органдарымен қатысты. Басқаша айтқанда, барлық деңгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген бюджеттік қатынастар қосындысын жүйе деп түсіндіріледі.
Бюджеттер кең мағынада екі негізгі бөліктен тұрады: ағымдағы бюджеттер, яғни ұйымның өндірістік қызметін көрсететін бюджет, қаржылық есеп берудің болжамын көрсететін қаржылық жоспар.
Негізінде өндіріс процесі жаңа өнім шығаруға арналған.Бұл процесте жұмысшылар еңбегімен еңбек құралын пайдаланып, еңбек заттарынан жаңа өнім шығарады.Өндіріс процесінде экономикалық тұлға - ол адам еңбегі, еңбек құрал-жабдығы шығыны, еңбек материалдары қосылып жаңа өндіріс шығынын құрайды. Бұл экономикалық элементтердің нақты нұсқасы жаңа өнім шығыны ретінде үш түрге бөлінеді.Олар-жұмысшылар еңбек ақысы,өндіріс материалдарының құны және өндіріс процесіне қатысатын еңбек құралдарының амортизациясы.
Өндіріс процесіне қатысты бұл шығындарды өндірістің негізгі немесе тікелей шығындары деп атайды. Бұл шығындардан басқа өндіріс процесінде қосалқы шығындар болады, оларды өндірісті басқару және өндіріске қызмет ету шығындары деп аталады.Өз кезегінде, осы өндіріс процесінің қосалқы шығындары күрделі екі топқа бөлінеді: жалпы өндіріс шығыны және жалпы шаруашылық шығыны болып табылады.
Ал енді, осы өндіріс процесіне қатысты шығындардың бәрі қосылып өндіріс өнімінің нақты өзіндік құнын құрайды.Немесе осы шығындардың қорытындысының жиынтығын жаңа өнімнің өндірістік өзіндік құны деп атайды.
Өндіріс процесінің ең соңғы нәтижесі ол жаңа өнім.
Операциялық бюджет - ұйымның шаруашылық қызметінің арнайы техникалық - экономикалық көрсеткіштері арқылы баяндалады, онда оның сатып алынатын материалдық ресурстарының бағасы, сатылатын өнімнің бағасы, өнімді сатудың көлемі, өндіріс көлемі,өндірістік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында бюджеттік жоспарлау жүйесін қарастыру
Корпорация бюджетін құру ролі және үдерісі
Бюджеттеу
Бюджеттік жоспарлау мен болжау
Жергілікті бюджеттің шығыс көрсеткіштері
Бюджеттік жоспарлау, қаржылық жоспарлаудың басым бөлігі
Шығыстар есебінің шоттары
«ҚарағандыЭлектроМонтаж» ЖШС бюджетін құру
Бюджет және бюджетті жоспарлау
Кәсіпорын бюджетін қалыптастыру әдісі
Пәндер