Жартышарлардың ассиметрия мәселесі. Cөйлеу кезіндегі сол (доминант) және оң (субдоминант) жартышарлардың рөлі



Психолингвистика айналысатын бірқатар мәселелер зерттеу пәні бойынша герменевтикаға жақын. Герменевтика (гр. hermeneutike – түсіндірмелі өнер) ғылымы көпмағыналы немесе нақтылауға келмейтін мәтіндерді (көбіне көне) түсіндіру амалдарын зерттеумен айналысады. Сөйлеу мәтінін қабылдау әдетте ақиқатты адамша түсіну шеңберінде қарастырылады.
Психолингвистика басқа да кез келген әлеуметтік-гуманитарлық пән секілді адамға бағытталған. Адам феномені жаратылыстану, гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдар кешенінің тұтас қатарының зерттеу пәні болып табылады. ХХ ғасырдың ортасынан бастап лингвистикалық антропология жөніндегі зерттеулер маңызды бола бастады, оның мақсаты тілді мәдениет пен сөйленістің ресурсы ретінде, мәдени практика ретінде зерттеу болып табылады. Тілге денег антропологиялық бағыт, адамдық факторларға назар аудару салалық ілімдерді зерттеу аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты нысаны әлем жайлы, қарым-қатынас үдерісінде ақпаратты сақтау және жеткізу амалдары туралы білім болып табылатын жұмыстардың саны едәуір көбейді. Бұл мәселелерді зерттеумен өзінің мақсат-міндеттері бойынша психолингвистикаға жақын келетін когнитивтік лингвистика ғылымы айналысады, когнитивтік лингвистика – адамның қызметі үдерісіндегі білімі мен танымы, әлемді қабылдауы жайлы, адам ақыл-ойын және онымен байланысты менталдық үдерістер мен жағдайларды зерттеумен айналысатын ғылымдағы бағыт когнитивизм негізінде пайда болған.
Қазіргі ғылымның антропологиялық проблематикаға назар аударуы лингвистикалық тұрғыдағы көптеген мәселелерді алға шығарады, бұл көріп отырғанымыздай, ғылымдар шектестігінде зерттеулердің интегративтік сипатының пайда болуын айқындайды. Бұған ұлттық мәдениеттің тілдік формалары мен сөйлеу құралдарын, халықтың менталитеті мен психологиясын зерттейтін бағыт ретіндегі этнолингвистикамен іргелес салаларды қозғайтын саналуан психолингвистикалық зерттеулер мысал бола алады. Лингвистикалық тұрғыдан психолингвистика мен әлеуметтік лингвистикалық және психолингвистикалық тұрғыдан өзін танытып үлгерген жаңа ғылыми бағыт мәдениаралық коммуникацияның өзара байланысын зерттеу қызықты болып саналады. Мәдениаралық коммуникация (кейбір оқулықтарда кросс-мәдени коммуникация) – қатынастың өзінің сәттілік/сәтсіздігіне ықпал ететін коммуниканттардың коммуникативтік біліктілігіндегі маңызды мәдени айырмашылықтар жағдайында жүзеге асырылатын қатынас (Сүлейменова, Шаймерденова 2007).
Психолингвистика мен гендерлік лингвистиканы интегративтік зерттеудің маңыздылығы да күмән туғызбайды. Шындығында, гендерлік лингвистика ерекше лингвистикалық пән ретінде тілдік құбылыстарды жынысы бойынша тіл иелерінің ерекшеліктеріне байланысты зерттейді. Осыған байланысты психолингвистикалық тұрғыдан ерлер мен әйелдердің сөйлеу және бейвербалдық әрекетіндегі негізгі айырмашылықтар туралы гендерлік стереотиптер мәдениетінде қалыптасқан зерттеулер қызықты болып саналады. Атап айтқанда, зерттеушілер аса маңыздылары ретінде мыналарды бөліп көрсетеді: логикалылық/интуитивтілік, саналылық/бейсаналылық, билік/бағыну, тәуелсіздік/ұжымдылық, белсенділік/самарқаулық.
Зерттеушілер айқын гендерлік айырмашылықтар ер және әйел жынысы өкілдерінің бейвербалды қатынасында анық көрінетіндігін дәлелдеді. Бейвербалды қарым-қатынас ерекшеліктерін психолингвистикамен шектес паралингвистика ғылымы қарастырады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Министерство образования РК ГУ им.Шакарима кафедра психологии

СӨЖ

Тақырып: Жартышарлардың ассиметрия мәселесі. Сөйлеу кезіндегі сол
(доминант) және оң (субдоминант) жартышарлардың рөлі

орындады : Абенова С. пх-316

тексерді : Тезекбаева М.Ж

Семей 2015

Психолингвистиканың пәнаралық сипаты
Келтірілген суретте көрсетілгеніндей, психолингвистика айналысатын
мәселелер шеңбері айтарлықтай кең. Бұл ғылым шеңберінде тіл білімі мен
психологияның философиялық аспектілеріне бағытталған зерттеулер
жүргізіледі. Бұлар тіл мен ойлаудың, тіл мен сананың өзара қатынасы
мәселелеріне қатысты жұмыстар. Психолингвистиканың зерттеу пәні мен сипатын
жан-жақты айқындайтын медицина, психология, педагогика секілді іргелі ғылым
салаларымен өзара байланысын дәлелдеудің де қажеті жоқ.
Психолингвистика айналысатын бірқатар мәселелер зерттеу пәні бойынша
герменевтикаға жақын. Герменевтика (гр. hermeneutike – түсіндірмелі өнер)
ғылымы көпмағыналы немесе нақтылауға келмейтін мәтіндерді (көбіне көне)
түсіндіру амалдарын зерттеумен айналысады. Сөйлеу мәтінін қабылдау әдетте
ақиқатты адамша түсіну шеңберінде қарастырылады.
Психолингвистика басқа да кез келген әлеуметтік-гуманитарлық пән секілді
адамға бағытталған. Адам феномені жаратылыстану, гуманитарлық, әлеуметтік
ғылымдар кешенінің тұтас қатарының зерттеу пәні болып табылады. ХХ ғасырдың
ортасынан бастап лингвистикалық антропология жөніндегі зерттеулер маңызды
бола бастады, оның мақсаты тілді мәдениет пен сөйленістің ресурсы ретінде,
мәдени практика ретінде зерттеу болып табылады. Тілге денег антропологиялық
бағыт, адамдық факторларға назар аудару салалық ілімдерді зерттеу аясын
кеңейтуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты нысаны әлем жайлы, қарым-
қатынас үдерісінде ақпаратты сақтау және жеткізу амалдары туралы білім
болып табылатын жұмыстардың саны едәуір көбейді. Бұл мәселелерді зерттеумен
өзінің мақсат-міндеттері бойынша психолингвистикаға жақын келетін
когнитивтік лингвистика ғылымы айналысады, когнитивтік лингвистика –
адамның қызметі үдерісіндегі білімі мен танымы, әлемді қабылдауы жайлы,
адам ақыл-ойын және онымен байланысты менталдық үдерістер мен жағдайларды
зерттеумен айналысатын ғылымдағы бағыт когнитивизм негізінде пайда болған.
Қазіргі ғылымның антропологиялық проблематикаға назар аударуы
лингвистикалық тұрғыдағы көптеген мәселелерді алға шығарады, бұл көріп
отырғанымыздай, ғылымдар шектестігінде зерттеулердің интегративтік
сипатының пайда болуын айқындайды. Бұған ұлттық мәдениеттің тілдік
формалары мен сөйлеу құралдарын, халықтың менталитеті мен психологиясын
зерттейтін бағыт ретіндегі этнолингвистикамен іргелес салаларды қозғайтын
саналуан психолингвистикалық зерттеулер мысал бола алады. Лингвистикалық
тұрғыдан психолингвистика мен әлеуметтік лингвистикалық және
психолингвистикалық тұрғыдан өзін танытып үлгерген жаңа ғылыми бағыт
мәдениаралық коммуникацияның өзара байланысын зерттеу қызықты болып
саналады. Мәдениаралық коммуникация (кейбір оқулықтарда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мінез қасиеттерінің жиынтығы арқылы жеке басының сипатталуы
Психологияны зерттеудің негізгі әдістері
Сезім немесе эмоция
Шетел тіл біліміндегі психолингвистикалық зерттеулер
Қарым - қатынас үрдісінде зейін қасиеттерін зерттеу
Күндегі бейстационар процесстер туралы жалпы мәліметтер
Биология және дүниенің эволюциялық бейнесінің қалыптасуы
«Фитоценоз. Фитоценоздың құрамы»
Индивид - биологиялық жеке тұлға
Тұлға қалыптасуы
Пәндер